Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Бастауыш сыныпқа диктант жұмыс түрлерін жүргізу . . . 4
1. 1 Диктантты жаңартылған технологиямен жүргізу . . . 6
1. 2 Диктант жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу . . . 14
ІІ. Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы . . . 16
2. 1 Бастауыш 1- сыныптарына арналған диктанттар жинағы . . . 16
2. 2 Бастауыш 2 - сыныптарына арналған диктанттар жинағы . . . 19
2. 3 Бастауыш 3 - сыныптарына арналған диктанттар жинағы . . . 22
2. 4 Бастауыш 4- сыныптарына арналған диктанттар жинағы . . . 25
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Сауатты жазу, әдетте бастауыш сыныптарынан басталатыны белгілі. Ұсынылып отырған бұл жинақ сауаттылыққа апарар жол басы әрі оның өлшемі болып табылады.
Диктант - тілді оқытудағы жүргізілген жоба жұмыстарының негізгісі. «Диктант» - оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол- мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген сапаларын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік береді.
Диктанттың бірнеше түрі бар: бақылау диктанты, өздік диктанты, шығармашылық диктанты, әріп диктанты, буын диктанты және тағы басқалар. Бұлардың әрқайсысы бір- бірінеен көздеген мақсаты мен орындалу тәсіліне, көлеміне, кезеңіне қарай ерекшеленеді.
Жазба жұмыстарға, оның ішінде диктант жұмысына бірінші сыныптан бастап ерекше қөңіл берген жөн.
Диктанттың буын, терме, сөөзік, көру, қатеден сақтандыру және бақылау сияқты түрлеріне оқушыларды бірінші сыныптан бастап үйрете беру керек.
Диктант - орфографиялық, пунктуациялық дағдыны тексеру құралы.
Диктант түрлері мұғалімнің алдына қойған мақсатына орай таңдалып алынады. Оқушының сауатты жазу, шығармашыл ойлау, көркем жазу, өтілген ережені меңгеруі жазылған тапсырмадан көрініп тұрары анық. Бұл болашақта жекелеген оқушылармен жұмысты қалай жүргізу керек екенін анықтауға көмектеседі.
Бастауыш буыннан ортаңғы буынға өтетін оқушы келесі сатыға қиындықсыз өтсін десек, сауатты оқушы дайындауға диктант жұмыстарын тиімді қолданайық.
І Бастауыш сыныпқа диктант жұмыс түрлерін жүргізу
Диктант - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай диктант жазылады. Бүгінге дейін диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді.
- Сөздік диктант- сөзден және сөз тіркестерінен тұрады. Өтілген ережеге сәйкес беріледі.
- Таңдамалы диктант- өтілген ережені ойында қалдыру үшін беріледі. Мұнда оқушылар мұғалім оқыған тексттен оқыған ережелерге сәйкес сөһздерді немесе сөз тіркестерін теріп жазады.
- Көру диктанты- тақтаға жазылған диктантты оқушылар өздері оқиды. Анықтап қарап, ережелерге сай келетін сөздерді байқады. Мұғалім өзі оқып береді. Текст жабылады. Оқушылар жазып болған соң текст ашылады. Оқушылар өз жазғандарын текстпен салыстырып тексереді. Көру диктанты ережеге бағынбайтын сөздерді оқытқанда көп көмегін тигізеді.
- Ойша жазу диктанты. Оқушылар мазмұнды тексті оқып, жаттап, ережеге байланысты сөздерді ұғынған соң, есінде қалғанын ойша жазады. Оқушылар болғаннан кейін, дәптерге жазғандарын тақтадағы текст бойынша тексереді.
- Сақтандыру диктанты. Бұл ережелерді есте сақтау, ережені қайталау мақстында жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Тақтаға шыққан оқушылар ережеге сәйкес келетін сөздерін түсіндіріп, тақтаға жазады. Оның бәрі жазып, астын сызады. Мұндай диктанттар қиын ережелерді өткеннен кейін жазылады. Осы ережеге сай сөздердің дұрыс жазылуын алдын ала ескертіп отырады.
- Бақылау диктанты. Бір үлкен орфографиялық тақырыпты өткен соң жазылады. Тексте өткен ережеге байланысты мәтіндер беріледі, бір немесе үш грамматикалық тапсырма беруге болады.
Қорытынды бақылау жазба жұмыстары тоқсанның бірінші күні, мейрамнан кейінге және дүйсенбі күні жазылмайды.
- Оқушы керек сөзді түсіндіреді. Бұл диктант арқылы көп оқушылардың тақырыпты түсінген, түсінбегені анықталады. Оқушылар орфографиялық және грамматикалық талдау жасауға үйренеді. Соңында текст тексеріледі.
- Көшіріп жазу диктанты. Оқушыларды қате жібермеуге, сөйлемді және оның бөліктерін толық көруге жетелейді. Алдымен оқушылар тексті тақтадан оқиды, өтілген ережелерге байланысты сөздерге түсінік береді, онан кейін тесті көшіріп жазады. Соңынан оқушылар тексеріп шығады. Мұндай диктантты өткізгенде оқушылардың сөзбен емес, толық сөйлемді көшіріп жазуын да қадағалап отыру керек.
- Шығармашылық диктант. Бұл үйретуші, түсіндірмелі, сақтандыру мақсатында жүргізілуі мүмкін. Оның басқалардың өзгешелігі - оқушылар сөз тіркестерін қолдана отырып текст құрайды. Мұндай жұмыстар оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ойын, сөз байлығын дамытуға және өткен материалды қайталауға жетелеп отырады. Шығармашылық диктант бірте-бірте күрделенуі керек. Алдымен сөздерден сөйлем құрауға не сөйлемді бастауға немесе аяқтауға сөздер берілуі мүмкін. Немесе тірек сөздерін беріп, белгілі бір сюжетке сөйлем құратуға болады. Алғашқы сөйлемдер ұжымдық түрде талқылануы мүмкін.
- Еркін диктант. Оның ерекшелігі бір ойды білдіретін бірнеше сөйлемдерді ойында қалдырады. Мұнда оқушылар сөйлемдегі ойды беретін кейбір сөздерді, сөйлемдерді басқа сөздермен бере алады. Бірақ өтілген тақырыптқа сай келетін сөздер болуы керек.
- Түсіндірмелі диктант. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жетелейді. Бұл диктант оқушылар тақырыпты жақсы түсінген соң жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Оқушылар қайталап дәптерлеріне жазады. Диктанттың тексті оңай, мазмұны ойда қалатыны болуы шарт. Бұл диктантты өткізудің әдістемесі басқалардан өзгеше. Мұғалім тексті толық оқып шығады. Онан кейін мазмұны аяқталған бөлімінідегі басты ойды бөле оқиды және тексттің мазмұнын ауызша әңгімелеп тағы да тексті бөліммен оқып береді. Оқушы тексті ойында қалғаны бойынша жазады (3-5 сөйлем) . Мұғалім бұл жолы оқушының мазмұнын дұрыс, текстегі басты ойды бере білгенін қадағалайды. Диктанттың бұл түрі оқушыларды сауатты жазуға грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға және оның жазу тілінің дамуына әсер етеді.
1. 1 Диктантты жаңартылған технологиямен жүргізу
Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту-тіл дамыту жұмысының басты мақсаты. Соңғы кезде қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашы- лық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Кейбіріне тоқталатын болсақ:
- Модельдеу технологиясықазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады. Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру.
Диктантты жүргізу әдістемесі: Диктант төрт кезеңнен тұрады.
Модульдеу диктанты әдебиеттік оқудан өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. 3-сыныпта берілген М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің негізінде жазуға болады. Диктантты орындамас бұрын, интерактивті тақтадан диктант мәтіні оқылады.
Кесте 1. 1 Модульдеу диктантының кезендері
Ең бірінші . . . - Халқым менің,
Соған берем . . . алтын кенін.
. . . , мен бармын, . . . болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан . . . менің.
Не істедім? . . .
. . .
. . .
Бақытым бар үшінші - . . .
. . .
. . .
. . .
. . .
. . .
. . .
Модульдеу диктантының тіл дамытудағы, оқушылардың сауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілеті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болады; Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді; Үшіншіден , өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады; Төртіншіден , бұл диктанаттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді; Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды; Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.
- Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі«Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т. б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдында жа- татын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.
«Өзің тап» диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды:
- оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді;
- сөздік қорының баюына ықпал етті;
- пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды.
Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқу- шылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамыту- да, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді. Әлемдік тәжірибеде диктанттарды түрлері өте көп және олар өмірге бір қажеттілік ретінде қолданылып, оқушылардың аса қызығушылығын тудыратын әдіс ретінде қолданылады. Бүгінге дейін біздің қолданып келген диктант түрлері жазылым дағдысына жат-қызылып келсе, қазіргі диктанттың жаңа түрлері тыңдалымды игеруге бағытталған тәсіл ретінде қарастырылады. Жаңа әдіспен орындалатын диктанттың кейбір түрлері мені қы- зықтырды, сондықтан өз тәжірбиемде терме, көру, ескерту диктанттарының орнына жаңа түрі «Ысқыру», «Жүгіргіш», «Сүйеніп отыру» диктанттарын жүргізіп келемін. Бұл диктанттар айқайлау, сыбырлау, ысқыру арқылы орындалады. Белсенді іс-әрекет болғандықтан ба оқушылардың қызығушылығы жоғары болады. Кейде сыныптағы балалардың санының көптігі белгілі бір деңгейде қиындықта туғызады.
Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы
Ысқыру диктанты
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде, ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек.
Мысалы:

Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:
- Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды;
- Тез ойлап, тез шешім қабылдайды;
- Лайықты нәрсені таңдауға үйренеді.
Жүгіргіш диктанты
Жүгіргіш диктантты оқушылар оқиды. Диктантты орындау үшін сыныптағы оқушыларды санына қарай топтарға бөліп, бірдей көлемдегі әр түрлі мәтінді тақтаға, қабырғаға (бір- біріне кедергі жасамайтындай) ілінеді. Шатастырмас үшін мәтіндерге А, Ә, Б әріптері немесе топтың белгілері қойылады. Топтағы бір оқушы мә- тінді оқып жеткізуші болады да, топтың қалған мүшелері естіген-дерін қағазға түсіруші міндетін атқарады. Бір мезгілде үш топтың мәтін жеткізушілері жүгіріп, өз мәтіндерінен мүмкіндіктерінше сөз не сөйлемді оқып, болмаса жаттап, топ мүшелеріне оқиды.
Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы: жаттау және сауатты жеткізу қабілеттерін арттырады.
Сүйеніп отыру диктанты
Сүйеніп отыру диктантын оқушылар жұптарымен оқиды. Ол үшін екі оқушыға бір мәтін екіге бөлініп беріледі. Мәтінде не бас әріп, не тыныс белгісі болмайды. Жұп оқушы бір-біріне арқаларын беріп отырады. Алдымен оқушыларға мәтінмен танысуға уақыт беріледі. Алғашқы бөлігін бір оқушы оқиды, жұбы жазады. Мәтіннің бірінші бөлігі аяқталған соң, келесі бөлігін жазған оқушы оқиды да, оқыған оқушы диктантты жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, мұғалімнің берген дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді.
Мысалы:
I
бөлігі

II
бөлігі
Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:
- ойдың аяқталғандығын анықтай алады;
- сауатты жазуға баулиды;
- өз қатесін өзі тауып, өзіндік шешім қабылдайды.
Дәстүрлі диктант оқушылардың жазылым дағдысын дамытса, ал қазіргі өлшемдегі диктанттар оқушылардың оқылым дағдысын дамытады.
1. 2 Диктант жұмысына байланысты қатемен жұмыс жүргізу
Қазақ тілі сабағында алынатын диктанттың 12 түрі бар. Соның ішінде бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау, бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жалпы орта білім департаментінің нұсқауы бойынша диктант нормаларын пән мұғалімі білуі тиіс. Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жазба жұмысының соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіліп, келесі жолдың оң жағына диктант бағасы қойылады. Мысалы, 1/0 немесе, 5/1 т. с. с. Шартты белгілерді оқушы білуі тиіс: / - емле қатесі; V - тыныс белгі қатесі; ? - түсініксіз; Z - азат жол. Қазақ тілі пәнінен алынған жазба жұмыстардағы жіберілген қате бойынша саралау кестесі әрбір жазба жұмысынан кейін сараптамалық талдау негізінде жасалып, оқушымен деңгейлік тапсырмалар негізінде тікелей жұмыс жасауға ықпал етеді. Сондай - ақ жазба жұмыстарын бір - бірімен салыстыруға да мүмкіндік береді. Қатемен жұмыс жүргізу жолдары: 1. Тексерілген жұмыспен оқушы танысып, қызыл сиямен көрсетілген сөзді жол басына ең әуелі қате түрін, содан кейін сызықша қою арқылы жол аяғына дейін қатесіз жазу керек;
2. Қате жазылған немесе оқушыға таныс емес сөздерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдалана отырып, мағлұмат беру; 3. Жіберілген қате туралы өтілген тақырып бойынша ережені еске түсіру, мысалдар келтірту; 4. Қате жазылған сөзге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық талдау жасату; 5. Оқушылардың тасымал, тыныс белгі туралы білімдерін нақтылау, бағдар беру; 6. Диктант мәтініндегі тірек сөздерді тапқызып, сөйлем құрату.
7. Сабақты шығармашылықпен ұштастыра отырып, қате жіберілген сөздердің прозалық, поэзиялық шығармаларда қолданылуына назар аударту, нәтижелі болу үшін жатқа айтқызуға болады.
ІІ. Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы
2. 1 Бастауыш 1- сыныптарына арналған диктанттар жинағы
І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар .
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою.
(10 сөз)
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз.
(10 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл.
(12 сөз)
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта.
(20 сөз)
ІІІ. Сөздерді буынға бөліңдер (сөздерді тақтаға жазып, оның схемасын сыздыру) .
Жолбарыс, балық домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер, әже, көкек, дұрыс.
Алмұрт, шелек, піл, айран, сағат, бор, торғай, күн, май.
(10 сөз)
IV. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.
(15 сөз)
Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.
(15 сөз)
Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.
(10 сөз)
V. Кім? Не? - деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
Орындық, көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз.
(15 сөз)
Қасық, түлкі, тауық, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, сызғыш, доп, дүкенші, ұя, мұғалім, тарақ, ою, көрпе, балмұздақ.
(20 сөз)
VI. Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ерлан жақсы окушы. Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.
(14 сөз)
Түлкi- сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi Түлкi қызыл түстi болады. Оның терiсi бағалы. Менiң ойыншық түлкiм бар.
(18 сөз)
Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты . Ертiс терең, әдемi өзен. Ертісте кеме жүредi. Өзеннiң суы өте суық. Мен Ертісті көрдiм.
(17 сөз)
VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Астана - бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; *Қазақ тілі* - газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.
(16 сөз)
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі - Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов - ақын; «Балдырған» журналы.
(14 сөз)
Қостанай.
Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.
(12 сөз)
Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
VІІI. Не істеді? - деген сґраққа жауап беретін сөздер.
Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.
(18 сөз)
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
(21 сөз)
Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.
(20 сөз)
IХ. Қайталау.
Менің әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.
(20 сөз)
Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Қайрат.
Қайрат - оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
(19 сөз)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz