МЕКТЕПТЕГІ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ОНЫҢ СИПАТЫ


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОЙЫН-ТӘРБИЕ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
- Ойын-тәрбие әдісінің негізгі түсінігі . . . 5
- Ойын-тәрбие әдісінің белгілері мен түрлері . . . 8
2 МЕКТЕПТЕГІ ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ОНЫҢ СИПАТЫ . . . 12
2. 1 Ойын оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру құралы . . . 12
2. 2 Ойын технологиясы тәрбие жұмысында . . . 15
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазiргi кезде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қолданылатын тәрбие әдістерінің ерекшеліктерінің мағынасын ажырату. Бұл жөнінде ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, тәрбиенің қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келген немесе бұрын күштеу нәтижесiнде айрылған аса маңызды қасиеттердiң орнын толтыруда адамның рухани мәдениетiнiң негiзiн қалау тек мектепте тәрбие әдістеріне түрлендіру арқылы ғана жүзеге асырылады.
Озық педагогикалық ғылымға, адамтануға тығыз байланысты ұлттық, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де факторларды мұқият ескере отырып, бала тәрбиесiн дамытудың жаңа көзқарастарын жасайтын уақыт жеттi. Бұл жерде әңгiме педагогиканың өзiндiк ерекшелiктерi ескерiлуi тиiс, психологиялық және әлеуметтiк-педагогикалық жұмыстың нақты “тәрбиелiк-технологиялық” бағдарламасы жөнiнде болып отыр.
Бұл проблемаларды шешу жолдарын iздестiрудің рухани негiзi мен оның болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi рөлiн зерттеуде, сондай-ақ мектеп тәрбиесiн жетiлдiруде педагогикалық шарттарды жүзеге асыруда жатыр.
Бастауыш сынып балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Бастауыш сыныпта адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - балалар ойыны.
Жұмыстың өзектілігі. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - тәрбиенің тарихи тәжiрибесi мен ұлттық ерекшелiктерiн теориялық тұрғыдан негіздеп, бала тәрбиесіндегі жаңа тәрбие түрлерін, ойын түрлерінде тәрбие әдістерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
- - Ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздерін зерттеу;
- - Ойын түсінігін ашу;
- - Мектепке дейінгі жаста және кіші сынып оқушыларында ойын әрекетінің маңызын көрсету;
- - Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді талдау;
- - Ойын - балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ретінде зерттеу;
- - Ұлттық мұраның бай қазынасы - халықтық ұлттық ойындар сипаттамасын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - ойын әдісі болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Пеждагогика пәні және оның теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОЙЫН-ТӘРБИЕ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
- Ойын-тәрбие әдісінің негізгі түсінігі
Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті - оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Мектептеде тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап - ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді. . Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді [1] .
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Қимыл ойындары - балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым - қатынасын, баланың мінез - құлқын белгілейді. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т. б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т. б. ірі құрлыстар салады [2] .
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында жиі қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу - танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру жұмыстарына жаңашыл педагог Амоношвилидің ойын тәсілін пайдаландым. Ізденімдік ойындар - оқушыларды ізденімпаздыққа белгісізді табуға құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында ойындарды кірістіре оқыту сабаққа белсенділігін арттырады. Оқушыларға қазақ тілі дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда Ізденімдік ойындардың қызметі ерекше. Мысалы: «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде төмендегідей ізденімдік ойындарды өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді. «Сөзді тап» ойыны. Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетінжетілдіру. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Мысалы: сабақта жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар оқушының ой -өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына баламасына қарай олардың атын табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес [3] .
- Ойын-тәрбие әдісінің белгілері мен түрлері
Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.
Ойындар - тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне көп көңіл бөлген жөн. Ана тілі сабағында ойынды ұтымды пайдалансақ оқу процесі жанданып, сабақтың сапасы артады. Баланың сөздік қоры молайып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға жетіле түседі. Жылдам сөйлеуді үйренеді. Мектепалды оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Тауып ал», «Логикалық ойындар» т. б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап» т. б. «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», « Математикалық пойыз» т. б. ойындарын ойнауға болады. «Математикалық жарыс» - екі команданың немесе оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы түрінде өтеді.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіріп, өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көрсетеді. Ойының ережелері ойнаушыладың қисынды ой қабілетінің бір - біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы ол қарсы мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды [4] .
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойының мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процессінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлық мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның барысын, олардың өзара қарым - қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойын оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанда өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлдік, драмалық, дидактикалық, құрлыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті-рөлдік ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті -рөлдік ойында бейнелеу құрлыс рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы, «Дүкен» ойынын ойнағанда сатушымен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттерін еліктейді. Педагог өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Сюжеттік-рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап, әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті - бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін сюжетті-рольдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластырған жөн.
Драмалық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т. б. сюжетті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті -рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Дидактикалық құрлыс ойыны - балалар әрекетінің біртүрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрлыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті - рөлді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер, т. б. ірі құрлыстар салады. Құрлыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрлыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz