Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау



Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы :Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық
сараптау

Орындаған:
Тексерген :

Топ-студенті: ВС - 303 (аты-
жөні)

______ ________ ______
________

(қолы) (күні) (қолы)
(күні)

Жетекшісі:______________

______ _______

(бағасы) (күні)

Нормоконтролер___________________

Семей 2016

Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5

II.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 6-11

III.Негізгі бөлімі

3.1. Улар. Улы заттардың жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-16

3.2. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу
жолдары ... ... ... ... ... 17-19

3.3. Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздар
... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-23

3.5. Еттегі улы заттар мен антибиотиктерді анықтау ... ... ... ... ... ... ... .24-30

IV.Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 1-34

V.Уланудың алдын
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 5-36

VI.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37-3 8

VII.Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...39

Кіріспе
Қазіргі таңда Республика тұрғындарын тұтынушыларды сапалы азық-түлік
өнімдерімен толық қамтамасыз ету және олардың денсаулығын қорғау-ең бір
өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Егеменді ел болып,адымын енді басып
келе жатқан еліміздің экономикасын көтеріп,тәуелсіздігіміздің бірден-бір
нышаны көк байрағымыздың тұғырынан таймай тұруы үшін ауыл
шаруашылығын,соның ішінде,мал шаруашылығының мәртебесін көтеру,шешімін
таппай жатқан үлкен проблема.Осы мақсатты жүйелі түрде іске асыру үшін ауыл
шаруашылығы өндірісін мейлінше жеделдету
шаралары:өндірістімеханикаландыру,х имияландыру,оның ішінде дәнді-
дақылдардың тез арада өсіп,жетілуін тездететін және өсімдік зиянкестеріне
қарсы қолданылатын заттарды өндіріске енгізіп,кең көлемде қолдану
күттірмейтін мәселер болып табылады.Дегеніменде,әртүрлі статистикалық
деректерге жүгінсек,химиялық заттарды дұрыс қолданбау салдарынан
жануарлардың,құстардың,балықтардың және басқа да пайдалы жәндіктердің
жаппай улануы кейінгі жылдары күрт өсуде.Сондай-ақ,химиялық заттардың
табиғатқа және қоршаған ортаға да тигізетін зиянды орасан зор.Жануарлардың
улануы,сонымен қатар,ауыл шаруашылық дақылдарының өніміне түрлі зиянды
жәндіктер,өсімдік аурулары және улы өсімдіктердің келтіретін зиянды
әсерлері де жоқ емес.

Улану-жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері нәтижесінде
пайда болатын патологиялық жағдай немесе у-себеп, улану-салдары.

Улы заттар ағзаға ас қорыту, тыныс алу жолдары, тері беті, кілегей
қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген, яғни ағзаға
бөтен заттардың(ксенобиотик, хенос-бөтен) әсерінен болады.

Улы заттардың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй-жағдайы ықпал
етеді. Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде(қатты, сұйық,
газ) әсер етеді.

Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға
байланысты.

Олар:

-Малдың уға сезімталдығы

-Ағзаның жағдайы

-Удың ағзаға ену жолдары

- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.

Токсикологиялық зерттеулер, балау қою, мал өнімдеріндегі улы
заттардың түрі мен мөлшерін анықтау және ветеринариялық-санитарлық
тұрғыдан пайдалану жолдарын шешу үшін жүргізіледі. Сонымен қатар
токсикологиялық тексерулер сыртқы ортаның зақымдану дәрежесін анықтау үшін
де жасалады. Ауру жануарларды анықтап, жануарлармен және шикізаттармен
жұмыс жасайтын қызметкерлердің денсаулығын тексеріп отыру керек. Өнімді
дайындаудың барлық сатысында қатаң ветеринарлық санитарлық қадағалау
жүргізілуі керек. Жануардың барлық сойыс өнімдері ветеринарлық санитарлық
сараптаудан өткізілуі тиіс. Ауру және сау малдарды шикізаттармен бірге
өңдеуге болмайды. Өнімді дайындағанда шикізат пен жартылай дайын өнімді
өңдеудің бекітілген технологиялық режимдерін сақтау маңызды саты болып
табылады.

У туралы аңықтамалар өте көп. Академик С.Н. Голиковтың пікірі бойынша,
у деген –бұл организмге енген бөтен химиялық қосылыс, ол биохимиялық
процестерді бұзып, организмнің физиологиялық  қызметтерін өзгерту
нәтижесінде әлсіз уланудан өлімге дейін әкеп соғады.

С.В. Аничковтың айтуы бойынша, улар - тірі организмге әсер еткен
кезде  қалыпты тіршілігінің бұзылуын тудыратын заттар, яғни улануды
(токсикалық эффект) немесе тіршілігін тоқтатуды, немесе өлімді тудырады
(летальды эффект). Бірақ мұндай және басқа да көптеген анықтамаларды
қазіргі кездегі у туралы түсініктемеге толығымен жауап береді деуге
болмайды. Анықтама берудің күрделілігі организмге  жаратылысы табиғи немесе
синтетикалық көптеген химиялық заттардың екі түрдегі сипатта әсер етуінде,
улы заттардың мөлшеріне байланысты. Мысалы: натрий хлорид адамдар мен
жануарлардың азық рациондағы қажетті компонент, сонымен қатар оның көп
мөлшерде болуы  уландырып, өлімге келтіруі мүмкін. Көптеген дәрілік
препараттар жоғары мөлшерде адамдар мен жануарлардың улануына себеп болады.
Осыған дәлел ретінде  АҚШ-тағы дәріханаларда рецептсіз сатылатын
ацетилсалицил қышқылымен (аспиринмен) көптеген адамдардың улану жағдайлары 
тіркелген. Антибиотиктерді терапевтикалық мөлшерде енгізген кездегі
адамдардың улануы немесе өлімі сирек емес. Қазіргі кезде пайдаланылатын
көптеген медициналық препараттар, бір  ағзаға немесе жүйеге емдік әсерін
тигізуімен қатар физиологиялық үрдістердің ағымын бұзуы  мүмкін.

ІІ. Әдебиетке шолу
Е. М. Қорабаев 2001 еңбегінде улар жөнінде: Қазіргі кезде улар
қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде
химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы
заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттарды әртүрлі қасиеттеріне
немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру шартты мағынада ғана
жүзеге асырылады. Химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикалық әсері
әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан химиялық принциппен жіктеу өте қиын.
Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен екі топқа
бөлінеді:
1.Эндогендік улар-әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның
өзінде пайда болатын улар(нитрат, нитрит, индол, скатол, т.б).
2.Экзогенді улар-ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар.
Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді:минерал
тектес, өсімдік тектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес
уытты заттар, деп көрсеткен.[1]
Н. А. Заманбеков, Ә. М. Өтенов 2001 еңбектерінде Ауыл шаруашылығы
өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді
әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам шөптерден қорғау үшін қолданылатын
химикаттардың, жасанды азықтық қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі
бір ретпен жіктеуді талап етеді.Өндірістік қолданылуына байланысты
пестициттер(зиянкестерге қарсы қолданылатын уытты заттар) мынадай топтарға
бөлінеді:
1. акарицидтер-кенелерге қарсы қолданылатын заттар.
2 .арборицидтер-пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын
заттар
3. альгицидтер-су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар
4. аттрактанттар-зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар
5.афицидтер-өсімдік битіне қарсы қолданылатын заттар
6. гербицидтер-арам шөптерді жоятын заттар.
7. дефолианттар-техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде
өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар
8. десиканттар-өсімдіктерді құрғататын заттар
9. зооцидтер немесе родентицидтер- кеміргіштерге қарсы қолданылатын
заттар
10. инсектицидтер- зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар
11. моллюскоцидтер немесе лимацидтер- ұлулар мен олардың шырыштарына
қарсы қолданылатын заттар
12. ларвицидтер- жәндіктер дернәсілдеріне (личинкаларына) өлтіре әсер
ететіндер.
13. нематоцидтер- жұмыр құрттарға қарсы қолданылатын заттар
14. овицидтер- шыбын шіркейлердің жұмыртқаларын жоятын заттар
15. ретарданттар- өсімдіктердің қсуін реттейтін заттар
16. репеленттер- жәндіктерді үркітуге арналған заттар
17. фунгицидтер- әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар
18. ихтиоцидтер- зиянкес арамбалық түрлерін жоюға арналған химиялық
заттар
19. хемостерилянттар- зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын
немесе еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар
20. антитрактанттар- зиянды жәндәктерді өзінен алшақтататындар.[2]
Б. Д. Айтжанов , Н. К. Көбдікова 2001 -ның оқулығында: Ағзаға енуіне
байланысты пестицидтер жүйелі(өсімдік бойына сіңіру арқылы),
контактілі(малдың терісі арқылы) және фумиганттар(тыныс алу жолдары арқылы)
түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер ағзаға негеннен
кейінгі әсеріне байланысты: 1.таңдамалы-бактериалды препарат Лепидоцид тек
көбелектрге қарсы. 2. Орташа таңдамалы- Актара препараты барлық жәндіктерге
қарсы қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте төмен. 3. Әсер ету аясы кең
препараттар- жасанды пиретроидтар(кенелермен басқа да зиянкестерді өлтіре
ететіндер) және фосфорорганикалық қосылыстар. 4. Әсер ету аясы өте кең
препараттар(Нитрафен)-(зиянкестерді , кенелерді, құрттарды, арам шөптен
саңырауқұлақтарлы жою үшін) болып бөлінеді. [3]
А. А. Байниязов 2001 еңбегінде: Ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы
негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондағы
микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы заттардың
физикалық-химиялық құрылымына және уыттылығына әсер етеді. Мысалы құрамында
алкалойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын
жоғалтады, алкаломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір
жағдайларда сулемаға айналып кетуі де мүмкін. Құсқан кезде қарыннан улы
заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы
ішекке, одан әрі қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке
қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.
Тыныс алу(ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәріздіулы заттар(көміртегі
тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдер, шаң-тозаң түсуі мүмкін.
Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе ұлпалары қабынуға ұшырайды(хлор, фосген)
немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла
алады. Сонымен қатар, көз коннъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей
қабықтары, қуық арқылы да енеді. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі
мүмкін.
Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас
қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі
көрінісі болып табылады.
Улы заттардың резорбтивті(қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның қан
тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу және
тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға тасымалдайды
және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бұзылуы, қатерлі
белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға есірткілер,
гликозидтер және алкалойдтар жатады. [4]
С. Қырықбайұлының 2007 жазғаны бойынша:
Малды емдеуге және аурудың алдын алу шараларын жүргізгенде
антибиотиктер көптеп қолданылады. Сонымен қатар малды бордақылау және жас
төлді өсіру кезінде де антибибиотиктердің мал өнімдерінде, етте, сүтте т.б
болуы адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Кейбір антибиотиктер адам
организміне анафилакактикалық, аллергиялық реакцияларды қоздыруы мүмкін.
Сонымен қатар ішек қарындағы бактериялардың табиғи қатынасын бұзады және
антибиотиктерге төзімді, зардапты микробтардың штаммы пайда болады.
Антибиотиктер мал өнімдерінде болған жағдайда, оны бактериологиялық тексеру
қиындайды және сүт қнімдерін, шикілей қақталған шұжыұты дайындау
технологиясы бұзылады.
Жұмысты орындау тәртібі. Пластинкалы ет пептон агарына Пастер
тамызғышының көмегімен 2-3 тамшы сорпадағы тест-өсіндіні негізіп (немесе
агардағы өсіндінің жуындысын), оны агар бетіне біркелкі жаяды. Содан соң
Петри шыны аяғының шетінен бірдей жерге 2-3 г болатын еттің 3 бөлігін және
0,25 ӘБ (ЕД) пенициллин енгізілген қағаз ойықшасы орналастырылады. Петри
шыны аяғын алдымен 3-5 cағатқа 4-50 С-да мұздатқышқа, содан кейін 370-та 15-
20 сағат термостатқа қояды. Егер етте антибиотик болатын болса оның
айналасында микробтар өспейді. Оны тексеру пенициллин сіңірілген қағаз
ойындысының айналасындағы микробтардың өспеген аймағымен салыстыру арқылы
жүргізіледі.
Санитарлық баға. Малды, құсты сояр алдында антибиотиктерді оларға
емдеу немесе аурудың алдын алу мақсатында берілуі төмендегі уақытта
тоқтатылуы қажет: бір тәулік бұрын-бензил-пенициллиннің, эритромицинніңң
олендомициннің; үш тәулік бұрын-хлортеро-циклиннің, окситетрациклиннің,
тетрацеклиннің, левомецитиннің, полимиксиннің; жеті тәулік бұрын-
стрептомициннің, каномициннің, мономициннің пролонгирленбеген препараттары.
Ал пролонгирленген антибиотиктер қолданған жағдайда-алты тәулік бұрын-
бицилиндердің, отыз тәулік-дибиомицин, жиырма бес тәулік- дитетроциклин
берілуі тоқтатылады.
Антибиотиктермен емделген малдың сүтін төмендегі уақыт ішінде тағамға
пайдалануға рұқсат етілмейді. Пролонгирленбеген препараттар түрін сауын
малға еккенде: пенициллин, тетрациклин, окситетрациклин, неомицин-12 сағат,
стрептомицин-48 сағат, экмоновицилин-24 сағат, мономицин-7 тәулік бойына
сүтті тағамға пайдалануға рұқсат етілмейді.
Сүтте антибиотиктер табылған жағдайда, ондай сүт малды азықтандыруға
пайдаланылады. [5]

В. А. Макаров, В. П. Фролев 1991 оқулықтарында: Азықтық сальмонеллез-
әртүрлі түрде, соның ішінде типтік токсикоинфекция түрінде өтетін жұқпалы
процесс. Оның шығуы сальмонеллезден болатын токсикоинфекциялық
бактериялардың этиологиясын аурудың өршуі кезінде тағамға қолдануға
лажсыздан сойылған мал еті. Сальмонеллезда ішектен организмге өтіп, сонда
көбейіп, тек жергілікті процеске емес, сонымен қатар, жалпы инфекцияға да
себепші болады.
Санитарлық бағасы. Жануарлардың ұшасы мен ішкі өнімдерерінен ішкі
түрінде жіберуге тыйым салынады. Бұлшық еттерде дистрофиялық немесе басқа
да өзгерістер болғанда ұшаны ішкі ағзасымен бірге утильдеуге жібереді.
Ұшада патологиялық өзгерістер байқалмаса, өнімдерді пайдалану туралы шешім
бактериологиялық зерттегеннен кейін ғана қабылдады. Сальмоннелалар
анықталса ішкі ағзаларды утильдейді, ал ұшаларды қайнатып пісіргеннен кейін
жібереді. Терілерін дезинфекциялайды. Дайын ет өнімдерінде сальмонеллалар
болса, оларды өңдеуге, техникалық утильдейді немесе жояды. [6]
Н. Ф. Шуклин 1991 оқулығында: Стафилококкоз және
стрептококкок.Табиғатта кең тараған екі туысқа жататын микроорганизмдер.
Олар ауада, суда, теріде және де тыныс алу жолдарында, сонымен қатар адам
мен жануардың ішектерінде кездеседі. Пигменттерді азықтық орталарда көбею
ерекшеліктеріне байланысты алтын түстес, ақ және лимонды-сары стафилококк
болып бөлінеді.
Азықтардың стафилококк және стрептококктармен залалдану көздері
әртүрлі. Негізгі бір орындарды маститке шалдыққан жануарлардан(сиыр, қой)
алынған микрооганизмдермен зарарланған сүт алады.
Санитарлық бағасы. Үлгіде ет және лимфа түйіндерінен кокк микробтары
табылса, ішкі мүшелері утильге жіберіледі, ал еті пісіруге немесе нан
шұжықтарын дайындауға жолданады. Токсикокогенді стафилококк және
стрептококк табылған дайын өнімдерді утилизацияға жібереді. [7]

ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Улар. Улы заттардың жіктелуі
Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор.
Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы, яғни жыл сайын жаңа химиялық
қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы
заттарды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай
топтастыру шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Химиялық құрылымы өте
ұқсас заттардың токсикалық әсері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан химиялық
принциппен жіктеу өте қиын.
Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен екі топқа
бөлінеді:
1.Эндогендік улар-әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның
өзінде пайда болатын улар(нитрат, нитрит, индол, скатол, т.б).
2.Экзогенді улар-ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар.
Экзогендік улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді:минерал
тектес, өсімдік тектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес
уытты заттар.
Минерал тектес уытты заттарға:ауыр металл тұздарын жатқызамыз.
Органикалық уытты заттарға:пестициттер, органикалық қышқылдар, т.б
жатады.
Өсімдік тектес уытты заттарға: алкалойдтар, гликозидтер, сапониндер,
эфир майларын жатқызуға болады.
Жануар тектес уытты заттарға: жылан, балық, өрмекші және әртүрлі
буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және де басқа да микроорганизмдердің
токсиндері жатады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды
тыңайтқыштарды, өсімдіктерді әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам
шөптерден қорғау үшін қолданылатын химикаттардың, жасанды азықтық
қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі бір ретпен жіктеуді талап
етеді.Өндірістік қолданылуына байланысты пестициттер(зиянкестерге қарсы
қолданылатын уытты заттар) мынадай топтарға бөлінеді:
1. акарицидтер-кенелерге қарсы қолданылатын заттар.
2 .арборицидтер-пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын
заттар
3. альгицидтер-су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар
4. аттрактанттар-зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар
5.афицидтер-өсімдік битіне қарсы қолданылатын заттар
6. гербицидтер-арам шөптерді жоятын заттар.
7.дефолианттар-техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде
өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар
8. десиканттар-өсімдіктерді құрғататын заттар
9. зооцидтер немесе родентицидтер- кеміргіштерге қарсы қолданылатын
заттар
10. инсектицидтер- зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар
11. моллюскоцидтер немесе лимацидтер- ұлулар мен олардың шырыштарына
қарсы қолданылатын заттар
12. ларвицидтер- жәндіктер дернәсілдеріне (личинкаларына) өлтіре әсер
ететіндер.
13. нематоцидтер- жұмыр құрттарға қарсы қолданылатын заттар
14. овицидтер- шыбын шіркейлердің жұмыртқаларын жоятын заттар
15. ретарданттар- өсімдіктердің қсуін реттейтін заттар
16. репеленттер- жәндіктерді үркітуге арналған заттар
17. фунгицидтер- әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар
18. ихтиоцидтер- зиянкес арамбалық түрлерін жоюға арналған химиялық
заттар
19. хемостерилянттар- зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын
немесе еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар
20. антитрактанттар- зиянды жәндәктерді өзінен алшақтататындар.
Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа
бөлінеді:
-органикалық қосылыстар(фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды
пиретройдтар, нитрофенлдар, тио-және дитиокарбамин, триазин туындылары);
-бейорганикалық қосылыстар(сынап, мыс, циан, родон және фтордың
құрамдас қосындылары);
-бактерия, вирус, саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір
сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер(пиретриндер,
антибиотиктер).
Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі(өсімдік бойына сіңіру
арқылы), контактілі(малдың терісі арқылы) және фумиганттар(тыныс алу
жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер
ағзаға енгеннен кейінгі әсеріне байланысты: 1.таңдамалы-бактериалды
препарат Лепидоцид тек көбелектрге қарсы. 2. Орташа таңдамалы- Актара
препараты барлық жәндіктерге қарсы қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте
төмен. 3. Әсер ету аясы кең препараттар- жасанды пиретроидтар(кенелермен
басқа да зиянкестерді өлтіре ететіндер) және фосфорорганикалық қосылыстар.
4. Әсер ету аясы өте кең препараттар(Нитрафен)-(зиянкестерді , кенелерді,
құрттарды, арам шөптен саңырауқұлақтарлы жою үшін) болып бөлінеді.
Пестициттердің негізгі зиянды түрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі
1.Қарынға еккендегі уытты дәрежесіне қарай (ЛМ50мгкг) пестицидтер 4-
ке бөлінеді:
а) Өте күшті әсер ететін улы заттар 50-ден аз
ә) Жоғары улы 50-200
б) Орташа улы 200-
1000
в) Улылығы төмен 1000-ден
жоғары

2. Терілік-сіңу (резорбтивті) улылығына қарай(ЛМ50мг кг) пестицидтер
3-ке бөлінеді:
а) Айқын көрінетін
б) Қалыпты көрінетін
в) Әлсіз көрінетін
3.Жинақталуына(кумуляция) қарай (жинақталу коэфициенті-К күн)
пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Жоғары дәрежелі
б) Көрінекті
в) Біркелкі
г) Әлсіз

4.Төзімділігіне қарай пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Өте төзімді 1-2 жыл
ә) Төзімді 6 айдан 1 жылға
дейін
б) Біркелкі төзімді 1 айдан 6 айға
дейін
в) Әлсіз төзімді 1 айға дейін

5.Бластомогендік әсеріне қарай пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Айқын канцерогенді
б) Канцерогенді
в) Әлсіз канцерогенді
г) Бластомогенді

6.Тератогенді әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Айқын тератогенді
б) Тератогенді
Эмбрионды-улы әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Талғамды-аналық тәсілге улы әсері төмен
б) Біркелкі-әртүрлі әлсіз улы әсерлері бар

7.Аллергиялық құрамына қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Күшті аллергендер-төменгі мөлшерінің өзі аллергия шақырады
б) Әлсіз аллергендер-жеке мүшелерге әсер ететін аллергиялық
заттар

3.2. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары
Улы заттардың ағзаға әсері оның мөлшеріне байланысты. Ағзаның удың
зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген факторларға байланысты. Олар:
➢ Малдың уға сезімталдығы
➢ Ағзаның жағдайы
➢ Удың ағзаға ену жолдары
➢ Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауыл шаруашылық
малдары мен жабайы жануарларға, сонымен қатар құстарға, балықтарға және
пайдалы жәндіктерге әсерін зерттейді. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер
етеді. Мысалы:ірі қара мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын
қосылыстарына бейім келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақ гүл
гликозидтеріне өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте
қауіпті болса, ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жаңымсыз және
т.б.
Мал неғұрлым жас болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді.
Себебі олар улы заттарды залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың
залалсыздандыру қабілеті жақсы болып келеді. Кей жағдайларда малдың улы
заттарға сезімталдығы олардың жынысына да байланысты.
Жұқпалы аурумен ауырған мал ағзасының улы заттарға қарсы тұру
қабілеті төмендейді. Уларға қарсы әсер бірінші кезекте бауырдың улы
заттарды жоятын (детоксикация) қызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы
уытты заттардың негізгі сүзгісі болып табылады. Ауру кезінде, әсіресе
жұқпалы аурулар кезінде бауырдың бұл қызметі әлсірейді және жүйке,
эндокринді жүйелердің улы әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы
заттарға жауап беру қабілеті төмендейді.
Удың ағзаға ену жолдары. Ағзаға удың ауыз арқылы ену жолы
негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын сөлімен, ондағы
микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы заттардың
физикалық-химиялық құрылымына және уыттылығына әсер етеді. Мысалы құрамында
алкалойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық есебінен уыттылығын
жоғалтады, алкаломель қарында уытты әсер ете алмайды, бірақ кейбір
жағдайларда сулемаға айналып кетуі де мүмкін. Құсқан кезде қарыннан улы
заттар шықпаса, онда кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы
ішекке, одан әрі қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке
қарағанда удың сорылуы аз деңгейде болады.
Тыныс алу(ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы
заттар(көміртегі тотығы, күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдер, шаң-
тозаң түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкпе ұлпалары қабынуға
ұшырайды(хлор, фосген) немесе өкпе арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті
әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да сорыла
алады. Сонымен қатар, көз коннъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей
қабықтары, қуық арқылы да енеді. Кейбір улы заттар тері арқылы да енуі
мүмкін.
Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас
қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі
көрінісі болып табылады.
Улы заттардың резорбтивті(қанға сіңгеннен кейінгі) әсері ағзаның
қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы өзгерістер қозу
және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды бүкіл ағзаға
тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке қызметінің бұзылуы,
қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттарға
есірткілер, гликозидтер және алкалойдтар жатады.
Улану деп-жануар ағзасына улы заттар енгенде болатын
патологиялық өзгерістерді айтады. Улану уақыты жіті және созылмалы болып
бөлінеді.
1.Жіті улану-құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің
кенеттен болатын өліммен аяқталады. Жіті улану кезінде ағзаға түскен
удың уыттылығы мен ағзаның жағдайының шешуші маңызы бар.
2. Созылмалы улану-көбінесе клиникалық белгілердің жасырын
өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
Ағзаға ұзақ уақыт ішінде улы заттардың аз мөлшерінің енуі, созылмалы
уланудың негізгі себебі болып табылады. Созылмалы улану жануардың өлуіне
әкеліп соқтырмайды, олардан алынған етке сақтықпен қараған жөн.
Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады. Алиментарлы жолмен
түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шығуы мүмкін, ал удың сорылып
болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен несеп шығару жолдары болып
табылады. Көбінесе улардың ағзадан бөлінуіне ас қорыту жолы(қи, нәжіс),
тыныс алу мүшелері және бездер(сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді.

3.3. Тағамдық токсикоинфекция және токсикоздар
Тағамдық токсикоинфекциялар құрамында көп мөлшерде спецификалық
қоздырушының тірі клеткалары бар тағамдық өнімдерді қолданған кезде
туындайтын жіті аурулар. Тағамдағы микроорганизмдердің құрамы аурудың
деңгейін анықтайды.
Азықтық сальмонеллез. Әртүрлі түрде, соның ішінде типтік
токсикоинфекция түрінде өтетін жұқпалы процесс. Оның шығуы сальмонеллезден
болатын токсикоинфекциялық бактериялардың этиологиясын аурудың өршуі
кезінде тағамға қолдануға лажсыздан сойылған мал еті. Сальмонеллезда
ішектен организмге өтіп, сонда көбейіп, тек жергілікті процеске емес,
сонымен қатар, жалпы инфекцияға да себепші болады.
Басқа да микроорганизмдер сияқты сальмоннеллалардың патогендік
әсері жануарларда микро және макрооганизмдердің күрделі механизмдері
бұзылған жағдайда басталады.
Біріншілік сальмонеллездер-спецификалық қоздырғыштар туғызатын
жұқпалы ауру, клиникалық белгілері мен патологоанатомиялық өзгерістері анық
көрінеді. Біріншілік сальмонеллездерге:бұзау сальмонеллезі, торай
сальмонеллезі, қозы, құлын сальмонеллезі, құстар сальмонеллезі жатады.
Клиникалық белгілері мен патологоанатомиялық өзгерістеріне қарай
сальмонеллез ауруының кең таралған түріклассикалық болып табылатын бұзау
сальмонеллезі(паратиф). Оған 2 аптадан 3-6айлық төлдер шалдыққыш келеді,
кейде одан да жоғары.
Екіншілік сальмонеллез-өз бетімен емес, жануарлардың (сонымен
қатар құстар) жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда, ұзақ ашығу,
қажу және басқа да жағдайларда, ағзаның резистенттілігі төмендегенде
сальмонелла тасымалдаушылар таратады.
Санитарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал ауруларының туындауының себептері
Малды союға дайындау
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Фосфор органикалық қосылыстар
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау
Малдың ұшасын тексеру
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау жайлы ақпарат
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық-санитариялық, токсикологиялық бағалау жайлы ақпарат
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Пәндер