ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
Президенттің құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Президенттің өкілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Заң шығарушы бастама құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ

Әлемдегі әрбір елдің өзіндік жүріп өткен жолы мен тарихы бар. Олардың барлығы мемлекеттің құрылуы мен қалыптасу үдерістерін басынан өткерген. Мәселен, АҚШ, Франция елдері де өркениетті қоғамға сәйкес Президенттік билік институтын құрып, саяси модернизация жасаған.
Жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттің және атқарушы биліктін басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет АҚШ-та пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі танда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдірінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдайды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырлармен сипатталады: Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағындайды қызметінен босатады; Президент заңдар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған заңдарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға құқылы; Президент өз қалауымен заң күші бар Жарлықтар шығара алуға құқығы бар; Президент лауазымы бойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады және тб өкілеттігі өте көп. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.
Қазақстанда президент қызметін белгілеу алғашынан-ақ еліміз дамуының ерекшеліктерімен, нақты саяси жағдаймен, саяси мүдделердің арасалмағымен тығыз байланысты болды. Мұның өзі заңды да еді. Елдің даму сипаты президент институтының қандай болмағына тікелей әсер ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Тіпті, басқа елдердегі президент институтының конституциялық үлгісін бұлжытпай көшіріп алған жағдайдың өзінде, оның өзіндік ерекшеліктері болмай қоймайды. Саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуында президент институтының маңызы қандай екендігін объективті түрде талдау үшін елдің тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктері сияқты барлық шарттарды түгел ескеріп отыру қажеттігі туындайды. Басқарудың белгілі бір жүйесін, президенттіктің белгілі бір жүйесін таңдау, әсіресе, егер бұл таңдау жаңа саяси жүйенің қалыптасу кезеңінде жүзеге асырылса, билікті тұрақтандыру және оның тиімділігін арттыру міндетімен де тікелей байланысты болады. Президенттің ерекше жағдайын айқындайтын басқа да маңызды факторлардың қатарына, елдің осы өзгерістерге дейінгі даму жағдайы, бұрынғы мемлекеттік биліктің ұйымдық құрылымы, саяси күштердің арасалмағы, елдің саяси мәдениетінің деңгейі қандай болғанын жатқызамыз. Бұған қоса, кейде басымдық алып кетуі мүмкін субъективті факторларды да ескеру қажет. Қазақстанда президент институты республикамыз бастап кешіп отырған терең дағдарыс жағдайында қалыптасты. Және де бұл дағдарыс қоғам тіршілігінің барлық салаларын, мемлекеттік басқару жүйесін де қамтиды. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың үзілуі, кеңестік экономикалық жүйенің түбірімен ыдырауы халықтың әл-ауқатын төмендетіп, әлеуметтік шиеленістерді күшейте бастаған. Ұлтаралық, конфессия аралық қатынастар мемлекет тарапынан сақтықты күшейтетін жағдайға келді.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесін қарастыру өзектілікті айқындайды.
Жұмыстың мақсаты: президент конституциялық құқықтық негіздері ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу.
Жұмыстың міндеттері:
ҚР президент туралы ұғымды және оның қалыптасу тарихына көз жүгірту;
ҚР президент институтының конституциялық заңы мен оның модельдерін қарастыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайына тоқталу.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1.1 Президенттің құқықтық мәртебесі

Нарықтық экономикалық қатынастардың қалыптасуы, бірпартиялылықты жою, билікті бөлу қағидатын дәйекті енгізу Қазақстанда президенттік институтты орнықтыруды және нығайтуды талап етті. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Президентінің постын тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1990 жылғы 24 сәуірдегі Заңмен саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер, конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және қауіпсіздігін нығайту, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының өзара әрекетін жақсарту мақсатында ҚазКСР Президентінің постын тағайындады.
Президент мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау, республиканың қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту жөніндегі қажетті шараларды қабылдау құқығына және міндетіне ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық орны ҚР Конституциясының III бөлімінде белгіленген. Осы бөлімнен бастап мемлекеттік органдар туралы мәселені регламенттеу басталады, бұл ҚР Конституциясымен Президентке биліктің жоғары органдары жүйесінде қандай орын берілгендігін куәландырады. Президент - жеке-дара тұрақты іс-әрекет ететін мемлекет басшысы.
Бүкілхалықтық дауыс берумен 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясы, президенттік басқару нысанын және соған сәйкес мемлекеттік құрылысты біржолата бекітті. Президенттік басқару нысаны шеңберінде, билік тармақтарының үстінде тұрған, шын мәнінде, төрелік функцияларына ие болған және соның арқасында мемлекеттік билік органдарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекет басшысының мәртебесі, Қазақстан жағдайындақоғамның саяси және экономикалық жүйелерін кері айналмайтын реформалауды табысты жүргізу үшін барынша қолайлы алғышарттарды жасауға мүмкіндік береді. Президенттің әлеуметтік тұрғыдағы конституциялық-құқықтық мәртебесінің маңызы бірде бір кем емес: көпэтносты және көпконфессиялы, оның үстіне онда жіктелу жүріп жататын, қоғам үшін Президент тұлғасында азаматтық татулық, қоғамдық тұрақтылық және ұлтаралық келісім кепілінің болуы өмірлік маңызды. Бұл дегеніңіз өзін құрған халық алдында биліктің жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.
ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы туралы ҚР Конституциялық заңы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының сабақтастығын, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және демократиялық өзгерістерді одан әрі қамтамасыз ету мақсатында, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, оның бірлігін, Конституциясын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Ұлт көшбасшысы ретіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының саяси және құқықтық тұғырын белгілейді [8].
Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заңдарымен қарастырылған Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерімен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының саяси-құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысыныңоның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де прерогативтері және кепілдіктері белгіленген.
Қазақстандық мемлекеттілікті құрудың бастауларында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі егемен Қазақстанның дамуына аса көрнекті үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлт көшбасшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңға 2011 жылғы 14 желтоқсанда толықтыру енгізілді, соған сәйкес Республикада мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні тағайындалды.
2010 жылы, Қазақстан халқы тарапынан орасан зор шынайы құрмет пен сенімді ескере отырып, нұсқалған Конституциялық заңға түзетулер енгізілді, соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлт көшбасшысы болып табылады.
Республика Президентінің конституциялық мәртебесі, мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабымен белгіленген. Нұсқалған бапқа сәйкес Республика Президенті:
- Мемлекет басшысы;
- Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы;
- Халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мызғымайтындығының нышаны және кепілі болып табылады. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің елдің тіршілік қызметінің барлық салаларында жүзеге асыратын, тек Республика Президентіне ғана тән өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңда және Республиканың басқа да заңдарында қарастырылған.
Республика Президентінің өкілеттіктері:
Елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдайды;
Республика Парламентіне және оның палаталарына кезекті және кезектен тыс сайлауларды тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды жариялайды не болмаса заңды немесе оның жекелеген баптарын қайталап талдау және дауысқа салу үшін қайтарады [9];
ПарламентМәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін, Мәжілістің қарауына келісім беру үшін Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; оны лауазымынан босатады; Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, Үкіметтің құрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, Республика Үкіметінің мүшелерін лауазымдарға тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін лауазымға тағайындайды; Үкімет мүшелерін лауазымдардан босатады; Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуге тапсырма береді; Республика Үкіметінің және Премьер-Министрінің, облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің актілерінің күшін жояды не болмаса толықтай немесе жартылай тоқтатады;
Парламент Сенатының келісімімен Ұлттық Банк Төрағасын, Бас Прокурорды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын лауазымдарға тағайындайды; оларды лауазымдардан босатады;
Республика Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, олардың басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
Республиканың дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және шақырып алады;
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды;
Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;
Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республиканың мемлекеттік бюджетінің есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметшілердің еңбекақысын төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
Республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды;
Келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық келісімшарттарына қол қояды; ратификациялық грамоталарға қол қояды; оның жанында тіркелген шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім және қайтарылмалы грамоталарын қабылдайды;
Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
13.Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
14. Республика азаматтығының, саяси баспана берудің мәселелерін шешеді;
15. Азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады;
16. Республиканың демократиялық институттары, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы, саяси тұрақтылық, оның азаматтарының қауіпсіздігіелеулі және тікелей қауіп-қатерде болған және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда, Премьер-министрмен және Республика Парламенті Палаталарының төрағаларымен ресми кеңескеннен кейін, бұл туралы Республика Парламентін іле-шала хабардар етіп Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдайды енгізуді, Республика Қарулы Күштерін қолдануды қосқанда, аталған жағдаяттармен мәжбүр етілген шараларды қабылдайды;
Республикаға қарсы агрессия жасалған не болмаса оның қауіпсіздігіне тікелей сыртқы қауіп-қатер төнген жағдайда Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде әскери жағдайды енгізеді, жартылай немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентін іле-шала хабардар етеді;
18. Президенттің өзіне бағынатын Күзет қызметін және Республикалық гвардияны құрады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, оның мәртебесі мен өкілеттіктерін белгілейді; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады.
Нұсқалған өкілеттіктер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа әрі ішкі, әрі сыртқы саясатта көрініс тапқан тұрақтылық пен Қазақстан Республикасын дамытудың дәйекті бағытын сақтаудың кепілі болуға мүмкіндік береді [10].
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы туралы ҚР Конституциялық заңында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заңдарымен қарастырылған Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерімен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының саяси-құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысыныңоның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де прерогативтері және кепілдіктері белгіленген.
Мысалға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның тарихи миссиясы арқасында өмір бойы келесі құқықтар тиесілі:
Тиісті мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың міндетті түрде қарауына жататын мемлекеттік құрылыстың, ішкі және сыртқы саясаттың және ел қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері жөнінде Қазақстан халқына, мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға бастамалармен шығуына;
Ел үшін маңызды мәселелерді талқылаған кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының алдында, Республика Үкіметінің мәжілістерінде сөз сөйлеуге; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқаруға, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруге.
Сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Ұлт көшбасшысымен келісілетін болуға тиіс.
Нұсқалған Конституциялық заңмен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы дербес құқықтылыққа ие екендігі белгіленген. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін атқарған кезеңде жасалған іс-әрекеттері үшін, ал олар тоқтатылғаннан кейін - өзінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы мәртебесін жүзеге асыруымен байланысты, мемлекеттік опасыздық жағдайларын қоспағанда жауапкершілікке тартыла алмайды. ұстауға, тұтқындауға, тінтуге, жауап алуға не болмаса жеке тексермеге тартыла алмайды.
Өз өкілеттіктерін тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының қызметін қамтамасыз ету үшін, Конституциялық заңға сәйкес қызметтік үй-жай бөлінеді, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының Кеңсесі құрылады, ол өз міндеттерін орындағаны үшін тек соның алдында ғана жауапкершілік алады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Ұлт көшбасшысын күзету Конституциялық заңмен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне жүктеледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Ұлт көшбасшысына, сондай-ақ оның отбасы мүшелеріне өмір бойыоның тұрақты немесе уақытша жерлерінде мемлекеттік күзет беріледі.
Оның Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Ұлт көшбасшысына белгіленген прерогативтер мен кепілдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінінің күнін мерекелеу - Мемлекет басшысына оның аса көрнекті сіңірген еңбегі үшін құрмет көрсету [11].

1.2 Президенттің өкілеттілігі

Қазақстан Республикасының Президенті -- мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және cот тармақтарына бөлінеді.
1990 жылы 01 сәуірде "Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңы) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды.
Осыған орай Қазақ КСР Конституциясы Президенттің мәртебесі мен өкілеттігі алғаш рет айқындалған "Қазақ КСР Президенті" жаңа тарауымен толықтырылды.
Қабылданған Заңға сәйкес Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР басшысы болып табылды. Қазақ КСР-інің отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл тұрақты тұрған, қазақ және орыс тілдерін білетін азаматы Қазақ КСР Президенті болып сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады.
Қазақ КСР Президентін Қазақ КСР-інің азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлады. Қазақ КСР Президенті бір мезгілде Қазақ КСР немесе Халық депутаттары жергілікті кеңесінің халық депутаты бола алмады.
Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды:
Республика аумағында түратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өкілі болып табылады; Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы Кеңесіндегі өкілі болып табылады; Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне жыл сайын баяндама жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне кандидатураларды ұсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне ұсыныс енгізеді; Қазақ КСР Министрлер Кеңесін орнынан түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алдына мәселе қояды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне ұсынады;
Қазақ КСР зандарына қол қояды; қайта талқылау және дауыс беру үшін өзінің қарсы пікірлерін жазып, заңды екі апта мерзімнен кешіктірмей Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне қайтаруға құқылы; Қазақ КСР-інің мүдделерін қозғайтын КСРО заңдарының КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясына сәйкестігі туралы КСРО Конституциялық қадағалау комитетіне ұсыныс енгізеді; КСРО Министрлер Кеңесінің Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін қаулылары мен жарлықтарының қолданылуын тоқтата тұру туралы КСРО Президентіне өтініш жасайды; КСРО Министрлер Кеңесіне оған қарасты басқару органдарының Қазақ КСР-інің мүдделеріне қайшы келетін актілеріне наразылық білдіреді және наразылық білдірілген актілердің Қазақ КСР аумағында қолданылуын тоқтатады; Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулылары мен жарлықтары, Қазақ КСР министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің актілері Қазақ КСР Конституциясына және Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген ретте олардың қолданылуын тоқтатады, келіссөздер жүргізеді және Қазақ КСР-інің халықаралық шарттарына қол қояды; өзінде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақыру грамоталарын қабылдайды; Қазақ КСР-інің шет мемлекеттердегі және халықаралық үйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады; Қазақ КСР-інің қүрметті атақтарын береді және Қазақ КСР-інің мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды; Қазақ КСР-інің азаматтығына қабылдау, пана беру мәселелерін шешеді; Қазақ КСР соттары соттаған азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Қазақ КСР азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай енгізіп, қабылданған шешімді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне дереу табыс етеді [12].
Қазақ КСР Президенті жанында Қазақ КСР Президентінің Кеңесі жұмыс істеді, оның міндеті Қазақ КСР-нің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылды. Презндент Кеңесінің мүшелерін Қазақ КСР Президент Қазақ КСР Президенті тағайындайды. Президент Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша кіреді. Президент Кеңесінің мәжілістеріне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қатысуға құқылы. Қазақ КСР Президентінің ешкім тимеу құқығы бар. Президент Қазақ КСР Конституциясын бұзған ретте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР Конституциялық қадағалау комитетінің қорытындысын ескере отырып, Қазақ КСР халық депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі даусымен Қазақ КСР Президентіне сенімсіздік білдіреді және оны орнынан түсіру туралы халықтық дауыс беру (референдум) өткізу жөнінде мәселе қояды. Осы заңмен Қазақ КСР Президентінің Орынбасары Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Президентінің Орынбасарына, ал егер бұл мүмкін болмаса -- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысады. Бүл орайда Қазақ КСР-інің жаңа Президентін сайлау үш ай мерзім ішінде өткізілуге тиіс. Қазақ КСР-інің бірінші Президенті мен оның Орынбасарын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі алты жыл мерзімге сайлайтындығы белгіленді.
1990 ж. 20 қарашада қабылданған "Қазақ КСР-нда мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес Қазақ КСРПрезиденті Қазақ КСР жоғары атқарушы және өкімші билік басшысы болып табылатындығы; Қазақ КСР Президентінің үсынысымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Қазақ КСР Вице-президенті лауазымы құрылды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Қазақ КСР Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Президиумы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары лауазымдары таратылды. Заң Қазақ КСР Премьер-министрі мен Қазақ КСР мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстың негізгі бағыттары жөніндегі мемлекеттік кеңесшілер қызметтері құрылды [13].
Қазақ КСР Министрлер Кабинетін Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Премьер-министрі, министрлері, Қазақ КСР мемлекеттік комитеттер төрағалары құрамында құрылды. Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қүрамынаҚазақ КСР мемлекеттік кеңесшілерін, Қазақ КСР-дің басқа да органдары мен ұйымдарының басшыларын енгізуге құқықты болды. Қазақ КСР Премьер-министрі мен Министрлер Кабинетінің құрамын Қазақ КСР Президентінің ұсынысы бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекітті. Қазақ КСР Президенті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Аппараттары Қазақ КСР Президентінің Аппараты болып біріктірілді. Қазақ КСР Президент Кеңесі таратылды. Қазақ КСР Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган -- Республика Кеңесі құрылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайындаған өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кіреді. Қазақ КСР-да халықтық бақылау органдары таратылды. Қазақ КСР мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылымындағы атадған өзгертулердің қабылдануына байланысты сәйкес өзгертулер мен толықтырулар Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) енгізілді.
Қазақ КСР, оның жоғары атқарушы және өкімдік билігінің басшысы Қазақ КСР Президенті болып табылды. Республика Президентінің өкілеттігі төмендегіше толықтырылды: Қазақ КСР Президенті Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қызметіне басшылық етеді; Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің Премьер-министрін тағайындайды және оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне КСРО Бас прокурорымен келісілген Қазақ КСРБас прокурорының кандидатурасы мен Қазақ КСР Бас прокуроры орынбасарларының кандидатураларын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үсынады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне кандидатуралар үсынады, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасынан басқа аталған лауазымдарды міндетінен босату туралы үсыныс енгізеді; облыстық және Алматы қалалық Халық депутаттары кеңестерінің төрағаларын олар өздерінің қызметтік міндеттерін тиісті орындамаған немесе әдепсіз қылықтар жасаған жағдайларда мерзімінен бұрын қызметтерінен босатады; Жоғарғы Кеңес алдына Қазақ КСР Министрлер Кабинетін отставкаға жіберу немесе отставкасын қабылдау туралы мәселе қояды, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің мүшелерін қызметінен босатады және тағайындайды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне бекітуге үсынады; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын құрады және таратады.
Басшылары Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің құрамына кіретін Қазақ КСР мемлекеттік басқару органдарын құру мен тарату туралы шешімдер Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне ұсынылады; Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қаулылары, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті Премьер-министрінің өкімдері, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар актілері Қазақ КСР Конституциясы мен Қазақ КСР заңдарына сәйкес келмеген жағдайда олардың күшін жояды немесе тоқтатады; қүқықтық саясатты айқындайды және қүқық қорғау қызметіне басшылық етеді. Қазақ КСР Президенті жанында консультативті-кеңестік орган -- Республика Кеңесі қызмет етті, міндеті Қазақ КСР-інің ішкі және сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру бойынша кепілдемелер дайындау болып табылды. Республика Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Вице-президенті, Қазақ КСР Премьер-министрі, облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің, сондай-ақ Қазақ КСР Президенті тағайындаған өзге де тұлғалар лауазымдары бойынша кірді. Қазақ КСР Вице-президенті Қазақ КСР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асырута мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. Егер Қазақ КСР Президенті нендей бір себептермен өзінің міндеттерін одан әрі атқара алмайтын болса, Қазақ КСР-інің жаңа Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі Қазақ КСР Вице-президентіне, ал егер бүл мүмкін болмаса -- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына ауысатын болды.
1991 жылы 25 тамызда "Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Президентінің құзіретіне қосымша өкілеттіктер жатқызылды: Қазақ КСР Президенті қажет болған жағдайда Қазақ КСР аумағында орналасқан одақтық баіъшыстағы үйымдарды, кәсіпорындарды бірінші басшыларын тағайындайды және оларды қызметген босатады; Қазақ КСР Қауіпсіздік кеңесін басқарады, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін тағайьшдайды; егер одақгық органдардьщ шешімдері Қазақ КСР зандарына және жоғары атқарушы өкімет актілеріне қайшы келетін болса, олардың орындалуын тоқтата тұрады; Қазақ КСР аумағында орналасқан барлық ішкі әскерлерге басшылықгы жүзеге асырады. Қазақ КСР Президентінің өкілеттігі конституциялық рәсімдер сақтала отырып, ол отставкаға шыққан жағдайда, сондай-ақ өзге де себептермен өз өкілеттігін жүзеге асыруы мүмкін болмаған реттерде тоқтатылады. Соңғы жағдайда Қазақ КСР Президентінің өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін еместігі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белгіленеді [14].
Қазақ КСР Президенті сайланғанға дейін оның өкілеттігі, Қазақ КСР Конституциясының 14-3 бабының 3-бөлігінің 8, 10 және 13-тармақтарында көзделгендерді қоспағанда, (облыстар мен Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесі төрағаларын қызметтеріненмезгілінен бұрын босату; Қазақ КСР министрліктерін, мемлекеттік комитеттері мен басқа да мемлекеттік басқару органдарын құру және тарату; сондай-ақ Қазақ КСР заңдарына қол қою процедурасы) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР вице-президентіне, ал егер бұл мүмкін болмаса -- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасына беріледі.
1991 жылы 16 қазанда "Қазақ КСР Президентін сайлау туралы" Қазақ КСР Заңы қабылданды. Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.
1991 жылы 10 желтоқсанда "Қазақ Кеңестік Социалистік Республи- касының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.
1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды.
1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңес сессиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, онда алғаш рет "Президент" жеке тарауы берілді. Конституцияның 75 бабына сәйкес ҚР Президенті мемлекеттің басшысы болып табылды және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқарды, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болды. Президент өкілеттігінің мерзімі белгіленді -- 5 жыл, сондай-ақ бір адам қатарынан екі мерзімнен астам уақыт Президент бола алмайтындығы айтылды. Конституцияда ҚР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды: Республиканың мемлекеттік егемендігін, конституциялық қүрылысын қорғау, қауіпсіздігін, аумақтық түтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады; ҚР заңдарына қол қояды; Жоғарғы Кеңес келісімімен ҚР Премьер-Министрін, Премьер-Министрінің орынбасарларын, сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істер министрлерін, ҚР ҮҚК төрағасы мен дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды; Министрлер Кабинетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Премьер-Министрдің үсынуымен Министрлер Кабинетінің қүрамын белгілейді, министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволарды қүрады және таратады; Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де кеңесші-ақылдастық алқалар қүрады; мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді; Ұлтгық валютаның қолданылу тәртібін, мерзімі мен шарттарын белгілейді; Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін референдум өткізу туралы шешім қабылдайды; халықаралық қатынастарда ҚР өкілі болып табылады; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Жоғарғы Кеңесіне ҚР Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, Жоғары Төрелік Соты Төрағасы мен судьяларының, Бас Прокурорының, Ұлттық Банкісі Төраға- сының кандидатураларын ұсынады; Жоғарғы Кеңеске оларды міндеттерінен босату туралы үсыныс жасайды; мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қолданады және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады; ҚР мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, ҚР жоғары дипломатиялық дәрежелері мен әскери атақтарын, құрметті және арнаулы атақтарын береді; заңға сәйкес ҚР азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; заңға сәйкес тек қана азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық қүрылысты қорғау үшін уақытша шара ретінде төтенше жағдай енгізеді; ҚР Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
ҚР Вице-президенті Республика Президентімен бірге сайланады. ҚР Президентінің уәкілдік беруі бойынша оның жекелеген функцияларын орындайды және Президент жоқ кезде немесе Президенттің міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған ретте оның қызметін атқарады. ҚР Президентінің мәртебесіне айтарлықтай өзгертулер енгізген [15].
1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Президенті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығының қайнар көзі
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Еңбек құқығының қайнар көздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Қазақстан Республикасының конституциясының даму тарихы
Пәндер