Қиял – психикалық процесс ретінде



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министрлігі

Курстық Жұмыс

Тақырыбы: Қиял – психикалық процесс ретінде.

Орындаған:
Досмағамбет Маржан

ГЮФ 1Г-12

Алматы. 2014-2015 оқу жылы

МАЗМҰНЫ.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.Бөлім. Қиял процесі

1.1.Қиял процесінің ерекшеліктері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2.Қиял психологиясы және зерттеу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..9

1.3.Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы ... ... ... ..12

2. Бөлім. Қиял және шығармашылық

2.1. Қиялдың шығармашылық
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2.2 Қиял бейнелерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.3.Бала қиялын дамыту жолдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.4.Қиялды дамытудың әдіс-
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе

Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс. Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар
мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тiкелей
қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы
суреттемелер; көрiп, бiлмеген, тiптi болуы мүмкiн емес оқиғалар, көрмеген
мақұлықтар енуi мүмкiн. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңiстiк
аясындағы нақты болмыстан шығып, шексiздiк әлемiне есiк ашады. Адам
тәжiрибесiн түрлендiрушi және өзгерiске келтiрушi тосын бейнелер қиялдың
негiзгi сипатын құрайды.
Әдетте, күнделiктi өмiрдегi қиял не фантазия мәнi ғылымдағы осы
сөздермен берiлетiн ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста бiз шындыққа сай
келмейтiн, практикалық маңызмағынаға ие болмағанның бәрiн қиял не фантазия
деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық iс-әрекеттiң
негiзi ретiнде көркемөнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау
болумен мәдени өмiрдiң барша салаларында көрiнедi. Бұл тұрғыдан табиғаттың
бергенiнен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемiнiң бәрi дерлiк
қиял мен осы қиялға негiзделген шығармашылықтың жемiсi.
"Әрқандай бейне, мейлi iрi, мейлi кiшi болсын, нақты қалыпқа келiп,
орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзiлген жаңа байланыстар мен
қатынастар негiзiнде жасалған қиял түрiнде iске асады" (Рибо). Алайда, қиял
қандай түрде көрiнiс бермесiн, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздiк
ерекшелiгiн жоймайды әрi тек өзiне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял
бейнелерiнiң естегi суреттемелерден негiзгi айырмашылығы олардың нақты
болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелерiөткен тәжiрибенiң
қайта жаңғыруы, сондықтан да естiң негiзгi қызметi өткен тәжiрибе
нәтижелерiн мүмкiндiгiнше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесiнде қай
бейне болмасын, өзгерiске түседi, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық
ұмтылыстың мiндеттi шартын құрайды.
Сонымен бiрге, қиял арқасында адам өз iсiн бастамай тұрыпақ, болашақ
еңбегiнiң нәтижесiн күнi бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемiмен болашақ
нәтиженi күтудiң өзi адам еңбегiнiң жануарлар тума қылығынан түпкiлiктi
өзгешелiгiн танытады. Қиялдың алдағы iс-әрекет өнiмiн болжaуға мүмкiндiк
ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегi ынта-жiгерiне
қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия керi ықпал да жасауы мүмкiн. Алдағы күтiлген жағымсыз
жағдайлар немесе қауiп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күштi күйзелiске тап
қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтiн, шектен тыс, орынсыз қимыл -әрекетке
келтiредi. Мұның дәлелi кенеттен болған өрт кезiнде кей адамдар көрiнiп
тұрған көмектi шыдаммен күтудiң орнына көп қабат үйлердiң жоғарғы
қабаттарынан өзiн тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға
қос көрiнедi" мәтелiнде дәл айтылған. Қиялдың бүгiнгi өмiрден арқан бойы
алда болып, болашақта күтiлген кей оқиғаларды күнi бұрын танытуы қиял мен
ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын бiлдiредi. Ойлау сияқты қиял да
проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсiнуiнен, қоғамдық сананың даму
деңгейiне сай туындайды. Мысалы, егер ежелгi дүние адамдары арасында
жаратылыстың пайда болуын түсiндiру қажетiнен дiни бейнелер келiп шықса,
бүгiнгi күнде бұл үшiн космостық келгiндiлердiң фантастикалық көрiнiстерi
қолданылады.
Бiрақ, қиял дүниенi жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды
негiз еткен ойлаудан ерекшеленедi, себебi ол жарқын елестер түрiнде
көрiнiп, нақты бейнелi формада жасалады. Қиялда түзiлетiн нақты, дәл
бейнелерде көбiне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады.
Әрбiр қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегiнде өз ойын басқаларға
дерексiзденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсiндiруге тырысады. Мұның
дәлелi тымсал, ертегi, мақалмәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында бiз
көрнекi бейнемен ашылатын негiзгi ой, идеяны iздестiретiнiмiз табиғи
нәрсе.Бірінші бөлімде қиялдың зерттеу тарихы, түрлері, Қиял процесі
ерекшеліктері мен оның басқа процестермен байланысы жайлы қарастырылады,
екінші бөлімде шығармашылыққа тоқталып, оқушылардың қиялының даму деңгейін
зерттеу, оны әдістеме арқылы зерттеу,толығырақ арнайы бөлім мен
бөлімшелерді жазылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қиял және оның жеке адам тұлғасында алатын
орны мен рөлін зерттеу
Зерттеу объектісі: жеке адам
Зерттеу пәні: қиялдың қалыптасуы мен дамуына байланысты психологиялық
құбылыстар мен процесстер
.

І бөлім. Қиял процесі

1.1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері

Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене
отырып, ми уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз.
Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып
отырғанда не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не
кітап оқығанда бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял
процесінің жемісі болып саналады. Жанның өзінде бұрыннан бар
суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады (М.Жұмабаев).
Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял
елестері де соғырлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар
жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Мәселен, біз
төртінші сынып оқушыларына қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулының өмірі
туралы әңгіме айтқанымызда, кейбір оқушылар сол кездегі қазақ аулына тән
өзіндік өмір көріністерін, байлардың сән-салтанатты, кедейлердің ауыр
тұрмысы, сол кездегі адамдардың тұрмыс салт ерекшеліктерін онша ажырата
алмайтындықтарын көрсетті. Балалардың осы секілді елестерінің солғындығы
оларда қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулындағы өмірді бейнелейтін нақты
материалдардың жетімсіздігінен туған болып шықты. Кейін осы тақырыпқа қайта
оралып, көрнекілік жағына ерекше мән беріогенде (оқушыларға осы жөнінде
әңгіме айту, түрлі суреттер көрсету, мұражайларға, театрға апару)
оқушылардың қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ аулы өмірі жөніндегі
түсініктері нақтылана бастады.
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек
адамға ғана тән психикалқ процесс: ...барлық жан қуаттарын тек қиял ғана
өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады (Әл-Фараби).
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша
байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып
отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал
жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше
топтастыруға болады:
-әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне,
алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап
шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын
студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын
салыстырып көруге болады;
-қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де,
білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір
тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана
өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға
болмайды;
-қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су
қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың құшағында, - деп
жазады М.Жұмабаев – меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл
кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге
жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін
қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті;
-қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын
процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын
іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл – қиялдың ерікпен байланысына жақсы
мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Қиялдың ойлау
процесінде алатын орны ерекше. Себебі ойлау белсенділігі адамды
шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын
қажет етеді;
-адам қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып
отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты алу,
істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп,
елестете алу – адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние
жөніндегі әр түрлі таным түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие
болады.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей
пассивтік түрінің шегі – түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты
түсіндіріп, берген И.П.Павлов болды. Түс көруді ұйқыдағы мидың фантазиясы
деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы түрде басқарып
отыру мүмкін емес. Сондықтан түс көру қиялдың ең пассивтік түрі болып
табылады.
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның дем алу кезінде де туып
отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер
тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы
түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо до Винчи:
қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін,
табиғат көріністерін табуға болдаы дейді. Бұл айтылғандардың бәрі – ырықсыз
қиялдың мысалдары.
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталады. Бұл – қиялдың
шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчествалық әрекетімен тығыз
байланысып жатқан түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталады. Актив
қиял қайта жасау, творчествалық қиял, арман болып үшке бөлінеді.
Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір
нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы
арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі
сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден
алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. Қайта жасау
қиялын тәрбиелеудің басты жолы – көркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек
оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек қызық жерін теріп
оқудан қиял дамымайды. Қиялды өсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны
көргендей, естігендей болып отыру қажет. Мәселен, Мұхтар Әуезовтың Абай
романын қиялы бай адам оқитын болса, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқиғалар
оның көз алдында елестеп, галереядағы суреттей жайнап тұрады. Бұл – қайта
жасау қиялының көрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз
алдында тұрғандай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін есіткендей де болады. Өзін
романның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы
әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының,
суретшінің ғалымның, композитордың т.б. қиялы творчестволық қиялға жатады.
Творчестволық қиял – қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиян.
Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы
оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың,
суретшілердің, артистердің т.б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-
әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем
образ арқылы береді. Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын
алып отырады. Қоғамда пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық
қиялдың болмауы мүмкін емес.
Актив қиялдың ерекше бір түрі – арман. Арман дегеніміз өз
қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі
мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман
творчестволық әрекетпен тікелей бірінші дайындық сатысы. Прманды бағалауда
оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д.И.Писарев (1840-1868) шындық пен
оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның арманның іске
талпындыратын пайдасы туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені
адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай,
бос лағу, құрғақ қиял болар еді. Мәселен, А.И.Куприннің Жекпе-жек
повесіндегі подполковник Ромашевтың қиялы дәл осындай сүреңсіз, құрғақ
қиял: Ромашев өзінің бұл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын.
Әр бір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай
білуі қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске
талпындырады. Сондықтан да халық: Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ деп өте
тауып айтқан.

1.2 Қиял психологиясы және зерттеу тарихы.

Ес елестері бойынша адам бұрын көріп білген заттар немесе
құбылыстар бейнесі көз алдына ой арқылы келтіреді. Бірақ кейде біздің
көріп білгендеріміздің бейнесі ой арқылы елестететін жағдайлар да болады.
Бұл елестер немесе бейнелер, қиялдар. Бұл тек адамға ғана тән нәрсе.
Мәселен, мүсінші жасайын деп жатқан мүсінді көрген жоқ бірақ, ол ойымен оны
көз алдына алып елестетіп, жануарлар әрекеттерінен адам еңбегінің
өзгешелігін сипаттай отырып, К.Маркс өрмекші қимылы тоқымашының қимылына
ұқсас қимыл жасайды, ал ара өзінің бaлауыз ұяларын салғанда кейбір
архитектор адамдарды ұялтады. Бірақ ең жаман деген архитекторлардан
айырмашылығы- бaлауыз ұя жасамастан бұрын, жұмыс басында тоқып алған. Еңбек
процесінің аяғында келіп шығатын нәтиже сол процесстің кезінде адам ойында,
яғни идеясында болған нәрсе деп жазды.
Бұрын ондай түрде көріп білмеген заттар мен құбылыстардың бейнесі
адамның көз алдын ( бейнелер түрінде) қиялында елестегенінен осы бейнелер
әр дайым көп адамның өз өмірінде кездестірген элементтер мен бөлшектерден
құрастырылады әрбір жаңа нәрсені жасауда не ойлап шығруда мысалы машинаны
өзі бұрын бір жерден көрген өзіне таныс ( теориялық не практикалық жағынан)
бөлшектер мен тетіктерден құрайтындай болып дам ойынмен көз лдына
келтіреді.
Тіпті фантаст жазушылары да өз шығармаларынын дүниеде жоқ,
таңғажайып кейіпкерлерін өмірде дамыған элементтерден жасайды. Мыасл:
Гербер Уельс Әлем күрестері атты фантастикалық романында Марс
тұрғындарының бастарын құс тұмсықты металл циллиндерге ұқсас етіп, ал
аяқтары болса, оны алып жәндіктің аяқтары тәрзді етіп көрсетеді. Негзінен
марстықтар алып сегіз аяқтарға ұқсас болып келеді. Халық қиялында
әңгімелерде осылай жазылып айтылған. Мыаслы су перісі- балық құйрыты
әйелдер орман перісі- мүйізі бар ұзын сақалды карт кейіпінде бейнеленеді.
Сөйтіп шығармашылық процесте бұрын көріп білгендер әрдайым орытылып жатады.
Бұын біз қабылдаған заттар мен құбылыстардың бейнелерін
жасаудағы психологиялық пароцесті қиял деп атайды. Фантазия реалдық
өмірмен қатынасы аз қиял деп түсінгенімен көптеген жағдайда қиялды
фантазия деп атайды. Қиялың бай болуы, көрген заттар мен құбылыстардың
бейнесін дұрыстап бақылап, абылдай білуге оны сақтай білуге байланысты. Бұл
процессте ойлау маңызды роль атқаорады. Ойлау кезінде қиялдан туғандарды
сын тұрғысынан қарап, оған тиісті өзгерістер енгізіледі. Сезімтал жағдайда
қиялға тәуелді болса да, оған өзінің ықпалын тигізеді. Адамның қиялы
арқылы ойларын жүзеге үін ерік керек. Қиял – адамның психикасының ерекше
формасы, ол басқа психикалық процесстерден бөлек тұратвн және қабылдау
ойлау және жадыда сақтау расындағы аралы орын алатын психикалық теория.
Қиял адамға ғана тән және ағза қызметіне қызық бейнеден байланысты. Қиялдың
механизмі туралы әлі күнге дейін бізге система белгілі емес. Адам қиялынан
қай бөлігіеде қиял жайылған. Бұл басты жауаптарға байланысты нақты
ешқандай жауап алмаймыз.
Қиял арқасында адам өзінің қызметін жоспарлап оны басқара алады.
Адамның материалды және рухани мәдениеті қиял өнімі болып табылады.
Қиялда адам өткенін еске түсіріп келешке өмірін ашады. Қиялы бай адам
әртүрлі бағыта өмір сүре алады. Өйткені жадыда сақталған келешек армен
фантазияда елестетілген. Қиял адамға практикалық әрекет жағдайларда
хабардар болуға және мәселелерді шешетін көрнекті бейнелі ойлағыш негізгі
болып табылады.
Қиял- сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың субъективтік
образдарын қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға ғанан
тән психикалық процесс.
Қиял ерекшеліктері: әр адамның қиялы алға қойған мақсаттары мен
қызықғуларына байланысты: қиялдың мазмұны мен формасы адамның дара
ерекшеліктеріне де білім тәжірбиесіне байланысты. Қиял адамның өскен
ортасына, этностық ерекшеліктеріне табиғат жер- су қоршауына баланысты;
қиял адамның барлық психикалық құбылысымен ұштастып жататын процесс
(зейін, ойлау, сөйлеу, қабылдау) адам қиял еңбек процесіне іс-әрекет
үстіне жарыққа шығып дамып отырады, қиялдың бүтіндей пассив түрінің бірі
түс көру. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді. Кейбір бөлімдері
қозу жағдайында блып жұмыс істейді. Мидың мұндай бөліктерін күзетші пункт
деп атайды. Пассив және ырықсыз қиял адамның даму кезінде туып отырады.
Мысалы; адам аспандағы бұлтқа ұй қабырғасы түрлі көлеңкелрге қарап оларды
бір нәрсеге ұқсатады. Актив түрі- бұл қиялдың шарықтап дамуының жоғарғы
сатысы. Адамның творчестволық әрекетімен тығыз байланысты түрлі. Ол өзі үш
топқа бөлінеді: қайта жасауц творчестволық қиял, арман.
Қайта жасау- суреттеп жазғаған жаңа немесе сызғанға қарап,
адамның жаңадан бір нәрсе елестете алуын адам шындыққа сай дұрыс образдар
беріп отырады.
Творчестволық қиял- өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетке
жаңа продуктылар беруде көрінетін қиял. Жазылған суреттің ғылымның қиялы
осы творчестволық қиялға жатады.
Арман- өз қалуынша жаңа образдар жасау. Арман өзіміздіәң тілеген
келешекке бағытталған қиял процесі. Арман- қиялдың еркіті түрлі ол саналы
әрі бесенді сипата ие.
Қиял бейнеінің жасау жолдары: Гипербола-қиял бейнесін жасауға
қатынасатын әдістерінің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары,
белгілердің үлкейтіп көрсетеді. Қиял бейнесін жасаудың екінші әдісі
нәрсенің бір жағын ерекше көрсету деп аталады. Егер заттың айырмашылығын
ескермей оның ұқсастығына көңіл бөлетін бойынша схематизация әдісі
қолданылады. Қиялдың типтік бар бір обарз жасап, жинастыру.
Қиялдың айырмашылықтары: әр адамның қиялы әртүрлі болады, бір-
біріне ұқсай бермейді.Бір адамдардың қиялы шындықпен араласып жататын
байланысты екінші біреулердің қиял жөнді жетілген дәрменсіз тар көлемді
байланыста болып келеді. Шындыққа сай дәл дұры образдар жасай алатын
адамдардың қиялы мазмұнды келеді. Адамдар бірбірінен қиялдың
дәрменсіздігімен де ажыратылады. Біреудің қиялының даму деңгейі жоғары
дамыса, яғни ол адам көпті көріп бұрып көріп білгендерін мен құбылыстар
жасай алады. Осы адамдардың фантазиясының деңгейлерін ерекшеліктерін
әртүрлі әдістемелер жүргізхе отырып анықтауға болады.
Қиялдың төрт басты түрі бар: активті, пассивті, продуктивті
репродуктивті.
Акивті қиял- өзінің тілегенінен және еркін өзінде сәйкес бейнелер
тудыра алады.
Продуктивті қиял- шындық саналы түрде құрылады.
Пассивті қиял- қиял бейнелері спонтанды түрде адамеркі және тілгеінен
туындайды.
Репродуктивті қиял- шындық қандай түрде бар, сондай түрде
елестетиіледі. Мұндай фантазияның кейбір элементтері бар, мұндай қиял
шығармашылығынан гөрі қабылдау немесе жадыда сақтауды елестетеді.
Адам қиялымен көркемдік шығармашылық процесі байланысты. Бәріне
танымал Н.И.Шишкин суретінде ботаниктер орыс орманының өсімдіктерін тани
алады, мұндай өсімдіктер дәл бейнелеген. Кез-келген өнер бастамасын өмір,
ол фантазияның бастапқы барысы ретінде көрінеді. Бірақ, ешқандай фантазия
адамға белгілі ретінде көрінеді.Мысалы: П.Пикассо Герника шығармасы 1936-
1939ж.ж Испаниядағы қайғылы оқиға бейнесі. Егер мұның әрбір бөлігін алып
қараса астрактілі тұрғыда нақты ой нақты бейне туады. Мұндай қиял өнімі
болып М. Бунгаловтың Мастер және Маргарита романы, ағайыенды стругацкий
романтикасы 14 жасар Москва оқушысы Надя Рушеваның фонтастикалық
кентавризасы болып табылады.Адам қиял әдебиет және өнермен ғана шектесіп
қана қоймайды. Ол ғылыми техникалық және т.б. шығармашылық түрлерін
бейнелейді. Бұл түс көрушілік елестеушілдік арман. Түс көрушілік қиялдың
пассивті және ол бетті ем,ес формасы болып табылады . Елестеушілік (
галлюцинация)- адамның қоршаған шындықпен ешқандай байланысы жоқ
фантастикалық елестеу. Олар әдетте адамның психикалық немесе организм
бұзылуының нәтижесі,мұның (грезы) елестеушіліктен айырмашылығын-бұл қалыпты
психикалық жағдай ол келешекте елестетін тілекпен байланысты фантазия.
Арманның мұңнан ерекшіліклігі ол көп мөлшерде шындықпен байланысқан. Арман
және мұң адамның көп уайымшыл болады, әсіресе жастық шақ кезінде.Адамның
алдында белгілі бір мақсат тұрмаған кезде ол еріксіз ойға шолып қиялдайды,
қиялдың ырықсыз түрі осы кезде көрінкеді. Қиялдың ырықсыз әрекетіене адам
түсі жатады онда көптеген жағдайда өмір шынедығының бейнесі таңғажайып
сипатта көрінеді. Бейненің дербестігімен сапалығның байланысты елестетуде
қиял қайтабасқа адамдардан орындағандардан айтып беруін не болмаса қайтадан
жасап беруін ( мыаслы сызу жоба) нәтижесінен туады. Кітапті оқи отырып
табиғат көрінісіне не оқиғаны көз алдымызға келтірмеміз, ойша автордың
тарих оқулығын оқи отырып өз қиялы өмірде де еңбек те және оқу жұмысында
қажет.Біз басқа адамдар айтқан заттың құбылыстың және әрекеттің бейнелерін
айтқан онда бірімізді-біріміз аз түсініп ал басқа адамдардың тәжірбиесін
мүлде қабылдай алмаған болар едік.Мысалы: әр адам Евгений Онегин романын
оқи отырып ойша сонда жазылғанның барлығын көз алдына келтіреді.
(репродуктивті қиял) ал біра осы шығарманы өз шығармашылық қиялының
күштілігінмен данышпан А.С.Пушкин ғана жасай алады.
Ғылымның өнер тарихының конструктордың тіпті кез келген адамдардың
жаңа нәрсені жасап шығарудағы іс- әрекеті шығармашылық қиялсыз мүмкін
емес.

1.3.Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына
елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған
бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар
тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял
—тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар
дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек
әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің
түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда
болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім
қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы
психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін
емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады.
Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады.
Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек
адамға ғана тән психикалық процесс.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп
топтастырып көрсетуге болады:
а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне,
алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан
машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру
үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын
деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының
қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға
болады.
ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім
дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар
адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға
болмайды.
б) Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады.
Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі
жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері,
қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Қиялда
ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А. В.
Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Бұл пікірді
қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі
адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді.
Физиолог И. М. Сеченевтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның
басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың
келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың
өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді.
в) Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады.
Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете
алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар
психикасынан өзгешелеп тұрады

ІІ бөлім.Қиял және шығармашылық.

2.1.Қиялдың шығармашылық рөлі.

Қиял шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейімен
ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.
Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді.
Сурет, ғылыми, әдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық
мүмкіндігін қандай факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның
білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады. Шығармашылық мәселесі
тек психологтарға ғана қызықты болған жоқ. Неге бір адамдар бір нәрсені
ойлап табады. Екіншілерінде бұндай мүмкіндік жоқ деген сұрақ көптеген
ғалымдарды толғандырады. Ұзақ уақыт белгілі психологы Т.Рибоның негізделген
алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін еместігі туралы
көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды.
Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза
шықты.
Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты.
Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды: дайындық ( идеяның туы ); пісіп-
жетілуі ( концентрация ); озарение (кенеттен шешім табуы); тексеру
Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын
жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші
деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі.
Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір
ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Бала қиялын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту
Жан қуаттары
Қиял процесі
Қиялдың түрлері
Қиял анықтамасы
Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Зейін мен қиялдың негізгі түрлері
Пәндер