Ұлттық өлшем бірліктер қолданылған бірнеше есептер



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
І Математика сабақтарында қазақтың ұлттық өлшем бірліктерін оқыту əдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазақ тіліндегі халықтық өлшем бірліктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ұзындықты білдіретін өлшем атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Аудан бірліктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
1.4 Көлем бірліктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ІІ Қосымша
2.1 Ұлттық өлшем бірліктер қолданылған бірнеше есептер ... ... ... ... ... ... ... .22
IІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі
Бүгінгі таңда әрбір халық үшін оның өткен өмірі, тарихы, болмыс-бітімі, салт-дәстүрі өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар өткен заманда халық қолданысына енген тілдік ерекшеліктер де жан-жақты дамуымызға, мәдениетімізге, әдет-ғұрпымызға айтарлықтай әсер етті. Тумысынан қызығушылығы зор ата-бабамыз еш жазудың, кітаптың көмегінсіз - ақ өлшем бірліктерді ойлап таба білді. Неліктен біз өлшем бірліктерді халықтық өлшем бірліктер деп атаймыз? Өйткені дарындылығы басым халқымыз ұзындықты, салмақ-көлемді, мезгілді, ара қашықтықты, санды табиғат сыры, адамның дене мүшелері, төрт түлік мал, әдет-ғұрыпқа байланысты өлшеудің өзіндік ұтымды тәсілін ұсынды. Аршын, құлаш, түйе көш жер, ат шаптырым жер, сүт пісірім уақыт, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір айдам жер, бір мая шөп, бір қарын май, түн ортасында, таң аппақ атқанда, бір құшақ, қол созым жер, бір табан жақын, сала құлаш жіп, таяқ тастам жер, бір елі, үш елі, аспан мен жердей, бір үзім нан, бір асым ет. Шындығында, қазіргі математикалық өлшемдердің астарында қазақ халқының ойлап тапқан өлшемдік атаулары жатыр. Бұл халықтық өлшем атаулары қазіргі таңға қалай жетті? Халық ауыз әдебиеті тәрізді ауызша, халықтан-халыққа, ұрпақтан-ұрпаққа тарады. Өткен өмірімізді, салт-дәстүрімізді бүгінгі ұрпаққа насихаттайтын өлшем атауларында төрт түлік малдың кездесуі тегіннен-тегін емес. Мәселен, түйе көш жер, ат шаптырым жер, қозы көш жер деп аталатын ара қашықтықты білдіретін өлшем атауларынан ата-бабамыздың төрт түлік малды қастерлеп, жауға шапқанда-көлік, жесе-тамақ, кисе-киім ретінде қолданып,өз пайдасына жаратқанын түсінеміз. Қазақ халықтық өлшем атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың ортақ айшықтарын тауып, қазақ халқының рухани мұрасы болған халықтық өлшемдердегі құнды деректер мен мәліметтерді ғылыми түрде зерттеуге деген қажеттілік осы жұмыстың өзектілігін айқындайды. Бүгінгі таңда әрбір ұлт, әрбір халық етек-жеңін жинап, өз дүниесін өзі түгендеп жатқанда түрлі өлшем атауларын қалыптасқан математикалық қасаң атауларға сүйеніп қолдана бермей, халықтық қолданыстағы атаулармен атасақ нұр үстіне нұр болар еді.
Курстық жұмыстың мақсаты
Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдердің ерекшеліктерін анықтап, мән-мағынасын айқындау; танымдық тұрғыдан зерттей отырып, олардың ұлттық сипатын ашып, халықтың ұлттық санасына, наным-сеніміне, тілдік табиғатына тереңірек үңіліп, жан-жақты зерттеуді жұмысымыздың басты мақсаты етіп белгіледік. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
Курстық жұмыстың міндеті
- құрамында ұлттық-мәдени компонеттері бар, қазақ тіліндегі халықтық өлшемдерді жинақтау;
- анықталған топтардан қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының қолданыс аясын қарастыру;
- қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының шығу тарихының дерек көздерін, мағыналық қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттеу;
- қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларының қолданылу аясын айқындау.
Курстық жұмыстың зерттеу әдісі.
Тіліміздегі салмақ-көлем, ұзындық, және сандық өлшем бірлігіне жататын байырғы өлшем атауларының тақырыптық және қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, тақырыптық, талдау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың болжамы
Егер математика сабақтарында халық педагогикасын қолдану арқылы оқушылардың математиқалық білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығы нәтижесі қалыптасады
І Математика сабақтарында қазақтың ұлттық өлшем бірліктерін оқыту əдістемесі

1.1 Қазақ тіліндегі халықтық өлшем бірліктер

Өлшем - бір нәрсенің көлемін,салмағын анықтайтын өлшеу бірлігі. Халық айтса қалып айтпайды дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Енді халық өлшемдерінің негізгі түрлеріне жеке - жеке тоқталайық. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей, салмақ өлшемдері, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері деп бөлуге болады.
Халықтық өлшемдер тым ерте кездерден қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін тіл қолданысынан шықпай өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп, баяндаудың бір тәсілі болып саналады. Халықтық өлшемдерге байланысты Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Б.Қиянатұлы, Е.Аққошқаров және басқа көптеген ғалымдардың танымдық мақсаттағы зерттеулері мен ғылыми мақалалары жарық көрді.
Біз осы жұмысымызда қазақ тіліндегі халықтық өлшем атауларын төмендегіше топтарға бөліп қарастырдық:
1. Салмақ өлшем атаулары
2. Көлем өлшемдері
3. Ұзындықты білдіретін өлшем атаулары
4. Қашықтық пен жақындықты білдіретін өлшем атаулары
Ендігі ретте халықтық өлшем атауларының мағыналық топтарына жеке - жеке тоқталамыз.

1. Салмақ өлшем атаулары - қазақ халықының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпаның дәні алынған. Түрік жазба әдебиеттерінде және соңғы жылдардағы зерттеулер нәтижесінде арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын бағалауға арналған қазыналық өлшем ретінде қолданған.
Бір зат, нәрсе немесе құбылысты басқа бір зат, нәрсе, құбылыс арқылы тану, ажырату үшін алғашқы заттың түрлі белгілері, қасиеттері адам санасында бейнеленіп, жаңа туынды мағына жасалып, екінші бір заттың атауы пайда болады. Көлем өлшемдерін білдіретін бір қарын май, бір мес қымыз, бір саба қымыз, астау көже, бір табақ ет, бір түйір дән, бір қап астық, бір қап бидай, бір асым ет, бір үйір жылқы, бір қайнатым шай, бір ұрттам су, бір тілім нан, бір үзім нан, бір қап, ат төбеліндей сияқты құрылымдық үлгісі ұқсас тұрақты сөз тіркестері қолданыстық образында ата-бабаларымыздың дүниетануы мен қабылдауының тілдік үлгісіндегі тұрмыстық заттық мәдениетімен байланысты халықтың білім жүйесіне сүйенген ой-тұжырымдары мен мәдени мәнділіктері жатқаны айғақ. Әрине, көптеген халықтарда ерте кезеңдерде бүгінгідей метр, километр, килограмм, грамм, центнер, тонна сияқты нақты көрсетілетін салмақ-көлем өлшем бірліктері болмағандықтан, оның шамасын ыдыс-аяқтар мен салынатын заттардың шамасымен орай соның атауымен атап тілдік бірлік ретінде қолданылған. Адамның танымдық санасының тармақталуына сәйкес ыдыс-аяқтардың түрлі сұйықтық, ұсақ, шашылып-төгілетін заттарды сақтау, тасу, өлшеу сияқты қызметтерін атқаруда қолданылуына орай семантикалық белгілері ашылғаны белгілі. Осы жағынан алғанда өлшеу мағынасын білдіретін бір саба қымыз, бір қарын май, бір табақ ет сияқты өлшем мәнді тіркестердің нақты өлшемін білдіруден гөрі, шартты түрде көрсетуі басым. Қазақ халқының мәдени өзіндік ерекшелігіне орай, салмақ-көлем өлшемдерінің тілдік табиғатынан мағыналық қатынастарды аңғаруымызға болады. Салмақ-көлем өлшемдерінің дерлік көпшілігі өздері тұрған ыдыспен тікелей байланыста болғандықтан ыдысты микроконцептей отырып, ол құрайтын тілдік өріс аясына бір саба қымыз, бір табақ ет, бір қарын май, бір тегене сорпа, бір торсық айран, астау - астау көже, қап-қап бидай сияқты өлшем бірліктерін жатқызуымызға болады.
Халықтық өлшем атаулары халықтың күнделікті өмірімен, күн көрісімен, шаруашылығымен байланысты пайда болады. Олардың көпшілігі көшпенді халық үшін зор маңызы бар - жылқы шаруашылығымен байланысты. Жылқының дене мүшелері қатысқан өлшем бірліктері де баршылық. Мысалы, қазақтар ертеде қыстыгүні жауған қардың қалыңдығын: шашадан қар кешу, аттың қара тұяғынан келу, тұсардан, тізесінен, қара қапталынан, аттың қабырғалығынан келу (биіктік, қалыңдық өлшемі) деген сөз орамдарымен жеткізсе, су тереңдігін ат бойымен өлшеген. Мәселен, аттың шашасынан, толарсақтан, тілерсектен, үзеңгіден, қабырғалықтан, ат кекілінен (құлағынан, бауырынан, бойынан) асады (келеді) деп мөлшерлеген. Кебіс басы қар - халықтық өлшем. Жұлықтан аса жауған, тобыққа таяу, кебіс басы батарлық қар.
Халқымыздың танымында шамадан тыс, азғантай көлем мөлшерді білдіргенде -дай, -дей, -тай,- тей,- жұрнақтарының жалғануы арқылы да болжам мәнді өлшемдік ұғымдар жасалынған. Мәселен, пұшпақтай, ұлпадай, алақандай. Салмақ өлшемдерін халық былайша жіктеген:
1. Мысқал (1 гр);
2. Қадақ (750 гр);
3. Келі (1к);
4. Пұт (16 кг);
5. Батпан (100 кг).
Бұл өлшемдермен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады.
Қадақ. Қадақ кей әдебиеттерде екі жүз граммға тең салмақ өлшемі. Мысалы: Әйелдердің жол-жорасын Ұлпан оң қолынан үлестірді: кілем, текемет, көрпе, киіз, бір-бір қадақ қашаннан жатқан қағаз шай ...- бәрібір таусылар емес. Батпан. Бір батпанда 100 кг ауырлық болады. Мысалы: Бұт болдым деп мақтанба, онан да ауыр батпан бар. Бүкіл аяғым тұтасып, зіл батпан болып ауырлай түседі. Мысқал. Мысқал - Шығыс елдеріне көп тараған салмақ белгісі. Мысқал бүкіл араб елдерінде, Индияда және Шығыс Африкада, Орталық Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Б.з. басында 780ж. жасалған шыны сауыттар табылған.
Табақ. Табақ - шамамен 12 орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі қолданылған. Ол үлкен табақ 12-17 кг шамасында, кіші табақ 3,9-4 кг шамасында болып екіге бөлінеді. Қап. Қап - негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Кейбір әдебиеттерде қаптың мынадай түрлері де кездеседі: тоқты қап-3 пұт немесе 48 кг, қой қап -6 пұт немесе 96 кг, торпақ қап -9 пұт немесе 144 кг. Пұт. Пұт - Салмағы 16 кг тең ауырлық өлшемі. Кірген бетте - ақ сиыр қорадағы ақырдың ішінен шөптің астына тыққан екі пұттай бидайды тауып алыпты.
Тілімізде төмендегідей салмақ өлшемдері ұшырасады:
* Титімдей, титтей
* Тинақтай, тырнақтай
* Оймақтай
* Шүйкедей - ұршыққа ыңғай-ланып шиыршықталған жүн-дей
* Бір жапырақ - бір жұлым
* Бір жұтым - ауыз толтырып бір ішерлік (су, сүт, т.б.).
* Бір шайнам - ауызға бір салар (тағам)
* Бір тілім, үзім - өте жұқа, жарты бөлшек
* Бір тартым - 1. Бір рет шегуге жетер шылым
* Көлге, өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері
Бір шөкім, бір шымшым, бір атым (насыбай) үш саусақтың ұшымен, бір қайнатым (шай) шымшып аларлық өлшем, бір мысқал (мысқал - 5 гр.)

* Қадақ - 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.)
* Бір шелек (су, сүт) - 10 литр
* Бір торсық (айран) - 6-7 литр
* Бір саба (қымыз) - 10-15 литр
* Бір қап (ұн, қант) - 50-60 кг
* Бір арқа (жүк) - 45-50 кг
* Найза қап, қанар - 70-80 кг
* Пұт - 16 кг, жуық
* Бір құлақ су - 3- 4- текше метр
* Батпан - әр елдің өлшемі әртүрлі.

Көлем өлшемдері . Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Уыс - қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұң-қырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ - қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын. Табақтай - жалпақ. Тулақтай - мал терісінің көлемі. Үй орнындай - киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер - гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер - жарты гектар. Бір айдам жер - бір гектар. Көлдей - өте көлемді, кең. . Ұлтарақтай - адам табанының көлемі. Көлем өлшемдері бір заттың немесе малдың саны, көлемі мен мөлшерін, аумағын шамамен белгілейді. Мысалы: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос уыс, бір тілім (нан), бір түйір, бір қолтық, бір шүйке, бір құшақ, бір қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ (үкі, тал), бір топ (адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта тағы сол сияқты. Мал саны мен көлемін де осылай шамамен ажыратады. Яғни бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, оншақты, жиырма шақты... заттың көлеміне, аумағына кейде бармақтай, шынашақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай деген теңеу сөздер де қолданыла береді. Сұйық заттарға мөлшер сөзі қолданылып, оны мөлшерлеп есептейді.Халық қалыңдық өлшемін де ұмытпаған. Мұны олар көбіне жылқы қазысының жұқа, қалыңына қарай айтқан. Айталық бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3 - 5 мм шамасы), шынашақ елі, бармақ елі (бұлар 1 - 2,5 см), екі елі..., сере, табан (7 - 10 см) т.с.с. Табан елі. Халықтық өлшем Табан қалыңдығындай; көбіне жылқы қазысының өлшемі ретінде қолданалады.Басқа заттардың қалыңдығы да көбінесе елімен яғни саусақ қырымен өлшенеді. Оны елі дейді.
Кейбір көне салмақ-көлем өлшемдеріне мысал келтірейік:
1 көнек сүт - шамамен 6 - 7 литр
1 шелек шамамен - 12 литр
1 қап шамамен 4 пұт - 50 - 60 кг
1 мысқал - шамамен 4,46 г
1 қадақ бидай - шамамен 19,47 кг
1 жамбы күміс - шамамен 6 кг
1 кез - шамамен 62 см
1 пітір бидай - шамамен 3 кг
1 ширек шай - шамамен 250 г
1 әшімөңке шай - шамамен 50 г
1 таймөңке шай - шамамен 25 г
1 қайнатым шай - шамамен 6,5 г
1 шөкім тұз - шамамен 12,5 г
1 қазық бойы - шамамен 3 метрдей
1 көген - шамамен 25,5 м
1 бұршақ - шамамен 3 - 4 сүйем
1 сүйем - шамамен 18 см
Қалыңдық мағыналы сөздер: пышақ сырты, қылыш сырты. Бұлар жұқа, бір еліден аз деген мағынада, шамамен 3-5мм. Осы тәрізді сере, қазы,
екі елі, үш елі, бес елі 7-10 см, сондай-ақ шынашақ, елі, бармақ 1-2.5 см - ге тең қалыңдық мағыналы сөздер бар. Мысалы: Жаясының майы тап бір елі шықпаса, мұрнымды кесіп берейін. Қазақ тіліндегі көлемдік өлшемдерді білдіретін тұрақты сөз тіркестері негізінен бір деген сан есімнің көмегі арқылы жасалатындығын аңғарамыз. Мұндағы бір сөзі әрі сандық, әрі мөлшерлік ұғымды екі жақтап бейнелейді. Мысалы, бір қора жан, бір қора қой,- дегеннен бір сөзін алып тастаса, қора жан, қора қой,- болып, мүлдем түсініксіз болып қалар еді. Бір сөзі арқылы жасалған тұрақты сөз тіркестері негізінен, бір ғана ұғымға телінді болып, белгілі бір ғана сөзбен жұпталып қолданады.Егер бір сөзінің көмегінен жасалған тұрақты сөз тіркестерінен көптік ұғым жасағымыз келсе, онда бір сөзін алып тастап, тіркескен алдындағы сөзінен қайталама қос сөз жасасақ, көптік ұғым пайда болады. Мысал: қазан-қазан ет, қарын-қарын май, қап-қап, үзік-үзік, шелек-шелек, өрім-өрім, - деп көптік ұғым туындата аламыз. Ал қалғандарынан мұндай жолмен көптік ұғым жасай алмаймыз. Мысалы, қора-қора жан, ілім-ілім май деп қолдан алмаймыз. Мұның өзі аталған сөз тіркестерінің ешбір бұлжымай тұрақты сөз тіркестері екендігін дәлелдейді. Тілімізде өлшемдік ұғымды білдіретін өзге де тұрақты тіркестердің мол қоры бар.
Мысалы, сыңсыған қалың орман, мыңғырған мал, қара құрттай қаптаған жұрт, жер қайысқан қол, самсаған сары қол, алалы жылқы, ақтылы қой, айдын-шалқар көл, кең байтақ дала, көл-көсір дүние, ағыл-тегіл молшылық, шаш етектен, жапан дала, құла дүз, он сан ноғай, тоғыз жолдың торабы, қыран топан күлкі, ду күлкі, т.б. Бұлардың бәрі де көптік ұғымды білдіре отырып, бейнелі образ жасай алады. Сонымен, салмақ-көлем өлшемдері туралы қорытындылай айтқанда, шашылып төгілетін және сұйық заттардың салмақ-көлем мөлшерлерін анықтауда халқымыздың өзіндік ментальдық дүниетанымына сәйкес килограмм, грамм, милиграмм, литр сияқты нақты өлшем бірліктері қалыптаспаған кездің өзінде-ақ, солардың көлем мөлшерлерін өздері күнделікті тұрмыс тіршілігінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байырғы қазақ тіліндегі математикалық шамалардың өлшем бірліктері
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Математика пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Қазақтың тарихи метрологиясы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖАЙЫНДА
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын дамыту
ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘНДЕР
Қытай математиктері туралы
Ақпаратты кодтау
Қазіргі бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориялық негіздері
Пәндер