ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Депутаттардың Конституциялық-құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Парламент депутаттарының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2 ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Депутаттық әдептің мәні мен түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Депутаттық әдептің негізгі ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Парламент жүзеге асыратын негізгі қызмет - заң шығармашылығы.
Бүгінде ҚР Парламенті мемлекеттің кез-келген мәселесі бойынша заң шығаратын орган емес. Алдыңғы Конституцияларға қарағанда 1995 жылғы ҚР Конституциясы Парламенттің заң шығармашылығының пәнін анықтап берді. Парламент енді Конституцияның 61 бабының 3 тармағында белгіленген, 11 тармақшаға жинақталған мәселелерге қатысты ғана заңдар шығарады. Атап айтсақ, 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне; 2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; 5) республикалық бюджетке; 6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға; 8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 9) айналадағы ортаны қорғауға; 10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына; 11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен (жарлық, қаулы, шешім, т.с.с.) реттеледі.
Жұмыстың өзектілігі. Жаңа заман жаңашылдықты талап етеді, ол адамға, қоғамға және тіпті мемлекетке де қатысты айтылады. Қажетті саяси, материалдык, рухани қажетін қанағаттандыру үшін азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер қабылдауға халықтық құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу кұкығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген.
Парламент биліктің үш тармағының бір буыны болып табылады және оған заң шығару өкілеттігі берілген. Парламенттің мемлекет өміріне тиімді заңдарды қабылдауда маңызы өте зор. Өйткені Парлемент халықпен сайланатын депутаттардан құралады және ол депутаттар нақты халыққа қандай заңдар керек екендігін біледі.
Алқалық өкілдік органның мүшелерін депутаттар, делегаттар, парламентарийлер және т.б. деп атау қалыптасқан. Депутат деп әлемде, әдетте, парламент палаталарының төменгі палатасы өкілдерінің мүшелерін айтады, ал жоғарғы тұрған палата мүшелерін әртүрлі атайды (Францияда - сенаторлар; Ұлыбританияда - лордтар, Германияда - Бундесрат өкілдері деп атау қалыптасқан).
Ал біз Қазақстан Республикасы Констиутциясына сәйкес қос палатаның өкілдерін де депутат деп атаймыз және олардың айырмашылығы олардың сайлану тәртібімен және олардың жүзеге асыратын функцияларымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесін анықтап, олардың заң шығару үрдісіндегі рөліне бет бұру болып табылады.
Аталған курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихына шолу жасау;
Қазақстан Республикасындағы парламент палаталары құрылуының құқықтық негіздерін айқындау;
Парламент құру тәртібі және құрылымын, депутаттарының өкілеттілігін, заң шығару үрдісі мен Парламентті тарату үрдісіне талдама жасау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыста қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Парламенттің қандай конституциялық құқықтық актілерді шығаруға, оның қандай өкілеттілігі бар болуына тоқталып, республика халқының еркін білдіретін,
ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын өкілді орган ретінде қарастырылып, олардың жалпылама сипаты қарастырылған.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Парламенті.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық құқықтың қайнар көздері.
Курстық жұмыстың құрылымы. Қазақстан Республикасының Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Депутаттардың Конституциялық-құқықтық жағдайы

Парламент -- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі -- алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі -- бес жыл.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады [8].
Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен алынып тасталды.
Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады [9].
Парламент депутаты:
ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және өкілеттігінен әрі депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі -- Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі -- Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді [10].
Депутат Парламент сессиясында және өзi құрамына кiретiн оның органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Парламент депутаты:
1) Парламент пен оның Палаталарының үйлестiрушi және жұмыс органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
2) сессияның күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың мәнi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер енгiзуге;
3) Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не Парламент Палаталары тағайындауға келiсiм беретiн лауазымды тұлғалардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрiн айтуға;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстарында қарау үшiн ұсынылатын мәселелер бойынша Палаталар Бюросына ұсыныстар енгiзуге, ал оның ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Палаталардың пленарлық отырыстарының қарауына енгiзуге;
5) Парламент пен оның Палаталары органдарының отырыстарында қарау үшiн мәселелер ұсынуға;
6) Парламент Палаталарына есептi лауазымды тұлғалардың есебiн немесе хабарламасын Парламент сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
7) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сұрау салуға;
8) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ отырысқа төрағалық етушiге сауалдар беруге;
9) дауысқа салу себептерi бойынша өзiнiң ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтама беруге;
10) Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың, басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер енгiзуге;
11) Парламент депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар үндеулерiмен таныстыруға;
12) Парламент отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларындағы депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Кезектi сайланған Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған кезден басталады және келесi сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлiгi Мәжiлiс сайланымының кезектiлiгiмен айқындалады. Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмi кезектi сайланған Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiмен айқындалады.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл [11].
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.
Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда -- Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды [12].
Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн -- Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.
Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.
Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi [13].

Парламент депутаттарының қызметі

Сенат және Мәжілістің бiрлескен отырысында Парламент:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi. Үкiметтiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн Парламенттiң бекiтпеуi Парламенттiң Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенiн көрсетедi;
Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы;
соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi;
Республика Президентiнiң ұсынысы бойынша бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн Республиканың Қарулы Күштерiн пайдалану туралы шешiм қабылдайды;
Конституциялық Кеңестiң Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
палаталардың бiрлескен комиссияларын құрады, олардың Төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметi туралы есептердi тыңдайды;
Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады [14].
Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның iшiнде:
республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
мемлекеттiк салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды;
Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелерiн шешу тәртiбiн белгiлейдi;
мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн айқындайды;
мемлекеттiк заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуi туралы мәселелердi шешедi;
рақымшылық жасау мәселелерiн шешедi;
Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды.
Сондай-ақ:
республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi талқылайды;
Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi.
республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтередi.
Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Сенаттың ерекше өкілеттігіне:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
Республика Президентiнiң Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру;
Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындау (Парламенттiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын Сенат екі рет орындады: бірінші рет - 2007 жылғы 21 маусым -11 шілде аралығында, екінші рет - 2011 жылғы 16 қараша - 2012 жылғы 19 қаңтар аралығында);
Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Парламент Сенатының дербес өкілеттігі
Әр Палата дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екi мүшесiн, Республикалық бюджеттiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депутаттардың Конституциялық мәртебесі
Парламенттік басқару формасы
Парламент пен оның Палаталарының өкілеттіктері
Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар
Кәсіподақтық түсінікті қалыптастыру
ҚР-сы Парламенті
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары
Республика Президентін қызметінен босату туралы Мәжіліс қозғаған мәселені қарастыру және оның нәтижесін Палатаның бірлескен отырысының қарауына шығару
Саяси жүйелер
Пәндер