Үкілі Ыбырай туралы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Үкілі Ыбырай
Үкілі Ыбырай Сандыбайүлы (шын аты -- Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы, Володарский ауданы -- 1930) -- қазақтыңхалық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі.

Өмірбаяны
Кедей шаруа отбасында туған. Үкілі Ыбырай бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатты болған. Жасынан әнге, өлеңге құмар Үкілі Ыбырай қазақтың атақты әнші-ақындарынан (Орынбай, Арыстанбай Тобылбайұлы, Шөже, Біржан сал, Ақан, Балуан Шолақ, Тезекбай) үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңірді. Өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әндер бар.
Шығармалары
Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай өндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хүсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп.

Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырай... Оның Үкілі Ыбырай атануының себебін Өзім жайлы атты өлеңінде бабамыз өзі айтып кетіпті:

Аралап талай елдің дәмін таттым,
Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым.
Қалаған Сәмекеден қара қалпақ,
Қос буын шекесіне үкі тақтым,

- десе қара қалпақтағы қос буын үні дом­бырадағы қос буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып Үкілі Ыбырай атанды.
Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып, әндетіп дабылдатып өтсе де ақынның өмірінің соңғы кезеңі ХХ ғасырдың отызыншы жылдары әкелген зұлматтың құрсауында өтті. Голощекиншіл ұр да жық белсенділердің асыра сілтеген әрекеттері елді ашаршылыққа ұшыратты. Ұжымдастырудың зардабынан байғұс қазақтың жайлауында жаны, қыстауында қаны шықты. 1929 - 1932 жылдарғы қырғын аштықты көзі көрген ақтангер ақын ел мұңын ашық айтып, сұқ көзге түсті. Ащы тілі шымбайларына тиген ауылдағы шенділер соңына шырақ алып түсті. 1933 жылы Қазақстанды басқаруға Л. И. Мирзоян келіп, жағдайды түзей бастағанша, 1932 жылы Үкілі Ыбырай халық жауы атанып, атылып кетті.
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы осы күнгі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты № 5 ауылында 1860 жылы дүниеге келді. Кеңес үкіметі кезінде бұл ауыл Өскен деп аталды. Бұл күнде Үкілі Ыбырай ауылы атанарына сенімім мол. Жалғызтаудың бауырын жайлаған Жақсылық қарауылынан шыққан ақынның ата тегі Деріпсал Сәбденнен тарайды. Сәбден -- Абылай ханның әрі досы, әрі даңқты батыры болған әйгілі кісі. Деріпсалдың Сандыбай, Маңдай, Әбіле атты үш ұлынан үлкен әулет тарады. Маңдайдан -- Қосшығұл, Асайын, Үсейін; Сандыбайдан -- Бөпіш (Мейіз), Шалғымбай, Ыбырай; Әбіледен -- Ілияс, Кенжеғали, Молдағали туған. Асайыннан тараған Смағұл, Мырзағұл болса, әйгілі ақын, үздік әнші Мұса Асайынов (1929 - 1976) Мырзағұлұлы менің шешемнің апасы Бағи апамыздан туды, Смағұл қарт -- ауылымыздың ақсақалы, ұста, соғыстан үш ұлы оралмай, тоқсаннан асып қайтыс болды. Шалғымбайдан тараған Сүлейменнің балаларын, Дәуіттің өзін көріп өстім. Жалпы алғанда Деріпсалдың ұрпағы батыр тұлғалы, ірі денелі келеді. Бауырым Мұса да қапсағай бойшаң, қыран мұрын, қалың шашты, кең маңдайдың астынан өткір, үлкен көздері күлімдеп тұратын жігіт еді. Ол ән салғанда ерекше күш бітіп кеткендей, әу дегенде тыңдаған жанды селк еткізетін, маржандары сылдырап, аспалы шам қозғалатын, Ыбырайға тартып туған асыл тұяқ деп ел еркелетті, өзі де еркелетуге лайық еді.
Үкілі Ыбырайды сипаттағанда Сәкен Сейфуллин:
Әні бар „Гәкку" деген аңқылдаған,
Аққудай айдын көлде саңқылдаған.
„Кідігай", „Қалдырған" мен „Маңмаңкерді",
Ырғалтса керней даусы қарқындаған,
- деп Шаляпинге теңесе, бұл Ыбыкеңнің жетпіске тақап қалған шағы, әлгі
Мұсадай кезінде кездессе не дер еді?!
Біржан сал жас Ыбырайды алғаш рет тыңдағанда Ақан серіге қарап: Ақанжан-ай, ертіп келген шәкіртіңе қанықтым, шын бақытты жан екенсің: қазақта жылқының перісі Құлагер саған бұйырса, ақынның перісі осы інің болар. Қазақ әнінде өзім жеке дара тұрмын, өзгелерге Ыбырай жеткізбес, - деген сөзін халық ақыны, әкемнің ағасы Молдақмет Тырбиұлынан естіп едім. Кейін осыған ұқсас сөзді әйгілі әдебиет зерттеуші Е. Смайыловтан да оқыдым. Бұл ағамыз:
Ыбырай -- шын мәніндегі ұлы өнерпаз, - деп жазып кетті.
Сол дарабоз дүлдүл Кеңес үкіметі келіп, әсіресе, кәмпеске мен ұжымдастыру науқандары ел тұрмысын күйзелткенде өткір тілін шындық жолында аямады. Ақыры 1932 жылғы қарашаның 4-і күні қамауға алынды. Асылы жерлестерінің тілі де батқан шығар, сол кездегі ақынды көрсеткен, НКВД-ге қолшоқпар болған өзінің жақын туыстары Шаймұқанды да, Ақыпты да бала кезімде көрдім. Үкілі Ыбырай халық жауы атанып ұсталып кеткеннен соң ауылдағы Есеп атайды жұртқа құбыжықтай көрсетті. Оның үлкен қызы Тұрғын апайды соғыс жылдары трудармияға әкетті, шығармалары отқа түскен аласапыран заман туды. Бірақ алмас кездік қап түбінде жатпады, туған елі өз жүрегінде сақтады. Ол атылып кетсе де мінезі үлгі, қайсарлығы аңыз, ән-жыры ұмытылмады. Кейбір әндерін халық әні деп, кейбір әндерін әлдекімдікі деп сақтаса да тәуелсіз Қазақстан дүлдүл ұлына құшағын кеңдеу ашты. Бұл күндері Ыбекеңнің әндері өзіне қайтарылып келеді. Гәккуге тиіскендердің де бетін қайтардық, ал Аңшының әніне әлі күнге кей жігіттер Дәнеш Рақышевтің әні деген лақап таратып жүрсе, ол қателік. Асыл әнші Дәнеш тірі кезінде ондай озбырлыққа бармады ғой. Әйгілі классик жазушымыз, академик Сәбит Мұқанов Қазақ әдебиеті газетінде бұл мәселенің басын ашып, ашық айтқан. Ол әңгіме жайын бұрын да жазғанбыз. Ақынның өлеңдері мен толғау айтыстарын Гәкку атты бір кітап етіп (Астана, Фолиант, 2005) шығардым, бірақ, бұл әлі толық дүние емес, іздей түсу қажет. Ал, әндеріне дегенде ақиқатты орнату керек. Мысалға, Сырғақтының Ыбырайдыкі екенін бала күннен білуші едім, Б. Ерзакович те солай дәлелдепті.
Үкілі Ыбырайдың композиторлық, әншілік мол мұрасы жайлы жазылған еңбектер баршылық, мен жыр жинағын шығарғаннан кейін ақындық ерекшеліктерін сөз етпекке бой ұрдым. Қазақстанның халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті Молдахмет Тырбиұлының айтуынша, ол алдына жан салмаған әншілігімен қатар, қай сайысқа салсаң да дес бермейтін білімдар, тапқыр, ағынды айтыс ақыны. Оған қоса қаламгерлігі де мол, араб, парсы тілінде оқи білген, өте зерек болған көрінеді. Ыбекең хат танығаннан кейін қолына түскен кітапты жаттап аларлық өнер көрсетіпті. Мұңлық-Зарлық, Қыз Жібек, Жүсіп пен Зылиха, Тотының тарауы, Сейфул Мәлік, Мың бір түн іспеттес лира-эпостық, батырлық һәм ғашықтық жырлары мен қисса-дастандарды жатқа өз әуенімен айта білген. Әсіресе, Ер Тарғын" мен „Мың бір түнді" әнге қосып жатқа айтуға жалықпапты. Кейде қара сырнаймен, кейде үкілі домбырасымен қоса шырқап, поэзияның желісіне қарай ән мақамының өрісін жатық үйлестіре білгені үлкен өнер. Ұзақ дастанды әндеткенде, кейде қолындағы домбырасын жерге қоя салып, тақпақтатып кетіп, отырған жерінен ілгері-кейін жылжып қызғылықты қимылдармен жалықтырмас даланың дара әртісінше тыңдаған жанды жіпсіз байлағандай баурапты. Бойға қонған жан-жақты өнердің арқасында ауыз әдебиетінен әбден сусындап, жазба әдебиетіне иек артып, өз ақындық өрісін кеңейте білгені біз үшін сонау алыстан айдай анық көрініп тұр.
Үкілі Ыбырайдың өзіне үлгі болған Арыстан, Орынбай, Шал ақын, Сегіз сері, Тезекбай, Шөже, Нұркей, Біржан сал, Ақан сері, Мұстафа сияқты саңлақтардың әндерін, айтыстарын ел арасына тарата білгендігі бір төбе. Қолына домбыра алғанда мынау Орынбайдың, мынау Біржанның, мынау Ақанның домбыраны қолдарына алғандағы өз ырғағы, өз құлақ күйі деп, әрқайсысының өз әуезімен, әуенімен, өздері сүйген сарынымен орындауға жетіктігін шебер көрсете біліпті. Молдекеңнің өзі де ұстазынан көргенін бұлжытпай қайталап елге таратып кеткені Есіл мен Көкше өңіріне аян.
Ыбекең тек қана ауыз әдебиетінің өкілі емес, ол өзінің ең жақын һәм жанашыр пір тұтқан ұстазы Ақан сері секілді суырып салма төкпе де, ойланып жазар жазба да ақын. Ыбырайдың ақындық талантынан, әншілік дарынынын да бөле жаруға болмайды. Ол алдындағы ұстаздары Біржан сал, Ақан серіге еліктеп алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гәкку
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Үкілі ыбырай
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
Сал серілердің өлеңдеріндегі қыз сипаты
Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық пьесалар
Үкілі Ыбырай. Тайгадағы түс. “Қалдырған” әні
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы
Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Пәндер