Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы



Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . жалпы орта білім беретін мектебі мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша
Арқалық қаласының дамуы

Жұмысты орындаушы: ... ... ... ... ... ... ... ... .
Сыныбы: 4 А сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: ... ... ... ... ... ... ..



2015-2016 оқу жылы

ТҮЙІНДЕМЕ
ТАҚЫРЫБЫ: Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең басты кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі- моноқалаларды дамыту -- Арқалық сынды бір ғана өндіріске тәуелді қалалар үшін тұйықтан шығудың бір жолы. Бұл бағдарлама мемлекет көмегіне зәру жаңа өндіріс ошақтарының инфрақұрылымын жаңартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға ғана бағытталған.
Ғылыми жұмыстың мақсаты:Арқалық қаласының дамуына талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері:
oo Моноқалалардың дамуы және оны шешу жолдары
oo Елді мекендер мәселесі
oo Көш түзеліп, көшелер көркеюде
oo Өзара іс-қимылдардың өрісі кең
Зерттеу объектісі: Арқалық қаласының дамуына тоқталу.
Зерттеудің барысы:Қайсыбір түсінікте моноқала сөзі монофильдік қалалық білім, монофильді экономикалы қала, шағын қалалар т.б. осы сынды сөздердің синонимі, ол бізге Кеңес Одағынан мұраға қалған. Өйткені дәл сол кезде елдің ірі республикасы аймақтарының бірінің дамуында негізгі салмақ құрылыс пен монопрофильді қалалық білімге, шағын қалалар мен қалалық типтегі поселкелерге салынып, бұлар елдегі салалардың біріндегі базбір кәсіпорынға қатаң телініп, соларға тәуелді болды. Бірінші кезекте назарды шағын қалаларға бөліп, Кеңес басшылары өз кезегінде халықтың монопрофильді қалаларға деген қызығушылығын жоғалтпас үшін ірі қалалардың өсуіне үнсіз шектеу қойды. Бірақ, КСРО-ның ыдырауынан кейін оның кеңістігінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болып, моноқалалар мәселесі өзекті маңызға ие бола бастады. Көпшілік жағдайда бұл ірі бизнес пен инвесторлар, сондай-ақ қаржылық институттар еш толқусыз мегаполистерді таңдап алып, шағын қалаларды назардан тыс қалдыруына байланысты болатын.
Бұл кезде ауқымды экономикалық дағдарыс ірі бизнестің ірі қалаларда орнығуға деген ниетін одан әрмен күшейте түсті. Соның арқасында жақсы өмірді іздеумен шағын қалаларды тастап, мегаполистерге қоныс аударуға талпынған халықтың көші-қон белсенділігінің артуы туралы мәселе барған сайын жиі көтеріле бастады. Бұл өз кезегінде елдің әртүрлі аймақтарында
үйлері қаңырап бос қалған, инфрақұрылымы қираған, болашағы жоқ елес-қалалардыңпайда болуына ықпал етті.
Осылайша моноқала санатына негізгі белгісі халықтың тұрақты қоныстануымен ерекшеленетін халықтың ықшам өмір сүруі жүйесін жатқызамыз. Заманауи моноқала -- әдетте саны 50 мың шамасында тұрғыны бар, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет атқаратын, белгілі дәрежеде дамыған өндірістік базасы бар қала. Оларға инфрақұрылымның жекелеген элементтері мен абаттандыру, көпқабатты құрылыстар, жер телімі жақын орналасқан үй шаруашылығы тән. Моноқалалар территориясы жөнінен біртұтас, халқы ықшам орналасқан, қала халқы үшін керектінің бәрін өндіруге және қала территориясындағы кез келген адамның өмірлік тұтынуын қанағаттандыру үшін қажеттінің баршасымен жабдықталған болып келеді. Кеңес Одағында елді мекеннің тек экономикалық қана емес, әлеуметтік қызмет те атқаратын, сол арқылы халықтың өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін қала құрушы кәсіпорындармен тығыз байланыстылығы -- моноқалалардың өзіндік ерекшелігі болатын. Көп жағдайда қала құрушы кәсіпорындардың жұмысшылары ведомстволық тұрғын үйлерде тұрса, қазандық, балабақшалар, ауруханалар мен білім мекемелері де кәсіпорын балансында болатын. Соған сәйкес әлеуметтік инфрақұрылымдарды ұстап тұруға шығатын шығындар өнімнің өзіндік құнына енгізілетін, бұл оны көпшілік жағдайда нарықтық экономика кезінде бәсекеге қабілетсіз ететін-ді.

Мазмұны
1.Моноқалалардың дамуы және оны шешу жолдары
1.1. Eлді мекендер мәселесі
2.Көш түзеліп, көшелер көркеюде
2.1.Өзара іс-қимылдардың өрісі кең
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін елімізде "Моноқалаларды дамыту бағдарламасы" әзірленген болатын.
Бұл құжатта моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мақсат етіп, тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландырып, халқының жұмыспен қамтылуын қадағалап келеміз. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамытуды, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттырып, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандырып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамытуды алдына міндет етіп қойғанбыз.
Аталмыш бағдарламаның арқасында Арқалық қаласының да реңі кіріп, көптеген істер қолға алынуда.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуына талдау жасау.

Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
oo Моноқалалардың дамуы және оны шешу жолдары
oo Елді мекендер мәселесі
oo Көш түзеліп, көшелер көркеюде
oo Өзара іс-қимылдардың өрісі кең
Зерттеу объектісі: Арқалық қаласының дамуы

1. Моноқалалардың дамуы және оны шешу жолдары
Біздің сөздік қорымызда жуықта моноқалалар атты жаңа түсінік пайда болды. Құбылыс ретінде оны жаңа деу аса күрделі болғанымен, сөздің жақында пайда болғаны рас. Өкінішке қарай, бұл біздің экономикамыздың әзірше аз зерттелген шынайы фактісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 30 қаңтарындағы №261 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру -- Қазақстан дамуының басты бағыты атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығын орындауға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 25 қаңтарындағы №683 қаулысымен 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарлама елді 2020 жылға дейін территориялық-кеңістіктік дамытудың Болжамдық сызбасын (схемасын) іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Болжамдық сызба (схема) мемлекеттік жоспарлау Жүйесін құрайтын құжаттардың бірі болып табылады және экономика салаларын, инфрақұрылым мен аймақтық дамыту мәселелерін кешенді түрде қарастырған Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың маңызды құралы болып саналады. Аталған бағдарлама моноқалаларды әртараптандыру арқылы халықтың еңбекпен қамтылуын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тиімді құрылымын қамтамасыз етуге бағытталған. Соған сәйкес, экономикалық күш-қуаты жоғары, орта, төмен моноқалалар анықталады. Сонымен бірге құжат Аймақтарды дамыту, Бизнес жол картасы, 2020 жылға дейін еңбекпен қамту Бағдарламасы, т.б. бағдарламалар аясында аймақтардың дамуына мемлекеттік қолдау көрсету бойынша атқарылатын шаралардың ойлы жалғасы болып табылады және монопрофильдік (әрі қарай -- моноқалалар) қалаларды ұзақмерзімдік негізде елді постдағдарыстық даму жағдайында дамытуға бағытталған шараларға назар аудара отырып толықтырады.
Моноқала -- бұл -- негізгі бөлігі (20 пайыз және одан жоғары) өнеркәсіптік өндіріс, еңбекке қабілетті халқы, әдетте, бір профильдегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандандырылған) бір немесе бірнеше қала құрушы кәсіпорындарда шоғырланған, соған байланысты қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын қала. Моноқалалар санатына халқының саны 10-нан 200 мың адамға дейін жететін қалалар енгізілген, олар төмендегідей белгілермен сипатталады, атап айтқанда:1. Қала құраушы кәсіпорынның өнеркәсіптік өндіріс көлемі негізгі өндіруші секторда жалпықалалық өндіріс көлемінен (мономамандандырылған) 20 пайыздан жоғары болса;

2. Қала құрушы кәсіпорындарда еңбекпен қамту халықтың жалпы санының 20 пайыздан астамын құраса;
3. Қала құрушы кәсіпорындар жартылай жұмыс істесе немесе іс-қызметін мүлде тоқтатса.
Қала құрушы кәсіпорындармен және моноқалалармен байланысты Қазақстан үшін аса маңызды мәселені зерттеу Қазақстан моноқалаларын дамыту Бағдарламасы аясында жүргізілді. Аталған бағдарламаға белгілері бойынша халқының саны 1,53 миллион адамды немесе қала халқының 16,8 пайызын құрайтын 27 моноқалалар өтті, солардың ішінде 16 қала тиісті аудандардағы әкімшілік орталығы болса, 11 қала аудан орталығы болып табылады, олар: Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен. Олардың бір бөлігі облыстық маңызға ие қалалар болса, енді бір бөлігі аудандардың қосылуына байланысты аудан орталығы мәртебесін жоғалтқандар. Қазақстан моноқалалары санын негізінен халқы 50 мың адамнан тұратын шағын қалалар құрайды, төрт қала -- Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз бұларға кірмейді, оларда халық саны 100 мыңнан жоғары. 27 моноқалалардың 19-ында қала құрушы кәсіпорындар жұмыс істейді, 5-уінде -- жартылай, 3-уінде мүлде жұмыс істемейді. Қарағанды облысында 8 моноқала, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында 4, Жамбыл мен Павлодапр облыстарында 2 моноқала бар. Елді алғашқы дағдарыс толқыны келіп ұрған кезде одан негізінен халқының экономикалық белсенділігі төмен моноқалалар үлкен зардап шекті. Мысалы, дағдарысқа дейін моноқалалардағы өнеркәсіптік өндірістің үлесі 43-44 пайызды құраса, дағдарыстан кейін бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін төмендеп кетті. Жүргізілген жұмыстар аталған қалалардың дамуына кедергі келтіретін себептерді анықтап, қала құрушы кәсіпорындардың, жалпы қалалардың бизнесінің даму жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді. Сарапшылар пікірінше, төмендегідей белгілері бар болса, қаланы монопрофильді деп те атауға болады екен, атап айтқанда:
-- қалада бір салаға жататын бір немесе бірнеше біртекті кәсіпорындар болса немесе салалық рыноктың тар сегментіне қызмет көрсетсе, ал қаланың басқа кәсіпорындары тек қаланың ішкі қажетін өтеуге иә сонда тұратын адамдарға ғана қызмет көрсетсе;
-- қалада қаланың ішкі қажетін өтеуге қызмет көрсететін кәсіпорыннан басқа бір ақтық рынокқа жұмыс істейтін технологиялық тізбекпен байланысқан ел -- қала бюджетінің табыс бөлігі бір (немесе бірнеше) ірі кәсіпорынның іс-қызметіне соншалық тәуелді болса;
-- қала халқын жұмыспен қамту саласы нашар әртараптандырылса (кәсіби құрам біртекті болса);
-- қала едәуір ірі елді мекендерден әжептәуір қашықта орналасса (бұл тұрғындардың жинақылық мүмкіндіктерін төмендетеді), қалада алғашқы екі белгі бар болса немесе қаланы сыртқы әлеммен байланыстыратын дамыған инфрақұрылым (автокөлік жолдары, теміржол, телефон желісі, т.б) жоқ болса.
1.1. Eлді мекендер мәселесі
Қазіргі уақытта моноқалалардағы жағдайды өзін-өзі айқындау дағдарысы ретінде сипаттауға болады: бір жағынан, қала, сөз жоқ, оның тұрғындары үшін әлдебір құндылық болып саналса, оған көмектесу қажет әрі мүмкін, екінші жағынан, тұрғындардың қала тағдырына жеке қатыспаушылығы ұстанымы жиі бой көрсете бастады. Қалалықтың бетін қалаға бұру керек-ақ, бірақ ол қазірдің өзінде одан тыс қалған.
Моноқалалар мәселесі шын мәнінде әлдебір жоғалтып алған ірі және алып кәсіпорындардың мәселесі болып табылады. Бұл жерде аталған кәсіпорынның шағын иә ірі қалада орналасқандығы маңызды емес. Бұған тек қабылданатын шаралардың жеделділігі мен мәселенің өткірлігі ғана тәуелді. Ірі қалаларда да, тіпті көп жағдайда қала мәртебесі жоқ шағын елді мекендерде де шамамен бірдей шаралар қабылдануы керек. Егер кәсіпорын жай қала құраушы ғана емес, моноқала экономикасында басымдыққа ие болса, аталған мәселе ерекше өзекті бола түседі. Бас кәсіпорын іс-қызметіндегі кез келген мәселе моноқаланың барлығына кері әсерін тигізеді: мәселен, қала бюджетінің табысына, еңбек нарығындағы жағдайға т.б. Қаржы дағдарысы монотерриторияны бүкіл посткеңестік кеңістікте әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналдырды да, халықты жағдайдың аманаттары етті. Шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі моноқалалар мәселесінің негізгі шешімі олардың экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру, экономиканың шикізаттық емес салаларын дамыту екендігін көрсетіп отыр. Моноөнеркәсіптік қалаларды қайта құру саласында Германияның тәжірибесі айтарлықтай қызығушылық тудырады. Атап өткен жөн, моноқалаларды жаңғыртудың кешенді бағдарламаларын жасаумен Германияда айтарлықтай талдау және ұйымдастырушылық күш-қуатқа ие, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қаржылық шеңберлерде беделі бар ірі консалтингтік фирмалар айналысады. Осындай ірі құрылымдардың біріне бірнеше ондаған жылдар бойы моноқалаларды қайта құру мәселесімен айналысып келе жатқан AS P (Альберт Шпеер және серіктестері) жатады.
Шешуі
Жалпы орын алған мәселені шешудегі әлемдік тәжірибе мен талдауды есепке ала отырып, Бағдарлама аясында моноқалаларды приотеризация әдісімен үш бағыт бойынша мемлекеттік қолдау көрсету шаралары қабылданатын болады. Бірінші бағыт: моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның өндірістік сыйымдылығына қатысты оңтайландыру. Аталған бағыт аясында әрбір моноқаланың экономикалық күш-қуаты, оларды дамытуға кері әсер ететін факторлар, сондай-ақ моноқалаларды болашағы зор жаңа мамандандыру жағы анықталатын болады.
Екінші бағыт: моноқалалар халқын еңбекпен қамтудың тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандырып, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту. Аталған бағыт аясында Бағдарламаны іске асыруда жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық іс-қызметке мемлекеттік қолдау көрсету саласындағы құзырлы органдармен бірлесе отырып әрбір моноқалада жүзеге асыру үшін 1-3 зәкірлік (якорлық) инвестициялық жобаларды таңдап алатын болады.
Үшінші бағыт: моноқалалардың еңбек ресурстарының оңтайлылығын көтеру, халықты әлеуметтік-экономикалық даму күш-қуаты жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен қоныс аударуға ынталандыру. Бұл бағыт халықтың еңбекпен қамтылуына ықпал ететіндей белсенді шараларды іске асыру жолымен еңбек ресурстарының оңтайлылығын көтеру шараларын қарастырады. Бұл оқыту және моноқалалар тұрғындарын еңбекке орналастыруға көмек көрсету, сондай-ақ, моноқалалар жастарының техникалық оқу мекемелері мен кәсіби білім салаларында оқуына жағдай жасау. Моноқалалардың тұрғындарын оқыту мен еңбекке орналастыруғакөмектесу, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарды еңбекке орналастыруға ықпал ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 18 шілдесінде бекіткен №815 қаулысына сәйкес, оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері аясында жүзеге асырылады.
Төртінші бағыт: моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың тиімді санын есепке ала отырып дамыту. Бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту оларды дамытудың ұзақмерзімдік болашағын ескере отырып, моноқаланың даму күш-қуаты дәрежесіне байланысты іске асырылатын болады. Әлемдік тәжірибе мәселені шешудің екі жолы бар екенін көрсетеді. Біріншісі (американдық) -- қашан тұрғындар жұмыс бар басқа жерлерге қоныс аударғанда. Сол кезде қала ауқымы қысылғанымен, қала өзінің қалалық қызметін сақтап қалады. Екінші жол (еуропалық) -- бұл территорияны санациялаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары. Оған экологиялық тазарту, инфрақұрылымды дамыту жобалары мен ескі салаларда жұмыс істейтіндерді жаңа мамандықтарға оқыту кіреді. Қазақстан үшін мәселені шешудің төмендегідей жолдары анағұрлым тиімді сынды: біріншісі -- мемлекеттің ауқымды көмегімен, екіншісі -- қала қызметінің эволюциясы. Бірінші жол бойынша моноқаладағы жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды жаңа бизнесті дамыту үшін дайын өндірістік алаң ретінде пайдалануға болады. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕ
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Пәндер