ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Титулка үшін

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯСЫ . . . 5

  1. Оқыту технологиясы туралы түсінік . . . 5
  2. Оқыту технологиясының басты ерекшеліктері және оның түрлері . . . 8

2 ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ . . . 13

2. 1 Компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік бастаулары . . . 13

2. 2 Дамыта оқыту және деңгейлеп оқыту технологогиясы . . . 14

2. 3 Проблемалы оқыту технологиясы . . . 22

2. 4 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27


КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен.

Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында мемлекеттік тілді еліміздің қоғамдық өмірінде қызмет ету аясын кеңейту, тілді оқу орындарында оқыту мен үйрету әдістемелерінің сапасын жақсарту мәселесіне назар аударды.

Қазақстан білім стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, кредиттік технологияға көшу мақсатындағы жұмыстардың бәрі - еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі.

Инновация - жаңалыққа талпыну, бұл сән немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, өмір қажеттілігі. Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу - қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Үйретілетін тілдік материалдарға, жалпы оқу бағдарламасына өзгерістер еніп, бұрынғыға қарағанда күрделеніп, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріліп жатқаны да белгілі.

Қазір әдістеме ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы» деген ұғым кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары.

Инновация дегеніміз - білім, тәрбие жұмысына жаңалық енгізу, яғни, жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықтаған.

Жұмыстың өзектілігі. Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру бағытын өрістеудің мәні пәндерді оқыту жүйесін жеке тұлғаның құрылымымен, оның даму заңдылықтармен сәйкестікте ұйымдастырудан көрініс табады. Оқушылардың өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне, оның дара тұлға ретіндегі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу жаңа педагогикалық парадигманың өзегін құрайды. Қазіргі кезеңде «педагогикалық технология» - оқытушының практикалық қызметінде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасы. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары, жаңа технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру процесі жүріп жатыр. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелерін беруде. Сондықтан оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын зерттеу әрі қолдану - қазақ тілін оқыту әдістемесінің де еншісіндегі басты мәселелердің бірі.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты - оқыту технологиясының басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері мен оның беліглеріне тоқталу болып табылады.

Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:

  • оқыту технологиясы туралы түсінік беру;
  • оқыту технологиясының басты ерекшеліктері және оның түрлеріне тоқталу
  • компьютерлік оқыту технологиясы және оның гуманистік бастаулары, дамыта оқыту және деңгейлеп оқыту технологогиясы, проблемалы оқыту технологиясын қарастыру;
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясына тоқталу және сипаттама беру.

Курстық жұмыстың объектісі - оқыту технологиялары болып табылады.

Курстық жұмыстың пәні - педагогика және теориясы.

Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯСЫ

  1. Оқыту технологиясы туралы түсінік

Әлемде қоғамдық қарым-қатынастардың үдемелі өзгеріп жаңа келбет алу бет бұрыстары әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның модернизациялануымен шектелмей, дүние жүзілік білім беру кеңістігінде де біршама динамикалық түрлендірулер жүруде.

Осыған сәйкес, отандық және шетел мемлекеттерінде жастарға білім беру мен оларды тәрбиелеу педагогтің үстемдік тұрғыда оқытудан тұлғалық бағдарлы оқытуға көшудің жаңа парадигмалары(үлгі) қалыптасуда. Оқу орындарында жастарға білім беру мен тәрбиелеу үрдісі оқушы тұлғасы мен кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына, өз бетімен іс-әрекет құралдарын жүзеге асыруға айрықша көңіл аударылуда. Осы өзекті мәселені шешуге өткен ғасырда шетел мен Отандық ғылыми-педагогикалық қауымдастық педагогика ғылымы мен оның тәжірибесіне біршама үлес қосты. Оған кепіл болатын- оқытудың жаңа технологиялары.

Дәстүрлі оқытудың мазмұны мен әдістемесі білім алушының пән бойынша оқу материалын теориялық мазмұнда игерсе, ал тәжірибеде қолданылуы шектеулі болғаны белгілі. Бұл, әрине, оны тәжірибелі іс-әрекеттерді белгіленген алгоритм бойынша орындауға кӛп еліктетті, бірақ әрбір әрекетті дәл, нақты орындауға ұмтылдырды. Оқу үрдісіндегі оқу әрекеттері педагогтің басшылығымен орындалуы жиі байқалды.

Ал білім беру процесінің жаңа үлгілері (парадигма) мен оқытудың технологиялары білім алушының тұлғалық және кәсіби-тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыта, оның меншікті потенциалына негізделе, өз бетімен оқу-танымдық іс-әрекеттерді жүргізу, тапсырмаларды дербес орындап, шығармашылық және интеллектуальды қасиеттерін жетілдіруді, өзін-өзі жетелеуді көздейді.

Білім алушы нысанда немесе процестерде пайда болған қиындықтарды өзі танымның әдістерімен сауатты шешіп, табысты нәтижелерге жетуге барлық танымдық потенциалын жұмылдыруға бағыттайды. Оқу үрдісінде білім алушының аталған қасиеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің ролі жетекшілік, кеңесші және достық қатынаста жүруге бағыт алады. Жоғарыдағы қасиеттер мен қарым-қатынасты орнықтыруға, оны оқу процесінде жүзеге асыруға оқытудың жаңа технологиялары өздерінің материалданған тәжірибесімен үлкен ықпал етеді.

Қазіргі Отандық білім беру оқу орындарында, әсіресе, жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқытудың жаңа технологияларын оқу процесінде белсенді қолдануға ұмтылуда. Біздің бірнеше жыл бойы педагогтердің оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін бақылауымыздан, олардың оқыту технологиясы мен оқыту әдістемесін баламалаумен шектелуі сипат алуда. Жаңа оқытудың технологиясын тәжірибеде қолдану жүйесі жеткіліксіз емес, көріністі түрде қолдану, пән сабақтарының оқу үрдісінде байқалады. Бұл ауытқулар оқыту технологиясының мәні мен нәтижесінің толық мақсатына жетуіне күмән тудырады.

Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісінде біртұтас, жүйелі және мақсатқа сәйкес қолдану үшін оқыту технологиясы түрінің тұжырымды қағидалары мен теорияларын және сабақты құру мазмұнымен толық қарастыра, ұғынып түсіне барып, оқыту мазмұнының тұжырымды және процессуальды құрылымды элементтеріне кӛшу абзал. Өкінішке орай, қазақ тілінде оқытудың

жаңа технологиялары туралы толық мәліметтер де шектеулі. Көптеген тәжірибелі педагогтер оқыту түрлерін қолдануда кезеңді баспа беттерінде қарастырылған әдістемелік ұсыныстарға негіздеп оқытудың мазмұнын құрайды.

Осы кемшіліктерді толықтыруға, болашақ педагогтер мен оқытушылардың кәсіби еңбегінде оқытудың технологияларын, олардың көздеген мақсатына сәйкес мазмұны да сапалы, жүйелі де нәтижелі, педагогтың жаңа оқыту технологияларының мазмұнымен толық, саналы меңгеріп, аталған оқытудың технологияларын педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану мен авторлы жаңа оқытудың технологияларын жобалап құрастыра, нәтижелі жетістіктерге жетуге ықпал ететін оқу құралының мазмұнындағы оқу материалдары болып табылады.

Оқу құралының мазмұнында «технология», «», «оқытудың технологиясы» ұғымдарына кеңінен талдау жасалынып, оқытудың жаңа технология түрлерінің шығу өзектілігі мен тарихы, оқыту түрлерінің мәні, жетекші идеялары мен тұжырымдамалары, теориялық және технологиялық, әдістемелік негіздері қарастырылған.

Қазіргі білім берудің оқу-тәрбие үрдісінде оқыту технологияларының алуан түрлерін ұтымды қолдана, жастардың үйлесімді әлеуметтенуіне жаңаша қарым-қатынастарды жүзеге асырып отыру үздіксіз педагогикалық процестің мақсатты құбылысына бет алады.

Оқыту технологиясы өзіне өзара байланысты екі процестен -оқушының қызметін ұйымдастыру мен оқытушының осы қызметті бақылаунан тұратын оқыту процесін баскаруды көздейді.

Оқыту технологиясында оқутыдың мазмуңы максаттардың, жоспарлардың және пәнің бағдарламасы негізінде қалыптасады және оның басты өлшемдері: көлемі, ұзақтығы, деңгейі тағы басқалары анықталады. Сонан соң оқу әдістері мен тәсілдері тандалады, танымдық қызметті атқаруға әкелетін, оны бейнелеудің қуралдары мен формалары анықталады.

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.

Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология жəне т. б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. ) .

Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?

Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».

Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т. б. ) .

Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік) ;

- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы) ;

- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция) : байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы) ; іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру) .

- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация) : оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т. б.

Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.

Оқу технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы - оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

  1. Оқыту технологиясының басты ерекшеліктері және оның түрлері

Оқудың дəстүрлі (қайта жасау- репродуктивті) технологиясы білім, ептілік жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған (əсіресе орта мектепте) . Оның мəні: жаңаны игерту-бекіту-қадағалау-бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін жəне оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу- оқытудың басты əдістері ретінде 1) көрнекілік жəне онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының жетекші іс-əрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап жəне тиімділіктің негізгі көрсеткішіне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері - түсіндіру, əрекеттерді көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау жəне реттеу, түзету.

Оқу технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен еленген. Олар - үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім ұсынудың жаңа əдіс -тəсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі технология біршама кемшіліктерге де жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.

Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин жəне т. б. ) .

Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос -жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.

Зерттеулер нəтижесінде (Л. В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.

Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

Дамытушы технология талаптарының жəне бірі - оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д. Б. Эльконин) .

Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.

Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.

Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге болмайды.

Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П. Я. Гальперин, Л. Н. Ланда, А. М. Матюшкин жəне т. б. ) .

БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н. Краудер, Б. Скиннер, С. Пресси) .

БОТ - бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ жəне т. б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т. б. ) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:

- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;

- əр бөлшекті игеруге арналған нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі;

- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;

- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;

- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;

- қадағалау тапсырмаларының нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.

Проблемді оқу технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т. В. Кудрявцев, А. М. Матюшкин, М. И. Махмудов жəне т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сыныпта етістікті оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz