Зооцидтер


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Зооцидтер

Орындаған :

Тексерген:

Тобы :

Семей 2016

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

2. 1 Зооцидтерге жалпы сипаттама

2. 2 Зоокумаринге жалпы сипаттама

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зооцидтер ( зоо. . . және латынша caedo - өлтіремін, жоямын ) - ауылшаруашылығына зиян келтіретін омыртқалы жануарларға, негізінен, кемірушілерге (роденцидтер), оның ішінде егеуқұйрықтарға (ратицидтер) және құстарға (авиациттер) қарсы қолданылатын химиялық заттар.

Зооцидтер әр түрлі химиялық топтарға жатады, олар көбінесе жануарлардың ас қорыту органдарына әсер ететін химиялық қосылыстар (мырыш фосфиді, глифтор, зоокумарин, ратиндан, тағы басқа) . Зооциттер улы еліктіргіш түрінде қолданылады. Егіске, бау-бақшаға зиянды кемірушілерге қарсы мырыш фосфиді және глифтормен уланған еліктіргіш жем шашылады. Мал қора, азық қоймалары кемірушілеріне созылмалы әсер ететін қан антикоагулянты - зоокумарин мен ратиндан пайдаланған дұрыс. Құстарға қарсы ұйықтататын әсері бар - альфахлоралоз дәрісі пайдаланылады. Күшті улы заттар адам мен үй жануарларына қауіпті, сондықтан зооциттерді сақтау, тасымалдау ережелерін және оны қолдану кезіндегі сақтық шараларын бұлжытпай орындау керек. Қора жайларда, қамбарларда және егістіктерде тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін көптеген химиялық препараттар қолданылады. Мұндай препарттар зооцидтер деп аталады.

Негізгі бөлім;

Зооцидтер химиялық құрамына байланысты органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді.

  1. Органикалық зооцидтерге-зоокумарин, ратиндан, бактокумарин, крысид, глифтор
  2. Бейорганикалық зооцидтерге-барий карбонаты, мырыш фосфиді және тағы басқалары жатады

Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.

Көмірқышқылды барий, барий карбонаты, BaCo-сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ. Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.

Оның құстар үшін уытты мөлшері 0, 4-0, 7 г, ал тышқандар үшін 0, 12-0, 2 г. Көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30 г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15г.

Патогенезі.

Қарында барий карбонаты мен тұз қышқылының әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді кілегейлі қабық арқылы қанға тез сіңеді. Барий иондары ішкі мүшелердің бірыңғай саласы бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатып, ал жүрекке оймақ гүл тәрізді әсер етеді. Осыған байланысты жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылады.

Клиникалық белгілері. Әртүрлі малдарда көп жағдайда бірдей белгілері байқалады, Яғни, үрейлену, сілекей ағу, құрсақ қуысында ауырсынулар, жалпы қозу, іш өту, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттердің дірілі, тыныс алудың бұзылуы, талысулар пайда болады. Өте жіті түрінде жүректің салдануынан аяқ асты өлім туындауы мүмкін, ал құстарда уланулардың ешқандай белгілері байқалмайды, өлімге ұшырауы аз кездеседі.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Негізінен ішектің, қуықтың және жүректің систола кезінде жиырылуымен сипатталады. Кілегейлі қабықта нүктелі қанталаулар кездеседі. Сонымен қатар, өте созылмалы түрінде ішкі мүшелердің дистрофиялық өзгерулерін байқауға болады.

Балау- қиын. Шешуші мәліметті химиялық-аналитикалық тексеруден кейін алуға болады.

Емі. Антидот ретінде қолданылатын натрий немесе магний сульфатының 1%-ды ерітіндісімен қарынды тазалап алып, артынан көп мөлшерде сумен араластырып ішке береді. Соңынан ішке мүмкіндігінше 5-10%-ды натрий сульфаты ерітіндісі ішкізіледі. Улануды жылдам емдеу мақсатында кілегейлі заттар мен сүт берген жөн.

Зоокумарин - ақ түсті, иіссіз, дәмсіз суда нашар, спиртте, ацетонда жақсы еритін, ұзақ сақталынатын ұнтақ. Зоокумарин-өте уытты. Оның 6 мг/кгмөлшері итті 50мг/кг-күйіс қайтаратын малдарды, 1-1, 2 мг/кг-шошқаларды өлімге ұшыратады.

Зоокумарин-кумулятивті антикоагулянт, әсіресе өсімдіктерге ұқсас, қанның ұюын төмендетеді. Патогензі, клиникалық белгіері патологиялық-анатомиялық өзгерістері, емі түйежонышқамен уланғанға ұқсас.

Бактокумарин- құрамында зоокумариннің натрийді тұзы және сүзек ауруының бактериалды, культуралларымен өңделген дәндерден тұратын кешенді препарат, зооцид ретінде жиі қолданылады, ауыл шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.

Қанның ұюын нашарлататын препараттар қатарына ақ түсті, иіссіз, кристалды түйіршікті ұнтақ ратинданды да, дифиназинді де жатқызуға болады. Олар 0, 5% немесе 0, 18%-ды ұнтақ түрінде шығарылады. Өте уытты әсер етеді. Тышқандар үшін ЛД-63, 4 мг/кг. Күшті әсер ететін кумулятивті зооцид. Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.

Мырыш фосфиді(Zn p) -сұр түсті, иісі сарымсақтың иісіндей, суда нашар, ал қышқылда жақсы еритін ұнтақ. Жануарлар үшін 40-60 мг/кг мөлшері өте уытты, яғни уланған жануарлар толығымен өлімге ұшырайды. Көбінесе уланулар құстар мен шошқаларда байқалады, аз мөлшерде улану ірі қара мен ұсақ малдарда кездеседі.

Патогензі. Қарындағы қышқылдарды әсерінен қанға тез сіңіп, мүше торшаларына еніп, соның әсерінен тыныстану торшаларын бітеп тастайтын фосфорлы сутегі түзіледі . Салдандырып әсер етеді. Орталық жүйке-жүйесі, ішек-қарынның зақымдалуы, сонымен бірге малдың күйі төмендеп, өкпеде ісінулері пайда болуымен сипатталады.

Клиникалық белгілері. Ірі қара малында уланудың алғашқы белгілері азық жегеннен соң 30-35 мин кейін байқалады. Аз уақыттың ішінде азыққа тәбеті жойылып, қатты терлейді, қозады, дене бұлшық еттері тітркенгіш болып келеді, атаксия, дене температурасы төмендеп, іші өтеді, кейде қан араласқан іш өту байқалады. Тыныс алу мен жүрек жұмысы нашарлап, бірнеше сағаттан соң өлімге әкеп соғады. Кейде ауру бірнеше күнге созылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бромды метил
Цианид қосылыстары
Мочевина туындыларымен улану
Улану түрлері
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары
Арамшөптермен күрес шаралары
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы
Азот - қышқылды негізгі висмут
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары
Азық-түлік тауарларының сапасын бақылау. сапа әдістері және деңгейі өнімдердің пестицидтермен ластануы. оларға гигиеналық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz