Тұздың адам өмірінде алатын орны
Бастауыш сынып арасындағы ғылыми жұмыс
Мазмұны
Аңдатпа 2-4
Кіріспе 5
Зерттеу бөлімі 6-11
1 Тұздың адам өмірінде алатын орны
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті 7-10
1.2.Тұздың денсаулыққа зияны 11-12
2 Менің тәжірибелерім
2.1.Адамға күніне қанша тұз керек? 13
чипсы тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау
2.2.Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар,
тыйымдар, аңыз әңгімелер 14-16
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 18-19
Аңдатпа
Зерттеу мақсаты: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап, қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
-тұздың түрлерімен таныстыру;
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау,
аңыз-әңгімелерді жаңғырту;
Зерттеуге болжам:
Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.
Зерттеудің өзектілігі: көп жағдайда тұздың адам ағзасына әсерінің ескерілмеуі.
Зерттеу нысаны: тұздың пайдасы, емдік қасиеті және басқа да ерекшеліктері
Зерттеу пәні: дүниетану
Зерттеу әдіс-тәсілі:
- мерзімді басылымдардан ақпарат жинау;
- статистикалық деректерге сүйену;
- интернеттен ақпарат жинау;
- энциклопедия, кітаптар мәліметтеріне сүйену;
Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:
Тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген тұздыкөлдерден өндіріс орындары мен шипажайлар ашуға бағыт беру
Нәтижелерді қолданудың практикалық аймағы:
дүниетану сабақтарында;
сыныптан тыс іс-шараларда;
Аннотация
Цель: Выявить особенности пищевой соли в казахской народной медицине, доказать её лечебные свойства.
Гипотеза: Здоровье людей предпочтительнее лечить природным минеральным продуктом - пищевой солью, чем вредными химическами лекарствами.
Этапы исследования:
·сбор материала о соли;
·исследовать лечебные свойства соли;
·консультация врачей.
Методы исследования: Изучение литературы, собеседование, консультация, анкетирование, сбор рецептов.
Новизна научного исследования:Показать приоритет лечебных свойств соли, которыми пользовались еще наши предки. Подчеркнуть важные качества соли: лечебные, антисептические и очищающие.
Итоги научного проекта: Доказано, что в народной медицине на протяжении многих веков накоплен огромный опыт её использования от наших предков. В качестве примеров можно привести следующее: освящение дома, защита от сглаза, антисептические свойства соли.
Практическая значимость научного проекта: Применение соли как лечебного элемента, использование её антисептических свойств в профилактике болезней, освящении дома и от сглаза.
Annotation
Aim research: benefit to the organ of man salt finding out thoroughly, opening that, and contradictory harmful side, to specify.
Duties research:
-Salts what is kinds, to acquaint;
-curative qualities salts finding out thoroughly to specify;
-The salt is it proverbs and popular beliefs, that was touching talked, comfortably to take away, legend-conversations to renew;
Investigates prognosis : destruction salt man organ the impression finds out thoroughly designates, me increases productive executes accustoms lies oversalted lake opens, sanatorium opens much deposit touches is.
Object research: benefit of salt, curative quality and other is features.
Object research: attitude.
Method-method research:
- information collects from periodic editions;
- statistical to data to learn;
- information collects from the internet;
it is an encyclopedia, to the book to information to lean;
Investigates result and conclusion : the impression man organ exposes result country accustoms salted lake production place and sanatorium opens salt secret opens sits, give direction
Practical edge application of results:
attitude on lessons;
class on events;
Кіріспе
Қазіргі таңда ғалымдар ізденіс үстінде, әлемді таңқалдыратын жаңалықтар ашуда. Алайда сондай ұлы ізденістердің арқасында, көз алдымызда тұрған, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды елемейміз. Мысалы: сіріңке, нан, тұз, сабын. Нан мен тұз! Осы қасиетті екі сөзде алдымен нан аталғаны әрқайсымызға да түсінікті. Наннан соң неге тұз тұр? Неге қант емес? Ас тұзсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жетімсіз болса, футболистің аяқ балтыры сыздап доп тебе алмас еді. Метрлік қашықтыққа қатысқан желаяқ мәреге жете алмай құлар еді. Адам организмінде тұздың жеткіліксіздігі жалпы денсаулық жағдайына әсер етеді. Тұзды қажетсінуіміз ауа мен суға зарығуымызбен бірдей. Ас тұзының қасиеттері мені өте қызықтырды. Қазір ас тұзы әр адамның дастарқанында, бірақ ол тағамға қосатын дәмдеуіш ретінде қолданылады.Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз қабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын Аралтұз акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз - Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.Сондықтан елімізде сапалы йодталған тұз шығаратын кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз болса адам өмірінде қаншама пайда әкелетіні менің тақырыбымның өзектілігі болмақ.
Менің осы тақырыпты алудағы мақсатым- тұздың адам өміріндегі пайдасын айқындап, қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету
Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді алға қойдым:
-тұздың түрлерімен таныстыру
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту. Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, ақпарат беру, мазмұнын ашу және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.
Зерттеу бөлімі
1 Тұздың адам өмірінде алатын орны
0.1 Денсаулыққа емдік қасиеті
Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар? деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.
Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат -- ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10 -- 15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады.
Халық арасында Астың дәмін тұз кіргізер дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен анаммен жүргізген сұхбатымнан түсіндім. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың (14) бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. [1]
Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында Цветная дәріханасының фармацевті Шабданова Қуанышкүл Шабданқызымен кездесіп сұхбаттастым. Ол кісінің айтуы бойынша (видео).
Йодталған тұздың пайдасы.
Әркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады.
Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады. Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі -- 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады. [2]
Теңіз тұзының шипасы.
Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді
бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады. [3]
Цистит ауруына тұз шипа.
Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде цистит деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауыруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды. Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз.
Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады. Тұзды сумен тамақты шайқау -- тамаққа, тіске пайдалы. Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.
1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.
2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегі меруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.
3. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, ауырған жерді басады.
4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мұны сорбақта деп атайды.
Соқыр ішек болғанда ауруды басуға: бір кесе тұзды қуырып алып, дорбаға салып құрсақ (іш) бөліміне басып ауырған жерге ыстық өткізеді.
Тырнақ қатпарланып жиі сына берсе, қолды тұзды суға аптасына 1 рет салып отыру керек. Сонда тырнақ қатаяды.
Синусит -- бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған созылмалы ауруы. Мұрын арқылы аздап тұзды су сорып немесе бумен демалу керек.
Азғана тұз қосылған жылы сумен көзді жуса, қабақ пен көздің ісігі кетіп, жанары жалтырайды.
Аяқтағы сызаттардан тұзды ванна қабылдау арқылы арылуға болады. Сондай-ақ, тұзды ванна шаршағанда, әлсіз сезінгенде жақсы көмектеседі.
Бетті қара нүктелерден тазарту үшін шай қасық ас содасы, шай қасық тұз, креммен қоспа дайындап, бетті ысқылап жуу керек.
Майда тұзды аяқ табанын жұмсартуға қолданса болады. Легенді суға толтырып, жарты стақан тұз қосып, қоспаға аяқты батыру керек. Жібіген аяқтың табандарын бірнеше минут тұзбен ысқылау керек. Аяқты таза сумен жуып, орамалмен сүрткен жөн. Дауадан кейін аяққа крем жағу керек.
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұз - астың иманы деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.
Тұз - тісті ағартуда таптырмайтын құрал.
Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз. Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғаю, тіпті қараю құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады:
Алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды.
Адам ағзасында минералды тұздардың кездесу мөлшеріне қарай оларды микроэлементтер мен макроэлементтерге бөледі. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері оның денесінен несеппен, термен шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адам көп жұмыс істеп, ағзасына көп күш түскенде, ол ұзақ жүргенде, жаяу жүргенде, жаздың ыстық мезгілінде, ыстық цехтарда жұмыс істегенде термен, несеппен ағзадан көп тұз сыртқа шығатындықтан, тағам құрамындағы тұзды да арттыру, адамның мұндай жағдайда күніне 20 граммға дейін тұз тұтынуын қамтамасыз ету қажет, дейді кейбір мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, адамға күніне 10 -- 15 грамм ғана ас тұзы қажет. Бұл қажеттілік негізінен тамақ пісіргенде пайдаланылатын табиғи өнімдердегі (3 -- 5 грамм), нандағы (3 -- 5 грамм), тамақ пісіруге қолданылатын (3 -- 5 грамм), тамақтану үстінде адамның қосымша себетін тұзының есебінен қанағаттандырылатын көрінеді. Жалпы адамдар ежелгі заманнан бері ас тұзын пайдаланып келеді. Және қай халықта тұзды ерекше қадірлейді. Тіпті бұрындары көне Русьте тұз ең бағалы тауарлардың бірі саналған. Оның қымбат болғаны соншалықты, кейбір елдерде ол ақша орнына жүрген.
Сонымен, адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне (14) шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ.
Тұз тұрмыс қажетінде Ас тұзын тағам әзірлеу үшін ғана пайдаланбайды, үй шаруасында да көп қажетке жаратады. Сол себепті ең бірінші тұзды дұрыс сақтай білу керек. Тұз үнемі құрғақ болып тұрсын десеңіз, оған аздап картоп ұнын (500 г тұзға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz