Диатомды балдырлар (Dіatomeae)



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Диатомды балдырлар
2.Диатомды балдырлар бөлімі
3.Қолданылған әдебиеттер

Диатомды балдырлар (Dіatomeae) - бір клеткалы организмдердің айрықша тобы. Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар (Вacіllarіophyta) деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 - 2000 мкм) келеді, жеке немесе шоғыр (жұлдыз, тізбек,таспа, жіпше, бұта тәрізді) құрып тіршілік етеді
Диатомды балдырлар негізінен екіге бөліну арқылы көбейеді, яғни аналық клеткадан әр бөліктің біріне эпитека, екіншісіне гипотека өтеді де, қалған жетіспейтін бөліктер жаңадан пайда болады. Сондай- ақ жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия) жолмен де көбейеді. Диатомды балдырлар су түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды. Шөгінді тау жынысы диатомит, негізінен, осы балдырлардың қабықшаларынан тұрады. Диатомды балдырлар юра кезеңінен белгілі. Бұлар жалтырауық балдырлар мен сары жасыл балдырлардан шыққан деп есептеледі. Кейбір ғалымдар Диатомды балдырларды қарапайымдыларға да жатқызады. Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ өнеркәсібінде, химия, медицина, құрылыста кеңінен таралған.
Диатомды балдырлар бөлімі
Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діңдерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем сіңеді де қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен: үстіңгі эпитекадан және астыңғы гипотекадан тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайырылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді
Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері - поралары және бос қуыстары болады. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен - каротиноидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір- бірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады.
Осындағы клетканың әрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан тау жыныстарының қалың қабаттары - диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде - динамиттер жасауға, дыбысты және ыстықты изоляциялағанда, металлдардың бетін тегістегенде, сүзгілер жасағанда қажетті материал ретінде пайдаланады.
Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылыр класы (Реnnаtорһусеае), центрикалық диатомдылар класы (Сеntгорһусеае). Бөлімінің негізгі туысының бірі- пиннулярия . Ол пеннатылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оны екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалындаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземның бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті хроматофорасы болады.

Диатомды балдырлар

Диатомды балдырлар (лат. Dіatomae немесе Bacillariophyta) - бір клеткалы организмдердің айрықша тобы.
Түрлердің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар бір клеткалы, колониялы организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діндерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SiO2) cіңеді. Қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір біріне тығыз болып киілген екі бөлектен сыртқы эпитека және астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері - поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы алуан түрлі болып келеді және оның систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хромотофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен, кароминоидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин және лейкозин түрінде де жиналады.
Вегетативтік көбеюі протопластың методикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір бірінен ажырайды да әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының айтуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі : ұсақтанған особьтар бір - бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқайсысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидты клетка - тетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір - бірімен қосылады, қалған клеткалар жойылады. Зиготаны өсу спорасы (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдайдағыдай жаңа особь пайда болады.Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде динамиттер жасауға пайдаланады.
Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі екі кластан тұрады : пенатталылар класы (Pennatophyceal) центрикалылар класы (Centrophyceal).
Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пенаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы салақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ортаңғы бөлігі жалпақтау, бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Пинулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтары болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро вакуоль және екі пластинка тәрізді қоңыр түсті хромотофорасы болады.

Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар(Вacіllarіophyta) деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 - 2000 мкм) келеді, жеке немесе шоғыр (жұлдыз, тізбек,таспа, жіпше, бұта тәрізді) құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диатомды балдырлар
Балдырлар түрлері
Диатомды балдырлар туралы
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Балдырларға жалпы сипаттама
Хара балдырлар бөлімі
Көк жасыл балдырлардың мутуалистік типтері
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Пәндер