Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын зерттеу



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚР ғылым және білім министрлігі
Тұран Университеті

Жоба
Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын зерттеу

Орындаған: Досмағамбет М.С.
Асқарбай А.Ә.
Нүркенов Е.

Алматы. 2017

Жоспар:
Кіріспе
І - тарау. Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысы психологиялық мәселе ретінде
1.1 Студенттердің стресске төзімділік ерекшеліктері туралы зерттеулерге шолу
1.2 Психология ғылымындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктері туралы теориялар
1.3 Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысына арналған зерттеулер
2. Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын эмпирикалық зерттеу
2.1 Студенттердің стресске төзіліміділік деңгейін анықтау
2.2 Студенттердің тұлғалық ерекшеліктері зерттеу
2.3 Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын зерттеу
Корытынды
Әдебиет тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманда психикалық денсаулықты сақтау және стресске төзімділікті адам бойында құру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, стресске төзімділік жұмысқа деген белсенділікті ұстап тұруға және іс-әрекеттің жемістілігіне, сондай-ақ қиын жағдайлардағы психикалық күйді ұстап тұруға негіз болып табылады. Жоғарғы оқу орнының студенттеріне стресске төзміді болу өте маңызды. Себебі, болашақта бәсекелестікке, жұмыс барысында қиындықтарға төтеп бере алуы керек. Стресске төзімді болу болашақ өмірге сеніммен қарауға тең деп айтсақ болады.Білім алу барысында студент қаншалықты қиын жағдайға тап болып, оны дұрыс шеше алса ол студенттің стресске төзімділік деңгейі жоғары, яғни болашақта ол алдынан шыққан мәселелерді дұрыс шеше алады деген сөз. Еліміздің болашағы жастардың қолында, сондықтан студенттерде стресске төзімді болу қасиеті неғұрлым жоғарғы деңгейде болу қажет. Стресске төзімді болу - өзіне сенімді болу.
Зерттеу тақырыбы - Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысы
Зерттеу объектісі - 20-дан 23-ке дейінгі жас аралығындағы студенттер
Зерттеу мақсаты - студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысына теориялық шолу және байланысын зерттеу.
Әдістемелік негіздеу. Зерттеудің мақсаттарына және болжамдарына сәйкес американдық психологтар Р. Маккрае мен П. Костаның Үлкен бестік әдістемесі мен стресске төзімділік деңгейін анықтайтын И.А. Усатовтың Авторлық әдістемесін пайдаландық.
Эмпирикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Нәтижелерді талдау және стресске төзімділік пен тұлғалық ерекшелік деңгейлерінің пайыздық көрсеткішін анықтау. SPSS бағдарламасының 23.0 нұсқасына сәйкес студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерін стратегияларын зерттеу.
Зерттеудің пәні - студенттердің стресске төзімділігі және тұлғалық ерекшелігі.
Зерттеу болжамы - студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің арасында өзара байланыс бар.

Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1. үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2. төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3. әлсіреу - бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.
Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Біріншіcі табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді.Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.[1] Қазіргі заманда психикалық денсаулықты сақтау және стресске төзімділікті адам бойында құру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, стресске төзімділік жұмысқа деген белсенділікті ұстап тұруға және іс-әрекеттің жемістілігіне, сондай-ақ қиын жағдайлардағы психикалық күйді ұстап тұруға негіз болып табылады. Стресске төзімділік туралы диагностикалық әдістемелерді анализдей келе, бүгінгі күні стресске төзімділікті тұлғалық қасиет ретінде бағалай алатын, стресске төзімділік компоненттерін анықтай алатын комплекстік әдістеме жасалынбаған деген тұжырымға келсе болады.
Стресске төзімділік келесі компоненттерден құралатын тұлғаның қасиеті ретінде қарастырылады:
А) психофиологиялық (қасиеттер, жүйке жүйесінің типі)
Б) эмоционалды компонент
В) мотивациялық
Г) еріктік компонент
Д) ақпараттық компонент
Е) интеллектуалды компонент
Қазіргі біздің қоғамымыздың дамуы мен өзгерістерінің барысында білім беретін жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау, тәрбиелеуде, оларға білім беруді қайта құру жолында жаңа заманымыздың мұрат - мүддесіне орай психологиялық - педагогика ғылымының алдында аса жауапты да маңызды міндеттер тұр. Мұндай міндеттерді шешу үшін, мектептердегі, жоғарғы оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының сапасын жақсарту мәселелерін түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Осыған орай істің мәніне ықпал етуші факторларды жан - жақты ескерудің маңызы айрықша. Жоғарғы оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше. Бұл мәселені зерттеушілерге (А.А.Бодалев, З.Ф.Есарева, Н.Ф.Кузьмина) жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіптік іс - әрекетінің көзі тәрбиелік қарым - қатынас болып табылады. Оқытушылардың студенттермен тәрбиелік қарым - қатынасы нәтижесі студенттің тұтас, жан - жақты әлеуметтік - белсенді тұлға ретінде қалыптасуы, жоғарғы оқу орнын жетістікпен аяқтау мақсатының орындалу дәрежесін анықтайды. Сонымен студент тұлғасының қалыптасуында оқытушымен өзара дұрыс қарым - қатынас үлкен рөл атқарады. Бірақ кейде осы күрделі қарым - қатынаста қарама - қайшылықтар, кедергілер нәтижесіндегі конфликтілер, тұлғааралық түсініспеушіліктер жиі туындайды. Осы мәселені анықтау барысында арнайы жүргізілген психологиялық зерттеулер студенттер мен оқытушылар өзара қатынасында эмоционалды және тұлғааралық түсініспеушілік тұрғысында әрқилы кедергілердің болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу тәлім - тәрбие ісіндегі маңызды мәселе болып саналады. Жастық әлеуметтік қажеттілікпен ерекшеленеді. Бұл жас кезінде қарым - қатынаста үлкен белсенділік танытады. Студент кезеңінде тұлға бейсаналы түрде топ арасында достық қарым - қатынас орнатуға тырысады. Он сегіз - жиырма үш жас аралығы тұлғалық жетілудің ең шыңы болып табылады. Американ психологы Вайленттің зерттеуі бойынша, жас кезеңіндегі ерекшелік, қарым - қатынаста ашықтық және ұйымдастыру қабілетінің болуы. В.И.Слободчикова мен Е.И.Исаев бойынша жастық кезеңді өз өмірінің авторы деп атап кетеді. Яғни, өз өміріңді ойластыру, өзіңнің қабілетіне байланысты шынайы өмірлік жоспар құру, жасыңның үлкендігін саналы меңгеру, отбасы құру үшін жар таңдау, мұның барлығы қоғамдағы негізгі іс - әрекет. Студенттік жас бұл жастық жас кезенің қамтиды. Бұл жаста мамандық және ғылыми мамандық негізгі жүргізуші іс - әрекет. Б.Г.Ананьев бойынша, осы жас кезеңі белсенді психика дамуы мен өзін оқыту маманы ретінде ерекше кезеңі. ЮНЕСКО - ның берілген ақпараты бойынша, дүние жүзінде қазіргі таңда студент саны көбеюде. Мысал үшін 1980 жылы - 46 млн. Болса; 2000 жылы 79 млн.; ал, болашақта 2015 жылы 97 млн. болады. Осы жұмыста қарастырылатын мәселенің болашақтағы ауқымы, қандай көлемді болатыны көрсеткіштер арқылы көруге болады. Студенттік жас - қоғамның ішінде ерекше категория болып табылады, оларды біріктіретін ортақ белгі - жоғарғы білім институттары. Олардың жоғарғы интелектуалдылық деңгейі мен танымдық мотивацясы мамандыққа бағыттылығымен ерекшеленеді. Дүние жүзінде студент жастарының қоғам өміріне белсенді араласатыны - бұл жастардың тұлғалық ерекшеліктерінің айқындылығында. Студент жастар қазіргі заман талабына сай болуыға тырысуда. Үлкен мемлекет, университет деңгейіндегі іс-шараларға студенттердің араласуы тұлғалық ерекшеліктің бірден-бір қасиеті. Бұдан студенттердің ұйымдастыруға, басқаруға және сонымен қатар бағынуға қабілетінің бар екенін аңғаруға болады. Студенттің жоғарғы курста негізгі бағыты - мамандықты игеру, теориялық және практикалық қызығушылығы артады. Осы жас кезінде жастар қаншалықты ортада өз қабілеттерін қолдана алса, соншалықты өзіндік тұлғалық дамуы артады. Ал, бұл адамға интеллектуалды, моральды және рухани дамуына мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, еліміздің болашақ азаматы - қазіргі студент-жастар. И.Ф.Исаевтың айтуы бойынша көптеген студенттерге жоғарғы белсенділікпен қоса, кейбіреулеріне инфантильдік, жауапкершіліктің жоқ болуы тән. Сонымен қатар кейбіреулерінде өзіндік бағалаудың жоғарылап кетуі, ал ол өз алдына тұлғаның жаңа ортаға енуіне, құрдастарымен және оқытушылармен тіл табысуына кері ықпалын тигізеді. И.И.Кобыляцкий студент тұлғасының қалыптасуында екі ерекшелікті бөліп көрсетеді. Біріншісі, жылдамдық, өзгергіштік, өз көзқарастарының үнемі өзгеріп, жаңарып отыруы; екіншісі: ойлары мен мотивтерінің күресі қате және жаңа көзқарастардың туындауы.

Үлкен бестік деп аталатын бес факторлы сауалнама немесе тест американдық психологтар Р. Маккрае мен П. Костамен 1983-1985 жылдар аралығында жасалған. Р. Маккарае мен П. Костаның ойынша, адамды психологиялық тұрғыдан сипаттау үшін осы темперамент пен мінез-құлықтың тұлғалық факторларын білу жеткілікті деп есептейді. Бұл сауалнама 75 жұпты, яғни адам мінез-құлқын айқындайтын бір-біріне қарама-қарсы стимулды тұжырымдардан тұрады. Стимулды ақпарат бес балдық бағалау шкалаларынан тұрады (-2; -1; 0; 1; 2) Атауына байланысты, адам тұлғасы үлкен бес тәуелсіз қырлардан құралған деп түсіндіріледі(диспозициялар):
* Экстраверсия
* қайырымдылық (достық қарым-қатынас адамның келісімге келе алуы)
* ақжарқын (саналы)
* нейротизм (қарама-қарсы полюс-эмоционалды тұрақтылық)
* Тәжірибеге ашықтық (интеллект)
Бұл моделдер эмпирикалық түрде шығарылады, яғни зерттеу барысында алынған мінез-құлықтық мәліметтер, сауалнамалар, сын есімдер шкаласынан алынған мәліметтердің барлығы есептелінеді. Үлгіні алудың негізгі статистикалық құралы - барлау факторларын талдау. Осылайша, эмпирикалық зерттеулерде 5 белгілер көбінесе салыстырмалы дербес факторлар түрінде пайда болады.
Үлкен бестік - адам тұлғасының диспозиционалды моделі. Г. Олпорт Г. Айзенк және Р. Кэттел бастаған зерттеулердің негізін жалғастыра отыра, тұлға - адамның индивидуалды айырмашылықтарын сипаттайды және биологиялық қасиеттері арқылы әлеуметтік ортаға бейімделеді деп тұжырымдады. Үлкен бестіктің шығу тегі деп Г.Айзенк-тің 3-факторлы тұлға моделі айтуымызға болады. Соңғысы экстраверсия, нейротизм мен психотизмді қосады. Үлкен бестіктің туындауының қажеттілігі психотизмнің эмперикалық факторларын шығу қиындықтарына байланысты. 5-факторлық модель алғаш рет 1960 жылдары орындалған бірқатар зерттеулерде алынды (Borgatta, 1964; Norman, 1963; Tupes & Christal, 1961). Соған қарамастан, келесі 20 жыл Айзенк пен Кеттел үлгілерінің артықшылықтарынан өтті. Сонымен, 1980-ші жылдардың ортасында Үлкен бестік Үлкен бестік санақ индексі Айзенк пен Кеттел үлгілерінің модулінен 100 еседен кем болса 90-жылдардың ортасына қарай үлгілердің екі тобы жиілікте тең болды, ал 2009-жылы Айзенк пен Кеттел моделдерін біріктіріп пайдалануда Үлкен бестікке сілтеме 50-ден астам рет асып кетті(John және басқалар, 2008 PsychINFO Американдық психологиялық қауымдастықтың деректер базасында).
Норман (1963) алғаш рет бес факторды экстраверсия, қайырымдылық, адалдық, эмоционалдық тұрақтылық және мәдениет деп атайды. Үлкен бестік эрасы, Голдбергтің жұмысынан басталады (1981) . Дәл осы жұмыста бұл термин алғаш рет пайда болды. Бестіктің Үлкен екенін айта келе, Голдберг оның ерекше маңызына емес, жеке көріністерінің кеңеюіне, төменгі тәртіп факторларын қосу қабілетіне ерекше назар аударады. Эмпирикалық көрсеткіш ретінде Голдбергтің жеке ерекшеліктері бұрынғы авторларға (бірінші кезекте Allport & Odbert, 1936, Baumgartner, 1933, Cattell, 1943, Norman, 1967) сүйенеді, бұл тіл адамның жеке өзгермелілігінің толыққанды тасымалдаушысы болып табылатындығын көрсетеді. Адамдық құрылымдарды зерттеуге осындай көзқарас психоэлекс ретінде белгілі. 1992 жылы Гольдберг сын есімдерге негізделген тұрақты 5-факторлық жеке басылым моделін жариялады. Модельдің лингвистикалық сипаты оны тілдің қасиеттерімен байланыстырады. Негізгі және болжамды қателік ол, әрине, Үлкен Бестік - субкультуральды субъект, яғни, тілге тәуелді емес. Дегенмен, нақты, мәдени тұрғыдан шартталған факторлардың болуы ықтималдығы өте жоғары. Ағылшын тіліндегі Үлкен Бестік сынағының алғашқы аудармалары 1980-ші және 1990-шы жылдар кездерінде жасалды. Басылымдарға қарағанда, ағылшын тілінен өткеннен кейін неміс және голландтарда пайда болды. Неміс проекті Билефельде басталды. Алғашқы зерттеулер барысында неміс тілінде қол жетімді жеке дескрипторларды қамтитын психологиялық зерттеу жүргізілді (Angleitner, Ostendorf, & John, 1990). Нәтижесінде Остендорф (1990) факторды талдау арқылы Үлкен Бестіктің Ағылшын тіліндегі нақты репликациясын алынды. Бұдан басқа, emic- etic- алық талдауларды орындау арқылы (Ostentorf (1990) аударылған заттармен эмикциялық заттармен салыстыру) осы екі тәсілмен алынған деректер арасындағы құрылымда толық сәйкестікті тапты. 1990 - жылдары Үлкен бестікке көптеген жергілікті зерттеулер жүргізілді. Бұл модель өзінің эмпирикалық қолдауын: қытай(Yang & Bond, 1990), чех(Hrebickova & Ostendorf, 1995), грек(Saucier, Georgiades, Tsouasis, & Goldberg, 2005), израильдық(Almagor et al., 1995), венгерлік (Szirmak & De Raad, 1994), польшалық(Szarota, 1995), венгерлік, испандық, филипиндік, түрк, ресейлік сайлаулардан тапты. Ресейде Үлкен бестіктің эмпирикалық сенімділігі алынды. (Shmelyov & Pokhil'ko, 1993). Тұтастай алғанда, осы зерттеулердің нәтижелері көптеген тілдерде Үлкен Бестікке ұқсас құрылымдарға ие екендігін көрсетті, бірақ кейде дәстүрлі факторлардың біріне сәйкес екі жергілікті фактор қалыптасады. Көптеген проблемалар 5 фактормен кездеседі, себебі бұл таза интеллекттен басталып (неміс үлгілерінен), голландтық және итальяндық топтардағы дәстүрлі емес бағынбаушылыққа дейін ауысады.

Үлкен бестікті өлшеу әдістері. Үлкен Бестігін зерттеуге кеңінен танымал және қолдануға болатын NEO-PI-R сауалнамасы (Costa & McCrae, 1992) болып табылаы. NEO-PI-R толық нұсқасы 240 бөлімнен тұрады (5 фактор x x 8 мәселе x 6 аспект). Кейіннен 60 элементтен тұратын тесттің қысқаша нұсқасы (5 фактор x 6 аспектілер x 2 сұрақ) пайдаланылады. NEO-PI-R басқа тәсілдеме, атап айтқанда, Q-сұрыптаумен өлшенеді. Тестті сыртқы бақылаушы (сарапшы) бағалау кезінде қолдануға болады. Үлкен Бестікті тестілеудің соңғы әдістерінің бірі BFI болып табылады. (Big Five Inventory; John, Danahue, & Kentle, 1991; Benet-Martinez & John, 1998; John & Srivastava, 1999; Rammstedt & John, 2005, 2007). BFІ-дің сынақтарынан айырмашылығы, BFI ұсыныстың фрагменттерін ынталандыру материалы ретінде пайдаланады, ол тесттің сенімділігін арттыруға тиіс. Тағы бір тұлғалық модельді өлшеудің тәсілі Хоган шкаласы болып табылады.(1986) Мінез-құ лықпен байланысы. Тұлғалық модельдердің мәні индивидтің мінез-құлқын болжамдауға мүмкіндік беретіндігінде. Кейбір зерттеу топтары Үлкен бестіктің қалайша мінез-құлықты болжамдауға көмектесетінін анықтауға тырысады. Дәлірек айтсақ, Cuperman and Ickes (2009) Үлкен бестік мінез-құлықтық корреляциясын зерттеп, оның мінез-құлықтың белгілі формасын анықтап қана қоймай, қарым-қатынаста партнердің реакциясын айқындайтындығын көрсетті. Мысалы, нейротизмнің өсуімен, бұндай адамға деген көзқарастар көбейетіндігі анықталған т.с.с. 1990-шы жылдары А.Г. Шмелев пен В.И. Похилкомен жүргізілген орыс тіліндегі жеке қасиеттерді зерттеу сөздік қоры шығарылды. Зерттеулер адамның толыққанды психологиялық портретін құру үшін бес фактордың жеткілікті екенін растады.

Студенттердің стресске төзімділік деңгейін анықтау үшін біз Усатов И.А. Авторлық әдістемесін пайдаландық. Стресске төзімділік деңгейін анықтауға арналған авторлық әдістеме құрастырылған болатын. Әдістеме 18 жастан асқан респонденттерге өтуге болады және әдістеменің басқа шектеулері жоқ. Бұл әдістемеде стресске төзімділік адамның индивид ретінде интегралды психикалық қырлары, тұлғаның және субъекттің іс-әрекетінде өмірдің сыртқы эмоциогенді шарттарын оңтайландыратын ішкі психофизиологиялық гомеостаз ретінде түсіндіріледі. Сәйкесінше, стресске төзімділік іс-әрекет нәтижесіне әсер етуші қасиет ретінде, сондай-ақ тұлғалық тұрақтылықты қамтамасыз етуші мінездеме ретінде қарастырылады. Әдістеме 38 сұрақтан тұрады, әр сұраққа 3 жауап берілген. Әдістеме арқылы стресске төзімділіктің келесі деңгейлерін анықтадық: жоғары, орташадан жоғары, орташа, төмен. Қатысушылар саны 20 студент. Авторлық әдістемеде стресстік деңгейлермен қатар оның әр деңгейінде болатын көңіл-күй ерекшеліктері мен сезімдерді толық сипаттайды. Әдістемеде стресстік жағдай туралы мәліметті қойылатын сұрақтарда толық қамтиды. Стресске төзімділікті анықтау әдістемесі стресстік әсерлермен эффективті күресуді қамтамасыз ететін стресске төзімділік ресурстарын екереді. Л.А. Китаев-Смык стресске төзімділік факторларын келесідей топторға болуге болады деп санайды:
1. Биологиялық ерекшеліктер:
А)организмнің туа біткен ерекшеліктері мен балалық шақ тәжірибесі. Психогенетикалық зерттеулерге сәйкес сыртқы ортаның белгілі бір факторына реакцияның 30-40 % ата-анадан берілетін генмен анықталса, 60-70 % тәрбие, өмірлік тәжірибе мен алынған дағдылар негізінде қалыптасып, кейбір адамдар стресске төзімді болып келсе, кейбірі керісінше, стресске бейім болады.
Б) Адамның жоғарғы жүйке қызметінің типі. Адамның жоғарғы жүйке қызметінің типі мидағы жүйке процесстерінің динамикасы мен күшін бейнелейді және қандай да бір өзгеріске ұшырауға мүмкіндігі аз.
В) Стресске төзімділіктегі жастық және жыныстық ерекшеліктер мен игеру стратегиялары. Қандай да бір жағдай әр адамда кенеттен болатын қарсы іс-қимыл тудыруы мүмкін, негативті сезімдерді оятып немесе білібей өтуі мүмкін.

2. Жеке ерекшеліктер:
А) Ашу-ызаға бейімділік. Ашу-ызаға бейімділер, текетіресті, тітіркенгіш адамдар стресске жылдамырақ ұшырайды, ал ашық, мейірімді, әзілге жақын адамдар керісінше, стресске аз ұшырайды.
Б) Бақылау локусы. Бақылау локусы адам қоршаған ортаны қалай тиімді басқара алатынын немесе иелік ете алатынын анықтайды. Бақылау локусының концепциясын америкалық психолог Дж. Роттер құрастырды.
В) Алаңдаушылық. Бұл индивидуалдылық ерекшеліктердің негізгі параметрлерінің бірі болып табылатын, алаңдаушылық реакцияның төменгі шегін сипаттайтын алаңдаушылықты бастан кешіруге бейімділік.
Г) Өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау тұлғаның іргелі біліміне жатады. Ол маңызды дәрежеде белсенділік пен тұлғаның өзңіне және өзгелерге деген қатынастарын анықтайды. Өзін-өзі бағалау тұрақтылық, өзіңділік пен критикалықтың деңгейлеріне байланысты жоғарғы және төменгі деңгейлерде болу мүмкін.
Д) Адамның бағыттылығы, оның ұстанымы мен құндылықтары. Белгілі бір жағдайда көрінетін психикалық стрессте мотивация жетістіктері тұлғаның іс-әрекетіне әсер етеді.
3. Әлеуметтік орта факторлары: А) Әлеуметтік шарттар және еңбек шарттары. Әлеуметтік шарттар және еңбек шарттары дегеніміз жұмысқа деген жауапкершіліктің өте жоғары болуы, интеллектілік білімді игере алуы, әрқашан уақыттың жетіспеуі, қалыптасып кеткен шаршағыштық, еңбек пен демалыс тәртібінің бұзылуы, жұмыста шығармашылықтың жойылуы, жұмыс барысындағы ұзақ күтулер, түнгі ауысымда жұмыс істеу және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға уақыттың жетіспеуі, шылым шегу және алкогольды қолдану.
Б) Жақын әлеуметтік орта. Отбасы тұлғаның дамуында сондай-ақ әлеуметтік кемелденуге жету барысында маңызды орынды алады. Отбасылық тәрбие беру баланың алдағы өмір салтын анықтайды.
4. Когнитивті факторлар.
А) Сензитивтілік деңгейі. Сензитивтілік рецепторлардың сезімталдылығына тәуелді.
Б) Өзінің жағдайын және қоршаған орта факторларын сараптай алу.
Әдістеме нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіш жинаған студенттер жоқ. Орташадан жоғары көрсеткіші бойынша топтың 25% нәтиже берді. Бұндай адамдар өз-өзіне сенімді және өмірдің ауыр соққыларын сабақ ретінде қабылдайды. Орташадан жоғары нәтиже жинаған адамдар стресстік жағдайда өзінің күшті жақтарын басқара алады және стресстік жағдай өткен сон өздерінің психикалық денсаулықтарын тез қалпына келтіре алатын қасиетке ие. Ең көп қатысушылар, яғни, 12 студент орташа көрсеткішті жинады. Яғни, топтың 60 % -ы стресстік жағдайда өзін қалыпты ұстай алады. Кез келген жағдай олардың өміріне өз әсерін берсе де, олар көп қарсыласпайды. Стресстік жағдай неғұрлым жоғары болған сайын, төзімділік төмендей береді. Бұндай адамдарда стрессті қабылдау қалыпты деңгейде болады. Топтың 15 пайызы стресске төзімсіз, қысымға өте сезімтал, сондықтан бұл топ бөлігі өз күшінің басым бөлігін стресспен күресуге жұмсайды. Бұл адамдар өз-өзіне көңілі толмағандықтан жаңа мақсаттар қойып, бәсекелестікке ұмтылады. Сонымен қатар, тұлға қасиеттері ретінде агрессивтілік, шыдамсыздық көрінеді. Бұндай адамдар қиын жағдайлар туындағанда оны шешумен емес, қалай шешемін? деген оймен пайда болған стресспен уақыттарын зая өткізіп алады. Стресске төзімділігі аз адамда психикалық денсаулықта нашарлай бастайды. Стресстік жағдай өткеннен кейін психикалық денсаулығын қалпына келтіру үшін көп уақыт қажет етеді.
Жоғары
0
0%
Орташадан жоғары
5
25%
Орташа
12
60%
Орташадан төмен
3
15%

``Үлкен бестік`` әдістемесінің 1-ші шкаласы эктроверттілік пен интроверттілікке арналған. Бұл фактор бойынша жоғарғы мәндер адам психикасының эктроверттілікке бағытталғанын білдіреді.
Экстроверт адамдар қарым-қатынаста белсенділігімен ерекшеленеді. Олар көңіл көтеру мен қоғамдық іс-шараларды жақсы көреді, достары көп болып келеді. Эктроверт адамда басқа адамдармен қарым-қатынастың қажеттілігі жоғары деңгейде болады, сол себепті де, олар достарымен, таныстарымен тез тіл табысып, әр түрлі тақырыпта қарым-қатынасқа түсіп, көңіл көтеріп, өздерін жұмыспен немесе оқумен қинағысы келмейді. Экстроверттер өмірде әсер алу үшін жиі тәуекелге бел байлайды, импульсивті әрекет етеді.
Эктроверт адамдар қайғысыз (қамсыз), оптимист және өзгерістерге бейім болып келеді.
Психологтардың айтуынша, экстраверт адамдар үшін бұл энергия жеткілікті көрінбейді. Сондықтан, олар энергияны қарым-қатынас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студент тұлғасының белсенділігі
Стресс және дистресс
Жоғары сынып оқушыларының стресске төзімділігінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу
Оқу процесіне студенттердің бейімделу мәселелері
Психологияда стресті зерттеу және студенттердің түрлі өмір жағдайларында кездесетін стрестік күйлер
ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Психодиагностикалық әдістер
Стресс және жеке тұлғаның стресске төзімділігі : оң және теріс жақтары
Жағдайдан кету, оның маңыздылығын төмендету стратегиясы
Пәндер