Стресс. Домбығу немесе ісіну


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: 1. Стресс 2. Домбығу немесе ісіну

Семей 2015 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Стресс

2. 2. Стресстің жіктелуі

2. 3. Ісінудің түрлері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Стресс - организмнің күшті әсерлерге реакциясы, ол өз табиғаты бойынша стресстік жауап - зақымдаушы факторлар әсер еткенде организмнің тұрақтылыққы (резистентікке) жету әдісі. Сонымен қалыпты дені сау организмде қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Сол қолайсыз фактор әсерінен организм өліп кетуі де мүмкін. Бұл механизм - стресс-реакция немесе жалпы бейімделу синдромы деп аталады.

Ісіну ( oedema) -қан мен тіндер арасында су алмасуының бүзылуынан тіндерде сұйықтықтың артық жиналуы. Сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуын шемен (hydrops) дейді. Іш қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын - гидроцефалус, жүрек қалтасы сулануын гидроперикардиум деп атайды.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) Төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) Әлсіреу - бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Стресске әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық адамдар ұшырайды. Бірақ бір жағдайларда адамдар қатер тобына көбірек жатқызылады, ал басқалар азырақ. Америкалық мамандардың зерттеулеріне сәйкес стресске әлеуметтік орта қызметкерлері және зиян, әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, әскерлер, ақпарат орталығының операторлары, полиция және басқа да мамандар. Сондықтан жұмысқа алар алдында жұмысберушілер стресске тұрақтылық тестін өткізеді. Бірақ олар шынында нәтижелі ме? Барлығына шектеу бар ғой! Бүгін бай, жетістікті және белсенді болу сән. Бірақ мұндай критерийлерге сәйкес болу үшін адам көп жұмыс істеу қажет. Осыдан бастап, адам түскі астағы үзілісті өткізеді, кешке бөгеледі, елді-мекендерді және сағаттық белдеулерді ауыстырып, жиі іссапарға ұшады. Сонымен бірге оның тоқтап және демалуға уақыты жоқ. Стресс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды, адамға үзіліске уақыт келегенін байқатады.

Оның бірінші белгілері:

• алаңғасарлық;

• жоғарғы қозғыштық;

• жиі шаршау;

• әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы;

• кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;

• ұйқының және тәбеттің жоғалуы;

• естің нашарлауы;

• кейде баста, арқада, асқазанда «психосоматикалық» деп аталатын аурулар болуы мүмкін;

• қуаныш негізінің толық жоғалуы.

Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша:

  • транспортты-тасымалдау;
  • технологиялық - малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты;
  • вакцина жасауға байланысты;
  • температураға байланысты;
  • малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т. б. түрлерін ажыратуға болады.

Стрессті тудыратын факторларды «стессорлар» деп атайды. Оның негізгі себептері: температураның, атмосфера, қысымы мен ылғалдылықтың ауытқуы; сізге жақын жерде бос жүрген аң; тым жарқыраған шам, у-шу, ыстық, жабық кеңістік; ішкі улармен, ағза гармондарымен, дәрілермен белсендірілген паразиттер немесе вирустар; мақсат пен идеал арасындағы нәтижеге деген қажеттілік пен тиісті мерзім ішінде оған қол жеткізу арасындағы тартыс; ауырсыну және ішкі жайсыздық; ағзада стимуляторлар мен депрессанттардың жоғарғы деңгейде болуы; омыртұалардың орнынан жылжып кетуі және т. б.

Сондай-ақ Ганс Селье стресс аффектілерінің үлгісін жасаған. Үлгі үш сатыдан тұрады.

  • Бірінші -қобалжу және мобилизациясатысы, бұл ағза стрессордың қатысып отырғанын байқаған кезде болады
  • Келесі саты -қарсыласу. Стрессормен дербес күресуге дайындалу. Қарсыласу кезінде ағза түрлі жағдайларды қолданады. Стрессорды жеңу кейде сәтті болады, бәрақ ол физикалық және психологиялық жалпы күйге тәуеді. Егер қарсыласу адекватты болмаса, модельдің соңғы сатысы қажуға жетеді.
  • Қажу сатысыкезінде ағзаның қабілеті стрессордың төмедеуіне бейімделеді. Бұл жағдайда стресстің жағымсыз салдарынан физикалық ауру, жиі ашулану немесе маңызды жағдайды шындықпен байланысты жоғалтпау және дезориентация белең алады.

Қорытынды

Стресс кез - келген аурулардың дамуына себепші болатынын мамандардың зерттеулері дәлелдейді. Ұйқыссыздықтың, жүректің жиі соғуы, бастың ауруы, гипертония, сексуалдық бұзылу және басқа да аурулық жағдайдың себебі стресс болуы мүмкін. Стресс жіті түрде тез өтеді. Болжамы нәтижелі. 5-10 күнде ауру мал қалыпты жағдайына келеді. Емдеу әдістері жоғарыдағыдай. Ауырсынуға қарсы аромпун - хилозин препаратын 2 %-ды ертінді түрінде 0, 25-0, 5 мл 100 кг салмағына есептеп, еттің ішіне жіберуге болады.

Сақтандыру шаралары:

  • аттарды, иттерді, цирк малдарын дұрыс тренингке үйрету;
  • малдәрігерлік жұмыстарды жақсы дайындап, дұрыс жүргізу;
  • малдарды үйрету тобына аларда, олардың жоғарғы нерв жүйесінің түрін еске алу керек.

Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес дерттік үрдіс . Қан мен тіндердің арасында су алмасуы микроциркуляциялық арнада қылтамырлардың кемерлері арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында капилляр ішінде қан қысымы көтерілуі, онкотикалық қысым азаюы, капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылауы, лимфа ағуының және онкотикалық қысымдардың көтерілуі де өзінің үлксін қосады. Ас тұзын артық пайдаланғанда және бүйрек қызметтері бұзылғанда жасуша аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мумкін.

Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай:

  • Бүйректің
  • Бауырлар
  • Ашылулық
  • Қабынулық
  • Уыттық
  • Неирогендік
  • Аллергиялық
  • лимфогендік ж. б. ісінулер ажыратылады.

Бауырлық ісіну . Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан) гипопротеинемиямен, капиллярлар ішінде онкотикалық қысым төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Бауыр циррозы кезінде қан қақпа және ішек-қарын көктамырларында іркіліп қалудан, капиллярлар ішінде қан қысымы көтерілуден іш дуысында сұйық жиналып іш шемендігі дамуына әкелуі мүмкін.

Ашығулық ісіну гипопротеинемиядан қанда онкотикалық қысым төмендеуімен, капилляр кемерлерінің трофикасы бұзылуынан өткізгіштігі жоғарылаумен байланысты.

Қабынулық және уыттық ісінулер бүліну ошағында микроциркуляцияның бұзылуынан және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жогарылауынан болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер ж. б. ) әсерлерінен дамиды.

Нервтік ісіну су алмасуьгның нервтік реттелуі және тамыр мен тіндердің ңоректенуі бүзылыстарынан болады.

Аллергиялық ісінулердің жолдары қабынулық жөне нервтік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл ісінулер кездерінде микроциркуляцияның бұзылуында және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жоғарылауында аллергаяның дәнекерлері (медиаторлары) маңызды орын алады.

Қорытынды

Стресс кез - келген аурулардың дамуына себепші болатынын мамандардың зерттеулері дәлелдейді. Ұйқыссыздықтың, жүректің жиі соғуы, бастың ауруы, гипертония және басқа да аурулық жағдайдың себебі стресс болуы мүмкін. Басынан өткізген стресстің нәтижесінен адамда асқазан-ішек аурулары пайда болуы мүмкін: шаншу, гастрит, жара, ішектің тітіркену синдромы және т. б. . Әйел адамда гормоналдық дисбаланс, етеккір циклінің және ұрықтану қабілеттігінің бұзылуы мүмкін. Одан басқа, стресс кезінде иммунитет әлсіреп, соның салдарынан адам суық тию және инфекциялық ауруларға шалдығады. Психологтардың айтуы бойынша, барлық аурулардың 70 % эмоционалдық стресспен байланысты. Адаммен негативті қабылданатын стресс организмге жағымсыз әсер етеді. Жағымды оқиға кезіндегі пайда болған стресс : жаңа жұмысқа орналасу, ақша ұту, баланың тууы және басқа да оқиғалар адамның организіміне негативтік немесе жағымды әсер етуі мүмкін. Мысалы, адамды тіршілік энергиясымен толтырып, күштің тасуын шақыру. Жалпы мұндай стресс адамның алдында жаңа мүмкіндіктер ашатын ресурстық күй болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресс жайлы мәлімет
Стреске анықтама, этиологиясы,кезеңдері,жіктелуі. Домбығу. Домбығу этиологиясы
Стресс. Ісіну немесе домбығу
Стресс жайлы
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Стресс. Ісіну немесе домбығу жайлы ақпарат
Стрес этиологиясы.Классификациясы. Қабыну,ісіну механизімі
Несеп жүйесі ауруларының негізгі синдромдары
Домбығу және стресс аурулары
Қарасан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz