ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ


Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
- Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуы, негізгі түсінігі . . . 5
- Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы мен түрлері . . . 6
2 ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ . . . 9
2. 1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары . . . 9
2. 2 Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік . . . 12
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 26
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тақырыптың негізгі мақсаты - зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен манызын, пайда болу шарттарын, зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік. Адамардың өзара қарым-катынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ. Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т. б. келтіріледі.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуіе мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқыктық жауапкершілік табылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады:
1) құқыққа кайшы іс-әрекет (әрекетсіздік) ;
2) зияннның болуы:
3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс;
4) кінә.
Жұмыстың өзектілігі. Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындагы жауапкершілікті карастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардың басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі көзделгенде) туындайтын кінә тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқада ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.
Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқар) кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өте кезіндегі міндеттеме табылады.
Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде етеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиян келтірген кезде келтірілген мүліктің зиянның сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дәл осы ерекшелігі осындай зиянды етеу мәселелерін бөлек қарастыру кажеттілігін туындатады.
Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жоғарыда атап еткеніміздей, онда болған не болуға тиіс болған еңбекақыларын жоғалтуда. Осыған сәйкес алынған тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелердің сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі түрлері мен оның беліглеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
- зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуы, негізгі туралы тоқталу;
- зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы мен түрлеріне сипат беру;
- зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары, зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершіліктің мағынасын ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы азаматтық құқық.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
- Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болуы, негізгі түсінігі
Адамардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.
Ол басқа азаматтар мен заңды тұл, алардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.
Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т. б. келтіріледі.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын. бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзушылықты одан әрі ұшықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбірленген тарапты озбырлыкқа (рұксат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтық шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады. Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқықтық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі құқық аясында оны бұрынғыдай бір жақты түсінбейді) [1] .
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап өту қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азаматтық құқықтық өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдык (құқықтық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады, Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:
1) мемлекеттік мәжбүрленумен ажырағысыз байланыс;
2) іс-жүзіндегі негіздеме - құқық бұзушылық болуы;
3) құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы.
Алайда, азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, тәртіптік жауапкершілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық-құқықты жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінің айрықша азаматтық-құқытық салдарына реакция білдіру ретінде қолданылады және өзі сонымен бірге өзін қолдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық салдарға алып келеді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деиліктілік) жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз қоюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде, егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, қорғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс, мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады [2] .
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры азаматтық-құқықты жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына (мысалы бас бостандығынан айыру) не мемлекет пайдасына (мүлікті конфискациялау, әкімшілік айыппұл) қолдануға алып келеді.
- Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы мен түрлері
ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды, тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс. Сондай-ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзін де анықтау үшін қолданылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келті-рушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме [3] .
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялык, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.
Оларға азаматтық-құықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалында сезінері анық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық. Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін. Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактық бөліністер бола алады. Объективті түрде өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды [4] .
Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар), қамқоршылар, оку, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар (өз жұмысшыларының іс-әрекеті үшін) жатқызылуы мүмкін.
Орын алған жағдайға, зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына қатыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды өтеу кезінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.
Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борышкорлардың бірі) да оған қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады. Міндеттеме түрі болып ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жағдайда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап-арыздар "бәсекелесе" алатын талап-арыздарға жатады. Зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтемақы мөлшері талап- арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды (егер де оның калькуляциясы жәбірленушімен берілсе де, ол даулана алады) . Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келтірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай өтеуге (сол тектес және сол сападағы затты беру, бүлінген затты қалпына келтіру және т. с. с. ) міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады. Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлескен іс-әрекет-термен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады [5] .
Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортақ) жауапкершілікке алып келеді. ҚР АК 932-бабына сәйкес, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әрқайсысы жәбірленуші алдында толық көлемде жауап береді. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін [6] .
2 ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
2. 1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.
Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік) ; 2) зияннның болуы; 3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардын (зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарт бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолданудың) лездемесі болып аза-маттық құқық бұзушылық табылады [7] .
Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқықка қайшылық ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, қылмыстык құқық, әкімшілік құқық және т. б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу бел-гілері олардың құқыққа қайшылығын оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Республикасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн. Соның салда-рынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса немесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі (ниеті) болмаса, кез келген зиян келтірушілік құқыққа қайшы деп танылатын болады.
Егер адамдардың іс-әрекеттері болашақта зиян келтіру қаупін тудыратын болса, онда бұл іс-әрекеттерге тиым салу туралы талап қоюға зиян келтірудің алдын алуға бағытталған талап-арызға негіз бола алады. Әрине, мұндай талап-арызды қою кезінде іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) зиян келтірілу міндетті емес болып табылады. Бұл талап келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арызбен бірге қойылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда адамдар (басым жағдайларда бұл кәсіпкерлер) зиянды өтегеннен кейін, өздеріне тиесілі кәсіпорындардың, құрылымдардың қызметін, өзге де өндірістік қызметті жалғастыра береді, ол өз кезегінде зиян келтіруді де жалғастыруы немесе жаңа зиян келтірумен қауіп төндіруі мүмкін, сот мұндай жағдайларда жауапкерді зиянды өтеумен қатар тиісті қызметті токтатуға міндеттеуге тиіс.
Кейбір жағдайларда тұлғаның тиым салуға арызданып отырған қызметтің әлеуметтік маңызын ескере отырып, оның талап-арызын қанағаттандырудан да бас тартуы мүмкін. Егер субъектінің қызметінде заңнаманы бұзу орын алып отырса, мұндай бас тарту негізсіз деп танылады. Сот, егер бұл оны алып отырса, заңнаманы бұзумен жүзеге асырылып отырған іс-әрекеттерге тиым салуға тиіс. Талап-арызын қанағаттандырудан бас тартылған субъект өзіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығынан алдағы уақытта айрылмайды. Зиян азаматтық құқықта материалдык немесе материалдық емес игілікті (адам өмірі, денсаулығы) кеміту (жою) арқылы бағаланады [8] .
Зиян азаматтық құқықта мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Өтемеуге жататын зиян нақты залал түсінігімен біріктіріле отырып, мүліктің (қозғалатын немесе қозғалмайтын. жеке анықтауға немесе біртектес белгілерімен анықталған) бүлінуінен, жойылуынан келтірілген шығындардан көрініс табады (ҚР АК 9-бап, 4-т) . Сондай-ақ зиян құрамына жәбірленушінің дағдылы айналым жағдайында алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған пайда) да кіреді. Айырылып қалған пайда деп жоспарланған табысты ғана емес, сондай-ақ бүлінген мүліктен нәтижелер төл түрінде алынуы мүмкін болған табиғи өсімдерді де түсінген жөн. Басым жағдайда нақты залал тікелей "бастапқы" зиян бола отырып айқын көрінеді. Бірақ ол жанама түрдегі "кейінгі" зиян ретінде де көрініс беруі мүмкін. Зиян адам өмірі, оның денсаулығы, ар-намысы, іскерлік беделі, жеке өмірге қол сұғушылық, жеке және отбасылық құпия сияқты игіліктер бойынша туындайтын жеке мүліктік емес құқықтарды бұзатын, сондай-ақ атауға, өзіндік бейнеленуіне және басқа да материалдық емес игіліктерге деген құқықтар бұзылған кездегі құқыққа қайшы іс-әрекеттердің салдары болуы мүмкін. Денсаулықты зақымдаумен, адам өмірін айырумен келтіріліген зиян еңбек ақыны, заңды тұлғаны құрумен немесе құрусыз жеке кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты жоғалтудан мүліктік залал түрінде де көрініс табуы мүмкін. Бұл орайда мүліктік зиянның құрамына емделуге, күтімге, тамақтануға, протездеуге, көлік құралдарын алуға, жерлеуге және т. б. кеткен шығындар кіретін болады. Сонымен денсаулықты зақымдаумен келтірілген зиян белгілі бір бөлігінде нақты мүліктік залал болып табылады, бірақ ол алынбай қалған пайда нысанында да көрініс табуы мүмкін.
Мүмкін емес зиян деп қол сұғылатын обьектіге қарамастан мүліктік емес зиян түсініледі. Яғни моральдық зиян жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне де және субъектілердің жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына да қол сұғушылықтың салдары болуы мүмкін [9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz