МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Информатика орта мектептегi оқу пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
"Информатика және есептеуіш техника негiздерi" пәнін мектепке енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 "Информатика және есептеуіш техника негіздері" курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі, орта мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді, оның мақсатын, мазмұнын оқыту тәсілін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір окушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды, жаңа білімді алу қажеттілігін туындатады, отырған пәнге деген қызығушылығына арттырады, өзіне.өзі сенімді, жан.жақты дамыған оқушыны, тәрбиелейді. Сондай.ақ өмірге бейімделгіш компьютерлік мәдениетті, компьютерлік білімді ұрпақ дайындайды.
Қазіргі жастар қай мамандықты, қай кәсіпті таңдаса да бәрібір компьютермен кездесері ақиқат, сондықтан олар компьютерлік білімнің келешек қоғамдағы ролін, ғылымдағы алар орнын айқын түсінуі тиіс. Сөйтіп, олар компьютерлік біліммен қарулануы тиіс.
Бүгінгі күндері оқу орындарының әр түрлері пайда болды. Атап айтқанда: колледж, лицей, гимназия, жеке меншік мектеп және жоғары оқу орындары, тереңдетіліп оқытылатын пәндер бойынша кәсіптік сыныптар көптеп ашылғандығы белгілі. Осы аталған оқу орындарының ішінде компьютерлік білімнің алатын өзіндік орны бар. Сондықтан оны оқу әдістеріне де жаңаша талаптар қойылады. Соның ішінде оқушылардың өзіндік табиғи жеке қабілеттеріне баса назар аударылады. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты және де білім жүйелерінің толық компьютереленуіне орай ғалымдар, әдіскерлер мен мұғалімдер жаңа талапқа сай қыруар жұмыстар атқарып жүр. Информатика бойынша қазақ мектептеріне, жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік стандарт (Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д.Рахымбек, аға оқытушылар Н.Мадияров, Ә.Беркутов және т.б. жасады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 10.06.2002 жылғы №460 бұйрығымен бекітілген және таратылған), типтік бағдарламалар жасалынды.
Сондай.ақ Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру ісінің жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс.тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр . Бұл иниоратика мұғалімдерінен әдістемесін жаңарта түсді қажет.Инворматикадан жаңа бөлімдер, жаңа бағдарламалар еңгізіліп, информатикадан берілетін информация көлемі ұлғайғандықтан информатика пәні мұғаліммен, оқытушысынан арнайы дайындықты қажет ететіндігі белгілі. Әрі, аз уақыт ішінде керекті білімді беру мұғалім міндеті.
Жұмыстың өзектілігі. Информатика жаңа оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қыркүйегінде енгізіліп, ол пән Информатика және есептеуіш техника негіздері (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10 сыныптар болатын).
Бұған қарамастан, информатика саласы мағлұматтарының жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енуі айтарлықтай бұрын басталып, бұл үдеріс оқушылардың кибернетика және программалау элементтерін оқып үйрену тәжірибелерінен бастау алды. Сол кездегі кеңес білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесінде ғана емес, сонымен қатар, қоғамда да маңызды орын аларлық ілгерілеуді сипаттайтын, бірнеше барынша нақтылы кезеңдерді атап өтуге болады. Осы ілгерілеу (дүниетанымдық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық, тағы тағылар) өткен ғасырдың 1980 жылдары ортасында информатиканың жеке оқу пәні ретінде мектепке енуі мен қалыптасуын қамтамасыз ететіндей жағдайға әкеп жеткізді. Төменде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) елдерінің (оның ішінде ҚР-да бар), орта мектептеріне ИЕТН пәні енуінің алғышарттарына қысқаша шолу жасалынған.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - информатика пәнінің мектептегі алатын орны мен оның сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі информатика пәнін оқыту және оның беліглеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
-Информатика орта мектептегi оқу пәні мен информатика және есептеуіш техника негiздерi пәнін мектепке енгізу туралы саралау;
- мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары, сонымен қатар информатика және есептеуіш техника негіздері" курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттеріне тоқталу болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - информатика пәнінің мақсаттары мен міндеттері болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - мектептегі информатика пәні.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Информатика орта мектептегi оқу пәні
Мектепте оқытылатын информатика пәні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының мазмұнын құрайтын сан алуан мәліметтердің бәрін қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пәнi ретiнде жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мәнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен мәліметтерді-ұғымдарды қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негiзiн оқып үйрену үшiн, сонымен қатар жастарды заманауи ақпараттық қоғамдағы болашақ қызмет пен өмірге дайындауға қажет бiлiммен, біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыруы тиіс.
Осы заманғы дидактика жалпы бiлiм беру мазмұнын қалыптастыру принциптерiнен ғылым логикасы мен оқу пәнiнің бiрлiгi және қарама-қайшылығы принципiн ерекше атайды. Осыған байланысты Б.Т. Лихачев айтқандай, ғылым логикасы мен оқу пәнін құрастырудың бірлігі мен қарама-қайшылық идеясы ғылымның қайшылықтармен дамитындығына негізделген. Ол ескішілдіктер қат-қабатын бұза өзіне жол ашып, алға қарай секіріс жасайды, орнында табандап, тіпті, артқа да шегiнедi.
Оқу пәні мазмұнының педагогикалық логикасы осы ғылымның негізгі категорияларының, ұғымдарының даму логикасын ескередi. Сонымен бiрге педагогтар мен психологтар материалды меңгеруде оқушылардың жас ерекшелiктерiнiң ескерiлуiнiң қажеттiлiгiн жетекшілікке алып, оны абстракциядан нақтыға өршіту сияқты, нақтыдан абстракцияға өршіту негiзінде ұйымдастырады [23, 378-б.]. Осы жағдайға байланысты мектеп оқу пәні информатиканың қалыптасу үдерісіне информатиканың жеке ғылым саласы ретiнде пайда болуы мен жаппай жалпы бiлiм беретiн орта мектепте жаңа пән ретiнде енуінің арасы шамамен 10-15 жыл - мейлінше өте аз мерзiм екендігінің әсері болатындығын атап өтуге тура келеді. Сол себептен мектеп информатика курсының мазмұнын анықтау жәй қарапайым мәселе болмай шығып, тіпті оны жеке пән ретiнде енгiзудiң өзi дау тудырды. Бұл пәннiң мектепке енгiзiлуiне бiрқатар шетел және отандық ғалымдар қарсы пiкiр айтып, бұл жолдың жалғыз және даусыз еместігіне назар аударды [29, 34]. Мәселе қорытындылай келгенде мынада: жалпы білім беретін жаңа білімде жалпы білім беретін мектеп үшiн жеке оқу пәнiн құрайтындар көп пе, немесе барлық мектеп пәндерiнiң мазмұны мен оқыту технологиясымен үздіксіз байланыста болатындар көп пе? [42].
Бұл сұраққа жауап беру үшін В.С. Леднев жасаған [19, 20] жалпы орта білім беру мазмұнын дамыту мәселесiнің жалпыдидактикалық талдауына жүгінейік. Өткен ғасырдың, тіпті, 60-жылдардың басында басталған ұзақ теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижесінде кибернетикалық білімнің iргелi негізі жалпы мектептiк білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болуы тиіс екендігі анықталып, бұл мәселенi шешу үшін мектеп пәндері жүйесіне жеке оқу курсын енгізу қажет болды. Жаңа бiлiмнiң жалпы кибернетикалық табиғатына сүйене отырып, В.С.Леднев өз зерттеуінің басынан-ақ жаңа мектеп пәнін атау үшiн кибернетика терминін пайдаланды, бірақ бұл жағдай аталмыш қарастырылым үшін маңызды емес деп санауға болады. Осы мәселенiң мәнін толығырақ ашайық [22, 18, 21].
Кибернетиканың басқарудың ақпараттық үдерістерінің ортақ заңдылықтарын қарастыратын ғылым ретінде пайда болуы қоршаған ортаны тануда маңызды қадам болып табылды. А.П. Ершов айтқандай, зат пен энергия бірлігінің табиғаты анықталғаннан кейін ақпараттың бірыңғай табиғатын түсіну әлемнің материалдық бірлігін ұғынуға деген маңызды қадам болды [8, 30-б.]. Осы сияқты материалдық жүйелерді ұйымдастырудың - физикалық (заттық-энергетикалық) және кибернетикалық (антиэнтропиялық) екi түрi туралы жалпы ғылыми түсініктерге сүйене отырып, В.С. Леднев ғылымның екi қатарын талдайды [20, 85-б.]:
- материяның заттық - энергиялық ұйымдастырылуын (құрылымын) зерттейтін ғылымдар (химия, космология, физика);
- материяның кибернетикалық (антиэнтропиялық) ұйымдастырылуын (құрылымын) зерттейтін ғылымдар (кибернетика, биология, антропологиялық ғылымдар кешенi, қоғамтану, техникатану).
Бұл ретте, физика мен кибернетика (әрқайсысы өз тобында) ақиқатты зерттеудiң мейлiнше жалпы заңдылықтарын, сәйкесiнше, заттық-энергетикалық және кибернетикалық тәсілдерін зерттейтiн аспектiлi ғылым саласына жатады. Осы негiзде жалпы орта бiлiм беру мазмұны құрылымының тұжырымдамасы да қалыптасады. Осы тұжырымдама бойынша, дербес жағдайда, қоршаған әлемді ұйымдастыратын екi негізгі аспектіні зерттейтiн жалпы бiлiм беретiн оқу пәндерiнiң заттық - энергетикалық және кибернетикалық-ақпараттық екi тобы ерекшеленеді. Бұл пәндер тобының әрқайсысы өз жүйе құрушы элементтерiмен қоса жүйе болып табылады. Заттық-энергетикалық аспекті жағдайында жүйе құраушы пән физика, ал кибернетикалық-ақпараттық аспекті жағдайында жүйе құраушы пән кибернетика (информатика) болып табылады. Әлемнiң кибернетика-ақпараттық суреттемесі, іс жүзінде, мектептегi барлық пәндермен қалыптастырылады, бірақ тек кибернетика (информатика) курсы ғана оқушылардың алған бiлiмдерiн қорытындылап жалпылай алады, яғни жүйе құраушы фактор ретiнде көріне алады [22].
Сонымен, жоғарыда сипатталған әлемнiң ғылыми суреттемесінiң тұжырымдамасына сүйене отырып және мiндеттi оқу пәндерiнiң жиынтығы екi фактормен - iс-әрекеттiң жалпылама құрылымы мен зерттеу объектiсiнiң құрылымы арқылы болжана анықталатындығынан [20, 108-109 б.]. В.С. Леднев құрамына кибернетикада енетiн жалпы білім беретін оқу пәндерінің мiндеттi тiзiмi туралы негізделген қорытынды жасайды. Бұл кезде жоғарыда көрсетілген екi фактор жалпы орта бiлiм беру құрылымының тұрақтылығын түсiндiретiн объективті сипатқа ие болады. Бұл құрылымда жаңа орнықты пәндердiң пайда болуы әлемнiң ғылыми суреттемесіндегі елеулі өзгерiстер мен iс-әрекеттiң үстем (басыңқы) түрінің ауысуы салдарынан болуы мүмкін. Ең есте каларлығы, кибернетика (информатика) курсы - XX ғ. туған жалғыз ғана жалпы білім беретін жаңа оқу пәні, ал қалған оқу пәндері жалпы білім беру саласы үшiн XIX ғасырдың жемiсi болып табылады.
Қарастырылып отырған проблемадағы маңызды мәселе - информатиканы жалпы білім беретiн мектепте қалай оқыту мәселесі: бұрыннан бар курстардың құрамына пән ретiнде енгiзiп, жеке курс ретiнде ме, әлде информатиканың оқу материалын бiрқатар оқу пәндерiнде тарата бөлiп оқытқан жөн бе? Осы мәселенi кибернетиканың жалпы бiлiм беретiн курсына қарастыра келе, В.С.Леднев жеке пән пайдасына келесі дәйектерді келтіреді [20, 213-б.].
Егер кибернетика бойынша оқу материалдарын әртүрлі оқу курстарына бөлiп беретiн болсақ, онда пәнi басқа ғылымдардың құрамды бөлiгiне енбейтiн кибернетиканың зерттеу аймағы туралы мәліметтер ғылымда жүйеленетіндей негізгі белгілер бойынша жүйеленбей, басқа оқу курсының логикасында мазмұндалатын болғандықтан қосалқы түрде беріледі. Бұл оқушыларда кибернетика зерттейтін ақиқаттық облысы туралы толық емес, тіпті, бұрмаланған жаңсақ түсініктердің қалыптасуына сөзсіз әкеп тірейді. Оның үстіне, мұндай жол ұғымдарды қалыптастырудың ұтымды дидактикалық құралы болып табылатын, осы ғылыммен анықталған негiзгi ұғымдық және әдiстемелiк аппарат шеңбері мен логикасында кибернетиканың негізгі, іргелі ұғымдарын қалыптастыру мүмкіндігін жоққа шығарады. Басқа оқу пәндерi логикасында оқылатын кибернетика ұғымдары, өздерінің ұғымдық жүйесiнде бөгде бола, оқушылармен елеулі мәні шамалы, қосалқы нәрсе ретiнде қабылданатын болады. Сол себептен, орта мектепте кибернетиканы оқытудың жолдары туралы мәселенi түбегейлі мақсатқа сай шешу оны оқыту үшін жеке оқу курс ашу болып табылады... Әрине кибернетикадағы кейбiр мәлiметтер ақылға сиятындай шеңберде басқа оқу пәндерiне: математикаға, биологияға және еңбекке баулу курстарына енгiзiлуi тиiс. Жалпы орта бiлiм беру мазмұнында жаңа пәннiң пайда болуы онымен тығыз байланыстағы пәндердiң орны туралы басқаша қайтадан ойластыруды, тіпті, олардың мазмұнына кейбір жөндеулер енгізуді қажет етедi. Бұл өзгерiстердің пәнаралық байланыстардың құрылымы мен сипатына әсер етпеуі мүмкін емес [13, 213-б.]. Осы қорытындыларды дамыта отыра, [21] мақала авторлары информатика оқу пәнінің мектеп бiлiм беру құрылымындағы орнын толығымен негіздейді: Жалпы кибернетикалық білім жалпы білім беру мазмұнының базалық құраушысы болып табылады. Бұл дегенің, оған келесі дидактикалық формуланы таратуға болады деген сөз, яғни жалпы білім берудің кез келген базалық құраушысы бiлiм беру мазмұнына екi түрде: ерекше оқу пәні (бұл қазір информатика курсы) түрінде және басқа оқу пәндеріне кірме түрінде енедi.
"Информатика және есептеуіш техника негiздерi" пәнін мектепке енгізу
Сонымен, мектептерді компьютерлендіру саласындағы нақты ұйымдастыру-әдістемелік шараларды талқылауға жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағыттары түрткі болды (1984 ж.) [64]. Сол уақыттағы мектеп реформасының басты қағидаларының бірі ол алғашқы рет ашық декларацияланған информатика және есептеу техникасын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп, жастарды жалпы компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ету мәселесi болды. 1984 жылдың соңында КСРО Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Есептеу орталығы (А.П.Ершов) және КСРО ПҒА оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми - зерттеу институтының (В.М.Монахов) біріккен жетекшілігімен еліміздің түкпір - түкпіріндегі педагог - информатиктер тобын жұмылдыра отырып, жалпы білім беретін мектепте Информатика және есептеуіш техника негiздерi деп аталатын жаңа жалпы білім беру пәнінің бағдарламасын жасау жұмысы өріс алды. 1985 жылдың ортасында осындай жұмыс орындалып, КСРО оқу-ағарту министрлігімен мақұлданды [67]. Үкіметтің келесi шешімдерімен жастардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру мәселесін тез шешуге мүмкіндік беретін негізгі стратегиялық жол ретiнде орта мектепке Информатика және есептеуіш техника негiздерi пәнін міндетті түрде енгізудің нақты мерзімі - 1985 жылдың 1 қыркүйегі болып қабылданды. Бағдарламадан кейін қысқа мерзім ішінде оқушыларға арналған оқулықтар [65, 66], мұғалімдерге арналған көмекшi құралдар дайындалды [27,28]. Мемлекеттің мектепті компьютерлендіру мәселесiне үлкен көңіл аударғанына Информатика и образование (ИНФО) деп аталатын жаңа ғылыми-әдістемелік журналдың құрылуы куә болады, бұл журналдың бірінші нөмірі 1986-1987 оқу жылында шықты. Қазiргi кездегі Ресейдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан ИНФО журналының бүгiнгi күнге дейін қазiргi бiлiм беру жүйесi үшiн маңызы ерекше, информатика мен ақпараттық технологияларды бiлiм беру ауқымына ендiру үшiн қажеттi әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық, психология - педагогикалық мәселелердi қарастыратын арнайы ғылыми-әдiстемелiк журнал болып отыр.
Ал, Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім Министрлігінің ғылыми-әдістемелік педагогтік Қазақстан мектебі журналының Информатика, Физика, Математика атты қосымшасы жарық көре бастады.
Жаңа пәнді оқыту үшін 1985 және 1986 жылдардың жаз айларында мұғалімдерді жедел дайындау курстары өткізілді, олардың қатарында негізінен физика, математика мұғалімдері мен білім беруді ұйымдастырушылар болды. Бұл құрам информатика және есептеу техникасы саласы бойынша тездете тереңдетіп дайындау жолымен физика - математика факультеттерінің 1985 - 1986 жылдардағы түлектерімен - болашақ жас мұғалімдермен толықтырылды. Сол кезде КСРО Оқу министрлігінің шешімімен педагогикалық институттардың физика - математика факультеттерінің негiзiнде информатика және есептеу техникасы пәнінен жүйелі түрде мұғалімдер дайындауды ұйымдастыру бойынша жедел ұйымдастыру-әдістемелік шаралары қабылданды [47,48].
1985 жылдан бастап педагогикалық жоғарғы оқу орындарында физика-математика факультеттерінің қызметі халыққа білім беру мен халық шаруашылығына жоғары мамандандандырылған мамандар: математика мен информатика мұғалімдерін; физика-математика ғылымы және орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика мен информатиканың кейбір тарауларынан сабақ беру әдістемесі салаларынан ғылыми қызметкерлер дайындауға бағытталды. Осыған орай, 1985-1987 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Информатика және есептеуіш техника кафедрасының қызметкерлері республикадағы Информатика және есептеуіш техника негіздері атты мектеп курсының мазмұны мен оны оқыту әдістемесін қалыптастыруға ат салысты.
1985 жылдан бастап Қазақстандағы мұғалімдер дайындайтын қара шаңырақ Абай атындағы АлМУ-да Математика және информатика, Физика және информатика мамандықтарының оқу жоспарлары жасалып, солар бойынша орта білім беретін оқу орындары үшін Информатика және есептеуіш техника негіздері пәні бойынша мектеп мұғалімдерін дайындау жүзеге асырыла бастады.
Мектепке ИЕТН пәнін енгізуді мамандармен қамтасыз ету ауқымында, егер кеңiрек айтсақ, бүтіндей мектепті компьютерлендіру ауқымында қысқа мерзiм ішінде шешілуi қажеттi мәселелердiң қиындық деңгейі мен сипатын нақтырақ түсіну үшін 1980 жылдардың ортасында КСРО мектептерінде информатика және ЭЕМ саласында жұмыс істеген мұғалімдердің нақты дайындық деңгейінің қандай болғанын ескере түсіре кеткен абзал.
Алғаш ЭЕМ - ге программалаудың қысқа таныстыру курсы - Математикалық машиналар және есептеу практикумы бар программалау деген оғаш аты бар 1964 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің оқу жоспарында пайда болды. 1970 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің оқу жоспарына жаңартылған Есептеу машиналары және программалау (50 сағат) курсы енгізіледі, бірақ бұл курс бағдарламасының мазмұны программалаудың болашақ даму бағытына сәйкес келмеді. Келесі Есептеу математикасы және программалау жалпылама курсының ресми түрдегі бағдарламасы программалауға 70 сағатқа жуық бөліп, дербес жағдайда, жоғарғы деңгейдегі Алгол-60 тілімен танысуды ұйғарды [45]. Сол кездегі санаулы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында, техникалық қамтамасыз етудің жоғары деңгейі болып саналатын, бір-екі Найри, Промин, Мир және т.с.с. кiшiгірім ЭЕМ - дің болғандығын айта кеткен жөн. 1970 жылдардың соңына қарай педагогикалық жоғарғы оқу орындарында программалау мене есептеу математикасы бойынша бар болғаны төрт кафедра ашылды (Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Омбы), ал алғашқы дербес ЭЕМ-дер (отандық ДЭЕМ-дер Искра, ДВК, Электроника) тек, 1980 жылдардың ортасында ғана санаулы жоғарғы оқу орындарында өте аз мөлшерде пайда бола бастады.
Жоғарыда айтылғандардан, информатиканы орта мектепке енгізу кезеңінде (1985 жылы), сол кезде мектепте жұмыс істеп жүрген педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультеттері түлектерінің компьютерлік дайындық деңгейі жаңа ИЕТН курсын оқытудың талаптарына еш сәйкес келмегенін байқауға болады.
Оның себептерi айқын:
- педагогикалық жоғары оқу орнында білім беру информатика саласын оқытпады, ол тек программалаудың алғашқы элементтерiмен, информатика курсын мектепке енгізу кезiндегі деңгейге қарағанда, едәуір, одан қалық идеялық деңгейде, танысуға бағытталған болды;
- педагогикалық жоғары оқу орындарында программалауға дайындау тек білім беру сипатында ғана болды, ал ол осы пәннен оқушыларға сабақ беруге бағытталмады (мұндай мәселе болған жоқ едi).
Әлбетте, 1980 жылдардың екiншi жартысында мемлекеттік және аймақтық білім беруді басқаратын ұйымдармен қабылданған ең батыл және жедел түрде информатика және есептеу техникасын оқытатын физика, математика мұғалімдерін қайта дайындауды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру - әдістемелік шаралары, тек ИЕТН мектепке енгізудің бірінші кезеңінің шұғыл шаралары ретiнде ғана жарамды болды. Ал, педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің негiзiнде информатика мұғалімдерін және мектептерді компьютерлендіруді ұйымдастырушыларды жүйелі түрде дайындауды қалыпқа келтіру, сол сияқты басқа мектеп пәндері мұғалімдерінің компьютерлік білімін лайықты жағдайға келтіру шараларын ары қарай жүзеге асыру шаралары түбегейлі ғылыми-әдістемелік негіздемелер мен талқылауларға сүйенуі керек.
Сол кездерде оқу орындарының, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының даму ерекшеліктері (менеджмент, ақпарат қажеттілігі және т.б.) нарықтық экономика жағдайында информатика мамандығы бойынша информатика (оқытушысы) және компьютерлендіру менеджері мамандандыруы, сол сияқты информатика және ағылшын тілі, информатика және экономика, тағы сол сияқты қосалқы мамандықтағы мамандар даярлауды талап етті. Мұндай мамандар дайындауды физика-математика факультеті базасында көп сатылы құрылымы бар оқу жоспарларына көшу арқылы іске асырылды. Осындай мамандарды дайындауға республикаға белігілі ғалымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ұ.М.Сұлтанғазин, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Ш.С.Смағұлов, ғылым докторлары Н.Т.Данаев, Т.Н.Бияров, С.С.Оспанов, С.Я.Серовайский, А. Дүйсембаев және т.б. ғалымдар физика-математика факультеті информатика және қолданбалы математика кафедрасында қосымша оқытушылық қызмет атқара отырып ат салысты.
Информатика және есептеуіш техника негiздерi курсын программалық қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдай 1985 жылы қалыптасты, яғни информатика және есептеуiш техника негiздерi курсын сүйемелдеуге арналған алғашқы кешенді программалар сол жылдары пайда бола бастады. Бұл жұмыстар оқулықтар мен оқу құралдарының авторларымен тығыз байланыста болды [21]. Кейiннен компьютерлердiң әрбiр түрлерi үшiн программалық-әдiстемелiк кешендердi жасау мәселесi алдыңғы орынға шықты. Бұл оқу жоспарында қойылған мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету үшiн онсыз да мүмкiндiгi шектеулi оқулық-есептеу машиналарын мейлiнше кеңiнен пайдалануды қажет етедi. Дегенмен, 1990 жылдардың басында ТМД-ның республикаларында, соның iшiнде Қазақстанда да есептеу техникаларын таңдауда, IBM-PC тектес компьютерлердi таңдау арқылы соңғы нақты шешімдері қабылданды. Сол жылдары отандық мұғалiмдер мен оқушылардың қолында А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың және А.Г.Кушниренконың редакциялауымен дайындалған оқу құралы мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал болды.
1985-1987 жылдары Қазақстанда Абай атындағы АлМУ-дың Информатика және есептеуіш техника кафедрасының меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков Информатика және есептеуіш техника негіздері курсын оқыту әдістемесі мен мазмұнын қалыптастыруға тікелей ат салысты. Ол А.П.Ершов, М.В.Монаховтың редакциясын басқарумен дайындалған 2-бөлімнен тұратын Информатика және есептеуіш техника негіздері деп аталатын оқушылар үшін байқау оқу құралын және мұғалімдер үшін Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту әдістемелік құралының қазақша аудармасының арнайы редакторы болды [88-91]. Сонымен қатар, арнайы редактор ретінде аударудың ғылыми-әдістемелік деңгейінің тек дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орта мектептеріне жаңа пәнді енгізуді қамтамасыз ететін информатика бойынша қазақ тілінің терминологиясын енгізіп, тағайындады.
Бұл оқулықтардың екi нұсқасы үшiн де қажеттi қазақ тiлiндегi педагогикалық программалық құралдар жоқ болды. Тек Абай атындағы АлМУ-дың есептеу зертханасында университеттің барлық факультеттерінің информатика және басқа пәндері бойынша оқу үдерісін сүйемелдеуден ғана емес, сонымен қатар әр түрлі қазақ, орыс тілдерінде педагогикалық программалар пакеттері (ППП) жасала бастады. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдерінде тілінде мынадай программалық өнiмдер: Е-практикум, ПРОЛОГ-Д, ПРОЛОГ-Б, ТІЛДІК ОРТА, ИЕРАРХИЯ, Информатиканы оқыту әдiстемесi, Есептеуіш техниканы оқу үдерісінде қолдану пәндерiнде қолданылатын программалық құралдар пакетi жасалынып, ал кейбiреулерiнiң аудармасы, оқу үдерісіне енгізу масатында таратылып отырды. Кафедрада жасалған ТІЛДІК ОРТА программалық құралдар пакетi 1994 жылы Республикалық көрме-жәрмеңкеде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде пайдаланылуға ұсынылды. Сонымен қатар, бүкілодақтық компьютерлендіру бағдарламасына сәйкес аталған университеттің физика-математика және басқа факультеттерінде компьютерлендіру (ДЕКАНАТ-автоматтандырылған басқару жүйесі, ректораттың оқу-тәрбие жұмысын автоматтандыру (кадрлар, аспирантура), кафедра мұғалімдерінің оқу жүктемесін есептеу және т.б. автоматтандырылған басқару жүйелері) жұмыстары жүргізілді.
2 МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары
Білім берудің жалпы мақсаттарын, оның ішінде мектепте жалпы білім берудің мақсаттарын, өзінің заңды қоры негізінде педагогикалық саясатының жалпы принциптерін қалыптастыратын мемлекет анықтап белгілейді. Бұл бағытта алдымен білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары тұруы, адам өмірі мен денсаулығы, жеке тұлғаның еркін дамуы, азаматтық тәрбие және отанға деген сүйіспеншілік бірінші орында тұрады. Білім берудің мақсаты: жанұя, қоғам және мемлекет алдындағы жауапкершілікті ұғынатын, Конституцияны, заңды, басқа азаматтардың бостандығын және құқығын құрметтейтін, адамдар, халықтар, әртүрлі нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни, әлеуметтік топтар арасында өзара түсіністікке бейімделген, дербес, еркін, мәдениетті, өнегелі жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындығын педагог мамандар басты назарда ұстайды.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарының басты міндеттері мынандай негізде құрылады:
- оқушылардың қоғамдық және өндірістік қажеттіліктерін анықтайтын білім жүйесін меңгеруін қамтамасыз ету;
- ғылыми дүниетанымдық, саяси, экономикалық, құқықтық мәдениетті, гуманистік құндылықтарды және өз бетімен білімді саналы толықтыруды, шығармашылық ойлауды қамтамасыз ету;
- халықтың ұлттық - мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, физиологиялық және моральдық дені сау ұрпақ тәрбиелеу;
- жастардың саналы азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, адамгершілікті сезіне білуге дағдыландыру, демократиялық өзін-өзі басқаруға қатысуға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға ұмтылдыру;
Қазіргі кезде орта мектеп жалпы білім берудің, дамудың және жан-жақты даму заңдылықтарының негізін қалайтын, әрбір жеткіншектің алғашқы кәсіби дайындығын, үзідіксіз білім алуға бейімделуін және таңдаған мамандығын меңгеруін қамтамасыз ететін мәдени орын болып табылады .
Жоғарыда келтірілген жобалық нәтижелер, мектептің оқу-тәрбиелік іс-әрекетінің нәтижесін жалпы орта білім беру жүйесінің алдына қойылатын талаптарды, мектептегі білім беру жүйесінің алдында қойылатын белгілі негізгі үш топқа, яғни білім беру және дамыту мақсатына; практикалық мақсатқа; тәрбиелік мақсатқа бөлуге мүмкіндігін береді.
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары информатиканың ғылымдар жүйесіндегі, қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.
Информатиканы оқытудың білім беру және дамыту мақсаты бұл әрбір оқушыларға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы орнықты білім беру, сонымен бірге түрлендіру үдерістері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану және осы негізде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін, сонымен қатар ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу. Мектеп курсында информатиканы оқып-үйрену, онда оқылатын басқа ғылымдардың негізін баянды және саналы меңгеруге, сондай-ақ, осы ғылым саласынан оқушыларды негізгі біліктілік пен дағдылармен қаруландыруға арналған. Информатика саласынан білімді меңгеру, сәйкесінше біліктілік пен дағдыларды алуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті болатын оқушылардың саналы дамуына, шығармашылық қабілеттіліктері мен ойлауының дамуына әсер етеді.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы информатика курсының практикалық мақсаты бұл оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектеп бітіргеннен кейін еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылармен қаруландыру. Бұл мектептегі информатиканың курсы баланың ішкі жан дүниесін байытатын және ақылын дамытатын информатиканың негізгі ұғымдарымен таныстырып қана қоймай, оқушыны компьютерде жұмыс істеуге және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін үйретуге, яғни практикалық бағытталғандығын көрсетеді.
Информатика курсының кәсіби мақсаттарында оқушыларға ЭЕМ-мен тікелей байланысты мамандықтар туралы және мектепте ЭЕМ-ді пайдалануға сүйенетін әртүрлі ғылымдар туралы мәлімет берілуі тиіс. Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты істің өндірістік бағытымен қатар, жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға және басқа да ақпараттық, коммуникациялық технологияларды тұрмыста, күнделікті өмірде пайдалануға дайындауды да қарастырады.
Мектеп информатика курсының тәрбиелік мақсаты ең алдымен оқушыға есептеуіш техника мен ақпараттық технология құралдарының қоғам мен өркениеттің тұтастай дамуындағы рөлі мен мүмкіндіктеріне түсінік беретін қуатты дүниетанымдық ықпалмен қамтамасыз етіледі. Мектеп информатика курсының оқушылардың ғылыми танымына қосатын үлесі ақпарат туралы түсінікті ғылымның негізі үш ұғымы, яғни қазіргі дүниенің ғылыми көрінісін құрудың негізінде жататын зат, энергия және ақпарат ұғымдары арқылы қалыптастырумен анықталады. Сонымен қатар информатиканы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz