Кəсіпорын көрсеткіштері бойынша өзіндік құн шығындары



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.Өндірісті басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Кəсіпорынның қысқаша сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Өндірістік үрдіс схемасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ.Кəсіпорын көрсеткіштері бойынша өзіндік құн шығындары ... ... ... ...16
2.1Негізгі қордың амортизациялық аударымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2Энергетикалық шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3Еңбекақы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған əдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Кіріспе
Жезқазған мыс қорыту зауыты - мыс өнеркәсібінің ірі кәсіпорны. Академик Қаныш Сәтбаевтың 1935 жылы Жезқазғанның жер жүзілік маңызы бар мыс байлықтарын пайдаға асыру (Социалды Қазақстан, 1935, 5-маусым) жолындағы ғылым ойы мен көрегендігі нәтижесінде туған идеясы негізінде 1966 жылы Жезқазғанда жаңа мыс зауытының құрылысы басталды. Ол 1971 жылы пайдалануға беріліп, сол жылдың 23 ақпанында алғашқы катод мысын берген күнінен зауыттың жаңа тарихы басталады. 1977 жылы желтоқсандакүкірт қышқылы цехының төртінші жүйесі іске қосылуымен кешеннің белгіленген барлық құрылыс аяқталып, зауыт толық қуатына көшті. Жылына орта есеппен 250 мың тонна таза мыс өндіріледі. Негізгі өнімі - тазалығы 99,99% бағаланған катод мысы халықаралық рынокта жоғары сұранысқа ие. Ол Голландия, Швеция, Түркия,Жапония, Қытай және ТМД елдеріне жөнелтіледі. Негізгі өнімнен басқа зауытта қорғасын тозаңы, алтын, күміс, рений шығарылады. Шетелдік инвестор Оңтүстік Кореяның Самсунг фирмасы келуіне орай 1995 жылы өндірістік қайта жарақтандыру жұмыстары басталып, шетелдік жабдықтар қойылды. Кен-термикалық пештері ШвецияныңБолиден Контек фирмасының жобасы бойынша қайта жабдықталды;конвертор, анод бөлімшелеріндегі барлық қуаттан артық өнім өндіруге жол ашылды. Рылысы 1967 жылы басталып, 1971 жылдан бастап осы күнге дейін өз өнімін беріп келе жатқан Жезқазған мыс қорыту зауытының Қазақстан үшін маңызы өте зор, себебі мұндай зауыттар жедел индустрияның ажырамас бөлігі. Зауыт тірі ағза секілді өмірінің әртүрлі кезеңдерінен өтті: жаңадан құрылу, үдере даму, шарықтау, тоқырау және қайта күшею. Осыдан бір жылдан астам бұрын аталмыш зауыт жабылатын болды деген сыбыс өңір тұрғындарының мазасын қашырғаны белгілі. Алайда шын мәнісінде зауыт жабылмаған болатын, ол тек ірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылған еді. Бұл қысқа мерзім аралығында бүткіл жұмысшылар жалақыларын алып отырған болатын. Жұмыссыз жалақы алуды жөн көрмеген зауыт қызметкерлері тезірек іске кірісуді қалады. Көп ұзамай зауыт жұмысы қайта жанданды. 2014 жылдың қараша айында зауыт катодты мыс шығара бастап, консервацияға дейінгі қуаттылыққа жетуді көздеді. Бұл дегеніміз - жылына 100 мың тонна өнім. Зауыт жұмысын жандандыру үшін 2 ай бойы дайындық жұмыстары жүргізілді.

І.Өндірісті басқару
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми - техникалық үрдістің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын - цехтардан, учаскілерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.

Анод бөлімшесі - мыс концентраттарын электр арқылы қайта балқытуды, штейндерді конверсиялау және алғашқы мысты отпен тазартуды қамтиды. Цехтың бастапқы шикізаты түйіршіктерді, айналыстағы материалдарды және шихталық қоспаларды (әк тас және приритті концентрат) қамтитын құрамында мыс бар шихта болып табылады. Шихта параллель жұмыс істейтін электр пешіне келіп түседі де, шлакты бұлауда бөлінетін жылудың есебінен балқытады. Тұрыңқыраған балқыма штейнге және қайырма-шлакқа бөлінеді. Жинақталу шамасына қарай, шлак үдерістен шығарылып, үйме құрайды, ал штейн әрі қарай қайта өңдеу үшін конверторлық қайта балқытуға бағытталады. Конверсиялау үдерісінде штейннен күкірт жойылады да, SO 2 түріндегі газға ауысады, темір шлакталады. Қажетті шлактық режим құру үшін конверторға кремнийлі рудалар (ізбесті тас) жүктеледі. Конверсиялау үдерісі дискреттік-үздіксіз, циклдық, көпстадиялы процестер класына жатады және жылу бөле отырып, автогенді жұмыс істейді. Соңғысы салқын материалдарды (штейндік қыртыстар, айналмалар) қосымша қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Конверторлық балқыту өнімдері өңделмеген бастапқы мыс, конверторлық шлак, қайтымды газдар мен шаң болып табылады. Конверторлық шлактар электр пешіне мыстан айыру үшін қайта жіберіледі, шаңнан тазартылғаннан кейінгі газдар күкірт қышқылы өндірісіне келіп түседі. Бастапқы мыс анодтық қайта балқыту пешінде оттық тазартуға ұшырайды. Сонымен қатар анодтық пешке бастапқы қатты мыс, анодтық қалдықтар, жарамсыз (брак деп танылған) анодтар мен мыс скраптар жүктеледі. Оттық тазарту (аршу) үдерісі дискреттік-үздіксіз, циклдық, көпфазалық үдерістер класына жатады. Қорыту өнімі - тазартылған (анодтық) мыс, анодтар түрінде электролиздік цехқа жіберіледі, ал анодтық шлак конверторға жүктеледі. Қарастырылып отырған мыс балқыту кешені басқару объектісі ретінде бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. 1. Өндірістің үздіксіз-дискреттік сипатымен мыс қорыту өндірісінің технологиялық тізбегінде үздіксіз үдерістермен (балқыту пештері) қатар дискретті және периодты үдерістер де (конверсиялау және оттық тазарту) бар.
2. Жүйедегі технологиялық қиылысты (параллель ағындар арасындағы) және кері байланысты тізбекті - параллельді құрылыммен бұл көршілес бөлімшелер жұмысын үйлестіріп, олардың арасындағы байланысты күшейтеді. 3. Объектілердің ірітоннаждығымен, энергосыйымдылығымен және технологиялық жіптің елеулі ұзақтығымен, бұл ақырында үлкен динамикалық және транспорттық кідірісті анықтайды. Жүргізілген зерттеулер деректері бойынша, шихта - штейн арналары бойынша кідіріс 6-7 с, ал шихта - шлак бойынша 8-9с - ны құрайды. 4. Сыртқы және ішкі ауытқулардың кең көлемімен және жоғары деңгейімен, бұл үдерістердің кездейсоқ сипаттарын және уақыттың әртүрлі аралықтарында түрлі екіұштылық дәрежесін анықтайды. Бұл шикізат ағындары мен өнеркәсіптік өнімдердің сипаттамаларының елеулі ауытқулары және технологиялық сұлба агрегаттарының сипаттамалары дрейфімен анықталады және т.б. Орталықтандырылған жүйе құру арқылы металлургиялық цехты басқару тапсырмасын шешу едәуір қиындықтармен қатар жүреді, бұған басқару тапсырмасы көлемінің үлкендігі және тұтастай өндірістің адекваттық математикалық сипаттамасын әзірлеудің қиындығы жатады. "Формальды" түрде, тұтастай өндірістің математикалық моделі қайта балқытудың жекелеген модельдері мен агрегаттарын (олардың арасындағы өзара байланыстарды ескере отырып) біріктіру арқылы және сәйкес көрсеткіштерді біртұтас ету арқылы құрылуы мүмкін. Дегенмен, осындай модельдердің жиынтық жүйелері негізінде өндірісті басқару тапсырмасын орталықтандырылған түрде шешу үшін, олар бір класқа жатуы тиіс. Мыс балқыту өндірісі үшін бұл талап орындалмайды, себебі оның құрамында сипаты бойынша әртүрлі технологиялық үдерістер бар (үздіксіз және дискретті), осыған сәйкес өндірістің математикалық сипаттамасы түрлі кластар модельдерімен көрсетілетін болады. Сондай-ақ, цехты басқару тапсырмасының құрылымын синтездеу кезінде басқару жүйесінің құрылымын құруға декомпозициялық тәсіл қағидаты қолданылды. Тапсырманың жалпы моделін декомпозициялау, оны бірнеше иерархиялық өзара байланысты ішкі модельдерге жіктеуге мүмкіндік бере отырып, агрегаттар жиынтығы бойынша кеңістікті-уақыттық декомпозициялау ұстанымы, басқару объектісінің динамикалық қасиеттерін ескере отырып, уақыттық интервалдар жиыны бойынша және ауытқу әрекеттерінің жиіліктік сипаттамаларының жиыны бойынша жүзеге асырылады. Осылайша, басқару тапсырмаларының иерархиялық үшдеңгейлі құрылымы алынады. Жоғарғы деңгейде металлургиялық цехтың мыс балқыту кешенін жедел басқару тапсырмасы шешімін табады, ішкі тапсырмалары: электр пештері арасында жүктемені бөлу, конверттік және анодтық бөлімшелер жұмыстарының жоспар-графигін (кестесін) құру. Бұл деңгейдегі ішкі программалардың мақсаты - ОКП жүйесімен генерацияланатын тәуліктік жоспарды аусымдық-агрегаттық тапсырмаларға жіктей отырып, нақтылау болып табылады. Жоғарғы деңгей тапсырмаларын шешу нәтижелері келесі, екінші деңгейге - жекелеген технологиялық үдерістер мен агрегаттарды электрбақылау, конверсиялау, анодтық бақылау, басқару сияқты тапсырмаларды анықтайды.
Басқару құрылымының төменгі деңгейінде балқытудың электрлік режимін тұрақтандыру және үрлеу барысында конверсиялау үдерісін басқару тапсырмалары беріледі.
1.1 Кəсіпорынның қысқаша сипаттамасы

1959 жылы СССР Министрлер Кеңе - сінің №181 Жезқазған аймағын дамыту туралы қаулысы қа - былданған. Кеңес өкіметінің қау - лысына қарамастан, зауыт - ты салу жөніндегі айтыс үш жылға созылыпты. Ақыры мыс зауы - тын Жезқазғанда салу туралы шешім қабылданып, 1964 жылы жобалық тапсыр - ма бекітілген. Жезқазғандағы мыс қорыту зауыты 1966 жылы салына бастады. 1971 жылдың 13 ақпанында бірінші катодты мыс алынды. Кешеннің құрылысы 1977 жылы толықтай аяқталды. Сол кезеңде Жезқазған мыс қорыту зауыты техникалық-экономикалық көрсеткіші жа - ғынан, механизациялау және автоматтандыру жағынан Ке - ңес Одағында алдыңғы орында еді. 1971 жылы 23 ақпанда Жезқазған мыс қорыту зауытында Қарсақбай қара мысынан дайындалған катод мысының алғашқы партиясы ваннадан алынып, салтанатты митингіде металлургтер: Қабыл ал, Отан, Жезқазған мысын!, -- деп рапорт берді. Бұл күн еліміздің түсті металлургиясының іргелі кәсіпорындарының бірі жаңа зауыттың дүниеге келген күні болып тарих бетіне алтын әріппен жазылып қалды. Жезқазған мыс зауытының өмірге келу тарихыңда ең елеулі оқиға болған -- катод мысын алғаннан кейін, тура екі жыл өткенде, яғни 1973 жылдың 21 ақпанында электр пеші іске қосылды. Бірінші штейн конвертерге құйылды. Аға балқытушы Сұлтан Елемесов қара мысты балқыту кодициясына жеткізгеннен кейін ең алғашқы жезқазғаңдық қара мыс анод бөлімшесіне жөнелтілді. Осыдан ширек ғасыр бұрын мен де осы зауытқа, майталман металлург Серік Қонарбаев жетекшілік ететін бригадаға орналастым. Бригада мүшелері әр түрлі ұлт өкілдері болғанымен бәрі де Сұлтан аға дегенді қазақша таза айтушы еді. Мыс балқымасын нәтижелі, сапалы және салмақты бөліп алу оңай шаруа емес. Кейде мыс бабында алынбай жатқанда металлургтердің Сұлтан аға болса былай істеуші еді немесе бүйтер еді деп даурығып жатқанда менің кеудеме қуаныш ұялайтын. Себебі зейнеткерлікке кеткеніне 4-5 жыл болса да балқытушылардың Сұлтан ағамның әдісімен жұмыс істеуі және оны құрметпен еске алуы көп жағдайды аңғартады. Ол кездері жас металлург, қазіргі күнде ауысым шебері Николай Константинович Дергунов әлі күнге дейін Сұлтан ағаны аузынан тастамайды. Ол былай дейді: Мен 1972 жылы Жезқазғанға келдім. Ол кездері орталық газеттерде комсомол құрылысы деп жарияланған Жезқазған мыс зауытына мамаңдар керек деп көп жазылатын. Ресейдің Медногорск қаласынан келген бізге бұл зауыт алып болып көрінетін. Менің жас кезімде таңдаған металлург мамаңдығы өте күрделі де ауыр болғанымен мен оған өкінбеймін. Ол кезде С. Елемесов мектебі деген болды. Ол кісі көптеген жастарға тәлімгер-ұстаз бола білді. Мен де бақытымды осы Жезқазғаннан таптым. 70-жылдардың басында комбинат басшылары зауытқа мамандарды одақтың бүкіл ірі зауыттарынан шақырды. Қырық жылдан астам тарихы бар Қарсақбай мыс зауыты мамаңдарының іс-тәжірибесі еленбей, ескерусіз қалды. Өйткені комбинат басшылары мен мамандарының Қарсақбай зауытының мамандары жаңа техникамен, технологиямен жарақтанған үлкен Жезқазған зауытыңда істей алмайды -- деген пікірі қалыптасып, халық арасында кеңінен тарап кеткен кез еді. Бұл жергілікті кадрлардың намысына тию, оларды көпе- көрнеу қорлау болды. Шын мәнінде жаңа зауытта істеуге қарсақбайлықтар қай жағынан да құқылы болатын. Оны ескерген ешкім болмады. Бұл да болса жергілікті халықты шеттетудің, кемсітудің сол кездегі жасатқызып, оларға алтыншы шағын ауданнан уйлер салуға бұйрық берді. Міне, намысты қолдан бермеу деген осы емес пе? Осы жерде қазір балалары бізбен қатар зауыт абыройын түсірмей, еселі еңбек етіп жатқан бірқатар металлургтердің әкелерінің аты-жөндерін атап өту орынды болар. Олар Сұлтан ағаның шәкірттері Ленин орденді О. Мейрамов, Т. Смайылов, Еңбек Қызыл Ту орденді А. Битенов, Құрметті Қырғыз асқан кезде біздің ауыл да Әулиеатаға, сосын Түлкібас жеріне орныққан еді. Әлі есімде 1931 жылы еккен егін бітік шықты. Үйде қызыл інген бар еді, сол әңгелек пісе бастағанда ауылға шауып келіп, киіз үйдің есігінен басын сұғып жіберіп қарағанда екі көзден жас парлап тұр екен. Содан шегіне беріп құлап түсті де пышаққа ілікті. Атай етін қылдай бөліп, туысқаңдарға үлестіргізді де біз обадан аман қалдық. Қаншама үйлердің түндігі ашылмай Алдыңғы қатарда С. Елемесов жөнө комбинат директоры В. Гурба. қалыптасқан әдістерінің бірі екенін егемендік алған соң білдік қой. Әрине, алғашқы кезде мыс балқыту көздегендей болмады. Балқыту технологиясын игеруде көптеген кедергілер мен қиындықтар кездесті. Мыс балқымасын алу мерзімі тым ұзаққа созылып, тіпті балқыма қатып қалуға шақ қалған кездер бодды. Сонда басшы мамаңдар мен басқа зауыттан келгендер дал болып жатқанда қарсақбайлықтар көзге түсті. Өйткені олар Қарсақбай зауытында мыс балқыту ісімен айналысқан атақты балқытушылар Мұзафар Жүсіпов, Қозыкен Жанпейісов, Еркөз Елеукенов және басқалардан үйренген, тәрбие алған металлургтер еді. Оның үстіне бай штейнді балқыту әдісі Қарсақбай зауытында бұрыннан қалыптасқан. Бұл сырды сонда істегендер ғана біледі де басқа зауыттан шақырылғандар өз әдістерімен нәтиже шығара алмаған еді.
1.2 Өндірістік үрдіс схемасы
Өндірістік үрдіс - адамдардың және өнімді жасау үшін берілген кәсіпорындағы қажетті еңбек құралдарының іс-әрекетінің жиынтығы.
Өңдірістік үрдістің негізі болып технологиялық үрдіс саналады. Технологиялық үрдіс - еңбек затының күйінің өзгеруі мен анықталуы бойынша мақсатты іс-әрекеттерден тұратын өңдірістік үрдістің бір бөлігі.
Өндірістік үрдістер әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мақсатына байланысты негізгі, қосалқы, қызмет көрсетуші өндірістік үрдістер болып ерекшеленеді.
Негізгі өңдірістік үрдіс кәсіпорынның мамандандырылуына сәйкес тауарлық саналатын өнім материалдық күйінің немесе нысанының тікелей өзгеруі үшін арналған.
Қосалқы өндірістік үрдістер деп, нәтижесінде негізгі үрдістердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тәртіп бойынша кәсіпорынның өзінде пайдаланатын өнімді алу үрдісін айтады. Мысалы, аппараттар жасау, қуаттың әр-түрлі түрлерін өңдіру т.с.с.
Қызмет көрсетуші үрдістер негізгі және қосалқы үрдістерді олардың қызмет істеуі үшін қажетті қызмет көрсетулермен қамтамасыз етеді. Мысалы, көлік және қойма үрдістері. Қызмет көрсету үрдісі нәтижесінде өнім жасалмайды.
Күрделі жұмыс үрдісі - бұл бірнеше машиналардың көмегімен, бірнеше еңбек заттарымен орынадалады ( кенді бөлу, бөлген кенді ұсақтау ) Операция - жұмыс әрекеттердің жиынтығы. Операция - негізгі, қосымша және даярлық қорытындылау болып бөлінеді.
Негізгі операция - жұмыс үрдісінің мазмұны мен соңғы мақсатын анықтайды. Қосымша операция - бұл негізгі операцияға жалғаспалы немесе бірге болатын үрдіс. Даярлық - қорытындылау операциясы белгілі бір жұмысты орындауға дайындық және сол жұмысты аяқтауға кететін уақыт. Балқыту цехындағы электропеш бөлімінің негізгі технологиялық жабдықтары кең термиялық пештері. Кен термиялық пеш ( РТП ) - РП3 - 33 ШНО2 табанның ауданы 168м3, ұзындығы 2400мм, ені 8000мм мен биіктігі 6400мм. Пештің отқа төзімді бөлігі теріс арқадан жасалған бір қабатты магнезитті мен екі қабатты магнезитті - хромит кірпішінен қаланған және бетонды төсемінен тұрғызылған. Барлық пештің футеровкасы болат қанқасынан тұрады. Шихтаның балқуы жылудың көмегімен жүреді, оның жұмыс көзі электроэнергия болып келеді, ол үшеуі бір фазалы трансформаторлардан ЭОЦН - 32000135 келеді. Әр біреуіне трансформатордың іші әрбіреуіне қуатты 1667 кВа орналасқан (4-ші трансформатор резервтік болып келеді). Трансформаторлардан ток мысты трубкасы бар су салқындатқыштардан жүреді, одан кейін иілгіш мысты шлейфтер мен мысты трубалардың контактілі электродтарға ток беріледі. Электропеш бөлімінде тиеу, балқыту, газ тазалау операциялары жүреді. Тиеу. Шекемделген түйіршікті мыс құрайтын шихта. ЦПН - дан әкелінген, басты КТБ бункерлерінен (он және сол сыйымдылығы 116м3 №1 мен №4, №5 және №8) таспалы қоректендіргіштер (бір бункерге екі - екіден) арқылы конвейерлерге қырғыш түседі де, одан әрі тиелген құйылым арқылы электропешке келеді. Электропешке қатты шахтадан басқа темір құрайтын флюс сияқты конвертерлі шлакты айыру үшін құяды. Шлакты көпірлі кранмен сыйымдылығы 8 м3 ковшпен пештегі штейн жағындығы орналасқан науаның сыртқы қабырғасындағы саңылаудан құяды. Балқыту. Шихта балқу жылдамдығына байланысты пешке әкелгенде, шлак ваннасын бірқалыпты қабатпен жабу керек. Шихтаның балқуы шлактан берілген жылумен жүреді. Оның көзі электроэнергия болып табылады. Қосылған пеште электродтардың шеті шлакты балқымаға батырылған, онда электроэнергияның жылуға айналуы жүреді. Неғұрлым жоғарғы температура электрод бетінде болады, мұнда электрод - шлак контактілі аймағында температура 15000С жетеді. Пешті тексеру люктары тиелген құйылым мен пештің қабырғаларындағы терезелер арқылы жүргізіледі. Электробалқыту процесінде үш өнімді аламыз. штейн, шлак және шаңдалған газдар. Газтазалау. Электр пештерінен шығатын газдың жүру жолы: шлак ағызылатын қабырға жақта төбеге қарай тік орнатылған және дөңгелек қималы болып кететін газ жүретін құбырдан шаң камерасынан параллель орналасқан 2 орналасқан 2 CuOI - 13 маркалы циклонның горизантальді және жылдамдатылған газ жолдарынан 2 түтінсорғыштан (біреуі жұмыс істеп тұрған, екіншісі резервте) электрофильтрге қарай жіберетін колокольді затвордан, жинақтаушы коллектордан және Н = 200 м желдеткіш трубадан тұрады. Жинақтаушы газ жолында электрпешінен шыққан газда мен конвертор бөлімшесінен шығатын газдар араласып, қосылған коллекторымен құрғақ электр сүзгішке тазалану үшін жеткізіледі де одан әрі қарай күкірт қышқыл өндірісіне жеткізіледі.

Кесте 1.1 ЖМЗ бойынша негізгі технико - экономикалық көрсеткіштері

Атауы
Өлшем бірлігі
План
Факт
%
Шығын
2005 жылғы факт
2005
жыл %
түрінде
1
2
3
4
5
6
7
Тауарлық өнім
Млн.тг
176239,56
176289,64
100,03
121005,52
145,69
Шлак қоймасындағы мыс құрамы
%

0,5
0,5
100,00
0,49
102,04
Штейндегі мыс құрамы
%

-
52,28
-
50,28
103,36

2.Кəсіпорын көрсеткіштері бойынша өзіндік құн шығындары
Кәсіпорын экономикасының даму сатысының негізгі сатысы болып табылады. Кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады жұмысшы мен жұмас құралдарының арасында байланыс орнатылады. Нарықтық экономикада өнеркәсіптін тиімді еңбек ету жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары өндірістік бағдарлама кәсіпорынның әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады. Өнеркәсіптін жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи еңбек және құндық өлшемдаер қолданылады. Өнеркәсіп бойынша өзіндік құнның құрамына келесі шығындар енгізіледі.
* Негізгі және қосымша еңбек ақы;
* Материалдар шығыны;
* Амортизациялық шығындар;
* Электроэнергетикалық шығындар;
* ИТК еңбек ақысы.

2.1 Негізгі қордың амортизациялық аударымдары

Негізгі қорлар дегеніміз - ұзақ кезең бойынша қызмет ететін материалдық - заттай құндылықтардың жиынтығы, олар өндіріске қызмет көрсете отырып өзініңтабиғи - заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өніммен көрсетілген қызметтерге көшіреді. Негізгі қорлардың бастапқы құны - қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге, жинауға кететін шығындардың жиынтығы. Амортизация - негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі сондай - ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте - бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амертизациялық аударымдар болып табылады. Амортизациялық аударым - негізгі тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсіімінен басқа
Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.
Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың нормативті қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс спецификасына байланысты), ал машиндердің және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты - 3-15, 15-20 жылға дейін.
Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.
Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістің экономикалық тиімділігіне əсер ететін факторлар
Персоналды басқару тиімділігін бағалау
Персоналды басқару тиімділігі
“Өндіріс экономикасы” пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп турасындағы заңдар мен нормативтік актілер
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау тəртібі
Нысандарда жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарлату
Кәсіпорынның еңбек өнімділігі түсінігі
Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау негіздері
Пәндер