Паталогиялық - анатомиялық хаттама



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе.
II. Паталогиялық - анатомиялық хаттама.
III. Сипаттау бөлімі және өлекседегі өзгерістер.
IV.Патанатомиялық талдау(диагноз).
1) Қысқаша тарихы.
2) Қоздырушысы.
3) Індеттік ерекшеліктері.
4) Дерттенуі.
5) Емі.
6) Иммунитет.
7) Алдын - алу және күресу шаралары.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Жануарлар патологиясы - ауру туралы жалпы ілім, этиология, патогенез,типті патологиялық процестерді, органдар мен жүйелердің патологиялық физиологиясында қан патологиясы, қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту, бауыр қызметі, несеп бөліну, ішкі секреция мен нерв жүйелерінің қызметіне қатысты әр түрлі аурулар кезінде жекелеген органдар мен организм жүйесі қызметінің бұзылуының және қалпына келуінің жалпы заңдылықтары туралы мәліметтер береді.
Тұтастай алғанда патологиялық процестердің себептері мен жағдайларының пайда болуы және даму арасындағы байланысты анықтайды. Патологиялық процестердің пайда болуының және дамуының жалпы заңдылықтарын білгеннен кейін дербес мәселелерін, яғни малдың жекелеген ауруларын айқындау, адал дұрыс сақтандыру және емдеу шараларын жүргізу оңайға түседі.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй-жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды.
Ветеринария ғылымының Жануарлар патологиясы бөлімі жұқпалы, жұқпалы емес және инвазиялық аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп, анықтау әдістерін, ем-әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән .
Бұл жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық - экономикалық ғылым салаларымен пән аралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.
Маңызды қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игертудің, шаруашылықтарда ем-әрекеттерін және малды жұқпалы аурулардан сақтау шараларын белсене ұйымдастырып, тиянақты орындай алатын мағлұматты мал дәрігері мамандарын дайындаудағы маңызы зор.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй-жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды. Ауруды анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау) мақсатында семиотиканың (аурулардың белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы, өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезедінде анықтау және болжау үшін, сонымен қатар дәрі ем әдісін таңдау мақсатында семиотиканың (аурулардың белгілерін тексеру) маңызы өте зор. Мысалы, өнімділігі мол малдың зат алмасуының бұзылуын ерте кезеңінде анықтау үшін қандағы кетон денешіктерін, сілті қорын, қан сары суындағы каротиннің мөлшерін тексеріп, белоктардың, углеводтардың, витаминдердің, кальций, фосфордың жеткіліксіздігін анықтайды.
Ірі шаруашылықтарда малдың шағын жерге көп жиналған шоғырлануына байланысты, оларды аурулардан сақтандыру әрекеттерін жақсы ұйымдастырып, нәтижелі ем қолдану үшін, жалпы табын бойынша ауру белгілерінің жиынтығын (синдроматика) анықтауды қажет етеді .
Ет қоректілердің обасы қызба, тыныс және ас корыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.
Курстық жұмыстың мақсаты - иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасын зерттеу.

Паталогиялық - анатомиялық хаттама
Сипаттау бөлімі:
Ит иесі: Есенгалиев Ерлан
Мекен-жайы: Семей қаласы
Мал түрі:Ит
Тұқымы: Төбет
Түсі: Ақ
Қоңдылығы: орташа
Жынысы:ұрғашы
Жасы:1 жас
Ерекше белгілері:
Ит иесі Есенгалиевтің айтуы бойынша,иттің алғашында тәбеті төмендеп,дене қызуы көтерілген.Ит қалшылдап,дірілдеп,жасқаншақтанып,ж иі-жиі түшкіре берген.2-3 күн өткен соң ит танауынан іріңді сора ағып,мұрыны бітеліп қалған.Тынысы жиелеген,көзінен іріңді сора ағып иттің көздері ашылмай қалған.Ақыры соңында ит әбден әлсіреп өлген.Және бұл ауырған итке ешқандай емдік шара қолданылмаған.Ит 20.09.16 өлген.
Ит 20. 09.2016ж күні өлген. 22. 09. 2016 ж Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің прозикториясына әкелінді.
Итті :22.09.2010 ж күні ВС - 303 тобыбынң студенті:Ақжолов Ернар сойды.
Союға қатысқандар:Махметов Нұржан,Узбеханова Жадыра

Сипаттау бөлімі.
Өлексенің сыртқы түрі:Ит өлексесі оң жағымен жатыр арықтағаналдыңғы артқы аяқтары созылып жатыр.Табиғи тесіктерден еш сұйықтық ақпаған.Ерекше белгілері жоқ.Іші қабысқан.Өлексе жатқан жағында түксіз терде дақтар мен сулы күлдіреуіктер: Ерін,танау,көз маңында кепкен жалқаяқ,үлкенді-кішілі ойылымдар.Өлексе суығанжәне өлексенің температурасы сыртқы ауаның температурасынан төмен. Өлекседе сіресу белгілері байқалады.Өлексенің алдыңғы аяқтарымен,артқы аяқтары ұзынынан созылған қалпында сірескен. Ауыз қуысы ауыр ашылады. Жақ еттері сірескен.Барлық денесі сіресіп, қатайғандықтан,ешбір буыны бүгілмейді. Жүні теріге жақсы бекіген,құрғақ, жылтырлығын жоғалтқан.
- Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы - көздің қасаң қабығы бозғылт , көздерінде қоңырқай түсті іріңдеген, кілегей қабаты ақшыл-сарғыш түсті, көздің ішкі және жиегінде сарысулы сұйықтық жиналып, қара-қошқыл қабыршақ пайда болған. Ауыздың, танаудың кілегейлі қабықтары бозғылт, іріңді сора көрінеді.
- Жүні-қылдары теріге жақсы бекіген,құрғақ.
-Тері мен тері асты шелітерінің қызарумен қан шоғырланады, олар ұсақ қызыл нүктелер кездеседі. Тері астындағы шелде қан құйылған.Теріде қанталаулар басып кеткен , теріде, құлақтарда, малдың арқасында , аяқтарында , іштерінде қызыл бөртпелер көрінеді. Эластикалық қасиеті бұзылған, созылмалы. Тері туындыларының консистенциясы қатты,түсі қара-қоқшыл.
- Бұлшықеттері-бүтін,болбыр,көкшіл түсті,сіңірлері бүтін.
- Сүйектері мен буындары-бүтін,анатомиялық жағдайда дұрыс орналасқан.Буындарын кескенде буынаралық сұйықтық ақты,сүйектін түсі-табиғи түс,қатты.
- Сыртқы сөл бездері шымқай қызыл немесе қап - қара , тіліп қарағанда теңбіл мрамор тәрізді. Тіліп қарағанда майлы шұжыққа өте ұқсас. Бір жері қошқыл қызыл, кей жері сұр. Бездердің шеті қошқыл-қызыл түсті сақина тәрізді.

Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу.
- Ауыз қуысы кілегей қабықтары бозғылт , қанталаған майда жолақты дақты қанталаулар кездеседі , бұндай өзгерістер көмей мен тіл де байқалады.
-Тіл қанталаған, тіліп қараған кезде қан араласқан сұйық шығады.Тілі 10:3см шеттері бірікпейді. Көлемі ұлғайған, кілегей қабатында дақты қанталаулар кездеседі.
- Мұрын қуысы кілегейлі қабаты ақшыл сары түсті қоймалжың затпен көмкерілген,құрғақ,бозғылт түстес.
- Кеңірдектің кілегейлі қабаты - қызарып канталаған, қышқыл-қызыл түсті.
- Көмекейдің кілегейлі қабығы қызарып, домбыққан. Түсі қошқыл-қызыл. Қан араласқан жалқаяқ кездеседі.
- Өңештің кілегей кабықтарында жолақты дақты қанталаулар
- Кеуде қуысында мүшелердің орналасуы анатомиялық жағынан дұрыс, мөлдірлену сұйық көрінеді, онын көлемі 35-40 мл-дей. Сөл түйіндері екі-үш есе ұлғайған,қанталаған. Тіліп қарағанда мәрмәр тәрізді болады. Шеттері бірікпейді.
- Өкпесі, бронхылары,бездері қанға толған, ұлғайған, тығыздалып,қоңыр түске еніп, талаққа ұқсайды. Суға салса тастай батады.Өкпе капиллярлары кеңейген, қанға толған,қабырғаларының өткізгіштік қасиеті артқан. Кесіп көргенде тілік бетінен лайсан сұйық, ал бронхылардан созылмалы кілегей шығады. Сондай-ақ көлемі көк нәр дәніндей ақшыл-сұр түсті некроз ошақтары кездеседі. Суға салғанда ауыр батады.
- Жүрек - мүше көлемі ұлғайған,ол солғын тартып сұрланған,ыстық суға малынған етке ұқсайды,жұмсарған,тілік беті табиғи кескінінен айырылғанҚарыншалары мен жүрекшелері сұйыққа толы, 1:3 ара қатынасынан біршама өзгерген.
- Жүрек қабында сарысу жиналған.
- Миокард жұмсарып сары сұрғылт ошақтар дамып,майда қанталаулар байқалады.
- Эпикардта нүктелі канталаулар көрінеді.
- Перикардта серозды-фибринозды эксудат жиналған.
- Құрсақ қуысының ішіндегі мүшелері дұрыс орналасқан.Ішперде тығыз, жылтыр. Шажырқай тамырлары жақсы көрінеді, қан құйылған.
- Көк ет тығыз,жылтыр,тегіс.
- Қарында көптеген ұсақ қанталаулар байқалады, торланып қанталаған , үстін қызғылт түсті кілегей зат басқан.
- Он екі елі ішек - кілегейлі қабығы қанмен кернелген. Тегіс емес, қауашақтанған ошақтар кездеседі. Эпителий қабаты зақымдалып, қалындаған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
- Ащы ішек - кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, жылтырлығынан айырылған, эпителий қабаты зақымдалған,нүктелі қан құйылулар кездеседі.
- Мықын ішек-кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
- Бүйен- құжынаған ұсақ қанталаулар , қабырғасы қалыңдаған және солитарлы фоликулалардың орнында ілгек тәрізденіп қатпарланған.
- Жиек ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
-Тік ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі. Кілегейлі қабығынан кратер тәрізді бойлай орналасқан, ішіне қан шапшыған ойық жаралар табылды.
- Бүйрек - мүше көлемі ұлғайған,ол солғын тартып сұрланған,ыстық суға малынған етке ұқсайды,жұмсарған,тілік беті табиғи кескінінен айырылған.Шекарасы анық емес. Капсуласы оңай шешіледі.
-Қуық, несеп шығару түтігі несеп жолдары мен қуықта көптеген қанталаулар. Несепке толы. Кілегей қабықтары қанталаған
- Шажырқай бездері және ұйқы безі көлемі ұлғайған,қызғылт түсті.Кескенде шеттерібірікпейді.
- Бауыр қанға толған,сары түсті,мүше көлемі ұлғайған,ол солғын тартып сұрланған,ыстық суға малынған етке ұқсайды,жұмсарған,тілік беті табиғи кескінінен айырылған.Кескен жері бірікпейді.Қырындысы анық көрінеді.
- Өт іркілетін қалта бірнеше есеге дейін ұлғайған және өт жолдарында қошқыл-жасыл өт бар, кілегей қабығы қанталаған, қызарған, кей жерлерінде майда өліеттенген ошақтар кездеседі.
- Талақ толығымен қанталауға ұшыраған күйде , көлемі өзгермеген және жолақ тәрізді қанталаған. Тілгенде қанды сұйық шығады, шеттері бірігеді. Қырындысы анық емес.

Паталогиялық - анатомиялық талдау (диагноз)
1. Катаральды-іріңді ринит,конъюнктивит,кератит және іріңді панофтальмит
2. Коньюктивит,кератит,панофтальмит
3. Катаральды-іріңді бронхопневмония
4. Катаральды жаралы гастроэнтерит
5. Түйіршікті,майлы гепатоз,нефроз,миокардоз.
6. Терідегі індетті экзантема (папулалар,пустулалар және қабыршақтар)
7. Гисто-іріңді емес лимфоидты энцефаломиелит
Қосымша лабораториялық зерттеулер.
Алдын-ала қойылған диагноздар "ит обасына" деген күдікке байланысты,гистологиялық зерттеуге сойылған ит өлексесінің қуығының кілегейлі қабығы қырындысы мен бүйрек кесіндісін жібердік.
3 күн өткеннен соң № 123560 жауап келді.
Өлім себебі туралы соңғы қорытынды.
Барлық аталған клиникалық белгілерге,гистологиялық зерттеу нәтижесіне және өлген ит сойғандағы патологиялық-анатомиялық өзгерістерге байланысты "ит обасы" деген алдын-ала қойылған диагнозымыз расталды.

Ит обасы:
Ет қоректілердің обасы (Реstis carnivorum, чума плотоядных) - қызба, тыныс және ас корыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуымен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. Оба адамзатқа итті қолға үйреткеннен бері белгілі. Аристотельдің еңбектерінде ол ангина ретінде сипатталған. Иттің обасының қоздырушысының вирус екендігін 1905 ж. Карре дәлелдеді.
Қоздырғышы -- парамиксовирустар тобына жататын РНК-лы вирус. Бұл ауру - жедел өтетін, тез жұғатын, ит ағзасының безгек тәрізді қалтырауымен, көздерінің кілегей қабатының (слизистая оболочка), тыныс жолдары, ас қорыту жүйесі кілегей қабаттарының қабынуымен, сонымен қатар өкпенің қабынуымен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен өтетін вирустық ауру.
Ит обасы ауруына бейімділік
Табиғи жағдайда обаға көбіне иттің, қасқырдың, норканың, күзеннің, ақ тышқанның және өзен камасының күшігі шалдығады.
Ит обасының қоздырғышын күзен күшігіне жұқтырып өсіру вирустың итті зақымдау қасиетін төмендетеді.
Обаның вирусын ұзақ уақыт бойы және бірнеше қайтара үй қояны мен теңіз шошқасының денесіне енгізсе, вирустың бұл жануарларға деген уыты күшейеді де, итке деген уыты әлсірейді. Ит ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы құс аурулары
Шошқа обасы туралы
Өлексені сою барысында жазылған паталогиялық-анатомиялық хаттама
Патанатомиялық өзгерістер
Құс өлер алдындағы клиникалық белгілері
Қой эймериозы
Жануарлардың патологиялық анатомиясы
Қойдың сібір жарасы ауруының мәнін, даму механизмін білу,оны басқа аурулардан ажырату және емдеуге келмейтін жағдайларда өлекседегі өзгерістер
Жылқы делафондиозы
Торайлардың Ауески ауруы
Пәндер