Латын әліпбиіне көшу: тиімді және тиімсіз тұстары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Латын әліпбиі

Орындаған: Сұлтанберді А

Тексерген: Ибраева М. Б

ТК-701

Семей 2018

Латын әліпбиіне өтудің тиімді тұстары

2006 жылы Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген салихалы ойын білдірді.

Белгілі ғалым Шәкір Ыбыраев әліпбиді латынмен ауыстырғанда ұтатын жақтарымызды былай таратады: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Лингвист Шерубай Құрманбайұлы латын әрпіне көшудің қиындықтары болғанымен, латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айта келіп, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады деген ойын білдіреді.

Сондықтан да бұл мәселелерді осы кезден жан-жақты ойластырып, мемлекет тарапынан бір нақты шешімге келіп, бағдарламамен жұмыс атқарылуы тиіс. 2025 жылға дейін уақытты күтіп жатудың қажеттілігі жоқ. Дайындық, насихат жұмыстары белсенді орындалуы тиіс. Ол үшін арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеп, нақты мақсат-міндеттермен, шешілуі тиісті мәселелермен айналысуы керек. Қоғамдық пікірді ұйымдастыру қажет. Орыстілділердің мәселелері зерттеліп, оны шешудің ғылыми, оңтайлы жолдары іздестірілуі тиіс.

Сәмен ҚҰЛБАРАҚ, филология ғылымдарының докторы, М. Х. Дулати атындағы ТарМУ профессоры

Латын әліпбиіне өтудің тиімсіз тұстары

Кенжехан Матыжанов: “А. Байтұрсыновтан бастап, қазіргі фонетист ғалымдардың анықтауынша қазақ тілінде 28 төл дыбыс бар деп жүрміз. Жобалаушылар оған кириллицадан қосылған 5 дыбысты (“и”, “в”, “ц”, “ф”, “ч”) қосып 33-ке жеткізген. Соның нәтижесінде компьютер түйметақтасындағы (клавиатура) 26 таңба жаңа әліпбиге жетпей қалған. Сондықтан да жобалаушылар артық дыбыстарды таңбалауда қосарлы таңбаларға жүгінген. Бұл әлемдік тәжірибеде бар дұрыс қадам болғанмен, біздің жазу жүйемізге сәйкес келмейтін жағдайы да бар. Ол, ең алдымен, “ә”, “ө” “ү” дыбыстарын “ае”, “ое” “ue” деп таңбалаудан оғаш көрініп тұр. Мәселен, “Аеsel”(Әсел) немесе “Koektoebe”(Көктөбе) “ueki”(Үкі) деп таңбалау оқуға да, жазуға да қолайсыздық туғызады деп ойлаймыз. Сол сияқты “ң” таңбасын беруде оның соңына “g” таңбасын қосарлау да жарасып тұрған жоқ”, - деген пікірін ашық айтты.

Қорытынды

Менің ойымша латын әліпбиіне өту өте дұрыс шешім. Себебі, біз латын әліпбиіне көшсек дамыған елдердің қатарына қосыла аламыз. Сонымен қатар, қазіргі уақыттың өзінде көптеген адамдар телефонда қазақша әріптерге қарағанда латын әріптерін көп қолданады. Мектеп жасындағы балалар да 1-ші сыныптан бастап ағылшын тілін үйренуде, олар да латын әріптерін толықтай біледі деп айтуға болады. Сондықтан, латын әліпбиіне өту халыққа қиынға соғады деп ойламаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын әліпбиіне оралу: тарихы, қазақ графикасы және ұтымды тұстары
Латын әліпбиіне көшу: проблемалар мен перспективалар
Латын әліпбиіне көшу: қазақ жазуының тарихы, тиімділігі мен қиындықтары
Латын әліпбиіне көшу: рухани тәуелсіздік және тіл бірлігін нығайту
Латын әліпбиіне көшу: рухани жаңғыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Латын әліпбиіне көшу: тіл тазалығы, халықаралық ықпалдастық және әдістемелік аспектілер
Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиіне көшу негіздері
Латын тілінің диахрониясы мен синхрониясы, жазу таңбаларының тарихы және Қазақстандағы латын әліпбиіне көшу (1929-1940)
Латын әліпбиіне көшу: қазақ жазуының графикасы, фонетикасы және ұлттық-тілдік реформаның мәні
Кеңестік Қазақстандағы латын әліпбиіне көшу реформасы: ХХ ғасыр басындағы саяси, мәдени және лингвистикалық аспектілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz