Несеп жолдары ағзаларына тас жиналуы және себептері
Қазақ ұлттық агаралық университеті
Клиникалық ветеринарлық медицина кафедрасыА
Реферат
Тақырыбы: Несеп жолдары ағзаларына тас жиналуы және себептері.
Орындаған: Намаз А ВМ- 310
Қабылдаған: Сиябеков С.Т
Алматы. 2017ж
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Зәр шығару жүйесі.
2.2 Несеп жолдары .
2.3 Несептас ауруымен жұмыс жасаған ғалымдар .
2.4 Пайда болу себептері.
2.5 Тастардың түрі
2.6 Несептас ауруыны дамуы мен симптомдары.
2.7 Патологиялық- анатомиялық өзгерістер.
2.8 Балау және сақтандыру.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Несеп бөлу ағзалары қысымды реттеуде, организмде су тепе-теңдігін және
натрий, калий, хлор, кальций, фосфор және басқа да элементтер иондарының
концентрациясын сақтауда, зат алмасудың соңғы өнімдерін және жат заттарды
сыртқа шығаруда үлкен роль атқарады.
Бөлу жүйесі ағзалары организмде кез келген әсерлер бұза алатын
гоместазды қамтамасыз етеді. Гомеостазға әсер етіп жатқан көптеген
факторлар организмде дамып жатқан әрбір патологиялық процесте несеп бөлу
жүйесін зақымдайды.
Несеп бөлу жүйесі ауруларының жіктелуі клиникалық-анатомиялық
заңдылықтарға негізделген( бүйрек аурулары, бүйрек астаушаларының, несеп
жолдары түтікшесінің, қуықтың және уретраның аурулары).
Бүйрек – функцияларының біріне электролиттер мен метаболизм
өнімдерінің фильтрациясы болып табылатын жұп мүше. Зәрдің құрамындағы бұл
қосылыстар ағзадан шығарылуы тиіс. Бірақ кейбір химиялық қосылыстар, зәрде
ерімей, кристалдар түзіп, бүйректің ішінде, оның табақшаларында,
түбекшесінде жиналып, бірітіндеп, кокременттерді түзеді. Тастардың химиялық
құрамы, оның көлемі, сыртқы көрініс әртүрлі. Химиялық құрамы бойынша олар
бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық тастарға:
кальций оксалттары, кальций фосфаттары, ураттар, магний фосфаты, ал
органикалық тастарға: цистинді, ксантинді тастар кіреді.
Бүректегі тастардың пайда болуы толық зерттелмеген. Зат алмасу бұзылысы
белгілі бір роль атқарады: фосфорлы-кальций, қымыздық қышқылдың, зәр
қышқылының бұзылысы. Зәрде тастың түілуінде маңызды факторлардың бірі
болып, бүйректе және зәр жолдарында зәрдің екінші рет түзілу функциясынан
пайда болады. Фосфорлы-кальцийдың алмасудағы бұзылысын шақыратын қалқанша
бездің гиперфункциясы, ішкі секреция бездернің бұзылысы- бүйрек тас
ауруының жоғарғы қауіпі.
2.1 Зәр шығару жүйесі.
Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе– адам мен жануарлар организмінің
артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа
шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен
бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы
немесе жиырылғыш вакуольдар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы
су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз
жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар
арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид,
кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілдері мен молю скілердің зәр
шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл
түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан
тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің зәр шығару жүйесі
– метанафридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше).
Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп
атайды. Ал шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін
түбінде орналасқан без).
Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін)
тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп
қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, баурымен жорғалаушыларда, құстарда)
айналады.Хордалылар арасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы
қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек құралады.
Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді.
Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың
жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:
1. бастама бүйрек (пронефрос),
2. дене бүйрегі (мезонефрос),
3. соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос).
Әйелдің зәр шығару жүйесі.
Адамның зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын
бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан,
қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде
организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін –мочевинаны, креатинді, мочевина
қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің
басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-
электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен
осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ,
бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып
саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға,
одан біртіндеп қуыққа түседі.
2.2 Несеп жолдары .
Несеп жолдары (мочевые пути); (viae urinariae, лат.via — жол, urina —
зәр, несеп) — бүйректе түзілген зәрді уақытша жинап сыртқа
шығаратын мүшелер жүйесі. Несеп жолдарына бүйректегі бүйрек тостағаншалары,
бүйрек сабақшалары, бүйрек түбегі, несепағар, қуық, несепшығар өзегі,
несепжыныс өзегі (еркек дарақтарда), несепжыныс кіреберісі (ұрғашы
дарақтарда) жатады. Несеп жолдары құрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың
қабырғасы: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті, сыртқы — сірлі немесе
адвентиция қабықтарынан құралған. Кілегейлі қабықты ішкі жағынан көпқабатты
ауыспалы эпителий астарлайды. Тек, несепжыныс өзегі мен несепжыныс
кіреберісінің сыртқы ортаға шығар жеріндегі бөлігін көпқабатты жалпақ
эпителий астарлайды. Эпителий қабатының астында өзіндік тақташа және
кілегейлі асты негіз қабаттары (борпылдақ дәнекер ұлпасы) орналасады. Етті
қабықты бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі және сыртқы ұзынша қабаттары және
олардың аралығындағы ортаңғы сақинаша қабат құрайды. Несепағар сыртынан
сірлі қабықпен қапталған. Қуықтың сыртқы қабығының 23 бөлігі сірлі
қабықтан, ал қалған бөлігі адвентициядан тұрады. Қалған несеп жолдары
мүшелерінің сыртқы қабығын адвентиция құрайды. Несеп жолдары зәрді
жануарлар организмінен сыртқы ортаға шығарумен қатар, оның құрамындағы улы
ыдырау өнімдерінің кері қанға сорылмауын қамтамасыз етіп, жануарлар
организмін уланудан сақтайды.

Несептас ауруы – несеп жүйесі аруларының ішінде маңызды және
алаңдататын арулар қатарынан. Ауру жұқпалы болғанымен адамдар мен жануарлар
арасында кеңінен таралған. Бұл аурумен ауырғанда жоғарғы технологияларды
қолдануды және кешенді емдеуді қажет етеді. Несептас аруын қазіргі
уақытта біздің елімізде хирургиялық жолмен алдын алады. Операциялар көп
жағдайда сәтті өтеді. Аурудың таныс болған уақыттарынан бері Ресейлік
ғалымдар мен шет елдің ғалымдары көптеген зерттеулер жүргізген. Солардың
ішінде А.В.. Айвазян, В.П. Александров, В.Д. Борисов, Д.Дж. Карлсон, Ю.В.
Нейрмарк сынды ғалымдар бар. Бұл ғалымдардың атқарған жұмыстары қазірде
өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осы аурудың алдын алу мен емдеу кілті болып
табылады.
2.4 Пайда болу себептері.
Тастардың пайда болуы белгілі бір зат алмасуының бұзылғандығының
көрінісі болып есептеледі. Дегенмен де осы тас түзуші себептерді екі топқа
бөліп қарау керек. Бірінші, жалпы себептерге белгілі бір минералдар
алмасуының бұзылуы., А витаминінің жетіспеуі, Д витаминінің мөлшерден тыс
көбейіп кетуі., кермек су ішу, ауаның ыссы жәнен құрғақ болуы және т.б.
кіреді. Ал жергілікті себептерге: несеп жолдарының қабынуы, несеп ағардың
туа пайда болған кемістікиері, несеп шығарылуының қиындауы, несептің
қышқылдылығының немесе сілтілігіні ңарып кетуі және басқаларды кіргізуге
болады. Тастардың алғашқы түзілуіні екі теориясы түсіндіріп береді. Қалыпты
жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидлты және ерімегне коллоидты
бөлшектер бар. Коллоид заттр осы жердегі кристалдардыы бір –біріне
жабысуына мүмкіндік бермей ергіен халде сақтайды. Физикалық-химиялық
теория: бойынша осы тепе-теңдік бұзылғанда ғана кристалдар шөгіп тасқа
айналады. Метаболизмді (фосфорлы-кальцийлі, зәр қышқылының т.б.) бұзушы
факторларға зәршығару жолдарының инфекцияларын да жатқызуға болады.
Фосфорлы-кальцийлі метаболизм бұзылыстары фосфат тәрізді конременттердің
пайда болуына ықпал жасайды. Зәрқышқылды конкерменттердің (ураттардың)
пайда болуы зәр қышқылы метаболизмінің бұзылыстары өз белоктарының
ыдырауымен,алиментарлы фактор (тағамда бұршақтәрізділерде, етте болатын
пуриндік негіздердің жеткіліксіздігі) (подагра кезінде) кезін.де көрініс
табады. Ураттық тастардың пайда болуындағы тағы бір маңызды фактор зәрдің
қышқылдылығының жоғарлауы (рН 5,5 төмен). Оксалатты тастардың пайда болуы
ағзаға оксалаттардың артық мөлшерде түсуі немесе олардың организмде көп
мөлшерде түзілуі жатады.
Өндірістік мал шаруашылығында несеп тастары семіртуге бағылған мал
арсында жиі кездеседі. Өндірістік циклды жеделдету үшін малға рацион
құрамында құрама жем мен шөп қатынасы кейде 20:1 дейін болады. Жоғарғы
концентратты рацион несепте төменгі молекулалы үлкен құрамында иондарды
байланыстыратын пептидтердің пайда болуына мүмкіндік туғызады, ал олар
несеп тастарының түзілуін жеделдетеді.
Тастар пайда болуына малға суды аз беру, гранулденген азықтар,
қосымшалар және құрамында фосфоры көп премикстерді және әртүрлі өсу
стимуляторларын, әсіресе гормоналды препараттарды пайдалану мүмкіндік
туғызады.
Несеп тастарының пайда болуында бірден-бір негізгі факторлары-азықтық
қышқылдар мен негіздер эквивалентінің(шөп қоректілерде қышқыл немесе
сілтілі рационда қышқыл эквиваленттерінің сілтіге қатынасы 1,05: 1,19 және
0,21: 0,24 сәйкес келеді) бұзылуынан туындайды.
2.5 Тастардың түрлері
Бүйректегі тастар- минералды заттардың органикалық зарттармен қоспасы.
Химиялық құрамына қарай тастарды түрлері:
-оксалаттар
-фосфаттар
-ураттар
-карбонаттар
Сирек жағдайда
- цистиндік
- ксантиндік
- белоктық
- холестериндік тастар болады.
Тастар әдетте бірнеше қабаттардан тұрады. Көп жағдайда тасты құраушы
минералдар үш қабаттан аспайды, ал қалған минералдар примесия түрінде
болады.
Бүйректегі оксалат тастары
Бүйректегі оксалат тастары кальций қабаттары мен қымыздық қышқылы әсерінен
пайда болады. Олар өзінің тығыздығымен, бүдірлі бетімен және қара-сұр
түсімен ерекшеленеді. Және дәл осы бүдірлі бетімен бүйректің, несепағардың
ішкі қабатын зақымдай алады. Тас пайда болғанда бел, іштің шет
аумақтарында, жыныс мүшелерінде ауырсынулар сезіледі. Оның түсі кейде сары
жіне қызыл түстерге боялуы мүмкін.
Мұндай тастар бүйректе көп кездеседі. Жүз адамның бесеуінде осы тастар
кездеседі. Бірақ қауіпті тастардың бірі. Олардың еріту және ұсақтап
майдалау
өте қиын . Бүйректе тастың ерекшелігіне қарай ( сыртқы тығыздығы және
қаттылығы) рентгенограмма және узи әдісімен анықтау қиынға соқпайды.
Оксалатты тастардың көлемі жағынан үлкен болатын болса, емдеуде
хирургиялық араласуды ұсынады. Медицинада тастарды алудың бірнеше әдісі
бар:
- ашық операциялар
- бүйректің литотрипсия т.б
Егер жаунарларда тастардың бары анықталатын болса, дәрігердің кеңесімен
рационды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz