ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 РЕНТА ШАРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... 5
Рента шартының түсінігі мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Рента шартының мазмұны, нысаны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Тұрақты рента шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Ғұмырлық рента шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Өмір бойы асырауда ұстау шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
КІРІСПЕ
Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi. Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзiмсiз (тұрақты рента) немесе өмiр бойы төлеу (ғұмырлық рента) мiндетiн бекiтуге жол берiледi. Ғұмырлық рента азаматты өмiр бойы асырап отыру жағдайларында белгiленуi мүмкiн.Рента шартының нысаны Рента шартын нотариат куәландыруға тиiс, ал рентаны төлеу үшiн қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру көзделетiн шарт та мемлекеттiк тiркелуден өтуге тиiс.Рента төлеу үшiн мүлiктi иелiктен айыру Рента төлеу үшiн иелiктен айырылатын мүлiктi рента алушы рента төлеушiнiң меншiгiне ақы төлетiп немесе тегiн беруi мүмкiн. Рента шартында мүлiктi ақы төлетiп беру көзделген жағдайларда тараптардың беру және төлеу жөнiндегi қатынастарына сатып алу-сату шарты туралы ережелер (осы Кодекстiң 25-тарауы), ал мұндай мүлiк тегiн берiлетiн жағдайларда, егер осы тараудың ережелерiнде өзгеше белгiленбесе және шарттың мәнiне қайшы келмесе, сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 27-тарауы).
Қозғалмайтын мүлiкке рента жүктеу
1. Рента жер учаскесiне, сондай-ақ оны төлейтiн етiп берiлген кәсiпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлiкке құқық жүктейдi. Рента төлеушi осындай мүлiктi иелiктен айырған жағдайда оның рента шарты бойынша мiндеттемелерi мүлiктi сатып алушыға ауысады.
2. Рента жүктелiп берiлген, осы баптың 1-тармағында аталған мүлiктi басқа тұлғаның меншiгiне берген тұлға, егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде немесе шартта осы мiндеттеме бойынша бiрдей жауапкершiлiк көзделмесе, рента алушының рента шартының бұзылуына байланысты туған талаптары бойынша субсидиарлық жауапты болады (осы Кодекстiң 357-бабы).
Рентаның төленуiн қамтамасыз ету
1. Жер учаскесi немесе басқа да қозғалмайтын мүлiк құқығы рента төлейтiн етiп берiлген кезде рента алушы рента төлеушiнiң мiндеттемесiн қамтамасыз ету үшiн осы мүлiктi кепiлге беру құқығын алады.
2. Рента төлеушiнiң мiндеттемелерiн (осы Кодекстiң 292-бабы) орындауды қамтамасыз ету не осы мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк тәуекелi рента алушының пайдасына сақтандыру мiндетiн белгiлейтiн талап ақша сомасын немесе өзге де қозғалатын мүлiктi рента төлейтiн етiп берудi көздейтiн шарттың елеулi талабы болып табылады.
3. Рента төлеушi осы баптың 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған кезде, сондай-ақ рента алушы жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша қамтамасыз етуден айырылған немесе қамтамасыз ету талаптарын нашарлатқан жағдайда рента алушы рента шартын бұзуға және рента шартының бұзылуынан келтірілген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.
Рента төлеудiң мерзiмiн кешiктiргенi үшiн жауапкершiлiк Рента төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн рента төлеушi рента алушыға, егер шартта тұрақсыздық айыбының өзгеше мөлшерi белгiленбесе, осы Кодекстiң 353-бабында көзделген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.1 РЕНТА ШАРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Рента шартының түсінігі мен ерекшеліктері
Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сәйкес меншік қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншік қатынастары) өз кезегінде материалдық игіліктерді белгілі тұлғалар иеленетінімен немесе материалдық игіліктер (заттар) біреуге жататынымен сипатталады. Ренталық қатынастарға меншіктің екінші ағымды (қозғалыс) күйі де тән болып келеді және айта кететін болсақ, ренталық қатынастардың осы күйін ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттілігі пайда болады.
Мүліктің қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлік тиесілігін түбірінен өзгерте алады немесе негізгі меншік иесімен қатар мүліктің өзге тұлғаларға да тиесілігін бектіе алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты міндеттемелік қатынастар құрылады және топтасады.
Осы қатынастарды реттейтін міндеттелік құқық экономикалық мағынада меншіктің заңи мағынада меншік құқығы және өзге заттық құқықтар өтуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтқ қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл таруда оларды қарауға артықшылық беріледі.
И.Грешников рентаның тұрақтанған түсінігін берген: Рента сөздің кең мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшінен пайда болатын табыс. Мысалы, егін шаруашылығында, табысты өңделетін жер учаскелері құнарлы топырағын және орналасқан жерін пайдаланаып табыс табады. Жылжымайтын мүлікің, кәсіпорындарындың иелері үшін ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлік объектілердің және кәсіпорындардың қасиеттері келеді.
Рента қарым - қатынастарын реттейтін әмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын пайда болды. Онда рентаға рента шартын 517 - 539 баптар арналған. Жалпы ережелерді реттейтін нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмір бойы асырауда ұстауды реттейтін нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмір асырауды қарастыратын тұрғын үйді сату шарты ғана бекітілген еді.
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптын (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші рента алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл - мезгіл рента төлеп отыруға міндеттелген.
Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі. Мүлік рента төлеуші меншігіне өтеді және бір уақтылы мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе бүлінуі қаупі оны күтіп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады. Сөйтіп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып - алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.
Рента шартының ерекшелігі - мүлік төлемақы төленіп, не болмаса төленбей иберілуі мүмкін. Қазақстан Респубдикасының Азаматтық кодексінің 519 - бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты (25 - тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі) немесе сыйға тарту шарты (ҚР АК 27 тарау) туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың мәнісіне қайшы болмауы керек. Аталған екі шарт нормаларының қолданбауы тікелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, рентанаың тағы да бір нақты ерекшелігі рента төлеуші рента алушыға (мүліктің алғашқы иесіне) мүліктің жетіспеушілігі, бұзылғандығы туралы сатып алу - сату шарты бойынша сияқты толық көлемде келіспеушілік айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мәнісі оларға сатып алу - сату қатынастары үшін белгіленген нормаларды барынша абайлы және жағдайды ескеріп қолдануды талап етеді. Рента нысанасы оны рента төлеушісіне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланағнаы негізінен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебі бұл шарт орындалуына кедергі жасайды. Сатып алу - сату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделіктері өзгеше. Оның мүлікте ауырпалығы болмауына өз мүдделігі бар болып келеді. Егер ауыртпалығы сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бірақ заңнама арқылы айырмашылықтар мәселесі реттелмеген. Сондықтан біз белгілеп отырған сұрақтарға көзқарастар әртүрлі болуы мүмкін. Рента шарты экономикалық ренталық қатыгастарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексінің нормалары рантье - меншік иесі туралы үйреншікті болып келетін көзқарасты жоққа шығарады (біз нақты рента шарты туралы айтып келеміз). Рента алушыда тек кейбір жағдайларда ғана мүлікті кейін қайтаруға талап етуге міндеттемелік құқығы бар болады.
Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейді. Тек ғұмырлық рента төленуі үшін пәтер, тұрғын үй және өзге де мүлік иеліктен тегін шығарылса және рента төлеушісі рента жағдайларын елеулі бұзса бұл міндеттемелік құқық пайда болады (ҚР АК 533 - бабы 2 - тармақ). Осыған қатысты экономикалық мағынада бәрібір бұрынғы меншік иесі өз мүмкіншіліктерін сақтай береді деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншік құқығы заңды түрде өзге субъектіге рәсімделетін болғасын бұл дәлелдеуіміз тұрақсыз болып шығады. Рента төлеушісі өзіне меншіктің ауыртпалықтарын жүктеуге келісуі үшін салмақты себептер қажет. Жаңа меншік иесі рентаны алғашқы меншік иесімен бөлісуге мәжбүр болғанына қарамастан, ол ұтста да болады. Жаңа меншік иесі өз бетімен де рантье болып шығады.
Экономикалық ренталық қатынастар мүлікті жалдау шартымен де нәтижелі қамтылуы мүмкін. Мүліктің жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшеліктері, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкіншілік береді (аренда шарттарын жасасу негізінде). Бірақ заңгер рента шартына кәсіпкерлік емес қатынастарды реттейтін ретінде қарайтынын ұмытпауымыз керек (ҚР АК 523 - бабы 1 тармағы., 530 бабы 1 тармағы), рента осы себептен кәсіпкерлік пен беретін құқықтық нысан болып бағалуны мүмкін.
Аренданың ретті шарттары туралы айтатын болсақ, онда табысты ұдайы табу сипаты жоғалып қалады. Бірақ басқа түстен қарасақ, біз жаңа заңнама мүлікті жалдау мерзімі бойынша шектелулерді негізінен алып бастағанын байқай аламыз. Сондықтан рента және мүлікті жалдау шарттарының бұл табысты тұрақты табу немесе таппау бойынша сөзсіз болып келмейді.
Сонда да рента алушының құқықтық жайдайы мүлікті жалға беретін немесе өзге қызметті жүзеге асыратын кәсіпкер субъектінің құқықтық жағдайынан немен ерекшеленетінін айтып кетейік.
Біріншіден, рента алушыға кәсіпкерлік тәуекел орын алады. Екіншіден, кәсіпкерді тіркеуге қатысты талаптар болмайды Б.В.Покровский атап көрсеткендей экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар тек ренталық ренталық міндеттемелер арқылы емес, өзге де міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіледі. Экономикалық мағынадағы ренталық қатынастар рента алушыларының кәсіпкерлік қызметімен байланысты болады немесе байланыспауы мүмкін. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінің жобасында тұжырымдалған ренталық міндеттемелер бойынша рента алушысы коммерциялық ұйым бола алмайды. Сол сияқты кәсіпкерлік ретінде әрекет ететін азамат та ренталық міндеттеменің тарапы бола алмайды. Бұл айтылған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің күшінде болып келетін редакциясына да қатысты әділ болып келеді.
Сөйтіп, рента шарты мүлікті пайдаланудың жаңа заңды нысаны болады. Шартты пайдалану тұрақты және қажетті жоғары пайда табу кәсіпкерлік қызметке байланыссыз. Рента шарты бойынша мүлік едәуір көп көлемдерде берілуі мүмкін. Сол сияқты рентаны тек жеке қажеттер үшін қолдану да жоққа шығарылмайды.
Егер мүлікте ерекше қасиеттер болса, онда меншік иесі өзіне еш қиындықсыз оны сата да алады. Сату бағасын да мүлік иесі болашақта алынуы мүмкін ренталық төлемдерді де ескере алады. Сөйтіп меншік иесі табысты бір рет ғана болса да бірақ аса қауіпсіз таба алады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының жағдайын ескере отырып, рента қатынастарының және заем қатынастарының заңды нысандарын айқын ажырату керек. Болмаса тәжірибеде осыған қатысты қателесулер орын алып келеді. Кейде заңгерлер бұны түсіне тұра немесе түсінбей - ақ олардың ажыратылысын ескермейді, бұл жағдайды ескермеу заңды бұрмалауға әкліп соқтырады, мемлекетіміздің қаржы жүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін, жалпылама мүдделерді жария бұзады.
Жалпылама рентада оларды бөліп шығару мәжбүрлі қажетті болып келетін дербес, элементтер бар ма деген сұрақты қою орынды болады. Рента шарты институтының жаңалығы осыны талап етеді. Ал бұл мәселеге арналған зерттеулер өте жеткіліксіз. Өз кезегінде рента шарты бұл оларды жасау, әсіресе орындау кезінде даулы сұрақ көбі туындайтын азаматтық құқықтық шарттардың бірі.
Мәміле екі жақты болып келетін жағдайда оның мақсаты күредлі болып келеді. Рента төлеушісі үшін рента шарты бойынша негізгі қажетті нәтиже бұл арқылы немесе ақысыз негізде ренталық табысты келтіру мүмкін мүлікті алу. Осы себептен ол мүліктің құны едәуір болып келеді.
Сөйте тұра ол мүліктің бұрынғы иесіне артық жоғары рентаны бас тартқысы келеді. Осы нәтижені рента төлеушінің теріс нәтижесі қылып белгілеуге болады. Рента алушы тым аз емес ренталық төлемдерді алғысы келеді.
Рента шарты қазіргі азаматтқы құқықта оларға реалдық мінезі берілген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен міндеттер пайда болуы үшін мүлік рента төлеушіге берілуі керек.
Рента шарты бір жақты шарт болып табылады. Мүлік берілгеннен кейін жалпы тәртіп бойынша рента алушыға ешқандай міндеттеме жүктелмейді. Рента төлеуші рентаны сатып алу құқықтарына ие болады, бірақ бұл құқық негізгілердің қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып алу - сату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкін, бірақ рента шарты рента төлеугісі үшін жоғары тәуекелді болғасын, оларды қолдану мүмкіншілігі бірталай шектеледі.
Рента шартын және өсиетті қоспағанда ерекше бөлімінің нормалары өзге мәмілелерге оларды нотариатты нысанда жасау бойынша талаптарды қарастырмайды. Егер рента төлеу үшін қозғалмайтын мүлік иеліктен шығарылса, онда нотариалдық куәландырудан басқа рента шартын мемлекеттік тіркеуден өткізілуі тиіс. Бұндай талаптар рента шартының жоғарыда қарастырылған ерекшеліктеріне негізделеді. Тараптардың шынайы еркі туралы дау - дамайлар туындауы мүмкін. Мысалы, рента төлеуші мүлік бағасын бөліп төлеймін деп болжағаны анықталуы мүмкін. Нотариат қызметіне тараптардың нақты мақсатын анықтау жатады, ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын және мәнін түсіндіруге міндетті (Қазақстан Республикасының Нотариат туралы заңының 35 бабы). Рента шартының заңды құрылымының күрделігін ескертін болсақ, бұның мәнін келісетіндер үшін аз емес екенін таныимыз.
Тараптар рента төленуі үшін берілген жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне, ғимаратқа, құрылысқа немесе өзге жылжымайтын мүлікке) рента ауырпаылқ тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса, онда рета шарты төлеуші осындай мүлікті иелігінен шығарса онда рента шарты бойынша оның міндеттемелері мүлікті иемденушіге өтеді. Бұл заңнамалық шешім Ген негізінде рента төлеушінің де рента алушының да мүдделерін ескереді. Болашақта рента алушы ҚР АК 533 - бабы 2 - тармағымен қарастырлығна мүмкіншіліктерді пайдаланып құны аз емес үлікті өзіне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек.
Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520 - бабы нормасының әсерін жылжитын мүлікке де таратса, онда бұнымен рента төлеушінің құқықтары негізсіз кемсітіледі. Сондықтан, жылжитын мүлік иеліктен шығарылған кезде тараптардың қатынасы ренталық міндеттеме көлемінде сақтала береді, одан асып шықпайды.
Тағы да мынаны қосып айтуға болады. Рента ауыртпалығының мүлікпен бірге еру сипаты болғаныменен, өмір бойы асырауда ұстау қатынастарын қоспағанда, оның заттық - құқықтық мінезі болмайды.
Қозғалмайтын мүлікті беру рента төлеушіні толық міндеттемеден босатпайды. Егер заңнмамен немесе шартпен олардың ортақ бірлескен жауапкершілігі қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушісі жаңа рента төлеушімен бірге субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.
Рента төленуін қамтамасыз ететін норманың міндетті мәні бар. ҚР АК 521 - бабының 1 - тармағына сәйкес, рента төленуі үшін жер бөлшегіне немесе өзге жылжымайтын мүлікке құқық берілетін болса, рентаны алушы рента төлеуші міндетін қамтамасыз ету мақсатында сол мүлікке келіп құқығына иеленеді. Рента төлеуін өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады, бірақ осы да аса қажеттілік болмауы мүмкін.
Рента төленуі үшін жылжымайтын мүлік берілетін болса, заң міндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрін тікелей анықтамайды. Бірақ, әрине, бұл реттерде ең тиісді болып келетін тәсіл бұл рентаға берілетін немесе өзге мүліктің кепілі. Рента төленуін қамтамасыз ету міндеті баламалы болып келеді. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушісі бұл міндеттемелерін орындамаудың немесе тиісті орындалмаудың қауіп рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушісінде болады, бұл баламалы міндетеме орындалуының жалпы ережесіне сәйкес келеді (ҚР АК 285).
Ренталық міндеттемені орындамаған үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Азаматтық құқыққв жауапкершілікті қарастыратын нормалар әрқашан міндетті болып келеді, жауапкершілікті қолданудан бас тарту, туралы келісімдер жарамсыз болып келеді (ҚР АК 8 - бабы, 2 тармақ). Нақты рента шартының өзінде оны орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар, Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы жалпы ережелер қолданылады.
Рента төлеу мерзімін өткіщіп алған рента төлеуші ҚР АК 552 - бабына сәйкес тұрақсыздық төлемді төлейді, ол ҚР АК 353 - бабына сәйкес өндіріледі. Біздің пікіріміз бойынша 522 - баптың маңынасы көрсетілген айыппұлды бір бөлігінде азайтуға немесе одан толығынан бас тартуға болады. Жалпылама бұл норманы қарастыру қажеті жоқ сияқты, тікелей 353 - б бапты қолданса да болар еді. Аздалған ерекшелік рента, ақшалай төлем емес, затта асырау болып келетін жағдайларда пайда болады. Бұл орындаса, айыппұл заттай асыраудың ақшалай бағалауына сәйкес өндіріп алынады.
Барлық тізіліп айтылған жағдайлардан басқа реттерде ренталық қатынастарға азаматтық құқықтағы диспозитивтілік реттеу толығынан тарайды. Шарт мазмұнына қатысты, үшінші тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделерді және имперсивті нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптармен өз қалауымен бекітіледі. Рента ешқашан нақты уақыт шегімен анықталмайды, бұл шарттың мәнісіне қатысты нәрсе. Сондықтан тараптар рента төлену мерзімін келісімімен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзге де шектеулер болуы мүмкін.
Рента шартының мазмұны, нысаны мен түрлері
Рента шарты құқық саласындағы азаматтық-құқықтық реттеудің алатын орны ерекше. Осы шарт құқықтық сипаты бар нормативтік заңдармен, актілермен және нормалармен бекітілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28 тармағы рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарына арналған.
Рента шарты тарихының дамуы мына жағдаймен қызықты болып келеді: 1922 жылғы Азаматтык кодексте рента және оның түрлері жайлы айтылмаған. Бірақта осындай келісімдер тәжірибе жүзінде жасалынатын. Аса кең таралушылық мұндай шарттар 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде және ол аяқталғаннан кейін алды. Ол түсінікті, өйткені сол кезде көпшілік үшін рента түріндегі ұстауды беру күн көрудің басты көзіне айналды, ең алдымен, мүгедектер, асыраушысын жоғалтқан тұлғалар, зейнеткерлер және тағы басқалар үшін. Сот тәжірибесі сондай жағдайлармен кездескен болатын.
Бұның бәрі 1963 ж. Қазақ ССР Азаматтық кодекста Өмір бойы асырауда ұстау талабы негізінде үйді иеліктен шығару шарты деген тараудың пайда болуына әкеп соқтырды. Көрсетілген тарауда рента термині қолданылған емес, бірақ, белгіленген шарт ранта шартының бір түрі болды.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында болған зейнетақы мөлшерінің тез арада өсуіне байланысты осы қатынастардың дамуының қажеттілігі болмады, және рента шарты тәжірибеде сирек қолданылды.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында рента қатынастары тағы да белсенділік танытты, осы шарттарды теріс пайдалану жағдайларының болуына байланысты, олардың қатаң құқық реттеушіліктің қажеттілігі туды.
Қазіргі уақытта Азаматтық кодекстің 28 тарауымен регламенттелген рента - бұл мүлікті иеліктен шығарумен байланысты, кепілді табысты қамтамасыз ететін азаматтық құқықтың дербес институты.
Рентаға тән белгі бұл оның мүлікті рента төлеу үшін берген мүлік иесінің кәсіпкерлік қызметінің байланысы жоқ екендігінде. Рента міндеттемесі тек қана шарт негізінде пайда болады. Рента шарты шынайылық, ақысы төленетін болады, сондай - ақ мезгілсіз (тұрақты рента) немесе рента алушының өмір ұзақтығы уақытына (ғұмырлық рента иесі өмір бойы асырауда ұстау) жасалуы мүмкін.
Рента реалдық (шынайылық) шарт, өйткені рента алушы рента төлеушінің меншігіне қандай да бір мүліктің берілу сәтінен басталады, ал шарт талаптарына сай жақтар келіскен сәттен пайда болмайды. Егер де заңнамалық актілерге сәйкес шарт жасасу үшін мүлікті беру қажет болған жағдайда, қандай да бір мүлік берілген сәттен бастап шарт жасалды деп есептелінеді (АК 393-бабының 2 тармағы).
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
2.1 Тұрақты рента шарты
Тұрақты рентаны алушы
1. Тек қана азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл олардың қызмет мақсаттарына сәйкес келсе, тұрақты рентаны алушылар бола алады.
2. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының құқықтары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлiк не құқық мирасқорлығы тәртiбiмен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
Тұрақты рентаның нысаны мен мөлшерi
1. Тұрақты рента шартта белгiленген мөлшерде ақшалай төленедi.
2. Шартта рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына сәйкес келетiн заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету жолымен қарастырылуы мүмкiн.
3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетiн рентаның мөлшерi заң актiлерiнде белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне бара-бар өзгертiледi.
Тұрақты рентаны төлеу мерзiмдерi Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн төленедi.
Төлеушiнiң тұрақты рентаны сатып алу құқығы
1. Тұрақты рента төлеушi рентаны сатып алу жолымен оны одан әрi төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Бұлайша бас тарту рента төлеушi рента төлеу тоқтатылғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей немесе шартта көзделген неғұрлым ұзақ мерзiмде жазбаша түрде мәлiмдеген жағдайда жарамды болады. Бұл орайда рента төлеу жөнiндегi мiндеттеме, егер шартта сатып-алудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, рента алушы барлық сатып алу сомасын алғанға дейiн тоқтатылмайды.
3. Тұрақты рента төлеушiнiң оны сатып алу құқығынан бас тарту туралы шарт талабы жарамсыз болады.
Шартта тұрақты рентаны сатып алу құқығы рента алушының тiрi кезiнде не шарт жасалған кезден бастап отыз жылдан аспайтын өзге де мерзiм iшiнде жүзеге асырылмайтындығы көзделуi мүмкiн.
Тұрақты рентаны рента алушының талабы бойынша сатып алу
Рента алушы:
1) егер шартта өзгеше белгiленбесе, рента төлеушi оның төленуiн бiр жылдан астам уақытқа кешiктiрген;
2) рента төлеушi рентаның төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi өз мiндеттемелерiн бұзған (осы Кодекстiң 521-бабы);
3) рента төлеушi төлемге қабiлетсiз деп танылған не оның шартта белгiленген мөлшер мен мерзiмде рента төлей алмайтынын айқын куәландыратын өзге де мән-жайлар пайда болған;
4) рента төлемi ретiнде берiлген қозғалмайтын мүлiк жалпы меншiкке түскен немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнген жағдайларда;
5) шартта көзделген басқа да жағдайларда төлеушiнiң рентаны сатып алуын талап етуге құқылы.
Тұрақты рентаның сатып алу бағасы
1. Тұрақты рентаны сатып алу осы Кодекстiң 526 және 527-баптарында көзделген жағдайларда шартта белгiленген баға бойынша жүргiзiледi.
2. Шартта рента төлемi ретiне төлеу үшiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу рента төлемдерiнiң жылдық сомасына сәйкес баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Шартта рента төлемiн төлеуге тегiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы туралы ереже болмаған кезде сатып алу бағасына рента төлемдерiнiң жылдық сомасымен қатар берiлген мүлiктiң бағасы да қосылады.
Тұрақты рента төлемi ретiнде берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
1. Тұрақты рента төлемi ретiнде тегiн берiлген мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупін рента төлеушi мойнына алады.
2. Тұрақты рента төлемi ретiнде төлеу үшiн берiлген мүлiк кездейсоқ жойылған немесе кездейсоқ бүлiнген кезде төлеушi тиiсiнше рента төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн тоқтатуды немесе оны төлеу талаптарын өзгертудi талап етуге құқылы.
Тұрақты рента тараптары болып рента алушы және рента төлеуші табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар келеді. Азаматтар ренталық қатнастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе алады: а) егер олар мүлік иегері болса және мүлік олармен рентаға берілсе ә) тұрақты рентаны алушы мұрагерлік салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бір тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшінші тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.
Азаматтарды кәсіпкер ретінде тіркеу олардың тұрақты ренталық төлемдерді алуы үшін кедергі болмайды, себебі бұндай жағдайларда азамат өзіне жататын жалпы құқық қабілеттілікке негізделіп рента қатынастарында да қатыса береді.
Тұрақты рента алушы ретінде егер бұл олардың мақсатына және қызметіне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да әрекет ете алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттік мекемелер келмейді, себебі олар мемлекеттік бюджеттен тыс көздерден қаржыландарылуы мүмкін емес. Барлық жеке меншікке негізделген бола алады. Ренталық төлемдер ретінде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметті жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Ренталық төлемдер есебінен қаржыландыруға мүмкіншілік ьереді. Ренталық төлемдер есебінен қаржыландырыуға тиым тікелей жарғыларда қарстырылуы мүмкін, бірақ та оларды тәжірибелі бекіту ақыл ойға сыйыса бермейді.
Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары өзгеріп тұруы мүмкін.
ҚР АК 523 - бабының 2 - тармағына сәйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нәтижесіндегі құқықтық мирасқорлық арқылы өтуі мүмкін. Яғни, егер екі жеке меншік мекеме біріккен болса және с.с., онда олардың біреуінің тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға аусады. Алайда, қайта құру нәтижесінде коомерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мұра иесіз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге тұлғаға ішінара сингулярлық мирасқорлық негізінде талап етуді беру арқылы ауысуы мүмкін. Егерде талап етуді беруге тиым немесе оны төлеушімен келістіру талабы тұрақты рента шартының өзінде ұсталмаса, онда талап етуді беру рента төлеушісі келісімінсіз де жүзеге асырылуы мүмкін.
Тұрақты рентаны төлеушілері болып азаматтар және осыған оларға тиым салынбаса коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар келуі мүмкін.
Тұрақты рента шартының нысанасы бір жағынан рента төленуі үшін иеліктен шығармайтын мүлікті, екінші жағынан ренталық төлемдерді қамтиды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz