Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау.

Семей 2016
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
+ Улы заттардың жіктелуі
+ Улардың құс ағзасына енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары
+ Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздар
+ Тоңазытылған құс еті
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Құс еті әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жеңсік ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты -- белок;бройлер етінде ол санатына қарай -- 17,6 -- 19,7%, тауық етінде 18,2-20,8%, бөдене етінде 18,0 %. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді. Суда жүзетін құстардың етінде май коп болады. Тауық етінде басқамен ауыстырылмайтын құнды, қанықпаған май қышқылдары сиыр және қой етіне қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінде В тобындағы витаминдермол болады. Онда минералдық элементтер де (ең алдымен фосфор, күкірт, темір және мыс) аз емес. Басқа кез келген ет сияқты, құс етін де қуырады, пісіреді, бұқтырады, одан котлет және басқа туралған ет тағамдарын жасайды. Піскенде құс еті (әсіресе, бройлер еті) елжіреген жұмсақ болады, өйткені онда жалғастырма тканьдер аз, 8%-дан аспайды (сиыр етінде ол 15%). Олар, әсіресе тос етте аз, сондықтан одан сүйкімді тағамдар әзірлейді.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында әр түрлі химиялық заттарды қолдану кең тараған. Сонымен қатар химиялық өндіріс орындары табиғатты қорғау заңдарын дұрыс орындамаған жағдайда қоршаған ортаға көп мөлшерде химиялық улы заттар таралуы мүмкін. Химиялық заттарды сақтау, тасымалдау, қолдану ережелерінің толық сақталмауы негізінде малдың, құстың және балықтың улануы кездесіп отырады. Сондықтан да олардан алынатын өнімдегі улы заттардың мөлшерін анықтаудың маңызы зор. Улану-жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у-себеп, улану-салдары.
Улы заттар ағзаға ас қорыру, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға бөтен заттардың(ксенобитик, хенос-бөтен) әсерінен болады.
Улы заттардың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй-жағдайы ықпал етеді. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде(қатты, сұйық, газ) әсер етеді.
Ағзаның удың зиянды серіне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты. Олар:
:: Малдың уға сезімталдығы
:: Ағзаның жағдайы
:: Удың ағзаға ену жолдары
:: Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.
Токсикологиялық зерттеулер, балау қою, мал өнімдеріндегі улы заттардың түрі мен мөлшерін анықтау және ветеринариялық-санитарлық тұрғыдан пайдалану жолдарын шешу үшін жүргізіледі. Сонымен қатар токсикологиялық тексерулер сыртқы ортаның зақымдану дәрежесін анықтау үшін де жасалады. Ауру жануарларды анықтап, жануарлармен және шикізаттармен жұмыс жасайтын қызметкерлердің денсаулығын тексеріп отыру керек. Өнімді дайындаудың барлық сатысында қатаң ветеринарлық санитарлық қадағалау жүргізілуі керек. Жануардың барлық сойыс өнімдері ветеринарлық санитарлық сараптаудан өткізілуі тиіс. Ауру және сау малдарды шикізаттармен бірге өңдеуге болмайды. Өнімді дайындағанда шикізат пен жартылай дайын өнімді өңдеудің бекітілген технологиялық режимдерін сақтау маңызды саты болып табылады.

Улы заттардың жіктелуі.
Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттарды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикалық әсері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан химиялық принциппен жіктеу өте қиын.
Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен екі топқа бөлінеді:
:: Эндогендік улар-әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар(нитрат, нитрит, индол, скатол, т.б).
:: Экзогенді улар-ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар. Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді:минерал тектес, өсімдік тектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар.
Минерал тектес уытты заттарға:ауыр металл тұздарын жатқызамыз.
Органикалық уытты заттарға:пестициттер, органикалық қышқылдар, т.б жатады.
Өсімдік тектес уытты заттарға: алкалойдтар, гликозидтер, сапониндер, эфир майларын жатқызуға болады.
Жануар тектес уытты заттарға: жылан, балық, өрмекші және әртүрлі буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және де басқа да микроорганизмдердің токсиндері жатады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам шөптерден қорғау үшін қолданылатын химикаттардың, жасанды азықтық қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі бір ретпен жіктеуді талап етеді.Өндірістік қолданылуына байланысты пестициттер(зиянкестерге қарсы қолданылатын уытты заттар) мынадай топтарға бөлінеді:
:: акарицидтер-кенелерге қарсы қолданылатын заттар.
:: арборицидтер-пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын заттар
:: альгицидтер-су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар
:: аттрактанттар-зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар
:: афицидтер-өсімдік битіне қарсы қолданылатын заттар
:: гербицидтер-арам шөптерді жоятын заттар.
:: дефолианттар-техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар
:: десиканттар-өсімдіктерді құрғататын заттар
:: зооцидтер немесе родентицидтер- кеміргіштерге қарсы қолданылатын заттар
:: инсектицидтер- зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар
:: моллюскоцидтер немесе лимацидтер- ұлулар мен олардың шырыштарына қарсы қолданылатын заттар
:: ларвицидтер- жәндіктер дернәсілдеріне (личинкаларына) өлтіре әсер ететіндер.
:: нематоцидтер- жұмыр құрттарға қарсы қолданылатын заттар
:: овицидтер- шыбын шіркейлердің жұмыртқаларын жоятын заттар
:: ретарданттар- өсімдіктердің қсуін реттейтін заттар
:: репеленттер- жәндіктерді үркітуге арналған заттар
:: фунгицидтер- әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар
:: ихтиоцидтер- зиянкес арамбалық түрлерін жоюға арналған химиялық заттар
:: хемостерилянттар- зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын немесе еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар
:: антитрактанттар- зиянды жәндәктерді өзінен алшақтататындар.
Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа бөлінеді:
-органикалық қосылыстар(фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды пиретройдтар, нитрофенлдар, тио-және дитиокарбамин, триазин туындылары);
-бейорганикалық қосылыстар(сынап, мыс, циан, родон және фтордың құрамдас қосындылары);
-бактерия, вирус, саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер(пиретриндер, антибиотиктер).
Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі(өсімдік бойына сіңіру арқылы), контактілі(малдың терісі арқылы) және фумиганттар(тыныс алу жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер ағзаға негеннен кейінгі әсеріне байланысты: 1.таңдамалы-бактериалды препарат Лепидоцид тек көбелектрге қарсы. 2. Орташа таңдамалы- Актара препараты барлық жәндіктерге қарсы қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте төмен. 3. Әсер ету аясы кең препараттар- жасанды пиретроидтар(кенелермен басқа да зиянкестерді өлтіре ететіндер) және фосфорорганикалық қосылыстар. 4. Әсер ету аясы өте кең препараттар(Нитрафен)-(зиянкестерді , кенелерді, құрттарды, арам шөптен саңырауқұлақтарлы жою үшін) болып бөлінеді.
Улардың құс ағзасына енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары
Улы заттардың ағзаға әсері оның мөлшеріне байланысты. Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты. Олар:
:: Құстың уға сезімталдығы
:: Ағзаның жағдайы
:: Удың ағзаға ену жолдары
:: Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.
Құстың улы заттарға сезімталдығы
Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауыл шаруашылық малдары мен жабайы жануарларға, сонымен қатар құстарға, балықтарға және пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы:ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақ гүл гликозиттеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жаңымсыз және т.б.
Құс неғұрлым жас болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Себебі олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек құстардың залалсыздандыру қабілеті жақсы болып келеді. Кей жағдайларда малдың улы заттарға сезімталдығы олардың жынысына да байланысты.
Жұқпалы аурумен ауырған құс ағзасының улы заттарға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Уларға қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация) өызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әсіресе жұқпалы аурулар кезінде бауырдың бұл қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің улы әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру қабілеті төмендейді.
Удың ағзаға ену жолдары. Ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы заттардың физикалық-химиялық құрылымына және уыттылығына әсер етеді. Мысалы құрамында алкалойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын жоғалтады, алкаломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі де мүмкін. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан әрі қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.
Тыныс алу(ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар(көміртегі тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдер, шаң-тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе ұлпалары қабынуға ұшырайды(хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла алады. Сонымен қатар, көз коннъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары, қуық арқылы да енеді. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі мүмкін.
Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі көрінісі болып табылады.
Улы заттардың резорбтивті(қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бұзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алкалойдтар жатады.
Улану деп-жануар немесе құс ағзасына улы заттар енгенде болатын патологиялық өзгерістерді айтасыз. Улану уақыты жіті және созылмалы болып бөлінеді.
1.Жіті улану-құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің кенеттен болатын өліммен аяқталады. Жіті улану кезінде ағзаға түскен удың уыттылығы мен ағзаның жағдайының шешуші маңызы бар.
2. Созылмалы улану-көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
Ағзаға ұзақ уақыт ішінде улы заттардың аз мөлшерінің енуі, созылмалы уланудың негізгі себебі болып табылады. Созылмалы улану жануардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауада салқындату
Ақмола облысындағы ірі қара мал және шошқа ұшаларына экологиялық мониторинг
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Малды союға дайындау
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау
Дәрістерді өткізу әдістемесі
Мал ауруларының туындауының себептері
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау жайлы ақпарат
Пәндер