Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар туралы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4-23
1
Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... .
4
2
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5-6
3
Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7-14
4
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы ... ..
15-16
5
Физиологиялық кесте құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
6
Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
7
Су буымен алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
Көмірқышқыл газының мөлшерімен есептеу ... ... ... ... ... ... ...
19
9
Жылу тепе-теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
10
0 (нөлдік) балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
11
Қораның табиғи және жасанды жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22-23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .
25
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы саласының халықты тамақ өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуде көп шаруашылығын атқаратын рөлі өте зор. Оның халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері өте көп. Сондықтан оның технологиялық процестері биологиялық жағдайларымен тығыз байланысты болғандықтан өндіріс нәтижелері табиғи климат жағдайларға көбіне-көп тәуелді болып келеді.
Шошқа шаруашылығы мал шаруашылығының ең жылдам көбейіп, дамитын, батауы ерекше сала болып табылады. Шошқа өсірудің тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен оған берілер рацион, азық құрамын мүмкіндігінше молайту керек. Ол үшін оны өсіруге қолайлы жағдай туғызып қоражай сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу керек.
Жер бетіндегі адамзат ерте заманнан жан-жануармен айналысқан, сол кезден малды бағу тәсілін үйрене бастаған, күтіп-бағу және ауырған малды емдеуді сол кезден бастап игерген. Ауырған малға ем жасасам депғ қолынан келген емін жасап жанын аман алып қалған кезде, үлкен жетістіктердің бірі екенін сезінген адам баласы осыны дамыта бастаған.
Қазіргі уақытта ауылдың болашағы қала болашағы екеніне толығынан көз жеткіздік десе артық болмас. Сондықтан да қазіргі ауыл шаруашылығын дамыту, мал басын көбейту басты мәселе.
Бастысы сапалы мал өнімі және ауыл бағдарламасы. Алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан және сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген шикі зат өнімдері мен мал өнімдері әкелінуде, ол бізге экономикалық шығын тигізеді. Сондақтан да Әлемдік Сауда Ұйымы бізге ауадай қажет.
Басқа үй малдарымен салыстырғанда шошқа малының буздық кезеңінің қысқалығымен, көп төлділігімен, тез өсетіндігімен ерекшеленеді. Жылына екі рет төлдеп, кем дегенде 10 торайдан төл әкеледі.
Мен өзіме берілген курстық жобаның тапсырмасы бойынша Қостанай аймағында бөлшек материалдарын өзім тағайындап, әр түрлі салмақ пен әр түрлі жастағы 51 бас шошқа малдарына арнап орындадым.
1 Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді: аяқталған өндірістік цикл мен, репродукторлы және ет өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді. Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы (сатылы) болады. Бір фазалы ұстау кезінде торайларды 21, 26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
Екі фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды туғаннан бастап бордақылаудың соңына дейін бір рет ауыстырады, яғни торайлары 26-36 тәуліктік жастарында енесінен айырады да, сол станокты өзгертпей, үш айлығына дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне ауыстырады. Аналық шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен 12-24 мың бас шошқаларға арналған фермалар салынған.
Үш фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды 26-36, 45 тәуліктік жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып, ол тұрған цехінен өсіру цехіне ауыстырып 90-120 күндігіне дейін ұстап, кейін бордақылау цехіне жіберіп союға дейін семіртеді.
2 Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар.
Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
- Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;
- Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар;
- Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
- Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
- Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып серуендетеді.
Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап, шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп секцияларға бөледі.
Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м², аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0,8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді болады.
3 Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы шошқаларды жеке қораларда ұстайды. Ол үшін әр шаруашылықта қабан шошқаларға арналған қоралар (ұрықтандыру пункті немесе онсыз), қысыр және ұрықтандырылған аналық қоралары, буаз және торайлы шошқаларға, енесінен айырған торайлар мен жас шошқаларға, бордақы шошқаларға және басқа шаруашылықтан алынған малдарға арналған карантин-қоралары қаралады.
Аналық шошқа қоралары.Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін ұстайды.
Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайцлардан бөлек ұстап, ал торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын зонасы болуы керек. Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір-біріне қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал тек көң жолы жағының қабырғасы торкөзді бөлігі торайлардың енесіне қатысуына бөгетсіз болып, астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін және эритемді шамдарды іліп орнатады.
Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы каналға (арық) түсіп, одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің көмегімен тазаланып шығарылады.
Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде Лузинский, ал екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.
Станоктардың еденінің ауданы енелерінен торайларын айыратын мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде айырса станок ауданы - 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса - 5-5,5 м² алынады. Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1, СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі шетінде торайлар жатып дем алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша немесе емшекті су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.
Станок ССИ-2 типті (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір, торайлардың дем алып, азықтануына - 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы - 317 см, ені - 200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы - 180 см, ені - 60 см.
Аналық шошқа
Аталық шошқаларға (қабандарға) арналған қоралар көбінесе ірі шаруашылықтарда комплекстерде қаралады, ал кішігірім фермаларда, көбінесе аналық шошқалардың қораларында жекелеме станоктарда қабандарды да ұстайды. Қабан шошқаларға арналған қорада қосымша ұрықтандыру пункті (манеж, лаборатория), қабандарға санитарлық-тазалау жұмыстарын жүргізетін бөлме, ұрықтанған аналық шошқаларды уақытша ұстаға арналған орын, жабдықтарды және төсеніштерді сақтайтын бөлмелер қаралады.
Қабандардың қораларында станоктарды екі қатарлы орналастырып, ұзын қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал ортадан азық таратып, көң тазартатын ені 1,4 м кем емес, жол қалдырады. Негізгі қабандарды жекелеп, жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап, олардың едендерінің ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда - 7, топтап ұстағанда - 2,5 м² қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы керек. Қараңғыда аталық шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді.
Қабан шошқалардың станоктары азық науаларымен және су құбырларымен (табақша немесе емшекті автопоилкалар) жабдықталады. Азық науасының әр басқа шаққандағы ұзындығы (фронт) 45-50 см. Құрғақ азықтардың науасының ені (үстінен және түбінен) 50 см, алдыңғы бетінің биіктігі - 25 см. Станоктың едені жылыланған болуы керек.
Қабандардың негізгі аурулараның себебі оларды қыс және күз айларында суық, сызды едендерде ұстау, моционның жетіспеушілігі және жазда жаймау екендігі тәжірибеде де дәлелденген. Суық кездерде қабандар тұратын станоктардың едендерінің жылылығы 15-18 ºС болуы керек. Егер қабан шошқаларды жылы едендерде ұстаса, олардағы кейбір аурулар (бұлшық еттерінің дірілі, жұмсақ табандары, аяқ тұяқтарының жарылуы т.б.) кездеспейді.
Аталық шошқа
Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және топтап ұстауға арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың екі жанындағы қабырғаларының 13 бөлігі тұтас, ал қалған жағы төркөзді болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктың тұтас қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық болмай, әр станокта 10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа 1,8-2 м² еден ауданы есептеледі.
Стакандарда жеке немесе топтап көректендіруге арналған азық науалары орнатылады. Әр станокта төркөзді деннің турасына су құбыры қойылады. Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден керамзитті-бетонды материалдан жасалады.
Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен (5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға орналастырады.
Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте қауіпті екенін естен шығармау керекте, осы кездерде олар толық құнарлы затты, витаминді және макро-микро элементті рационмен қамтамасыз етілуі қажет. Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микроклиматы қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр шошқалардың жоғарғы температурада, әсіресе жаз айларында жас аналықтардың, болуы жыныстық күйтінің келуін тежейді. Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде ұстап, серуендетіп, қалыпты азықтандырып отырса, олардың жыныстық күйті тез келеді.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар - тұқымдық және өнімдік фермаларда, оларды 25-30 бастан топтап ұстауға арналып салынады. Кейбір фермаларда енесінен айырған торайларды ұялы түрде ұстайды (бір ұядағы торайларды жеке станокта). Енесінен айырған торайларды ірі топпен ұстаған кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен айырған торайларды үш ұядан артық қоспай, яғни 15-25 бастан артық бір станокқа топтамау қажет. Шағын фермаларда 0,35 м², тұқымдықтарда - 0,4 м² әр басқа есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа ұзындығын 20 см есептеп алады.
Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ жарық және жақсы желдетілген болуы керек. Неғұрлым өсіруге қойылған шошқалар жас болса, жаңа орынға олардың организмдері бейімделу үшін, солғұрлым ұстау жағдайы жақсы болуы керек. Жас торайлардың өсу жылдамдығы көбінесе қора ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан жас торайлардың секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамасыз етіп, жыл мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза, жаңа ауа жоғарғы жаққа, ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.
Енесіне айырған торайлар
Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал қораларының сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың мөлшерін азайтып, соның нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды кемітіп, құрлыс материалдарын үнемдеп, вентиляция, канализация, электр жүйелерінің жүргізу жолдарын қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді (азық тарату, көң шығару, ауа алмастыру, жарықтандыру т.б.) механикаландырып және автоматизациялауға қолайлы жағдай жасалады.
Клеткалы - батареяларда торайларды өсіріп-жетілдіру екі сатыда жүргізіледі: біріншісі торайларды 4-10 күндіктен 30-35 тәуліктік жасына дейін, екіншісі - 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.
Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе үш қабатты клеткалы батареяларды пайдаланады. Клетканың қаңқасын тат баспай-
тын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген сымдардан торкөзді қылып дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен санына байланысты болады. Өте ерте енесінен айырып алынған торайларды жекелеме клеткаларда ұстайды да, оның размері 0,25мx0,60м болады. Топтап ұстау үшін, размерлері үлкендеу клеткалар 1,2 м-1,5 мx0,6 мx0,8 м және биіктігі 0,4-0,6 м пайдаланылып, оның әр торайға жасына байланыстырып еденнің ауданын 0,1 м² дан 1,2 м² дейін есептеледі. Клетканың алдыңғы қабырғасын еңіс жасап, оған металды азық науасын бекітеді. Бұл қабырғаны көбінесе қосымша есік есебінде пайдаланады. Көректену кезінде торайлар қатты мазасызданбау үшін, алдыңғы қабырғасының ішкі жағына торайдың санына байланыстырып, азық науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.
Клеткалары батареялардың едені екі қабатты метал сеткаларынан жасалып, оларды жылжыту арқылы, оның тор көздерінің размерлері 10x10 мм немесе12x12 мм болатындай орналастырады.
Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне түскен шошқа нәжісі сырғып, көң каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.
Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір немесе екі қабатты металдан жасалған клеткалы батареяларын пайдаланады. Олардың еденедерінің ауданы, торайлардың өсуіне байланыстырып, 0,27-0,28-0,30 немесе 0,37-0,38 м² есептеледі. Клетканың размері 1,2x1,6 м немесе 1,3x1,3 м, биіктігі - 0,6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан (планка) саңылауын 5x15 немесе 30 мм және аралығындағы саңылау 10-15 мм жасалады. Бірінші қабаттың едені жерден 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары орналасады. Шошқалардың қыйы тор едендерінің арасынан арықтарға түсіп, ол жерден көң жинағыш құрылымының көмегімен тазаланады.
Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына қарама-қарсы жақтан емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.
Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы 25-30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.
Торайларды клеткалы батареяларда ұстап өсіру кезінде ондағы микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші сатыдағы торайларды өсіру кезінде ауаның температурасы 26-28 ºС болуы керекте, олардың өсуіне байланыстырып, төмендетіп отырады. Мысалы, торайдың тірі салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы микроклиматтың көрсеткіштерін қалыпты мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып кіргізіп-шығарып тұратын механикалық желдеткіш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz