Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Жоспары:
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II. Негізгі бөлім
2. Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.1 Оқушылармен жүргізілетін дене тәрбиесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... 7
2.2 Мектептегі дене тәрбиесін
жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.3 Сыныптан тыс мектептен тыс жүргізілетін спорт сауықтыру
жұмыстарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..13
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан
Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып,
жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім
Министрлігінің Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 1993) былай деп
жазылған: Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне
сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби
біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін
жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір
қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің
орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі
белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет
мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау
болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Мектеп жасындағы оқушыларға
жүргізілетін дене тәрбиесінің мазмұны және мақсаты. Онда тәрбиенің жалпы
мәселелері, дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері қарастырылған. Бұл жұмыс
үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер. Негізгі
бөлімде тәрбиенің мақсаты жайлы жалпы түсінік, дене тәрбиесінің мазмұны,
ұйымдастыру формалары және құралдары көрсетілген.
Жұмыс жазу барысында Ж.Б.Қоянбаевтың Педагогика, Н.В.Савиннің
кітаптарын пайдаландым.
2. Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы түсінік.
Жалпы адамзат тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны
әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіндегі тірі
организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық - тарихи іс-әрекетімен мәдениет
субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп
отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педогогикалық, философиялық ой-
пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең
басты мәселеге айналды.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы
мүмкін емес. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам
жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды. Халыққа білім беру
кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Бұл әсіресе
қазіргі қайта құру кезеңінде ерекше маңызды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырады.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне
тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен,
өмірімен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу.
Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізгі шарттарының
бірі. Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің
Отанына шексіз берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай
көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы
күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына
белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды,
адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір
байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы
заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай
жан жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік
өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, сана-сезімді
және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.
Тәрбие мен оқыту тұтас, бірақ тепе-тең емес. Тәрбие мен оқыту
тұтастығы, алдымен, олардың мақсаттарының ортақтығында. Тәрбие мен оқыту
жан-жақты дамыған және адамды қалыптастыруға бағытталған. Бүтін
педагогикалық процесте оқыту әрқашан да тәрбие беру функциясын атқарады.
Тәрбиенің ерекшеліктері неде?
Оқу процесі біршама жеңіл басқарылады, оның нәтижелері бірден көрінеді және
тексеруге болады. Мұны тәрбие жайында айтуға болмайды. Даму мен тәрбие
балалардың іс-әрекетінде, олардың сан алуан қарым-қатынастарында жүзеге
асырылады.
Олардың өмірінде қоғамдық пайдалы еңбек, қоғамдық қызмет, бос уақытты
жөнді өткізу зор маңызға ие болады. Осы сан алуан қызметті ұйымдастыру,
үздік адамгершілік қасиеттерді, мінез-құлық сипаттарын, әдебиеттерді
қалыптастыруға бағыттау - тәрбиенің маңызды міндеті.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының
көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі
туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектеп басшылары мен
педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой
тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі
болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты.
Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына
қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік
қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан да дайын болуы қажет.
Міне, сонда ғана мектептегі тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.
2.1 Оқушылармен жүргізілетін дене тәрбиесінің ерекшеліктері.
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты
міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулықтарының нығаюы, жұмыс
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы
денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының
маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз
мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта,
спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар
жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, барлық оқу-
тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт
залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт
ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен
пайдалануы керек.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында
қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру,
шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу, т.б.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан
күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту
оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, ал ептілік
адамның жаңа қимылдарын тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты
шешім қабылдау қабілеті.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті,
туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі
жұмыстарында күн ырғағы дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану
гигиенасы, ұйқы т.б жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс,
Дене тәрбиесі ең басты күн ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану,
ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Негізгі
ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттері түрлерінің ұзақтығы, және олардың
кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының мерзімі жатады.
Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және
шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай
балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал
жасайды.
Оқу, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде
оқушылардың әрбір жастың топтары еске алынып жасалады.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады.
Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:
1. шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды
үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту,
оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау;
2. мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға
қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау, оқушыларды жеке
қоғамдық гигиенаға дағдыландыру;
3. оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке
үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру
жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында, спорттық
базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды-міндеттерді еске алған жөн:
1. оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу;
2. шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру;
3. спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін
дамыту;
4. негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту;
2.2 Мектептегі дене тәрбиесін жүйелеу
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру
сабақтары, сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстары жатады.
Мектеп оқушыларына дене тәрбиесін берудің басты түрі сабақ болып
табылады. Мазмұны жөнінде қызықты, тереңінен ойластырып, әсерлі өткізілген
сабақ балалар санасында терең із қалдырады, олардың өсіп жетілуіне ықпал
жасайды.
Дене шынықтыру сабағы, әдетте, үш: әзірлік, негізгі, қорытынды
бөлімдерден тұрады. Сабақтың басталуы оқушылардың сергек көңіл күйін, дене
шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды оқудың негізгі
бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін
пайдаланылады. Сондықтан сабақтың басында жалпы даму жаттығулары, қосымша
қимылдар жасап жүру, жүгіру т.б басым болады.
Сабақтың негізгі бөлігіне класс программасында сай қаралған дене
жаттығуларының түрлері енгізіледі. Сабаққа енетін жаттығулар, сондай-ақ әр
қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл күйін туғызады. Осы
көтеріңкілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау - сабақтың
үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақтың бұл кезеңінде жүру, сапқа
тұрғызу, түрліше тыныс шығару жаттығулары пайдаланылады. Сабақ жалпы сап
түзеумен, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру
міндеттері шешіледі. Балаларды оқытуда программада қаралған дене
жаттығуларын орындау, бұл жаттығуларды өмірде қолдану іскерліктері мен
дағдыларын дамыту білім беру міндеттерін қамтиды. Сабақтың тәрбиелік
міндеттері мектеп балаларының зейінін, тәртіптілігін, ыждағаттылығын,
мүлікке ұқыптылық көзқарасын, достық пен жолдастық сезімдерін, ерік күшін,
мақсатқа талпынуын, дербестілігін, қиыншылықтарды жеңе білуде табандылыққа
тәрбиелеу жатады.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті - оқушыларға дене
шынықтыру мен үнемі шұғылдануға деген ынта-ықыласын дарыту. Озық мұғалімдер
кіші кластарда сабақты қызықтыру негізіне құрады, балаларға көптеген жаңа,
қызықты нәрселерді үйретіп, олардың пәнге деген іскер көзқарасын тудыруға
ұмтылады.
Сауықтыру міндеттерін шешуге сабақты дұрыс жүргізу және санитарлық-
гигиеналық нормаларын орындау көмектеседі. Бірінші кластан бастап-ақ
мұғалім оқушыларды дене шынықтыру сабақтарындағы тәртіп пен сыртқы түрге
қойылатын талаптармен таныстырады, оларды мінез-құлық дағдысы мен әдетіне
айналдыруға тырысады. Осы арқылы мектеп оқушыларын саналы тәртіпке,
ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу қамтамасыздандырылады.
Адам организмі дене шынықтыру процесіндегі оның дамып жетілуі туралы
қарапайым мәліметтерді сабаққа біртіндеп енгізу өте пайдалы. Мұндай
мәліметтердің жиналуына қарай балаларға бұлшық еттердің белгілі бір тобын
нығайту үшін жаттығуларды өздігінен таңдауды тапсыруға болады.
Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой
іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары
қарастырылған. Сабақтың нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп
ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға
байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен
заңдылықтарының талаптарына сәйкес құралады.
Сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстарында шәкірттер сабақта алған
теоретикалық білімдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс
жұмыстардың барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту,
спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі дене жаттығуларымен айналысу
міндеттері шешіледі.
Мектеп ұжымында спорт секциялары жұмыс істейді, спорттың түрлерінен
жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындауда
жоспарлы түрде ұйымдастырылады, оқушылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне
қатысады. Мысалы, жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу, шаңғы, осы сияқты спорт
ойындарының басқа түрлері де пайдаланылады.
Мектептен тыс жаппай жұмыстары оқушылардың тұрғын жерлерінде, балалар
және жасөспірімдердің спорт мектептерінде, балалардың туристік
станцияларында, мәдениет парктарының балалар секторларында, спорттық
базаларда (стадион, жүзу бассейіндері, мұз айдыны) ерікті спорт
қоғамдарында, қала және қаладан тыс лагерьлерде өткізіледі.
Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған спорт
түрлерінен өзінің іскерлігін, дағдысын жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Спорттың кейбір түрлеріне қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін көрсете
білген оқушыларға балалар және жасөспірімдердің спорт мектебіне жолдама
берілуі мүмкін. Ал спорт мектебін бітіргеннен кейін оларды физкультура
институтына түсуге даярлау керек.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері, және формалары әрбір мектептің
өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін
жасауды қажет етеді.
Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық
түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ал оқыту процесінде әр сыныпқа
арналған оқыту бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика,
ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және
қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын
және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы
жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына,
жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.
Гимнастика. Мұның бірнеше түрлері бар: негізгі және гигиеналық
гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика,
өндірістік және емдік гимнастика.
Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс
ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін,
тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын
жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке
тәрбиелейді.
Туризм дене тәрбиесінде серуен, саяхат, туристік жорық түрінде
пайдаланылады. Туризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм
оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз
сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді. Спорт
біздің елімізде бірыңғай бағдарлама және ережелер бойынша өткізіледі.
Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар - жеңіл атлетика,
гимнастика, шаңғы спорты, жүзу, туризмнің спорттық түрлері т.б. спорт
оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалу дағдыларын және
моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене
тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі - табиғат факторлары. Күн көзі, ауа,
суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайдаланылады. Табиғат
факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді
болады. Қала жағдайында балалар үшін алаңдар жасалады, парктер, стадиондар,
бассейндер, туристік-экскурсиялық базалар пайдаланылады. Балалардың
сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбекпен үйлестіріп жүргізудің үлкен
тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман
шаруашылығын, қорықтарды, бассейндерді қорғау, кейбір жеңіл желпі
ауылшаруашылық жұмыстарын шефке алу т.б.
2.3 Сыныптан тыс мектептен тыс жүргізілетін спорт-сауықтыру жұмыстарының
түрлері.
Мекетептегі сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оны табысты
дамытуға елеулі үлес қосады. Сабақтан тыс кезде өткізілетін сыныптан тыс
жұмыстар мектептегі дене тәрбиесі ұжымының секцияларында оқушылармен
өткізілетін сабақтар түрінде де және дене тәрбиесі ұжымының басшылығымен
сыныптарда немесе мектептің барлық оқушыларымен өткізілетін көпшіліктік
шаралар түрінде де ұйымдастырылады. Мектеп осы жұмыстардың арасында дене
тәрбиесі мен спорттан жұмыстар жүргізетін және оқушылардың дене тәрбиесін
алдағы уақыттарда жақсартуға көмек беруі арқылы танылған мектептен тыс
мекемелерді кеңінен пайдаланады. Мұндай мекемелерге бірінші кезекте:
жасөспірімдердің спорт мектептерін, оқушылардың қалалық және аудандық
үйлері мен сарайларын, қалалық және аудандық балалар парктерін, балалардың
спорттық стадиондарын және басқаларды жатқызуға болады.
Мектептен тыс мекемелердің міндеттеріне өсіп келе жатқан жас ұрпаққа
адамгершілік және жан-жақты тәрбие беру ісі бойынша мектепке кең көлемде
көмек беру жұмыстары жатады. Сыныптан тыс көпшіліктік және оқу-спорт
жұмыстарының кең көлемде қанат жаюына мектепке демеушілік ететін ұйымдар,
бірінші кезекте ерікті спорт қоғамдары үлкен көмек бере алады. Мәселен,
Искра, Динамо, Қайрат, Спартак және басқа да осы спорт қоғамдарының
тәжірибелері мектептегі спортты жаппай дамыту мен жақсартуға қамқорлық
жасап келе жатқандары толық көрсетіп отыр.
Ең ақыры, оқушылардың тұрмыс-тіршілігі мен еңбегіне дене тәрбиесін
енгізуге оқушылардың ата-аналары мен мектеп мұғалімдері де үлкен көмек
көрсете алады.
Дене тәрбиесі ұжымы
Көпшіліктік спорт жұмыстарының негізгі ұйымдастырушы формасы орта
мектептердің дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымының
басшылығымен сыныптардағы оқушылар арасында дене тәрбиесі бойынша
көпшіліктік жұмыстар ұйымдастырылады. Дене тәрбиесі ұжымы мектеп директоры
мен дене тәрбиесі пәні мұғалімінің басшылығы және мектеп белсенділерінің
(оқушылар), сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп дәрігерінің қатысуы
және олардың белсенді көмегі болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы
төмендегідей міндеттерді атқарады.
1. Дене тәрбиесі мен спорттық оқушыларды көптеп тарту, оларды Президент
сынамаларын тапсыруға даярлау.
2. Оқушылардың денсаулығын нығайту, денесінің дамуын жетілдіру, сабақ
үлгерімін арттыру жұмыстары бойынша мектепке қолғабыс тигізу.
3. Сабақтарда оқушылардың алған білімі мен дағдыларын жетілдіру, спортпен
жүйелі түрде айналысуға деген олардың ұмтылысын туғызу.
4. Оқушылар арасынан қоғамдық дене тәрбиесі белсенділерін: дене тәрбиесі
ұйымдастырушыларын, қоғамдық нұсқаушыларды, команда капитандарын,
спорттың әр түрі бойынша төрешілерді және өзге де басқарушы
белсенділерді даярлау.
5. Оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дене шынықтыру мен спортты
үгіттеу және насихаттау.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ұжым өз жұмысын екі бағытта құрады: 1) өз
секцияларындағы оқу спорт жұмыстарын ұйымдастыру бағыты бойынша; 2)
мектептің барлық оқушыларының арасында көпшіліктік дене тәрбиесі жұмыстарын
кеңінен өрістету бағыты бойынша.
Дене тәрбиесі ұжымдарына қабылдау
Дене тәрбиесі ұжымына денсаулық жағдайы және қай дәрігерлік топқа
жататындығына қарамастан 5-11-сынптардың кез келген оқушысы қабылданады.
Денсаулығына байланысты секциялық сабақтарға қатысуға рұқсат етілмеген
оқушылар ұжымының қоғамдық және ұйымдастыру (төрешілік ету, шахмат, дойбы
және т.б. секцияларда есеп жүргізу) жұмыстарына қатысады. Ұжымға кіргісі
келетін оқушылар ұжым кеңесіне (советіне) арыз береді.
Қанағаттанғысыз бағасы бар немесе мінез-құлқы нашар оқушылар,
өздерінің кемшіліктері мен жетістіктерін, нашар бағасын түзеткенше ұжымдағы
жаттығу сабақтарына жіберілмейді. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері ынталы
болып, жақсы оқуға, тәртіпті болуға, ұжым секцияларының бірінде жүйелі
түрде жаттығуға, жастарына сәйкес таңдап алған спорт түрлері бойынша
Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға, жарыстарға қатысуға
міндетті.
Ұжым кеңесі
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің жалпы жиналысы 5-9 адамнан ұжым
кеңесін сайлайды. Кеңес бір жылға сайланып, ұжымның барлық жұмысына
басшылық етеді. Дене тәрбиесінің мұғалімі кеңестің құрамына шешуші дауыспен
енеді. Кеңес өз жұмысына мектептің ұстаздары мен жетекшілерін тартады.
Кеңес өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Кеңестің әрбір мүшесіне
кеңес жұмысының қайсы бір саласына, мысалы, оқу-спорттық, үгіт-насихат,
шаруашылық, көпшіліктік т.б. жұмыстардың біріне басшылық жасау тапсырылады.
Кеңес мүшелері бұдан басқа сыныптардағы көпшіліктік жұмыстарды
ұйымдастыруға бөлінеді.
Кеңес өзінің отырыстарына топтардың жетекшілерін, команда
капитандарын, дене тәрбиесі белсенділерін шақыра отырып, үнемі жиналып
тұрады. Кеңес мектеп директоры мен ұжым мүшелерінің жалпы жиналысының
алдында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz