Ауыл шаруашылығы - ҚР-ның агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы ( АӨК дамытудын жоспарлары мен бағдарламалары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Кафедра : Ветеринариялық санитария
Мамандық : Ветеринариялық санитария
СӨЖ
Тақырыбы :
- Ауыл шаруашылығы - ҚР-ның агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы ( АӨК дамытудын жоспарлары мен бағдарламалары
Семей 2017 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1 Бағдарламаның паспорты
2. 2 Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау
2. 3 ҚР АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары
2. 4 Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның шешу жолдары
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің АӨК-сінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуі орын алды.
2011 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5, 1 %-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өнімділігі 2005 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде жылына 9, 3 % орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға 304, 2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылдық жерлерде шамамен 7, 48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқының 45%-ы тұрды.
Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан әрі - КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіреді деп жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмеуі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Бұл факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, мұның өзі ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының үстем болуына, жергілікті өндірушілердің өткізу нарықтарынан ығыстырылуына әкелуі мүмкін.
Ел халқының көбеюі орын алуда, тиісінше азық-түлік өнімдерін тұтыну қарқынды өсіп, тұтыну құрылымы неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруде. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.
Сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларында Қазақстанның КО-ға кіруі мен ДСҰ-ға алдағы кіруіне, саланы мемлекеттік реттеу мен жаңғыртудың жаңа тетіктерін қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР АӨК-сін дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленді.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді
дамыту жөніндегі "Агробизнес-2017" бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру:
1) өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
2) астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
3) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (бұдан әрі - АШТӨ) үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
4) мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
5) ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
6) қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
7) басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру;
8) білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту:
1) фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
2) ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.
4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру:
1) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
2) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу мен бағалаудың тиімділігін арттыру;
3) ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
4) АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту;
5) ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
6) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
7) органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау;
8) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту;
9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 500 млрд. теңгеге кемінде 9 жылға ұзарту;
3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредит қаражатының көлемі 2013 - 2017 жылдары 1, 1 трлн. теңгеге дейін болады;
4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2017 жылы 0, 94 % болады;
5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2017 жылы 0, 27 % болады;
6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі 2015 жылы 62 % болады.
2013 жылы - 339, 7 млрд. теңге
2014 жылы - 466, 0 млрд. теңге*
2015 жылы - 543, 2 млрд. теңге*
2016 жылы - 356, 7 млрд. теңге
2017 жылы - 396, 7 млрд. теңге
2. Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау
ҚР АӨК жалпы өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 2007 жылғы 1089, 4 млрд. теңгеден 2011 жылғы 2286 млрд. теңгеге дейінгі және қайта өңдеу өнімдерінің 2007 жылғы 490, 8 млрд. теңгеден 2011 жылғы 828 млрд. теңгеге дейінгі өсуімен орнықты үрдісті көрсетті. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің орташа өсу қарқыны 20 %-ды, қайта өңдеу өнімдері 12, 2 %-ды құрады.
1-сурет. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерін өндіру көлемі
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі
2-сурет. Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі
5 жылда түйінді қайта өңдеу өнімдері өндірісінің орташа жылдық жалпы көлемі 650 млрд. теңгеден асты.
1-кесте. Қайта өңдеу өнімдерін өндіру, млрд. теңге
Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі
ҚР ауыл шаруашылығы әлемдік азық-түлік нарықтарына ықпалдасты және сауда теңгерімін қалыптастыруға белсене қатысады.
Алайда, АӨК қайта өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі қалыптасты, айталық, жеміс-көкөніс өнімдері, етті және сүтті қайта өңдеу өнімдері бойынша импортқа тәуелділік деңгейі жоғары.
2-кесте. Қазақстанда 2009 - 2011 жылдары өнімдерді тұтынудағы импорттың үлесі, мың тонна
Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (өзара сауда-саттықты қоса алғанда) ; ҚР Статистика агенттігі; "АӨК-тегі экономикалық саясатты талдау орталығы" ЖШС.
2011 жылы ауыл шаруашылығында 2 196, 1 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 26 %-ы) жұмыс істеді, оның ішінде жалданғандар - 604, 8 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 27, 5 %-ы), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 1591, 3 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 72, 5 %-ы) .
ҚР-дағы егіс алаңдары 2011 жылы 21 083 мың гектарды құрады. Барлық егіс алаңдарының шамамен 65, 7 %-на (13 848, 9 мың гектар) бидай егілді. Дәнді дақылдарға 2011 жылы барлық егіс алаңдарынан 76, 9 % (16 219, 4 мың гектар) бөлінді. Мал басының саны 2012 жылдың басында 5, 7 млн. бас ірі қара мал (бұдан әрі - ІҚМ), 18, 1 млн. бас ұсақ мал (бұдан әрі - ҰМ), 1, 6 млн. бас жылқы, 1, 2 млн. бас шошқа, 0, 17 млн. бас түйе және 32, 9 млн. бас құс болды.
3. 1. ҚР АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары
Орталық Азия елдері мен Ауғанстан халқының тез өсуін ескере отырып, Орталық Азия, Еуропалық Одақ (бұдан әрі - ЕО) елдеріне, Ауғанстанға Қазақстан 2018 жылға қарай 7 млн. тоннадан астам астық өнімдерін (бидай, ұн, бидайды терең өңдеу өнімдері) жеткізе алады. Түйінді міндеттердің бірі ұн экспорты бойынша көшбасшылық позицияны сақтап қалу болып табылады, ол импорттаушы елдердің ұн өндіру жөніндегі меншікті қуаттылықтарын дамытуға бағдарлануына байланысты қысқаруы мүмкін. Бидайды терең өңдеу өнімдерінің (крахмал, глютен, дән маңызы және басқалары) экспорты қазіргі уақытта іске қосылып жатқан ұнды терең өңдеу жобалары табысты іске асқан жағдайда шикізат баламасында 0, 1 млн. тоннаны құрайды.
Алманың ішкі нарығы 2018 жылға қарай 300 мыңнан астам тоннаны құрайды, бұл ретте импорттық өнімдерге жоғары тәуелділік байқалады (шамамен 50 %), осыған байланысты, мақсат осы өнім бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуді ұлғайту болып табылады.
Көкөніс өнімдерінің, оның ішінде қызанақтардың ішкі нарығы 2018 жылға қарай шамамен 4, 3 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде жергілікті өндірушілер ішкі сұраныстың 90 %-дан астамын қамтамасыз ете алады. Көкөніс өнімдерінің экспорты 2018 жылға қарай негізінен Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) елдеріне 55 мың тоннаға дейін құрауы мүмкін. Қайта өңделген және консервіленген көкөністердің, оның ішінде қызанақтың ішкі өндірісі 2018 жылға қарай болжам бойынша 17 мың тоннаға дейін өседі.
Ішкі нарықтағы жүгеріге деген сұраныс 2018 жылға қарай негізінен мал шаруашылығы тарапынан астық түрінде шамамен 0, 8 млн. тоннаны құрайды. Иран қазіргі уақытта жыл сайын 5, 5 млн. тоннадан астам астық түріндегі жүгері импорттайды және осы өнімді өткізудің перспективалы әлеуетті нарығы болып табылады.
Рапстың ішкі нарығы 2018 жылға қарай шамамен 160 мың тоннаны құрайды, ол жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, экспорт көлемін шамамен 100 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар.
Сояның ішкі нарығы 2018 жылға қарай шамамен 230 мыңнан астам тоннаны құрайды, ол жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады.
Ресей Федерациясында (бұдан әрі - РФ) импорттық сиыр етінің әлеуетті нарығы жыл сайын кемінде 600 мың тоннаны құрайды, оған Қазақстан 2018 жылға қарай шамамен 10 мың тонна салқындатылған ІҚМ етін жеткізе алады. Сондай-ақ сиыр етінің ішкі нарығы 2018 жылға қарай шамамен 440 мың тоннаны құрайды, қой еті - шамамен 170 мың тонна, жылқы еті - 110 мың тонна, ол отандық өніммен қамтамасыз етілетін болады.
Қой еті мен жылқы еті бойынша ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағдар перспективалы, өйткені шектес елдердің ішкі нарықтарының ерекшелігіне байланысты осы өнім түрлерін үлкен көлемде экспорттау мүмкін емес.
Етті қайта өңдеу өнімдерінің ішкі нарығы болжам бойынша 2018 жылға қарай шамамен 74 мың тонна шұжық өнімдерін, 14 мың тоннадан астам ет консервілерін құрайды, оның ішінде жергілікті өнім шамамен 45 мың тонна шұжық өнімдерін және 11 мың тоннадан астам ет консервілерін құрауы мүмкін.
РФ-де импорттық салқындатылған қызыл балық (арқан балық) нарығы жылына шамамен 75 мың тоннаны құрайды, оның ішінде Қазақстан 2018 жылға қарай 1 мың тоннасын импорттай алады, сондай-ақ РФ, ЕО мен басқа елдерге 1 мың тоннаға дейін бекіре мен қара уылдырық экспорттау мүмкіндігі бар. Балық пен балық өнімдерінің ішкі нарығы шамамен 70 мың тоннаны құрайды, оның ішінде жергілікті өнім шамамен 40 мың тоннаны құрауы мүмкін.
Сүт өнімдерінің ішкі нарығы Қазақстанда 2018 жылға қарай сүт баламасында шамамен 1, 5 млн. тоннаны құрауы мүмкін, оның ішінде жергілікті өнім сүт эквивалентінде шамамен 1, 4 млн. тоннаны құрауы мүмкін.
Мал шаруашылығына арналған құрама жемге деген қажеттілік жылына 3 млн. тоннаға дейін өседі.
Күріш бойынша Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізді, саланың басты проблемалары шешілген жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне күріш жармасы экспортының көлемін 2018 жылға қарай 80 мың тоннаға дейін өсіру әлеуеті бар.
Мақта өндірісінде мақта өсіру үшін жарамды аумақтар ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданымен шектелген, осыған байланысты өндіріс пен экспортты айтарлықтай өсіруге мүмкіндік болмай отыр.
Биязы жүн нарығында өндірісті жылына 7-8 мың тоннаға дейін өсіру, сондай-ақ өндірілетін жартылай қылшықты және қылшық жүнді қайта өңдеу көлемдерін жылына бірнеше мың тоннаға арттыруға болады.
Жергілікті өндірістің жүгері дәнін терең өңдеу өнімдерінің ішкі нарығы 2018 жылға қарай болжам бойынша шамамен 35 мың тоннаны құрайды, бұл ретте шамамен 7 мың тонна крахмал-сірне өнімдері экспортталады.
3. 2. АӨК-ні дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау
Қазіргі кезде АӨК-ні дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асырылады:
1) АӨК субъектілері арасында субсидиялар, мемлекеттік сатып алулар және т. б. түрінде әртүрлі мемлекеттік қолдау нысандарын ұсыну;
2) негізгі өндірістік құралдарды - ауыл шаруашылығы техникасының паркін, жабдықтарды, мал басын жаңартуға арналған жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;
3) АӨК субъектілері үшін қаржылық-кредиттік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) АӨК-ні дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау;
5) өнім экспортын қолдау;
6) ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
7) ҚР АӨК-сін дамыту үшін қажетті көлік, су, сақтау, қайта өңдеу және өзге де инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту;
8) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық білімді тарату;
9) бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау.
Қазақстанда негізінен ақшалай және қаржылық қолдау құралдары басым.
3-кесте. 2007 - 2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бөлінген бюджет қаражатының құрылымы
Дереккөз: ҚР АШМ
Сандық мәндегі жалпы сома тек 2011 жылы 283, 5 млрд. теңгеден асты.
3-сурет. 2007 - 2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бағытталған бюджет қаражатының көлемі, млн. теңге
Дереккөз: ҚР АШМ
4-кесте. 2007 - 2011 жылдардағы субсидиялау түрлері мен көлемдері, млн. теңге
Дереккөз: ҚР АШМ
Соңғы 5 жылда АӨК-ні субсидиялау 3 еседен астамға ұлғайды.
4-сурет. 2007 - 2011 жылдары АӨК салалары бойынша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау көлемі, млн. теңге
Мемлекеттік қолдаудың мейлінше жоғары деңгейіне қарамастан, бірқатар кемшіліктер байқалады:
1) бірқатар субсидиялар оларға АШТӨ-нің төмен қызығушылығына байланысты тиімсіз (дәнді, майлы, басқа да бірқатар дақылдар өндірісінің 1 гектарына арналған, ІҚМ 1 басына жұмсалатын азыққа арналған субсидиялар және т. б. ) ;
2) субсидияларды әкімшілендіру жоғары шығындармен ұштасады;
3) АШТӨ-нің субсидияларды алуы кешіктіріледі;
4) субсидияларды бөлу тетігі нарықтық бағаларды бұрмалайды;
5) субсидияларды алудың атаулылығы жеткілікті бақыланбайды (қолдан ұрықтандыруға, өсімдік шаруашылығындағы тұқым шаруашылығына арналған субсидиялар және т. б. ) .
3. 3. АӨК-нің басым салаларының проблемаларын талдау
3. 3. 1. Өсімдік шаруашылығының проблемаларын талдау
Негізгі дақылдар бойынша шығымдылық әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен деңгейде.
5-сурет. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын салыстыру, ц/га
Дереккөз: Қазақстан бойынша деректер - ҚР Статистика агенттігі (2011 ж. ) шетелдер бойынша деректер - FAO (2008 ж. )
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау 2011 жылы барынша жоғары деңгейге (мың тонна) жетті: бидай - 22732, 1, жүгері - 482, арпа - 2593, күріш - 347, соя - 133, күнбағыс - 409, рапс - 149, мақта - 336, картоп - 3076, көкөніс - 2878, азықтық жүгері - 1053, азық (тамыр жемістілер, бақша, дәнді дақылдар, жүгерісіз сүрлем) - 279, алма - 115 мың тонна.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz