АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК ПОӘК
042-ХХ - 52-2015
Адам құқығы оқу-әдістемелік
кешені, оқытушы үшін пән №1 басылым
бағдарламасы ____________2015 ж.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
ПӘННІН ОҚУ-ӘДІСТІМЕЛІК КЕШЕНІ
5В011500 –құқық және экономика негіздері мамандығына арналған

Семей
2015

Мазмұны

1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курс жұмысы (жобасы)
5 Білімалушылардың өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

Адам –жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси –қоғамдық
қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 
Адам құқықтары –белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар
мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері. 
Азаматтық қоғам –жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін қоғамның
күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек
қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай
құқықтары сақталады. 
Аймақтық –белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасты бір
нәрсе. 
Аккредитация –1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын
тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға өкілеттілік.
Алуандық – қоғамдық өмір субъектілерінің (топтардың,  тартардың, ұлттардың
және т.б.) экономикалық,  әлеуметтік,  идеологиялық, мәдени,  діни, және
т.т. мүдделердің  алуан түрлілігін білдіретін пікір сайысы, билеуші және
оппозициядағы партиялардың үкімет биліктің орталықтануына, бір партияның
немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды. 
Альтернатива –бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін
ғана талғап алу. 
Альянс –ортақ мақсаттарға жету үшін  келісім шарт негізінде жасалған
ұйымдардың одағы, бірлестігі. Әдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада
пайдаланылады.
Анархизм –жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік
–саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды
азаматтардың еркін ассоциацияларымен алмастырғылары келеді. 
Анархия – мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар,  бірлестіктер,
одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық;
2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті , жөнсіздікті, заңсы здықты басшылықтың
жоқтығын білдіреді.
Аннекция –басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп
жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм –мүдделі қарама –қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар
және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.
Антисемитизм –еврейлерге қарсы бағытталған,  оларды қудалауға арналған
саясат пен идеологияның түрі. 
Апартеид –нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан
айыру, бірдей  еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп –қонуды шектеу және
т.с.с. көрініс береді. 
Апартидтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Олар қай
елде тұрса, сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды. 
Аристократия −Ақсүйектер  әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың
түрі. 
Ассамблея –халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. 
Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және
т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің
бірлестігі. Астыртын партиялар –заң бойынша тыйым саланып, жұмысын
астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған
құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік
басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік
республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар
қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді. Әлеуметтік
саясат –қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен
қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған
саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.  Оған ең алдымен халықтың тұрмыс
жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін
көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады. 
Әмбебап партиялар –мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан
партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда
әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді.
(мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда  Еуропа мен Аметика елдерінде етек
алуда).
Бейсаясаттық –азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге
самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.
Бейтараптылық – 1)  екі жақтық айтыс, талас,  дау-жанжалдарына
кіріспеушілік;  2)  соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін
алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі  және сол бағытта
жүргізілген саясаты. 
Билеуші партиялар –қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты
бағыттары мен сипатын айқындауға  мүмкіндік алған партиялар. Билль – 1) АҚШ-
та Ұлыбританияда  және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған
заңжобасы; 2)  жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар туралы. Билік –
 адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың
(бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; )  адамдарға
саяси билік жүргізу; 3)  мемлекеттік органдардың жүйесі; 4)  мемлекеттік
жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы –демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару
үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң
шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш  тармаққа бөлу. Егер биліктің бір
тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасые оның екінші тармағына арыз бере
алады.
Блокада –өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін
қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси,  экономикалық, 
әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот – 1)  өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату
мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара
қатынастарды тоқтату;  2)  сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан
бас тарту;  3)  өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4)
 наразылық ретінде біреумен қарым –қатынасты үзу.
Бипатридтер –бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы
болып есептелуі.
Босқындар –қудалау, әскери  іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға
байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамадар.
Брифинг –үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге
қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми
адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу. 
Бұқаралық партиялар –үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары,
 сүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері
болмайды. Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.  Бұрмалаушылық –
өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық.
Бүлік –бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-
әрекет. Бюрократ −1)  азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз
міндеттерді формальды түрде атқаратын қызмет қадамы;  2)  басқарудың
бюрократиялық  жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократизм –істің мәніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке созу.
Бихевиоризм –жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға
негізделгенәдістемелік бағыт.
Вето –тыйым салу; вето құқығы –заң шығаратын адамдардың қарақына тыйым салу
немесе заңның күшін тоқтату.
Визит –халықаралық байланыстарды  дамытуға ондағы күрделі мәселелерді
шешуге бағытталған түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан үкімет
басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.
Волютаризм –саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз
бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізілген саясаты.
Вотум –өкіметке оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум доверия)
немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы
қабылданған шешім.
Геноцид –адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты
әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат –сыртқы саясатты географиялық факторларға  (аумағына, ауа
райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. 
Геронтократия –ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі
алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар үкімет билігі жасы келген
адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Глобальдылық –бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған
ғылыми бағыт.
Гуманизм –қайта өркендеу дәуірінде дін мен (феодалдық) феодализм құрсауынан
адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. 
Саяси салада адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси көзқарастар, 
идеялар жүйесін білдіреді.
Дәуір – қоғамның, табиғаттың, саясаттын, ғы лымның, жалпы өзіндік
ерекшеліктері бар ұзақ кезең. 
Деидеологизация –идеологиялық әсерінсіз, таза ғылымды жасауға, қоғамдық
прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.
Декларация –үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай
болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
Делегат – съезде, конференцияларда, конгресст е және т.с.с.  мемлекеттің,
 ұйымның, партияның мақсатын көздейтін өкіл.
Демагогия –өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді
бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті
тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Демократия –халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың
теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік
 органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында
болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда
азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар  азшылықтың да пікірі еске
алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс
түрі. Бұл –тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның
принциптері өзгеріп, байқалып отырады.
Демократиялық партиялар –басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен
қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға
онша мән бермейді. 
Денонсация –келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын
мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
Деполитизация –белгілі бір ұйым, органдардың және т.б.жұмысын саясаттың
ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Депортация –жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін)
еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы, Кеңес Одағы кезінде
немістер, шешендер, ингуштар.қырым татарлары,  месхеттік түріктер, кәрістер
және т.б. осындай халге душар болды. 
Держава –зор, әскери, экономикалық  потенциалы бар және дүниежүзілік саясат
пен халықаралық қатынаста басты рөл ойнайтын ірі және берік мемлекет.
Деспотизм –1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың
еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның
бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тәсілі.
Деспотия  − шексіз және дара билеудің бір түрі. 
Децентрализация –орталық басқару  жүйесінің жергілікті жерге өз билгінің
бөлігін беруі. Диверсификация – мәселенің әр түрлі, жан-жақты
қаралуы, дамуы, саяси шексіз билеп төстеуші.
Диктатор −заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп
төстеуші.
Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік
билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің
шиеленіскен шағында,  өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және
т.с.с. пайда болады.
Дипломатия –үкіметтің халықаралық саясаты жөніндегі іс-әрекеті.
Директива –жоғары органдардың төменгі басшыларға берген ұйғарымы, жарлығы.
Дискриминация –нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және
т.б. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу. Мысалы, сайлау
құқығынан айыру, азаматтықты берсеу, жұмысқа қабылдамау не шығару т.т.
Диссидент – үстемдік етуші, билеуші  идеологиямен келіспеген
адам. 70 жылдарда КСРО-да қоға өмірінің әр түрлі, қарсы шыққан адамдарды
айтады.
Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибелік жаңа-лық, жетістіктерін
ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану
тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді
бұлжамайтындай көріп, есекрген ережелерді, қалыптасуды, көзқараста рды
өзгертпей сақтағысы келе-ді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік –
кономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына
кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.
Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адам ның саяси тәуел-
сізідігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына  жол бермейтін
 мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы  саяси
тәуелсіздігі және елді басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік
жүргізудегі еркіндігі н айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық
жақтары болады. 
Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық
саяси мекеме.  Оған кіретіндер:  Бельгия,  Германия,  Дания, 
Ирландия, Испания, Италия,Люксембур г, Нидерланды, Португалия, Ұлыбрита ния, Ф
ранция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы
сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі
мәселелер қаралады.
Еуроцентризм −  ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, ө нер және т.б. нағыз
жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми
тұжырым. Жалпы азаматтық құндылықтар –бүкіл адамзаттың тәжірибесінен туған
адагершілік  қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін
білдіреді.
Жаңарған колониализм (цооколониализм) – бұрынғы отаршы елдердің
тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық,  саяси,  әскери,
мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз
ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.
Жеке басқа табынушылық –саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың
демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды.  Бір партиялық
әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды.  Мысалы, Мао-Цзе-
Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық
тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті
орнату керек.
Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары
және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол –нарықтық экономикаға өту
үшін қажетті шарттың бірі.
Заң – қоғамдағы қатынастардың әртүрлі сфераларын реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Өзіне Конституцияны, заң және нормативті актілерді
біріктіреді.
Заң жобасы –Парламент палаталарының кез келген заңдарды қабылдауға
байланысты ең жиі қолданылатын ұсыныстарының негізгі түрлерінің бірі. Заң
шығарушы билік –заң шығарушымен, оны бекіту, өзгерту немес жоюмен
айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды
анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз
етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды
қабылдайды, саясаттың маңызыды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оынң
жұмысына конституция атынан органдар бақылау жасайды.
Идеал –саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған
жоғары саяси арман –мұраты. Идентификация –жеке адамның белгілі бір
әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен
тағдырды бір сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылымға енгізген З.Фрейд.
Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және
т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық
қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін
тұжырымдамалардың, пікірлердің, иде ялардың жүйесі. Жүйеленген түрінде ол
партия бағдарламасында, декларация, манифе ст  жарғыларында, сондай-ақ
әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. 
Идеялылық- саяси, ғылыми, көркем шығармалардың, көпшілік алдында сөйлеген
сөздің және т.б. сапалылық, мазмұн ерекшелігі.
Импичмент –жоғарғы лауазымды адамдарды Конституцияны бұзғаны үшін
жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше
тәртіптің түрі.Ол жөнінде жауапкершілікке шақыру мәселесін парламенттің
төменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы
палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде
орын алған.
Инагурация- 1)мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2)
тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және
т.б. салтанатты түрде ашу. Инновация-жаңалық енгізу  жаңарту.
Институализация- саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәптіпке
келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.
Интернационализм- мемлекеттердің, ұ лттардың, халықтардың немесе
таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат.
Интеграция-мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың
құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың
жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр.
Интерпелляция- үкіметке немесе оның жеке мүшесіне белгілі бір мәселе
жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен
депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды алаңдататын маңызды
деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға
дейін жауап берілуі мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап
қанағаттанарлық болмаса, үкіметке сенім білдірмеу мәселесі туу мүмкін.
Инфляция- ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу процесі.
Иренология-бейбітшілік туралы ғылым.                               
                             Капитал-1)өндірісте қолданылатын
жабдықтардың, тұрақтардың, құрал- с аймандардың жиынтығы;
2)жабдықтарды, тұрақтарды және құрал  жабдықтарды алу үшін орналған қаржы.
Капитализм-Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы. Кадрлық
партиялар- қатарына сайлаушылардың 10 %-тен кемі ғана болатын, мүше саны аз
партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге
түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар
партиясы, Германия Федеративтік Республикасының одағы, Жапония либералдық-
 демократиялық партиясы, Швеция орталық партиясы т.т. Квитэссенция- бір
мәселенің ең бастысы, ең өзектісі, нағыз мазмұны. Кворум- құрылтайшы
органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың
қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып
саналады.
Квота-рұқсат етілген бір шараның тиісті бөлігі,  мөлшері,  үлесі.
Мысалы, сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір
үміткерді сайлау үшін қажетті дауыс. Ондай үлес есебі көшіп
келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және т.с.с. қойылуы мүмкін. Келісім-
 мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі
негізінде қабылданатын шешім. Клина –өздерінің жеке бастарының мақсаттарына
жетуді, барынша баюды көздеген билік басындағы сыбайлас адамдар тобы. Олар
осыған орай шешімдер қабылдаттырып, қоғамның барлық саяси өміріне нұқсан
келтіруі мүмкін.
Мажоритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік
дауыс беруі.
Макиавеллизм- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі
болмасын пайдалану тәсілі.Оның негізін салған Италиянның саясаттанушысы
Н.Макиавелли (1469-1527)елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін
патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да кеңес береді.
Маманданған көпшілік- қоғамдық саяси өмірдің ең  маңызды мәселелері жөнінде
сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс беруінің негізінде
шешім қабылдау тәртібі.
Мандат-1.біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат  2.қайсыбір жерде, елді
мекенде елді басқару үшін берілетін құқық. Манифест- 1.маңызды оқиға немесе
шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа
үндеуі. 2.Саяси партия, қоғамдық ұйымдардың және т.б. оң
көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі.
Манифестация- бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не
қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік
тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан
жұмыс іздеп қалаға келген жастар.  Олар   бір жағынан ауыл өмірінен қол
үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін
игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға  душар болады.Мұндайларды
маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ,жұмыс орны да
анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған.Сондықтан олар қылмыс не
басқа арандатушылық әрекеттерге оңай  ілесіп кетеді. Меморандум-
дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз
мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді. Менталитет- 1)ойдың
бағыты,жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы; 2) адамның, топтың, таптың, халықтың
дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билі кке қатынасы; 3)рухани өмірдің
ерекшелігі.
Метрополия-қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм-жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді
қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация-қазіргі, жаңа жағдайға байланысты
Монархия- мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің
қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны
хан, патша, император, король, сұлт ан,шах және  т.б.деп атауы
мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге
бөлінеді. 
Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды
түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты
айтады. Бұрын басқарудың мындай түрі кең тараған бастаған, мәуір
жоқ. Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік
парламентпен шектеледі. Ондай елдерге Бельгия,  Голландия,  Дания, 
Жапония, Иордания,Ұлыбритания және т.б. жатады.
Мораторий-ішкі және сыртқы міндеттемелерді орындау уақытша тоқтату, ұзіліс
жариялау.
Муниципалитет-1)кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық
қоғамдастықтың, жергілікті өзін-өзі басқару органы.Оның өз меншігінің заң
шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) Кей  елдерде
кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлек; 3) Муниципалитеттің орналасқан
үйі. Мэр-муниципалитеттің бастығы. Нәсіл-шығу тегіне және әр түрлі тұқым
қуалайтынерекшеліктеріне байланысты бірлескен адамдар тобы.  Оппозиция-
1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның
не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік
етуші пікірге қарсы тұруы.
Пакт-халықаралық келісім.
Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық
құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын
салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.
Петиция-жазбаша жоғарғы үкіметке жолданатын ұжымдық түрде жазылған өтініш.
Плебисцит-ерекше  маңызды мәселе туралы барлық халықтық пікірін
сұрау, анықтау. Плутократия-1) мемлекеттік билік байларға бағынышты болған
саяси құрылыс. 2) байлардың билігі  3)ақшаның үстемдігі.
Позиция-1)белгілі бір мәселеге, іске ұстанған көзқарас пікір.2)орналасу
орны, бағыт.
Прембула-халықаралық келісімнің,конституция, декларация және т.б.  заңдысыз
құжаттардың кіріспе бөлімі. Президент-1) республикалық басқару орын алған
елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы. 2) сайлап
қойылатын басшы,қоғамдық, ғылыми мекемелердің,  коорпорация, компания және
т.б. төрағасы.
Президенттік басқару-1)конституцияда көрсетілген өзін өзі басқару
институттары қызметтерін тоқтатып, әкімшілік бірлестіктердің басшылықты
президент тағайындаған өкілдер арқылы жүргізуі. 2) конституцияда
көрсетілгендей президентке мемлекет шеңберінде төтенше өкілеттік
беру. Әдетте, мұндай жағдайда демократиялық институттар қызметтерін
тоқтатады.
Президенттік республика-конституция бойынша жоғарғы билікті президент
жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Егер президентті парламент немесе
халық сайлауы мүмкін. Президент өкіметті өзі тағайындайды және өзі
басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады.Біздің Қ.Р.-да да осындай
билік түрі. Прерогатива-Белгілі бір мекеменің немесе лауазымды адамның жеке-
дара құқығы. Мысалы, президенттің немесе парламенттің заң негізінде
бекітілген құқықтары бар.
Пресс-конференция- белгілі бір мәселені баяндап, түсіндіру үшін мемлекет
саяси және қоғам қайраткерлерінің баспасөз  өкілдерімен кездесуі.
Престиж- қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес беделді, абыройлы
орын, лауазымды адам, қоғамдық –саяси мекеме, әлеуметтік жағдай. Прогресс-
 алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.
Саяси бостандықтар- мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша
қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде еркін саяси
процестерге қатысу құқықтары. Оларға  сайлау және сайлану
құқықтары, сөз, ақпарат алу бостандығы үшін, еркін, тың, жүйелі өткізілетін
сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың өз мақсат- мүдделеріне
қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады. 
Саяси жүйе- билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен
мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылықты
және тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар
жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін
орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси институттар- құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа
 бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. 

2 ДӘРІСТЕР

1. Адам құқығы білім саласы ретінде

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі
анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.
Жоспары:
Адам құқығының заңдылық мәні. Адам құқығы саласындағы маңызды ұғымдар.
Адам құқығы, Тұлға құқығы, Жеке тұлға құқығы ұғымдарының ара
қатынасы. Азаматтық қоғам. Құқық тық мемлекет.Адам құқығының негізгі
топтары. Адам құқығы мен бостандығы туралы қазіргі кездегі көзқарастар.

Адам құқығы білім беру саласы ретінде оқудын алдында, оның негізгі
түсініктеріне анықтама беру қажет. Адам құқығы, тұлға құқығы, жеке
адам құқығы түсініктері бір жүйелі болса да, олар тепе – тең емес. Адам
бір жағынан табиғаттың бір бөлігі, екінші жақтан - әлеуметтік жәндік болып
келеді.
Жеке тұлға ұғымы адамның тек әлеуметтік мәнін бейнелейді. Адам – ол
табиғи (биологиялық) және қоғамдықтың (әлеуметтік) бірлігі ретінде
танылады, яғни, адам құқығы анықтамасы жеке адам (табиғаттың бір
бөлігі ретінде) және жеке тұлға (қоғамның бір бөлігі ретінде)
түсініктерін біріктіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам
және азаматтың құқықтарымен бостандықтары бекітілген.
Адам құқығы әмбебап: адамдар кез келген жағдайда және әлеуметтік жағдайына
қарамастан өз құқықтарына ие болады. Адам дүниеге келген кезінен бастап
құқыққа ие болады. Адам құқығынан ажыратылмайды, яғни ол адам өз
құқықтарынан айырылмайды және өз еркімен олардан бас тарта алмайды.
Сонымен қоса, адам өзінің кейбәр моральдық құқықтарынан өз еркімен
уақытша немесе мүлдем, толық немесе жартылай бас тарта алады.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін , адам
құқығы категориясының өзектілігі және оны жүзеге асыру қажеттілігінің
маңыздылығы осе түскеннен бастап, адам құқығы тек жалпы қолдауға ғана
емес, сонымен қоса заңды маңыздылығына ие болды. Германияда, фашистік
тәртіп орнытқан геноцид, шектеулі үкіметті орнату қажеттілігін түсунуге
себеп болды. Нацистік қылмыскерлерді жауапқа тарту және жазалау сотының
моральдық императивы табиғи құқықтың концепциясының қайта өрлеуіне
әкелді.
1948 жылдан бастап азаматтық, саяси және әлеуметтік құқықтар халықарарлық
құжаттарда, көптеген мемлекеттердің конституцияларында, заңдарында
бекітіле бастады, яғни, бүкіл әлемдегі тәртіптің үлгісіне (стандартына)
айналады.
Екрікндіктің азаматтық (жеке) құқықтар, мысалы, жеке адамның отауелін
(автономиясын) қорғайды және адам құқығының саласына мемлекеттің басып
кіруіне тиым салады. Саяси құқықтар мемлекет және қоғамға байланысты
мәселелерді білуге мүмкіндік береді және де жиналыстар, митингтер, дауыс
беру арқылы мемлекет және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін шешуге
мүмкіндік береді. Бұл жағдайда адамның қадір – қасиеті қоғамдық өмірге
байланысты процесстердің объектісі емес, субъектісі ретінде танылуымен
бейнеленеді.
Әлеуметтік – экономикалық құқықтар халықаралық – құқықтық құжаттарда
бекітілуі арқылы ХХ ғасырдың ортасында адам құқығының тізімдерінің кеңеюі
процессі орын алады. БҰҰ адам құқығы құжаттарының әлеуметтік –
экономикалық құқықтарының құрамына ЕКІНШІ ҰРПАҚ құқығы енгізілді.
Жалпы танудағы гуманитарлық категориясының кеңеюі саяси сипатқа ие болды,
яғни Кеңес Одағының идеологиялық және дипломатиялық әсерінің нәтежиесі
болғаны белгілі.
Ғылыми және тәжірбиелік көз – қарас жағынан адамның ажыратылмайтын
құқықтарына (адам бас тарта алалмайтын құқықтарын) және белгілі бір
мемлекеттің азаматының құқытарының кең тізіміне нақты шектеу қою керек.
Осыған байланысты кейбір европалық мемлекеттер өздерінің
Конституцияларында (мысалы, Германия, Испания) адамның ажыратылмайтын
құқықтарын негізгі құқықтар деген терминмен белгілеген еді. Көптеген
мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан Республикасы да , адамның
ажыратылмайтын құқықтарын адам құқығы деп белгілеп, ал азаматтық
құқықтардың кешенің азаматтар құқығы ретінде белгілеген еді.
Адам құқығы үнемелі дамуда, сондықтан ішкі және халықаралық заңдылықтарда
олардың саны кобейтіле береді. Халықаралық құқық адам құқығының
қорғалуының тек минималды стандартын ғана белгілейді, бұл белгіленген
минимум танылған мемлекеттің ішкі заңдылығын кеңейтеді.
Құқықтар мен бостандықтар адам мен биліктің қарым - қатынасы негізінде
жүзеге асырылады, сондықтан адамның құқықтарымен бостандықтары дегенде
мемлекет пен адамның қарым – қатынасы байымдалады. Осындай қарым –
қатынастың үш жолы белгілі:
мемлекет басшы болып танылады, сондықтан мемлекеттің өзі адамдарға белгілі
– бір құқықтарды береді. Яғни, мемлекеттік билік анықтаған мөлшерде
адамдар өз құқықтарына ие болады; мұндай жол ХІХ ғасырдың көптеген
европалық елдердің және социалистік елдердің Конституцияларында ұсынылған;
мемлекет және халық жеке адамдардың жиынтығы ретінде қоғамдық шартты
бекітті, шартта сол мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтары
ескертіледі; негізінен мұндай шарт конституция ретінде бекітіледі
(Қараңыз: Новицкий М. Что такое права человека? Заметки о правах
человека и мониторинге прав человека. С.10-11).
табиғи құқықтарымен бостандықтарына ие болған адамдар, өздерінің жеке
өмірлерін реттеу үшін мемлекет құру туралы шешім қабылдайды. Мұндай
мемлекеттік билік адамдар өздері қаншалықты құқық береді, сонша құқықтың
мөлшеріне ие болады. Мысалы, өз мүдделерін қамтамасыз ету үшін адамдар
салық төлеуге, әскерде қызмет етуге т.б. келісімдерін білдіреді. Осы жолға
сәйкес, заңда белгіленген шекте билік өз қызметін атқарады, ал адамдар
заңда тиым салынбаған шекте өмір сүреді. Бұл адам құқығының негізгі
концепциясы болып келеді.
Адам мен мемлекет арасындағы қатынасының қандай жолын таңдаса да, шешімдер
әр түрлі болады. Демек, әр жолдың нәтежиесіне қарамастан мүлдем басқа
қоғамдық нақтылық қалыптасады.
Қазіргі кездегі адам құқығының концепциясы үш қағидаға негізделеді:
кез келген билік шектеулі;
әр адам өзінің автономиялық әлеміне ие, оған еш қандай биліктің араласу
құқығы жоқ.
өз ерігін адамдарға міндеттейтін және шешім қабылдауда күшін қолданатын
мемлекетке әр азамат өзінің құқықтарын қорғау барысында наразылығын
білдіруге құқылы. Адам құқығы мемлекетке қарсылығын білдіруде
азаматтарға қаупсіздігін қамтамасыз ету құралы ретінде танылады.
Адам құқығы мен бостандығы түсінігінің объективті және субъективті
мағыналарын айыра білу керек.
Адам құқығы объективті мағынада – ол адам мен азаматтың мәртебесін
анықтайтын, адамдар арасындағы қарым – қатынастарының ережесін бекітетін,
мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынасты реттейтін халықаралық және
ұлттық құқықтық нормалардың жұйесі болып келеді.
Адам құқығы субъективті мағынада – ол құқықтық нормалар арқылы нақты
субъектке берілген мүмкіндіктер және мемлекеттің қорғауындағы әрекет,
қылық, мінез – құлық.
Адам құқығының концепциясының негізі ол адамның қадір – қасиеті. Адамның
қадір – қасиеті адамзаттың мәнінен бөлініп шығады. Адамның қадір – қасиеті
тұлғаның қадір – қасиетінен өзгеше болады. Соңғысы адамның өзіне, оның
мінез – құлқы және адамгершілдік бейнесіне тәуелді.
Адамның қадір – қасиеті – адамның қоғаммен байланыс құруда, өзіне беретін
адамгершілдік бағасы, бір жағынан, нақты бір адамның әлеуметтік құндылығы
қоғамда танылуы, қайталанбаушылығы, адамзат қауымының маңызды бөлшегі
ретінде танылуы екінші жақтан. Адамның қадір – қасиеті оның құқықтары мен
бостандықтарының қайнар көзі болып келеді.
Демократия – ол көпшіліктің шектеулі билігі, жеке адамның құқықтарымен
бостандықтарымен шектеледі, яғни, адамның құқытарымен бостандықтары
көпшіліктің ерігін шектеп отырады.
Адам құқығы мен азаматтың құқығының бөлінуі азаматтық қоғам және
мемлекет түсініктерінің бөлінуінен шығады. Адам өзінің әрекеттерін
жүзеге асыру үшін жеке автономиялық алаң беріледі, онда қозғаушы күш
ретінде адамның жеке мүдделері ерекше орын алады. Мұндай мүдде азаматтық
қоғамда жүзеге асырылады.
Азаматтық қоғам – ол жеке бостандықтарына ие болған экономикалық тәуелсіз,
мемлекет пен құқықтың қорғауындағы азаматтардың қоғамы. Азаматтық қоғамның
азаматтары қоғаммен мемлекеттің өміріне тиісті маңызды мәселелерді шешуде
белсене қатысады және өздері құрған қоғамдық құрылыстар арқылы мемлекетке
әсерлерін тигізеді. Азаматтық қоғам үшін не сипатты болып келеді?
Негізінен ол:
жеке меншікке негізделген азаматтардың экономикалық дербестігі;
азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласпауы;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік және құқықтық
қорғауға алу;
сот билігінің тәуелсіздігі;
өкілетті заң шығарушы билігінің болуы;
әр түрлі азаматтық және қоғамдық институттарының дамуы (партиялар,
бірлестіктер және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар), олар қоғамның әр
түрлі топтарының мүдделерін білідіре отырып, мемлекеттік органдарының
әрекеттеріне ықпал етеді.
Азаматтық қоғаммен құқықтық мемлекет тығыз байланыста, ол оның саяси –
құқықтық безендірілуі болып келеді. Құқықтық мемлекет – ол құқықтың билігі
қамтамасыз етілетін, заң жоғарғы күшке ие болатын, барлығы заң алдында тең
болатын, тәуелсіз сотқа ие болатын, адамның құқықтырымен бостандықтары
танылатын демократиялық мемлекет, ал билікті ұйымдастырудың негізіне
биліктің тармақтарға бөліну принципі алынады.
Құқықтық мемлекеттің белгілері:
мемлекеттің әрекеттері құқықпен шектелуі;
қоғамның барлық салаларында заңның басым болуы;
мемлекет әрекетінде биліктің бөлінісу принципінің жүзеге асырылуы;
заң шығарушы билігінің өкілетті сипатта болуы, яғни қабылданған заңдарда
халықтың ерігін және мүддесін
азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын мемлекет тарапынан қорғауға
алынуы;
сот билігінің тәуелсіздігі;
заңның тұрақтылығы және қоғамда құқықтық тәртіптің болуы;
конституция шеңберінде қызмет атқаратын көптеген партиялар, қозғалыстар,
бірлестіктердің әрекеттері арқылы саяси және идеологиялық алуандықтың, әр
түрлі концепциялар мен көз – қарастарының болуы.
Құқықтық мемлекет – ол барлығына белгілі, тұрақты және нақты заңдары бар
мемлекет, яғни адаммен биліктің арасынада ойын шарттары бар мемлекет.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Адам құқығын оқытудың маңызы.
ҚР адам құқығы мен бостандығы туралы қазіргі кездегі көзқарастар. Адам
құқығын оқытудың маңызы.
3. ҚР адам құқығы мен бостандығы туралы қазіргі кездегі көзқарастар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография.
Семипалатинск, 2013.-299 с
Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека.
Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.
Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные
отношения, 2009. - 157 с.

2. Адам құқығының тарихы

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі
анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.
Жоспары:
Антикалық дәуірдегі азаматтардың құқықтары. Феодализм дәуіріндегі адам
құқығы мәселелері. Француз ағартушылары адам құқығы туралы. АҚШ құрылуы
кезеңіндегі адам құқығы. ХYIII-ХIХ ғасырдағы адам құқығының либералды-
демократиялық түжырымдамасы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Антикалық дәуірдегі азаматтардың құқықтары.
Феодализм дәуіріндегі адам құқығы мәселелері.
АҚШ құрылуы кезеңіндегі адам құқығы.
ХYIII-ХIХ ғасырдағы адам құқығының либералды- демократиялық
түжырымдамасы.

Адам құқықтары - туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары
мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың
негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси
бостандықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ
қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық азшылықтар, халықтар және
т.б.) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша
әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп
атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам
құқықтарының өзі болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет
қарым-қатынастарының нормалары, қағидалары.
Адам құқықтары адамдар қызметінің ұзақ қайталанған актілерінен қайталанып
отырған байланыстар мен қатынастар нысандарынан қалыптасқан. Осылардың
нәтижесінде адамдардың қарым-қатынастарын тәртіпке келтіре алатын белгілі
бір тұрақты нормалар, эталондар, құндылықтар пайда болған. Әрбір адам
белгілі бір материалдық жэне рухани игіліктерді иемденуге талаптанады, ал
оларды иемденуге қоғам мен мемлекет көмектесуі керек жэне осы игіліктер
көлемі тарихи тұрғыдан әрқашанда қоғамның сыныптық құрылымындағы,
материалдық өндіріс жүйесіндегі индивидтің жағдайымен белгіленіп отырады.
Индивидке берілетін осы игіліктерді адам құқықтары деп атауға болады.
Америкалықтар алғашында адам құқығы туралы сөз қозғаған жоқ, бірақ
өздері жоғары бағалаған бостандық туралы айтты. Көптеген отаршылдар жаңа
әлемге, дінге бостандық іздеу үшін аттанды. ХVІІ ғасырда Еуропада сөз
бостандығы, өзін – өзі басқару болмады. Бірақ америкалық отаршылдар
Ұлыбританиямен байланыстырып тұрған саяси байланысты үзу уақыты келгенде
оларда дәстүр мен заңдылық жүйесінің құрылып, діни сенім бостандығын тану,
сөз бостандығы, жиналыс бостандығы, сотқа қатысу құқығы қалыптасқанда
жүзеге асады деп тұжырымдайды. Дәл осы бостандықты шектеу Америкада
Ұлыбританиядан тәуелсіздікті алу үшін Америкада бой көтерген революциялық
қозғалысқа әкеп соқты.
1776 жылы алғаш рет адам құқығына мемлекеттік анықтама берген Вирджиния
құқықтары Декларациясы құрастырылды, онда Барлық адамдар табиғаты бойынша
тең дәрежеде еркін және тәуелсіз, сондай – ақ туғаннан белгілі құқықтарға
ие..., нақты: өмір сүру құқығы және меншікке билік ету, бақытқа ұмтылу
құқығы және қауіпсіздікпен отанға ие болу деп көрсетілді.
Вирджиния құқығы Декларациясының даму идеясы 1776 жылы Тәуелсіздік
Декларациясынан бастау алды, бұл отаршылдардың британ құдіреттілігіне
қарсы күрестің соңғы сатысын бейнеледі. Отарлардың егемендігі, олардың
британ тағынан тәуелсіздігі жарияланды. Басқару нысанына қарамастан әрбір
мемлекетте танылған мемлекеттің егемендігін білдіретін билік болуы тиіс
болды.
1775 жылыдың мамыр айында Филадельфияда екінші құрылықтық конгресс ашылды.
1776 жылы 4-шілдеде Конгресс тәуелсіздік Декларациясын қабылдады,
декларация отарлық езгіге қарсы тұрып, адамның ажырамас құқықтары –
өмір, бостандық, бақытқа ұмтылу және Америка Құрама Штаттарының
біріктірілуі, еркін және тәуелсіз мемлекет деп жариялады. 1776 жылы
Вирджиния құқығы туралы Декларация конституциялық сипаттағы тұңғыш құжат
ретінде адам құқығына мемлекеттік анықтама берді. Құжатта барлық адамдар
тең және анықталған ажырағысыз құқықтарға ие, ол адамдар құқығын
қамтамасыз етуді мемлекет басқару құзыретімен келісе отырып бекітеді деп
жазылды. Декларация авторы Томас Джефферсон (1743 – 1826 ж.ж) болды.
Джефферсонның пікірінше мемлекет ішкі қауіпсіздікті және елдің ішкі
бейбітшілігін қамтамасыз ету үшін күшті болуы керек, сонымен бірге тұлға
бостандығы, жеке бастаманы шектеу және еркін бәсекелестікке әлсіздікке
қатысты болады. Халықтың үстемдігі және теңдігі қағидатының пайда болуына
әсерін тигізген Джефферсон көзқарасы Декларациядан кең орын алды. Өмір
сүру, бостандық және бақытқа ұмтылу құқықтары ажырамас құқықтар ретінде
саналды. Бұл құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін билікті қолына
алған үкімет құрылды. Бірақ бұл құқық құлдар мен жабайылар арасында
таралған жоқ.
Халық құқығын қорғау үшін билікті құру құқығын бекіту, соттың
тәуелсіздігін талап ету, ағылшын отарларына қарсылық көрсету Декларацияның
жаңа қалыптасып, бекітілген мемлекеттің конституциялық бастамасының
құрамдас бір бөлігі болып табылатынын көрсетті.
1776 жылы 13 штат жеке мемлекет ретінде ортақ мақсат көздеген тұрақты одақ
болып табылатын АҚШ конфедерациясын құрды. Бұл мемлекет әлсіз, ал билігі
қуатсыз болды. Сондықтан Филодельфияда Конституциялық конвент отырысында
жаңа мемлекет – АҚШ федерациясының құрылуы туралы шешім бекітілді.
Федерация – орталық құзыретті органдар, яғни заң шығарушы, атқарушы және
сот органдары қалыптасқан мемлекеттердің тұрақты одағы. 1788 жылы күшіне
енгізілген Конституция қабылданды.
АҚШ конституциясы әлі күнге дейін қолданыстағы жазылған тұңғыш
конституциялар қатарына жатады. Бұл қысқа құжат (7 мың сөз шамасында)
Преамбуладан, 7 баптан, сондай – ақ 27 өзгертуден тұрды. (АҚШ тарихында 
мыңдай өзгертулер ұсынылып, соның ішінде 40- тан астамы қабылданды,
штаттардың басым көпшілігі 34 – нен 27- і құжатқа қосылды). Алғаш реет
биліктің тармақтарға бөліну қағидаты бекітілді. Конституцияда азаматтар
мен мемлекеттік қызметшілер құқығын қорғайтын ережелер жинақталды.
Конституция бойынша төмендегідей адам құқықтарының қорғалуына жол ашылды:
Біріншіден, мемлекеттік қызметшілердің саяси тәуелсіздігі және басқа да
құқықтары; Конгресс мүшелерінің сөз бостандығына деген құқығы қорғалды,
оларды Конгрессте сөйлегендері үшін қамауға алуға тиым салынды. Үкіметтік
органдарға және т.б. жұмыстарға қабылдау кезінде нақты дінге сену шартын
қоюға тыйым салынды;
Екіншіден, штат билігі тарапынан азаматтар құқығының бұзылуын,
азаматтарды несие берушілерге қатысты міндеттемелерінен босату  туралы заң
актілерін шығаруға Штатқа тиым салды. Конституция құлдарды иеленуші
азаматтардың меншік құқығын қорғады. Федеральдық үкімет тарапынан басқа
штатқа қашып кеткен құлдарды иесіне қайтару қарастырылды; Конституция
федеральдық үкімет пен штат басқармасына кері күші бар заңдарды және
соттың шешімінсіз қамауға алуға тыйым салды;
Үшіншіден, федаральдық билік тарапынан азамат құқығының бұзылуын қорғады.
Хабеус корпус және алқалы сот құқығын қорғау қарастырылды;
Конституция сатқындығы үшін айыпталудан қорғады, АҚШ мүддесі үшін
сатқындық деп мына әрекеттер саналды: АҚШ – қа қарсы әскери қимылдар
жасау, аталмыш іс -әрекеттерді қарсыластарға қосыла отырып іске асыру және
қарсыластарға әскери көмек көрсету. Екі куәнің қатысуынсыз немесе ашық сот
өндірісінде мойындалмаса ешкімді де сатқындығы үшін айыптауға болмайды
деп аталмыш қылмыс түріне нақты анықтама берілді.
1789 жылы бірінші Конгресс сайланды. АҚШ – тың тұңғыш президенті Джордж
Вашингтон болды. Азамат құқықтарының басым көпшілігі Конституция
енгізілмеді. АҚШ Конгресі 1791 жылы Конституцияға бірнеше құқықтар мен
бостандықты айқындаған он өзгерту енгізді. Аталмыш өзгертулер тарихқа
құқық туралы Билль деген атпен енді.
Сондай – ақ 1789 жылы Конгресстің ашылу рәсімінде Джемс Медисон өкілдер
палатасына Конституцияға өзінің толықтыруларын ұсынды. Медисон 
заматтардың белгілі бір топтарының мемлекеттік билікті өз мүдделері үшін
пайдалануы адам құқығына басты қауіп төндіреді және ол бұл қауіпті
федаральдық үкіметтен гөрі штат үкіметі тарапынан күтетінін айтты.
Медисонның пікірінше Бірде – бір штат азаматтың ар – ұждан, баспасөз
бостандығын және алқалы сотқа қатысу құқығын бұзуға болмайды деген
түзетуі ең маңызды болып саналуы қажет болды. Сонымен бірге Медисон
конституцияға енгізілмеген құқықтарға қатысты да түзетулерді
ұсынды.Ұсынылған түзетулердің мақұлдануы Конституцияға енгізілген,
анықталған құқықтардан бас тарту немесе халықпен сақталған құқықтарға
нұқсан келтіру ретінде талқыланбауы қажет дей отыра оныншы түзету деген
атқа ие болды.
1789 жылдың тамыз айында өкілдер палатасы Медисонның ұсыныстарын қарады,
оған өзгерістер енгізіп, сенаттың қарауына жіберді. Сенат шешімі бойынша
түзетулер Конституция мәтініне емес, керісінше мәтінге қосымша ретінде
енгізілді. Сенаторлар жеке тұлғаның діни сенімге бостандығын, сөз
бостандығын, сотқа қатысу құқығын сақтауға қатысты түзетулерді алып
тастады.
Адам құқығына қатысты енгізілген түзетулердің жетеуі ең қажетті деп
саналды. Бірінші түзету бойынша Конгреске сөз, баспасөз және дінге сену
бостандығын шектейтін, сондай – ақ дінді тағайындауға қатысты заңдарды
шығаруға тыйым салынды. Екінші түзету бойынша халықтың қаруды сақтау және
алып жүру құқығына кепілдік берілді, яғни мәтін мазмұнында бұл жақсы
жарақталған милицияның болуы деп ескертіледі. Адамдардың қаруды өзімен
бірге алып жүруі туралы мәселе кең көлемде дау туғызып, Жоғарғы сот бұл
дауды қалай құлшынса да шеше алмады. Үшінші түзету жеке үй меншік иелерін
әскери бақылаудан қорғады. Төртінші түзету бойынша көмек туралы іс
жүзінде ешқандай әрекет етпейтін, тек деспоттық британ саудасын іске
асыруда ғана қолданылатын қаулының орнына негізделмеген тінту мен
қамауға тиым салынды, осыған сәйкес тінту мен қамауға ордерді дәлелдер
жеткілікті болған жағдайда ғана беру тәртібі қарастырылды.
Бесінші алтыншы, сегізінші түзетулер мемлекеттік қылмысы үшін айыпталудағы
адам құқығына қатысты болды. Үкімет тарапынан көрсетілген қысымшылықтан
қорғалуда айыпталушыларға кейінге қалдыруы мүмкін емес азаматтар тарапынан
құрылған және жария алқалық соттық қорғалуға құқық берілді. Сот
өндірісінің әділеттілігін қаматамасыз етуде айыпталушы да, жәбірленуші де
өз тараптарынан куәләрді сот процессіне шақыруға мүмкіндік алды.
Айыпталушыға адвокаттың қызметін алуға жағдай жасалды. Айыпталушыны
жасаған бір қылмысы үшін бір реттен артық жазаға тартуға болмайды және оны
қатал, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жазаға тартуға және өзіне қарсы
дәлелдер келтіруге мәжбүрлеуге тиым салынды.
Соңғы түзету тарихта көбінесе бесінші түзету деген атпен белгілі,
аталмыш қағида тергеудегі және ауыр қылмысы үшін айыпталған тұлғаларға
қолданылды, яғни бұл жерде өзін өзі айыптауға қарсы берілген артықшылық
қағидасының маңызы ерекше байқалды. Сонымен бірге аталмыш қағида
айыпталушыны өз кінәсін мойындатуда қорқыту, қысым көрсету, жалған
куәләрді әкелу, сотты сыйламауға міндеттеу әрекеттерінің әділетсіз
екендігін айқындады. Сондай – ақ бесінші түзету меншік иелерінен меншікті
мемлекеттік мақсатта келтірілген залалды қайтармай мәжбүрлеп алуға тиым
салды.
Жетінші түзету анықталған азаматтық істерді алқалы сот арқылы жүргізу
керектігін пайымдаса, тоғызыншы түзету Конституцияға енгізілген,
анықталған құқықтардан бас тарту немесе халықпен сақталған құқықтарға
нұқсан келтіру ретінде талқыланбауы қажет дейді. Жекелеген штаттар
мойындағаннан кейін құқықтар туралы Билль 1791 жылы 15-желтоқсанда АҚШ
конституциясының бір құрамдас бөлігіне айналды. Америкалықтардың басым
көпшілігі құқықтар туралы Билльге немқұрайдылық танытты, себебі оның
әрекеті Жоғарғы Соттың шешіміне сәйкес тек қана федералды үкіметке қатысты
таратылды. Тек 150 жылдан соң, ХХІV-ші түзетуді қабылдағаннан кейін ғана
азаматтар штат тарапынан болған өздеріне қатысты құқықбұзушылықтан қорғалу
кепілдігіне ие болды. ХІV-ші түзетудің мәні (1886 ж қабылданған)
азаматтардың нәсілдік және ұлттық теңдігін бекітті, сот шешімінсіз
біреудің өмірін қиюға, бостандығы мен меншігінен айыруға жол
берілмейтіндігінде болды. Құқық туралы Билль құлдарға қатысты қағидаларға
ешқандай түзетулер енгізген жоқ. Тек 1865 жылы ХХІІІ түзету күшіне
енгеннен кейін бұрынғы негр — құлдарды АҚШ азаматы деп және оның
құқықтарымен теңестірілуін таныды. Құқықтар туралы Билльді қоспағанда тағы
да басқа бірнеше түзетулердің маңызы өте зор болды. Атап айтқанда ХV-ші
өзгерту (1869 жылы қабылданып 1870 жылы ратификацияланды) еркек –
азаматтардың сайлау құқығының теңдігі туралы, ХІХ-ші түзету (1917 жылы
қабылданып 1919 жылы ратификацияланды) әйелдерге сайлау құқығын беру
туралы; ХХІV- ші түзету салық төлемегені үшін сайлау құқығынан айыру;
ХХVІІ- түзету сенат пен палата өкілдеріне өздерінің жалақыларын көбейту
және т.б. туралы әрекеттеріне тиым салды. Әлеуметтік, экономикалық және
мәдени құқықтар туралы ережелердің осы күнге дейін толық қанды болмай
отырғанын айта кету керек. ХVІІІ ғасырмен салыстырғанда ХХ ғасырдағы
құқықтар туралы Билльдің маңызы зор болды. Адам құқығы туралы идеяның
қалыптасып, оның шындыққа айналдырудың отаны ретінде ХVІІ – ХVІІІғғ.
капиталистік мемлекеттерді тануымызға болады. Адам құқығы мен
бостандығының кенейтілген тізімін ғана емес, сонымен бірге адам құқығының
әмбебаптық негізін қалап, оны демократиялық тұрғыда сипаттап, теңдік
принципін ұсынған ХVІІ – ХVІІІ ғғ. буржуазиялық – демократиялық
революциялар адам құқығын дамытудағы басты оқиғалардың бірі болды.

Адам құқықтары мәселесі әрқашанда қоғамдағы адам орнын белгілейтін
құқықтарды иемдену үшін, олардың көлемін кеңейту үшін жүргізілетін
сыныптық шайқастар мәселесі болған. Тарих көрсететіндей әр ұрпақ адам
құқықтарын қайта қорғауға мәжбүр болады, адам құқықтары мен бостандықтарын
қорғау және қолдау үшін күш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Әлеуметтік мемлекет
Қоғамдағы инновациялық технологияның педагогикалық шарттары
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Конституциялық құқықтың пәні
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе
ҚР әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Пәндер