ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНА КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Тонау қылмысы туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Тонау қылмысының объективтiк және субъективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... .12
2 ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНА КӨЗДЕЛГЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Тонау қылмысы үшін көзделген қылмыстық жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ...15
2.2 Ұрлық, тонау мен қарақшылық қылмыстары бойынша анықтауға тиіс мән - жайлар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасында 90-жылдардың орта шенінде мемлекеттің әлсіреуі тұсында жіберілген ақтаңдақтардың кесірінен, әсіресе, жекешелендіру кезінде, сол сияқты Кеңестер Одағының ыдырауы салдарынан жұмыс орындарының жаппай жабылуынан жұмысқа жарайтын азаматтардың ауыл-селолардан жұмыс орындары бар қалаларға ағылуы себепті республикада біршама тұрақсыз жағдай қалыптасты. Дәл осы кезең пайдақорлық зорлық қылмыстарының шарықтау шегіне жеткен тұсы болатын. Мысалға, жаппай өрістеген қорқытып алушылық қылмысы тек 1995 жылы республика көлемінде жүргізілген `'Құқықтық тәртіп'' атты шарадан соң ғана саябырсыды. Сондай-ақ, Қазақстанда мемлекеттік институттарды реформалау аяқталды десек те, әлі де халық ішіндегі өзгерістердің болып жатқаны айқын. Мұның өзі де пайдақорлық-зорлық қылмыстары себептерінің өзгермелілігіне алып келеді. Елімізде жұмыссыздар санының өсуі де пайдақорлық-зорлық қылмыстарының өсіміне де өз үлесін қосады.
Сол сияқты халық менталитетінің өзгеруіне байланысты виктимологиялық аспектілерді зерттеу де бір төбе мәселе.
Дегенмен, 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында, сол жылдан бастап экономикалық өсім болатындығына міндет қойылды. Бұл үрдістің Қазақстанның саяси, экономикалық өмірімен қоса, қылмыстылықты, соның ішінде, пайдақорлық-зорлық қылмыстарды бәсеңдетуде де маңызы зор.
Сол сияқты 2003-2009 жылдардың ауылдарды көтеруге арналуы және қаржы бөлінетіндігі де Қазақстандағы экономикалық ахуалды жақсартып, халықтың әлеуметтік жағдайына оңды ықпал ететіндігі және осы айтылған шаралар қылмыстылықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік шараларына айналатындығы сөзсіз.
Жұмыстың өзектілігі. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе неме-се қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы, жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б) қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы тонау үшін қылмыстық жауаптылықтың басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі оның түрлері мен беліглеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Тонау қылмысы туралы ұғымға тоқталу және сипаттама беру;
Тонау қылмысының объективтiк және субъективтік жағын қарастыру;
Тонау қылмысы үшін көзделген қылмыстық жауаптылық пен ұрлық, тонау мен қарақшылық қылмыстары бойынша анықтауға тиіс мән - жайлар сипаттамасын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - тонау жасау қылмыс ретінде болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталмыш тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Тонау қылмысы туралы ұғым

Біздің мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады. Қолданыстағы заңдарда қарастырылған меншікке қарсы қылмыстардың түрлері әрекетті жасау ниеті мен тәсілдері арқылы ерекшеленеді. Пайдакүнемдік ниеттің бар немесе жоқтығына байланысты барлық қылмыстар пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес деп екіге бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар екі топқа бөлінеді: бөтеннің мүлкін ұрлау және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар. Ұрлықтың мынадай нысандары бар: ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдадакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру [1].
Тонау -- бұл бөтеннің мүлкін ашық ұрлау. Бұл ұрлық пен алаяқтық қылмыстарына қарағанда ұрлықтың аса қауіпті түрі.Тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде күш қолданып иеленуден тұратын белсенді әрекетпен сипатталады. Мүлікті ашық түрде ұрлау туралы мәселе, ұрлықтағы сияқты субъективтік критерий негізінде шешіледі, яғни июлінің өзінің жағдайды субъективтік қабылдауынан келіп шығады. Егер кінәлі адам қылмысты жәбірленушінің немесе басқа адамның көзінше жасап жатқанын және олардың өз әрекетін түсініп тұрғанын білгенін сезінсе ұрлық ашық (тонау) жасалған болып табылады. Ұрлықты ашық түрде ұрлау деп тану үшін, біріншіден, меншік иесі, өзге иеленушісі немесе басқа адам айыптының құқыққа қайшы әрекетін бақылап, оның қылмыстық сипатын түсінуі керек екіниііден, айыпты осы мән-жайды елемеуі қажет [2].
Қарақшылық -- ұрлықтың ең қауіпті нысаны. Ол бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытумен шабуыл жасау ретінде белгіленеді. Қарақшылықтың қауіптілігі меншікке қол сұғудан емес, шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен мен ұштасатын шабуыл жасауда болып отыр. Қарақшылықтың тікелей объектісі: бірінішіден, меншіктік нақты нысаны, екіншіден, шабуыл жасалатын адамның өмірі мен денсаулығы. Қарақшылық жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе осындай күш қолданамын не қорқытумен жасалатын шабуыл.
Ұрлық -- бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау. Айыптының бөтеннің мүлкін алған жене өз қалауы бойынша мүлікке билік етуге шынайы мүмкіндік алған сәтінен бастап бұл мүмкіндікті іске асырған, асырмағанына қарамастан ұрлық жасалған деп есептеледі. Айыпты адам жасырын түрде заңсыз және қайтарымсыз бөтеннің мүлкін алатынын біледі, өз әрекетінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзге иеленушіге материалдық зала келтіретінін болжайды және аталған тәсілмен осындай зиян келтіруді қалайды. Ол пайдакүнемдік мақсатты басшылыққа алады және заңсыз олжаға бату мақсатын көздейді [3].
Шабуыл жасау деп меншік иесіне, мүліктің өзге иеленушісіне басқа адамға, мысалы, күзетшіге ашық не жасырын түрде, күтпеген жерден шабуыл жасап, күш көрсету арқылы әсер етуді айтады. Шабуыл бүркемеленген сипатта болуы мүмкін (арттан жасырынып келіп ұру), сондай-ақ жәбірленушінің нерв жүйесіне уытты немесе елітетін құралдармен ашық, сондай-ақ жасырын түрде әсер етуден көрінеді. Әсер етудің мұндай тәсілдерін көбіне жәбірленуші сезіне бермейді, дегенмен ол шабуыл жасау сипатынан айырылмайды. Сонымен бірге жәбірленушіге ішімдікпен, есірткімен немесе басқа да елітетін заттармен өсер ету, егер оны жәбірленуші өз еркімен қабылдаса, шабуыл деп есептеуге болмайды [4].
Тонау - бұл бөтен мүлікті ашық ұрлау.
Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған дамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету мен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.
Тонау
Объект - меншік, адамның жеке басы.
Объективтік жағы - бөтен мүлікті ашық ұрлау.
Субъект - 14 жасқа толған тұлға.
Субъективтік жағы - тікелей қанаушылық.
Қарақшылық
Объект - меншік, адамның өмірі мен денсаулығы.
Объективтік жағы - адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету, күш көрсетемін деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау.
Субъект - 14 жасқа толған тұлға.
Субъективтік жағы - тікелей қастандық, пайдакүнемдік.
Аса қауіпті қарақшылық шабуылдар банктерге (ақша айырбастау бөлімдеріне, банк филиалдарына, бөлімшелеріне) кассирлерге, инкасатрларға қарулы шабуыл жасаумен жасалады [5].
Мұндай қылмысты жасау үшін қылмыскер жан-жақты дайындалады. Бөлек мекеменің және қызметкердің жұмыс уақытын біліп алады. Қызметкерлердің жүретін жолдарын анықтап алады. Өздерін көлік құралдарын қамтамассыз етеді, қаруландырады.
Ұшу, теміржол билеттерін алдын ала дайындап сатып алып қояды, істерін бітіргеннен кейін қаладан қашып кету үшін және де түр түстерін, киген киімдерін өзгертіп алады [6].
Қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілік -- меншікке қатысты қол сұғу қандай тәсілмен жасалатындығына байланысты белгіленеді. Мүлік жасырын немесе ашық түрде, зорлықпен немесе зорлықсыз, алдау арқылы немесе сенімге қиянат жасау және т.б. арқылы алынуы мүмкін. Қолданыстағы қылмыстық заңдарда ұрлықтың алты нысаны қарастырылған: ұрлық, тонау, қарақшылық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу не ысырап ету. Аталған әрбір ұрлық нысанына ұрлықтың бір түрін екіншісінен айырып көрсететін өз ерекшеліктері тән.
Қылмыс -- қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Криминологияда және құқықтық статистикада -- әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірдерлікте қылмыс -- жекелеген қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.
Қылмыс жағдайы заңнамадағы өзгерістер немесе оны іс жүзінде қолдану салдарынан өзгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің ауытқуы да қылмыс статистикасын өзгерте алады. Сол немесе басқа әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді [7].
Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т.б.; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады [8].
Айыптылық түріне қарай қасақана жасалған және абайсызда жасалған қылмыс болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген іс-әрекеттің сипатына және қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай жеңіл қылмыстарға (2 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет), ауырлығы орташа қылмыстарға (2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет), ауыр қылмыстарға (5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет) және ерекше ауыр қылмыстарға (10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе неғұрлым қатаң жаза қолданылатын қасақана іс-әрекет) бөлінеді.
Ұрлық, тонау мен қарақшылықты тергеу барысында оқиға болған жерді қарау, қылмыскерлер мүлікті тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің қарсылығын не басқа да тосқауылдарды(әйнекті қирату, есікті сындыру және т.б.) жеңіп алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді. Бірақ мұндай жағдайлар орын алмағанда да қарау жүргізуден бас тартпау керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқиға болған жерді мұқиат және әдісін тауып қарағанда, қылмыстың материалдық іздерін әрқашан табуға болады [9].
Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру керек. Қарауға сарапшы- криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледі.
Қарау барысында тергеуші қол, аяқкиім, қан іздерін, қылмыскер не жәбірленуші тастаған не түсіріп алған заттарды және күрес іздерін табуға тырысуы тиіс. Кейде оқиға болған жерді қарау нәтижесінде қылмыскердің үстінде немесе оның киімінде қандай іздер қалуы мүмкін екендігін анықтауға болады. (мысалы оқиға болған жерден киімнен үзіліп түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай шықса, онда ойша ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады).
Ұрлық, тонау мен қарақшылықты тергеу барысында қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелер жиі қылмыс орнынан қашықтау жерлерден табылып жатады. Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердің құрбанға жақындауы мүмкін жолдарын және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды. Егер тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер мен құрбанның арасында күрес болса, жәбірленушінің киімінде не болмаса жеке заттарында микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте жұққан заттармен бірге алынады. Оқиға орнынан қылмыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алуы керек. Қарақшылық және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап алу оқиға болған жерді қараудан соң дереу жүргізіледі ал жеке жағдайларда қараудың алдында жүргізілуі мүмкін [11].
Қылмыстық оймен азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылықтың аса әдепсіздігі, қатыгездігі және айқын пайдакүнемдік - тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудің белгілі бір күрделілігін туғызып, тергеушіден бірқатар шарттарды есепке алуды талап етеді.
Жұртшылықтың қылмысқа қарсы күреске қатысуы құқық қорғау органдарының күшін анағұрлым арттырады, осы міндетті тікелей атқаратын, сонымен қатар еңбекші бұқараның мемлекеттік аппарат қызметімен байланысының маңызды түрі болып табылады, оларға қарсы құқықтық заңның қолданысын бақылау мүмкіндігін туғызады, заңды құрметтеуді және құқық бұзушылыққа жол бермеу сезімдерін тәрбиелейді. Бұл саладағы жұмыста бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар, баспа) маңызды роль атқарады, өйткені олардан көмек сұрау тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған мүліктерді іздестіруді табысты жүзеге асыруға, азаматтарға қарақшылық шабуыл жасауға мүмкіндік туғызатын мән-жайлар мен жағымсыз істердің себебін жою мақсатындаалдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді. Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл жасау қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қараудың дайындық сатысы оқиға туралы хабар алынғаннан кейін қаратуға дайындалады және нақ сол жерде жүзеге асырылатын дайындық әрекеттерін қамтиды.Оқиға туралы хабарланған бойда, тергеуші:
-не және қайда болғанын анықтап,оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін оқиға орнын қорғау туралы нұсқау жергілікті әкәмшілік немесе полиция органы арқылы беруге [12];
-қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі туралы ескертуге;
-егер жәбірленушілер болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беруге;
-полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған-қолданбағанын анықтауға;
-тергеу портфелінің,фотоаппараттың және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнына шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыруға міндетті.
Жауап алу барысында айыпкерге қойылатын сұрақтар тергеудің бастапқы кезеңінде жүргізілетін сезіктіден жауап алу барысында анықталған сұрақтарға ұқсас болады. Әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан жауап алу кезінде дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең қолданылады, сонымен қатар айыпкердің еркіне қарамастан оның кінәлілігін дәлелдейтін мағлұматтарға, не екендігін анықтауға бағытталған тәсілдер, тергеушінің мағлұматтылығы туралы жауап алынушыда ұлғайтылған түсініктің тууы қолданылады.
Сұрақ-жауап барысында жәбірленушіден мейлінше толық және нақты жауап алуға тырысу қажет. Әсіресе қылмыскердің белгілері және ұрланған мүліктің белгілері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі суреттелуі тиіс. Қылмыскерді суреттеу барысында ауызша суреттеу ережелері мен терминдерін мүмкіндігінше кең қолданған жөн. Қылмыскердің ерекше белгілерін (меңдерін, қалдарын, тыртықтарын, сүйелдерін, татуировкаларын) және киімдерінің ерекшеліктерін анықтап жазып алу маңызды. Ұрланған заттарға келетін болсақ оларды хаттамаға егжей-тегжейлі суреттеумен қатар, жәбірленушіден ұрланған заттардың құжаттарын (төлқұжат, кепілдеме талоны) немесе оларға тиісті бұйымдарының (қосалқы түйме, мата қиындысы, фотоаппарат қорабы) сақталып қалған-қалмағанын анықтау қажет. Егер қылмыскерлер киімдерді алған болса, онда киімнің қалтасында не болғаны анықталады [13].
Қылмыс жасады деген сезікті тұлға ұсталмаған жағдайда, тергеу әрекеттерімен қатар, белсенді түрде сезіктіні айқындап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуі тиіс.
Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады.Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады.Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты,істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі.
Ал егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп,істің кейбір мән-жайларын жасырып,айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік,яғни қайшылықты жағдай деп саналады.
Шабуылға ұшыраған жәбірленушіден жауап алу алдында оны жұбатып, оның қауіпсіздігіне құқық қорғау органдары кепілдік бере алатынын түсіндіру қажет. Одан кейін тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы қажет:
-- Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл қайда және қашан болды;
-- жәбірленуші қандай себеппен қылмыс жасалған жерде болды;
-- Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл кезінде оқиға қалай дамыды(қылмыскер немесе қылмыскерлер нақтылы не істеді, не айтты, жәбірленушіге қатысты қолданған күш көрсету немесе күш көрсетем деп қорқыту неден байқалады және т.б.)
-- егер қылмыскерлер қаруланған болса, қандай қарумен қаруланған және оның белгілері;
-- Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуыл барысында жәбірленуші қандай әрекет жасады(қылмыстық әрекетті тоқтатуға немесе қылмыскерді ұстауға әрекет жасағаны-жасамағаны, қарсылық көрсеткені-көрсетпегені, көмекке шақырған-шақырмағаны және т.б.);
-- Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдың жәбірленушіге келтірген зардабы қандай(қылмыскер одан не алып кетті, материалдық зиянның мөлшері қандай, жәбірленушіге қандай дене жарақаты келтірілді.
-- қылмыскерлердің белгілері қандай, жәбірленуші қылмыскерді тани ала ма, олар қай бағытта жасырынды [14];
-- ұрланған бұйымдардың белгілері қандай;
-- Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдан кейін жәбірленуші не істеді;
-- болған оқиғаны кім көрді немесе кім көруі мүмкін және тағы басқалары.
Ұрлық, тонау мен қарақшылық шабуылдарды тергеудің келесі кезеңінде тануға ұсыну, айғақты оқиға орнында тексеру және де басқа да тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Тану үшін көрсету-ҚР ҚІЖК-нің 228-бабында көзделген тәртіпке сәйкес жүргізілетін және танушы тұлға бұрын көрген объектімен ұқсастығының немесе айырмашылығының болуын шешу мақсатымен куәға, жәбірленушіге,сезіктіге енмесе айыпталушыға ұқсас объектілерді көрсетуден тұратын тергеу әрекеті.Нақтырақ айтқанда, оның барысында бірдейлестірудің арнайы түрі-танушы тұлғаның есінде қалған бейнені тануға ұсынылған объектінің белгілерімен ойша салыстыру жүзеге асырылады.
Тонау қылмыстық ісі бойынша сезікті адамның үйінде тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тұратын, тінтілетін бір кәсіпкер адам басында ашуы келіп,асып-сасып абырай берген еді.Тінту орталана бөлменің бір бөлегі тексерілгеннен кейін оның көңіл-күйі көтеріліп,тінтіп жатқан адамдармен қалжыңдаса бастады.Тергеуші тінтілуші еркектің көңіл-күйінің өзгеруін байқап қалып,дер кезінде оған мән берді, тексерілген объектілерді тағы бір мұқият қарап шығуды жөн көрді,әсіресе осы еркектің тапжылмай тұрып алған керует тұсы күдік келірді.Айтқандай,қайта тексергенде керуеттің алмалы арқалығының қуысынан толған ақша,тергеуге қажет құжаттар және қылмыс қаруы табылды. Міне,сөйтіп тергеуші тінтіліп жатқан адамның психологиялық көңіл-күйіне дер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Адамды кепілге алу қылмысы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Пәндер