Мен тұжырымдамасы. Мен бейнесін психодиагностикалау



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Тұран университеті

Мен тұжырымдамасы. Мен бейнесін психодиагностикалау

Курстық жұмыс

Орындаған: Досмағамбет М.С

Алматы. 2017ж

Жоспар:

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім.
2.1 Мен тұжырымдамасы, Мен бейнесіне түсініктеме ... ... ... ... ... ... 5
2.2 Мен бейнесін диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Адам өмірге келген сәтінен өзінің "мен" бейнесі белсенді бастау, тәжірибені түсіндіруде маңызды фактор болып табылады. Мен бейнесі тұлғаның ішкі дүниесінің бірізділігіне жетуіне көмектеседі, тәжірибені түсіндіруді анықтайды және кутулердің шығу көзі, яғни болу керек жағдайлар туралы еслестетулер болып табылады.
Мен бейнесі индивид сезінетін сыртқы факторлардың әсерінен құрылады. Әсіресе, индивидтің өзі туралы елестетулерді анықтайтын байланыстар маңызды болып саналады. Бірақ кез келген дерлік әлеуметтік байланыстар оған белгілі бір әсерлер қалдырады. Алайда, өзіндік мен тұжырымдамасы қалыптасқаннан кейін, ол тәжірибені түсіндіретін маңызды факторға айналады. Осылайша, Мен бейнесі мынадай маңызды рөлді атқарады: тұлғаның ішкі үйлесімділігіне қол жеткізуне ықпал етеді, тәжірибені анықтайды және үміттердің шығу көзі болып табылады. Сондықтан өзінің мен құрылымын зерттеу, әрбір индивид үшін маңызды рөл атқарады, өйткені ол өз психикасының ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге және қандай да бір маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұл мәселенің өзектілігі, мен тұжырымдамасы әлі күнге дейін толық зерттелмеген және тереңірек сараптауды қажет етеді, себебі адам ежелден-ақ өзіне мен кіммін? деген сұраққа жауап іздеуде және әлі де бұл сұраққа нақты жауап тапқан жоқ.
Зерттеудің мақсаты: Мен бейнесін түсіндіруге бағытталған тәсілдемелерді сараптау және оның психология ғылымындағы құрылымы. Мен бейнесін психодиагностикалау.
Зерттеудің объектісі тұлғаның Мен бейне құрылымы, ал пәні - Мен тұжырымдамасын зерттейтін теориялар.
Қойылған мақсат келесі міндеттер арқылы анықталады:
1. Мен тұжырымдамасы туралы отандық және шетелдік авторлардың көзқарастары,әдебиеттерге сыни талдау жасау.
2. Мен бейне құрылымының ерекшеліктерін анықтау.
Мен тұжырымдамасы ұғымының мазмұны мен көлемі әлі күнге дейін дискуссияға жақсы тақырып. Алайда ең негізгі тәсілдемелерді синтездесек, психология ғылымындағы маңызды критерийлерді бөліп қарастыруға болады.
Мен тұжырымдамасын зерттеудің негізін салған деп У. Джемс есептелінеді. Ол өз моделінде тұлғаны: Мен - танылатын және Мен - танушы деп екі құраушы бөлікке бөлген, сондай-ақ, бұл бөлу шартты болып, тек теориялық құрылуларда ғана бір-бірінен ажыратуға болады деп атап кетті.
Сонымен қатар бұл феноменді зерттеуде өз үлестерін көптеген ғалымдар қосты. Олар мен тұжырымдамасын жан-жақты қарастырды. Бұл зерттеушілерге мына ғалымдарды жатқызамыз: У. Джемс, Ч.Х. Кули, Дж.Г. Мид, Л.С. Выготский, И.С. Кон, В.В. Столин, С.Р. Пантилеев, Т. Шибутани, Р. Бернс, К. Роджерс, К. Хорни, Э. Эриксон, т.б.
Сонымен, адам, әлеуметтік жаратылыс ретінде, көптеген әлеуметтік және мәдени рөлдерден, қоғамда өз орнын анықтайтын стандарттар мен бағалаулардан қашып құтыла алмайды. Ол тек өзінің бағалаулары мен жорамалдарының объектісі ғана емес, сонымен қатар қоғамда өзара әрекеттесулер барысында басқа адамдардың бағалаулары мен жорамалдарының объектісіне айналады.

Психологияның дамуы барысында Мен тұжырымдамасы көптеген шетелдік және отандық зерттеушілердің назарын аудартуда. Барлық авторлар Мен тұжырымдамасы терминімен шектеліп қалмай, сонымен қатар Мен бейнесі, сананың когнитивті құрамдас бөлігі, өзін-өзі қабылдау, өз-өзіне қатынас және т.б. терминдерін қолданылады.
Индивидтің мінез-құлық тенденциясын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын МЕН- концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы жалпы ұстанымдар жүйесі. Мен тұжырымдамасының сипаттама компоненті - мен бейнесі немесе Мен суреті, яғни өз-өзіне, өзінің жеке қасиеттеріне деген көзқарас, - өзін-өзі бағалауы немесе өзін-өзі қабылдауы. Мен бейнесі тек адамның өзін-өзі қалай көретіні ғана емес, ол өзі туралы не ойлайтынында, өз іс-әрекетіне және болашағына қалай қарайтындығының барлығы осы тұжырымдаманы құрайды. МЕН - концепциясы шынайылықтың әртүрлі Шеңберіндегі және оның енжарлығының үш рөлін атқара отырып, адамның сәттілік шегін анықтайды, біріншіден тұлганың іщтей өзімен келісушілікке жетуге қабілеттендіреді; екіншідең адамның тәжірибесінің интерпретациясын анықтайды. Үшіншіден күтудің бастамасы болып табылады. Осылайша, МЕН - концепциясы барлық тұлғалық және мінездік процестерді реттеуші ретінде көрінеді. Мен - концепциясы өзінің шыгу тегі жағынан - негізінен жүйке жүйесінің қасиеттерімен мазасыздық деңгейіне генетикалық бекітілген фенотиптік құрылым.
Бернс атап өткендей, анықтаушы және бағалаушы құраушылар Мен бейнесін өзіне бағытталған мақсаттардың жиынтығы ретінде қарастыруында. Мен тұжырымдамасының үш негізгі элементін келесідей көрсетуге болады:
1. Мақсаттың когнитивті құрамдас бөлігі - мен бейнесі - индивидтің өзі туралы көзқарасы.
2. Эмоционалды - бағалаушы құраушы - өзін-өзі бағалау - аффективті баға әртүрлі қарқындылықта болады, себебі мен бейнесінің нақты қырлары, белгілі бір қабылдаулары мен кінәләуларына байланысты күшті немесе жай эмоцияларды тудыруы мүмкін.
3. Потенциалды мінез-құлықтық жауап, яғни Мен бейнесі және өзін-өзі бағалау арқылы туындаған нақты іс-әрекеттер.
И.С. Кон индивид өзін адекватты түрде қабылдай алуы және өзін бағалауы жөнінде мәселе қозғайды, егер ол эгоның қорғанысын тудыратын болса. Өзінің мінез-құлқын тиімді түрде бағыттап отыру үшін субъект өзі және өзгелер туралы дұрыс ақпараттарды игеруі қажет. Керісінше, Эго - бұл Мен бейнесін қандай жолмен болса да сақтап қалу үшін барлығын жасайтын, тіпті бастапқы ақпаратты өзгертсе де, өзін қадірлеу мен тұрақтылықты сақтап қалуға бағытталған қорғаныс қызметі. Осыған байланысты субъект өзін адекватты немесе жалған бағалауы мүмкін. Өзін-өзі төмен қадірлеу бұл - невротика, ол - мотив, сонымен қатар өзін-өзі жұмыстан кетерде ақтап алу жолы, ал шығармашылық тұлғаның өзін сынауы - бұл жаңа белестерді бағындыруға деген талпыныс.
К. Роджерстің клиентке шоғырланған терапиясында, сыртқы орта мен индивидтің тікелей тәжірибелері арасында пайда болтын конфликтке негізделеді. Оның ойынша, осы дезадаптацияның түп негізінде жатыр. Оның теориясында адам психикасының тұңғиықтағы психикалық қатпарлары өз бетінще әлеуметтенген және позитивті болып бағытталады. Автор Мен және Мен-бейнесін бөліп қарастырады. Мен - бұл индивидтің өзінің нақты нақты тәжірибелерді бастан кешіру нәтижесі, ал Мен бейнесі тұрақты білім, ол өмір бойы жиналады және де оған әлеуметтік нормалар мен басқа адамдардың оның мінез-құлқына деген көзқарасынан пайда болады. Карл Роджерс терапияны шығарған және сондай-ақ гуманистикалық психологияның атасы деп те айтады. Оның әсері тек қана психологиямен шектеліп қана қоймай, оның көптеген түрлі жұмыстарының арқасында басқару жүйесінде, әскери ұжымдарда, әлеуметтік жұмыстардың практикасы туралы, басқаларды тәрбиелеу туралы және сабақ беру тәсілдері жайлы, діни жұмыстар және т.б. өзгерте білді. Роджерстің пікірінше, біздің әрбіреуімізде компоненттің бір бөлігі болуға талпынамыз. Яғни, бұдан барып педагогиканың, психотерапияның, бейнелеуді басқарудың негізгі мақсаты ол біздің еліміздің ішкі күштеріміздің дамуын оята білуге, яғни бұл адамды сәттілікке әкеледі.
Адамның өміріндегі дамуындағы негізгі рөлді адамның өзі туралы ойлары негізгі болып табылады. Яғни, оның Мен концепциясы Роджерс бойынша адам өзі туралы ойлайтын ойларға сәйкес әрекет жасайды, сондай-ақ ол қандай екенін тек өзі ғана талқылай алады. Мен концепциясы - адамның өзі туралы ойлар жүйесін, яғни оның осы әрекетімен ойларына эмоционалды қарым- қатынасы болып табылады. Сондай- ақ мен концепциясы, мысалы: өзін жаманмын деп санайтын адам өзі туралы ойларға әркез сеніп, соған сәйкес келетін бейнемен әрекет жасайды. Керісінше де өзін жақсымын деп сезінсе, осы ойларына сәйкес қайта- қайта әрекеттер жасайтын болады. Адамның өз-өзінің объективті образы болмайды, яғни негізгі эталонның негізінде қолданылатын. Бірақ та актуалды өмірлік тәжірибелер де бар (мысалы, осы немесе басқа да ситуацияларда және оның нәтижелері), яғни мен концепциясының негізіне қарсы тұрады. Мұндай жағдайларда неконгруэнттілік (қарсы сәйекес келмейтін) өзі туралы ойлары мен актуалды тәжірибенің өзгеруіне әкелетін өзі туралы модификация жолымен. Негізінен мен концепциясы әсер ететін адамдарға байланысты болады, яғни ең жақын, авторитетті адамдар, олар ең алдымен ата- аналары болып табылады. Тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас ету ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның Менінің қалыптасуын бейнелейді. Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында Мен - бейнесін түрліше қабылдайды. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық кестесі ретінде Мен - концепциясының психологиялық теориялық - концептуалды жоспарда толығымен феноменологиялық тұрғы немесе гуманистік психологияға интеракционизмге, аз дәрежеде психоанализмге сүйенеді. Мен объект ретінде 4 аспектіден тұрады: рухани Мен материалды Мен, әлеуметтік Мен, денелік Мен. Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған Мен-концепциясы келесі жағдайларға негізделеді:
1. Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез- құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі.
2. Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - Мен -Концепциясы оның маңайында
қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады.
3. Мен - Концепциясы бір мезгілде қабылдау жемісі және де әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдардың жиынтығы болып табылады.
4. Мен - Концепциясы құрылуымен мінез - құлық оған
толығымен бағына бастайды.
5. Мен - Концепциясы уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның болжамдық құндылығы болып табылады.
6. Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну Мен
Концепциясының құрылуымен параллельді жүреді- Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағала
тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады.
7. Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен Мен
Концепциясы арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаны стратегиялары қолданылады.
8. Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзінді актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің Мен Концепцияларының құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау.
Мен - Концепциясы ары қарайғы дамуы Мен Концепциясын бейнелеу үшін концептуалды - терминологиялы" құрамын унификациялау бағытында жүрді және өлшеулер үшін сенімді эмпирикалық референттерді іздеуге бағытталған, соның негізінде, ол бірлік немесе индивидтің өзіне деген бағдарлар құрылымы ретінде қарала бастаған.
Бағдарлар 3 категорияға топтастырылады: - реалды Мен (индивидтің дәл осы мезетте өзін-өзі қабылдауы) - әлеуметті Мен (индивидтің ойынша өзін қоршағандар оны қалай қабылдайды) - идеалды Мен (индивидтің болғысы келетін бейнесі). Шутц, Нюттен зерттеулерінде эксперименттік түрде адамның әлеуметтік мінез-құлқына Мен - бейнесінің өткені мен болашақ бейнелерінің әсері зор екендігі дәлелденген. Дәстүрл түрде адамның психикалық саулығының негізгі көрсеткіші болып табылатын барлық психотерапевтикалық практикаларда негізінде колданылатын Мен ұғымының уақытша ұғым идеялы, әсіресе, олардың өзара сәйкес келмеушіліктеріне баса назар аударылады Мен - өткен шақ, Мен - болашақ, Мен - қазіргі шақ арасындағы белгілі бір дәрежеге дейін жеткен қайшылықтар әлеуметтік психологиялық дезадапциясының негізгі факторы негізінде (К.Хорни) немесе алғашқы тұлғалық ауытқушылықтары ретінде (К.Роджерс) немесе тұлғаның өзіндік актуализациясының төменгі көрсеткішті дәрежесінің бірі ретінде (А.Маслоу) немесе нақты психикалық ауытқушылықтар, яғни депрессия мен мазасыздық бастауы ретінде (Т.Хиггинс) қарастырылады. Көптеген зерттеулерде тұлғаны адекватты өзін-өзі бағалаудың өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі фактор анықтайды:
1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-
әрекеттегі сәттіліктер мен сәтсіздіктер;
2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык
ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым -қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін
тигізді. Мен құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік
сезімтал және оның когнитивті және перцептивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты Мен - концепциясының мазмұны көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады.
Мен - Концепциясына сүйенетін К. Роджерс оны былай деп сипаттайды: Мен-Концепциясы ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол Мен қасиеттерін қабылдаудан, Меннің өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтармен өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас түзеді. "Мен" ұғымы өзі ішінде әр адамның өзі жөніңдегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын камтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының жоғары не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Тұлға - адамдар арасында өз ұстамын жауапкершілікпен және еркін анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Өзін қоршаган әлеммен өзара әрекет, қоғамды және адами қатынастар мәдениет жүйесімен қалыптасады. Ал әлеуметтену барысында тұлға болады.
Мен бейнесі бұл адамның өзі туралы тұлға, биологиялық ағза, әлеуметтің мүшесі, жұмыскер,профессионал ретінде толық елестетулері. Мен-бейнесі өзіне бағытталған жүйе болады және келесі компоненттерді қосады:

oo Когнитивті - өзінің қасиеттерінің, қабілеттерінің, сырқы келбетінің, әлеументтік маңыздылығының бейнесі;
oo Эмоционалды - өзін құрметтеу, өзін ұнатуы, өзін төмендетуі т.б.
oo Еріктік-бағалаушылық - өзін-өзі бағалауды көтеруге ұмтылу, қадірлеуді қажет ету, жаулап алу және т.б.

ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында Мен тұжырымдамасын әлеуметтану позициясынан мынадай ғалымдар зерттеп бастады: Ч. Кули және Дж. Мид. Бұл бағыт әлеуметтік интеракционизм деген атқа ие болды. Алайда, оларға дейін 1752 ж. А. Смит - мораль философиясының шотландық мектептің танытушысы - адамның өзіне деген қатынасы, оның өзін-өзі бағалауы басқа адамдарға байланысты, қоршаған ортаға айнаға қарағандай қарап, өз құндылықтары мен кемшіліктерін байқауға болады деп жазды. Және біз өзіміздің мінез-құлқымызды басқалар қалай сынаса, солай ойлаймыз.
Кейінірек, Ч. Кули мен Дж. Мид айналық Мен теориясын дамытып, бұл теорияның негізгі позициясына Мен тұжырымдамасының дамуы мен мазмұнын қоғам анықтайды дегенді алға тартты. Уақыт өте келе, бұл ғалымдар өз алдарына қойған мәселелерді М.Кун, А. Роуз, Леви-Стросс, Т. Шибутани және т.б. ары қарай дамытты.
Д. Сьюпер, Р. Эквайер, Дж. Бугенталь болса, Мен тұжырымдамасына индивидуалды тәсілдеме жасап, мен бейнесінің дамуы ішкі факторлар әсер етеді деді.
Келесі бағыт Э.Эриксон теориясы психоанализ практикасынан туындады. Э.Эриксон тұлға құрылымын З.Фрейд сияқты Ид, Эго, Супер Эго инстанцияларын бөліп қарастырады. Бұл концепцияның аса маңызды ұғымдары - топтық біртектілік және Эго - біртектілік. Топтық біртектілік бала өмірінің алғашқы күнінен-ақ бастап тәрбие берілген әлеуметтік топқа жатқызылуы, сол топқа тән түйсінулерді жаттықтыруға негізделеніп бағытталған. Эго біртектілік топтық біртектілікпен параллельді түрде қалыптасады. Және адамда өсу мен даму процесінде өтетін өзгерістерге қарамастан өзінің Меннің үзілместігін және табандылыққа, беріктілік сезімі субъектіде пайда болады. Эго - біртектіліктің қалыптасуы адамның бүкіл өмір бойы жүреді және бірнеше кезеңдерден өтеді. Э.Эриксон концепциясы тұлға өмірінің эпигенетикалық концепциясы деп аталады. Эпигенетикалық принцип эмбриондық дамуды зерттеу кезінде қолданатындығы мәлім. Бұл принцип бойынша, өсеттіннің бәрінде жалпы жоспары бар. Бұл жалпы жоспарға негізделіп жеке бөліктер дамиды. Сонымен қатар олардың әр біреуінде даму үшін қолайлы кезеңдері бар. Бұл барлық бөліктер дамып, функционалды тұтастықты қалыптастырғанша болады. Биологияда эпигенетикалық концепция жаңа құрылымдар мен формалардың пайда болуында сыртқы факторлар рөлін бөліп көрсетіп, сол арқылы ілімдердің преформистикасына қарсы шығады. Э. Эриксонның көзқарасы бойынша, деңгейлердің кезектесуі - бтологиялық жетілудің нәтижесі, бірақ та даму мазмұны адамнан ол қатынасатын қоғамның мүшелері нені күтетіндігімен анықталады. Э. Эриксон бойынша кез келген адам, оның қатынасатын мәдениетіне қарамастан бұл деңгейлерден өте алады; осының бәрі адам өмірінің ұзақтығына байланысты. Э. Эриксон жасаған жұмысына баға бере отырып, периодизацияны тұлға теориясы ретінде қарастыруға болмайтындығын түсінген. Оның айтуынша, бұл тек осындай теорияны құрастырудың кілті ғана. Эриксондық схемада тұлғаның даму деңгейлерінің кезектестігі көрсетілген. Э.Эриксонның айтуынша, қарқын мен интенсивтілікте вариация үшін кеңістікті қалдырады. Сонымен эпигенез схемасы ойлау мен ойланудың өзекті формасын ұсынады. Э.Эриксон концепциясы Кьеркегор атты философтың сөзімен айтсақ, бұл: Өмір кері тәртіпте түсінілуі мүмкін, бірақ та басынан бастап өмір кешу керек.Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді.
1. Қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас);
2. тәуелсіздік сезімі - ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас);
3. ынталық - күнә сезімі (4-5 жас);
4. еңбек сүйгіштік - жарты кештік сезім (6-11 жас);
5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну - бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас);
6. интимдік қатынасқа ұмтылу - айналадағылардан оқшаулану (ерте есею);
7. өмірлік белсенділік -- өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею);
8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею)
Э. Эриксон, З. Фрейдтің көзқарасына сүйеніп Мен бейнесін эго-біртұтастылықтық призмасынан қарайды. Символикалық интрекционизмнен айырмашылығы, Эриксон Мен бейнесінің құрылу механизмін бейсаналық үрдіс ретінде қарастырады.
Отандық психологияда Мен тұжырымдамасы өзін-өзі тану бағытында қарастырылды. Бұл мәселелермен В.В. Столин, Т. Шибутани, А.А. Налачжанян, Е.Т. Соколова, С.Р. Пантелеев, Н.И. Сарджве ладзе айналысты.
Мен құрылымын зерттеуде көптеген авторлар теорияларды құрылымдық және фунционалдық деп бөледі. Бірінші топқа Менді белгілі бір қызметтерді атқаратын құрылым түрінде қарастыратын барлық теориялар жатқызылса, екіншіге Мен психикалық тәжірибенің бөлігі және осы тәжірибенің құрылымын зерттейтіндер топтастырылған. Бірінші тәсілдемеден байқайтынымыз Мен күрделі әрі көпөлшемді, ал екіншіге сәйкес біркелкі және ажырамас.
Ғылыми әдебиеттерді саралау барысында, Мен тұжырымдамасын зерттеуде көптеген бағыттар бар екенін және олар мәселені тұлғаның өзін-өзі тануымен тығыз байланыстыра зерттейтінін, өзара байланысқан, тіпті кейде бір-біріне қайшы түрлі теориялық ұстанымдардан қарастыратын көрсетті.

Мен тұжырымдамасының когнитивті құраушысы
Индивидтің өзі туралы түсінігі, ереже бойынша ол дұрыс па әлде бұрыс па, ол объективті әлде субъетивті білімге сүйенгеніне қарамастан өзіне нанымды болып көрінеді. Өзін өзі қабылдауы мен бейнесінің қалыптасуына алып келеді және ол әртүрлі болуы мүмкін. Біз біреуді сипаттауға қолданатын абстрактілі сипаттаулар, нақты бір жағдаймен не оқиғамен байланысты болмайды. Яғни, жалпылама сипаттамалар индивидтің мінез-құлқындағы тұрақты тенденциялар болса, екінші жағынан біздің қабылдауымыздың таңдамалылығы. Дәл осы жағдай біз өзімізді сипаттағанда туындайды: біз күнделікті өзімізді қалай қабылдаймыз солай сипаттауға тырысамыз, оған кез келген рөлдік, статустық, индивидтің психологиялық мінездемесі, дүние-мүліктің сипаттамасы, өмірлік мақсаттарды сипаттау жатады. Бұның барлығы Мен бейнесіне кіреді, яғни индивидке басқа заттарға қарағанда әлдеқайда маңызды нәрселер болып көрінеді. Бірақ бұл өзіндік сипаттаулар өмірлік тәжірибелер барысында немесе сәттік әсер етулер барысында өзгеріп кетуі мүмкін. Бұндай өзіндік сипаттаулар тұлғаның қайталанбас қырларын оның басқа қырларымен байланыстырып сипаттауға ұмтылуы.

Мен тұжырымдамасының мінез-құлықтық құраушысы
Адамдар барлық уақытта өзінің сенімдеріне байланысты әрекет жасамайтыны бәрімізге белгілі. Мінез-құлықтағы тікелей немесе қосалқы нұсқаулықтар сыртқа шыққанда өзгеріске ұшырап, модефикациядан өтеді немесе тіпті тұншықтырылады. Бұның бәрі әлеуметтің оны дұрыс қабылдай алмау қорқыныштары мен индивидтің өз-өзіне сенімсіздігінен және іс-әрекеттен кейінгі болуы мүмкін нәтижелерден қорқу салдарынан болады. Кез келген ішкі нұсқаулық - бұл эмоциялық сендіру болып табылады, ол белгілі бір объекпен байланысты. Адамның саналы және санасыз бағдарлар жүйесі ретінде өзін-өзінің қатынасы Мен тұжырымдаманың бірнеше жақтарын көрсетеді, мысалы, шынайы Мен (қазіргі уақыттағы Мен тұжырымдамасы), үлгілі Мен (болашақта болғысы келетін Мен тұжырымдамасы), айна түріндегі Мен немесе әлеуметтік Мен (өзгелер қалай көретін Мен тұжырымдамасы). Сонымен қатар, динамикалық Мен (адамның өз пікірі бойынша оның өзгерістерге ұшырау ерекшеліктері), елестетілетін Мен, бет перде Мен, қиял ғажайып Мен және т.с.с.
Тұлға үшін үлгілі Мен мен шынайы Мен арасындағы арақатынастың алшақтығы да аса маңызды. Дұрыс нұсқа ретінде үлгілі Мен шынайы Меннен тұлғаның дамуының қалай, қай бағатты ұстануына септігін тигізерліктей, сәл ғана алдыда жүріп, өзара сәйкестіктің бұзылмағаны жөн. Бұл жағдайда өзін-өзі дамыту көзі ашылады. Егер олардың арасындағы қашықтық алшақтай түссе, ол керісінше психологиялық, педагогикалық мәселер туындатуы мүмкін. Салдарынан, тұлғаішілік қақтығыстардың және негативті уайымдаулардың пайда болуына әкеледі [1, 307].
Сонымен, Мен тұжырымдамасы адамның дамуына, оның іс-әрекеттеріне, қарым-қатынастарына, өзін-өзі адекватты бағалауына тікелей әсер ететіндігі анықталды. Өмір үдерісі барысында адамның Мен тұжырымдамасы өзгеруі, толығуы не керісінше қарапайымдалып, өзіне деген қатынасы, өзіндік реттелуі әбден ықтимал [2, 49]. Дегенмен, тұлғаның өзін-өзі бағалауына қарағанда Мен тұжырымдамасы біршама тұрақты. Тұрақтылық Мен тұжырымдамасының ішкі біртұтастылығымен, тәртібінің жүйелілігімен, тәртіптерінің бірізділігімен (Мен-өткен шақ, Мен-осы шақ, Мен-болашақ) анықталады. Жағымды өзін-өзі бағалау Мен тұжырымдамасына байланысты болады. Мен тұжырымдамасы адамның өзі жайлы жалпылама бағдарлар жүйесі деген неміс психологі W. Neubauer, оны өз-өзінің теориясы деп атады [4, 98].
Мен тұжырымдамасының нұсқаулықтардың жиынтығы ретіндегі ерекшелігі, бұл жағдайда нұсқаулықты алып жүрушінің өзі объект б.т. Осы өзін-өзі бағыттау есебінен, Мен бейнесімен байланысты барлық эмоциялар, бағалар өте мықты және тұрақты болады. Басқа адамның өзіне деген қарым-қатынасын байқамау өте оңай, себебі адам психологиясы қорғаныс құралдарына өте бай. Бірақ, әңгіме адамның өз-өзіне деген қарым-қатынасы жайлы айтылатын болса, бұл әлде қайда күрделі. Бұл жерде вервальды манипуляциялар әлсіз. Ешкім өз-өзіне деген қарым-қатынасын оңайлықпен өзгерте алмайды.

Мен тұжырымдамасының бағалау құраушысы
Өзін-өзі бағалау әрқашан тұрақты болмайды, ол жағдайға байланысты өзеріп отырады. Мен тұжырымдамасының келесі құрылым компоненті адамның өзіне деген эмоциялық-құндылықтық қатынасы арқылы анықталады, яғни адамның өзін тұтастай қабылдауынан, өзінің тұлғасын, іс-әрекетін, өзіне көңілінің толуын, өзіндік сыйластығын, өзін бағалауын және т.с.с. көрсетеді. Өзін-өзі бағалау индивидтегі өзі қадірлеу дәрежесін көрсетеді, өзінің қадірін сезінуге, Мен сферасына кіретінның барлығына позитивті қатынасы. Эмоциялық-құндылықтық құрылым компонентінің негізін адамның өзіне деген сыйластығы, бағалауы, жеке құндылықтары құрайды. өзіндік сыйластық дегеніміз өз күшіне, мүмкіндіктеріне сену. Ол іс-әрекеттің қандай да бір аймақтарымен байланысты емес, тек өзін қаншалықты бағалайтындығы, өзіне деген қатынасы маңызды. Өзін-өзі сыйлау бұл өзін-өзі қабылдауы, өзін жақсы көруі. Ал бұл мәселе болмас үшін өзін-өзі бағалау үдерісі дұрыс жағдайға қойылғаны абзал. Өзін-өзі бағалау түсінігінде бағалау компоненті аса маңызды. Өзін-өзі бағалау дегеніміз тұлғаның өзін тұтастай қабылдауы (жалпы өзін-өзі бағалау) және өзінің жекелеген қасиеттерін, өзге адамдармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностика туралы түсінік
С.Дюлленгердің психо-геометриялық тесті арқылы тұлғаны диагностикалау
Баланың шығармашылық қиялын анықтау
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық маңызы
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Адамның есі мнемикалық процесс пен әрекет жүйесі ретінде
Мектеп жасындағы балалардың даму ерекшелігін психодиагностикалау ерекшелігі
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Тіл бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлық деңгейін анықтау
Пәндер