Ақсу-Жабағылы қорығы -- Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань)



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ақсу-Жабағылы қорығы -- Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы Қарабастау (126 гектар) және Әулие (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу - Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.
Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.[2]
Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен.
Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады. Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.
Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.
Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын сурет галлереясын табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.
Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.
Ақсу-Жабағлы қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан.
Ақсу - Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы - Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен 1926 жылы шілденің 14-іне құрылды. Қаулыда қорық Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін, олардың барлық ағаш және тал-шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында құрылғаны атап көрсетілген.
Қорықтың көлемі жылдан - жылға өзгеріп, бүгінде оның алып жатқан аумағы - 131 934,3 гектар.
Ақсу - Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы екі мемлекетпен - Қырғызстан және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысының Жуалы ауданын қамтиды.
Қорықта ең биік тау - Сайрам шыңы, оның биіктігі теңіз деңгейінен4238 м. Қазақ халқы бұл тауды Ақтүйе өлген деп атаған, өйткені таудың көрінісі жансыз жатқан түйеге ұқсайды.
Қорықтың орталығында биік, мұзды Бұғылытұр шыңы ерекшеленеді. Бұғылы деп аталуы, бұл тауда бұғылар мекендейді.
Қорықтың ең негізгі өзендері - Ақсу және Жабағылы. Ақсу - ең ұзын өзен, 120 км-ге созылып жатыр.
Мамыр айында Ақсу көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүтке ұқсас болады. Бұл өзеннің аты да соған байланысты қойылған.
Кіші Ақсу мен Үлкен Ақсу қосылған жерде тамаша айбынды терең тік аңғарлар - құз-шатқал құралған.
Жабағылы өзені Ақсудан екі есе қысқа, тар, саз қоспаларының әсерінен өзеннің суы сары, кейбір кезде қызыл болады. Өзендер басын таудағы жылжымалы қалың мұз бен қардан алады. Қорықта 114 мұз таулары бар.
Қорықтың аумағындағы көлдің саны - 27, олардың бәрі өте биікте қар ермейтін жерде орналасқан.
Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарларға бай қазына. Соңғы деректерге қарағанда қорық аумағында құстың 267, сүтқоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар.
Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктер дүниесіне бай. Оның аумағында мүктің 63, қынаның 63 -тен астам, балдырдың -64, саңырауқұлақтың 235, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 17 түрі кездеседі.
"АҚСУЫМ - АРЫМДАЙ, ЖАБАҒЫЛЫМ - ЖАНЫМДАЙ..."
"Парижде болдым - Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым - Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым - олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым - оны да түсімде көрмедім ... Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін". Шерхан МҰРТАЗА
Кең-байтақ Қазақ жерінде он қорық бар. Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Науырзым, Үстірт. Қайран Қазақстаныңызда он ұлттық парк бар. Алтынемел, Баянауыл, Бурабай, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Көкшетау, Шарын, Сайрам-Өгем, Көлсай көл-дері. Бұларға қоса үш табиғи резерв (қор) құрылған. Олар Ертіс орманы, Семей орманы және Ырғыз-Торғай орманы деп аталады. Бір қарағанда, бұларыңыз аз емес се-кілді. Ал майталман мамандардың меңзеуіне мән берсек, қазақ жері үшін әлі де жеткіліксіз көрінеді. Көбейте түсу керек, деседі.
Кез-келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің, іргетасының бірі -- оның табиғи қорлары, табиғат байлығы. Сондай мақтан тұтар байлығымыздың бірі -- Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан.
Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі -- Әулие, жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында -- 21255 га., Төле би ауданында -- 53597 га, Бәйдібек ауданында -- 231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында -- 10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен -- Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, беткейінде селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Шыңдарын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан.
Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүіктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат,
бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде; эндемик өсімдіктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қия, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималау ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарытоғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерінде балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері бар. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдардың қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды.
Ақсу-Жабағылы - елімізде ең бірінші құрылған қорық. Қазақ қорықтарының ең әуелгісі. Алаш ардақтыларының ақыл-парасатына, алыстан ойлап, тереңнен түйсіне білгеніне қайран қаласыз. Орталық Азиядағы, қала берді Қазақстандағы айрықша аймақ, бүкіл дүние жүзіндегі бірегей аумақ саналар Ақсу-Жабағылы қорығының құрылу қайнарының бастау көзінде Тұрар Рысқұлов тұрды. Жиырма-сыншы жылдың шіліңгір шілдесінде Талас Алатауының тармақтарына Ташкент университетінен ғалымдар жіберіле бастады. "Музейлер мен ескілік ескерткіштерін, өнер және табиғат байлықтарын қорғау жөніндегі Түркістан комитеті" тарапынан 1922-1923 жылдары Түркістан өлкесінің ерекше ендіктері ретінде Тәңіртаудың таңғажайып тұсы жан-жақты зерттеле түсті. Жиырма бесінші жылғы ақпан айында Ақсу-Жабағылы қорығын құруды жедел түрде қолға алу туралы шешім шығарылды. Жиырма алтыншы жылдың шілдесіне дейін тыным-сыз жұмыс жүргізілді. Көп ұзамай-ақ Қазақ АКСР басшылығы Ақсу-Жабағылы қорығын құру туралы қаулы қабылдады. Оны Мәскеудегі Михаил Иванович Калинин мен Тұрар Рысқұлов бекіткен.
Ақсу-Жабағылы қорығының тұңғыш директоры Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі, табиғаттың шынайы жанашыры, аса білікті де білімді маман, ізгі ниетті ғалым Борис Петрович Тризна деген кісі еді. Алғашқыда 30545 гектар болған қорық аумағы осы Тризнаның табандылығы және тағы да Тұрардың қамқорлығы арқасында 1935-1937 жылдары 69826 гектарға дейін ұлғайтылды. Бал татыған Балдыберек және Балабалдыберек өзендерінің бойындағы, Майдантал тау қыраттарының беткейлеріндегі, Жабағылы өзенінің оң жақ қапталдарындағы аршалы алқаптардың бәрі дерлік сол кездерде қосылған. Өкінішке қарай, ерен энтузиаст, бұрынды-соңды замандардағы басшылардың ішіндегі ең мықтысы, аса абзалы болған Борис Петрович Тризнаның талқаны отыз жетінші жылы таусылды.
Өткен жылы "Егемен Қазақстанда" сіздің тілшіңіздің "Сайрам-Өгем дегенде, Сайрам-Өгем..." деген дүниесі жарияланған. Алғаш Астанада, сонсоң Таразда ұшырасып қалғанымызда ше, Шерхан Мұртаза ағамыз оң жақ қасының ұшын жоғары көтере қарап: "А-а-ал, Ақсу-Жабағылыны қаш-шан жазасың?" - деген. Кейінірек Кенен тойында кездескенде үшінші мәрте: "Ақсу-Жабағылы қайда-а-а?" - деді. Сол жақ қасын шиырса, Шерағаң сұстылау ғой. "Шіркін-ай, Ақсу-Жабағылыны түсінде жиірек көріп жүр екен-ау", деп түйгенбіз. Ішімізден. Содан бермен қарата қараша күз өтті. Оңтүстікте қары азырақ, көк мұздағы көбірек болған қысыңыз артта қалды. Жауын-шашыны мол көктеміңіздің ортасына
жеткенбіз. Жаңбыр-жаңбырдың арасында Ақсу-Жабағылыға қарай жолға шыққанбыз.
Сәуіріңіз тәуірлеу тұрпат танытса, қызғалдақ мұнда тоғызына таман гүлдейді. Иә-иә, тұп-тура тоғызыншы сәуіріңізде қызғалдақтың шанақтары қақ-қақ жарылар. Сепкілденген жапырақтарынан мөлдір моншақ мәнзелдес тұп-тұнық, тап-таза тамшылар сәулелене сырғанар. Қызғалдақты Тәңіртаудың қазақтары Ақсу-Жабағы-лының алқызылы деп те атаған. Атам заманыңызда. Қызғалдақ. Ай, айналайын қазағым-ай. Тіліңнен бал тамады ғой. Қызғалдақ деген сөзді қайталап айтыңызшы. Бір сәт үнсіз қалып, қайтадан қайталаңызшы. Ғажап емес пе?! Сіз Ақсудың алқызылы, Жабағылының қып-қызылы - қызғалдақты көрген шығарсыз? Білетін боларсыз? Сарғалдақты ше? Олар осында ғана осылай өседі. Араласып. Жарасып. Жайнап. Сіз осынау Ақсу-Жабағылыдай алтын аймағыңыз Қызғалдақ ханшайым-ның отаны екенін білесіз бе? Алқызылыңыздың алты түрі арыңыздай Ақ-суыңыздың аңғарларында, жаныңыздай Жабағылыңыздың жоталарында жай-найтынынан хабардарсыз ба? Көргеніңіз бар ма?
Тәңіртау мен Қаратаудың, Қазығұрттың қазақтары қадым заманнан бұл ғажайыпты қызғалдақ деген. Ал жұрттың көбі кәдімгідей-ақ "қызғалдақ" деп білетін жұқалтаң ғана, жеңілтектеу, желбір-желбең гүліңізді "итқызғалдақ" деп атаған. Рас, алыстан алаулап-алдап, албырап-арбап, адырлардың бәрін жауып кететін итқызғалдақтың да өзіндік орны бар. Бірақ, оны Қызғалдақ ханшайыммен шатастырудың жөні жоқ. Шын қызғалдақтың шанағы жалғыз ғана. Ал итқызғалдақтың бір түбінен бірталайы бытырлай күшіктеп, желіге желпіл қағады.
Биыл бұл өңіріңіздің өзгеше қызғалдағы сәуірдің он бесінен бастап, аздап-аздап қана ашылды. Жабағылы ауылының жоғарғы жағында. Шақпақбабаның төменгі тұсынан тауға қарата қарағандағы қияларда. Күмісбастаудың Иірсу жақ иықтарында. Ақсу мен Жабағылының бастапқы бойлықтарын барласаңыз, бірте-бірте, сәуірдің соңына, мамырдың басына таман, тіпті маусым мен шілдеде ашылатын алқызылдарды аңғарарсыз. Ақыры алқызылыңызды айтқаннан кейін арғы тарихын қозғаңқырап кетелікші. Қорыққа көктемде келіп көрсеңіз, Жаратқан иеміздің әуелден-ақ алқызылды Ақсу-Жабағылыңыздың маңдайына жазғанын сезінесіз. Еуропа елдерінің ерен ғалымдары сіздің Ақсу-Жабағылыңыздан алған. Қызғалдақ пен сарғалдақтың сұрыптарын ең көп өсіретін және күллі әлемге таратқан Голландияңыздың ботаниктері ше? Қызғалдақ пен сарғалдақтың тұқымын Тәңіртауыңыздың текті төрінен әкеткен. Бүгінде бүкіл дүние жүзінің өркениетті елдеріне "Грейг қызғалдағы" және "Кауфман қызғалдағы" деген аттармен белгілі қызғалдақтар - біздікі. Грейгіңізге де, Кауфманыңызға да рахмет! Ғылым жүзінде жазып, қазақтың тауынан қазып алғаны үшін. Сол кездегі салттары солай ғой. Кім алғаш ашса, ғылыми айналымға түсірсе, жаңа дүние соның есімін еншілеген. Әйтпесе, Ақсуыңыздың алқызылын, Жабағылыңыздың қып-қызылын Тәңіртауыңызға теліп атаса да, қазағыңызға еншілеп ныспыласа да, Алатау мен Қаратауды айтса да, болар еді-ау. Дейсіз-дағы. Әттең-ай, әттең!
1988 жылы Алматыдағы "Қайнар" баспасынан шыққан "Ақсу-Жабағылы" атты альбом-кітаптың авторлары айтқандай-ақ, төрткүл дүниеге түгел тараған
қызғалдақ пен сарғалдақтың отаны - текті төріңіз. Алқызылдың алты түрі де алғаш осында пайда болғаны дәлелденген. Төртеуінен нешеме жүздеген сұрыптар өсірілген. Ақсу-Жабағылыдан апарылып, аудандастырылған Алқызыл аруыңыз - Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда биік бағаланып, дүр дипломмен марапатталған. Содан бері біздің қызғалдағымыздан 200-ден астам түр тараған.
Қызғалдақ пен сарғалдақ десе, алпауыт, алып мемлекеттер, шат-шадыман шаһарлар тұрғындарының, бүгінгі өркениетті, мәдениетті есептелер адамдардың ойларына бірден Еуропа елдері, оның ішінде Голландия оралары аян. Ондайларға оян дей алмайсыз. Ақсу-Жабағылыны айтып, тәптіштеп түсіндірмекке мүмкіндігіңіз жоқ. АҚШ-тан, Жапониядан, Канададан, Германиядан, Италиядан, Австрия мен Швейцариядан, жаңағы Голландияңыздың өзінен арнайы келетіндер өркениетті мемлекеттерде өсіп жатқан қызғалдақтар мен сарғалдақтардың төркін төрі көркемниетті қазақ топырағы екеніне көз жеткізіп кетіп жатыр. Там-тұмдап жазылып та жүрген жағдайлар жоқ емес. Айтпақшы, осы сапарымызда ше, Ақсу-Жабағылы қорығының экологиялық ағарту және туризм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсу - Жабағылы қорығының құрылуы
Ақсу-жабағылы қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Ақсу Жабағылы қорығының табиғат жағдайлары
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Жабағылы өзенінің ұзындығы
Тянь - Шань таулы өлкесі
Қаратау таулы жотасы
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Шілде айының орташа температурасы
Пәндер