ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Халықаралық даулардың негізгі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Халықаралық даулар классификациясы мен белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...8
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының түсінігі ... ... ... ..13
2.2 Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат дамуының қазіргі сатысында көптеген мемлекеттердің халықаралық саясатындағы негізгі бағыты экономикалық интеграция процесі болып табылады. Әсіресе, Тәуелсіз мемлекеттер Одағы (ТМД) аумағындағы интеграциялық процесс күшеюде, оған Қазақстанның Кеден Одағы, Евразиялық Экономикалық Қауымдастық, Азиядағы өзара шаралар жөніндегі Кеңес (АӨСШК), еркін сауда аймағы секілді аймақтық құрылымдар құру бастамашылығы дәлел болады. Еліміз экономикасының қарыштап қанат жаюына және кәсіпкерліктің дамуына сәйкес бүгінде салықтың салынуына байланысты соттарға даулы істерді қарау мәселесі күннен күнге арта түсіп келеді. Мемлекеттер және өзге халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы экономикалық ынтымақтастық өзара қарым-қатынаста бірінші орынға қойылады, және көбінесе, олардың мүдделерінің қақтығысу аясына жатады.
Осыған байланысты, халықаралық құқық пен негізгі қағидаларға сәйкес экономикалық шиеленістерді тиімді реттеу халықаралық ынтымақтастықтың одан ары дамуы мен нығаюының негізгі шарты болып табылады. Мемлекеттер интеграциясының күшеюі мен олардың арасындағы өзара экономикалық байланыстылықтың ұлғаюы халықаралық қауымдастықта қабылданған мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы тәртіп ережелерін зерттеуді қажет етеді.
Халықаралық экономикалық дауларды реттеу әдістерінің бір түрін таңдаған кезде, мемлекеттер ол әдістің дауға сәйкестігіне және тиімділігініе сенімді болуы керек. Қазіргі кезде әрекет ететін халықаралық экономикалық дауларды реттеу әдістерінің көп түрлілігі, олардың барлығы дерлік халықаралық экономикалық сипаттағы дауларды шешуде қолданылады деп айтуға болмайды. Қазақстанның экономикалық байланыстарының кеңеюі және оның ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Еуропалық даму және қайта құру банкі (ЕДҚБ), халықаралық даму және қайта құру банкі (ХДҚБ) сияқты халықаралық ұйымдарға қатысуы, елімізге халықаралық ынтымақтастық қағидалары мен осы ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілген талаптарын орындау міндеттерін жүктейді.
Мұндай жағдайда, пайда болған экономикалық қайшылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкес бейбіт жолмен реттеу, әсіресе оларды шешу тәртібі мен процедурасы өте маңызды. Саясаттың фундаменті болып табылатын халықаралық экономиклық қатынастардан, мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсінушілікке зиян келтіретін, әлемдегі жағдайды ушықтыратын қауіпті құбылыстар алынып тасталуы керек.[?] Жас егеменді ел болғандықтан және халықаралық экономикалық дауларды ретеуде жеткілікті тәжірибесі болмағандықтан, халықаралық экономикалық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеу Қазақстан үшін теориялық және практикалық маңызы өте зор. Қазіргі кездегі халықаралық құқықта әрекет етуші халықарлық дауларды бейбіт жолмен реттеу әдістеріне талдау жасау және жүйелеу, сондай-ақ экономикалық дауларды реттеуде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жан-жақты зерттеу қажет. Қазақстандық заңнаманда халықаралық экономикалық дауларды реттеу жөнінде кешенді зерттеулердің болмауы бұл мәселенің өзектілігін арттырады.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты халықаралық экономикалық дауларды реттеу механизмдерін қарастыру болып табылады. Бұл механизмдерді жан-жақты және терең зерттеу ұсыныстар жасауға және оларды жүзеге асырудың тиімділігін көтеруге әсерін тигізеді. Бұл Қазақстанның басқа мемлекетермен халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы халықаралық дауларды реттеу кезінде, әсіресе, елімізлің халықаралық интегграциялық процестерге қарқынды қатысуы мен Әлемдік сауда ұйымыны (ӘСҰ) мүше болуға талпынысын ескерсек, бұл үлкен рөл атқарады.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылды: - Халықаралық экономикалық дауларды реттеудің негізінде жатқан халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын талдау - Халықаралық экономикалық дау түсінігін және оның түрлерін қарастыру - Халықаралық экономикалық дауларды дипломатиялық және келісімгершілікке келу арқылы реттеу тәртібін зерттеу - Халықаралық экономикалық дауларды реттеудің арбитраждық және сот процедураларын қарастыру.
Жұмыстың объектісі мен пәні. Бітіру жұмысының пәні халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібі болып табылады. Халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібін қарау барысында шет елдердің, ресейлік және қазақстандық шарт жасасу тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық экономикалық дауларды реттеудегі халықаралық арбитраж және сот тәжірибелері негізге алынды.
Бітіру жұмысының объектісі болып халықаралық құқықтың әртүрлі субъектілерінің арасындағы халықаралық дауларды реттеуге байланысты халықаралық қатынастар табылады.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында көзделген мақсаттарға жету үшін, белгілі бір нәтижелерге жету үшін салыстырмалы-құқықтық, формальді-логикалық, сондай-ақ жүйелі талдау жүргізу секілді әдістер пайдаланылды. Қорғауға шығарылған негізгі ережелер. Мемлекеттердің экономикалық тұрғыда өзара тәуелділігі мен интеграциясы деңгейінің өсуімен сипатталатын, халықаралық экономикалық қатынастардың даму тенденциясы тығыз экономикалық ынтымақтастық жағдайында қарама-қайшылықтар анықтамасын квалификациялауды қажет етеді.
Халықаралық экономикалық дау екі және одан да көп мәртебесі бойынша әртүрлі халықаралық экономикалық құқық субъектілерінің арасында туындайтын ерекше құқықтық қатынас болып табылады. Осы анықтамаға сай, экономикалық дауларды өзге дау түрлерінен ерекшелейтін белгілері көрінеді: - Халықаралық экономикалық дау субъектісі болып тек халықаралық жария құқығының субъектілері ғана емес, халықаралық жария құқықтың субъектілері танылады - Халықаралық экономикалық даудың пәніне мемлекеттердің әртүрлі саладағы өзара іс әрекеттері барысында туындайтын қатынастар жатады. Осыған байланысты экономикалық дауды өзге халықаралық дау түрлерінен бөлуге мүмкіндік беретін қосымша және көмекші критериилар енгізу керек. Соңғы жылдары халықаралық экономикалық дауларды шешу кезінде арбитраж бен сот өндірісі әдістерінің алдында қолданылатын келіссөздер, кеңес беру және келісім шаралары сияқты дәстүрлі дипломатиялық әдістер белсенді пайдаланылуда. Экономикалық даулардың пайда болуының алғашқы сатыларында кеңес беру мен келіссөздерге , ал кейіннен ad hoc арбитраждары мен халықаралық ұйымдар жанындағы арбитраждарға жүгіну тәжірибеде кең етек алуда.
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Халықаралық даулардың негізгі түсінігі

Бірінші әллемдік Гагга конференциясында қабылданып, 1907 жылы 2-ші әлемдік Гагга конференциясында толықтырылған "Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі" Конвенция халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі алғашқы әмбебап акт боллып есептеледі. 1928 жылы 26 қыркүйекте Ұлттар Лигасы қабылдап, 1949 жылы 28 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітлілген халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі жалпы акт қабылданды.
Дауларды бейбіт жолмен шешуге қатысты маңызды ережелер бекітілген БҰҰ Жарғысында ерекше орынға ие (соның ішінде 33 бап). Бұл ережелердің одан әрі дамуында БҰҰ Бас ассамблеясының бірқатар қарары мен декларациялары қабылданған, оның ішінде 1982 жылы Дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Манила деклорациясы.
Аймақтық келісімдер арасынан 1948 жылы Дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Америкаралық келсім- шартты алуға болады. (Богота пакті), ондай-ақ 1958 жылы Еуропа Кеңесі қабылаған Еуропа конвенциясы, 1982 жылы қабылдаған СБСЕ шеңберіндегі Бітімгершілік және арбитраждық бойыша конвенция, сонымен қатар дауларды бейбіт жолмен шешу ережелернен тұратын аймақтық ұйымдардың да жарғылары (ЛАГ,ОАГ,ОАЕ,СНГ).
Тікелей келіссөздер жүргізу дауларды шешудің бейбіт жолдары жүйесінде ерекше орын алады. Жалпы алғанда, келіссөздерсіз ешқандай халықаралық дауларды шешу мүмкін емес.
Халықаралық дауларды бейбіт түрде реттеу жөніндегі барлық келісімдерде
Қандай да бір мақсатқа жету үшін келісөздер бірден бір алғашқы қадам ретінде қарастырлады. Ол 1899 жылы және 1907 жылдардағы Халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Гагга конвнциясында. БҰҰ Жарғысында (33-бап), 1949 жылы халықараллық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Жалпы актісінде,1982 жыл Дауларды Бейбіт жолмен шешу жөніндегі Манила декларациясында және т.б көрсетілген. 1924 жылы 30 тамыздағы Мапромматис ісі бойынша Халықаралық әділ соттың тұрақты палатасының шешімімен, сондай-ақ 1960 жылы 12 сәуірдегі Үндістан аумағы арқылы өту құқығы жөніндегі дау туралы БҰҰ-ның Халықаралық Сотының шешімінде дау соттың іс қараауының объектісі болғанға дейін оны келісөздер арқылы шешу қажттігі тікелей көзделген
Көпжақты конвенцияларды кез келген мәселелер бойынша кеңестер жүргізу міндеті бар. Ол мақсаттқа қатысты немесе конвенция ережелерін жүзеге асыру барысына қатыты туындауы мүмкін. Мысалы, 1972 жылы Бактереологиялық қаруларды жасауға және өндіруге тыйым салу және жою жөніндегі конвенция.
Мұндай конвенцияларды бұрынғы тәсілдер деп қарастыруға болады.
Кеңес беру бірқатар келсім шарттарға дуаларды бейбіт жолмен шешудің тәсілдері ретінде тікелей қарасытырлған (мысалы, 1982 жылы Теңіз құқығы бойынша БҰҰ конвенциясының 283 бабы).
Халықаралық ұйымдардың жарғыларды Дауларды Бейбіт жолмен шешудің тетіктерін қарасытырады.
Халықаралық дауларды Халықаралық ұйымдар органрымен қарау саяси тәсілдер арқылы жүргізіледі. Шешімдер ұсыныс сипатына ие.
Дауларды БҰҰ шегінде Бейбіт жолмен реттеу. БҰҰ Жарғысымен Бас Ассамблея және Қауіпсіздік кеңесі дауларды шешуге байланысты құзыретке ие органдар болып табылады. БҰҰ жарғысының ҮІ тарауына сәйкес "Дауларды Бейбіт жолмен шешу", бұл бірінші кезектегі Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін даулар жөнінде сөз болып отыр.
Қауіпсіздік Кеңесі осындай дауларды шешуде ерекше орынға ие. Қауіпсіздік Кеңесі жарғысының 34 бабына сәйкес, ол кез келген дау бойынша зерттеу жүргізуге өкілдігі бар. Осы негізде Қауіпсіздік Кеңесі Халықаралық тергеу әрекеттерін жүргізеді. Іздестіруді- Кеңестің өзі немесе осы мақсатта құрылған комиссиялар бірге жүргізуі мүмкін. Кеңе- іздестіру жүргізу барысында даулардың фактілік жағын анықтап қоймай, сондай-ақ Халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікке қауіптілік дәрежесін анықтайды. Сол үшін де іздестіру дәстүрлі тергеу тәртібінен өзгеше.
Қауіпсіздік Кеңесі даулардың сипатын бекітіп, бірқатар әрекеттер жасауы мүмкін. Қажет деп тапқан жағдайда ол таптардан дауды шешуді талап етуі мүмкін, сондай-ақ заңдылық сипаттағы даулар жалпы ережелер бойынша Халықаралық сотқа тараптар арқылы берілллуі тиістігін назарға алады.
Дауларды ЕКҚҰ шеңберінде бейбіт түрде реттеу.
ЕКҚҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасытық жөніндегі ұйым) шеңберінде төрт элементтен тұратын дауларды шешуге қатысты жүйе жасалынған . Олар : ЕКҚҰ-ның дауларды реттеуге қатысты тетігі (Валетта тетігі), бітімгершілікке байланысты ЕКҚҰ комисиясы, бітімгершілік пен төрелікке қатысты сот .
Дауларды реттеу бойынша ЕКҚҰ тетігінің негізінде Бейбіт жолмен шешу қағидаттарымен дауларды реттеу бойынша ЕКҚҰ тәртібінің ережелері. Ол 1991 жылы ақпан айында Валетта дда қолданылып, 1992 жылы желтоқсан айында кеңестік Стокгольындағы отырысында өзгерістер мен қолдау тапқа.
Валетта тетігі келісім және бітімгершілік органының міндеттерін атқарады. Мұндай тетік бірнеше мүшелерден тұрады. Оның міндеттері Орталыққа Венадағы қарама қайшылықты ж ою үшін тапсырылады. Тізімге осы міндетін жүзеге асырғысы клетін қатысушы мемлекеттер тағайындаған тұлғаларға дейін кіреді. Тетікті қалыптастырған кезде оныың құрамын дау тараптары болып табылатын мемлекет азаматтары кірмйді.
Бітімгершілік комиссиясы ЕКҚҰ жүйесінің екінші элементі болып саналады. ЕКҚҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы дау, егер оған тараптар келісетін болса, комиссияға берілуі мүмкін. Бірақ ереженіің ІІ-ші тарауында көрсетілгендей, қатысушы мемлекеттер кез келген уақытта комисяның бітмгершілік әдістерінің шарттарымен келіскендігі жөнінде хабарлай алады. Бұл жағдайда комиссияға бір жақты тәртіпте шағымдануға болады.
Төрелік трибунал тарпатрадың ұсыныстарымен немесе тараптардың біреуінің шағым берген күнінен бастап 30 күн мерзім өткеннен соң құрыллуы мүмкін. Конвенцияға қатсушы мемлекеттер соған сәйкес арызды жасап, төреллік трибуналдың міндетті юрисдикциясының мойындауы мүмкін.
Төрелік трибунал нақты дауды шешу үшін дауласушы тараптардың арбитраларынан және сот президиумы тағайындаған арбитрлллардан тұруы мүмкін. Трибунал дауды Халықаралық құқыққа сай шешеді, сондй-ақ ex aegio ct bono ісінде тараптардың келісімі мен шешеді. Арбитраждың шешімі соңғы шешім және ол шағымдануға жатпайдды.
АМЛ- дың тәжірибесінде даулар мемлекет және үкімет басшылары шақырып отыратын конференцияларда қарасырылып отырған. Бітімгершілік дауларды шешу үшін комиссия құру тәжірибесі енгізілді. Оның құрамына Лигаға басты қатысушы, Кеңес төрағасы АМЛ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кіреді. Африканың Бірлік ұйымының хартиясы даулы мәселелерді, келісөздерді, бітімгершілікпен, арбитраж арқылы шешу керек деп үшінші бапта көрсетілген. Осы жөніндегі комиссияға арнайы органның ролі бөлініп беріледі. Бірақ тәжірибеді оның қызметінің маңызды шамалы болып қалды. Басты рөлді оның басқарушы органдар-мемлекет пен үкімет басшыларының Ассамблеясымен Министірлер Кеңесі жүзеге асырады.

Халықаралық даулар классификациясы мен белгілері

Халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес барлық мемлекеттер өздерінің арасындағы туындаған қайшылықтарды (таластарды) әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп тудырмау үшін бейбіт құралдармен және амал-тәсілдермен шешулері міндетті.
Халықаралық дау - таластарды, бейбіт құрадармен және амал-тәсілдермен шешу институты сала аралық институт болып табылады. Оның нормалары халықаралық қауіпсіздік құқығында, халықаралық ұйымдар құқығында, халықаралық құқықтың басқа да салаларында да бар.
Осы институттың негізгі қайнар көздері:
- 1907ж. халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу туралы Конвенция;- - 1928ж. халықаралық дау-таластарды бейбіт шешу туралы Қайта қаралған Жалпы акт;
- БҰҰ Жарғысы;
- Аймақтық ұйымдардың жарғылары;
- 1970 ж. халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларация;
- 1975 ж. СБСЕ Қорытынды актісі;
- 1989 ж. Веналық кездесудің Қорытынды құжаты;
- СБСЕ басқа да құжаттары;
- халықаралық әдет - ғұрыптар.
Халықаралық қайшылықтардың 2 негізгі түрі бар :
- дау, талас;
- ситуация-жағдай.
Талас, дау-бұл халықаралық құқық субьектілерінің өз құқықтары мен мүдделеріне, халықаралық келісімшартқа түсінік беруге қатысты реттелмеген сұрақтар бойынша өзара талаптарының жиынтығы.
Ситуация- бұл субьектілердің арасындағы нақты дау пәнінен тыс байланыста егес, ала ауыздық, дұшпандық туғызатын субьективті сипаттағы жағдайлардың жиынтығы.
Сонымен, ситуация негізінде талас әлі жоқ, дегенмен оның туындауының алғы шарттары, жағдайлары бар; Ситуация - бұл потенциалды талас жағдайы.
БҰҰ Жарғысының 33 б сәйкес дау-таласқа қатысатын тараптар (жақтар), егерде бұл дау-таластың жалғасуы дүниежүзілік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қауіп төндіретін болса, ең алдымен оны келіссөздер, татуластырушылық, келістіру, арбитраждық, соттық қарау (соттың істі қарауы), аймақтық органдарға бару немесе өз таңдауы бойынша өзге де бейбіт амал-тәсілдермен шешуге тырысулары қажет.
Тікелей келіссөздердің мәні- таласушы (дауласушы) тараптардың (жақтардың) өздеріне тікелей байланысты және олардың арасындағы келісімге қол жеткізуді белгілеу жолымен қайшылықтарды шешуді іздестіру.
Келіссөздер- бұл қайшылықтарды жоюдағы ең қолайлы, қарапайым және кең тараған құрал болып табылады.
Келіссөздердің классификациясы:
1) Талас, даулардың пәні бойынша (бейбітшілік, саяси, сауда және т.б)
2) Қатысушылардың саны бойынша (көпжақты және екі жақты)
3) Тараптардың өкілдерінің деңгейі бойынша (мемлекет аралық,үкімет аралық, ведомства аралық).
Келіссөздер ауызша және жазбаша да жүргізілуі мүмкін. Кеңесудің мақсаты- халықаралық дау таластардың туындауын алдын-ала ескерту.
Мейірбан көмектер- бұл өз ұйытқысы бойынша немесе таласқан мемлекеттердің сұрауы бойынша реттеу процесіне дау-таласқа қатысы жоқ тарап қатысатын дау-таласты шешу тәсілі.
Мейірбан көмек көрсетудің мақсаты- тараптар арасындағы байланыстарды белгілеу немесе қайта жаңарту.
Бұл кезде мейірбан көмек көрсететін тарап келіссөзге қатыспайды; оның міндеті-таласушы (дауласушы) тараптардың өзара байланысын жеңілдету.
Татуластыру кезінде мемлекеттер үшінші тұлғаны таңдауды (бұл мемлекет, халықаралық ұйымдардың өкілін), және бұл тұлға келіссөздерге дербес жеке қатысушы ретіндеде қатысады.
Татуластыру (мейірбан көмек сияқты) келіссөздерде үшінші мемлекеттің қатысуын білдіреді. Бірақ олардың арасындада айырмашылық бар:
1)-ден татуластырушылық барлық таласушы тараптарды келісім бойынша барады; ал мейірбан көмекті тек бір ғана дауласушы мемлекеттің келісім бойынша пайдаланады;
2)-ден татуластырушылық мақсаты байланыстарды жеңілдету ғана емес, сондай-ақ тараптардың бағыттарын келістіру: татуластырушы дау-таласты реттеу жобасын әзірлеуі тараптарға ұсынуы мүмкін.
Халықаралық табыстыру процедурасы. Ар-намысты, мемлекеттердің маңызды мүдделеріне кір келтірмейтін және ситуацияның нақты жағдайларын бағалаудағы қайшылықтардан туындайтын халықаралық дау-таластарда тараптар арнайы халықаралық орган -фактінің сұрақтарын анықтау үшін тергеу комиссиясын құруға құқылы.
Тергеу комиссиялары тараптар арасындағы ерекше келісім негізінде құрылады және онда мыналар анықталады: тергелетін фактілер, комиссия қызметінің тәртібі және мерзімі, оның өкілеттілігі, комиссияның келу орны, қарау тілі анықталады.
Комиссияның тергеуі жарыссөз тәртібінде жүргізіледі. Тараптар бгіленген мерзімде комиссияға фактілерді баяндайды, қажетті құжаттарды береді, міндетті түрде таңдалатын куәлар мен сарапшылардың тізімін береді.
Комиссия тараптардан қосымша материалдарды сұрауы мүмкін. Қарау кезінде куәлерді сұрайды және бұл туралы хаттама толтырады.
Тараптар барлық түсініктері (мәлімдемелерін) мен айғақтарын бергеннен кейін, барлық куәлар тыңдалып болғаннан кейін, тергеу аяқталды деп жарияланады, ал комиссия баяндама жасайды. Комиссияның баяндамасы фактіні анықтаумен шектеледі және соттың немесе арбитраждың шешімі сияқты күші болмайды. Тараптар комиссияның шешімін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
Келістіруші комиссия- халықаралық практикада кеңінен таралған.Олардың өкілеттілігі тергеу комиссияларына қарағанда кеңірек. Келістіруші комиссиялар, ереже бойынша, фактіні анықтаумен ғана шектелмей, сондай-ақ даулы сұрақтың мүмкін болатын шешімін ұсынады. Бірақта арбитраж және соттан айырмашылығы іс бойынша шешімді тараптар қабылдайды және бұл комиссияның қортындысымен байланысты болмайды.
1985ж. халықаралық дау-таластарды бейбіт шешу туралы актінің жағдайына сәйкес тұрақты келістіруші комиссия 5 мүшеден тұрады.
Комиссияның бір-бір мүшесін дауласушы тараптар тағайындайды, қалған үшеуін үшінші елдердің азаматтарынан сайланады. Мүшелерді таңдау қиынға соққан жағдайда оларды тағайындау БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасына, үшінші мемлекеттерге немесе жереби тастаумен шешілуі мүмкін.
Халықаралық арбитраж - бұл тараптардың келісімімен ұйымдастырылған жеке тұлғаның (арбитр) немесе тұлғалар топтарының (арбитрлардың) дауды қарауы. Бұл кезде қабылдаған шешімді тараптар міндетті түрде орындауы қажет.
Арбитраждың 2 түрі бар: ad hoc арбитражы және институттық арбитраж.
ad hoc арбитражы (арнайы арбитраж) - нақты дауларды қарау үшін тараптар құрады. Бұл жағдайда дау-таластар арбитраждың қарауына тараптардың арбитраждық келісімі негізінде беріледі. Келісімде мыналар көрсетіледі: арбитражды тағайындау тәртібі немесе нақты тұлғаларды арбитр ретінде тағайындау тәртібі, дау-таласты қарау процедурасы, қаралатын орны мен тілі, және басқа да сұрақтар.
Институттық арбитражды - тұрақты әрекет ететін арбитраждық орган жүзеге асырады. Мемлекеттер алдын-ала қандайда болмасын келісімшартқа түсінік беру сұрақтары бойынша туындаған барлық дау-таластарды немесе дау-таластардың нақты категориялары бойынша болашақта туындауы мүмкін қайшылықтарды арбитражға беруге міндеттенеді.
Қайшылықтарды (ала ауыздықты) арбитраж арқылы шешу соттық тәсілге көп ұқсайды, бірақ сот процедурасынан айырмашылығы арбитраж органының құрамы дауласушы тараптарға байланысты құрылады.
Аралық сотқа бару оның шешіміне адал ниетпен бағынуын міндеттейді. Соңғы уақыттарда халықаралық практикада қабылданатын Конвенцияларға дауларды арбитраждық қарау механизмін кіргізу тенденциясы дамып келеді.
1963 жылы Африкандық Бірлік Ұйымы Хартиясының 19б. Сәйкес АБҰ-да татуластыру, келістіру және арбитраж бойынша комиссия құрылған, құрамы және қызмет ету жағдайлары АБҰ мемлекеттері басшылары мен үкіметтерінің Конференциясын мақұлдаған жеке хаттамалармен анықталған.
1965 жылы мемлекеттер және басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Вашингтон Конвенциясының негізінде осы дауларды шешу бойынша орган- Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық Орталық құрылған және арбитраждық қарау процедурасы қарастырылған.
Халықаралық сот процедурасы.Халықаралық дауларды шешудің бір түрі болып сот процедурасы болып табылады. Тиісті сот органдары халықаралық ұйымдарда (универсалды (мысалы, БҰҰ Халықаралық Соты, сондай-ақ аймақтық сипатта, мысалы, ТМД Экономикалық Соты, Адам құқығы бойынша Америка аралық сот, ЕО Соты) келісімшарт негізінде құрылады.
Халықаралық соттың құрамы алдын-ала құрылады және тараптардың еркіне байланысты болмайды. Оның құзыреті құрылтай құжатта белгіленеді, сонымен қатар соттар өз регламенттерін қабылдайды. Сот шешімі тараптар үшін міндетті және шағымдалмайды.
Қаралатын дау-таластардың сипатына байланысты халықаралық соттар мыналарды шешетін соттарға бөлінеді:
1) мемлекет аралық дау - таластарды шешетін соттарға бөлінеді, мысалы, БҰҰ Халықаралық соты, ТМД экономикалық соты;
2) халықаралық дауларды, сонымен қатар мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға қарсы жеке және заңды тұлғалардың қозғаған істерін шешетін (адам құқығы бойынша Еуропалық Сот);
3) халықаралық ұйымдар шегіндегі еңбектік дау-таластарды шешетін сот (халықаралық еңбек ұйымының әкімшілік трибуналы);
4) жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша, мысалы, Нюрнберг трибуналы;
5) даулардың әртүрлі санаттарын, мысалы, ЕО соты.
Мысалы, 1982 жылы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал құрылған. Трибунал 21 судьядан тұрады және оларды Конвенцияға қатысушы мемлекеттер сайлайды. Олар теңіз құқығы облысындағы сарапшылар болып табылады.
Соттың болуы үшін 11 судьяның болғаны жеткілікті. Трибунал ішінен теңіз түбіне қатысты дау-таластар бойынша камера құрылған. Трибунал: 1982 жылғы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы; теңіз түбін өңдеу бойынша контрактілердің субъектілері арасындағы; теңіз түбі бойынша орган мен қатысушы мемлекет арасындағы дауларды қарайды.

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
2.1 Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасының түсінігі

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасын ашудағы алғы шарттары осы құқық жүйесінің негізін жəне сапалы ерекшеліктерін анықтайтын, оның мазмұнын ашатын объективті келісілген бастамалар ретіндегі қағидалардың жалпы ғылыми (философиялық) [1] жəне жалпы құқықтық категориялары болуы қажет [2].
Осы мəселе бойынша халықаралық құқықтық əдебиеттің талдауы негізгі қағидаларға ең маңызды айқын ерекшеліктерін бейнелейтін халықаралық құқықтың негіздемелік бастамалары ретінде жалпы түрдегі көзқарас қалыптасқанын көрсетеді.
Осы мəселені айрықша мұқият зерттеген Р.Л.Бобров мұнда сəйкес дəуірдің халықаралық құқықтың негізгі мазмұнын консервативті түрде бейнелеп көрсететін жалпы қабылданған ережелер туралы сөз қозғалғандығын жəне қағидалардың халықаралық қатынастардығы мемлекеттердің тəртібінің ең басты негіздемелерін орнататынына көңіл бөледі [3].
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары -- күш жəне күштеп қатер көрсетпеу, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін істерге қол сұғылмаушылық, мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтасу міндеті, халықтардың тең құқықтығы, мемлекеттердің егемендік теңдігі, халықаралық құқық бойынша міндеттерді адал ниетпен орындау, мемлекет шекараларының беріктігі, мемлекет аумағының тұтастығы жəне адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу. Халықаралық құқық қағидаларының маңызды белгісі болып халықаралық қатынастардың барлық аялардағы халықаралық құқық субъектілерінің белгілі бір жалпыға міндетті тəртіп ережелерінде көрсетілген олардың нормативтілігі болып табылады. Негізгі қағидалар -- ол sui generis нормалар, яғни жоғарғы императивтік тəртіптегі нормалар. А.Н.Талапаев оларды ең маңызды, жалпы жəне көпшілікпен қабылданған халықаралық құқықтың императивті нормалары ретінде анықтайды [4]. Р.Л.Бобров негізгі қағидаларды қазіргі заманғы негіздемелік нормалар, адресаттарының шеңбері кең нормалар, бір уақытта тыйым салатын жəне міндеттейтін нормалар ретінде көрсетеді [5].
Өзінің маңыздылығы негізінде қағидалар халықаралық құқық шығармашылығының дамуы мақсатында олардың шарттарын айқындайтын жаңа халықаралық нормаларды шығару үшін негізгі заңи база болып табылады. Осы алдын ала сипаттамалар қазіргі заманғы халықаралық құқықтың қағидаларының негізгі белгілері мен ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді:
халықаралық құқықтың негізін бейнелейтін жəне даму кезеңіндегі халықаралық-құқықтық институттардың жəне нормалардың мазмұнын анықтайтын халықаралық құқықтың маңызды қасиеті;
өзінің сипаты бойынша əрдайым нормативті жəне халықаралық дəстүрлерде немесе халықаралық құқықтың өзге қайнар көздерінде бекітіледі жəне мазмұнынан алынады;
ол айрықша маңызды, жалпы, көпшілікпен қабылданған əмбебап тағайындалуындағы халықаралық құқық нормалары;
ол негіздемелік, жоғарғы деңгейдегі императивті, мемлекеттердің тəртіп, іс-əрекетінің халықаралық стандарттары болып табылатын нормалар;
олар халықаралық заңдылық критерийлері болып табылады.
Осыдан негізгі қағидаларды, халықаралық құқықтың тарихи қалыптасқан жүйеде бекітілген халықаралық қатынастар дамуының объективті түрде ескерілген заңдылықтарын, халықаралық- құқықтық нормалар жəне институттар мазмұнын анықтайтын халықаралық құқықтың маңызды қасиеттерін халықаралық заңдылық критерий ретінде анықтауға болады.
Осы анықтама толығымен дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасына да қатысты болады. Бірақ бұл қағиданың əлі де сəйкес теориялық сипаттамасы жоқ. Халықаралық құқық қағидалары жəне дауларды бейбіт жолмен шешу бойынша жұмыстарында көптеген батыс авторлары осы қағиданың мазмұны мəселесін айтпай кетіп, көбінесе бейбіт тəсілдерді дəстүрлі түрде көрсетумен шектеледі. Олар халықаралық қатынастардағы күш қолдануға тыйым салудан шығатын мемлекеттер міндеттемесімен байланыстырмай халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы бойынша міндеттерді күш қолданбау қағидасынан ажыратып қарастырады.
Халықаралық құқықтық əдебиетте қарастырылған бұл қағида БҰҰ Жарғысындағы 2-бабының 4-тармағында бекітілген тыйым салулардың кері жағы ретінде қарастырылады [6]. Оның мазмұны мемлекеттердің өз дауларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық дауларды реттеу әдістерінің түрлері
ДАУЛАРДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Мемлекетаралық экономикалық дауларды шешудің құқықтық аспектілері
Халықаралық сот
Дауларды БҰҰ шегінде бейбіт жолмен реттеу
Халықаралық ұйымдар шеңберінде мемлекетаралық экономикалық дауларды шешу механизмдері
Халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация мәселелері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Халықаралық коммерциялық арбитраж
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Пәндер