ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Зерттеудің əдістері мен материалдары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік мал дәрігерлік қызметінің салалары заман талабына сай жетіліп, қоғам дамуына елеулі үлесін қосып келеді. Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының жоғары сапалы және мол өнім беретін ұтымды саласы болып табылады. Қойдың басын және өнімін көбейту мәселесінде-инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, емдеу сонымен қатар, аурудың алдын алу шараларының маңызы өте зор.

Бүгінгі күні шаруашылық жануарларының арасында жиі кездесетін аурулардың ішінде жұқпалы аурулардың алатын орны ерекше. Бұндай аурулардың пайда болуына вирус, микроб, сондай-ақ, тағы басқа мөлтек денешіктер үлесін тигізеді.

Ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі мал шаруашылығы үкімет тарпынан қолдаудың арқасында, яғни мал бастарын асылдандыру құрып кете жаздаған Кеңес үкіметі кезінде ғалымдарымыз қажырлы еңбегінің арқасында дүниеге келген асыл тұқымды малдардың басын сақтап қалу, одан әрі санын көбетуде мүмкіндік туды .

Ауыл шаруашылығын нығайту мақсатында ел басымыздың қолдауымен көптеген шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатқа жету үщін ветеринария саласының алатын орыны өте зор. Ол үшін мал басын көбейтіп, өнімділікті жоғарлату, аурулардың алдын-алып, емдеу тәрізді ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.

Қазіргі таңда Республикамыздың ауыл шаруашылығы секторының алдына еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесі қойылып отыр. Бұған бірден-бір себеп, мал шаруашылығының өркендеп дамуы, бірінші кезекте мал басының əртүрлі жұқпалы аурулардан таза болуына тікелей байланысты екендігі белгілі жəйт. Мал басын жоспарлы түрде көбейтуге - олардан алынатын өнімдердің сапасын жақсартуға, ауыл шаруашылық жануарларын түрлі індеттерден сақтандыруға бағытталған шаралардың тиімді жəне нəтижелі өткізілуі үлкен əсерін тигізіп келеді.

Жалпы жəне арнайы сақтандыру шараларын дер кезінде жəне жүйелі түрде іске асырып отырған жағдайда ғана өте кеңінен таралынған жұқпалы аурулардың алдын алу мүмкін болатындығы сөзсіз мəселе. Бұл мəселенің толығымен жəне дер кезінде шешілуінде малдəрігерлігі ғылымының атқаратын маңызы өте зор. Ауыл шаруашылығы жануарларының, соның ішінде қойдың арасында кең таралған жұқпалы ауруларының бірі болып саналатын - брадзоттың (секіртпенің) алдын алу жəне ауруға шалдыққан малды емдеу сұрақтарына жауаптар қарастырамыз.

Жалпы, отандық жəне шет елдік ғалымдарының зерттеу нəтижелерінде келтірілген брадзоттың антигендік құрылымы мен оның қоршаған ортада тез бейімделгіштігі, ауруға сезімтал мал арасында тез таралу мүмкіндігі сияқты ерекшеліктеріне байланысты, əртүрлі түліктерді осы індеттен сақтандыруға арналған ғылыми жұмыстардың ветеринария ғылымының дамуына қосар теориялық немесе практикалық маңыздары да зор екендігі сөзсіз жəйт.

Вирустардың және микробтардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттеумен және күресу шараларын жүргізумен індеттану ғылымы айналысады. Індеттану деген терминнің батыс елдеріндегі балама сөзі эпизоотология. Індет деп кез келген аурудын ауқымды түрде аудан, облыс, мемлекет көлеміндегі мал арасында жайлаған қарқынды таралуын айтады. Сонымен бірге жұқпалы аурулар бірен-саран (спорадия) түрде, болмаса, бірнеше құрлықтарға таралуы мүмкін.

Қой шаруашылығы ертеден-ақ Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, және келешекте де солай бола береді. Оның себебі, қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. га жуық жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан жүн, ет, тері және басқа да өнімдерді өндіруге болады. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтарымен, жаңа технологияларымен, селекция әдістерімен байытылды.

Аграрлық өнеркәсіп кешені қызметкерлерінің, соның ішінде мал шаруашылығы саласында істейтін еңбеккерлердің алдында өте маңызды міндет тұр ‑ ол халықты жеткілікті мөлшерде және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып саналады. Бұл міндетті орындау үшін шаруашылықтарға күшті материалдық-техникалық базаны шоғырландырып, сонымен қатар, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін пайдалану мәселелерін алға тарту қажет.

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы ертеден-ақ көңіл аудара бастады. Жұқпалы аурулардың белгілеріне және таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырылады. Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет.

Сондықтан да бұл топтағы мамандарға терең біліммен қатар көптеген мал дәрігерлік жұмыстарды іс жүзінде өз қолдарымен атқаруларына тура келеді. Мұның өзі орта буын мамандарынан ұдайы ізденісті, ғылымның, тәжірибенің жаңа жетістіктеріне құштарлықты талап ететіні даусыз.

Көпшілік жағдайда ауру қоздырушыларының даму, тарау және жұғу жолдарының, індет ошақтарында аурудың аймақтық ерекшеліктерін қағыс қалдыру, ескермеу, халық арасында ғылыми насихаттау жұмыстарының енжар жүргізілуі, сондай-ақ сақтандыру және сауықтыру шараларын дер кезінде жүргізбеу салдарынан бірқатар аурулардың індет түрінде өтуіне әкеліп соғуда.

Қазақстанда брадзот ауруының үлкен ауқымда тарап, ауылдың эконномикасының өркендеуіне орасан зор шығын келтіріп отырғандығы жайлы ғылыми деректерден жиі көруге болады. Жалпы «брадзот» ауруы Батыс Қазақстан өңірінде мал шаруашылығына елеулі қауіп туғызуда.

Төлдерді шығынсыз өсіру - ветеринарияда және мал шаруашылығының негізгі міндеттеріне жатады. Осы міндеттерді малдәрігерлерінің бақылауы мен жоспарлы түрде орындау үшін, мал ауруларын алдын алу және мал өнімін төмен түсірмей орындауда ғана жетуге болады. Әрине, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін, мал шаруашылығында қызмет атқарып жүрген малдәрігерлерден және басқа да мамандардан білімді талап етеді.

Көпшілік жағдайда ауру қоздырушыларының даму, тарау және жұғу жолдарының, сонымен қатар індет ошақтарында аурудың аймақтық ерекшеліктерін қағыс қалдыру және ескермеу, халық арасында ғылыми насихаттау жұмыстарының енжар жүргізілуі, сондай-ақ сақтандыру және сауықтыру шараларын дер кезінде жүргізбеудің салдарынан бірқатар аурулардың індет түрінде өтуіне әкеліп соғуда.

Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижесін көтере түсуін, ғылыми және озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты болып табылады.

Мал дәрігерінің маман болып қалыптасуында мал шаруашылығы өнімдерін ветеринарлық-санитариялық және микробиология және т. б пәндердің алар орны ерекше. Бұл пәндерде шаруашылықтардағы малдарды әртүрлі жұқпалы аурулардан алдын ала сақтау, санитарлық және басқа да шаралар жүргізудің негіздері белгіленеді, соның нәтижесінде шаруашылықтарды жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтандыру, қоршаған ортаны қорғау және жоғары сапалы мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері туғызылады.

Қой шаруашылығы елімізде мал шаруашылығының ішінде жеке дара дамыған саланың бірі. Себебі, біздің елдің географиялық орналасуы, климаты және өсетін өсімдіктер түрлері қой шаруашылығымен шұғылдануға өте қолайлы. Сонымен қатар, қойдан адам өміріне қажетті мал өнімдері алынады. Тамаққа ет, сүт, киімге тері, жүн өнімдері күнделікті тіршілікке қажетті өнімдер.

Брадзот ‑ жанасқанда жұқпайтын тез және жіті өтетін індет ауруы. Ұлтабар мен он екі елі ішектің қанталап, қабынуымен сипатталады. Брадзот ‑ жағыпариялық алқабы және климат жағдайына қарамастан, қой шаруашылығымен айналысатын елдердің бәрінде де кездеседі. Морфологиясы ‑ көп пішінді болып табылады. Грамоң, қозғалғыш таяқша, қабықша түзбейді, споралары үш жақтарына орналасқан сопақша пішінді. Жануарлар денесіндегі бауыр үстінен алынған жағындыларға тізбектер немесе ұзын жіпшелер көрінеді. Ал зақымдалған бұлшық еттерден алынған жағындыларда сыңар таяқшалар кездеседі.

Секіртпе кенет пайда болады. Аурудың аса жедел түрінде мал қалтырайды, іші кебеді, аузынан көбік ағады, мұндай жағдайда 10 - 15 минуттың ішінде қой өліп кетеді. Секіртпенің аса жедел түріне ем қонбайды. Ал жіті түрінде - малдың мойын тұсында және тамағының астында ісік пайда болады, кейде тістерін қайрап, бір орнында айналшықтайды, қалтырайды. Ауру қозған кезде қойлар аяқтарын алға созып, бастарын шалқайтып құлайды, 2 - 12 сағаттан соң өледі.

Секірпемен көбіне 2 жасқа дейінгі жас төлдер ауырады. Ауруды негізінен ауру және қайта ауырған қойлар қоздырады. Секіртпемен ауырған малдың 90%-ы өледі, өлген малдың өлімтігін өртейді. Емі: ауру созылмалы болса, көпәсерлі антибиотиктер, иммунді қан сарысуы қолданылады. Секіртпе шыққан отардың қонысын өзгертеді.

Секіртпе сау малдарға топырақ, ызғар жем, су және басқалардан жұғады. Инфекция көбіне күз, қыс немесе ерте көктемде көбейеді. Бұл ауру кез-келген жастағы қойлар ауырады. Аурудың пайда болуына асқазан-ішек жұмысының нашарлауы және шөптерді көп жеуі және қойларды қырау түскен уақытта бағы себеп болады.

Брадзотты қоздырушы микробтары кислородсыз ортада көбейеді. Сыртқы ортада және жануар организмінде (қарын, ішекте) көп болады. Микробтардың барлығы спора түзіп, сыртқы орта және химиялық заттар әсеріне шыдамды, төзімді болып келеді. Топырақ, су, және тезекте ұзақуақытқа дейін өмір сүріп және көбею қасиеттеріне ие болып табылады.

Бұндай микробтарды өлтіру үшін күшті химиялық заттар (5%-ды хлорлы әк, 5%-ды формальдегид) пайдаланылады. Ферменттер қасиеттеріне тоқталсақ, сүтті баяу ұйытады, желатинаны сұйылтады. Газ және қышқыл түзуімен қатар мыналарды, глюкозаны, мальтоназаны, галактозаны, салицинді ферменттейді, сахарозаны өзгертпейді, мұның өзі оны қарасан қоздырғышынан ерекшелейді. Қанды агарда нәзік шілтер, базамық тәрізденіп өсуі немесе колонияларының шеті иректелген және өсінділері бар.

Ауру дүние жүзінің барлық елдерінде кездеседі. Оны біздің елдің қой шаруашылығы дамыған аудандарында да кездестіруге болады, жаппай профилактикалық вакинация жасалуына байланысты жыбырлақтың шығуы жыл сайын азайып келеді.

Әдебиеттерден және қой шаруашылығында қызмет атқарып жүрген мамандардың айтқан деректеріне қарағанда, брадзот шаруашылықтарда осы күнге дейін жиі тіркеліп, мал шаруашылықтары көп экономикалық шығынға ұшырап жүр. Осының бәрі малшаруашылығынан алынатын өнімнің өзіндік құнын жоғарылатады.

Брадзот біздің елде кең таралған ауру, оны емдеу және алдын алу шараларын жүргізу мемлекеттік мәселе болып отыр.
Осы уақытқа дейін қой брадзот мәселесі түпкілікті шешілмегендіктен, шаруашылықтарға көп экономикалық шығын әкелуіне байланысты, малдәрігер мамандарды және осы бағытта жүмыс атқарып жүрген ғалымдарды әлі де болса алаңдатады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты ‑ қойда кездесетін секіртпе ауруын зерттеу, балау, дауалау, емдеу, алдын-алу шараларын ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағалау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1. Брадзотпен ауырған қойды зерттеп, аурудың макроскопиялық өзгерістерін анықтап табу

2. Зақымдалған мүшелер түрлерін анықтап гистологиялық тәсілмен өзгерістерді анықтау

I ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Аурудың тарихи деректері, брадзот ауруына сипаттама

Алимбеков С. А (2009) деректері бойынша брадзот ауруы туралы алғашқы жазба мәліметтер солтүстік Еуропа елдерінде Исландия, Дания, Норвегия, Шотландия өткен ғасырдың ортасында басылды. Бастапқыда брадзот ауруын топалаң ретінде қарастырылып келді.

1875 жылы Краббе дербес ауру ретінде сипаттады. Одан кейін де «қара брадзоты» «брадзот тәрізді ауру» «неміс брадзоты» «некозды гепатит» аталатын басқа аурулардан ара жігі ашылмай, тек 1920 жылы ғана бұл инфекциялар «некрозды гепатит» аталып, қоздырушысы CI. gigas екені анықталды. Бұл микроб қазірдің өзінде де брадзоттың қосымшасы қоздырушысы ретінде қабылданып келеді [1] .

Сайдуллин С. А (2008) мәліметтерінде жазылуынша брадзоттың қоздырушысын тұңғыш рет Пастер мен Жубер 1874 жылы сипаттаған, ал таза өсінін 1888 жылы И. Нильсон, 1892 жылы Арулэн бөліп алды. 1918-1921 жылдары Австралияда брадзот «қара ауру» деп аталды. «Қара аурумен» ауырған қойлардың көбінесе бауырынан басқа да мүшелер түрлерінен табылған, оны терең жүргізілген зерттеулер барысында арнайы бір микробтар түрлері туындатады деген тұжырым жасалды.

Зерттеулер нәтижесінде қойлардағы «қара ауру» спецификалық бактериялар бөлген токсиндерден бауыр зақымданады және патологиялық өзгерістерге ұшырайды деп тұжырымдалды. «Қара ауруды» зерттеулер барысында осы аурудың себеп-салдарынан «некрозды гепатит» туындайтыны айқындалды. Осы аурудың қоздырушысы ретінде сол кезде Cl. аdematiens табылды [2] .

Соңғы зерттеулер барысында брадзоттың (пайда болуына себепші Cl. аdematiens деп қорытынды жасалынды. (бұл қоздырушы «қара ауру», «некрозды гепатит») ауруларын тудырады. Ауруды 1909 жылы Мисснер «қара ауру» деп жазған.

Бакулов И. А (2010) деректері бойынша мал шаруашылығында жануарларды брадзот індетінен қорғау, аса маңызды міндет болып тұр. Оның себебі брадзот ауруының алдын алу шараларының өз деңгейінде жүргізілмеуі, бұл індетті жою бағытындағы ереже-нұсқаулардың орындалмауы салдарынан, оның үстіне əртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты, əрбір мал маманы ветеринарлық-санитарлық шараларды дер кезінде жүзеге асырмауы салдарынан жануарлар арасында брадзот ауруының көбеюіне жол берілуде.

Батыс Қазақстан облысында брадзот індеті кең өріс алып, шаруашылықтарға елеулі зиян келтіруде, əрі бұл ауру адамға да өте қауіпті. Сол себептен де, осы індеттің алдын алудың тиімді жəне нəтижелі шараларын іздестіру мал дəрігерлік ғылымы мен практикалық зерттеудің аса маңызды міндеті болып табылады [3] .

Соңғы жылдары елімізде жануарлардың инфекциялық ауруларынан құтырық, сібір жарасы, қарасан, аусыл, листериоз, лептоспироз, пастереллез, энтеротоксемия, шошқа тілмесі мен шошқа обасы, ірі қара малының кампилобактериозы, ринотрахеит, қой брадзоты, сонымен қатар брадзот бен туберкулез де тіркелуде.

Брадзот немесе секіртпе (Bradsot, брадзот овец) ұлтабар мен ұлтабарұшы ішегінің кілегейлі қабықтарының қанталап қабынуы және ішкі үлпершек ағзалардың азғындауы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұғымтал емес жұқпалы ауру болып табылады.

Кеңірдек пен бронхалардың кілегейлі кабыктарында шашыранды және жолактанған канталаулар болады, кеңірдектің іші коймалжың көбікті сүйыққаа толы. Алдыңғы қарындар жынға толы, ұлтабар бос. Диафрагма мен плеврада үсак-үсак канталаулар болады. Көкірек және қүрсак қуыстарыңца канды сарысу бар, өкпе домбығып, қанға толады. Жүректің қабындағы сұйық молаяды.

Жамансарин Т. М (2012) деректері бойыншақазіргі уақытта кейбір деректерге қарағанда 550-ден артық омыртқалы жануарлар, сонымен қатар олардың ішіндегі сүтқоректілердің 200 түрі, құстың 250-дей түрі табиғи ошақты аурулардың қоздырушыларын сақтап тасымалдауға қатысады. Бұның сыртында қан сорғыш буынаяқтылардың жүздеген түрлері бар.

Конопаткин А. А (2011) деректері бойынша қой мен ешкінің клостридиоздары (секіртпе және жыбырлақ) ‑ ас қорыту жүйесі мен бүйректің қабыну белгілері байқалатын ауру. Жиі түрде саулықтар мен тұсақтар бейім. Қоздырушы сау малға жайылымда жұғады.

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар бір жайылымда жайылып, бір суаттан су ішуі бұрыннан қалыптасқан жағдай болып табылады. Бірінің қанын сорған паразит келесі жолы екіншісінің қанын соруы әбден мүмкін жағдай. Жабайы аңдар, әсіресе қасқыр сияқты жыртқыштар малға шабады. Қыста тышқан тектес барлық кемірушілер жылы сал қораларына жемшөп қоймаларына қарай ауады.

Ермахан Әмірбек (2013) деректері бойыншаүй және жабайы жануарлар бір-бірімен тікелей болсын, тікелей болмасын, әйтеуір түрлі жолдармен жанасып тұрады. Осының нәтижесінде жабайы жануарлар мен үй жануарлары бір-біріне ауру жұқтырады. Қалыптасқан ұғым бойынша негізінде жабайы жануарлардан үй жануарларына аурудың жұғуына аса көңіл бөлінеді де, аурудың керісінше берілуі көп жағдайда ескерілмейді. Мысалы, брадзот жабайы жануарларға үй жануарларынан жұғады.

Қазіргі кезеңде республика территориясының басым бөлігінде байырғы маусымдық жайылымдардың толықтай пайдаланылмауына байланысты ол алқаптарда жабайы жануарлардың саны күрт көбейді. Осының салдарынан бірқатар аурулар бойынша індеттік жағдайдың қалыптасуына жабайы жануарлардың ықпалы басымдылық ала бастады.

М. С. Сабаншиев (2011) деректері бойынша брадзот ауруымен көбінесе туған саулықтар, оның ішінде егіз тапқандары жиі ауырады. Жаз шығып, шөп кепкеннен кейін ауру тоқталады, сиректеу күздің аяқ кезінде шығады (ол шөпке қырау түсумен байланысты. ) Отардағы қойдың 30-35 % ауырып, 90-100 % өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.

Қазақстан ғалымдары секіртпе ауруының эпизоотлогиясы, аурудың белгілері, қоздырғышының биологиясы, анықтау және алдын алу шаралары жөнінде бүгінгі таңда бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Соған қармастан бұл ауру ветеринария ғылымы мен практикасында әлі де болса толық шешуін таппаған мәселе болып табылады.

Көп ғалымдардың брадзот қойлардың қоңдылығы мен жасына қарамай ауырады деп тұжырымдаған. Оның ішінде Мисснер брадзотты 3-7 айлық қозыларда байқағандығын жазған. Брадзоттың пайда болуы толық зерттелмеген оның себептері де әртүрлі болып келген.

Қойдың брадзоты немесе секіртпе ‑ ұлтабар мен ұлтабар ұшы ішегінің кілегейлі қабықтарының қанталап қабынуы және ішкі үлпершек ағзалардың азғындауы арқылы ерекшеленетін, сонымен қатар, жіті өтетін жұқпалы аурулардың бірі болып табылады.

1931 жылы неміс ғалымдары Мисснер, Мейн және Шоон бұл ауруды неміс брадзоты деп атады. Себебі, «қара аурудағы зақымданулар мен деректер неміс брадзотына толық сәйкес келеді.

Зақымдалған бауырда некроздалған ошақтарда табылған ауру қоздырушысы B. Gigas бөлетін токсиніне және серологиялық реакцияларына қарағанда Cl. аdematiens-ден ажыратылмайтындығын жазбаларында жазып қалдырды. Ғалымдардың пайымдауынша «қара ауру» мен неміс брадзоты бірдей Cl. oedematiens немесе B. Gigas өсуіне қатал жағдайларда, аз мөлшерде анаэробты жағдай қажет.

1. 2 Ауру қоздырушыларына сипаттама

Б. К. Ілиясов (2011) деректері бойынша кез келген жұқпалы ауруды өзіне тән қоздырушысы ғана тудырады және олар сан қилы жолдар арқылы аурумалдан бөлініп, сау малға жұғады. Аурудың бір малдан келесі малға жұғуын індеттену (індет процесі) дейді. Коздырушы ластанған азық, су, топырақпен енсе - алиментарлық, ауамен енсе аэрогендік, қан сорғыштардың ықпалынан болса - трансмиссивтік деп атайды.

Н. Т. Кадыров (2009) деректері бойынша қоздырушы енген уақытта ауру бірден пайда болмайды, оның өсіп-өнуіне, денеге тарап, сыртқы белгілері байқалуына біршама уақыт керек. Бул уақыт инкубациялық кезеңдеп аталады және ол ауруда әр түрлі. Ауру алиментарлы жолмен және су арқылы жұғады.

Бұлшық еттері өзгеріске үшырамайды. Жүні босап, оңай жұлынады. Көзге көрінетін кілегейлі кабыктары көкшіл. Шеткері қан тамырларындағы қан ұйымайды.

З. К. Кожабеков (2008) деректері бойынша жұқпалы аурулардың қоздырушылары орын тепкенжерде қабыну процесі дамиды да, аурудын сырткы белгілері соған байланысты болады. Мысалы, аусылдын вирусы кілегей қабықтарында жақсы өсіп-өнетіндіктен, ауыз, желін, тұяқашасы, т. б. жерлерінде күлдіреуіктерқұрайды, сондықтан малдын аузынан cілекей ағуы ақсауы, сүтінің азаюы сияқты белгілермен сипатталады.

Брадзоттың негізгі қоздырушысы ‑ CI. Septicum ‑ полиморфты, грам оң, қозғалатын ірі таяқша, қауашағы жоқ, спорасы шеткерірек орналасады. Өлген малдың бауырының бетінен алған жағындыды ұзын тізбек түзеді. Cl. septicum - грам оң боялатын, полиморфты, қозғалғыш (перитрих), ұзындығы 4-5 мкм және ені 0, 8 мкм капсула түзбейтін таяқшалар. Клетканың шетін ала немесе ортасында орналасатын спора түзеді. Cl. septicum нағыз анаэроб. Қатты қоректік орталардың бетінде диаметрі 4 мм жылтыр жартылай мөлдір, шеттері шашақталған шоғырлар түзеді, жылжып өсуге бейім.

Негізінен R-пішіндегі шоғырлар түзеді. Агар бағанының тереңінде жүзім жапырағына немесе жүрекке ұқсаған шоғырлар түзе өседі. Қанды агарда, әдетте екінші тәулікте, жіңішке гемолиз аймағы пайда болады. Қантты агарда түзетін шоғырлары ортасы тығыз мамыққа ұқсайды. Китт-Тароцци ортасында өсіргенде сорпа қатты лайланады және газ түзіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері - бақылау жұмысы
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сəйкестігі
Әдіснамалық білім деңгейлері
Педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдістер жүйесі(жалпы сипаттама)
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогикалық ғылымдар сериясы
Бастауыш мектептің оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz