ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ІЛІМІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Дене тәрбиесі, оның бөлімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Дене тәрбиесінің қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .14
2.2 Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі жүйесінің негіздері ... ... ... .18
2.3 Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ
Жалпы адамзат тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық - тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педогогикалық, философиялық ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды. Халыққа білім беру кәсіптік даярлық жүйесін үздіксіз жетілдіріп отыруды көздейді. Бұл әсіресе қазіргі қайта құру кезеңінде ерекше маңызды.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірімен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу.
Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізгі шарттарының бірі. Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына шексіз берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті, сана-сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.
Тәрбие мен оқыту тұтас, бірақ тепе-тең емес. Тәрбие мен оқыту тұтастығы, алдымен, олардың мақсаттарының ортақтығында. Тәрбие мен оқыту жан-жақты дамыған және адамды қалыптастыруға бағытталған. Бүтін педагогикалық процесте оқыту әрқашан да тәрбие беру функциясын атқарады.
1. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ІЛІМІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Дене тәрбиесі, оның бөлімдері
Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәнінің әлеуметтік орнын анықтау алдында біз одан да кең ұғымдарды зерттеп білуіміз қажет. Ол дене тәрбиесі деген ұғым.
Дене тәрбиесі - жалпы мәдениеттің бір саласы. Адамзат баласы жаратылғаннан бастап рухани дами келе, осы мәдениет салаларын өз қолымен жасап келе жатыр. Ал адамзат баласын, табиғатты, тау, өзен, көлдерді, жан-жануарларды Ұлы күш, Ұлы ақыл иесі жаратты. Адамзат баласына сана берді. Санасы, жаны, рухани жетілуі себепті адамзат баласы үйлер, сарайлар, керемет архитектуралары бар қалалар салды. Ғылымды игерді, космосқа ұшты, техниканы, экономиканы дамытты. Осының бәрін Адам өз қолымен жасаса, сол адамды мәдениеттендіріп, денесіне, санасына әсер етіп тұрған - дене тәрбиесі. Адамның денесін, бүкіл ағзасын жаттықтыратын, шынықтыратын, денсаулығын нығайтатын, қимыл-әрекетін әдемілендіретін, кеңістікте дұрыс, үйлесімді қозғалуға үйрететін, дене қуатын жетілдіріп, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жеткізетін - дене тәрбиесі. Адам мәдениеттің барлық салаларын қолдан жасаса, оның денесіне, ағзасына әсер етіп, оны осы салаларды өркендетуіне мүмкіншілік, қуат, күш, денсаулық беріп отырған дене тәрбиесі болып табылады.
Дене тәрбиесі - адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассейндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал- жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар. Дене тәрбиесінің бағыттары - негізгі дене тәрбиесі, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене тәрбиесі, жеке басылық дене тәрбиесі.
Негізгі дене тәрбиесінің міндеттері - біріншіден, адамдардың өмірге керек қимылының ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерінің деңгейін дамыту; екіншіден, осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т.б.) қолдану. Негізгі дене тәрбиесі жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу-тәрбие мекемелеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында, әр түрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі. Ол еліміздегі ересек адамдардың дене дайындығы деңгейін арттыруға, денсаулықтарын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін дамытуға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің бір саласы - спорт, бұл түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты - спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.
Қолданбалы дене тәрбиесі кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл-әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
Сауықтыру дене тәрбиесі емдеу және денсаулықты нығайту дене тәрбиесі деп бөлінеді. Емдік дене тәрбиесінің мақсаты - адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Емдік дене тәрбиесі кабинеттері еліміздің емханаларында, ауруханаларында, спорттық, дәрігерлік мекемелерде жұмыс істейді. Дене тәрбиесі - денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергектік сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары), күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттығу сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.
Жеке басылық дене тәрбиесі - адамның өз басының, дене тәрбиесі және спорт жаттығуларын, оның керектігін, мәнін, мағынасын түсініп, өзіне, маңайындағы адамдарға үйрете бастауы, оның осы салада білім, хабар көздерін іздеп, ол білімді өзінің, айналасындағы адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, спорт түрлерінің қозғалыстарын үйретуге, өмірге қажет қимыл шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға қолдануы.
1.2 Дене тәрбиесінің қызметтері
Дене тәрбиесі қызметтерін арнайы және жалпы дене тәрбиесі қызметтері деп екіге бөледі.
Арнайы дене тәрбиесі қызметтері:
- білімділік қызметі - қимыл-әрекетке үйрету арқылы, қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене тәрбиесі саласында теориялық білім беру;
- қолданбалы қызмет - келешек жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі;
- сауықтыру қызметі - дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалысты ұйымдастыру, адам ағзасының ауырып уақытша жоғалтқан қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына келтіру, денсаулықтарын нығайту.
Жалпы дене тәрбиесі қызметтері:
- нормативтік қызмет - адамның қимыл-әрекетін тиімді мөлшерлеуге үйрету бағдарламасы, Президенттік сынамалар және спорт классификациясы нормаларынан тұрады.
Жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, институттардың, университеттердің дене тәрбиесі бағдарламаларында әрбір сынып оқушыларына, әрбір курс студенттеріне арналған дене дайындығы деңгейін анықтайтын, бағалайтын сынақ нормалары бар.
Президенттік сынамаларға бүкіл Қазақстан мемлекетінің 12 жастан бастап егде жастағы адамдарға дейін арналған сынақ нормалары кіргізілген. Президенттік сынама нормаларын тапсыру арқылы Қазақстан Үкіметі халықтың жер-жерлердегі дене дайындығы деңгейін біліп отырады. Оның Отан қорғау және еңбек етуге адамдарды дайындауға үлкен әсері бар.
Спорттық классификация нормалары арқылы мемлекетімізде спорт түрлерінен разрядтар, атақтар беріледі.
1. Эстетикалық қызметі - адамның әсемдікке деген құштарлығын дене сымбаттылығы, әсем қимыл-қозғалыс арқылы қанағаттандыруы. Адамдар осы эстетикалық құштарлықтарын қанағаттандыру үшін спортпен шұғылданады, жарыстарды көруге барады. Дене сымбаттылығы, сұлулығын, әсем, әдемі қимыл-қозғалысты көру үшін атлетикалық, көркем, спорттық гимнастика, культуристер, конькимен мәнерлеп сырғанау және т.б. жарыстарды көреді.
2. Хабарлау қызметі - адамның денсаулығын сақтау, нығайту жолдарын, спорттық шеберлікті жетілдіру жолдарын, әр түрлі жарыстар өтілуін ақпараттық құралдар (газет-жорнал, теледидар, радио) арқылы халыққа хабарлау, тарату.
3. Қарым-қатынас қызметі - адамдардың бір-бірімен араласуы, өзара түсінісу жолдары. Спорт жаттығулары, дене тәрбиесі сабақтары, жарыстар адамдарды таныстырады, араластырады. Спортшының спорттық дәрежесі артқан сайын оның адамдармен араласу кеңістігі кеңи береді (аудан, облыс, республика, шетел).
4. Тәрбиелік қызметі - адамның адамгершілік, зейінділік, еңбек сүйгіштік, шыдамдылық, батылдылық, патриоттық қасиеттерін қалыптастырады.
Дене тәрбиесінің бағыттары, түрлері мен қызметтерінің тұжырымдалған жүйесінің тек танымдық қана емес, тәжірибелік маңызы зор. Ол көптеген әр түрлі қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың талабын қанағаттандыруға бағытталған. Дене тәрбиесінің мүмкіншіліктерін, оны қолдану жолдарын, амалдарын, әдістемелерін көрсетеді, оларды дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде қалай қолдану керек екендігін түсіндіреді.
Дене тәрбиесі және спорттың ілімі мен әдістемесі пәні - жоғары білімді дене тәрбиесі мен спорт мамандарын даярлайтын оқу пәндерінің ішіндегі негізгі пән болып табылады. Ол өз ілімінің мазмұны бойынша студенттерге теориялық және әдістемелік білім негіздерін береді.
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы дегеніміз - ол ғылымның жалпы заңдылығының ішінде адам тәрбиесі жүйесіне кіретін дене тәрбиесі пәнінің педагогикалық ұйымдасқан үрдісінің мазмұны мен құрылысын анықтайтын ілім.
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады.
Дене тәрбиесі ілімінің (теориясының) жалпы негіздері дене мәдениеті және спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі мен шұғылданатын адамдарға, әдістеріне, дене қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т.б. дене тәрбиесінде кездесетін әр түрлі мәселелерге терең ғылыми-теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесін қалай пайдалану керек екенін оқытады. Дене қасиеттері, ұғымы түсіндіріледі. Дене қасиеттері: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікке анықтамалар беріледі. Оларды дамыту әдістері, әдістемелері, жас ерекшелік дамулары туралы оқытылады.
Дене тәрбиесінің әдістемесі - әр түрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарларды ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педогогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттығу өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әр түрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әр түрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Қазіргі кезде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің дамуының негізгі көздері:
- денсаулығы мықты, Отанын қорғауға, еңбек етуге дайын адамдарды керек етуі;
- қоғамымыздың тәжірибе жұмыстары. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар, терең ойлар осы тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі, дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесін байыта түседі.
- Президенттің, Үкіметтің еліміздегі дене мәдениетінің орны, оны дамыту жолдары туралы қарарлары, үкімдері, заңдары;
- дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесінің, басқа ілімдер көлеміндегі ғылымдық зерттеулердің нәтижелері.
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі өзінің даму жолында педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ғылымдар мен қосыла отырып, олардың білімі мен тәрбиесін, жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу, денсаулықтарын нығайту жолдарында тиімді пайдаланып отырады.
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесіне гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, спорттық ойындар т.б спорттық-педагогикалық пәндер өте жақын, олар теория зерттеген жалпы заңдылықтарға сүйенеді. Ал осы пәндерден алынған нақты нәтижелер дене тәрбиесінің теориясы мен әдістеме пәніне негіз болып табылады.
Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: Дене тәрбиесі, Спорт, Дене қуатын қалыпқа келтіру, Денені тынықтыру, Дене дайындығы, Дененің жетілуі, Дене туралы білім, Дене дамуы.
Дене тәрбиесі - дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене тәрбиесі сабағында біз жаттығушыларды, біріншіден, өмірге қажетті қимыл-әрекетке қозғалысқа үйретеміз. Ол - әрбір спорт түрлері жаттығуларының техникалары, жүгіру, секіру, лақтыру т.б. кеңістіктегі қозғалыс жаттығулары. Екіншіден, жаттығушылардың дене қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділіктерін дамытамыз. Үшіншіден, дене тәрбиесі мен спорт саласына қатысты әр түрлі теориялық білім береміз.
Дене дайындығы дегеніміз - әр түрлі әрекеттердің (әскери, спорт, өнеркәсіп) талабына сай дамытылған дене қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі.
Ол жалпы және арнайы дене дайындығы деп бөлінеді.
Жалпы дене дайындығы - жалпы әр түрлі және бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Жалпы дене дайындығы - жалпы әр түрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Арнайы дене дайындығы дегеніміз - арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы - адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әр түрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге бағытталған өнер түрі. Спорт көпшілік спорты және жоғарғы жетістіктер спорты деп екіге бөлінеді. Жоғары жетістіктер спорты - жоғарғы көрсеткіштерге бағытталған жеңімпаздар, рекордшылар спорты. Көпшілік спорты - барлық адамдар қатыса алатын, қатысулар санына шек қойылмайтын спорт түрі. Мысалы, көп адамдар қатысатын кросс, шаңғы жарыстары т.б. Жоғары жетістіктер спорты: әуесқой және кәсіпқой спорт деп бөлінеді. Әуесқой спортшылар бір жерде жұмыс істеп, не оқып жүріп бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысу арқылы бір жағынан жетістіктер, жоғары көрсеткіштер көрсету болса, екінші жағынан жұмыс түрі, олар күні бойы жаттығады, сол үшін ақша алады.
Денені тынықтыру - жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Денені қалыпқа келтіру - адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедуралары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Денені жетілдіру - адамның дене қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізу.
Дене туралы білім - адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
2. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ
2.1. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.
3. Тәрбиелік міндеттері - адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз - сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болуы керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті сайыс жаттығуларын үйреніп, меңгере бастаған. Он үш жаста отау иесі болатын боз балалар, ер қаруы бес қаруды еркін меңгерген. Сол кездердегі сақ жауынгерлерінің шабуыл жасайтын қарулары - айбалта, қылыш; соғатын қарулары - қалқан, сауыт, дулыға, тізелерін, аяқтарын қорғайтын қалқаншалар болған. Осы аты аталған қару-жарақаттарды соғыста пайдалану, оларды өте жетік меңгеру үшін сақ жауынгерлері өте көп жаттыққан. Садақ ату, найзамен, ақинақпен сұғу, қылышпен, айбалтамен шабу, шоқпармен соғу жаттығулары көп рет, әр түрлі жағдайларда қайталана орындалған. Жаудың қаруларынан жалтару, қалқанды тосу, сақтандыру жаттығулары жетілдірілген. Осы қаруды қолдану жаттығулары жерде, ат үстінде, атты тізгінін ұстап басқару кезінде орындалған. Соғыс жағдайына жақындатылған жағдайда шауып келе жатып қарулар қолдану, бірнеше адамдардан қорғану, шабуыл жасау жаттығулары сайыс түрінде орындалған.
Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің спартандық, афиндық дене тәрбиесі жүйелері болғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері де ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ патшайымы Томирис пен оның құрған Шығыс амазонкалары әйелдер әскер бөлімі, Бабыл Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта белгілі.
БДД II ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Қылмыс жасап, тәртіп бұзған, ұрлық жасаған адамдардың беттері тілініп, жазаланған. Ғұндар ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп, қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz