АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Сабақтағы цилиндр және конустың негізгі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Шар және сфераның белгілері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2 АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.1 Көрнекі құралдардың көпжақтарды оқытудағы түрлері мен атқаратын рөлдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Геометрия сабағында интерактивті тақтаны қолдану (цилиндр мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Айналу денесі қозғалмайтын оське қатысты жазық фигураны айналдырғаннан пайда болған дене. Айналу денелеріне: тік төртбұрышты бір қабырғасынан айналдырғанда пайда болған цилиндр, тік бұрышты үшбұрышты бір катетіне айналдырғанда пайда болған дене конус, жарты дөңгелекті диаметрінен айналдырғанда пайда болған шар жатады.
Айналу денелері күнделікті тұрмыста өте көп кездесетіндігіне оқушылардың көзін жеткізеді. Цилиндрдің, конустың және шардың айналамызда қандай бейнеде екендігін, күнделікті тұрмыста цилиндрдің( су құбырлары, стакан, бөшкелер), конустың, қиық конустың(шелек, балмұздақ) және шардың ауданын, көлемін табуды үйретеді.
Айналу денелері тақырыбына есептер шығару оқушының логикалық елестету қабілетін арттырып, және сол елестету барысында пайда болған денені
қағаз бетіне түсіруді де үйретеді.
Оқушыларда дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыру олардың
сенімділігін қалыптастырудың да маңызды жолы болып табылады. Мамандар дәлелдеуге үйретуді дәлелдеуді құруға, оны аша білуге, іздестіруге
бағытталған ақыл - ой үрдісіне оқыту деп түсіне алу керісінше,оқушыларды дәлелдеуге үйрету мұғалім және оқулықтар ұсынған дайын дәлелдеулерге үйрету деп біледі. Дайын дәлелдеуге оқулықтарда дәлелденген немесе мұғалім көрсеткен теоремалар жатады. Кез келген дайын дәлелдеме оқушы үшін жаңалық. Сондықтан оқушылардың кітаптағы дәлелдеуді немесе мұғалімнің дәлелдеп бергенін игеруінің, оны қайта айтып бере алуының, дәлелдеу үрдісінің мәнін түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық мағызы бар теоремалардың дәлелдемелерін игеру үрдісіне оқушылар енжар қатынаспай, дәлелдеуді ашушылардың бірі ретінде белсенді қатыстырылып отырылады. Теоремалардың дайын дәлелдемелерін үйрету кезінде мұғалім оқушыларды дәлелдеу әдісін іздестіре білуге, өз ойын негіздеп айта алуға, пайымдаулар жасауға дағдыландырады. Оқыту үрдісінде дәлелдеуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру, салыстыру, анализ және синтез, жалпылау және абстракциялау тағы басқа ойлау амалдарынсыз мүмкін емес. Оқушылар теореманы берілгендері мен дәлелдеу керегін салыстыра отырып, теоремаға талдау жасайды, нәтижеде дәлелдеудің әдістері мен оны жүзеге асырудың жолдары анықталады, синездеу арқылы синтетикалық жолмен дәлелдеу үрдісі орындалады.[14] Демек, дайын дәлелдеудің оқушыларға үйрету үрдісі оқушыларды ақыл - ой қызметіне үйретуді де жүзеге асырады екен. Нәтижеде дәлелденген теоремаға ұқсас теоремаларды өз бетінше дәлелдей алу біліктіліктері мен дағдылары қалыптасады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - айналу денелерінің басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі сабақ барысында қолдану үрдісін қарастыру болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
цилиндр жіне конустың негізгі түсінігіне, шар жіне сфераның белгілері мен түрлеріне тоқталу және сипаттама беру;
геометрия сабағында интерактивті тақтаны қолдануды (цилиндр мысалында) қарастыру;
көрнекі құралдардың көпжақтарды оқытудағы түрлері мен атқаратын рөлдері сипаттамасын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - айналу денелердің оқыту әдістемесі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - оқыту әдістемесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Сабақтағы цилиндр және конустың негізгі түсінігі
Цилиндр (көне грекше -- білік, цилиндр) цилиндр немесе цилиндрлік бет -- берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны;
тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене . Егер Цилиндрдің табандары оның жасаушыларына перпендикуляр болса, онда ол тік Цилиндр деп аталады. Табандары дөңгелек болып келген тік Цилиндрді тік дөңгелек Цилиндр не дөңгелек Цилиндр деп атайды . Мұндай Цилиндрдің көлемі V=PIr2h-қа, ал бүйір беті S=2PIrh-қа тең, мұндағы r -- Цилиндр табанының радиусы, h -- Цилиндр биіктігі. Цилиндрдің табанына параллель емес жазықтықпен қиылған бөлігін қиылған Цилиндр деп атайды . Қиылған дөңгелек Цилиндрдің көлемі ,
h1, h2 -- Цилиндрдің ең үлкен және ең кіші жасаушыларының кесіндісі.
сыртқы не ішкі цилиндрлік беттері бар тетік.[2]
цилиндр мен өзегі бар поршеннен тұратын құрылыс.
Цилиндр еместік (орыс. Нецилиндричность) -- цилиндірліктен ауытқу, қалыпты ұзындықтың бойында алынған нақты беттің нүктелерінен жанама цилиндрге дейінгі ең үлкен қашықтық.
Цилиндрлік (орыс. Цилиндричность) -- нақты беттің жанама цилиндрге жақындығы.
Көлікте қолданылатын цилиндрлердің түрлері
Тежеуіштің негізгі (басты) цилиндрі - поршеннің механикалық қозғалысын тежеуші тетіктеріне жіберілетін сұйықтың қысым күйіне түрлендіретін цилиндр.
Қозғауыш цилиндрі - қозғауыштың поршенінің жұмыс процесі өтетін цилиндр.
Екі жолды цилиндр - екі өздігінен жүретін тежеуіш контурына әсер ететін, екі бөлек поршендерден тұратын басты тежеуіш цилиндр.
Жұмыстық тежеуіш цилиндр - цилиндр түріндегі тежеуіш жетегінің белгілі, басты тежеуіш цилиндрден сұйық тобына берілген поршень цилиндрі.
Цилиндроид (гр. kylindros - цилиндр және eides -- тәрізді) -- бағыттаушылар деп аталатын екі қисық сызықпен қиылысатын және параллелизм жазықтығы деп аталатын жазықтыққа параллель орналасатын түзулердің жиыны анықтайтын бет.
Цилиндр (дәлірек айтқанда, дөңгелек цилиндр) деп бір жазыктықта жатпайтын, параллель кѳшіргенде дѳл беттесетін екі дөңгелектен жѳне осы дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын барлык кесінділерден құралатын денені атайды. (1-сурет). Дөңгелектерді цилиндрдің табандары дей, ал дөңгелектер шеңберлерінің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды.
Параллель кѳшіру дегеніміз қозғалыс болғандыктан, цилиндрдің табандары тең болады.
Параллель кѳшіргенде жазықтық параллель жазықтыкка (немесе ѳзіне-ѳзі) ауысады, ендеше, цилиндрдің табандары па-раллель жазықтықтарда жатады.
Параллель кѳшіргенде нүктелер параллель (немесе дәл
беттесетін) түзулердің бойымен бірдей ара қашықтыққа жылжитындықтан, цилиндрдің жасаушылары параллель және тең
болады.
Цилиндрлер блогі- бірнеше цилиндрлардың бір тұтас байланысуы.[2]
Конус немесе конустық бет - белгілі бір сызықтың (бағыттаушы) барлық нүктесін кеңістіктің берілген нүктесімен (төбесімен) қосатын түзулердің (жасаушыларының) геометриялық орны. Егер бағыттаушы түзу сызық болса, онда Конус жазықтыққа айналады. Егер бағыттаушы өзінің төбесімен бір жазықтықта жатпайтын 2-ретті қисық сызық болса, онда 2-ретті Конус шығады. Дөңгелек Конус немесе тік дөңгелек Конус 2-ретті Конустың қарапайым түрі, оның бағыттаушысы шеңбер болады, ал төбесі осы шеңбер центріне ортогональ проекцияланады;
Элементар геометрияда дөңгелек Конус деп бағытталған шеңбері бар, дөңгелек Конустың бетімен және оның осіне перпендикуляр жазықтықпен шектелген геометриялық денені айтады.
Конустың базалық жазықтығы (Базовая плоскость конусa) -- негізгі жазықтықтың осьтік жағдайын анықтауға немесе берілген конустың қосарланып отырған конуспен салыстыра осьтік жағдайын анықтауға арналған конус осіне перпендикуляр жазықтық.
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Оқушыларға айналу денелері цилиндр,конус,шар,сфера ұғымдары мен оның элементтері туралы мағлұматтар беру; Оқушылардың конструктивті ойлауын дамыту.
Дамытушылық: Цилиндрдың,конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Цилиндрдің, конустың, шардың қолданылатын жерлері туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Оқушыларға конус, оның элементтері туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Конустың қолданылатын жерлері туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Шар және сфераның белгілері мен түрлері
Шар -- бір нүктеден (орталығы-центрі) басқа нүктелердің кеңістік бойынша бір қашықтықта (радиус) орналасқанда пайда болатын пішін (фигура) шар. Шар негізінен іші бос кеңістік және бүтін болады. Шар пішіндес заттар табиғатта өте көп кездеседі: жер шары, жұлдыздар, атом және оның құраушылары, су тамшысы, ыдыстардың дөңгелектеніп келуі негізінен бүкіл әлемдік тартылыс заңына магнит өрісіне тәуелділігі яғни бір нүктеге басқа нүктелердің тартылуы шардың пайда болуына әсер етеді.
Шардың көлемін V=43PIR³
Шардың бетінің ауданын S=4PIR²
Сфера (гр. sphaіra - шар)[1], математикада - барлық нүктелері бір нүктеден (сфера орталығынен) бірдей қашықтықта болатын тұйық бет. Сфера орталығын оның кез келген бір нүктесімен қосатын кесінді (сондай-ақ оның ұзындығы) сфераның радиусы деп аталады. Сфера бетінің ауданы:
S = 4pR2, мұндағы R - сфера радиусы.
Сферамен шектелген әрі орталығы бар кеңістіктің бөлігі шар деп аталады. Шардың көлемі:
V = 34pR3
Аналитикалық геометрия тұрғысынан сфера 2-ретті центрлік бетке жатады. Оның тік бұрышты координаттар жүйесіндегі теңдеуі
(x - a)2+(y - b)2+(z - c)2 = R2 түрінде жазылады, мұндағы a, b, c - сфера орталығынің координаттары (қараңыз Сфералық геометрия, Сфералық тригонометрия).[2]
2 АЙНАЛУ ДЕНЕЛЕРІ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
2.1 Көрнекі құралдардың көпжақтарды оқытудағы түрлері мен атқаратын рөлдері
Көпжақтар тақырыбы стереометрияның мектеп курсының, мүмкін, айналу денелерін оқытудан басқа барлық тақырыптардан гөрі әртүрлі көрнекі құралдарды қолданудың кең мүмкіндігін жасайды.
Көрнекілік кез келген оқытудың міндетті сапасы болып табылады. Мақсатты іс-қимылдар арқылы біз оқушылардың санасында ұғымдардың қайсыбір жүйесін, олардың арасындағы байланыстарын қалыптастырамыз. Оқыту сәтті болуы үшін оқушы бұл жүйені қабылдай алуы және онымен жұмыс жасай алуы керек. Бірақ ол үшін, өз кезегінде, оқушыға қайсыбір материалдық модельді ұсыну қажет. Бұл үшін оқытудың көрнекі құралдарды қолданады. Мысалы, егер пирамида ұғымы оқытылатын болса, онда мұндай модель ретінде келесілер болуы мүмкін: 1) осы ұғымды сөзбен суреттеу (бейнелеу) (анықтау); 2) пирамиданың көлемдік моделі (каркастық немесе тұтас); 3) оның жазбасы; 4) пирамиданың немесе оның жазбасын тақтада, қағаз бетінде, экранда және т.с.с. бейнелеу. Барлық аталған нысандар пирамида ұғымын белгілі бір жағынан сипаттайтын материалдық модельдер болып табылады.
Көпжақтарды зерттеуде көлемдік модельдер негізгі көрнекі құралдар болып табылады. Әртүрлі материалдардан жасалған осындай модельдер әртүрлі дидактикалық мақсаттарға сәйкес келеді.
Мысалы, картоннан жасалған модельдер көмегімен көпжақтың формасын көрсетуге болады. Сонымен қатар, мұндай модельдерде дененің жазбасын көрсету ыңғайлы. Бірақ картонның мөлдір еместігі кесірінен картоннан жасалған көпжақтарды денелердің қималары мен тіліктерін және бірінің ішіне бірі сызылған денелерді көрсету мүмкін болмайды. Әйнек модельдерді көпжақтың қимасы мен тілігін немесе оған іштей сызылған басқа геометриялық денелерді көрсету қажет болғанда қолдану ұсынылады. Ағаш модельдер беріктігімен ерекшеленеді. Сымнан жасалған каркастық модельдерде стереометрия сабақтарында кеңінен қолданылады. Олар көпжақтың түрлерін, элементтерін және жазықтыққа проекциясын (модельдің ақ қағаз бетіндегі көлеңкесін), көпжақтың жазықтықпен қимасын, геометриялық денелердің комбинацияларын көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай модель көпжақтың көлемдік моделі мен қағаз бетіндегі сызбасы арасындағы байланыс қызметін атқарады. Каркастық модельдердің сабақта қолдануға болатын серияларын атауға болады: дұрыс призмалар мен пирамидалардың (толық және қиық) модельдерінің жиынтығы, төбелері табан диагональдарының қиылысу нүктесіне проекцияланатын (модельдің негізгі контурдан бөлек, биіктігі, табанының диагональдары және бүйір жақтарының биіктіктері болуы тиіс) төртбұрышты пирамидалардың модельдерінің жиынтығы, көпжақтардың комбинацияларына қатысты модельдер жиынтығы.
Өндірісте шығарылатын модельдер мектеп оқушыларын математикаға оқыту барысында пайда болатын қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайтын жағдайлар да болуы мүмкін. Сондықтан көбінесе мұғалімдер модельдерді оқушыларды қатыстыра отырып өздері дайындайды. Бұл тек мектепте қажетті модель, құрылғы немесе құрал болмаған жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, мұғалім қолда бар модель, құрылғы немесе құрал оқытылып отырған материалды оқушының анық та нақты түсініп, қабылдауына жеткіліксіз болған жағдайларда да жасалады. Модельге жетілдірулерді енгізе отырып, ұстаз шәкірттерін модельдің жаңа нұсқасын жасауға тартады. Бұл әрекет өз кезегінде оқушылардың терең де тиянақты білім алуларына және олардың алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануларына жағдай жасайды. Фабрикада жасалған модельдерді де, қолдан жасалған модельдерді де жаңа ұғымдарды енгізу барысында, теоремаларды дәлелдеу барысында және тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды орындау барысында қолдануға болады.
Оқу құралдарының тағы бір ыңғайлы түрлерінің қатарына әртүрлі жазық немесе көлемдік фигуралар, графиктер, кестелер және т.с.с. бейнеленген резеңкі штемпельдерді (штампылар) жатқызуға болады. Өкінішке орай, қазір мұндай оқу құралдары мектептерде өте сирек кездеседі. Оқу құралдарының бұл түрін қолдану барысында қажетті бейнені, мысалы, текшенің немесе тікбұрышты параллелепипедтің бейнесін алу үшін, штемпельді штемпель жастығына тақап, содан соң қағаз бетіне басу жеткілікті болады. Текшенің немесе тікбұрышты параллелепипедтің бейнелерін салуға қатысты есептерді шешу кезінде оқушылар штемпельді қолдана отырып дәптер бетінде дұрыс сызбаны тез ала алады, ал бұл уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Әрине, штемпельдерді қолдану оқушыларды фигураларды салу біліктіліктерін жоғалтуға алып келмеуі тиіс. Сондықтан ұстаз алдымен оқушыларды жазықтықта фигураларды бейнелей алуға үйретуі тиіс, содан кейін ғана штемпельдерді сабақ барысында қолдануға үйретуі керек. Штемпельдерді мұғалім көпнұсқалы бақылау жұмыстарын дайындау кезінде қолдана алады. Мысалы, тікбұрышты параллелепипед бейнеленген 35-40 сызбаны дайындап алып, содан кейін оларға өлшемдерін жазу арқылы жеке тапсырмалар жиынтығын алуға болады.
Сонымен қатар, көпжақтарды оқып-үйрену барысында әртүрлі жұмыс кестелері мен анықтамалық кестелерді қолдануға болады. Жұмыс кестелері - бұл олардың материалдарының көмегімен оқушылардың жаңа теориялық материалдарды меңгеру бойынша да, оларды бекіту бойынша да ойлауға қатысты белсенді іс-әрекетті ұйымдастыруға болатын кестелер. Жұмыс кестелерінің көмегімен оқушыларда белгілі бір білімдер мен біліктіліктерді қалыптастыру мен бекітуді дамытуға әсер ететін көптеген жаттығуларды орындауды жүзеге асыруға болады, оқушылар арасында сауалнама жүргізуге болады, түтас сынып алдында проблемалық мәселе қоюға болады. Мысалы, пирамида ұғымын енгізу барысында пирамида, оның негізгі элементтері мен дербес жағдайлары бейнеленген кестені қолдануға болады. Анықтамалық кестелердің, яғни есте сақтап қалуға арналған кестелердің жұмыс кестелерінен айырмашылығы олардың оқушылардың көру аппараттарына ұзақ уақыт әсер етуге арналғандықтарында. Мұндай кестелер математика кабинетінде ұзақ уақыт ілініп тұрулары мүмкін. Сонымен, анықтамалық кестелердің (көрнекіліктен өзге, көп жағдайда бұл маңызды рөл атқарады) негізгі қасиеті олардың дидактикалық бағытта болуында болып табылады. Бұл кестелер оқушыларға негізгі фактілерді, формулаларды, графиктерді және т.б. жаттату мақсатында мәжбүрлі түрде әсер етуге арналған. Мұндай кестелердің мысалы ретінде көпжақтардың түрлері бейнеленген және олардың әр түрінің көлемдері мен беттерінің аудандарын есептеуге арналған формулалар көрсетілген Көпжақтардың аудандары мен көлемдерін есептеу кестесін атауға болады.
Баспа негізіндегі дәптерлерді қолдану барысында оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға және белсенділікке тәрбиелеуге үлкен мүмкіндіктер ашылады. Қазіргі кезде ондай дәптерлер мектепте көптеп қолданылып жүр. Баспа негізіндегі дәптерлер өткен материалды бекіту және қайталау сатыларында өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға арналған. Мұндай дәптерлердің басты ерекшелігі оның оқу уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды, өйткені оқушылар мұндай дәптерлермен жұмыс жасағанда тапсырманың мәтінін механикалық көшіру процесінен құтылады және негізгі назарларын дәптерге енгізілген тапсырмаларды орындауға аударады. Мұндай дәптерлер, әдетте, бастауыш сыныптарда көбірек қоглданылады. Баспа негізді дәптерлер тапсырмалардың кең көлемін қамтиды. Тапсырмалардың мақсаттары әртүрлі болады. Тапсырмалар оқушыға дәптерде берілген ойқорытулар мен шешімдердің мысалдарын көрсете алады, мәтінде оқушылар дәптермен жұмыс жасау барысында толтыруға міндетті болатын бос орындарды (пропуски) қамтуы мүмкін (кездейсоқ сөздер емес, оқушыларды ойлануға, анықтамаларға жүгінуге, орындайтын амалдар тізбегін құруға итермелейтін сөздер тастап кетіледі). Сонымен, баспа негізді дәптер ұғымдарды өңдеуге және оқушыларда типтік есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, диапозитивтер, кодопозитивтер, компьютерлік құралдар сияқты көпжақтарды оқуда (басқа тақырыптарды оқуда да) тиімді қолдануға болатын оқыту құралдарын да ұмытпау керек.
Кейде көрнекі құралдарды білімді алғаш меңгергенде уақытша тірек ретінде қарастырады. Көрнекі құралдардың рөлдерін осылай бағалаудың жақтастары модельдер бұл жағдайда оқушыларды нақты нәрселерге ғана үйретеді және сондықтан оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етпейді деп санайды. Тіпті мынадай дидактикалық ереже ұсынылады: оқушы жас жағынан үлкен болған сайын, математиканы оқытуда модельдер соғұрлым аз қолданылуы керек. Мұндай көзқарасты және одан шығатын дидактикалық ережені қабылдауға болмайды, себебі олар негізсіз болып табылады. Көрнекі құралдарды дұрыс түсініп қолдану ақылға сиымды болуымен қатар, оқытудың барлық сатыларында қажетті болып табылады.
Сонымен, нақты сабаққа дайындалу барысында мұғалім оқушылармен жұмысты оңай ұйымдастыруға болатын құралдарды, яғни сол мезетте оқушылардың түсінуіне неғұрлым қарапайым құралдарды таңдап алады. Мысалы, егер сабақта көпжақтардың қандай да бір дербес түрі ұғымымен танысуды бастау керек болса, онда ең қолайлысы көлемдік бейнелеулер мен киноэкрандағы бейнелеулер болады. Бұл ұғымды бекіту процесінде қабылдау үшін жазық сызбалар мен сөзбен суреттеулер жеткілікті деңгейде қарапайым болып табылады.
Сонымен, қайсыбір материалдық модель ұғымдарды меңгеруді ұйымдастыруға мүмкіндік беруі үшін, ол ұғымды дұрыс бейнелеумен қатар, оқушылардың қабылдауы үшін қарапайым болуы керек.
2.2 Геометрия сабағында интерактивті тақтаны қолдану (цилиндр мысалында)
Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz