Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
1.1. Еңбек жағдайын қалыптастыруға әсер ететін факторлар.Зиянды және қауіпті факторлардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Зиянды және қауіпті факторларды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Еңбек жағдайының жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.4. Еңбек қауіпсіздігіне еңбек ұжымының ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...9
1.5. Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Қоғамымыздың басты мақсаты - еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Ал тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жаңдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемаларымен айналысады. Халықаралық еңбек ұймының (ХЕҰ) дерегі бойынша дүние жүзінде жыл сайын орта есеппен 50 миллион немесе күніне 160 мың жазатайым оқиғалар болып тұрады (ХЕҰ-ның ақпарат бюллетені - Женева, 1990). Қысқасы, еңбекті қорғау дегеніміз құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру- техникалық, санитарлық- эпидемиологиялық, емдеу- профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдары қамтитын еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Демек, еңбекті қорғау ғылымы өндірістегі жазатайым оқиғалардың, кәсіби сырқаттардың, жарылыстар мен өрттің себептерін анықтап, оны болдырмаудың қажетті шараларын жасайды. Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың зандылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздігін қамтиды. Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да мемлекеттік актілері, Министрлер кабинетінің, кәсіподақтардың орталық кеңесінің қаулы- қарарлар, кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай- ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.
Еңбек қорғау ғылымы міндеттерінің күрделілігі одан еңбектің қауіпсіз және тиімді жағдайларын жасауға қатысы бар басқада ғылымдардың жетістіктерін пайдалануды, ең алдымен әлеуметтік құқықтың ғылымның, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың, әсемдікпен эргономиканың жетістіктерін пайдалануды талап етеді. Мысалы, машиналарды, аппаратураларды, басқа да жабдықтарды қауіпсіз пайдаланудың тәсілдерін дайындау барысында еңбекті қорғау техникалық ғылымдардың шешімдердің пайдаланса, санитарлық талаптарды дайындау барысында кейбір медициналық және биолиогиялық пәндердің зерттеу қорытындыларын пайдаланады.
І. Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
1.1. Еңбек жағдайын қалыптастыруға әсер ететін факторлар.
Зиянды және қауіпті факторлардың жіктелуі
Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай- ақ басқа адамдармен қатынаста болады. Сондай- ақ жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, жарық, т.б. түрлі өндірістік жағдайлар да әсер етеді. Осының барлығы белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті, жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады. Егер осы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, ол еңбеккердің жарақаттануы мен науқастануына басты себеп болады.
Сонымен, еңбек жағдайы дегеніміз- еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.
Ал өндірістік факторлардың өзі үш топқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік - экономикалық факторлар.
Оған жататындар:
oo Нормативтік- құқықтық факторлар, яғни еңбек туралы заңдар, ережелер, нормалар, стандарттар және олардың орындалуын бақылаудың тәжірибелері;
oo Әлеуметтік- психологиялық факторлар, яғни жұмысшының еңбекке ынтасы, ұжым мүшелерінің өзара қатынасы, ұжымда қалыптасқан жағдай.
oo Қоғамдық-саяси факторлар, яғни еңбек жағдайын жақсарту жолындағы қоғамдық қозғалыстар, жаңашылдық, т.б.;
oo Экономикалық факторлар, яғни түрлі жеңілдіктер мен өтемақылар, моральдық және материалдық ынталандырулар, т.с.сс
2. Техникалық және ұйымдастыру факторлары, яғни еңбек жағдайының материалдық-заттай элементтерін қалыптастыруға тікелей әсер ететін факторлар. Оған жататындар: еңбек құралдары, өндірісті ұйымдастыру шаралары, еңбек пен демалыстың режимі, т.с.с.
3. Табиғи факторлар, яғни еңбек ететін жердің ауа райының, жер қыртысы мен суларының, өсімдіктерінің, тағы басқа ерекшеліктерінің жұмысшыға әсерін білдіретін факторлар.
Егер жоғарыда аталған факторлар еңбекшінің жарақат алуына немесе денсаулығының кенеттен шұғыл төмендеуіне әкеліп соқса, онда ол факторлар қауіпті өндірістік факторлар деп аталады.
Ал, егер ол факторлар еңбекшінің науқастануына немесе жұмысқа қабілетінің төменденуіне әкеліп соқса, онда ол факторлар зиянды өндірістік факторлар болып есептеледі.
Аса қауіпті (апаттық) жағдай деп өндірісте жазатайым оқиғаны тудыратын төтенше жағдайды айтады. Еңбекшінің жарақаттануына әкеліп соқтыратын жағдайлар жұмысшының өзінің немесе жанындағы адамның қимылының дұрыс болмауынан, машиналар мен басқа да техникалардың істен шығуынан немесе еңбекті ұйымдастыру тәртібінің бұзылыуынан болады. Өндірістің жоғары мәдениеті орныққан жұмыс орындарында, өндірістік және технологиялық тәртіп жоғары ұйымдастырылған орындарында , техниканы пайдалану ережелері бұлжытпай орындалатын жерлерде жарақаттану сирек кездеседі, кездескен жағдайда жұмысшының өз кінәсінен болады.
Әдетте, сыртқы жағымсыз жағдайлар, яғни жоғары немесе өте төмен температура, ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы көбіне төтеннен және жедел өзгеріп тұрады. Сондықтан жұмыс орнында ауаның құрамындағы зиянды заттардың шекті мөлшері бірнеше принциптер ескеріліп мөлшерленеді.
Ол принциптердің негізгісі еңбекшнінің зиянды заттармен қатынаста болмайтын жағдайын жасау болып табылады.
Зиянды заттар төрт топқа бөлінеді:
1. Аса қауіпті зиянды заттар, шекті мөлшері 0,01 мг\м- ге дейін;
2. Қауіптілігі жоғары зиянды заттар, шекті мөлшері 0,1 мг\м-ге дейін;
3. Қауіптілігі орташа зиянды заттар, 10 мг\м-ге дейін;
4. Қауіптілігі төмен зиянды заттар, 10 мг\м-ден жоғары болуы мүмкін.
Еңбектің қауіпті және зиянды жағдайларын тудыратын факторлардың өзі төрт топқа бөлінеді:
1. Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: қозғалыстағы машиналармен механизмдер, станоктар мен стендтер, жұмыс орнының шаңдануы мен газдануы, температуралық режим, шу, діріл, қысым, ылғалдылық, жарық, т.с.с.
2. Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: денені уландырғыш, қоздырғыш, түршікт іргіш , жүрек айнытатын заттар, ойлау, ескеру мүшелерінің қызметіне әсер ететін факторлар.
3. Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: бактериялар, вирустар, денедегі микроағзаны қоздыратын факторлар, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың денсаулыққа, жүйкеи жүйесіне әсері.
4. Психикалық - физиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: жүйкеге шамадан тыс күш түсіретін, ойлау мүшелерін зорықтыратын факторлар мен еңбектің бірқалыптығы, қызбалық, еңбекшінің тез әсерленушілік қасиеті.
Осы аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен еңбекші жарақат алуы немесе кәсіби науқасқа шалдығуы мүмкін. Оған қоса ол мекемеге көптеген материалдық шығын келтіреді. Мысалы , осы себептерден, тек қана ауыл шаруашылығында жыл сайын 3,5 млн. Жұмыс күні жоғалады және емдеу парағына сәйкес 400 мың теңге қаржы төленеді. Оған қоса әр адамның емханада жатып емделуіне күніне 126-128 теңге жұмсалса, жарақаттанған адамды емдеуге одан да көп қаржы шығындалады.
1.2. Зиянды және қауіпті факторларды талдау
Өндірісте жарақаттанудың себептерін талдаудың төрт әдісі пайдаланылады. Олар:
-статистикалық әдіс;
- монографиялық әдіс;
- экономикалық әдіс;
- эргономикалық әдіс.
1. Статистикалық әдіс бойынша кәсіпорында немесе оның кез келген бөлімшесінде болып жатқан жарақаттанулардың бірнеше жыл ішіндегі есебіне сүйеніп талдау жасалады. Бұл әдіс бойынша әрбір учаскеде немесе жұмыс орнында бірнеше жыл ішінде болған жарақаттанулардың қандай түрі көп орын алғандығы анықталады да , оны келешекте болдырмаудың шаралары қарастырылады.
2. Монографиялық әдіс бойынша зиянды және қауіпті факторлардың жекелеген станоктарда, машиналарда, технологиялық үдерісте, яғни учаскеде орын алуына себеп болатын жағдайларда талдау жасалады. Демек, бұл әдіс арқылы жарақаттану мен науқасқа шалдығудың болуы мүмкін екендігі алдын ала анықталады.
3. Экономикалық әдіс бойынша жарақаттанудың себебі емес, экономикалық зияны есептеледі. Ол сол кәсіпорында еңбек қорғау шараларын еңгізудің экономикалық тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
4. Эргономикалық әдіс бойынша адам- машина- өндірістік орта жүйесі кешенді түрде зерттеледі.
Бұл әдіс мұнай, газ өндіретін өнеркәсіпте пайдаланылған. Онда қайғылы оқиғалардың себептері төмендегідей факторларға сәйкес зерттелген:
oo Зардап шегушінің жеке басының ерекшеліктері (мінезі жасы, денсаулығы күші ойлау қабілеті, ұйқышылдығы, дайындағы т.с.с)
oo Жұмыс орынның санитарлық гигиеналық жағдайы;
oo Жұмыстың ауқымы, көлемі, ауырлағы, психикалық физиологиялық жағдайы, мазмұны, т.с.с.
oo Адам машина қоршаған орта жүйесінің түрі және оның атқаратын қызметі.
oo Еңбектің қарапаиым талаптарының орындалуы, т.с.с.
Қысқасы онда 250 түрлі эрганомикалық көрсеткіштер келген және оған қоса зардап шегушінің өзінің қайғылы оқиғаға душар болуының себептері жайлы пікірі еске алынған.
Қорытындысында қайғылы оқиғалардың 80 пайызы жұмысшылардың өз кінәсінен, 10 пайызы олардың сол жұмысқа дайындығының төмендігінің, қалғаны пайызы жұмыс үдерісіндегі жағдайдың жетімсіздігінен болып шықты.
Демек еңбек қорғау шаралары осы себептерді ескере отырып жасалуы тиіс.
Еңбек қорғау шараларының негізгі мақсаты- оның әлеуметтік және экономикалық тиімділігіне жету.
Еңбек қорғаудың әлеуметтік тиімділігі дегеніміз-еңбекшілердің денсаулығын жақсарту, жұмысқа қабілетін арттыру, еңбек етуге ынталандыру, қысқасы еңбектің адамның бірінші кезектегі қажетіне айналдыру болып табылады.
Еңбек қорғаудың экономикалық тиімлділігі дегеніміз шығынды аз жұмсап еңбек қорғау мақсатында атқарылған жұмыстардың есебінен көп пайда көру.
Өндірісте еңбек қорғау шараларының экономикалық тиімділігні анықтау үшін төмендегідей екі түрлі есеп жасалуы тиіс.
1. Өндірісте болған қайғылы оқиғалардың жарақаттанудың кәсіби науқастануды, жұмысшының жұмыс өзгертуінің т.с.с. жағдайсыз оқиғалардың жалпы келтірген экономикалық зияны есептелуі тиіс.
Оған мекеменің кәсіподақ ұйымының және емдеу мекемесігнің шығындары кіреді.
2. Еңбек жағдайын жақсарту үшін жасалған шаралардың экономикалық тиімділігі есептелуі қажет. Еңбек қорғау шараларының экономикалық тиімділігі мына формуламен анықтауға болады:
Эж=Р-(С+Ен * К) (1)
мұндағы Р - жылдық экономикалық қорытынды (еңбек есебінен), еңбек жағдайын жақсарту есебінен алынған табыс;
С- еңбек жағдайының жақсарту мақсатына жұмсалған жылдық шығын(теңге есебінен); Ен- еңбек қорғауға бөлінген түрлері қаржының тиімділік коэффиенциенті;
К- еңбек жағдайын жақсартуға бөлінген күрделі қаржы.
1.3. Еңбек жағдайының жіктелуі
Еңбек жағдайының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz