Кәсіпкерліктің даму мәселесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерліктің даму мәселесі

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарыктық экономиканың өзі кәсіпкерлік зкономика. Кәсіпкерлікті дамыту нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондыктан да, кәсіпкерлік төңіріндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құкығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалыска түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік. басқару және өз мүмкіндіктерін белглі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.

Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің зкономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатьн арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және баска да экономикалық және элеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін манызды мемлекеттік міндеттер қатарына жаткызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалык прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету кұқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалгтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдык іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын кұрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен катар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

Кәсіпкерлікті дамыту кез келген денгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұраққа жауап іздеуі керек: «Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсенділікке кандай әсер тигізеді»? Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында «стратегиялық көзқарассыз» ешқандай даму болмайды.

Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылы мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві - «Кәсіпкерлер жаңа шаруашылык ойлауды іздестіруде» деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшкыр мәселелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды.

Конференцияда басты назар мына мәселеге аударылды: «Белсенді іс-әрекеттер арасында» келесі шарттарды орындайтын корпорациялар жатады:

1. Өз қызметінің стратегиялық бағыт-бағдарын жеке түсіне білетін;

2. Уақытты, жаңалықтар мен идеялар, тәжірибелердің үзіліссіз ағымынан қалып қоймай, оларды тиімді пайдалана алатын;

3. Ұйымдастырудың, жұмыс режимінің тиімді түрлерін, ресурстар мен жұмыскерлер күш жігерінің тиімді үйлесімін, арақатынасын таба білген;

4. Біріккен еңбек оның барлық қатысушыларын қанағат-тандыратын жағдайда ғана табысқа жетуге болады.

Кәсіпкерлікті дамытудың бұл шарттары нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңінде тұрған елдер үшін өте кұнды. Бұл әрине, Қазақстанға да қатысты.

Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы кажст. Кәсіпкерлік дамуы үшін оның хұкықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек. Республикамыздағы кәсіпкерліктің экономикалық мәнін тереңнен түсінуге «Қазак КСР-індегі шаруашылык қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы» туралы заңнын қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кэсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі хұқықтық, экономикалык, элеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.

Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерлік кызметтің орын алар жері ең алдымен - кәсіпорын. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формасы деп аталады. Нарық-тық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.

Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құкықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әр түрлі болып келеді. Құкықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында - мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.

Серіктестікке қатысушылар мүлікті жауапкершілігінің денгейіне қарай: толық, аралас, шектеулі болып бөледі.

Акционерлік қоғамдар - бұл жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестігі. Олар екі түрге бөлінеді: ашық және жабық түрдегі акционерлік коғамдар.

Кәсіпорын есейген сайын, онын табыска жету мүмкіндігі де арта түседі. Басшысы бір, ұзақ өмір сүрген кәсіпорын, басқа кәсіпорындарға қарағанда жоғары және тұрақты табыс табады. Бизнес субъектілерінің сәтсіздікке ұшырауы кәсіпкерлердің дайындығы төмен болуымен айқындалады. Кәсіпорын басшылары жұмысты бірлесіп атқарса, онда тиімділік артады. Себебі бірлескен шешім кабылдаудың маңызы өте зор. Бір мезетте пайда болып, содан кейін жоқ болатын қоғамдык қажеттіліктерді тұракты түрде іздестіру және оған бейімделу бизнес стратегиясының негізін құрайды.

Бизнес - бұл адамдарды. яғни тұтынушыларды өз қаржысын сізге беруге ынталандыратын өнер. Бұл өнер коммерция заңдарына, кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді.

Сонымел, нарықтык экономика жағдайында «кәсіпкерлік -шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Оның ролін Адам Смит былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін ұтымдылық жағдайды көздейді дей тұрғанмен, ол қоғам мүддесіне де қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.

Кәсіпкерлердің өздеріне ғана тән ерекше этикасы және дүниетанымы бар. Бұл жағдайға қарап, біз кәсіпкерліктің ерекше бір философиясы бар екенін айтуымызға болады. Кәсіпкерлік философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының әсерінен өзгеріп түрады. Ал кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып келеді. Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп тұрады, ал нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.

Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр нәрсе, әр тенденция мәңгі болмайтындықтан нарық субъектілерінің мінез-құлқы әрқашанда өзгермелі. Егер кәсіпкер экономикалық, саяси, технологиялык, әлеуметтік ортаға бейімделе алмаса, онда оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер әрқашанда күтпеген жағдайларға дайын болуы ке-рек, оларды болжай алуы қажет.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік проблема - халықтың өмірін жақсарту проблемасын шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға қызмет ету» режиміне ауыстыру кажет. Әлемдік тәжірибе керсетіп отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық коньюктурасын бақылау мен қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау мәселелерін талдау.

Индустрия, энергетика, Сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі министрліктердің, ведомстволардың және кәсіпкерлер бірлестіктернің қатысуымен Қазакстанда кәсіпкерлікті қолдаудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жасап, оны Үкіметтің қарауына берді.

Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылар қабылданған. Атап айтқанда, алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айкындалады.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және колдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы кұқықтық экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.

Республикада «Кәсіпкерлікті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры кұрылып, ІІрезидент Жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлікті колдау мен бәсекені дамыту жайындағы» мемлекеттік комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазакстан Республикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік корғау және қолдаудың 1994-1996 жж. арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты - экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуға еріктілігі жөніндегі хұқығын қорғау туралы» Жарлығының қабылдануы мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінін жыл сайынғы форумында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою ба-ғыттары қарастырылады.

Әрине, кәсіпкерліктің құқыктық-ұйымдастырушылық негізін кұруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салык заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін корғайтын органның болмауы, бюрократия кэсіпкерлікті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондыктан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуі салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табыстарын жасырады.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс шараларды жүзеге асыру дажет:

- мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

- мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

- жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

- кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

- кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

- тексеруші органдар санын кысқарту;

  • заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т. б,

Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін

«көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтаруға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі - несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлікті колдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен катар экономикада бәсекені жақсартады.

Сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына, әр түрлі ресурстардың жылдам айналуына, кәсіпорындар арасында тиімді қатынастар орнауы үшін қолайлы жағдай құрылуына нарық инфрақұрылым элементтерінің дамуы да үлкен әсер етеді. Бизнесті дамыту үшін нарық инфрақұрылымына үлкен көңіл бөлу кажет. Өйткені нарықтык инфрақұрылым дамымай шағын және орта бизнесте алға баспайды.

Банктер, тауарлық және басқадай биржалар, сақтандыру компаниялары, аудиторлық және консалтингттік компаниялар, транспорттық және байланыс кэсіпорындары нарық инфрақұрылымның басты элементтері болып саналады.

Қазакстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.

Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі кажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірибелері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен даму тенденциялары
Жалпы кәсіпкерлік
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік
Ұсақ бизнес
Бизнес - жоспарды құру
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz