ЖАНУАРЛАР БРУЦЕЛЛЕЗІН БАЛАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Каримов Ислам Ғалымұлы - Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университеті Аграрлық факультетінің Ветеринариялық санитария кафедрасының студенті
Аннотация: бруцеллезбен індеттену қауіпі бар жағдайда бруцеллезге қарсы сауықтыру шаралар өткізген кезде ерекше маңызды рөлді өзіне тән алдын алу шараларға берілу керек.
Сауықтыру шаралар кезінде қызмет көрсететін қызметкерлер мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмысы өткізілуі керек, оның мақсаты - адам індеттенуін алдын алу және мал иелерін сауықтыруға балсенді қатыстыру, эпизоотикалық жағдайын ескермей табындардың әртүрлі топтастыруларын болдырмау.
Түйінді сөздер: бруцеллез, қоздырушы, індет, алдын алу шаралар, эпизоотикалық жағдай, экономикалық шығын, вакцина.
Бруцеллез -- Brucella микробтары тудыратын, әдетте ұзаққа созылатын жұқпалы ауру. Табиғи жағдайда онымен ешкі, қой, ірі қара, шошқа, ит, жылқы, түйе, бұғы, ақ бөкен, егеуқұйрық, теңіз шошқасы, қоян тышқан, тауық ауырады. Сондай-ақ ол адамның бірден-бір қатерлі сырқаты. Мұнымен адам көбінесе оларды күтіп баққанда жұғудан ауырады.
Лаборатория жағдайында оны тасбақа, көлбақа, кесіртке, кене сияқты жәндіктерге қолдан жұқтыруға болады.
Бруцеллезден мал шаруашылығына тиетін зиян ұшан-теңіз: буаз сиырлар жаппай іш тастайды, жыныс мүшелерінің зақымдануына байланысты көпке дейін қысыр қалады, аурудан арылу үшін күрделі де көлемді шаралар қолданып, орасан көп күш-қаражат жұмсауға тура келеді.
Бұл аурудан арылудын, үлкен әлеуметтік мәні бар. Оның негізгі мақсаттары -- малды аурудан айықтыра отырып, шаруашылыққа тиген экономикалық зиянның есебін қайтару, мал дәрігерлік сақтық шараларды іске асырып, адамды бруцеллезден аман сақтау. Бұл максаттар әрине, медицина мамандарымен, шаруашылық басшыларымен ынтьшақтасып, жүйелі қызмет атқарған жағдайда ғана орындалмақ [1].
Бруцеллез ауруына ауылшаруашылық, үй және жабайы жануарлар ұшырауы мүмкін. Кең таралған індет болғандықтан, бруцеллезбен ауырып жатқан жануарлардың массалық іш тастаулармен және қысыр қалуымен, төлдің өмірге қабілеттілігінің төмендеуімен, жануар өнімділігінің азаюымен, оны жою кезінде көп күш пен қаражат жұмсалуымен міңезделетін бруцеллез үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Бруцеллез тигізетін зияны адамдар індеттелгенде одар әрі жоғарлайды, ол еңбек қабілеттілігінің жоғалуына, кейде өмірлік мүгедектігіне әкеледі. Жануарлардан басқа бруцеллезге құстар, рептилиялар, амфибиялар, балықтар да сезгіш. Омыртқалы жануарлардың 60 түрі, қан сорғыш кенелердің 30 түрі, сары масалар, масалар және т.б. бруцеллезге сезгіш екені тіркелді. Бруцеллалар солтүстік бұғылардың тері асты сонаның құртында табылды.
Табиғатта бруцеллалардың табиғи миграциясыда бар. Шошқалар бұқа және қой түрлерінің, ал сиырлар қой түрлерінің бруцеллаларына сезгіш екені аңықталды. Қой түрін жұқтырған кезінде сиырлар мен шошқаларда осы жануарларға тән бруцеллаларымен жұқтыруынан қарағанда өзгеше өтеді, іш тастаулар сирек, бірақ серологиялық реакциялары оң болады. Жылқылар өзіне бруцеллаларының барлық түрлерін (бұқа, қой, шошқа) жұқтыруы мүмкін және де бӛлек зерттеушілердің ойынша олар індетті ірі қара малдарға жұқтыруы мүмкін. Овис түрінің бруцеллалары қойларда індетті эпидидимитті қоздырады [1,2].
Індет қоздырушысының көзін (ауру жануарлар) жою бруцеллезбен күресудің негізгі мақсаты болып табылады.
Толық жою үшін жануарлар бруцеллезін алдын алу және жою бойынша шаралар туралы нұсқауына сәйкес қажетті:
серологиялық және аллергиялық зерттеулерді ӛткізудің кӛмегімен тұқымды шаруашылықтарда, әртүрлі формаларындағы меншігінде, ауылшаруашылық құрылымдарда және жекеше шаруашылықтарда барлық сезгіш жануарлар арасында бруцеллез бойынша эпизоотикалық жағдайды аңықтау;
әрбір жағдайы нашар пунктерінде малшаруашылық жүргізудің шаруашылық мүмкіндігін, мамандыруын және технологиялық ерекшелігін ескере отырып бруцеллезге қарсы кешенді шараларды құрастыру және жоспарлы өткізу;
аурудың клиникалық белгілері бар және бруцеллезге оң нәтиже берген жануарларды бөліп және
5 күн ішінде жою;
малшаруашылық орындарында, қоршаған орта объектілерінде және ферма мен жекеше аулаларда бруцеллез көзін жою бойынша қажетті ветеринариялық-санитариялық шараларды өткізу;
жануарлардың иммундық табынды құрастыру үшін жануарларды бруцеллезге қарсы вакциналармен иммунизациялаудың оптимальді сызбанұсқасын қолдану;
ауру бастарды ауыстыру үшін сау төлдерді өсіріп және сау табындарды қалыптастыру;
жануарларда физиологиялық тұрақтылықты қалыптастыру үшін рационалды азықтандыру мен күтуді жүргізу [3,7].
Жануарларға бруцеллезге диагноз қойылуы серологиялық әдістерімен жүзеге асырылады: түтікшелеріндегі реакция агглютинация (РА); комплементтерді байланыстыру реакциясы (КБР) немесе комплементтерді ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР); розбенгалантигенмен пластинкалық реакция агглютинация (РБП); сүтпен сақыналы реакция; аллергиялық сынамамен; бактериологиялық әдісімен - микроскопия, культураның бӛлшектерін бөліп алу, биопроба (зертханалық жануарларды жұқтыру).
Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға рұқсат берілген тірі вакциналарымен бруцеллездің өзіне тән алдын алу шараларын өткізеді (Бруцелла абортус 82 және 19, Бруцелла мелитензис Рев-1).
Вакциналарды қолданудың оптимальді сызбанұсқасы:
Бруцеллезден сауыққан жануарлар және де төрт немесе одан да көп жылдар ішінде жағдайы жақсы шаруашылықтар, ауылшаруашылық құрылымдар мен жеке шаруашылықтар үшін 3-6 айлық қашарларға 82 шт.бруцеллезге қарсы вакциналарын қолдану негізіндегі сызбанұсқа өз-өзін растайды, олардың ревакцинациясы үзілісі 10 айдан кем емес ұрықтандыруға 2 ай қалғанда жүргізіледі. Ревакцинацияланған жануарларды бірінші бұзаулаудан кейін зерттейді. Малдардың барлық тобын зерттеудің біркелкі қалыпты теріс нәтижелерінде вакцинаны әрі қарай қолданбауға болады. Бірақ, жануарларда тұрақты иммундық жағдайды сақтау үшін бұл сызбанұсқаны бұзаулағаннан кейін (үзілісі 1,5-2 жыл) ревакцинациямен толықтыру керек.
Сауыққаннан төрт жылдан кем өткен мерзімде індеттің рецидиві болуы мүмкін шаруашылықтарда, ауылшаруашылық құрылымдарда, жеке шаруашылықтарда және де бруцеллез мәнсіз таралған шаруашылықтарда иммунитетті әрқашанда қолдап тұру қажет, Оны №2 сызбанұсқаны қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Бұл сызбанұсқаға сәйкес шаруашылықтарда 3-6 айлық қашарлардың вакцинациясы үнемі өткізіледі, қашарларда шағылыстырудың алдында және сиырларда бірінші, екінші, үшінші және әрі қарай болатын бұзаулаудан кейін толық сауығуына дейін 4 жыл ішінде және одан кейін де ересек малдардың ревакцинациясын жасау керек. Егулер арасындағы үзіліс 1-1,5 жылға тең болу керек.
Өндіру үшін таңдалатын төл жағдайы нашар табындарының індеттелген сиырлардан алынған малдардың қайтадан індеттену қауіпі бар эпизоотологиялық жағдайы қиын региондардың жеке шаруашылықтарда және ауылшаруашылық құрылымдарда №3 сызбанұсқаны қолдану нәтижелі. Бұл сызбанұсқаға сәйкес 3-6 айлық қашарлардың бірінші иммунизациясын 19 шт.бруцеллезге қарсы вакцинасымен өткізу керек. Ең маңыздысы - сызбанұсқа арқылы иммундық жауаптың міңездемесі бойынша құрсақ ішінде және туылғаннан кейінгі кезеңнің ерте жасында бруцеллезбен індеттелген толерантты жануарларды аңықтауға болады. Вакцинаның егуіне 15-21 күндері оптимальді гуморальді жауабының кезеңінде жануарлар қанының сарысуында антиденелердің жоқтығы толеранттылықтыққа көрсетеді, осыдан эпизоотикалық және эпидемиологиялық қауіп төндіретін потенциалды індет қоздырушының көздері ретінде бұл жануарларды табыннан шығарып, бөлек ұстауға көмектеседі. Бұдан басқа 19 штаммынан вакцина 82 штаммының вакцинасынан иммуногендігі бойынша жоғары, соның көмегімен егілген қашарларда мықты грунд-иммунитет құрылады және оларды барлық физиологиялық жетілу кезеңдерінде аурулардан қорғайды. Ұрықтандырудың алдында қашарлардың әрі қарай сиырлардың ревакцинациясы №2 сызбанұсқада сияқты 82 шт.вакцинасымен жүзеге асырылады [4,5].
Меншіктің көп түрлері біріккен шаруашылық пен коллективті шараушылық базасында құрылуына байланысты жоғары мен орташа звеноларының ветеринариялық мамандар саны қысқартылды, Осыдан да ветеринариялық бақылау әлсіреді және эпизоотикалық қарбаластығы өсті. Соның салдарынан жалпы ветеринариялық шараларды жүзеге асыруға қиындады: іш тастаудың алдында және клиникалық белгілер бар жануарларды табыннан өз уақытында бөлу; бөлінген жағдайында оларды керекті мерзімнен көп тұрып қалуы; шу мен іш тастаудың ұрығын тез арада жойюымен қоршаған орта объектілерін оперативті залалсыздандыру; дезинфекцияны өткізіп, оның сапасын тексеру; ұзақ, кейде жыл бойы малдың қорада ұсталып қалу кезеңі. Соңғы жағдайда қоршаған ортаның контаминирленген объектілері арқылы індет қоздырушысының таралу фактілерінің рөлі эпизоотикалық шынжырда өседі.
Осыдан бруцеллезбен індеттену қауіпі бар жағдайында бруцеллезге қарсы саулықтыру шараларды өткізу кезінде өзіне тән алдын алу шаралар ерекше маңызды рөлде болу керек. Бірақ бұл мәселені шешуіндегі тәсілдері бір мағыналы емес.
Жеке, крестьяндық және фермерлік құрылымдарда саулықтыру шараларын өткізген кезде іш тастауларды болдыртпау үшін 3-6 айлық қашарлардың, шағылыстыру жасындағы қашарлардың және бузаулаудан кейінгі сиырлардың (буаз жағдайында емес) вакцинациясының ӛткізілуін ұйымдастыру қажет. Бұл жұмысты малдардың қорада тұры кезеңнің аяқталуына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz