Қазақстан ұлттарының мәдениеті
Қазақстан ұлттарының мәдениеті
Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, көпшілік байланыста көрінеді. Әрбір ұлт өкілі басқа ұлт өкілінің жан тазалығын немесе жамандығын, басқа ұлт өкілдеріне көзқарасын басқалармен салыстыра отырып бағалайды. Басқа ұлт өкілдері бойындағы адамдық жағымды қасиеттерді өз бойына дарытуға, олардағы өмірлік тәжірибе мен шаруашылық жүргізудің озық үлгілерін меңгеруге ұмтылады.
Ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпы мемлекеттік этникалық мінез-құлық нормасы - әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас өмірдегі татулық, адал достық қатынас, өзара түсіністік пен сыйластық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық болып табылады. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністік пен келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Құқықтық мемлекет құруға негіз қалап этникалық ерекшелікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық, игілік пен ізгілік идеясы біріктірген адамдардың түсіністік қауымдастығын қалыптастыруға қызмет етеді. Яғни құқықтық қоғам орнатуға бет бұрған тәуелсіз мемлекеттің өз тұрғындарына азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, өзара құрмет пен сыйластық, татулық пен ынтымақтастық тілеп, осы бастан өсер ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәденниетінің ұрығын сіңдіруге ұмтылысы құптарлық іс.
Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру - Қазақстанды мекендеушілердің санасында және іс қимылында жаңа тұрпатты ұлттық қатынастар дамуының жоғары деңгейінің көрінісін табу формасы болып келетін қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі. Саяси және моральдік принцип ретінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттар мен ұлыстардың даму, гүлдену процестерін білдіретін призма тәріздес әлеуметтік принцип, айна.
Тәуелсіздік жағдайында жаңа мемлекетте қалыптастырғалы отырған ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың бірін-бірі сыйлау ісін бірінші кезекке қояды. Оған басты себеп тоқырау заманының жағымсыз құбылыстары қоғамдық ой-пікірлерді де шарпыды. Ұлттық қатынастар саласындағы адамдардың өр көкіректік, менмендік қылықтары бұл процесті одан әрі шатастыра түсті. Әр ұлт өкілдері арасындағы теңдікті бұзған адам екінші жақтың ренішін туғызады. Ұлттық сезімге тиісе беру оны ушықтырып жібереді. Бұл жағдайда кез-келген адамның мінез-құлқы, саяси мәдениет деңгейі, гуманизмділігі басты рөл атқарады. Дегенмен, кезінде қалыптасып үлгерген ұлт араздығы, сенбеушілік, бір-біріне күдікпен қарау әлі де қалмай келеді. Бұл жағдай еліміздегі қарым-қатынас мәселелерін қайта қарап, нақты шешім қабылдауды керек етеді. Ұлттық тіліміздің жойыла бастауы мен тарихи дәстүріміздің бір жаққа ысырылуы сана-сезімімізге теріс әсер етіп, адамгершілік, имандылық пен қайырымдылық қасиеттерін жоятыны белгілі. Мұның барлығы экономика мен әлеуметтік мәдени талаптардың жөн-жосықсыз бұрмалауына әсерін тигізуде. Соңғы жылдары осы олқылықтар бүкіл халықтың ой елегінен өткізіліп, тиісті бағдарламалық құжаттар қабылданды. Оның ішінде көптеген құнды ұсыныстар халықтар достығын нығайтуға, өзара құрмет пен сыйластық, ортақ тұрағымыздың мерейін көтеруге үлес қосуда. Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан ұлттар саяси, экономикалық, әлеуметтік бірлік негізінде әрекет етуде. Осыған байланысты көптеген ұлттардың өмірінде жаңа қарым-қатынастық қасиеттер пайда болуда. Ұлттардың жан-жақты жетілу процесінде интернационалдық қасиеттердің дамуымен қатар ұлттық сипат та жетілуде. Қазақстанда жалпы мемлекеттік және ұлттық мүдделердің бірлігі, ұлтаралық қатынастың үйлесімді сабақтасуы айрықша мәнге ие болып отыр. Бірақ бұл Қазақстанда ұлттық қарым-қатынас мәселелері түбегейлі шешілді деген сөз емес. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәселелерін нығайту экономикада орын алып жатқан дағдарысты жою, әлеуметтік шындық, сөз бен істің үйлесімділігі сияқты принциптерді жүзеге асыру жолдарын іздестіру. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылықтың мағынасын дұрыс бағалау - өзара түсіністік пен халықтар бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосады. Әр адамның қызметінде, мінез-құлқында мемлекеттік және ұлттық факторлардың дұрыс ұғымын қалыптастыру олардың сана-сезіміндегі адамгершілік, имандылық қасиеттерінің терең орнығып, қалыптасып, ұлттық эгоизм т.б. кері тартпа қалдықтарымен ымырасыз болуына ықпал етеді. Мемлекеттік тәрбиені бір жүйеге келтіру әрбір ұлттың сана-сезімін дамыту ұлттық мақтанышын орнату арқылы жүзеге асырылғаны жөн. Бұған ұлтаралық сипатта өрбіген жанашырлық белгілер қажет. Ең маңыздысы мемлекеттік және ұлттық мүдделерді байланыстыра білу керек.
Мемлекетіміздің барлық тұрғындарын толғандырып жүрген ұлтаралық келісім мен татулық мәселелері елдің ішкі бірлігі жайындағы мәселелер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде жан-жақты көрініс тапты. Республикада этникааралық қарым-қатынас мәселелерін дұрыс шешуде, әсіресе, жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңіруде Н.Ә.Назарбаевтың осы еңбегінің үлкен мәнді методологиялық маңызы болды. Өйткені, Қазақстан дүниежүзілік өзгеде бір қатар мемлекеттер сияқты көп ұлт өкілдері қоныс тепкен аймақ болып саналады. Түрік және славян тілді қауымдардың ірі топтарының қазақ жерінде мекендеуі ұлтаралық қатынас мәселелерін әрдайым басты назарда ұстап, реттеп отыруды талап етеді. Басты орын алып отырған осы мәселені шешу ішкі саясатта Қазақстан тәуелсіздігімен алысымен-ақ күн тәртібіне қойылды. Көпұлтты Қазақстан мемлекетінде әртүрлі ұлттық мүдделерді шешудің бір ғана жолы бар. Бұл қазақ ұлтының біріктіруші рөлі негізінде барлық халықтардың тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Өзге кез-келген жол апатты қақтығыстарға, демократиялық реформалардың бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Осы себептен де біз үшін маңызды міндет ел тұрғындарының бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңдіру, ұлтаралық саясатты жетілдіре отырып, Қазақстан халықтарының өзара татулық, түсіністік, ынтымақтастық рухта өмір сүруге ынталандыру болып табылады.
Ұлтаралық келісім-бұл адамның өнегелік тәрбиелігінің, жоғары мәдениеттілігінің, барлық ұлттардың ортақ мүдделері деңгейлерінің көрсеткіші. Осыған байланысты әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың дамуының құрамдас бөлігі ретіндегі тәрбие процесін тікелей ұйымдастыруға қатысты бірқатар келеңсіз жайттар туындайды.
Біздің әрқайсысымыз іс жүзінде күн сайын барлық адамдармен араласу барысында оның мәдениет деңгейін бағымдайтын және салыстырмалы түрде өз мәдениеттілігімізді де өзіміз бағалайтын тәрбие нысаны болып табыламыз. Біздің бағалауымыз әділ ме әділ емес пе, тәрбиелік күші әсерлі ме, әсерсіз бе, бұл біздің пайымдауларымыздың күштілігіне, олардың ғылыми негізділігіне және оларды іс жүзінде пайдалану дәрежесіне тәуелді. Өйткені, менің көзқарасым бойынша, ұлтаралық келісімнің күнделікті өмірде нақты тұлғалар арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz