ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Жекешелендіру түсінігі, кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Жекешелендіру жолдары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ...12
2.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері ... ... ... ... ...12
2.2 Жекешелендірудің заңдық сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жекешелендіру - нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізулі нарықтық қатынастың пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру - меншіктің барлық түріне мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды - жарамды өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.
Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан бейбіт революция деп те бейнелеп атайды. Шынында да бұл процеске даму дәрежесі әр түрлі деңгейдегі 50-ден астам мемлекет қатысады. Бұл елдердегі мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріліп, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен өндіріс орындары тікелей мемлекет иелігінен алынып, жалға берілуде. Бұл процестің ауқымы мен қарқыны, әсіресе 1991 жалдан бастап күшейді және қазір ол, нарыққа көшкен дамудың әр қилы деңгейдегі мемлекеттерде жүріп жатыр. Жекешелендіру ТМД елдерінде әр түрлі деңгейінде жүргізіліп келеді, бұл бағытта шет елдік тәжірибелер де ескерілуде, қателіктерге де жол берілуде, бірақ уақыт басқа таңдаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындар пайданы қорландырумен үнемді, тиімді жұмыс істей алмай, ұлттық байлықты ысырап етіп келеді деген көзқарас қалыптасты.
Республикамызда ұзақ жылдар бойы санамызға социалистік меншік сіңіріліп, жеке меншік қанаушы қоғамға тән деп ұғындырылып келді. Ол системадан қоғамдық меншік пен жеке меншік ұғымы сыйыспайтын еді. Өндірісті, шаруашылықты мемлекет меншігіне бағындырудың басымдылығына орай жеке меншіктің даму болашағы жоқ деген ой қалыптастырылды. Адамның жеке меншікке деген табиғи ұмтылысын басуға мемлекет машинасының барлық қуаты жұмсалды. Әйткенмен қоғамдық ойдың дамуы ел өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Әкімшілдік жүйе көрер көзге меншік иесі бола отырып, қоғамдық меншіктің қожасы болғаны айдан анық. Осындай оралымпаздық, іштен іру меншік қатынастарын қиратып, әкімшілдік - әміршілдік жүйенің күйреуін тездетті.
Жұмыстың өзектілігі. кономикалық қатынастарды қазір жүзеге асырып жатқалы өтпелі нарықтық кезеңде өндіріс құрал-жабдықтары нарықты экономикаға өту кезеңінде нарықтық қатынастардың барлық әлеуметтік-экономикалық жүйесінің басты негізі экономикадағы меншіктің әр түрлі пішіндері болып табылады. Нарықтық экономика - бұл ең алдымен рыноктық, экономикалық өндірістік қатынастар. Мұндағы басты мәселе - меншіктілік. Меншіктің әрбір қоғам мүшесінің, тауар өндірушінің қолында болуы экономика тұрақтылығының кепілдігі. Өндіріс бұл қоғамдық процесс. Оның факторлары өзімен-өзі, өз бетімен қимыл жасамайды. Олардың әрқайсысын меншіктей адамдар жүзеге асырады. Олар өндіріс факторларын қозғалысқа келтіру арқылы өндіріс процесін жасайды. Өндіріс факторлары ең алдымен меншік иелерінің қолында болады. Берілген объектілерінің кімге тәуелді екендігіне байланысты, меншік "жеке", "топтық" және "мемлекеттік" болып бөлінеді. Өйткені меншік деген ұғым адамның белгілі бір затты жеке меншік ретінде иеленуінен шыққан. Өндіріс меншіксіз болмайды. Меншіктілік өндірістің қажетті шарты болып табылады. Бірақ, өндіріс факторларына "меншік иесі" болу мен өндіріс процесіне "қатысушы" болу бірдей ұғым емес. Бұл - әр түрлі қоғамдық рөлдер. Бұл рөлдер тек бір жағдайда ғана сәйкес келеді - еңбек өндіріс факторына айналғанда. Еңбекке бейімділікті, қабілеттілікті басқа біреуге бере салуға болмайды. Ол меншік қатынастарының құралы бола алмайды. Сондықтан, ол меншік иесі болып табылмайды. Ол тек "жалдамалы жұмысшы" ретінде өндіріске қатысады. Бірақ жұмысшылар басқа өндіріс факторларында меншіктің қандай да бір бөлігін иемденеді.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі жекешелендіру түрлері мен оның беліглеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
жекешелендіру жүйесінің негізгі түсінігіне, жекешелендіру жүйесінің белгілері мен түрлеріне тоқталу және сипаттама беру;
жекешелендірудің заңдық сипатын қарастыру;
Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстандағы жекешелендіру жүйесі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ
Жекешелендіру түсінігі, кезеңдері
Жекешелендіру дегеніміз - мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.Жекешелендірудегі мақсат- мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның атарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар [1].
Жекешелендіру -- меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру -- күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 -- 1992) "Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 -- 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды. [1]
Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен шығаружөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде:
-- меншік формаларының көп түрлілігі;
-- жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы;
-- халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу;
-- нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы.
Мемлекеттік меншіктен шығару -- бұл мемлекеттің экономикадағы шамадан тыс рөлін бәсеңдетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Мемлекеттік меншіктен шығару монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына бағытталған.
Мемлекеттік меншіктен шығару шаралары жекешелендірумен тығыз байланысты құрайды [2].
Жекешелендіру -- бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.
I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады [3].
II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.
Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:
-- Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған кіші жекешелендіру.
-- Инвестициялық жекешелендіру купондары үшін 200-ден 5000-ға дейін жұмысшылары бар орташа кәсіпорындардың жалпылама жекешелендірілуі.
-- Ірі және уникалды мүліктік кешендердің (5000 адам жұмысшылары бар кәсіпорындардың) жеке жобалары бойынша жекешелендіру.
-- мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендірілуі.
Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдарды қамтып, №246 1996 жылдың 27 ақпанынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген 1996-1998 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты болып, жекешелендіру үрдісін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасы экономикасындағы жеке меншік сектордың басымдылығына қол жеткізу және бекіту табылды.
IV кезең 1999-2000 жылдарды қамтып, №683 1999 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарғысымен бекітілген 1999-2000 жылдарға Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару тиімділігін көтеру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды [4].
V кезең Бағдарламасының негізгі мақсаты болып, мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті сайыстық жекешелендіруді басқару және қамтамасыз ету тиімділігін көтеру, есебін арттыру болып табылды.
1991-2000 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру Комитеті және оның облыстық бөлімшелері мен мемлекеттік меншік объектілерінің 34,5 мыңы жекешелендірілді [5].
Жекешелендіру жолдары мен түрлері
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2.Кәсіпорын капиталы-ның үлесін сату (акцияларды) 3.Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
1. Кіші жекешелендіру - еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
2. Жаппай жекешелендіру - орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
3. Жеке жобалық жекешелендіру - ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді [6].
2. 1993-1995 ж.ж. - мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
4. 1999-2000 ж.ж. - мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді [7].
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
шағын және орта бизнесты дамыту;
жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.
1. Жекешелендiру мынадай түрлерде:
аукцион, тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы сауда-саттықта сату;
тiкелей бәсiрелi сату түрлерінде жүзеге асырылады.
Аукционда ең жоғары баға ұсынған тұлға сауда-саттықта жеңген болып танылады. Сатушы күнi бұрын тағайындаған конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттар ұсынған тұлға тендердi жеңiп алған болып танылады [8].
Аукциондарда ұсыныстар ашық жария етiледi; тендерлерде сатушының қалауы бойынша ұсыныстар ашық немесе жабық конвертте жазбаша берiледi.
2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс, оны өткізу тәртібі осы Заңның 14-14-3-баптарымен" белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қауiпсiздiгiне, айналадағы табиғи ортаны қорғауға, сыртқы экономикалық ахуалына байланысты ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкiн. Оны өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
Сауда-саттыққа осы Заңның 2-бабының талаптарына жауап беретiн тұлға қатыса алады [9].
3. Жекешелендiру объектiсi оны сатып алғысы келген жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықтарды қоспағанда, тек бiр ғана қатысушы қатысқан аукциондар мен тендерлер өткiзiлмеген болып танылады.
4. Сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн сатып алушы өзi сатып алатын объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзуге хақылы.
5. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сату жөнiндегi сауда-саттық әдетте қор биржасында өткiзiледi.
Мемлекеттiк мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтiн, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн әрекеттер (мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) беру не оны тиiсiнше жалдаушының (жалгердің) не сенiм бiлдiрiлген басқарушының кейiннен сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала жүргізілетін сатылары ретiнде қарастырылады.
Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі [10].
2. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кем дегенде он бес күн бұрын ресми басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға және онда сауда-саттық басталатын күн, сауда-саттық өткізілетін орын, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтер болуға тиіс.
Сатушы хабарламада мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтерді көрсетуге құқылы.
3. Сатушының бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысымен жасалатын шартында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатушы белгiлеген ең төменгі бағадан төмен болмайтын бағамен сатуға мiндеттеме болуға тиiс.
емлекетке тиесілі акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды (бұдан әрi - туынды бағалы қағаздар) сату Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгi талаптарын сатушы Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге немесе әкiмдiк тиiстi мәслихатқа бекiтуге табыс етеді.
Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешiмде туынды бағалы қағаздар шығарылған мемлекетке тиесiлi акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың үлгісі, аумағында туынды бағалы қағаздарды сату жүзеге асырылады деп көзделіп отырған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмiленi аяқтаудың ең ұзақ мерзiмдерi, туынды бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң құқықтарын іске асырудың талаптары мен тәртiбi және қажет болған жағдайда, өзге де талаптар туралы мәлiметтер болуға тиiс [11].
Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен, кейiннен сатып алу құқығымен мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе сенiм бiлдiрiлген басқаруға тиiсiнше жалдаушыға (жалгерге) немесе сенiм бiлдiрiлген басқарушыға берiлген объектiлер тiкелей бәсiрелi сатуға жатады.
Жекешелендіру объектілерін жалдаушыға (жалгерге) және сенім білдірілген басқарушыға сатуға олар тиісті шартты ойдағыдай орындаған жағдайда ғана жол беріледі.
Жекешелендiру объектiсiн сатып алу шарттары, егер олар мүлiктiк жалдау (жал) шартында немесе сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру туралы шартта көзделмеген болса, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
екешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi.
Сатып алынған объектiге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
Ақының мерзiмi ұзартылып төленуiне ықтимал ұзартылып төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушыларға күнi бұрын хабарланған жағдайда ғана жол берiледi.
Жекешелендiрiлетiн объектiнi ақы төлеу мерзiмi ұзартылып сату кезiнде бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес процентiнен кем болмайды, ал ақы төлеудi ұзарту уақыты үш жылдан аспауға тиiс.
Қалған сомаларды төлеген кезде ақша мiндеттемесiн орындау ережесi қолданылады [12].
Ақы төлеу мерзiмi ұзартылып сату кезiнде төленбеген сомаларға тараптардың келiсiмiмен белгiленген мөлшерде процент есептеледi.
Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудiң өзге жолы көзделмеген болса, сатып алушының сатып алған мүлiкке сатушының кепiл алу құқығы төлемдердiң уақтылы өтелуiнiң қамтамасыз етiлуi болады.
Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен,нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.
Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 -- 1992) "Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді.
Екінші кезеңде (1993 -- 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді.
Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды.
Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді.
2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды [13].
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері
Мемлекетсіздендіру (меншікті мемлекет иелігінен алу) - бұл мемлекеттік меншікті түрлендірумен байланысты, экономикада мемлекеттің шамадан тыс рөлін шектеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Мемлекетсіздендіру монополизмді жоюға, бәсеке мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады.
Ол келесі бағыттарда жүреді:
- иемдену процестерін мемлекетсіздендіру
- шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қалыптастыру
- жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру
Жекешелендіру - мемлекет меншігін жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіне берумен байланысты болатын мемлекетсіздендірудің бағыты.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын [14].
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.
Еліміздегі жекешелендірудің бірінші кезеңі 1991-1992 жылдарды қамтыды. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама - 1991-1992 жылдарға арналған Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты - өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру.
Екінші кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған 1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік - жаппай жекешелендіру басталды. ҚР барлық тұрғындары жекешелендіру процесіне қатысуы үшін жекешелендіру купондары қолданылды. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету [15].
1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.
1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.
Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру процесінің нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.
2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта орнына келмейтіндігі айқын болғанда және позитивтік экономикалық дамулар орын алғанда реформаларды одан әрі тереңдету қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.
Мемлекет иеліғінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы. Мемлекет меншігінен алу үдерісі 1992 жылы басталды. Ол алғашында сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және баска қызмет көрсету салаларын сату түрінде өтті. Алғашқы жылы 6200-дей ұсақ мекемелер жекешелендірілді. Ірі кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіп орындары, сол кездегі қолданыстағы заңға орай, еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар, негізінен, жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді [16].
Нарықтың дамуы жеке меншіктің көптүрлілігіне тікелей байланысты. Жекешелендірудің басты-басты үш кезеңі ұсынылды:
1. Жалпылай жекешелендіру. Мұндағы негізгі мақсат -- қоғамның барлық мүшелерін қатыстыра отырып, жеке меншіктік құқықты іс жүзінде дәйектеу. Жекешелендіру барысында азаматтардың 97%-ы тегін купондарға қол жеткізіп қана қоймай, оларды өз қалауынша инвестициялық-жекешелендіру қорларында (ИЖҚ) сақтауға мүмкіндік алды. Республика тұрғындары бұл жолы жеке меншіктік құқыққа емес, бар болғаны ИЖҚ-ның дивидендіне ғана ие бола алды Инвестициялық-жекешелендіру қорларының да бұл кезде өз қиындығы бар еді. Өздерінің емін-еркін ақша айналымы болмағандықтан, олар тұрғындардан келіп түскен купондарды дер кезінде ақшалай түрде қайтара алмады.
ИЖҚ келіп түскен купондарды арнаулы аукциондарға салу арқылы жекелеген мекемелердің акцияларына ие болғанымен, ең мекемелердің дені, өкінішке орай, жұмыссыз еді. Осы және басқа да себептерден инвестициялық қорлар өзін-өзі ақтай алған жоқ. Акционерлік коғамдар жұмысын басшылыққа алу үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz