Пироплазмоз


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:

1) Ірі қара малының безноитиозы

2) Пироплазмоз

3) Фасциолез

4) Жылқының стахиботриотоксикозы

Семей 2016 ж.

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім:

2. 1 Ірі қара малының безноитиозы

2. 2 Пироплазмоз

2. 3 Фасциолез

2. 4 Жылқының стахиботриотоксикозы

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ірі қара малының безноитиозы ( лат. Besnoitia) - малдың жұқпалы, созылмалы ауруы.

Індеттің қоздырғышы - бір жасушалы қарапайым жәндіктер. Оны тұнғыш рет 1912 ж. Францияда К. Бенуа мен В. Робин тапты. Безноитиозбен мүйізді ірі қара, жылқы, есек, солтүстік бұғысы ауырады. Аурудың бірнеше түрі бар, Қазақстанда оның бір-ақ түрі Besnoitia besnoiti кездеседі. Бұл ауру шетелдерден Санта-гертруда сыйырымен (1956 ж. ) келген.

Патогенезі. Паразит мал денесіне енесімен қанға барып түседі, мұнда фагоцитозға ұшырайды. Осыдан сау қалған паразиттер лейкоциттер ішінде қақ бөлініп өсіп-өнеді. Бара-бара олар лейкоциттерді жарып шығады да қан плазмасына араласып, бүкіл денеге тарайды, уытын жайып біраз уақыт мал денесінің қызуын көтереді. Егер осы кезде қан жұғындысынан препарат жасап оны микроскоп арқылы қараса, лейкоциттер арасында бос жатқан трозофозоиттарды көруге болады. Одан әрі паразиттер қаннан дәнекер тоқымаға ауысады. Мұнда гистиоциттердің шабуылына душар болып, паразиттердің көбі фагоцитоз салдарынан өледі, ал тірі қалғандары гистиоцитті өлтіріп, оның ішінде өсіп-жетіледі де цистаға айналады.

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе тым арық болады. Оның терісі шектен тыс қалыңдаған, беті кедір-бұдыр болып қыртысталған. Тері астында, бұлшық апоневрозында быжынап жатқан цисталар көрінеді. Олар шашылған ұнды ұнтақ түйіршіктеріне ұқсайды. Сол сияқты цисталар көз бен танаудың ішінде, көмекей мен кеңірдектің, сиырдың қынабында, бұқаның ені мен күпегінде көп кездеседі. Малдың аяқтары, әукесі, тұмсығы, құлақтары ісінген. Ісік оның бауырына дейін жайылған. Сиыр-вагинитке, желінсауға, ал бұқа орхитке, эпидемитке ұшырайды.

Аурудың таралуы

Безноитиоз Балқаш көлі, Іле, Талас, Шу, Сырдария, Амудария өзендерінің бойында, қамысты көлдердің маңында байқалады. Бұл жерде шыбын-шіркей, маса, сона көп болады. Олар малды шағып, сау малға ауру жұқтырады. Көбінесе 2 жастағы ірі қара ауырады . Безноитиозбен адам ауырмайды.

Ауру белгілері

Аурудың белгілері 30-45 күнде білінеді. Малдың дене қызуы көтеріліп, жемшөпке тәбеті шаппайды, тамыры жиі соғады. Бұдан әрі танаудың, көмекей мен кеңірдектің, көздің, қынаптың кілегей қабықтары қабынады. Малдың тұмсығында, әукесінде, желіні мен ұмасында, көбінесе аяқтарында домбыққан ісік білінеді. Буаз сиырдың іш тастауы мүмкін. Бұқаның жыныс бездері қабынып, қабылетін жояды. Біраздан соң малдың жемшөп жеуі жақсарады, бірақ барған сайын жүдеп, көтерем болады. Оның терісі 3-5 есе қалыңдап, қыртыстанады да, жарылып ашық жараға айналады. тері қайызғақтанады, жүні ойдым-ойдым, кейде түгелдей түседі.

Сақтану шаралары

Безноитиозшыққан шаруашылықта әр тоқсан сайын ірі қара клиникалық тексеруден өткізіледі. Жазда малды қамысты жерге бақпай, жаздық пен таудағы жайылмаларда бағу керек. Қора мен малдың жазғы орнын дезинфекциялап тұру керек. Ауру таратпас үшін сиырдың тезегі биотермиялық әдіспен шірітілед

Пироплазмоз

Пироплазмоз -қызыл қан түйіршіктерін зақымдайтын, Piroplasma паразиттері тудыратын маусымды жіті ауру. Онымен жылқы, ірі қара, қой мен ешкі, шошқа, бұғылар, иттер ж. б ауырады. Ірі қара пироплазмозын Piroplasma begiminum деп аталатын паразит қоздырады. оны тұңғыш 1888 жылы румын ғалымы Бабеш тауып, ол тудыратын ауруды «микрококк гемоглобинурия» не «гематококк» деп атады. Смит пен Кильборн (1889) «техас безгегінің» қоздырғышын «Piroplasma bigeminum» десе, Паттон (1895) «пирозома»-бұдан бұрын табылған басқа бір паразит екенін ескерте отырып, оны «piroplasma» деп атауды жөн деп тапты. Бұл инвазия еліміздің оңтүстік аймақтарында жиі кездеседі.

Патогензі

Пироплазмалар эритроциттерді жайлап алып тез көбейсе, бұларды мықтап зақымдаса, ауру тез өршиді де, мал 3-5 күн өтісімен өліп қалуы мүмкін. Кененің сілекейіне ілесіп мал денесіне келіп түскен паразит қан мен ұлпалы ағзаларда зор қарқынмен өсіп-өнеді де айналасына уытын таратады. Мұның салдарынан орталық нерв жүйесі мен ішкі ағзалар зақымданады да, малдың ыстығы көтеріледі, жүрек соғысы шапшаңдап, тыныс алуы жиілейді.

Өлекседегі өзгерістер.

Өлексе өте арық болады. Ауыздың, көз бен танаудың іші сарғыш тартқан, бозарған. Шел сарғайған, қанталаған. Бұлшық еттер бозарған. Қан судай сұйық, оның ұю қабілеті төмендеген. Кеуде қуысы мен жүрек қабының ішін қызғылт түсті сарысу жайлаған. Өкпе сәл бозарған, эпикард пен эндокард астында қошқыл-қызыл түсті сарысу жайлаған. Өкпе сәл бозарған, эпикард пен эндокард астында қошқыл-қызыл түсті петехиялар бар.

Құрсақ қуысына біраз сұйық жиналған. Шарбы сарғыш тартқан. Бауыр ұлғайған, нығыздалған, сарғыш-қызғылт түсті, қанталаған, ал оның жиектері жуандаған. Тіліп қарағанда одан су ағады, бауыр бөліктері айқын көрінеді. Өт қабы қара-қоңыр немесе жасыл өтке толып, мықтап кернелген болады.

Балау. Осы мақсатпен ауру белгілері, өлекседегі өзгерістер, эпизоотологиялық деректер ескеріледі. Ауруды анықтауыдың бірден-бір сенімді әдісі-қан жұғындысын микроскоп арқылы зерттеу.

Пироплазмозды франциеллез бен лептоспироздан ажырата білу керек. Алғашқы екі ауру, әдетте көктем жазда кездеседі.

Фасциолез

Фасциолез- қой мен ешкінің, түйе мен шошқаның, сиыр мен тақ тұяқтылардың, кәдімгі және алып бауырқұрттары, яғни Fasciola hepatica мен Fasciola gigantica тудыратын инвазиялық ауруы. Онымен адамда ауырады.

Патологиялық анатомиясы. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Патанатомиялық өзгерістер осымен тікелей байланысты. Жіті фасциолез жас фасциоланың бауырды кезіп шарлап жүрген кезіне сәйкес келеді. Негізгі өзгерістер өт жолынан, бауырдан табылады. Оларды мал дәрігерлері көбінесе байқамай қалады немесе басқа бір ауру деп жорамалдайды. Кейде ауру мал жіті гепатиттен бірнеше сағаттан кейін аяқ астынан өліп кетеді. Мұндай малды сойып қарағанда оның бауырының сыртқы қабығынан және фасциоланың ізін, көптеген үлкенді-кішілі қызыл-қошқыл жолақтарды көруге болады. Олардың ұзындығы 0, 5-1 см, шеттері сұрғылт, іші қойыртпақ сұйыққа толған. Бауырды тіліп жібергенде, ішінен құжынаған жас фасциолалар шығады.

Фпсциола мекендеген жерлерде дәнекер талшықты ұлпа жайлайды. Осыған байланысты өт жолының ішкі беті жуандап қалыңдайды, кедір-бұдырланып, пышақпен кескенде шықырлайды. Бірте-бірте дәнекер ұлпа талшықтары паренхиманы бойлап өсіп, үлпершекке қысым жасайды, гематоциттер семе бастайды, сөйтіп кәдімгі билиарды цирроз дамиды.

Балау. фасциолезге диагнозды малдың тірі кезінде зерттеу арқылы ғана қоюға болады. Ол үшін аурудың клиникалық белгілеріне, арнаулы лабороториялық зерттеуге не иммундық-биологиялық реакцияға сүйенеді. Фасциолезге арықтау, қан азаю, жабығу, асқазанның бұзылуы, жүннің құрғап түсе бастауы сияқты клиникалық белгілер байқалады. Аурудың мұндай белгілері гельминтоз ауруларына, әсіресе диктиокаулиез, мониезиоз кездеседі.

Жылқының стахиботриотоксикозы

Жылқының стахиботриотоксикозы- жануарлардың созылмалы індеті, қоздырушысы Stachybotrys alternans деп аталатын саңырауқұлақ. Жылқыларда жиі кездеседі, ірі қарада сирек байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың организмінде паразиттің болу ұзақтығы
Ауруды жұқтыру жолы
Ауру қоздырушылары Piroplasmida отряды, Babesiidae тұқымы
Тейлериоз індетімен күресуі
Инвазиялық аурулар
Кенелер
Сүтті сиырлар СӨЖ қанның биохимиялық және гематологиялық зерттеулері бойынша
Жоба жетекшісі
Пироплазмидоздардың эпизоотологиясы
Жылқының инфекциалық анемиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz