Аурудың тарихы
КІРІСПЕ.Қазіргі таңда мал шаруашылығында көптеген аурулар орын алуда. Бұл аурулар жеке шаруа қожалықтарында малдарға дер кезінде профилактикалық шаралардың, диспансерлік зерттеудің жүргізілуі салдаранан және малға салғырт қарау нәтижесінде туындап отырады.
Аусыл - мүйізді ірі қараның, қой мен ешкінің, шошқаның, түйенің, буйволдың жіті ауруы. Бұл ауруға жануарлардың 100 түрінен аса бейім, сонымен қатар жұп тұяқты жабайы жануарлардың көбі жатады. Көп жағдайда аусылмен адамдар да зақымдануы мүмкін:ауру негізінен қысқа мерзімді дене температурасының көтерілуімен, ауыз қуысында және қолда көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.
Аурудың қоздырушысы - вирус. Қоздырушы мөлшері 10-нан 30 нм-ге дейін РНҚ-сі бар вирустардың ең ұсақ тобының өкілдеріне - афтовирусқа жататын вирустар. Қоздырушы мал организмінің барлық тканьдерінде өсіп-өнеді, бірақ афт қабығының эпителиі мен сөлде ең жоғары концентрацияда болады. Қазіргі уақытта бір-бірінен иммунологиялық жағынан шұғыл ерекшеленетін аусыл вирусының 7 типі белгілі: О, А, С, SAT-1, SAT-2, SAT-3, және Азия-1. Осы типтердің аралығында әртүрлі серологиялық варианттар бар, 7 типі және 65 варианттан жоғары белгілі, бірақ көп тарағаны О және А типі. Осы типтердің бірінің вирусынан немесе олардың варианттарынан болған аусылмен ауырып айыққан малдар осы аурудың вирусына қарсы иммунитеттке ие болады және басқа типтердің вирусымен залалдануға бейімді болып қалады. А, О, с вирустың типтері Европа, Азия, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде таралған, SAT-1 типінің вирусы - Африка мен Азияда, SAT-2 мен SAT-3 тек қана Африкада, ал Азия-1 тек қана Азияда таралған. Вирус әжептәуір төзімді. Төменгі температура оған құртатын әрекет көрсете алмайды. Шарасыз сойылған малдардың мұздатылған етінде және тоң боп қатқан көңде ол бір жылдан артық сақталады. Піскен етте 24-48 сағаттың ішінде өледі. 1 С температурада сақталған, тұздалған етті вирус 124 күннен кейін, ал терілерде- 1,5 айдан кейін табылған. Үйілген пішенде аусылдың қоздырушысы 6 айға дейін, кебекте - 140 күнге дейін, сабанда 3 айға жуық, қүрғақ көңде 1,5 айдан аса, ағынды суларда- 103 күнге дейін, малдың жабынды жүніңде 28 күнге дейін сақталған, жайылымда күн сәулелерінің әрекетінен вирус жазда 1-14 күннен кейін, күзде 8-20 күннен кейін өледі, күзгі-қысқы уақытта 6 айдан аса сақталады. Суытылған сүтте вирус 12 күнге дейін, ал қаймақтан дайындалған майда 45 күнге дейін өмір сүргіштігін жойылмайды. Сүтті іріту, пастерлеу және қайнату вирусты тез бұзады. Аша тұяқты үй және жабайы жануарлардың барлық түрі аусылға бейімді. Қоздырушының көзі-ауру және ауырып айыққан жануарлар. Вирус жануарлардың организмінен аурудың алғашқы күндері ең көп мөлшерде бөлініп шығады, ал 12-14 күндерге қарай бөлініп шығуы іс жүзінде тоқтамады. Аусылмен ауырып айыққан кейбір малдардың организмінде вирус ұзақ уақыт сақталынады. Ол өңеш пен жұтқыншақтын, жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығынан, кеңірдектің қырындысынан, сөл түйіндерінен аурудан айыққан соң 5-8-12 және 18 айдан кейін де табылған.
Ауру малдар вирусты сілекейімен, сүтпен, нәжісімен, несеппен бөліп шығарады. Аусылдың афтылар оңай жарылады және ондағы бар вирус сыртқы ортаға түскен соң күтім жабдықтарын, жем - шөпті, суды, жайылымдарды, адамдардың киімін және т.б. инфекциялайды. Осыған байланысты ауру малдармен бірге тұратын болса немесе әр түрлі берілу факторлары арқылы мал өнімдері, жем - шөп, су және вируспен залалданған басқа да объектілерден қоздырушы сау малдарға жылдам таратылады.
Аусылдың бір типімен ауырып қайтқан жануарлар басқамен де зақымдалуы, ауруы мүмкін. Аурудың ошақтары жыл сайын көптеген елдерде, әсіресе жиі Азия және Африкалық елдерде бекітіледі. Қазіргі уақытта бұл ошақтар сонымен бірге Францияда, Ирландияда және Нидерландада анықталған.
Аусыл індетінің маусымдық қатал сақтауы анықталмаған. Бірақ, індет ошағының ең көбі көктемге және күзгі мезгілде болатыны белгілі. Бұл осы кезде малдардың орын ауыстыруы және іріктелуімен, сондай - ақ интенсивті ауыл шаруашылығы жұмыстарымен байланысты.
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Аусыл - (aphtae epizooticae),(Aphtenseuche, Maul and Klaucnseuche (MRS) - нем. fievre apthteus - фран., foot and mouth disease - ағылш.) - қызумен ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, желіннің терісінде және тұяқтардың арасындағы қуыста афтоздық зақымданудың дамуымен сипатталатын айыр тұяқты малдардың жіті өтетін аса контагиозды жұқпалы ауруы.
Аусылға адам да бейімді. Аусыл Азияның, Африканың, Өңтүстік Америка, Европаның көптеген елдерінде кездеседі.
Ең алғаш рет аусыл ауруы туралы Италияда жариялады (D.Fracastca, 1546). Бұл ауру жануарлардың көлемді сілекей ағумен сипатталатын Еуропа елдерінің көптеген қатарында XVII-XIX ғ. анықтады.
В.А.Конапаткиннің еңбегінде айтылғандай мүйізді ірі қара мен шошқа аусылға басқаларына қарағанда бейімдірек; қой мен ешкі, сонымен қатар жабайы тұяқты жануарларда сезімталдығы төмен. Кейбір жағдайларда аусылдың дамуы табиғи ортада жүзеге асады; мысалы, бұғыда, сайгакта, касульде, буйволда, антилопада және жабайы шошқаларда, сонымен қатар зоопарктеге жабайы тұяқтыларда зақымдалуы байқалады.
Аусылды таралуына адам да қатысы бар және оның маңызы зор, себебі ол жиі жануарлармен қатынаста болады. Аусыл вирусы механикалық түрде көлікпен, құспен және басқа да бейім емес жануарлар түрі арқылы (сонын ішінде жабайылармен), сонымен қатар жәндіктер мен кене арқылы тасымалданады.[1]
Бакулов И.А. еңбегінде ірі қара малының ауруының бастапқы белгісі - тәбетінің төмендеуі, сиырларда сүт беруінің төмендеуі деп жазған. Дене температурасы 40,5-41,5оС дейін көтеріледі. Бастапқы қызу мерзімінде ауыздың кілегейлі қабығы құрғақ, қан талаған болады.
Ешкілерде жиірек ауыз қуысының кілегейлі қабықтары мен аяқтары, сирегірек желіні зақымданады. Аяқтары зақымдалса, олар қатты ақсайды. Шошқалардың аусылында енжарлық, тәбетінің төмендеуі, ал афта шығу кезінде - температураның 41-42оС дейін көтерілуі байқалады. Түйелердің аусылы енжерлықпен, жем-шөптен бас тартумен, дене температурасының 40,5оС дейін көтерілуімен білінеді.
Афтылар ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, тілінің ұшында және аяқтарының терісінде құралады. Эрозиялар 5-7 күндері жазылады, малдар аурудан айығады. Еметін боталар қатты ауырады және аз өлмейді. Аусылдан сәтсіз елді мекенден карантин арқылы ауру малдың жазылуынан үш апта өткен жәң және қорытынды дезинфекция жасалғаннан кейін ашылады. Алайда карантин алынғаннан кейінгі 12 айдың ішінде аусылмен ауырған немесе оған қарсы иммундалған және аурулармен бірге болған малдарды аурудан сәтті шаруашылықтарға әкелуге және апаруға тыйым салынады.[2]
В.П.Шишковтың және А.В.Жаровтың кітабына аусыл туралы былай деген. Жануарлар негізінен көбінесе аллиметарлық және респираторлық жолдармен зақымдалады. Аусыл вирусы эпителиотроптық қасиеті бар, сондықтан ол адсорбтанады және эпителиоциттерге енеді де, көбейіп, афтылар ауыз немесе мұрын қуысында пайда болуына себеп болады. Бұл уақытта жануардың түрі сыртқы белгілеріне қарағанда көп өзгермейді, сондықтан берілген аурудың сатысын кейде байқамай да қалады. Әдетте лихорадка екіншілік афтылар пайда болғанша сақталады, ал клеткаларда вирустың көбеюін тоқтатуға мүмкіндік береді және де организмнің қорғаныштық механизмінің көрсетуіне мүмкіндік береді. Көптеген жағдайда, әсіресе жас малдарда вирус миотроптылықты көрсетеді және жүрек пен қаңқа бұлшықеттерінде көбейіп, қабыну және некротикалық процестер шақырады.
Бөлек эпизоотияларда вирус пантроптықты шығаруы мүмкін және көптеген органдарды зақымдайды, соның ішінде паренхиматоздың, ішкі секрет бездері мен нерв жүйесін.
Вирус эпидермес клеткасына еніп, оның терең қабаттарында көбейеді және эпитемиоциттердің сулы дистрофиясын шақырады. Ақтықтары ісінеді, дөңгелектенеді, цитоплазмасы лайлы болып кетеді. Пикнотизирленген ядро мен цитоплазмада вакуольдер пайда болады.[3]
В.И.Касюк (15) деректері бойынша О және А типке қарағанда Азия-1 типінде біршама кіші антигенді вариация байқалады.
1997-1999 ж.ж. Азия-1 типі аусылы бойынща сәтсіз болған азия елдері, соның ішінде Үнді, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Гамлонд.
МЭБ пен Еуропалық комиссиясына ФАО аусылмен күрес комиссиясына түскен мәліметтер бойынша 1999 ж. қыркүйектің басынан бастап аусылдың бұл түрі Иранда таралуы негіз алды. Жағдайы бойынша 02.10.99ж. 21 ошақ ауруы бекітілген (Тегран ауылында - 10, Казвин - 7, Хорасон - 4). Ауру ошағында мүйізді ірі қараның 20000 бастан 7212-сі ауырды, 34 өлді және 3531 жануарлар өлтіруге мәжбүр болды. Аурудың өршуі базарда мал сатқанда және және азықтандыратын фермаларда байқалды.
Нормативтік құқықтық актілер бюлетенінде (2005) жануарлардың аусыл ауруына ветеринарлық ережелері бойынша жалпы шаралар:
1. Аусыл - жұқпалы, жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың аса қауіпті ауруы, қоздырғыштары О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия-1 типтерінің бір немесе бірнеше варианттары. Өткінші қызбамен қоса ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, жылуының терісінде және тұяқтарының арасында, жалтыр танауында желінде афтылар мен эрозияның болуы аурудың иммуналық белгілері білінбей жазылып кетуі мүмкін. Жаңа туған төлдерде аусыл өте жітілі түрде өтуі мүмкін, онда афты пайда болмайды және өліммен аяқталады. Аурудың бір типімен ауырып жазылған жануарлар аусылдың басқа типтен қоздырғыштары жұғып, қайтадан ауруы мүмкін.
2. Індеттің көздері болып аусылмен ауырған жануарлар, оның ішінде аурудың жасырын кезеңінің 1 күннен 7 күнге дейін, кейде 21 күнге созылатынын ескеру қажет, аталған жануарлар вирусты сыртқы ортаға афтылардың қабықтарымен, сүтпен, сілекеймен, демалған ауамен, дәретімен және нәжістерімен сыртқа шығарады. Аусылдан жазылған, сонымен қатар аусылға қарсы егілген және аурулармен бірге тұрған кейбір жануарлар, ұзақ уақыт бойы вирус тасығыш болып, індеттің қауіпті көзіне айналуына мүмкін.[4]
Б.А.Кругляковтың деректерінде В.П.Онуфриев және оның шәкірттері аусылды зерттеді, елде өршуі бойынша диагностикалық нұсқау және профилактикалық шараларды ойлап тапты. Жануарлардың әр түрлі жас топтарына моно және поливаленттік аусылға қарсы вакцина, сыворотка және лактоглобуменді енгізу кезінде иммунитетті шығаруына үлкен көңіл аударды.[5]
Г.С. Курицевтің 1968-1981 ж.ж. Владислав Петрович аусыл проблемасы бойынша координациондық одағының мүшесі болды. 1975 жылы аусыл вирусының штамм референцидің орталығы болды және профилактика проблемалар мен эфекті күресу бойынша координационды орталығы болды.
2004 ж. 5 мамырда Парижде жиналыс аусылға қарсы өткізілді. Б.Валла жариялағандай жиналыс мақсаты талқылау және консенсиусқа жету, себебі оның 51 еуропалық елдерде аусылды ликвидация жасау, оған қарсы күресу шаралары мен профилактиканы қабылдау қажеттілігі болып табылады. Бұл шараларды өткізу жауапкершілік міндеті МЭБ региональді комиссияна Европа бойынша тартылған. [6]
ФАО Еуропалық комиссиясының хатшысы К.Самптон Закавказдық елдеріндегі буферлік зона бойынша программаны орындаған нәтижелерін көрсетті (2003), сонымен қатар 2004 ж. арналған жергілікті келесі іс-әрекеттер жоспарын көрсетті. Мұнда Закавказ елдері арасындағы, Турциядағы, Иран мен басқада елдер арасындағы жағдай туралы информациямен бөлісу қажеттілігі көрсетілді, Закавказда қолданылған лапинизирленген вакцина туралы информация алу туралы көрсетілді.
Ресейдің ветеринарлық службасының жетекшісі Е.А.Некоклонов информациямен бөлісу қажеттілігін белгіледі, ТМД елдері мен Монғолия елдеріне мониторингті жүзеге асыруды белгіледі, ветеринарлық мамандарды оқыту, ТМД, Монғолия және Иран елдерінің іс-әрекет координациясын, ТМД елдерін ұзақ мерзімді программа аусылға күрес жүргізу бойынша программаға қосуды, лапинизерленген вакцинаны қолданудан бас тартуды белгіледі.[7]
Н.Белов докторы буферлі зонаның жақсы жақтарын белгіледі және осы программаның болашақта дамуына жедел шешім алуына бағыт көрсетті.
К.Н.Груздевтің үш доклады бойынша оң баға койылды. Закавказьяда буферлік зонаны қолдау бойынша жұмысты жалғастыруға және ФГУ базасында ВНИИЗ ТМД елдері үшін аусылға қарсы вакцина резервтерін ойлап табуға, жануардың инфекциялық патология облысында жұмыс істеу бойынша ФГУ ВНИИЗЖ ТМД центр статусын беруге өтініш берілді.
В.М.Захаров ВНИИЗЖ мәліметі бойынша, Қытайда аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайы туралы жеке информация шектелген. 1999 ж. Қытайдың оңтүстігі мен оңтүстік шығыстың 4 ауылдық аймақтарында мүйізді ірі қара және шошқалар арасында О типті аусыл ошағын тапты, 2000-2001 ж.ж. - шошқалар арасында.
Соңғы кездері жеке хаттамаларға қарағанда Қытайда аусыл бойынша жағдайы өте қиынға түсті. Жедел хабарламада 23 наурыздан 2005 ж. Ганконгтың ауыл шаруашылық, балық аулау шаруашылығы мен қоршаған орта департаменті МЭБ-қа (информация) Ганконгта Азия-1 типті аусыл шыққанын айтты. Бұл департамент КХР-ң ерекше әкімшілік регионы болып табылады.[8]
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Ауру ашатұяқтыларға тән, әсіресе бұл ІҚМ өкілдеріне (ірі қара мал, қой, шошқа) қатысты, аусыл ауруы вирустық сипатқа ие, безгекпен, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, желінінде, сонымен қатар терінің жүн өспеген жерлерінде болатын көпіршіген әкзантемамен сипатталады. Ірі қара мал үшін аурудың басты белгісі - көп мөлшерде сілекей бөлінуі. Бұл ауру адамға да беріледі.
2.1 Аурудың тарихы
Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Әпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.
Өте кіші көлемдегі фильтрленетін вирус аусыл тудырады. Лёффлер мен Фрош 1897 жылы жануарларда анықталған бірінші вирусты ашты. Жүн жамылғыда аусыл вирусы 30 күнге дейін сақталады, мал азығында 30-дан 150 күнге дейін, жүнде 14 күн, теріден тігілген аяқ киімде 80 күн, ал резина аяқ киімде 100 күндей, құмда 15 күн және т.б. Вирус елдің бір шетінен екінші шетіне немесе бір елден екінші елге оңай көшіріледі, себебі ол жануарлар арасында суаруға арналған шелектер, адамның киімі мен аяқ киімі, оның қолдары, әсіресе, көп мөлшерде сілекей бөлінуі байқалған ауру жануарлар арқылы тез беріледі
Жануарларға зертханалық тәжірибелер жасау үшін көбінесе жас тышқандар мен теңіз шошқаларын пайдаланады. Аусыл тарауының маңызды себептерінің бірі - жабайы егеуқұйрықтар. Аусылдың негізгі белгілерінің бірі оның көп түрлілігі. Ауру вирустардың әртүрлілігімен тудырылуы мүмкін. 40 жылдан астам уақыт бойы Еуропа континентінде вирустың 3 түрі белгілі: А, О, С олардың әрқайсысының түрлері көп. А типінің 28 түрі, О типінің 11, ал С типінің 4 түрі бар.
Сайдулдин деректері бойынша, Вирустың осы 3 түрі тудыратын ауру белгілері ұқсас болғанымен, олардың антигендік қасиеттері әртүрлі. Себебі, вирустың бір типін жұқтыру арқылы ауырған немесе оған сол типке қарсы еккен жануарда вирустың басқа түріне иммунитет болмайды[1].
Англиядағы (Пирбрайт) институттың қызметкерлері Брускби мен Галловей 1958 жылдың мамыр айында Халықаралық Әпизоотикалық бюроның (Париж) сессиясында жасаған баяндамада олар Африка мен Азияда белгілі еуропалық А, О, С типтерінен мүлдем басқа типтерді, соның ішінде Африкалық SATb SAT7, 5АТ3, Азиялық азия типін анықтағанын жариялады.
Вирустың белгілі бір түрімен ауырған жануарларда оған иммунитет қалыптасады. Иммунитет ірі қара малда 8-12 айға дейін, шошқаларда 8-10 айға дейін, қойларда 18 айға дейін созылады. Бұзаулар колостралдық иммунитеті жақсы болғанына қарамастан, уыз ішпеген болса, оларда екпе антиденелер болмайды. Бұзауларды пассив қорғау 3 айға дейін сақталады.
Вирус жұқтыру қаупі бар шаруашылықтарда аусылдан имундық профилактика және вирус қоздырғыштарының оянуынан қорғау немесе қолайсыз аймақтар мен аусыл пайда болу қаупі жоғары зоналарға арнайы инактивацияланған вакциналар дайындалды және қолданылады.
Қоздырушысы - Aphtovirus - РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Рікогnaviridae тұқымдастығына жатады. Вирионның мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша 7 серологиялық типке: О, A, С, CAT-1, CAT-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, A - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың әпителий үлпапарының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бұл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату-үшін қолданылады.
Төзімділігі. Вирус әфир мен хлороформға төзімді. 1% фенол ерітіндісі
мен 75° әтил спирті белсенділігін жоймайды. Лизол мен толуолдың басқа
вирустар мен бактерияларды өлтіретін концентрациясына төтеп береді. Ол
ортаның рН-на сезімтал. 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық
қасиетін.тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктің қабығыңда вирустың
төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жайылымда келесі жылғы жайылым
маусымына дейін сақталады, сарқын суда жылдың суық мезгілінде 100
күннен артық, жаздың күні 21, күзде 49 күн сақталады. Малдың үстіндегі
жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде 70 күнге дейін сақталады. Сүтте аусылдың
вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-га 15 минутта, 80-100°С-та бірнеше секундта белсенділігін жояды. Сойылған малдың етінде вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт қышқылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Түздалған және кептірілген өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады.
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі
қолданылатын хлорлы әк (5%), фенол (1%) және креолин (5%) ерітінділері
бірнеше сағаттан соң ғана өлтіреді. Ең жақсы дезинфектант 1-2 % формальдегид, 2 % күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30 минут ішінде өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері.Аусылға бейім жануарлар:сиыр,қой,ешкі,үйе,бұғы және көптеген жабайы аша тұяқтылыр(бұлан,елік).Ең сезімтал жануар:сиыр мен шошқа жатады.Кей жағдайда малды күтіп баққанда адамғада жұғады.Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру түрінде өтеді.Вирус жануар денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге,әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы,желін мен сирақтың зақымдалған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.Аусылдың тарауына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар,малды өсіру ерекшеліктері,мал басының тығыздығы,халықтың жүріп тұруы,мал азығын дайындау т.б жағдайлар әсер етеді.Аусыл кең жайылған індет ретінде жылдың әр мезгілінде,оның ішінде күздің аяғы,қыстың басында жиі байқалады.Әдетте індет 5-8 жылда,кей жерлерде 2-3 жылда қайталанады.
Дерттенуі. Вирус денеге ауыз бен тыныс жолдарының кілегей қабығы арқылы енеді.Вирустың алғашқы репродукциясы 18 сағат өткеннен соң-ақ жұтқыншақтың кілегей қабығында,бас пен мойынның сөл түйіндерінде байқалады.Вирустың еңген жерінде алғашқы күлдіреуіктер пайда болады.Бастапқы орын тепкен жерінен вирус сөл жолдары арқылы қанға,одан кейін лимфоидты-макрофагтық жүйенің ағзаларына өтеді.Онда вирус мол мөлшерде шоғырланып,инфекция ошағын түзіуіне қолайлы жағдай болғандықтан бұл сәт қайтадан дене ыстығы көтерілуімен кілегей қабықтарда және тұяқ көбесі мен тұяқ ашасының терісінде күлдіреуіктер пайда болуымен ерекшеленеді.Ауру жайлы өткенде шамадан денені жайлағанына төрт күн толғанда атиденелер түзіле бастайды да,дененің ыстығы қайтып,вирустың бөлінуіазайыа,жануар жазыла бастайды.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 36 сағаттан 7 тәулікке, кейде 23 күнге дейін созылады.Клиникалық белгілерінің білінуі жануардың аусыл вирусына сезімталдығына және физологиялық қалпына,ауру қоздырғышының уыттылығына байланысты.Аурудың өзіне тән белгілері ересек ірі қара малда айқын байқалады да,басқа бейім жануарларда,әсіресе бұзауда,қозыда,торайда аурудың белгілері өзіне тән болмайды.Аусылдың қатерлі және қатерсіз өтіуі мүмкін.Аурудың бірінші белгісі жануардың денесінің ыстығы өте көтеріліп кетеді.Ауырған мал қатты қиналып,тамырының соғыуы жиілепауызынығ кілегйлі қабығы мен коньюнктивасы қызарады,күйіс қайтарыуы тоқтап,сүті қайтады,тұяқ көбесі домбыға бастайды.Мал басын төмен созып,көбінде ыңырсиды.Содан кейін шұбатылып ауызынан сілекей аға бастайды да,тісін шықырлатып,оқтын-оқтын сілекейін жұтынады.Мал шөпті аса сақтықпен шайнайды да,ауырсынып жұтынады,қатты шөлдейді.Тұяқ көбесінің терісі домбығып,сезімталдығы артады.Мал зақымдалған аяғын баспауға тырысып,аяқтарын кезек-кезек алмастырып басып тұрады.Ауру басталғаннан кейін 3 күндей өткеннен соң терінің жұқа жерлерінде қызарған бөріткендер пайда болады.Ауызды ашып қарағанда,кілегей қабықтарында күлдіреуіктер көрінеді,олар дөңгелек немесе сопақша болып,сұйыққа толып,сызданып тұрады,қолмен басқан кезде жарылады.Күлдіреуіктің жарылған жерінде кілегей қабық астындағы ұлпадан оғай сырылады.Күлдіреуіктер әсіресе тілдің үстіне жиі шығып,мөлшері тауықтың жұмыртқасындай,баланың жұдырығындай болады.Күлдіреуіктің сөлі басында түссіз,кейіннен бактериялардың өсіп-өнуі нәтижесінде лайланып күңгірт түске ауысады.Кейде күлдіреуіктер онша томпаймайды да оны сипап ғана табуға болады.
Емі.Аурудың шиеленісуін болдырмау үшін және одан тез айықтыру үшін малдың күтімін жақсартуды қамтамасыз ету қажет. Ауру малдар жұмсақ жем - шөппен (жас шөп, жақсы сүрлем, жұмсақ шөп, концентрленген жем - шөптің быламығы) салқын сумен ылғал тартатын төсеніштермен қамтамасыз етіледі. Малды күнде клиникалық тексеруден өткізеді. Ауыздарын күніне 2-3 рет 2% сірке қышқылымен, 1:1000 калий перманганатымен, 1:5000 фурацилинмен, 1:1000 этанридинмен, 2% бор қышқылымен, 2% алюминий ашудасымен жуады. Аяқтараның зақымданған жерін тазалап, қара маймен немесе антибиотиктің эмульсиясымен тең етіп қосылған балық майымен майлайды. Желін терісіндегі эрозияны антибиотиктің эмульсиясымен, новокаин немесе цинк майымен майлайды, сонымен қатар сұйық Вишневский, пеницилин, стрептомицин, стрептоцид мазьдерімен жағып, 5% спиртті йод ерітіндісімен, 1% пиоктанин немесе басқа да ерітінділермен залалсыздандырады. Емізікшелерінің қатты ауырсынуы кезінде саууға дейін 20-30 минут бұрын жарақаттанған жердің терісін 3% новокаин ерітіндісімен немесе 3-5% новокаин мазімен жағады. Егер желіннің төрт бөлігінің ауыртпалығы байқалса, оны саууға болмайды. Бұл кезде сүт катетірін қолданады. Жүрек жұмысы бұзылса - кофейн, наперетянка, валериан тұнбасы тағайындалады. Ауырған малға дене салмағының 1 кг 1-2 мл дозасында тері астына жіберіледі. Аусылдан ауырып айыққан малдар ауруды тудырған вирустың сол типі мен вариантына қарсы тұрақты иммунитет алады. Иммунитеттің ұзақтығы 1-10 жыл. Аусылға қарсы вакцинамен егілгеннен кейін малдардың иммунитеті әлде қайда қысқа және де вакциндік штамның типі мен вариантына және вакцинаны даярлау технологиясына байланысты.
Сақтандыру және күресу шаралары.Аусылға қарсы шаралар қатал карантиндік қорғау жұмыстарынан, профилактикалық вакциналаумен сыртқы ортадағы вирусты зарарсыздандырудан тұрады. Екі рет иммундауды ескере отырып, аусылға қарсы егуді жоспарлаудың ең тиімді мезгілдері: көктемде малды жайылымға шығарар алдында 15 наурыздан 15 сәуірге дейін және қыстауға қояр алдында 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін болып есептеледі. Аурудан сәтті шаруашылықтарды ауру қоздырушысының енуінен сақтандырудың ерекше маңызы бар. Осы мақсатпен аусылдан сәтсіз шаруашылықтармен шаруашылық байланысының барлық түрін тоқтатады. Ферманың территориясын бөгде адамдар мен транспорттың енуіне тыйым салынады. Малдарды күту үшін тұрақты адамдар бекітіледі, ферманың территориясы қоршалады немесе дезбарьері бар 1-2 кіретін жер қалдырып, айнала ор қазылады. Малдарды азықтандыруға әкелінген ет және сүт өндірістерінің қалдықтары ұқыпты түрде қайнатылады.Аусылға бейімді мал басын есепке алып, сәйкес келетін типі мен варианты бар вакцинамен иммундалады. Фермаға қарасты мал қоралары мен транспортты профилактикалық дезинфекциядан өткізеді.
Малдарды әкелу мен әкетуге, мал өнімдері мен шикізттарын дайындау мен әкету, сондай - ақ жем - шөпті әкетуге тыйым салынатын шарты бар карантин аурудан сәтсізелді мекенге салынады. Шаруашылықта малдарды іріктеугу, сау малдар мен аураларды бірге жаюға, суаруға және бірге тұруына тыйым салынады. Айналып өтетін жерлер көрсетіліп, аурудан сәтсіз елді мекенге апаратын барлық жолдар жабылады, транспорттың өтуіне тыйым салынатын белгілер қойылады. Тәуліктік күзет қойылады. Аурудың ошағына кірер жолда параформалинді камерасы бар ветеринарлық - санитарлық бақылап өткізуші пункт орнатылады. Ошақтың территориясында малдарды күтіп - бағу мен шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін оның сыртына шығып рұқсатсыз кетуге еркі жоқ тұрақты адамдар мен транспорт бекітіледі. Аусыл алғашқы білінісімен - ақ ауру малдар оңашаланады да, емделеді, ал басқалары вирустің типі мен варианты анықталған соң дереу вакциналанады. Малға аусылдың нативтік вирусін қайта жұқтыруға тыйым салынады. Сүт еметін жастаға төлдер аусылдан ауырып айыққан малдардан, алынған сарысумен иммундалады. Көк сүт пен сарысу төлдері азықтандыруға оларды қайнаттқаннан кейін пайдаланылады.
Вирустың енуіне мүмкіндік бар ет комбинаттарына, сүт заводтарына және басқа мал шаруашылығының шикізаттарын өңдейтін өндіріс орындарына территориясын, үйлерін, қондырғыларын, инфекцияланған өнімдері мен шикізаттарын зарарсыздандыру шараларын жүргізуге жеткілікті мерзімге карантиндік шек қояды.
Мал қорадары, малдың күтіміне арналған заттар мен фермада пайдаланылатын бүкіл инвентарь күніне механикалық тазаланылады және дезинфекцияланады. Бұл үшін күйдіргіш натрийдің 2 проценттік ыстық ертіңдісі, 1 проценттік формальдегид ертіңдісі, 2 проценттік активті хлорлы бар хлорлы әк ертіндісі, 5 проценттік 1 хлорлы ирдтың ертіндісі қолданылады. Көңді әдейілеп белгіленген жерге немесе биотермиялық зарарсыздандыру үшін арнайы қазылған траншеяға апарып үйкді.
Аусылдан сәтсіз елді мекендегі карантин ақырғы ауру малдың жазылуынан үш апта өткен соң және қорытынды дезинфекция жасалғаннан кейін ашылады. Алайда карантин алынғаннан кейін 12 айдың ішінде аусылмен ауырған немесе оған қарсы иммундалған және аурулармен бірге болған малдарды аурудан сәтті шаруашылықтарға әкетуге және апаруға тыйым салынады.
2.2 Сояр алдындағы диагностикасы.
Аурудың бірінші белгісі жануардың денесінің ыстығы 41°с-қа дейін және одан да жоғары көтерілуі болып табылады. Ауырған мал қатты қиналып, тамырының соғуы жиілеп, ауызының кілігейлі қабығы мен конъюнктивасы қызарады, күйіс қайтаруы тоқтап, сүті қайтады, қаңсары құрғап, тұяк көбесі домбыға бастайды. Мал басын төмен созып, көбінде ыңырсиды. Содан кейін шұбатылып ауызынан сілекей аға бастайды да, тісін шықырлатып, оқтыноқтын сілекейін жүтынады. Мал шөпті аса сақтықпен, шайнайды да, ауырсынып жүтынады, қатты шөлдейді. Түяқ көбесінің терісі домбығып, сезімталдығы артады. Мал зақымданған аяғын баспауға тырысып, аяқтарын кезеккезек алмастырып басып тұрады. Ауру басталғаннан кейін 3 күндей өткеннен соң терінін жұка жерлерінде қызарған бөріткендер пайда болады. Ауызды ашып қараганда, кілегейлі қабықтарында күлдіреуіктер (афта) көрінеді, олар дөңгелек не сопақша болып, сүйыққа толыгі, сызданып тұрады да, саусақпен басқанда жарылады. Күлдіреуіктің жарылған жерінде кілегейлі қабық астындағы ұлгіадан оңай сыдырылады. Күлдіреуіктер әсіресе тілдің үстіне жиі шыгып, мөлшері тауықтың жұмыртқасындай, баланың жүдырығындай болады. Күлдіруіктің сөлі басында түссіз, кейіннен бактериялардың өсіп-өнуі нәтижесінде лайланып күңгірт гүске ауысады. Кейде күлдіреуік онша томпаймайды да, оны сипап қана табуға
болады. Ұсақ күлдіреуіктер езуде, ерін мен жақтың ішкі бетінде, қызыл иекте, аңдайда болады. Грек жаңғағындай үлкен күлдіреуіктер қаңсарда кездеседі. Кей жағдайда конъюнктива, мүйіздің түбі, дененің басқа да беліктері зақымдануы мүмкін. Түяқтың көбесі мен ашасында бұршақтай қолдырауыктар (папула) пайда болады да, өсе келе көгершіннің жұмыртқасындай болады.
2.3 Сойғаннан кейінгі диагностикасы.
Ірі қарада аусылға тән натологиялық өзгерістердің ең бастысы - ауыз қуысында, желінде және сирақтарда кездесетін күлдіреуіктер. Кейде күлдіреуікгер мен қызыл шақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ карынның кілегейлі қабығында кездеседі. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген ақсары нүктелер кездеседі (жолбарыс терісі сипатты "тарлан" жүрек). Жүректегі мұндай өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады. Сонымен қатар малдың бұл түтігінде геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған (генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар
(көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, үлпершек ағзаларда дегенеративтік өзгерістер байқалады.
2.4 Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.
Аусылмен ауырған не күмәнді мал ұшасынан, ішек-қарындарынан консервы, не пысырылған шұжық дайындайды. Егер ұша толықтай зақымданған болса, жаралар анықталса, ұша толығымен утилденеді. Егер жаралар тек жекелеген ошақтарда анықталса, оларды кесіп алып, қалған бөлігін бактериологиялық зерттеуден кейін ғана қайнатып босатады. Сүйектерді 2,5 сағат қайнатады. Етті ашық қазанда ет температурасы 800С болғанша 3 сағат қайнатады. Мал сойылған жер 2% ыстық каустикалық содамен дезинфекцияланады.
ІІІ. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
3.1 Зерттеу әдістері мен материалдары
Зерттеу нысаны: Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінің Ветеринариялық санитария кафедрасының зертханасы
Ветеринариялық тәжірибеде ауруына байланысты сойылған мал еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. Аусылмен ауырған малдардың өміріне қауіп төніп, одан ары емдеу ешқандай нәтиже бермейтін және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған жағдайда оларды амалсыз сояды. Еттің ауру немесе сау малдан алынғанын білу үшін сезімдік (органолептикалық), патологоанатомиялық (нашар қансыздану, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гиперемиясы, гипостаздар, бауыздау сызығының күйі) және де ауруға тән патоморфологиялық белгілерге, лабораториялық зерттеу әдістері қолданылады.
Әдістемелік нұсқау
Амалсыз сойылған малдың етін міндетті түрде, сойылу жағдайына қарамастан, бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Ол үшін лабораторияға зерттеуге алынған сынамаларды ылғал өтпейтін ыдысқа салып жақсылап жуып, пломба салып жолдама құжатпен бірге лабораторияға жіберіледі.
Болжанған диагнозға байланысты және патологоанатомиялық өзгерістердің сипаттамасы бойынша: сірілі қабықпен қапталған, көлемі 6х6х8 см қол және сан бүгілдіргіш және жазылдырғыш бұлшық еттерінің сірілі қабығы мен алынған кесіндісі, майымен қоса алынған жоғарғы мойын, қанат асты, малдардың жоғарғы дорсальды мойын (егер де басы мен мойынында патологиялық өзгерістер жоқ болса) және қолтық лимфа түйіндері; өкпе, көк бауыр, бауыр кесіндісі лимфа түйінімен (жоқ болса өтімен) және жіліктің бірі жіберіледі.
Органолептикалық зерттеу.
Ол үшін малдың бауыздауына (бауыздау сызығы), ұшаның қансыздану дәрежесіне, гипостаз пайда болуына және лимфа түйініндегі өзгерістерге қөңіл аударады.
1. Сау малды сойған кезде, оның бауыздауы тегіс емес, бұдыр болады және қан ол тұста көбірек жиналады, ал ауырып немесе арам өлген малдың бауыздауы керісінше тегіс болып келеді. Бауыздауының түсі айналасындағы ағзалармен бірдей. Бірақ та, бауыздалған жерді тегіс етіп шауып, тазалап қойған жағдайда, тек қана осы көрсеткіштер бойынша органолептикалық тұрғыдан тұжырым айту қиынға түседі.
2. Ұшаның қансыздану дәрежесін анықтау. Бұл көптеген факторларға байланысты болады (сою әдісі, қан тамырларының дұрыс кесілуі т.б.). Асып қойып сойған малдың қаны жатқызып сойғанға қарағанда жақсы ағады, жақсы қансызданады. Қансыздану дәрежесін анықтайды: жақсы, қанағаттанарлық, нашар, өте нашар. Қаннан жақсылап тазарған ұшаның еттерінде, қантамырларында қан болмайды.
Арам өлген және өлгелі жатқан кезінде сойылған немесе ауырған малдың ұшасы қаннан өте нашар тазарады. Ұсақ және ірі қан тамырлары қарайған қанға толып болады. Бұлшық етті тілген кезде қара қошқыл қан шығып тұрады.
3. Гипостаз - қанның ұшаның әр жерінде іркіліп қалуы көбінесе өлген немесе жанталасып өлген, қөп жатқан малдарда жиі кездеседі.
4. Лимфа (бездер) түйініндегі өзгерістер. Сау және уақытында сойылған мал ұшасының лимфа түйіндегі түсі ақшыл-сұрғылт немесе сарғыш, ал ауырып, немесе арам өлген малдың лимфа түйіндерін кескен кезде түсі көкшіл-қызғылт болып тұрады. Сонымен қатар, аусылға тән өзгерістері бар лимфа түйіндеріне мұқият назар аударады. Дәл осы лимфа түйіндерінде көлемі жұмыртқадай туберкулдар болады.
Лажсыз сойылған малдан алынған еттің органолептикалық зерттеуі еттің иісін анықтаумен аяқталады. Ол үшін шыны ыдысқа 20-30 г майсыз ет түйіршігін салып, үстіне су құяды. Ыдысты жауып, 80˚С-қа дейін қыздырады да, иісін анықтайды. Қайнатып, сорпа тұнықтығын анықтайды. Егер де ет өлгелі жатқан малдан алынса, сорпа бұлындыр, көпіршіктенеді, жағымсыз бөгде иіс пайда болады [4,5,6].
Зертханалық әдістер
Қышқылдық ортаны анықтау (рН)
рН-ты анықтау үшін еттің сөлін дайындау керек (1:4). Ол үшін 20 гр. етті ұсақтап турап, езгілеп, оның үстіне 80 мл су құйып, жақсылап араластырады да біраздан соң (15 мин) сүзіп алады. Сүзілген еттің сөлі (фильтрат) тұнық болуы к ерек. Дайын болған еттің сөлін РН - ты және перосидаза ферментін анықтауға қолданады. рН - ты Михаэлс компораторы арқылы анықтайды:
№ 1 пробиркаға 6 мл еттің сөлі және 1 мл. индикатор паранитрофенол құйып жақсылап араластырады. № 1 - пробирканы компоратордың бірінші қатарындағы ортаңғы қуысына қояды. Оның екі жақ шетіндегі қуысқа стандартты ертіндісі бар пробиркалар қойылады.
№ 2 пробиркаға 3 мл еттің сөлі құйылады, басқа ештеңе қосылмайды. № 2 пробирканы екінші қатарға стандартты ертіндінің артына қояды. Олардың түрін салыстыру арқылы рН-тың шамасын анықтайды.
рН-тың шамасы малды сояр кездегі бұлшық еттегі гликогеннің мөлшеріне, сонымен қатар, ондағы ферменттердің белсенділігіне байланысты болады. Сау малдың еті жетілуі үрдісі кезінде гликоген ферменттердің әсерінен сүт қышқылына дейін ыдырайды. Соның себебінен сутегі иондарының концентрациясы көбейеді де, ал РН -тың шамасы 7,1 - 7,2 ден 5,6 - 5,8 - ге дейін азаяды.
Еттің биологиялық зерттеулері
Еттен қарапайым сүзінді жасау
Қарапайым ет сүзіндісін, эксгаутирования әдісі бойынша 1 бөлік ет және 4 бөлімі суық дистельденген (тазартылған) су қоспасынан алады. Ол үшін 25 г ет алып, ұсақтап, форфор келісінде езеді, жақсы езілуі үшін 100 г дистелденген судан аздап су қосады. Сонан соң, қоймалжың сұйықты колбаға аударып, қалған сумен араластырады. Колбаны 3 мин араластырып, 2 минут тұндырып қояды, сонан соң қайтадан араластырады да (2 мин), үш қабат дәке арқылы сүзіп, сүзіндіні қағаз сүзгіш арқылы тағы бір сүзеді. Осы үрдістерден соң қарапайым ет сүзіндісі дайын деп есептеледі.
Ауырған немесе күйзелген малдың етінде гликогеннің мөлшері мен ферменттердің белсенділігі азаюына байланысты, РН - тың өзгеруінде көп ауытқу болмайды.
Пероксидазаны анықтау.
Пероксидаза - фермент. Сау малдың етінде пероксидазаның белсенділігі жоғары болады, ал ауру малдың етінде оның қабілеті едәуір төмендеп кетеді. Реакцияның мәні: Пероксидазаның әсерінен сутегінің асқын тотығы ыдырап, оттегі пайда болады да, ол бензидинді тотықтырып оның түсін көкшіл-жасыл түстен қоңыр түске дейін өзгертеді.
Пероксидазаны анықтау үшін пробиркаға 2 мл еттің сөлін (1 :4) 5 тамшы 0,2 % -тік бензидин ертіндісін және 2 тамшы 1%- тік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz