КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ... ... ... ... ... ... .5
Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...12
2 КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Көлік шарттары жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жүкті тасымалдау шарты көліктік шарттар жүйесінде басым орынды алады, яғни негізгі шарт болып табылады. Себебі дəл осы шарт материалдық құндылықтарды тасымалдаумен байланысты негізгі міндеттерді атқарады. Соған қарамастан, ҚР АК-де жүктерді тасымалдаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу міндеттемелік шарттардың басқа түрлерін реттеумен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленеді. Тасымалдау сияқты күрделі міндеттемені реттейтін ережелерге заң шығарушы жиырма шақты ғана баптарды арнаған (мəселен, салыстыру үшін ҚР АК-нің 25-тарауы сатып алу шартында жүздей бап бар). Жүк жөнелтуші, тасымалдаушы мен жүк алушының арасындағы қарым-қатынас негізінен ҚР АК-нің 34-тарауымен, арнайы көліктік заңдармен, тасымалдау ережелерімен реттеледі.
Азаматтық жəне көліктік заңдардың дамуы мен жетілдірілуі теориялық жəне тəжірибелік тұрғыдан да өзекті болып табылатын көптеген шешілмеген мəселелерді туындатады. Жүк тасымалдау ережелерінің жетілмеуі жəне тəжірибеде қолдану үшін тиімсіздігі, сəйкесінше, цивилистика ілімінде жүкті тасымалдау шартының құқықтық табиғатын, олардың пəні мен мəнісін əрқалай түсінуге əкеледі. Қалыптасқан жағдайды көліктік міндеттемелердің экономикалық табиғатына сай келетін жəне жүкті жеткізу үрдісін ортақ құқықтық реттеудің талаптарына сай келетін ережелерді құрастыру жолымен түзетуге болады. Бұл міндетті шешу зерттеу пəні болып табылатын шарттың жəне олардың негізі болатын экономикалық қатынастардың құқықтық табиғатын нақты зерттеу қажеттігін анықтап береді.
Жұмыстың өзектілігі. Жүкті тасымалдау шартының заңды табиғатына жүргізілген зерттеу жұмысы азаматтық құқық ғылымында біртекті көзқарастардың қалыптаспағанын байқатады. Жүкті тасымалдау шартының құқықтық табиғатына қатысты пікірталастар заң əдебиетінде кеңестік дəуірден бері толассыз жүргізіліп келеді. Зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарының көптігіне жəне олардың құндылығына қарамастан, көліктің жеке түрлерімен жүкті тасымалдау шартын құқықтық реттеуді жалпылама талдауға жеткіліксіз назар аударылған деп есептейміз.
Тасымалдау шарты -- азаматтық құқықтағы ең маңызды шарттардың бірі, ол ұзақ уақыт бойы мердігерлік шартының жеке түрі ретінде қарастырылып келген болатын. Қазақстандық азаматтық құқықтың аумағында тасымалдау шартын дербес түрге бөліп қарастыру кеңестік мемлекеттің қалыптасу кезеңінде аяқталған ұзақ та қиын үрдістен өтті. Осыған орай курстық жұмыстың тақырыбы өзекті мәселелердің қатарына жатқызуға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Көлік экспедициясының сипаттамасын қарастырып, тасымалдау шарттарына және оның жауапкершілігіне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлеріне сипат беру;
Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілікке тоқталу;
Көлік шарттары жүйесі мен тараптардың құқықтары мен міндеттерін саралау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - тасымалдау шарттары болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталан тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері

Көліктік шарттар жүйесінде жолаушыларды тасымалдау шартының орны бөлек. Күнделікті өмірде бұл шарт ең қолданбалы маңызға ие, себебі көптеген адамдар жұмыс орындарына, демалыс жерлеріне, іссапарларға барар кезде, əр түрлі көліктік қызметтерді пайдаланады.
Жолаушы жəне тасымалдау ұғымдарының құқықтық мазмұнын анықтау қажет. Əр түрлі құқықтық ахуалдарда осы ұғымдардың мазмұны тұрақты болып табылмайды. Тасымалдау ұғымы көліктік, сонымен қатар құқықтық тұрғыда қолданылады. Біріншіден, тасымалдау -- көлік құралын пайдалану арқылы жолаушының (немесе жүктің) кеңістікте қозғалысы бойынша техникалық жəне технологиялық əрекет. Екіншіден, тасымалдау дегеніміз -- азаматтық заңнамамен реттелетін, ерекше шарттық қатынастар.
Жолаушыларды тасымалдауды үш түрге бөлуге болады:
ақылы жəне ақысыз қызмет ретінде орындалатын жолаушыларды тасымалдау. Осындай қызметтердің үлгісі бұл жолаушыларды автобустар, таксомоторлар, теміржол жылжылмалы құрамдары, кемелер жəне əуе кемелері арқылы коммерциялық тасымалдау. Жоғарыда аталған қызметтердің қатарына ардагерлерді оларға ұйымдастырылған мерейтойларға ақысыз жеткізуді жатқызуға болады, себебі ардагерлер ұйымдастырушыдан немесе тасымалдаушыдан бұл қызметті ақысыз шарттың негізінде алады;
əр түрлі ұйымдармен жəне басқару органдарымен қызмет ету барысында орындалатын, бірақ құқықтық түсіну жағынан тасымалдау қызметі ретінде танылмайтын жолаушыларды тасымалдау. Бұл қызметтік-технологиялық тасымалдау деп аталады. Олардың қатарына жататын: басқару ұйымдардың жəне əр түрлі мекемелердің қызметкерлерін қызметтік көліктерінде тасымалдау, жұмыскерлерді жұмыс орындарына төлемақысыз жеткізу. Егерде аталған тасымалдау үшін төлемақы алынатын болса (мысалы, жұмыскердің еңбекақысынан ұстап қалу), бұл жолаушыларды тасымалдау қызметі болып табылады;
мүлкінде болған, жалға алынған, сеніп берілген көлік құралдары арқылы тұрмыста тұлғалармен жүзеге асырылатын жолаушыларды тасымалдауы. Аталған тасымалдаудың түрлері -- отбасы мүшелерінің, туысқандарының, таныс адамдардың жəне тағы басқалардың жол жүрулері (сапарлары) жəне жолаушыларды осылай тасымалдаудың басты құқықтық ерекшелігі ретінде коммерциялық негіздің жоқтығы жəне жеке мүдделердің қанағаттандырылуы табылады.
Жолаушыға, оның қол жүгіне жəне жүктеріне зиян келтірген жағдайларда тасымалдаушыға тасымалдаудың түрімен байланысты белгілі жауапкершілік туындайды.
Өз кезегінде, жолаушы да құқықтық жəне технологиялық аспектілерінде қарастыруға жатады. Бірінші кезекте, жолаушы бұл тасымалдаудың объектісі немесе тірі зат ретінде танылады. Екінші кезекте, жолаушы -- тасымалдаушымен пайда болған алуан құқықтық қатынастардың қатысушысы. Осындай қатынастар əр түрлі салдарды туғызады жəне азаматтық, əкімшілік, қылмыстық жəне еңбек заңнамаларымен реттеледі.
Қызметті көрсету барысында жолаушы ретінде тасымалдау жөнінде осы қызметті тікелей алушы болып табылатын жеке тұлға танылады. Яғни, жүру құжаты бар, көліктік құралында тасымалданатын, бірақ осы көліктің қызметтік экипажының құрамына кірмейтін тұлға.
Көлік құралындағы экипаждың өзге де мүшелері жəне тасымалдау үшін бағыттық бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар жолаушылардың қатарына жатпайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 690-бабына сəйкес, жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді жəне оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді, жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде -- теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді [1].
Бұл шарт -- тасымалдау жөніндегі міндеттемелердің бір түрі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 34-тарауында жəне Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 40-тарауында осы шарт тасымалдаудың өзге де шарттарының арасында аталған (жүктерді тасымалдау, фрахт жүргізу).
Жолаушыларды тасымалдау шарты -- дербес азаматтық-құқықтық шарт. Жолаушыларды тасымалдау шарты мен жүктерді тасымалдау шартының арасындағы байланысын Х.И.Шварц келесідей белгілейді: Бұл екі шарт өз орындарында болып, тасымалдау қызметін көрсету жөніндегі қатынастарды реттейді [2]. Жүктерді тасымалдау шартының пəні сияқты жолаушыларды тасымалдау шартының пəні ретінде көліктік қызметтер танылады, яғни, адамдарды (жолаушыларды) басқа жерге тасу жөніндегі қызметтер. Осы шарттың көмегімен көліктің ең басты қызметі іске асырылады, халықтың ауыспалылық мұқтаждары қанағаттандырылады. Демек, жолаушыларды тасымалдау шартының басты мазмұны тасымалдаушы жолаушыны жəне оның қол жүктерін баратын мекеніне жеткізу міндеті [3]. Бұл осы шарттардың арасындағы ұқсастығы. Бірақ тасымалдауға жататын объектілердің сипаты бойынша аталған шарттар бір-бірінен ажыратылады. Жүктерді тасымалдау шартының объектісі -- материалдық объект -- жүк (көптеген жағдайларда -- тауар). Керісінше, жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау шарты жеке тұлғаның -- жолаушының, ал кейбір жағдайларда оның жүгін тасымалдау жөнінде пайда болатын қатынастарды реттейді. Сонымен, тасымалдаушымен қызмет көрсетудің тұтынушысы болып жолаушы табылады. Сондықтан жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдаумен байланысты қатынастарға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, көліктік заңдардан, ережелерден басқа, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы да қолданылады. Жолаушыларды тасымалдау шартында қызметті тұтынушы ретінде тек қана жеке тұлғалар бола алады.
Цивилист-ғалымдардың арасында жолаушыларды тасымалдау шарты жəне жүктерді тасымалдау шарты екі дербес шарттар ретінде қарастырылады. Ресей цивилисті О.Н.Садиковтің пікірі бойынша, жолаушыларды тасымалдау шарты бұл азаматтық-құқықтық шарттардың дербес түрі болып табылады жəне жолаушымен бірге қол жүктерін (жолаушының жеке иеленген заттарын) де тасымалдау бойынша шарттың мазмұны жүктерді тасымалдау бойынша талаптармен толықтырылады [4].
С.С.Ушаковтың ойынша, жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау шарты -- бұл жолаушыларды да, жүктерді де тасымалдау туралы талаптарды ұсынатын азаматтық-құқықтық шарттардың жеке дербес түрі [5]. М.Д.Блатнов осыған орай бір-бірімен байланысы жоқ жолаушыларды тасымалдау шарты жəне жүктерді тасымалдау шарты -- екі дербес шарттар деген тұжырымға келген. Өз ойын шарттарды жасасу айырмашылықтарымен, шарттардың құжатты рəсімделуімен, тараптардың құқықтары мен міндеттерінде жəне аталған шарттар бойынша жауапкершілігімен негіздейді [6].
Сонымен, О.Н.Садиковтың пікірі дұрыс деп есептейміз, өйткені жүктерді тасымалдау міндеті пайда болуы үшін, құқықтық факті ретінде танылатын қосымша келісім қажет. Демек, тасымалдаушы мен жолаушының арасында пайда болған күрделі келісімі тағы да бір құқықпен жəне оған жүкті тасымалдау міндетімен толықтырылады. Егер де негізгі шарт жол жүру құжатымен рəсімделетін болса, қосымша келісім жүкті тасымалдауға алғанын растайтын жүк шот-түбіртегімен куəландырылады.
Көріп отырғанымыздай, жолаушыны тасымалдаудың негізгі шарты -- консенсуалды шарт. Тараптардың келісімге келген уақытынан бастап пайда болып, ол жол жүру құжатымен рəсімделеді. Тасымалдаушының жүкті тасымалдау жөніндегі міндеті жəне осындай тасымалдауды талап ету құқығы нақты болып табылады. Олардың пайда болуы үшін, тасымалдаушыға жүк шот-түбіртегімен расталған жəне жолаушының жол жүру құжатында белгісі (штемпель) бар жүкті беру қажет. Жүкті тасымалдаушыға жүктің жүру мекенінде немесе жол бойы тапсырғанына қарамастан, жолаушымен жол жүруі құжатын көрсеткен кезде ғана тапсырылады. Жүк жолаушының баратын мекеніне жетпей жатып, қайтарылуы мүмкін. Жүктің қайтарылуы жолаушыны тасымалдау міндетін тоқтатпайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шартын бөлек бапта қарастырады. Аталған шарт тұтынушылық шарттардың қатарына жатады. Тасымалдаушы ретінде бұл қатынастарға коммерциялық ұйымдар (кəсіпкерлер) қатысады. Жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау шартын жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты деп тануға болады. Ол үшін тиісті коммерциялық ұйым заң, ережелер немесе лицензия (патент) жүзінде, кез келген тұлғаның жолдануы бойынша осындай тасымалдауды жүзеге асыруға тиіс. Азаматтық кодекстің 695-бабының 2-тармақшасына сəйкес, жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты жария шарт болып табылады. Тасымалдау шартының тұтынушылық сипаты оның жариялылығын белгілейді жəне жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шартының нормаларын белгілейді.
Тасымалдау шартының тұтынушылық сипаты жолаушыларды тасымалдау шартын да ерекше нақтылайды. Жолаушының кез келген көлiк түрiне жəне жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытында билет сатып алуға жəне сатып алған билетiне сəйкес орын алуға құқығы бар. ҚР АҚ 387-бабына сəйкес, бұл орынның категориясымен де, көлік құралындағы белгіленген орнымен қатысты.
Жолаушының поезда жүруіне тыйым салыну жəне оны поездан түсіріп тастау мына жағдайларда жол беріледі:
а) көлік құралында бос орындар болмаған жағдайда;
б) ҚР заңнамасымен қарастырылған жағдайларда, Үкіметтің қаулысы бойынша жолаушыларды тасымалдау тоқтатылғанда;
в) жол жүру барысында мас күйінде болып, қоғамдық тəртіпті бұзып, басқа жолаушылардың мазасын алса;
г) жолаушы тиісті көлік түрінде əрекет ететін ережелерге бағынбаған жағдайларда. Жолаушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тасымалдың тікелей шарттары ғана емес,сонымен қатар тиісті қосымша қызмет жəне қажетті инфрақұрылымның бар болуы да маңызды [7].
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен байланысты операцияларды орындауға ашық станциялар осы операцияларды орындауды қамтамасыз ететін талаптарға сай болу керек. Вокзалдарда билет кассалары болуы керек, тасымалдың мөлшеріне байланысты жүктерді қабылдау жəне беру, сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзит жолаушыларына, ана мен балаға арналған демалыс бөлмесі, ресторан жəне тамақтану орындары, тағы басқа жайлары жабдықталуы қажет.
Жолаушыларды тасымалдау шарты ақылы шарттардың қатарына жатады. Жол құжатын (билет) сатып алған кезде, жолаушы тасымалға ақы төлеу міндетін орындайды, жүктерді тапсырған кезде оларды тасымалдау үшін жеке ақы төлейді. Жалпы пайдаланыстағы көлік пен жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға ақы төлеу мөлшері көлік туралы заң актілерінде белгіленген тəртіппен бекітілген тарифтер негізінде айқындалады. Жоғарыда айтылғандай, жүктерді тасымалдау сияқты көліктік заңнамасында тарифтердің айқын тəртібі əлі белгіленбеген. Темір жолы көлігін санамағанда, қалааралық жəне қалалық бағыттарында жүктерді жəне жолаушыларды тасымалдау кезіндегі тарифтердің реттелуі заңмен анықталған тəртіпте жүзеге асырылады.
Жолаушы құқықтарының басты кепілдемелерінің бірі -- тасымалдаудан, яғни шартты орындаудан, бас тартуы. Жолаушымен алдын ала тапсырған жол құжаттарының ақысы тасымалдаушымен қайтарылып беріледі. Бұл ережелер көліктің барлық түрлерінде əрекет етеді. Шарт жолаушының бастамасы бойынша тоқтатылған кезде, көліктік ұйымдар (шарттың тоқталған уақытымен байланысты) белгілі бір ақша сомасын ұстап қалады. Ұстап қалудың мақсаты шығындарды өтеу емес, ол шартты орындаудан біржақты бас тартқан үшін алдын ала жарияланған тұрақсыздық айыбын өтеу.
Егер де тасымалдаудан тасымалдаушы бас тартатын болса, ол өз есебінен жолаушыны баратын мекеніне жеткізуге немесе шарттың тоқтатылуымен байланысты барлық шығындарды өтеуге міндеттенеді.
Тасымалдау төлемдерін төлеген кезде жолаушылардың белгілі бір санаттарына артықшылықтар көрсетіледі. Жолаушылардың кейбір категориялары тасымалдау үшін төлеуден ҚР Заңдарымен, ал қалалық жəне жергілікті бағыттағы көлікте -- жергілікті атқарушылық органдардың шешімімен босатылады. Артықшылықтар мен жеңілдіктерді көрсеткені үшін көліктік ұйымы бұл шығындарды тиісті бюджеттің қаражаттары арқылы жүзеге асырады.
ҚР АҚ 698-бабына сəйкес, тасымалдаушы теңдеме жүктерін, жолаушыны тиісті пунктке көлік туралы заң актілерінде айқындалған белгіленген мерзімде, ал бұл мерзімдер көзделмеген болса, қисынды мерзімде жеткізуге міндеттенеді. Жолаушы мен жүктің келу жəне кету мерзімдері тиісті көліктік ұйымдардың жүру кестелері бойынша белгіленеді.
Жолаушы жолда аялдаған кезде қалалық жəне қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тəулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы.
Жолаушыда тасымалдаудың барлық түрлерінде көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге жəне тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тəртiбi көліктік ережелерімен белгіленеді.
Егерде жолаушы поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүру билетін тапсырса, жол жүру құнының толық құнын алады, ал 24 сағаттан аз уақыт қалғанда, бірақ поездың жөнелтілуіне дейін 6 сағат қалғанда тапсырып, билеттің құнын жəне плацкарт құнының 50 пайызын алады.
Поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз жəне поезд жөнелтілгеннен кейін 3 сағаттан аспайтын уақытта тапсырса, билеттің құнын алады, ал плацкарттың құны ұсталынып қалады.
Бірақ барлық жағдайларда тасымалдаудан бас тартуы бұл билетті сатып алған тұлғаның құқығы ретінде танылады, сəйкесінше, ол үшін ешқандай санкциялар қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жолаушының кез келген көліктегі басты құқықтарын анықтайды. Осы құқықтардың əрқайсысы нақтылана отырып, көлік туралы нормативтік актілермен жəне оларға сəйкес белгіленген көліктің белгілі түріне қатысты тасымалдау ережелерімен толықтырылады.
Мысалы, жолаушы:
əуе көлiгiнен басқа көлiктiң барлық түрлерiнде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз жəне iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық жəне қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей, 2 жасқа дейiнгi бiр баланы əуе көлiгiнде, оған жеке орын бермей тегiн алып жүруге немесе, халықаралық тасымалдарды қоспағанда, əуе көлiгiнде 2 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттi оның толық құнының 50 процентiн төлей отырып, сатып алуға;
белгіленген нормалардың шегінде (олар көліктің кейбір түрлерінде əрекет ететін жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдау туралы ережелерімен қарастырылады) өзімен бірге қол жүгiн тегiн алып жүруге;
тариф бойынша ақы төлеп, теңдеме жүкті тасымалдауға тапсыруға құқылы.
Аталған басты құқықтардан басқа көліктік заңнамасымен жолаушының қосымша құқықтары да қарастырылған (мысалы, науқастануына немесе қайғылы оқиғаға байланысты поезға кешіккен жағдайда, жол жүру құжаты (билет) алынған поезд жөнелтілгеннен кейінгі 3 тəулік ішінде емдеу-медициналық мекеме берген құжат негізінде қайтарылады, жолаушы жол жүру құжатын (билет) қосымша плацкарт ақысын төлеп, басқа поезға жаңарта алады немесе плацкарт құны шегерілген жол жүру құнын қайтарып ала алады жəне т.б).
Ал егер де жолаушының міндеттері туралы айтатын болсақ, тасымалдау үшін ақыны төлегеннен басқа, қоғамдық тəртiптi, жолаушы вагондарын жəне вокзал үй-жайларын пайдалану ережелерiн сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға мiндеттi.
Көліктік заңнамада теңдеме жүк деп жолаушымен бірге тасымалданатын (арнайы жүк жиналатын бөлімде), не жолаушыдан бөлек теңдеме жүктер тиелетін бөлімдерінде орналастырылатын, белгілі бір көлемнен (мөлшерден) жəне салмақтан аспайтын заттар танылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 690-бабына сəйкес, теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша, жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді жəне оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді, жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде -- теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Теңдеме жүкті тасымалдауға құқықтың негізі болып жолаушыларды тасымалдау шартын жасасу табылады. Сондықтан теңдеме жүкті тасымалдау шарты жолаушыларды тасымалдау шартына қатысты тəуелді жəне қосымша сипатта болады.
Теңдеме жүкті тасымалдау шарты оны тасымалдауға қабылданған сəттен бастап жасалған деп есептеледі, яғни нақты шарт болып табылады. Теңдеме жүкті тасымалдауға қабылдау теңдеме жүктің түбіртегімен (жетон, үзіндімен) рəсімделеді. Бірақ бұл құжат жолаушыларды тасымалдау шартының əрқашанда жазбаша нысаны болып табылмайды. Əдетте ол тек қана жасалған шарттың болуын куəландырады. Сондықтан əдебиетте бұл шарт жолаушыларды тасымалдау шарты сияқты тек қана жазбаша нысанда жасалып қоймайды [8].
ҚР Көлік туралы Заңының 13-бабында анықталғандай, əуе көлігіндегі, қала жəне қала маңындағы автобус тасымалдарында тегін алып жүретін қол жүгі мен теңдеме жүктің салмағы 20 кг-нан аспайтын болып белгіленеді [9].
Теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының міндеті болып теңдеме жүкті уақытылы сақтаулы күйінде жеткізу жəне оны теңдеме жүкті қабылдауға уəкілетті тұлғаға тапсыру табылады. ҚР заңнамалары бойынша тасымалдаушының бұндай міндеттері Жолаушыларды жəне теңдеме жүктерді тасымалдау ережелерінде нақтыланады.
Жолаушының теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша негізгі міндеті -- теңдеме жүкті тасымалдау ақысын төлеу. Төлемақының ставкалары тарифтермен анықталады.
Тасымалдаушы жүк-багажды келген күннен бастап 30 күн бойы, кедендік бақылауымен келген жүк-багажды 15 күн бойы сақтауға міндетті (185 - 186 б.) [10].
Теңдеме жүктің жетіспеушілігі, жоғалуы, зақымдануы фактілері, жолаушының талап етуі бойынша, теңдеме жүкті беру сəтінде белгіленген нысандағы актімен рəсімделінеді.
Теңдеме жүкті тапсыру кезінде жолаушымен заң бұзушылықтарға жол берілген болса, онда ол көлік құқығымен анықталған мүліктік жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, көлік заңнамалары бойынша, тасымалдауға тапсырылатын теңдеме жүктен тасымалдауға тыйым салынған заттар анықталса, теңдеме жүктің иесі тарифпен белгіленген əрбір теңдеме жүктің орны үшін айыппұл төлейді. Жолаушы сондай-ақ осындай теңдеме жүкті тасымалдағаны үшін шығын да төлейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша кінə мен талаптар қою тəртіптерін реттемейді, сондықтан оған көліктік заңнамалардың нормалары пайданылады. Сондай-ақ бұндай қатынастарға Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Заңы жəне соның негізінде қабылданған басқа да нормативтік-құқықтық актілер де қолданылады.
ҚР Көлік туралы Заныңың 17 - 1-бабы бойынша, тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнінде талап-арыз бергенге дейін оған міндетті түрде талап қойылады. Теңдеме жүкті жеткізіп беруді кешіктіргені үшін тасымалдаушы теңдеме жүкті алушыға кешіктірген мерзімнің əрбір тəулігіне тасымал үшін төленген ақының 10 пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді, бірақ ол тасымалдау үшін төленетін ақының 50 пайызынан аспауға тиіс (18-б.) [9].
Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кінə қоюға жолаушының, жөнелтушінің (жүк жөнелтушінің), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
Өтініш берушінің кінə қоюға құқығы бар екендігін куəландыратын құжаттар жүк тасымалдау ережелеріне сəйкес, кінə қоюға қоса тіркелуге тиіс:
жолаушылар поезының жөнелтілуі кідіртілген немесе ол кешігіп келген жағдайда -- жол жүру құжаты (билет);
багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткізіп беру мерзімін бұзған жағдайда -- багаждың, жүк багаждың квитанциясы;
багаж, жүк-багаж жетіспеген, бұзылған (бүлінген) жағдайда -- багаж, жүк багаж квитанциясы мен коммерциялық акт.
Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің 33-бабының 3-бөлімінде тасымалдау шартынан туындайтын істер бойынша айрықша соттылықты орнатады -- көлік ұйымының тұрақты əрекет етуші органының мекенжайы бойынша талап қойылады [11].
ҚР Көлік туралы Заныңың 17 - 1-бабы бойынша, талап қою мерзімі жүкті жəне (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз мерзімі заңдарда белгіленген тəртіппен реттеледі делінген. Демек, аталмыш Заң көліктік заңнамаларға сілтеме жасайды. Мəселен, ҚР Темір жолы көлігі туралы Заңының 93-бабына сəйкес, жолаушыларды теңдеме жүктерді тасымалдау шарты бойынша талаптың ескіру мерзімі алты ай деп белгіленген.
Сонымен, жоғарыда қарастырылып өтілген ғалым-заңгерлердің тұжырымды көзқарастарын зерттеп, нормативтік-құқықтық актілер мен құқық қолдану тəжірибесінің материалдарына талдау жүргізіп, келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.
Жолаушыларды жəне теңдеме жүктерді тасымалдау шарты жүктерді тасымалдау шартымен саластырғанда заңды табиғаты бойынша өзара, ақылы жəне консенсуалды болып табылады, жасасу нысаны -- жазбаша, сəйкесінше, жол жүру құжатымен жəне жүк-багаждың квитанциясымен расталады. Жаңашылық ретінде қалалық көлігіндегі құжаттардың нысаны əдеттегідей жергілікті атқарушылық органдардың шешімдерімен емес, заңмен бекітілуі.
Жолаушының кассадан жол жүру құжатын, содан кейін (мүмкін, бірнеше күн өткеннен кейін) орнын алған жағдайларда жолаушыларды тасымалдау шарты консенсуалды деп сипатталады. Бірақ, басқа тəртіпке сəйкес, қала көлігінде орын алуы немесе жолаушының конклюденттік іс-əрекеттерді орындауы (турникет - автоматқа тиындарды салу) жолаушы жəне тасымалдаушының арасында осы шарттың жасалғандығы туралы мəлімдейді. Жолаушыларды тасымалдау шартының ауызша нысанында жасасуы да мүмкін (мəселен, жеке таксомоторларда жүрістері).
Тасымалдау жөнінде қатынастардың тиісті құқықтық регламентациясына қарамастан, бұл қатынастарды реттейтін заңнама əлі күнге дейін толық жетілдіруіне жеткен жоқ. Сондықтан тасымалдау шартының қарастырылған түрлерін толықтыру жəне тəжірибелі қолдану мақсатында, заңнаманың жетілдіруінің келесі жолдарын ұсынамыз.
Қазақстан Республикасында тасымалдаудың кең құқықтық регламентациясы жəне арнайы заңнаманың шашыраңқылығы қолдану кезінде кейбір қиыншылықтарды туғызады. Көліктік заңдарына сəйкес қабылданатын ережелер осы заңдарды кеңейту жəне нақтыландыру үшін қажет. Бірақ арнайы заңдарда жəне ережелердегі нормалардың бəсекелестігі кезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі немесе арнайы көліктік заңдардағы нормаларына басымдық беріледі.
Сондықтан, көліктік қызметтердің əр түрлі салаларын кешенді қамтитын көліктік кодексті қабыдауды ұсынамыз, себебі бұл заңнаманың шашыраңқылығын жояды жəне осы саладағы заңдарды жүйелелендіріп, бірегейлендіруге мүмкіндік береді деген ойдамыз.

1.2 Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілік

Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында тендеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік кағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік құралын жөнелтуді кідірткені немесе мұндай көлік кұралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалык және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу дүлей күштің салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген мөлшерде айыппұл төлейді.
Жолаушы көлік кұралы жөнелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға кіре ақысын толық көлемде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді. Осылайша, Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр жақта қарастырылған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымалдау немесе тендеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің нақты талаптары көлік конвенцияларында накты керсетілген. Бірақ, ескеретін нәрсе, көрсетілген халықаралық келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана ұлттық зандылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және жолаушыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзгерте алмайды, не алып тастай алмайды.
Кеңестік құрылыс мақсатын шешуде көлік маңызды орын алады. К.Маркстің айтуынша, көлік материалды өндірістің төртінші қабаты деп танылған.1 Қоғамдық өндіріс шеңберіне тікелей қатысу барысында көлік халық шаруашылығының басқа да салаларының сапалық көрсеткіштерін белгіледі. Оның өнімі болып - жолаушылар мен жүктерді орын ауыстыру процесі болып табылады. Көлік өнімді оны қолдану жеріне жөнелту арқылы айналым шеңберіне енгізеді. Көлік өндіріс процесінің үзіліссіз және қалыпты дамуын қамтамасыз ететін шаруашылық механизмінің құралына жатқызылды. Осылайша ол шикізатты, материалды, құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін тасымалдау барысында өндірістің тұрақтылығын, ауыл шаруашылық және өндіріс өніміне айналуын қамтамасыз етті. Сондай-ақ халық шаруашылығының барлық саласының қажеттілігін, тасымалдау барысында азаматтардың қажеттілігін қанағаттандырды.
В.И.Ленин көлікті біздің экономикамыздың өндіріс пен ауыл шаруашылық байланысының материалдық тірегі, шетелмен байланыстырушы материалдық құралы деп атап көрсеткен.
КСРО-дағы көлік жүйесі жалпы көліктің жекелеген түрлерімен теміржол, өзен, теңіз, әуе және автомобильмен жүзеге асады.
Теміржолмен тасымалдау 1964 жылғы 6 сәуірде КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен қабылданған КСРО-ның теміржол Жарғысымен жүзеге асырылады.
Автомобиль көлігімен тасымалдау 1969 жылғы 8 қаңтардағы КСРО Министрлер Кеңесі қабылдаған автомобиль көлік Жарғысымен реттелген. Өзен көлігімен тасымалдау 1955 жылғы 15 қазандағы КСРО Министрлер Кеңесімен қабылданған КСРО Ішкі су көлігі Жарғысымен (ІСКЖ) реттелген.
Теңіз көлігімен тасымалдау 1968 жылғы 17 қыркүйектегі КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен қабылданған Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Кодекспен реттелген.
Әуе көлігімен тасымалдау 1983 жылғы 11 мамырдағы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарғысымен қабылданған КСРО Әуе Кодексімен реттелген.
Қазақстан экономикалық даму қарқыны жағынан әлем мемлекеттерінің көш басына шыққан республика. 2008жылға қарай Қазақстан Жалпы Ішкі Өнім көрсеткішін екі еселеп өсіруді көздеп отырғаны жайында аз айтылып жүрген жоқ. Өнім көбейген сайын жолаушы, жүк тасымалының тамырындағы қан да таси түсері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік экспедициясы
Халықаралық көлік - экспедициялық қызметтің құқықтық негіздері
Тасымалдау шарты жайлы
Тасымалдау шартының тараптары
Транспорттық-экспедиторлық қызметті ұйымдастыру
Тасымалдау шарты
Жүкті тасмалдау шартын жасау тәртібі.
Көлiк экспедициясы шарты туралы
Тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi және оларды құқықтық реттеу
Жолаушы тасымалдау шарты
Пәндер