Ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлер



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
... ... ... ... .. әкімдігінің Білім бөлімі ММ
... ... ... ... ... . атындағы ... ... ... .. орта мектебі

Қазақтың салт - дәстүрлері
Тақырыбы: Ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлер
Бағыты: Халықтардың салт - дәстүрлері, ырымдары, өнерлері.

Орындаған: ... ... ... ... ... ...
3 - сынып оқушысы
Ғылыми жетекші: ... ... ... ... ... ... ...
Бастауыш сынып мұғалімі
Ғылыми кеңесші: ... ... ... ... ... ... ... .

... ... ... ... ... ... ..
Мақсаты:
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Қазіргі өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге қазақ халқының салт - дәстүрлерін ұмыттырмай, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу.
Қазіргі заманға сай етіп салт - дәстүрлерді кеңінен насихаттау.

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
0.1. Салт - дәстүрлер
0.2. Салт - дәстүрлердің түрлері
0.3. Салт - дәстүрлердің қолданылуы
VI. Қорытынды

Кіріспе
Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.
Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Біз ұлттық салт-дәстүрді қалптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесесіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.
Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан деген екен.
Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайтын аян. Сол себепті халық даңалығы: Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр - халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр - ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Салт - дәстүрлердің түрлері

Салт - дәстүрлердің қолданылуы
Иткөйлек (салт). Иткөйлегі жоқ. Өзім тігіп біріп едім. "Ә.Нүрпейсов". Жана туған нәрестенің алғашқы көйлегін "иткөйлек деп атайды". Өйкені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан щығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, шақырып, ұстап, тәттісін боліседі. "Иткөйлекті" баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.
Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес, халық итті "жеті қазынаның" бірі деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге "баламыз көп болсын" деп, "қиындыққа берік болсын" деген ырым бар. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін айтқаны.
Бесікке салу (салт).
Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. (Бесік жыры)
Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Ел іші - алтын бесік деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде Бесік жыры айтылады:
Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп тышты, тышты деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларыны үлестіріп береді.
Қырқынан шығару (салт). Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы "Жеті жарғы", "Жеті қазына", "Бір тоғыз", "Үш тоғыз", "Қырықтың бірі-қыдыр", деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда болған. Соның бірі- баланы "қырқынан шығару" дәстүрі. Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.
Бауырына салу (дәстүр). Ғайнижамалды қырқынан шыққан соң - ақ бәйбіше Жәкіштен шығарып, бауырына салып, асырап алды. (Т.Жомартбаев). Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Мұны бауырына салды дейді. Бауырына салушы адам баланы өз ата - анасынан ажыратпайды. Баланы екі үйге де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне өте көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, халықтық жақсы қасиеттерді олардың бойына сіңіруге зор ықпал жасайды. Бала ержеткеннен кейін өз отбасына оралуына немесе бауыр басқан үйінде қалуына еркі бар.
Тұсау кесу - бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.
Тоқым қағар - қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.
Той - әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз ұзату, үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Той малы (дәстүр). Жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген той малы деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да той малының мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.
Сыралғы - дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғының сөзін жерге тастамайды.
Сыбаға - қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кезінде ауыл адамдары бір-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй әкелген сыбағаға көрші-қолаңдарын, жақын туыстарын шақырады. Сыбаға әкелген табаққа тиісті сыйлығын салып қайтарады. Көбінесе отау үйдің адамдары қара шаңыраққа немесе жасы үлкен адамдарға сыбаға береді.
Айттыру - қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкесі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шешесінің айттыруға қарсы емес екендігін біледі. Содан кейін қызды ресми түрде айттырады. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың есімін ататады. Той қамы, басқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кесіледі.
Қалың мал - (дәстүр, кәде). Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күеу жағы қалың мал төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал үстіне бес жақсы деп аталатын бес түйеге қосып бір жетім қыз (күң), аяқ жақсы днп беретін үш түйеге қоса бір еркек жетім (құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың қырық жеті, отыз жетінің бүтіні, отыз жеті, отыз жетінің жартысы, жақсылы отыз жеті, жиырма жеті, он жеті, домалақ қалың мал, домалақ бата сияқты түрлері болған. Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде қызды малға сату деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы қалың мал мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты. Әрине қалың мал құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда қалың мал байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының қалың малы бес жүз жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
Құйрық бауыр (салт). Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға құйрық бауыр арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы Құйрық бауыр салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әблмәжінұлының құдалығында құйрық бауыр ұсынғанда Қанапия қызы Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті.
Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады.
Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт дәстүрін жетік білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: ... қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қазақ салт-дәстүрлері
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні
Қыз айту
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
Мектепке дейінгі балалардың халық тәрбиесі
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Пәндер