СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА МАТЕМАТИКАДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..5
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың теориясы ... ...5
Оқытудың озық ақпараттық-иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ..9
2 СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА МАТЕМАТИКАДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Математиканы дифференциалдап оқыту әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..17
2.2 Факультатив сабағында дифференциалдап оқыту технологиясын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласының басты міндеттерінің бірі - келешек ұрпақтың дифференциалды оқыту дұрыс қалыптастыру және оны дамыту. Соған орай мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде бұл міндет ерекше назарда болып отыр. Дегенмен білімнің өзінің шынайы міндетіне жауап беруден қалғанына бүкіл дүние жүзінің педагогтары алаңдатушылық танытуда. Оқушыларды ғылым негіздері туралы білімдермен шектен тыс жұмысбасты етумен білімнің мақсаты айтарлықтай кеміп кетті.Үлгерімнің жоғары процентіне қол жеткізу бірінші кезектегі маңызды міндет болып санала бастады. Сол үшін де оқытудың барлық үрдісі әр түрлі тестер мен емтихандарды жаттап алуға және тапсыруға алып келді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алынғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы, білімді, жан-жақты дифференциалдық оқыту көзқарасы қалыптасқан шәкіртті тәрбиелеуге болады.
Қазіргі кездегі мектеп бағдарламасында дифференциал теңдеулер туралы мағлұматтар беріледі. Атап айтқанда, дифференциал теңдеулер деген не, оның шешімі және олардың математикалық, физикалық және техникалық есептерді шығаруға қолданылуы т.б.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұраныстарына байланысты мектеп бағдарламасына енгізілген дифференциалдық теңдеулер теориясы ғылымының әртүрлі облыстарында кеңінен қолданылады.
Айнымалылары ажыратылатын қарапайым дифференциалдық теңдеу теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты атмосфералық қысымның өзгеру процессін де, радийдің түсу процесін де, тұрғындар санының өзгеру процессін де, суыту процесін де және т.б. сипаттайды.
Жұмыстың өзектілігі өзектілігі келесілермен түсіндіріледі:
- математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер негізінен болашақ студенттердің математикалық біліміне үлкен үлес қосады.
- дифференциалдық теңдеулер мектептің математика курсында оқытудың әдістемесіне арналған зерттеулердің кемдігі.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы Дифференциалдық теңдеулер теориясының мазмұны абстрактылы - теориялық ойлауды, шығамашылық қабілетті жетілдіруді керек етеді және соған жетелейді. Жетілдіре оқытудың маңызды құрамының бірі ретінде оқушылардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілетін жандандыру саналады. Сонымен қатар игерілетін материалдың математикалық қабілетін қарқынды дамытатын, оларға терең тәрбиелік ықпалын тигізетін ұстанымдардың да маңызы айырықша.
Ғылыми мәселенің қазіргі кездегі шешу жағдайын бағалау Дифференциалдық теңдеулерді оқу қиял ойдың дамуына нәр береді, оқушыларға дифференциалдық теңдеулердің абстрактілігі табиғат құбылыстарын математикалық модельдер көмегімен оқып білудің құралы болып табылады.
Дифференциалдық теңдеулер болашақ студенттің фундаметальды дайындығында, атап айтқанда оқушының ғылыми дүниетанымын, математикалық мәдениетінің белгілі бір дәрежесін қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты - осы пән туралы мағлұмат беру және қарапайым теңдеулерді шығару жолдарын көрсету.
Мектеп курсында дифференциал теңдеулерге сағат аз болғандықтан біз мұнда негізгі анықтамалар мен ұғымдарды беріп, соларға көптеп мысалдар келтірумен шектелеміз. Дифференциалдық теңдеулерді оқыту мазмұны мектептерде математиканы оқытуда қосымша, дарынды оқушыларымен жұмыс ретінде қарастыру. 1 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың теориясы
Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет екендігі баршамызға мәлім. Қазіргі кездегі қоршаған ортадағы өзгерістер ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында болып жатқаны белгілі.
Бұл саладағы маңызды өзгерістер білім беру саласына да оң ықпалын тигізіп отырғаны бүгінгі білім ордасындағы ұстаздар қауымына кеңінен таныс. Жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың адам, қоғам өміріндегі орны туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында білім ордаларын жаңа технологиялармен қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіретіндігін атап өткен болатын.Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамымызға кеңінен енді.
Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.Ақпараттық коммуникативтік технология негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту. Оқушыға жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Оқушының математикамен, геометриямен компьютерді байланыстыра алуы, компьютермен бірге пәнге қызығушылығының оянуы, белсенділігінің артуы.Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін арттыру, тақырып бойынша компьютерді пйдаланып түрлі сызбалар, фигуралар салу үлгілерін, есепте алу үлгілерін дамыту.
Оқып келген үш айлық курс оқудағы Кембридж тәсілдеріне негізделіп , бізге ұсынылған заманауи оқыту әдістемелері жеті негізгі модуль шеңберінде жүзеге асырылады . Бүгінгі таңдағы білім беру - өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор.
Сонымен , оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану - келесі нәтижені береді:
:: Электронды оқулықтармен жұмыс істеуге үйрету.
::Интернет желісінен алған ақпаратты тиімді қолдануға үйрету,
::Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасын көтеру,
::Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
::Ақпараттық мәдениетті дамыту,
::Әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін ашу,
::Сабақта уақытты үнемдеу,
Мұғалім - сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Білім беру негізін түсіну, білім беру стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау, өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау, оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру. Әрбір сабақ-мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Жаңа тәсілдер арқылы сабақты жоспарлау сабақтың структуралық құрылымына өзгеріс енгізе алады. Олар: а) нәтижелі оқу еңбегіне уақыт көбейеді; ә) сабақта жаңа материалды игеруге деген көзқарас күшейеді; б) сабақ сұраудың жоспарлы және жүйелі түрі күшейтіліп, сапасы артады; в) оқушының жас ерекшелігі мен психо-педагогикалық дамуы қатаң есепке алынады.
Жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланыстылығына мен өзімнің іс-тәжірибем кезінде көз жеткіздім. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер курсы кезінде үйренген әдістерімді қолданып сабақтар өткіздім.
Қашықтықтан оқыту кезеңінде, мектептегі практикалық сабақтарымда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушы үшін білім берудің оңай, әрі тиімді жақтарын қарастырдым. Жалпы алғанда сабақ үдерісінде біз білетін оқытудың жаңа технологияларының барлығының да тиімді жақтары жетерлік. Сондықтан да өткізген сабақтарымды түрлендіріп отыруға, қызықты етіп өткізуге тырыстым. Соның ішінде АКТ-ны қолданудың тиімді жағы баршылық. Өзімнің әр сабағымда АКТ-ны жүйелі түрде , ұтымды пайдаланып отырдым. Ұзақ мерзімге жоспарлаған төрт сабағымда слайдтар жасауда, бейнероликтер көрсету барысында өте ұтымды шықты.Тақтадан көрген бейнероликтерін оқушылар бір-бірімен талқылау барысында ойларын ашық айта білді. АКТ құралдары арқылы математика пәнінен Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбында және де Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі тақырыбындағы сабақтарды өткізген кезде интерактивті тақтаны, компьютерді, үнтаспаны пайдаландым. АКТ-ны қолданудың бір ерекшелігі оқушылар тапсырмаларды орындағанда интерактивті тақтадан көреді әрі тыңдайды. Сол арқылы бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Мысалға: жаңа тақырыптың мазмұнын ашуға берілген суреттер арқылы оқушылар өз ойларын толық жеткізеді. Оқушылар оқи әрі көзбен көре отырып мағұлматтарды естерінде жақсы сақтайды.
Интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда ондағы тапсырмаларды, жаттығуларды орындауға оқушылар қызығушылық танытады. Дыбысты есту, бейнені көру, оны іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған жұмыстар - оқушының жадында тез сақталады. Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды түсініп кетуіне ешқандай қиындық тумайды. АКТ-ны сабақтарда қолдану - оқушының қабылдауына және де соңғы үлгіде шығып жатырған ақпараттық құрылғыларға деген қызығушылықтары туындап, сонымен жұмыс істей білуге бағытталады әрі ынталы болады. Қазіргі компьютер заманында АКТ-ны қолдану, онымен жұмыс істей білу - заман талабы болып отырғаны шындық. Бұның өзі біз үшін үлкен жетістік. Алға қарай алшаңдап қадам басуымыздың бір көрінісі. Осы мектептегі тәжірибе барысында іс-тәжірибемді жетілдіре отырып, жаңа стратегиялық шешімдер қабылдау арқылы, жаңа тәсілдерді сабағымда пайдалану арқылы оқушыларды және өзге де әріптестерімді сабағыма қызықтыра алу арқылы, тәжірибеге алған сыныпта білім сапасының өсуінен байқалған нәтижелерге қол жеткізу арқылы да көшбасшылыққа қол жеткізе алдым деп ойлаймын.
Сабақтарымда осы негіздерді іске асыруға тырыстым. Өз пайымдауымша кейбір жақсы нәтижелерге қол жеткіздім деп те ойлаймын. Әрине, бірден менде бәрі жақсы деп айту әлі ерте, бірақ жұмыстансаң, талаптансаң нәтижеге жету өз қолымда екенін түсіндім.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында қолданылып келген, тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электронды оқулықтар тиімділігі:
- оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді
- иллюстрациялық әдіс көп қолданылады;
- логикалық ойлау жүйесі қалыптасады;
- оқушының танымдық белсенділігі артады;
- оқушының шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- оқушы білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады;
- белгілі бір бөлім бойынша оқушының білімін тексеруге мүмкіндік береді;
- өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
Осы міндеттердің барлығына жауап бере алатын электронды оқулық білім беру жүйесін ақпараттандырудың бір жолы болып табылады. Алайда, ғалымдардың пікірінше, электронды оқулық кітаптың орнын баса алмайды. Электронды оқулық ─ оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететін құрал ретінде саналады.
Оқушылардың төменгі сынып кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Компьютерде ертегі кейіпкерлерін, ұлттық ойындарды пайдалану, сонымен бірге слайд сабақ арқылы жұмбақ, сөзжұмбақ, әртүрлі құпия хаттар, шрифтограммалар шешкізу де олардың есте сақтауын, ойлауын, тілін дамытуда мәні өте зор.
Математика сабағында Activstudio программасын пайдаланып, сабақ барысында қолданатын барлық көрнекіліктерді флитчарттар құру арқылы өткізуге болады.Мысалы, Activstudio- ның кітапхана қорынан барлық тақырыпқа қажетті көрнекіліктерді алуға болады. Оларды мұғалім өзінің шеберлігі мен ұйымдастыру қабілетіне байланысты түрлендіре алады.
Бұдан басқа сабақты қорытындылау кезінде математикалық диктант, сәйкестікті табу тапсырмаларын жасауға болады.
Promethean Activstudio программасының тағы бір ерекшелігі тесттік тапсырмалар арқылы оқушылардың жауап беру жылдамдығын арттыруға болады. Қазіргі кезде тест оқушылар білімін анықтауда алдыңғы орында тұрған сынақтардың бірі. Әрбі сабақты тақырып бойынша бекіту кезінде 5-6 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа уақыт белгілеп жауап бергізетін болса, оқушының жауап беру жылдамдығы қалыптасар еді. Бұл кезде программада құрылған тапсырмалар, интерактивті тақтадан белгіленген уақыт бойынша автоматты түрде келесіге өтіп, ауысып отырады. Тест сұрақтары аяқталғанда автоматты түрде оқушылар жауабының есебі тақтадан көрсетіледі.Оқушылар өздерінің қателескен тұстарын тауып бағасымен де таныса алады.
Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы математикалық қызықты оқиғалар, сандардың пайда болуы, өмірбаяндық материалдар, фотоқұжаттар, көрнекіліктер табылады.Әрине көп жұмыстар тексеруді, түзетуді талап етеді. Мен мұндай жұмыстарды толығымен пайдалануды қолдамаймын, бірақ кейбір мәліметтер сабаққа дайындалу барысында әдістемелік жағынан көмек береді.Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып , оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Қазіргі заманғы дамытудың талаптарына лайық ақпараттық-компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Яғни, қазіргі білім беру концепциясының басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүдесіне өзін-өзі белсене етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене араласатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, кәсіби деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.
Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек,- деп А. Байтұрсыновтың ерекше қолдап айтқан өсиетіне сай, қазіргі әлемдегі мұғалім оқушысының алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып тұруы тиіс. Ендеше, ұстаз тек шығармашылық жұмыспен шұғылданып, үнемі ізденіс үстінде болып, оқу жүйесінде жаңа технологияны, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланса, шәкірттеріміздің білімдерінің нәтижесінің жемістерін көретініміз анық.
Осындай программаларды меңгерген әрбір мұғалім заман ағымына сәйкес талапқа сай білім нәрімен сусындаған еліміздің болашақ азаматтарына жаңа ақпараттық технологияларды меңгерте отырып, білімді де, зерек, тәрбиелі ұрпақ өсіру.
Оқытудың озық ақпараттық-иновациялық технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамыту
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат - жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту.
Сaпалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.
Оқу - тәрбие үрдісінде жaңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы.
Біріккен Ұлттaр ұйымының шешімімен
ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталады.
Компьютер - aқпaрaтты өңдеу құралы. Компьютердің мүмкіндіктерін пайдаланa отырып математика сaбaғындa көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бaғалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы мaтематика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сапалы білім беруге қол жеткізуге болaтындығы aйқын.
Компьютер - уaқыт тaлaбы біз уaқытымызды ұтымды пaйдалaнамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман. Біз бәріміз компьютерді толықтай білуге тиіспіз..
Жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады.
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.
Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты прогрaммaлық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.
Осы жаңа технологияға нақты түсінік берер болсақ
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды дaярлaп, оны бiлiм aлушыға беру процесі. Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс - әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу - тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғaсын жaн - жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал.
Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан - бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет - ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады.
Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам компьютерді біледі, оны жұмыста да, үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлемі бізге өте үлкен көлемді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте зор көлемін өңдеуге көмектеседі.
Ақпараттық технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнының заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін - өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды.
Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
- оқу материалын терең түсінуге;
- оқу мотивациясының артуына;
- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқуға деген қызығушылығын арттырадыv
Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай аладыv
Ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседіv
Уақытты үнемдейдіv
Қайталау мүмкіндігін кеңейтедіv
Орындаған жұмыстарының қателерінv
бірден көруге мүмкіншілік тудырады
Менің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым:
Оқытудың озық ақпараттық - иновациялық
технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып, математикалық білім жүйесін дамытып, сапалы білім беру.
Жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру, теорияны білу, оны логикамен ұштастыру,
шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру, көру, есте сақтау қабілетін дамыту,
есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бергі педагогикалық жұмыстарын жүргізіп келемін.
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс - шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
::Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
::Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б. )
сабақта жиі қолдану.
::Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
::Блок - схема, графиктер, диаграмма, карта т. б.
Тірек - схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
::Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау.
Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.
Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсатүйрете жүріп, үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыуәдістемесін өзгертеді.Менің математика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Математика - оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болдып отыр.
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Осыған орай 3-4 сыныптарға арналған Математика сырлары атты бейінді оқытуға арналған бағдарламамда жаңа тақырыпты түсіндіру барысында электрондық оқулықтағы мысалдарды көрсете отырып түсіндіремін интерактивті тақтаның көмегі арқылы тест тапсырмаларының жауаптарын тексеруге болады.
Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады.. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. Оқусыз - білім жоқ, білімсіз күнің жоқ деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп көрсетілген [1]. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни берілген үлгі бойынша өнім алу, оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.
. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
- вариативтiлiк - әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
- болашаққа негiзделген - күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
- рефлексивтi-креативтi - жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
- эргономикалық - нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
- iзгiлiктiлiк - бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
- тәжiрибеге бағытталған - оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
- жекелеген кеңес беру - тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады.
Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz