АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БИЛІКТІҢ ОРГАНДАРДЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ . . . 5
1. 1 Парламент құру тәртібі және құрылымы . . . 5
1. 2 Парламент құзіреті және өкілеттілігі. Парламент қызметінің ұйымдық құқықтық қатынастары . . . 20
1. 3 Парламенттің Үкіметпен арақатынасы . . . 23
2 АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 26
2. 1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреті және актілері . . . 26
2. 2 Үкіметтің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Парламент жүзеге асыратын негізгі қызмет - заң шығармашылығы.
Бүгінде ҚР Парламенті мемлекеттің кез-келген мәселесі бойынша заң шығаратын орган емес. Алдыңғы Конституцияларға қарағанда 1995 жылғы ҚР Конституциясы Парламенттің заң шығармашылығының пәнін анықтап берді. Парламент енді Конституцияның 61 бабының 3 тармағында белгіленген, 11 тармақшаға жинақталған мәселелерге қатысты ғана заңдар шығарады. Атап айтсақ, 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне; 2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; 5) республикалық бюджетке; 6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 9) айналадағы ортаны қорғауға; 10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына; 11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен (жарлық, қаулы, шешім, т. с. с. ) реттеледі.
Жұмыстың өзектілігі. Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген.
Парламент биліктің үш тармағының бір буыны болып табылады және оған заң шығару өкілеттігі берілген. Парламенттің мемлекет өміріне тиімді заңдарды қабылдауда маңызы өте зор. Өйткені Парлемент халықпен сайланатын депутаттардан құралады және ол депутаттар нақты халыққа қандай заңдар керек екендігін біледі.
Алқалық өкілдік органның мүшелерін депутаттар, делегаттар, парламентарийлер және т. б. деп атау қалыптасқан. Депутат деп әлемде, әдетте, парламент палаталарының төменгі палатасы өкілдерінің мүшелерін айтады, ал жоғарғы тұрған палата мүшелерін әртүрлі атайды (Францияда - сенаторлар; Ұлыбританияда - лордтар, Германияда - Бундесрат өкілдері деп атау қалыптасқан) .
Ал біз Қазақстан Республикасы Констиутциясына сәйкес қос палатаның өкілдерін де депутат деп атаймыз және олардың айырмашылығы олардың сайлану тәртібімен және олардың жүзеге асыратын функцияларымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесін анықтап, олардың заң шығару үрдісіндегі рөліне бет бұру болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
- Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихына шолу жасау;
- Қазақстан Республикасындағы парламент палаталары құрылуының құқықтық негіздерін айқындау;
- Парламент құру тәртібі және құрылымын, депутаттарының өкілеттілігін, заң шығару үрдісі мен Парламентті тарату үрдісіне талдама жасау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Парламенттің қандай конституциялық құқықтық актілерді шығаруға, оның қандай өкілеттілігі бар болуына тоқталып, республика халқының еркін білдіретін,
ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын өкілді орган ретінде қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Парламенті.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтың қайнар көздері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БИЛІКТІҢ ОРГАНДАРДЫҢ ПАРЛАМЕНТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Парламент құру тәртібі және құрылымы
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл [11] .
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi) ; Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады) ; әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т. б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда - Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды [12] .
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн - Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.
Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды. Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi [13] .
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкіл халықтық референдум нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қолданыстағы Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештеңені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына, осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», - деп атап көрсетті.
Осы Конституцияда «Парламент» деген ұғым алғаш рет ресми түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өтті.
Парламенттің қос палаталы құрылымы саяси жағынан толысқан, еліміздің саяси болмысындағы жаңа элементке айналды және әлемдік практикада қабылданған парламентаризмнің қағидаттарына сай болды. Ең бастысы, Қазақстанда қос палаталы Парламентті құру қабылданатын заңдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды.
Депутаттық корпуста жергілікті атқарушы органдардың және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері басым болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болған. 4 парламентарий уақытша жұмыс істемеген. 11 депутат - аграрлық салада, 3 депутат мәдениет саласында жұмыс істеген. Екі депутат құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып істеген. Бір депутат - заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған. Мәжілісте 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Парламентарийлердің арасында 9 депутат әйел болды.
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді. Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтарда 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны - орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді.
Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның - «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды. Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйелдер, 74-і - жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында 1 академик, 7 доктор және әртүрлі мамандықтары бар 20 ғылым кандидаты болды.
Мәжіліс Төрағасы - Мусин Аслан Есболайұлы. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасы - Мұхамеджанов Орал Байғонысұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Дьяченко Сергей Александрович. 2010 жылғы наурызда депутаттық өкілеттігін тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы. Депутаттық өкілеттігін 2008 жылғы сәуірде тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Кәрібжанов Жәнібек Сәлімұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Бобров Владимир Яковлевич
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Жарлығына байланысты өз жұмысын аяқтады.
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның - алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.
Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т. с. с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді [1] .
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.
«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар - Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды.
1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды. 1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz