Зерттеулердің әдістері мен көлемі


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
Бөлім 1. Әдебиеттерге шолу
1. 1. Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары . . . 4
1. 2. Дені сау халық деңгейін қалыптастыруда қоршаған орта
факторларының ролі . . . 15
Бөлім 2. Зерттеулердің әдістері мен көлемі
2. 1. Ауаның құрамын анықтау . . . 21
2. 1. Ауаның шаңдануын анықтау . . . 22
2. 3. Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану . . . 28
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде ең жоғарғы дәрежеде табиғи табиғат процестеріне күшті антропогенді әсерлердің нәтижелері көрініс беріп жатыр [Губарев А. В.
Левашов О. М., 1990, Дмитриев А. Д., Косолапова А. Б., 1990] .
Атырау облысындағы Каспийдің шельфті аймағында 30 жылдан астам тұз
кенорындары Тран, Мәртіш, Жаңаталап, Бөзұшы, Қаражамбас, Қаламқас пайдаланылып келеді.
1993 жылдан бастап тұзды кен орындары Тенгіздің ТШО шығарынды құрамына көмірсутектер, күкіртсутектер, азоттың және күкірттің шала тотықтары кіреді. Бұл заттар атмосфераға түсіп, бізді жауып тұрған қабатқа сіңеді, яғни биота тіршілігінің табиғи жағдайларын өзгертеді [Кенжегалиев А. К., 2002] .
Индер борат рудасының техногенді кен орны Атырау облысы
территориясында Атырау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Техногенді минералды түзілімдер - бұл борат рудасы қорының жиынтығы, ол 1950 жылдан 1990 жылдарда олардың қайта өңдеуінен жасалған.
Жақын жердегі тұрғылықты пункт - белгіленіп жасалынатын кен орындарын тікелей жақын маңында оңтүстік-шығыс кенорыны Индер ауылында орналасқан [Ксандопуло Г. И., Лейман З. А., 1999] .
Минералды өнекәсіптің күшті дамуы және техникалық жағынан жетілуі ірі минерал өндіретін және өңдейтін өндірістердің құрылуымен сипатталады. Еліміздің ірі территориялық - өндірістік кешендерін үздіксіз өсіру және өнеркәсіптік потенциалды шоғырландыру, сөзсіз қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі. Кен орындарын жасау үшін биосфераға әсер ету тән, ол іс жүзінде оның барлық элементтерін қамтиды [Гальперин В. И., 1984, Новиков Ю. В., 1997] .
Кен орындарын меңгеруге байланысты шаң газды ұйымдасқан және ұйымдаспаған шығарылымдармен ластанады. Соның нәтижесінде халықтың және жұмысшылардың денсаулықтары нашарлайды [Красавин А. Н., Цукерман Н. С., 1985] .
Атмосфералық ауаны ластайтын факторлардың жиынтығын және олардың организмнің жалпы жағдайына әсерін зерттеу - денсаулықты және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелер шараларын жасау негізі.
Жұмыстың мақсаты - техногенді ауданның атмосфералық ауасының ластануын экологиялық бағалау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажеттілігі
қарастырылады:
- Индер ауданының экологиялық жағдайын зерттеу;
- Ұйымдастырылмаған көздерден атмосфералық шаңдардың шығарылым
мөлшеріне экологиялық бағасын беру;
- Қоршаған ортаны жақсартуға байланысты шаралар кешенін ұсыну.
БӨЛІМ 1. Әдебиеттерге шолу
- ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРЫ
Ірі индустрияның өсуіне байланысты үлкен қалалар күшті өседі және
сыртқы орта өзгерістерінің масштабтары ұлғаяды. Бұл атмосфералық
ластанудың аймақтарының біртіндеп өсуі адамзаттың өндірістік іс-әрекетінің
даму мөлшеріне байланысты екенін келесі түрде көрсетуге болады: тұрғын үй- өнеркәсіп орындар - маңындағы территориялар - ірі тұрғылықты пунктер - жер шарының аудандары мен облыстары [Суржиков В. Д., 1990] .
Соңғы онжылдықта тозудан, ластанудан және деградациядан қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің әртүрлі аспектілеріне қызығушылықтың өсуі байқалады. Бұл мәселенің шұғыл өзекті болуының негізгі себебі антропогенді іс- әрекеттің әсерінен қоршаған ортаның күшті өзгеруі болып табылады. Өнеркәсіптің, энергетиканың және автокөліктің дамуы, ауыл шаруашылығы мен тұрмыстың химияландыруы, урбандануы, қаланың өсуі қоршаған ортаны күшті ластайтын өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, транспорттық, тұрмыстық және басқа шығарылымдардың өсуіне әкеледі [Бейм А. М., и соавт., 1991] .
Демек, өнеркәсіптік төңкеріс таңында келтірілген атмосфера ластануының тек аздаған зияны, қазіргі кезде қауіпті қоғамдық апат болып отыр, оның тек қана ұлттық емес, сонымен қатар халықаралық маңызы бар [Aujezdska A., 1991] .
Атмосфералық ауаға әсер ету көзі ретінде технологиялық құрал- жабдықтпар, көмірсутек шикізаты мен өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдауға арналған құрылыстар мен жүйелерін айтуға болады. Ауаның негізгі лпастануы көміртегі оксидіне, ауада жанған органикалық отынның өнімдеріне, сондай-ақ кәдімгі отынның құрамындағы улы заттармен байланысты. Шектеу жүйесіндегі өнеркәсіп әрекеттері нәтижесінде пайда болған атмосфераға бөлінетін 39 түрлі зиянды заттардан 82338, 295 тонна зиянды қалдық бөлінетіндігі есептелген.
Атмосфералық озон әрекеттерінің фотохимиялық әрекеттері нәтижесінде ауаға түтінді газдардың таралуы кезінде азот монооксиді азот диоксидіне дейін тотығады. Энергия кәсіпорындары үшін өзгеру деңгейі 0, 8, яғни ауаның жерге жақын қабатында түтінді газдармен бірге түсетін азот қышқылының жалпы массасы, ал 80% азот диоксидінің үлесіне тиеді, нәтижесінде қалдықтардың улылығы жоғарылайды [Фаизов К. Ш., Раимжанов М. М., Алимбекова Ж. С., 2003] .
Авто және темір жол транспорттары объектілер мен шаруашылық әрекеттері арасын байланыстыра отырып, транспорттық жұмыстарын атқарады. Транспорт және техниканың таралуы және сақталуы ашық және жабық типті автотұрақтарда жүргізіледі. Автотранспорттардан бөлінген зиянды қалдықтар жылына 1332, 868 тонна құраса, темір жол транспорттарынан бөлінген - 221, 720 тонна құрайды [Джаналеева К. М., 2001] .
Ауа бассейндердің жағдайы табиғи-климаттық жағдай мен техногенді факторлардың өзара қарым-қатынасымен анықталады. Фондық ластану, техногенді салмақтар мен климаттық жағдайлар атмосфераның өзін-өзі тазалау мүмкіндігін қалыптастырады. Атмосфераның зиянды қосындылардан тазаруына мүмкіндік беретін немесе бермейтін факторлар: температура инверсиясы, тұмандар, шаңды борандар, желдер, жауын-шашындар. Бұл территория жел жылдамдығының жоғарылығына қарамастан, атмосферасы жоғары деңгейде ластанған ауаға жатады. Бұл табиғи жоғары шаңданумен, жауын-шашының шаю қабілетінің нашарлылығымен, жиі тұратын тұмандармен анықталады [Чигаркина О. А., 2001] .
Қоршаған орта факторлары негізінен химиялық, биологиялық, физикалық болып бөлінеді. Зияндылық дәрежесіне қарай барлық заттар түрлі класстарына жіктеледі. Қауіптілік критериясы - заттың уыттылық дәрежесі, олардың спецификалық, оның ішінде канцерогенді эффект беру мүмкіндігі, қоршаған ортада таралуы және қоршаған орта жағдайына тұрақтылығы, адам ағзасында жинақталуға және зиянды қосылыстарға айналуға қабілеттілігі болып табылады [Сидоренко Г. И., Литвинов И. Н., 1988] .
Қазақстанда аса ірі атмосфераны ластаушыларға жылу энергетикасы
өнеркәсіптері жатады. Олар жылына 1 млн жуық зиянды заттарды бөледі. Шығарынды заттардың ішінде уытты заттардың өсу себебі зольдылығы жоғары (48%) қатты отын пайдалануда жатыр.
Ауаның уытты шаңмен ластануының көзі үйінділер өндірістік және энергетикалық кәсіпорынның күлтөкпелері. Сонымен қатар авто және темір жол көліктері де атмосфераны ластаушылардың бірі болып табылады.
Колесникова С. (2001) зерттеуіне қарасақ, 2000 жылы қозғалмалы көздерден түскен шығарынды 1098 мың тонна құраған. Автокөлік жабдықтары паркінің өсіміне қарамастан, 1991 жылдан 1997 жылға дейін автокөліктен бөлінген жалпы зиянды заттар көлемі 1, 8 есе азайған. Бұл автокөлік жабдықтар паркінің құрылысының өзгеруімен, көлік жұмысы көлемінің және автомоторлы жанармайды қолдану көлемінің азаюмен түсіндіріледі.
Ауаның автокөліктерден ластану себебі: автомобиль техникалық қызмет көрсетуінің нашарлығы, қолданатын жанармай сапасының төмендігі, бензин
құрамында қорғасын қоспасының болуы, көлік ағынын басқару жүйесінің шала дамуы, экологиялық таза көлік түрін пайдаланудың төменгі дәрежеде болуында.
Атмосфералық ауаның біршама ластануының басты себептерінің бірі өнеркәсіптік орындарында тазарту құрылымдарының жеткіліксіз қамтамасыздануы және қондырылған газшаңұстағыш қондырмалардың төменгі тиімділігі болып табылады [Бирюкович А. А., 1993] . Бұл жағдайда кәсіпорындарындағы тазартқыш құрылымдар тиімсіз жұмыс істейді. Ауа бассейнінің ластануына техникалық жетіспеушілік те ықпал етеді.
Ерекше қауіпті атмосфераның ластануы туғызады - ол табиғи ортаның ең маңызды компоненттерінің бірі . Өндіріс көлемінің және өнеркәсіптік синтез өнімдері санының басылмай өсуі нәтижесінде ластанған ауа талдаудың ең қиын обьектісі болып табылады және атмосфераға жаңа қосылыстардың енуіне әкеледі және олардың ішінде токсикологиялық сипаттамасы белгісіз, қауіпті қосылыстар аз емес [Рафиков С. А., 1990] .
Кенді атмосфера құрамында жоғары көмірқышқылы газының болуымен
сипатталады, сонымен қатар көміртегі тотығы, азот тотықтары, метан, күкіртсутек, күкіртті газ да кездесуі мүмкін. Жоғарыда айтылған газдардың ауада жиналуы нәтижесінде оттегінің азаюын байқауға болады.
Көмірқышқыл газы - жарылыс жұмыстары мен көмірдің тотығуы кезінде түзіледі;
Күкіртсутек - жарылыс заттардың толық емес жануы кезінде пайда болады;
Күкіртті газ - жарылыс пен өрт, жыныс пен қаттан бөлінуі кезінде
түзіледі;
Көміртегі тотығы - жарылыс жұмыстары мен өрттен пайда болады [Комаров В. С., 1970] .
Тау кен өндіруде қоршаған жыныстарданметан мен көмірқышқыл газдарының бөлінуі, жарылыс жұмыстар мен органикалық заттардың шіруі кезінде уытты газдар мен су буларының түзілуі нәтижесінде атмосфералық ауа құрамы өзгереді.
Оттегі адам тыныс алуына пайдаланылып, шіру және метан тотығуы кезінде жұтылатындықтан тау кен өндірісі кезінде ол түзілмейді, керісінше құрамы күрт азаяды. .
Тау кен өндірісінде таралған үздіксіз құрамы бойынша өзгеріп отыратын ауаны - кенді ауа деп атайды. Оның мынадай негізгі құрама бөліктері болады:
Азот (N2) - салыстырмалы инертті, түссіз, дәмсіз және иіссіз газ,
салыстырмалы тығыздығы, 0967. Тыныс алу мен жануға еш әсері жоқ, зиянсыз.
Оттегі (O2) - түссіз, иіссіз, дәмсіз газ, тығыздығы 1, 11. Тыныс алу
үшін қажет. Тау кен өндірісінде адамдар таралған жерінде газдың 20%-дан кем болмауы керек. Газдың мөлшері 18%-ға дейін төмендесе, адамды ұйқы басып, 17%- демікпе, жүрек соғысы жиілейді, әрі қарай оттегі 12% дейін жетсе талу байқалады, ал 10%- өлім қаупі бар.
Көмірқышқыл газы (CO2) - түссіз, әлсіз қышқыл иісі мен дәмі бар газ.
Суда жақсы ериді, әлсіз уытты, себебі кеңсіріктің шырышты қабатында тұз
қышқылын түзеді. Тыныс алуға жарамсыз, жануды қолдамайды. Тотығу
процестері, жарылыс жұмыстары, метанауа қоспасының ұшқыны кезінде түзіледі. Сондай-ақ өрт, адам тыныс алуы кезінде, желдетілмейтін бөлмелерден бөлінеді. Едәуір тығыздығы болғандықтан (1, 52) өндіру топырағы маңында жиналады. Көмірқышқыл газы ауада жоғарылаған кезде ол тыныс алу мүшелерін қоздырады. 3% кезінде тыныс алу жиілігі екі еселенеді, 5%- үш еселенеді, 10% талып қалады, 20%-дан жоғары болса, қауіпті улану байқалады.
Көміртегі тотығы (CO) - түссіз, иіссіз, дәмсіз газ. Суда аз ериді, тығыздығы 0, 97. Көк жалын болып жанады. Концентрациясы 13-75% және қысымы 101, 1 кПа болса, жану температурасы 630-810◦ С болатын ауамен жарылу қаупі бар қоспа түзеді. Бұл газ өте уытты. Қан гемоглобинінде оттегіге қарағанда 250-300 есе белсенді еріп, оттегі ашығуын тудырады. Адам қанының толық қанығуы үшін СО газының 300 см3 мөлшері жеткілікті, сондықтан аз ғана мөлшері кезінде улану байқалады. Бір сағат бойы құрамында 0, 048% СО бар ауамен дем алу кезінде адам құлағы шулап, бас ауырып, жүрек соғысы жиілейді. 0, 128% кезінде 0, 5-1 сағаттан соң, ауыр улану- аяқ-қол бұлшықетінің ауруы, ұйқы басу, қозғалу мен тұрудың қиындығы байқалады. Өте тұрақты уытты газ ауада 4 тәулікке дейін ыдырамайды. Бұл уақыт аралығында күшті жел болса, көміртегі тотығы қышқыл жаңбыр тәрізді бірнеше мың шақырымға тарай алады. Еуропа мен Америка жыл сайын көлемі 20% ластаушы заттарды ауа бассейіні арқылы алмастыратыны дәлелденді [М. Диаров, 2001] .
0, 4% концентрациялы көміртегі тотығын бірнеше минут немесе 1%
концентрациясынан бір-екі дем алса, есінен таңып, өте қауіпті улану байқалады. Көміртегі тотығы өрт, көмір шаңының жарылысы кезінде түзіледі.
Күкіртсутек (H2S) - түссіз, тәтті дәмі бар, бұзылған жұмыртқа иісті, суда жақсы еритін газ. Тығыздығы 1, 17. Күкітрсутек жанады және мөлшері 4, 3- 45, 5% болса, ауамен жарылу қаупі бар қоспа түзеді. Өте улы. 0, 004% концентрациясын 3-4 сағат дем алған соң, жеңіл улану белгілері(бас ауруы,
жүрек айну) ; 0, 05% кезінде 5-10 минуттан кейін қауіпті улану; концентрациясы 0, 1%-дан жоғары күкіртсутекті ауаны бір рет дем алудың өзі есінен айрылу мен тыныс алу орталығының парличінен қаза болады. Кенді атмосферада мөлшері 0, 0001% болғанда күкіртсутек иісі бойынша анықтауға болады. Ауаның қатысынсыз органикалық заттардың шіруі және жарылыс жұмыстары нәтижесінде пайда болады.
Күкіртті газ немесе күкіртті ангидрид (SO2) - түссіз, өткір иісті және
қышқыл дәмді, суда жақсы еріп, күкіртті қышқыл түзеді. Жанбайды және жануды қолдамайды. Тығыздығы 2, 26. Күкіртті газ ауада 0, 0005% мөлшері кезінде иісі және көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының тітркенуі арқылы анықталады. Газдың 0, 05% мөлшері өкпенің күрделі ісігіне әкеледі. Бос күйінде шахталарда сирек кездеседі, күкірті бар көмір мен жыныстарда жарылыс жұмыстарды жүргізу не өрт кезінде пайда болады.
Азоттың қос тотығы (NO2) - қою-қызыл түсті, сарымсақ иісі бар газ,
тығыздығы 1, 57. Көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын қоздырып, өкпе ісігін тудырады. Азот тотықтарының ерекшелігі - біраз уақыттан соң, улау әрекетінің көрініс табуы (20 минуттан 6 сағатқа дейін және одан да көп) . Улану белгілері: жөтел, демікпе, бас ауруы, әлсіздік. 0, 025% концентрациялы азот қос тотығы бар кенді ауамен тыныс алу өмірге қауіп туғызады.
Аммиак - өткір иісті, түссіз газ. Салмағы 0, 596, суда жақсы ериді. Улы. Кілегейлі қабық пен теріні қоздырады, жоғары температурада жұтқыншақтың ісігін туғызады. Жарылыс жұмыстары нәтижесінде пайда болады.
Компрессорлы газдар - жағармайлардың ыдырауынан пайда болатын жарылатын және улы газдар қоспасы (CO, CH4, басқа көмірсутектер) . Автокөліктерден шығатын газдар - шахтаның атмосферасында іштей жану двигательдері жұмысы кезінде түзіледі. Бұл газдар құрамына СО, СО2, азоттар тотығынан басқа тағы акролеин және формальдегид кіреді.
Акролеин (CH2-CHCHO) - күйген майдың өткір иісі бар, түссіз, ұшпа сұйықтық. Ауаға пар ретінде таралады. Улы. Кілегейлі қабықты тітіркендіреді. Өмірге қауіпті мөлшері 0, 0014%.
Формальдегид (HCHO) - өткір, тұншықтыратын иісі бар түссіз газ. Улы.
0. 018% мөлшері көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығының қатты
тітіркенуін туғызады.
Сынап (Hg) пен мышьяктың (As) булары, цианидсутек (HCN) - кенді ауаның өте сирек қоспалары. Жарылыс жұмыстары мен кенді өндіру барысында бөлінеді [Комаров В. С., 1970] .
Кенді атмосфераның құрамында сонымен қатар шаң да болады. Кенді шаң -бұл өндіріс процесі нәтижесінде түзілетін және кен өндіру мен жұмыс
бөлмелерінде тұнған не ауада таралатын пайдалы қазбалар бөліктері мен жыныстардың жиынтығы. Кенді шаң адам денсаулығына зиянды. Көлемі 5 мкм шаң бөліктері аса қауіпті. Олар өкпеге өтіп, пневмокониоздың дамуын туғызады. Одан әрі бөліктер жоғары тыныс жолдарын тітіркендіріп, бронхит ауруына әкеледі. Кенді шаң жарылыстың седеді болуы мүмкін [Изуткин Д. И., 1991] .
Қазіргі кезде қоршаған ортаға халық шаруашылығының әртүрлі саласында қолданылатын және синтезделетін химиялық заттардың көп мөлшері түседі. Сонымен қатар қоршаған орта ластаушыларының шектеулі мөлшерінің нормативтері тек олардың аздаған бөліктеріне қойылған.
Химиялық заттарды нормалаудың әдістемелік жақындауы, сонымен бірге атмосфералық ауадағы канцерогенді заттарды нормалаудың теориялық
аспектілері М. Л. Красовицкая, М. А. Пинигина жұмыстарында қарастырылған
[Копытенкова О. И., 1990] .
Негізінен мұнай және мұнай өндіру өндірісі шоғырланған Атырау облысы Қазақстан Республикасының экологиялық жағымсыз аймағы деп саналады. Мұнай өндіру саласы - атмосфералық ауаны ластаушылардың негізгі көзі. Жаңа кен орындарын игеру, ескілерді қайта жасау атмосфераның күкіртті бар ингредиенттермен, көмірқышқыл газымен ластануының жоғарылауына әкелді. Олардың концентрациясы рауалды деңгейді ондаған есе асырады. Кен орындардың көдісі жаңа технологиялармен . Мұнай өндіру ескі технологиялар бойынша жүргізіліп жатыр. Мұнаймен қоса көп мөлшерде ілеспе газ бен қат суы (пластовая вода) өндіріледі. Олар қажетті деңгейде пайдаланбайды, бірден қоршаған ортаға төгіледі.
Облыстағы жағымсыз экологиялық жағдайды Теңгіз кен орындағы мұнай өндіру көлемінің өсуі нашарлатты. Атмосфераға түсетін зиянды заттар мөлшері күрт артты.
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластануды тоқтату мәселесі өткір тұр, себебі мұнай кенорындары теңіз жағалауына жақын орналасқан. Кен орындарды су астында қалудан қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстар уақытша сипатта және мәселенің ғаламдық ғаламдық деңгейде шешімі табылмай жатыр.
Сонымен қатар аймақтың экологиялық жағдайына ішкі көзден басқа көрші облыстың мұнай және газ өндіруші кәсіпорындары да кері әсерін тигізіп жатыр. Атырау облысында 16 кәсіпорын өз жұмысында иондық сәулелену көздерін (469) пайдаланады.
Өткен он жыл ішінде Атырау облысы бойынша орта есеппен әр жыл сайын ауаға 164, 65 мың тонна түтін шықты. Оның негізгі өндірушілері облыстың әр түрлі кәсіпорындары. Негізінен облыс бойынша шығатын лас түтіннің 72, 5% тұрақты мұржасы бар өндіріс мекемесінің үлесіне тиеді. Оған қоса облыста ауаны автокөлік түтінімен ластау да орын алады. Мысалы, 1990-1995 жылдарда облыс аумағына ауаға шығатын түтіннің 24- 48% автокөліктің үлесінде болды [Бейсенова Ә. С. және басқалары, 2004] .
Облыс ауасының едәуір ластануы автокөлік санының артуына да байланысты болып отыр. Олардың қолданатын жанармайы экологиялық стандартқа сай емес, ал техникалық жағдайы экологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап бермейді [Т. Сыздыков, 2001] .
Атырау облысының атмосфералық ауасының экологиялық жағдайы мұнай-газ кешендері, энергетикалық- коммуналды шаруашылықтар, кқлік және халық шаруашылығының басқа обьектілерінің шығарынды заттар көлемі мен ластаушы заттардың ингредиенттеріне байланысты.
Айтекенов К. М. (2001) ауаға ластаушы заттардың түсуін 1990-2000 жылдар аралығында зерттеуіне қарасақ: 1990 жылдан бастап, ластаушы заттар шығарындысының төмендеуі байқалады, бұл жұмыс істеуші кәсіпорындар санының азаюымен байланысты: 1990 жылы - 184, 1; 1991 жылы - 168, 6; 1992 жылы - 513, 9; 1993 жылы - 125, 8; 1994 жылы - 116, 5; 1995 жылы - 11, 3; 1996 жылы - 121, 2. Ал 1997-1999 жылдар аралығында бірқалыпты деуге болады: 165, 1; 162, 0; 201, 5; 159, 6. Атырау облысы бойынша орташа жылдық шығарынды көлемі (2000) - 164, 65 мың тонна құраған (кесте 1) .
Атмосфера жағдайына облыстағы негізгі ірі өнеркәсіп шығарындылары үлкен әсер етеді. Олар "ТШО" ЖШС, "Казахойл-Ембі" ААҚ, "ЖЭС" АҚ., басқалары.
Автордың зерттеуі бойынша 1990-1995 жылдар аралығында өндірістің тоқтауы атмосфераға түскен шығарынды көлеміне де ықпал етті. Егер 1990 жылы облыс бойынша шығарынды көлемі 184, 1 мың тонна болса, 1995 жылы бұл көлем 111, 3 мың тоннаға дейін, яғни 60, 4% төмендеген және керісінше 1996-2000 жылдары өндірістің қайта жандану есебінен шығарынды мөлшері де өскен. Мысалы, 1995 жылмен салыстырғанда шығарынды көлемі 111, 3 мың тоннадан 201, 5 мың тоннаға дейін, яғни 2 есе өскен.
Облыс бойынша атмосфераға түсетін заттың жалпы көлемінің 72, 5%, яғни 110, 5 мың тонна тұрақты ластау көздерінен түседі.
Тұрақты көздерден түсетін шығарындының ингредиенттік құрамы бойынша ең көп кездесетін күкіртті ангидрид (7, 3-32, 5%), көміртегі тотығы (18, 2-47% дейін), көмірсутек (13-44%) және азот оксиді (5, 6-18, 8%) . Басқа қосылыстар 5, 6-18, 3% шегінде болады.
Атмосфераны ластаушы шығарындының жалпы мөлшерінің негізгі үлесі мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорын салаларына тиесілі (кесте 2, 3, 4) . "ТШО"ЖШС әр өндірген мұнай тоннасынан 8, 3-9, 6 мың т дейін, ал "Казахойл- Ембі" ААҚ өндірген әр мұнай тоннасынан 9, 2-12, 7 мың тонна зиянды зат шығарады.
1993-2000 жылдар аралығында Атырау қаласының ауасының құрамындағы зиянды заттардың орташа жылдық мөлшері (мг/м3)
Кесте 5
Жалпы Атырау қаласы бойынша ластанудың өсу тенденциясы байқалмаған.
Ақназаров Сестагер (2002) Атырау облысында атмосфералық ауаға мониторинг керекті дәрежеде жүргізілмейтінін анықтады. Қаражаттың жеткіліксіздігінен сынамалар таңдаулы және уақытында алынбағаны бақылады. Қатты қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтар қаланың сыртына ашық күлтөбеге еш жіктелмей шығарылады.
Жалпы Атырау облысында 43 мұнай-газ кәсіпорны жұмыс істеп жатыр. 1990 жылы бір т мұнай өндіру барысында атмосфераға 40 кг дейін, ал 2000 жылы
шығарынды мөлшері 3, 6 есе төмендеп, 11, 04 кг құрады. Бірақ бұл Ресейде
мұнай-газ өнеркәсібінен түсетін шығарынды мөлшерінен 3 есе артық көрсеткіш.
1997-2001 жылдар аралығында Атырау облысының елді мекендерінде экологиялық жағдайға жүргізілген бақылау бойынша [Кенжеғалиев А. К., Хасанова А. А., Мұхтаров А. К., 2003] аймақтың жалпы ластану деңгейі экожүйеге қауіп тудырмайтыны анықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz