ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ВЕКСЕЛЬ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Векселдің негізгі түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Вексельдің белгілері мен түрлері, оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының вексельдің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Вексельдің экономикалық мәні және вексель нарығының қызметі ... ... ... ... 19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
КІРІСПЕ
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвестолардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімде кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша - кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол не бұл кәсіпорындарының рентабелділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Вексель - заңда көрсетілген нысанда жасалған және өз иесіне міндеттеме берген тұрғыдан мерзім аяқталар алдында онда жазылған ақша сомасын төлеуін талап етуге сөзсіз құқық беретін жазбаша міндеттеме. Ол беру жазбасы арқылы қолма - қол ақшаның міндетін атқара отырып, тұлғалардың шектелмеген тобы арасында айналып жүре алады.
Бұл жұмыстың актуалдылығы қазіргі таңдағы іскерлік белесенділіктің қарқынды артуы жағдайында отандық компаниялардың өз вексельдерін қазақстандық нарықпен қатар шетелдік қор биржаларында ашық (InitiaI PubIic Offering IPO) орналастыру ниеті жаңа әрі тиімді қаржыландыру көздерін іздестіру, инвестицияларды тарту мәселесінен туындап отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - вексельдің экономикалық мәнін ашу және вексель айналымына сипаттама беру, вексельдерді отандық бағалы қағаздар нарығында орналастыруға талдау жасау болып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- бағалы қағаздар нарығы және оның қызметін;
- бағалы қағаздар нарығы дамуының шетелдік тәжірибесін;
- вексельдің түрлері мен олардың экономикалық сипаттмасын;
- Қазасьтандағы вексель айналымының қалыптасуы мен даму жағдайын;
- Қазақстандағы бағалы қағзадардың негізгі мәселелері мен оны шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың теориялық базасы ретінде батыстың жетекші экономист-практиктерінің еңбектері, отандық ғалымдарымыз қаржыгер-экономистердің пікірлері мен еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық актілері, үкімдері мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің нормативтік актілері негіз болады.
Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының ресми статистика мәліметтерін, ағымдық баспасөз беттеріндегі ғылыми-зерттеу мақалаларын, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен оқу құралдарын пайдаланбақпын.
Курстық жұмыстың объектісі - вексель нормалары болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекет және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ВЕКСЕЛЬ ЖӘНЕ ВЕКСЕЛЬДІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Векселдің негізгі түсінігі
Вексель (нем. wechsel - айырбас) - жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Жай және аударма вексель түрлері болады. Вексель беруші несие иесіне (вексель ұстаушыға) беретін, заң жүзінде нақты формада белгіленген жазба түріндегі борышқор қолхаты. Құнды қағаз; кредитке берілетін ақшаның бір түрі. Оның иесінің (вексель ұстаушының) белгілі бір уақыт мерзім өткенде, векселді берушіден ақша талап етуге даусыз құқық беруді куәландыратын жазбаша қарыз міндеттемесі.[1] Вексель нарықтық экономика түріндегі елдердің коммерциялық және банкілік іс-тәжірибесінде, сонымен қатар сыртқы саудада және басқа да халықаралық есептесулерде барынша кеңінен қолданылады. Векселдік міндеттеменің мәні мен маңызы тек қана ақша (ұлттық түрдегі және шетелдік валюта түріндегі) болуы мүмкін.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементгері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы зандарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
:: сұраныс пен ұсыныс;
:: делдалдар мен басқа қатысушылар;
:: нарыктық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
:: нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды терендету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері -акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың ол-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі кандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемелекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған катысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы Мигтистрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк - оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті (уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар. Мемлекеттік бағалы қағаздар:
:: мемлекеттік қазыналық вексельдер;
:: мемлекеттік қазыналық облигациялар;
:: Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары;
:: жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекетгік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иемденушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре койған жоқ.
Қор рыноктарында, векселдерді есепке алу мен қайта есепке алу мәмілелерінде делдал ретінде әрекет ететін вексель делдалдары. Вексель сомасынан белгілі бір пайыз түрінде комиссиялық сыйақы алады. Құнды қағаздарды салу арқылы банктерден несие ала отырып, олар мемлекеттік қарыздарды орналастыру бойынша агенттер болып шығады. Төлем мерзімі арнаулы бір күнге емес, онын берілген күнінен бастап,белгілі бір уақыт аралығына (бірнеше күн, апта, ай) тағайындалатын вексель.[3]
Қазынашылық вексельдер - дүниежүзінің көптеген елдерінде - қазына орнының қысқа мерзімді міндеттемелері, оларды мемлекет бюджет тапшылығын өтеу үшін оқтын-оқтын шығарып тұрады. Олар бойынша пайыз дисконт түрінде - вексельдер өтелетін көрсетулі баға мен сату бағасы арасындағы айырма түрінде төленеді.[4]
Жай вексель (Соло-Вексель) - вексель берушінің вексель де көрсетілген адамға белгілі бір ақша сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесі жазылған құжат.[1]
Cоло-вексель - қатал қойылған форманың қарызшымен және вексель иесi беретiн талассыз құқық векселдiң мерзiмнiң өтуi белгi қойылған соманың төлеуiн қарыздардан талап етiлуге жаздырып алатын жазбаша мiндеттемесi; төлеушi өзiмнiң вексель берушiсi болып табылады. Сөзсiз Пв. белгiлерiмен болып табылады:
1 ) құжаттың мәтiнiнде "вексель" аты;
2 ) қазына нақтылы соманың төлеуi туралы сөзсiз бұйрық;
3 ) төлеушiнiң аты;
4) мерзiм және төлеудi орынның нұсқауы;
5 ) векселдiң құрастыруын орыны мен уақыты;
6 ) вексель берушiнiң қол қоюы.
Жоқтық векселдiң күшiнiң құжаты белгiлердiң қайсысы болса да айырады.[2]
1.2 Вексельдің белгілері мен түрлері, оның мазмұны
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.
Вексельдің түрлері ҚР-дағы вексель айналысы туралы ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) - вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель - белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель - бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель - кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.
Бронзалық вексель - нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің мынадай өзіне тән қасиетттері бар:
дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;
дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейіегі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;
айналымдылық, яғни баақа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін де вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы астық вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын Астық акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазақстан темір жолы ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы домицилиант - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота (ағыл. сөзінде bank-note аударғанда банк билеті) - орталық банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота - мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиетте банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.
Классикалық банкнота - бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
жаратылысына қарай - қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
эммисиалық әдісі бойынша - қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;
қайтарылуына қарай - классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
ауыстырылуына қарай - классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкноат алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота - бұр қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.
Олар металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:
шаруашылық несиелеу жолымен;
мемлекетті несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкроттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 - 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 - 1996 жылдары бөджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;
ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Вексель сатылған тауардың төлем мерзімін ұзарту түріндегі сатып алушының сатушыға тауар формасында ұсынатын коммерциялық несиесін ресімдейтін құрал, сондай-ақ, вексельдің берілуі негізіне қарамастан вексель ұстаушыға белгілі бір соманы төлеу турасындағы вексель берушінің міндеттемесін қамтитын құнды қағаз болып табылады. Вексельдің түрлері келесі суретте көрсетілген.
Вексельдің түрлері
Келісім жағдайына, ақшамен қамтаиасыз етілуіне қарай:
Қолдану өрісіне қарай:
Коммерциялық вексель
Қаржылық вексель
Жалған вексель
Аудармалы (ауыспалы) вексель
Жай (қарапайым) вексель

Сурет 1 - Вексельдің түрлері
Вексельдің мынадай түрлері бар:
:: Қолдану өрісіне қарай: жай вексель; аудармалы вексель (тратта).
:: Келісім жағдайына, қолдану аясына, және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты: коммерциялық вексель; қаржылық вексель; жалған вексель.
Векселдің жай түрі - вексель берушінің вексель ұстаушыға көрсетілген соманы белгіленген мерзімде міндетті түрде төлеуі туралы құжат.
Аудармалы вексель (таратта ) - вексель берушінің көрсетілген соманы белгілі мерзім мен орнында төлеушіге вексель ұстаушыға төлеуі туралы берген ұсынысы.
Вексельдің жай және аудармалы түрлері оның қолдану өрісіне қарай бөлінген түрлері.
Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған берген уақыты, қандай сомаға толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Сонымен бірге, вексель берушінің аты - жөні жазылып, қолы қойылады.
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ (контрагенттер) өзара жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай - ақ белгіленген уақытта вексель иемденушге қарызын өтейді. Егер аудармалы вексель (немесе тратта ) пайдаланылса, онда вексель біреше земесе жеке тұлғалар қатысады - әлбетте төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкін.
Аудармалы вексель деп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа ) вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке ) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт дегеніміз - есеп айырысуда төлеушінің (акцептанттың) өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда индоссамент деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссат деп аталады. Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп аталады. Векселді төлеуде индоссант та басқа вексель иемденуші адамдармен қатар міндетті.
Біздің мысалда келтірілгендей ремитент вексельді екі түрлі пайдалануы мүмкін:
Төлеу үшін трассатқа ұсынуы керек;
Ия болмаса вексельдің сырт жағына аудару туралы белгі қойып, басқа адамға төлеу құқығын беруі мүмкін.
Бұл жағдайда вексель иемденуші:
Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзінде сақтап, ал төлем уақыты келгенде оны өтеуге ұсынуы керек;
Екіншіден, төлемді өтеу үшін вексельді үшінші адамға (ол адам басқаға) беруіне болады;
Үшіншіден, вексельді кепілге беріп, банктер несие алуына болады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтері қол қояды. Егер вексельді жеке адам берсе, онда ол өзі қол қояды.
Вексельде мынадай қажетті реквизиттер (мәліметтер) болуы шарт:
Вексельдік таңба, яғни вексель деген құжаттың аты құржат толтырылған тілде көрсетілуі керек;
Төлемнің уақыты көрсетілуі керек;
Міндеттеме бойынша келісілген соманы төлеу керек;
Төлем өтейтін жер көрсетілуі керек;
Кімге және кімнің үкімі бойынша төлем төленді;
Вексельді толтырған жері және уақыты;
Вексель берушінің қолы.
Осы айтылған мәліметтердің тек біреуі ғана көрсетілмеген жағдайда вексельдің құқықтық күші жойылады. Төлем уақыты көрсетілмесе ондай вексельді ұсынған уақытта өтелетін деп қарау керек. Аудармалы вексель берушінің үкімімен берілуі мүмкін. ол сонымен қатар вексель берушінің өзіне беріліп, үшінші адамның есебіне жазылуы мүмкін.
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Коммерциялық вексель дегеніміз - өнім сатып алушы сатушымен есеп айырысу үшін ақша қаражаты жоқ болса, онда сатып алушы мерзім ішінде көрсетілген соманы төлейтіні туралы міндеттеме вексель жазып береді, яғни сатып алушыны несиелер денген сөз соған байланысты вексель сомасында несие үшін процентте қосылады.
Коммерциялық (немесе сауда) вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі. Келісім шарты жасалған шақта сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаған жағдайда оның орнына сатушыға басқа төлем құралы - вексельді ұсынады. Ол өзінікі болумен қатар, басқанікі де, яғни индоссцияланған (басқаға аударылғанытуралы белгісі бар) болуы мүмкін. Әлбетте, вексель айналасының негізі - коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып есептеледі. Оған банктік, қазыналық, траст жіне басқа банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады. Бұған, мысалы, қаржы нарығында өзіне қаржы тарту мақсатымен бір банктің басқа банкке берген тратталары дәлел бола алады.
Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда. Траст компаниялары ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша вексель міндеттемелерін беруде. Әрине қазыналық және басқа да қаржылық вексельдерді пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола (бронза), яғни құр-қуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналымын вексельдің жай (қарапайым) және аудармалы (ауыспалы) түрлері бойынша қарастыралық.
Жай вексельдің айналымын келесі суреттегі өрнекпен көрсетуге болады.
Вексель беруші (сатып алушы - төлеуші)
Вексель иемденуші (сатушы төлем алушы - несие беруші)
1
4
3
2

Сурет 2 - Жай вексель айналымы
1. Вексельді сатып алушы сатушыға береді (вексель беруші - вексель иемденушіге);
2. Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге);
3. Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;
4. Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді - вексельді өтейді.

Аудармалы вексельдің айналысын келесі суреттегі өрнекпен көрсетуге болады.
Ремитент
(тратта бойынша ақша алушы)
Трассант
(вексель беруші)
Трассат
(төлеуші)
Несие беруші
(кредитор)
3
2
6
4
5
7
8
1
Ремитент
(тратта бойынша ақша алушы)
Трассант
(вексель беруші)
Трассат
(төлеуші)
Несие беруші
(кредитор)
3
2
6
4
5
7
8
1
Сурет 3 - Аудармалы вексель айналымы
1.Вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа), яғни қарыздарға тауарды және траны (аудармалы вексельді) береді;
2. Төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге (трассантқа) қайтарады;
3. Вексель беруші (трассант) акцепттелген вексельді ремитентке - аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
4. Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
5. Трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
6. Ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7. Несие беруші вексельді өз шотына аудару үшін трассаттың банеіне жібереді;
8. Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.
Төлем уақыты келгенде несие беруші несиені өтеу үшін трассатқа, яғни вексельді акцепттеген төлеушіге вексельді ұсынады. Трассат ақшаны несие берушіге аударған соң вексельді жояды. Өз кезегінде, несие беруші трассатқа (төлеушіге) қарыздар болуы мүмкін, оған бұл жағдайда төлеу үшін вексель жіберілуі мүмкін. Онда трассат несие берушіге вексельді өтеу үшін қабылдағаны туралы айтады. Сол сияқты ремитент тенесие берушіге қарыздар болуы мүмкін, бұл жағдайда ол вексельге вексельді басқа біреуге аударғаны туралы белгі жазып, несие, берушіге берген өзінің міндеттемесін жояды.
Вексельдер айналысы жүйесінің негізгі элементі - вексельдің сенімділігі. Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі - акцепт-авальды операциялар. Вексельдің акцепті дегеніміз төлеушінің вексельді төлеуге берген келісімі. Сол сияқты, акцептант (төлеуші) - төлеуге келісім берген заңды мекеме немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Егер акцептанттың рөлін банк атқарса, онда вексель бірінші класты міндеттеме құқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.
Вексельдің авалы - вексель бойынша кепілдік. Аваль беруші банк (авалшы) вексель беруші (егер жай вексель болған жағдайда) немесе акцептант (аудармалы вексель болған жағдайда) тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады. Төлеу мерзімі келген кезде вексель төлеу үшін тікелей банкке жіберіледі. Аваль бойынша есептелсін деген сөзді вексельдің бетжағына немесе қосымша қағазға (аллонжеге) жазады. Вексельді өтеудің бұл түрі - аваль акцептке қарағанда сиректеу қолданылады. Банктер вексель бойынша бұдан да басқа бірсыпыра операциялар жүргізеді. Мысалы, айналымдағы вексельдерді есептеуді коммерциялық банктер жүргізсе, оларды қайта есептеумен мемлекеттің Орталық банкі шұғылданады. Сол сияқты банк вексельді кепілдікке алып, несие береді және вексельдермен комиссиялық операциялар да жүргізеді. Айта кететін жәйт, вексельдерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz