Токсоплазмоздың патоморфологиясы



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1. Токсоплазмоздың патоморфологиясы.
2. Мысықтың панлейкопениясының патоморфологиясы.
3. Жылқының эпизоотикалық лимфангиты.

Семей 2016

Жоспар:
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім:
2.1 Токсоплазмоздың патоморфологиясы
2.2 Мысықтың панлейкопениясының патоморфологиясы
2.3 Жылқының эпизоотикалық лимфангиты
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Токсоплазмоз - әлемде кең тараған зооантрапоноздық паразитарлық ауру, көбінесе латентті (жасырын) түрде өтеді, нәтижесінде орталық жүйке, лимфа, ішкі без жүйелері және көру мүшелері зақымдалады. Бұл еліміздің мал шаруашылығының дамуына кедергі келтіріп, эпидемиологиялық қатер төндіретін қауіпті инвазиялық аурулардың бірі. Токсоплазмоздың мал шаруашылығына келтіретін экономикалық шығыны да орасан зор. Егер малдар аурудың созылмалы түрімен ауырса көтерем болып, арықтайды, одан алынатын өнімдердің азаюы, бедеулік, буаз малдың іш тастауы, төлдің өлі тууы, немесе өміршеңдігі төмен болып, әлсізденуі белең алады, ал ауру жіті түрде өткен жағдайда мал басын өлім - жітімге ұшыратады. Ауырған мал індет көзінің ошағына айналып, оның сыртқы қоршаған ортаға таралуына әсерін тигізеді. Токсоплазмозбен жан - жануардың барлығы дерлік (ет-сүт қоректілер, құстар, кеміргіш және аңдар) ауырады, сонымен қатар бұл ауру адам үшін де өте қауіпті, әлеуметтік мәні бар мәселе. Токсоплазмозма туралы алғашқы деректерді 1908-1909 жылдары француз зерттеушілері Nicoll С., Manceax L. Tунисте кеміргіш гонди ағзасынан, ал 1909 жылы Spleondor А. Бразилияда қоян ағзасынан бөліп алып, анықтағаннан кейін мәлімдеген. Содан бері биология, медицина, ветеринария салаларында жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелері токсоплазманың барлық ет және сүтқоректілер мен құстардың ағзасында тіршілік ететінін көрсетеді, ал паразиттің табиғи таралу деңгейі ешқандай географиялық және ауа райының климаттық жағдайларына тәуелді еместігі дәлелденген. Адам токсоплазмозын алғаш рет Цейлон аумағында (1913-1914) Castellani А. анықтаған, одан кейін Федорович А.И. (1916) Қаратеңіз жағалауында тұратын адамнан, чех офтальмологы Jnku J. (1923) токсоплазмозбен ауырған баланың көзінен паразиттерді тапқан. Wolf А. (1939) қызметтес серіктерімен хориоретинит, ми гидроцефалиясы және кальцификатынан қайтыс болған жас баланың миынан токсоплазмаларды бөліп алып, осы сала бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысып, токсоплазмоз этиологиясын айқындаған. Sabin А. өз иегерлерімен (1937-1950) он жылдан астам уақыт адам және мал токсоплазмозын анықтауда жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, токсоплазманың жасушалық түрін, оның ағзадағы өсіп - өну көбею процессін көрсетіп, тәжірибе жүзінде токсоплазмоздың әдістемелік тексерулерін және серологиялық балау жолдарын жасаған. Осы уақыт ішінде жүргізілген ғылыми-зерттеулер нәтижесі адам мен малдан бөлінген токсоплазмалардың бір типтес екендігін көрсеткен. Бұл пікірді кейінірек КСРО-да токсоплазмоз мәселелерімен айналысқан ғалымдар Засухин Д.Н., Галузо И.Г. т.б. қолдаған, осыған байланысты және жабайы жануарлар мен құстар инвазия резервуары болғандықтан токсоплазмозды табиғи-ошақты антропозоонозды індеттер тобына 6 жатқызу керектігін көрсеткен (Павловский Е.Н.). Сондықтан адамдардың үй және ауылшаруашылық малдарын ұстап - күтуі (араласуы) белгілі бір дәрежеде ауру қоздырғышын жұқтыру мүмкіндігімен қауіпті екендігін ескеру қажет. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша Батыс Европа мен Солтүстік Америкада токсоплазмозбен залалданғандар елдің 25-50% құраса, ТМД елдерінде серологиялық зерттеулер нәтижесі бұл көрсеткіштің 35% екенін анықтаған. Соңғы жылдары Алматы қаласында жүргізілген әлеуметтік мониторинг нәтижесі токсоплазмозбен ауырған 168 адамның 89,9% әйелдер, ал 79% жасы 15-35 аралығындағылар екенін көрсеткен (Дмитровский А.М., Қарабеков А.Ж., Шағманова С.К. ж.б.,2002). Токсоплазмоз әсерінен адамдардың жүйке жүйесі, көру мүшелері зақымдалып, бедеулік артып, ұрпақсыз қалуы мүмкін, егер әйел адам екіқабат кезінде токсоплазмоз дертіне шалдықса, дүниеге келген нәрестенің соқыр немесе сал-мүгедек болып қалуы ықтимал.
Токсоплазмоз - Toxoplasma gondii RH қарапайымдылар тобына жататын, жасуша ішінде өсіп өнетін паразит. Protozoa-тобына, Aplcomplexa типіне, Sporozoa класына, Coccidiida туысына, Eimeriidae тұқымдасына, Isosporinae тұқымдасына жатады (Т.В.Бейер, Ю.И.Полянсский, 1979). Морфологиялық сипаттамасы Паразитарлық ауруға тән қасиет қоздырғыштың аралық және негізгі иесінің болуы. Токсоплазмоздың негізгі тұрақты иесі (дефинтивный хозяин) үй мысықтары және жабайы тектес мысықтар болып келеді, ал аралық иесіне барлық жануарлар, құстар мен адамдар жатады. Токсоплазмоз аралық иелерінің ағзаларында эндозоит немесе цистозоит түрінде кездеседі, ретикуло - эндотелиалдық, орталық жүйке жүйесі, бұлшық ет т.б. жасушаларында тоғышарлықпен сақталады. Фазалы контрасты микроскоп көмегімен қарағанда токсоплазма эндозоитының пішіні сопақша, жарты ай немесе апелсин жарнағы тәріздес болады, бір жағы доғалдау, екінші жағының ұшы сүйір, ұзындығы 4-7 мкм, көлденең 2-4 мкм, сыртында екі қабат қабықшамен қапталған. Цитоплазмада ұсақ түйіршіктер мен вакуолі, сопақша ядросы анық көрінеді, ядросы паразиттың кеңдеу бөлігінде орналасқан. Романовский - Гимза әдісімен бояған кезде паразит пішіні жақсы сақталады, цитоплазмасы көгілдір, ядросы қанық қызыл түске боялады. Мысықтарға токсоплазмоз індеті жоғарыда келтірілген қоздырғыштардың үш түрлі инвазиялық сатысындағы біреуінің алиментарлық жолмен (су немесе қоректік заттарды ішіп - жегенде) түскенде жұғады. Ауру жұқтырған мысықта инкубациялық кезеңі 10-18 тәулік, ал бір мысық 14 миллионнан 260 миллионға жуық токсоплазма ооцистерін нәжіспен сыртқы қоршаған ортаға бөліп ластайды
Токсоплазмоз ауруының эпизоотологиясы Токсоплазмоз бүкіл географиялық аймақтарда кең тараған, ауру қоздырғышының тоғышарлық тіршілігі көптеген жануарлардың ағзасына бейім және зарарланған жануарлар өздері ауырмаса да қоздырғыш тасымалдаушысы ретінде паразиттердің табиғи ортада айналымын қамтамасыз етілуі нәтижесінде үлкен күрделі мәселеге айналып отыр. Көптеген ғалымдардың зерттеу мәліметтерінің нәтижесінде малдардың токсоплазмозбен залалдануы қоздырғыштың бірнеше жолмен берілуімен сипатталады: алиментарлық (қоректік жем - су арқылы), тікелей жанасу арқылы (контактно), ауа (тамшы - тозаңды), плацента арқылы және трансмиссивтік - тасымалдаушылар (қан сорғыштар) арқылы жұғатыны дәлелденді. Індеттің таралу көзі мысық және иттер үшін пісірілмей берілген ауру малдардың ет өнімдері, даладан аулап жеген тышқан және құс еттері болса, ал жануарлар мен адамдар үшін ауру малдан алынған өнімдер белгілі бір өңдеуден өтпеген кезде өте қауіпті болып келеді. Сонымен қатар адамдардың жақын ұстайтын үй жануарлары ит пен мысықтан адамға жұғу қаупі өте жоғары болатындығы дәлелденді. Токсоплазмоздың жіті түріне шалдыққан малдың инкубациялық кезеңінде экссекреттерімен (сүт, сілекей және несеп, танау мен көзден шыққан іріңді сұйықтар) бірге токсоплазмоздар бөлінуі мүмкін деген деректер бар. Дегенмен, аурудың жұғымталдығына және паразиттердің сыртқы қоршаған ортаға таралуына мысықтар мен мысық тектес жабайы аңдардың ролі зор. Токсоплазмоз ауруымен ауырған малдардың ағзаларында, бұлшық және жүрек еттерінде токсоплазмалар циста күйінде сақталып қалады. Осындай зарарланған цистасы бар етті жеген мысық немесе мысық тектес аңдардың асқазан сөлінің әсерінен цистаның сыртқы қабаты еріп, токсоплазмолар ішек қуысына түседі, ол жерде паразиттер жоғарыда келтірілген жолдармен өсіп - даму цикілінен өтеді, одан әрі 9 мысық нәжісімен сыртқы қоршаған ортаға түскен уытты ооцисттер індет көзінің таралу ошағына айналады. Кеңес одағы кезінде елімізде жүргізген ғылыми - зерттеулер мәліметтеріне сүйенсек 1960 - 1979 жылдар аралығында ауыл- шаруашылық малдарының токсоплазмоз індетімен зарарлануы 13 - 15 % - ды құраған. Соңғы жылдары жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша Алматы облысында тқойлардың оксоплазмозбен залалдануы 15- 20% құраса, Ақмола облысында жүргізілген серологиялық тексерістің нәтижесінде ет қоректі үй жануарларының (ит пен мысық) 4,7 %-ы токсоплазмоз індетіне оң нәтиже берген. Алматы қаласы тұрғындарының үйде ұстаған жануарларын токсоплазмозға серологиялық әдіспен тексергенде нәтижесі 15,3%-ды құраған, ал үйде ит пен мысық ұстаған тұрғындардың 1,9%-ы токсоплазмозбен ауыратыны медициналық мекемелерде анықталған. Бүкілдүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша Батыс Европа мен Солтүстік Америкада токсоплазмоз індетімен залалданғандар елдің 25 - 50 % - ын құраса, ТМД елдерінде серологиялық зерттеулер нәтижесінде бұл көрсеткіш 35 % - екені анықталған. Мысықтың ағзасында токсоплазмоз індетінің қоздырғышы көбейіп, қоршаған ортада сақталып таралуына бірден бір септігін тигізеді
Токсоплазмоз ауруының клиникалық белгілері Токсоплазмоз ауруының өзіндік клиникалық белгілері нақты бола бермейді, ауру үш түрде өтуі мүмкін; жіті, жітілеу және созылмалы болады, жасырын түрде өтетін кезі де болады. Токсоплазмоз ауруы жіті өткен кезде негізгі клиникалық белгілеріне неврологиялық синдромнан вегетативті тамырлардың нашарлауына дейін барады. Инкубациялық кезеңі 2 - 3 тәулікке созылады. Дене қызуы көтеріледі, пульс соғуы мен тыныс алуы жіиелейді, ентігеді, азыққа тәбеті нашарлап, шаршап, дірілдеп және мұрын мен ауыздан іріңді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Токсоплазмоз животных
Токсоплазмоз
Аурудың түріне және сатысына байланысты паразиттердің морфологиясын зерттеу әдістері
Нәрестелердің ерекшеліктері. Жетіліп туылған және шала туылған балалар. Нәрестелердің гемолитикалық ауруы. Балалардың жатырішілк инфекциялары
Токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Нәрестелердегі В гепатиті
Фибриноидты ісіну
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Споралылар типі және оның биологиясы мен экологиясы
Пәндер