Дэн Сяопиннің саяси-мемлекеттік қызметі



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Дэн Сяопиннің саяси-мемлекеттік қызметі

Дэн Сяопиннің Қытайдың жоғарғы билігінде отырған кезеңі Қытай Халық Республикасының тарихи дамуының ерекше белесі болып табылады. Бұл дәуірдің аса маңызды ерекшеліктерінің ішінде сананың босату, мемлекеттің экономикалық күшін арттыру және ұлттық өндірістің тиімділігін арттыру, ашықтық саясаты сынды ерекшеліктерін атап өтсе болады.
Дэн Сяопин өзінің ізбасарларына улкен мұра қалдырды - бұл өркендеп келе жатқан мемлекет. Ол өзінің жеке тәжірибесі мен ережелерін, сананы босату, шындықты фактілерден іздеу, ұлттық ерекшеліктерді ескеру деген сияқты өз қызметінің ең маңызды принциптерін қалдырды. Оларды пайдалана отырып бұл мұраны сақтап қана қоймай, сонымен қатар көбейтіп, Қытайдың реформалардың жаңа кезеңіне, постиндустриалды дәуірге кіруіне байланысты шешілмей қалған және туындайтын жаңа мәселелерді шешуге болады. Оның қызметі мен мұрасының тарихи маңызы - бұл реформалар саясатын жүргізу барысындағы кез келген ықтимал қақтығыстар орын алса да Дэн Cяoпин бастаған Қытайды трансформациялау процесстері мен мемлекетті жаңғыртудың басты бағыттары өзгермейтіні. Сондықтан да, оның кетуі басқа харизматикалық көшбасшылар кеткен кездегі сияқты елдің саясатындағы түбегейлі өзгерістерге әкелген жоқ. Дэн өзінің бастаған реформалар курсының жалғасу негіздерін - экономикалық, саясаттық және идеологиялық жағдайларын алдын ала дайындап кетти. Сондықтан Дэн Сяопиннің дәуірі оның өліміне қарамастан тоқтамайды. Реформалар бүгінгі таңда да жалғасуда, ал Дэн Сяопиннің бастаған қытайлық ерекшелігі бар социализм әлемдік экономикадағы ең мықты елдердің бірінің дамуының платформасы болды. Дэн Сяопин басшылығымен жүргізілген реформалар тәжірибесі бүкіл әлемде үлкен қызығушылық тудырады.
Дэн Cяoпин Гуанань ауданы, Сычуань провинциясында ауқатты кісінің үйінде дүниеге келген. Дэн қарапайым білім алып конфуциандықты зерттеді, бірақ өзінің қатарластарының көбісіне қарағанда, ол мектеп кезінде ақ болашақта оның тағдырында үлкен рөл атқарған француз тілінің негіздерін меңгеріп алды. Он алты жасында Дэн Сяопин Францияға оқу және жұмыс жасау мақсатымен басқа қытайлық студенттермен бірге өз елінен кетті. Бұл 20-шы жылдардың басында, 4 мамыр қозғалысының әсерімен 2 қытайлық жасөспірім, туған жердің әлеуметтік жандану және ұлттық азаттық алу істеріне жақсы қызмет ету үшін заманауи білім алуға талпынған кез болатын.
Оларда қаражат жеткіліксіз болғандықтан, жұмыс пен оқуды қатар алып жүретін жас жігіттер мен қыздар өзара көмек топтарын ұйымдастырды. Дэн Сяопин де дәл сондай жағдайда Францияға барып, әр түрлі жерде жұмыс істеді: машина жасау зауытында, паровозда от жағушы болып, бір кездері тіпті даяшы болып та жұмыс жасаған.
Алайда ол оқудан гөрі саясатпен көбірек айналысатын болды. Социалисттік жастар одағына кірген ол барлық бос уақытын коммунистік ұяшықтың бұйрықтарын орындауға жұмсайтын. Франциядағы жетекшілердің бірі Чжoу Эньлaй болатын. Болашақта Дэнның Чжoу Эньлaймен достығы оның өмірінде маңызды рөл атқарды. Қамаудан қашып Дэн Cяoпин Кеңестік Ресейге кетіп 2 жыл революциялық ғылымның негіздерін меңгеріп шығыс жұмыскерлері Комунистік Институтында оқиды. 2 жылдан соң Дэн Cяoпин Қытайға оралып Комунисттік партияның белсенді қайраткеріне айналды. 30-40 жылдарда Дэн Сяопин Қытай Комунисттік партиясының билік органдарында партиялық кадрларды идеологиялық тәрбиелеу және насихаттау арқылы маңызды орынды иеленеді. Дәл осы уақытта ол партиялық орталықтың шешімдерін бұлжытпай орындап, нақты мәселелердің шешімдерін таба білу және істің сәтті аяқталуын қамтамасыз етуінің арқасында тәжірибелі саяси жетекші ретінде қалыптасты. Оның жетекшілік таланты жапондарға қарсы (1937-1945 жж.) және ұлт-азаттық (1946-4949 жж.) соғыс кезеңінде атаққа ие болды. Соңғы кезеңді Дэн Сяопин өмірінің ең бақытты кездері деп санаған: Біз, әлсіздер, мықтыларды соққанда, кішкентайлар үлкендерді жеңіп жатты.
Қытай Халық Республикасының жарияланғаннан кейін, Оңтүстік-Батыс әкімшілік комитетінің төрығысының орынбасары болған Дэн Сяопин жер реформасын жүргізіп, Cычуaнь және Юньнaньды гоминьдан әскерінің қалдықтарынан тазартумен, аумақтарда саясат негіздерін әзірлеумен айналысты. 1952 жылы Дэн Сяопин жұмыс бабымен Бейжің қаласына ауысып, ол жерде Мемлекеттік әкімшілік кеңесі (кейінірек - ҚХР Мемлекеттік кеңесінің) төрағасының орынбасары болып тағайындалды, ал 1953-1954 жж. сол жұмысы мен қатар қаржы министрі жұмысын жасайды. 1954 жылдан бастап оның Партия орталық комитетінің жетекші органдарында жұмысы басталады: ол Орталық комитеттің хатшысы және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.
VIII cъeздe Қытай коммунистік партиясының ҚХР басшылығының жоғары мүшесі болып сайланады - Орталық Комитетінің Саяси бюросының Тұрақты комитетіне және Орталық Комитетінің Хатшылығының Бас хатшысына. Қытайдың жетекші көшбасшыларының басым көпшілігі сияқты Дэн Сяопин де, өзінің айтуынша, үлкен қадам курсына жауапкершілігін сезінді. Алайда тез арада бірінші болып оның зиянын түсініп, барлық күш қуатымен жіберген қателіктерін түзеуге кірісті.
60 жылдардың басында оның жеке қатысуымен қала және елдімекендерде дағдарысқа қарсы шаралардың мазмұнын анықтаған құжаттар дайындалды; оның мақұлдауымен ауыл шаруашылығында аулалық мердігерліктің әр түрлі формалары жүргізілді, сол формалардан 70 ж. соңында 80 ж. басында қытай елдімекендерінде экономикалық реформа басталған.
Ол кезде ол экономикалық мәселелерді тәжірибелік-прагматикалық тұрғыдан шешу керек екендігін айтып, пікірін мынадай нақыл сөзбен жеткізген мысықтың түсі қандай болса да, ол ақ мысық болама, қара мысық бола ма, бәрібір, ең бастысы, тышқан аулауы керек.
Үлкен секіріс және Үш жыл аянбай еңбек етсең, мың жыл бақытқа бөленесің! ұрандары ақталмай 1962 жылы өндіріс 1960 жылмен салыстырғанда екі есе азайып, астық жинау төмендей бастады. Ескі Қытайды сипаттайтын аштық ҚХР-дағы кеңінен тараған құбылыс болды. Бұл эксперимент қазіргі уақытта қатаң сынға ұшырады. Бірақ ол кезде ештеңенің оңай болмағанын және Мao Цзэдун ұсынған курсқа қарсы тұру, халық шаруашылығында басқа ұрандармен қарама қарсы насихат жүргізу мүмкін болмағаны барлығына мәлім.
Дәл сол кезде Дэн Сяопин халық басшысының саясаты жөнінде ой тоқтатып, қысқа мерзім ішінде мемлекеттің қарқынмен жетіліп келе жатқан мәселелерін шешу керек екендігін түсінді. Алайда мәдени төңкеріс ойын жүзеге асыруға мүмкіндік бермей, Дэн Сяопин және де коптеген саяси қайраткерлер тұтқынға алынды. Бұл адамдарға әділетсіз кінә тағылды. Дэн Сяопинге бірнеше саяси айыптаулар тізімі тағылып хунбэйвиндер баспасында жаппай жарияланған. Мынадай айыптар тағылған: Партияның бас хатшысы ретінде тиісті өкілеттіксіз жүргізілген акциялар; Мао Төрағасы лауазымына зиянын тигізген жеке басына табынушылықты айыптау; 1961 жылы конференцияда Мао Цзедунның идеяларын қорлап, ауыл шаруашылығында мысықтың түсі қандай болса да, ол ақ мысық болама, қара мысық бола ма, бәрібір, ең бастысы, тышқан аулауы керек ұранын жариялауы; 1963 жылы ғылыми дәрежелер мен атақтар жүйесін енгізуі (ақырында өте қайсар адам болғандықтан Дэн оны қайта енгізді); 1961 жылы 60 пункттен тұратын жоғары білім жарғысын енгізіп партияның жетекші күшін әлсіретуі; білім беру саласыда, ақыл-ой және физикалық еңбектің үйлестіруге негізделген Мао саясатын қолдамағаны; мәдениет саласына байланысты Мао сынымен келіспеуі; Пекин университетінде революциялық студенттер сөздерін басуы; мәдени революция басында жаппай қозғалысың жұмысшылар топтарының көмегімен басуы. 1969 жылы 1-24 сәуір аралығында өткен ҚПК IX cъeзі кезінде де Дэн осындай жағдайда болған. Съез дайындығы 1967 жылдың қараша айында басталып, ондағы құжаттарда Лю, Дэн және т.б. делегат ретінде келуге рұқсат етілмегені жайлы жазылған. Шиеленіскен жағдайлар және саяси апаттар кесірінен съез екі жылдан кейін ғана ұйымдастырыла алды. 7 жыл бойы қуғында болып 1973 жылы 70 жасының қарсаңында Чжоудың қолдауымен ҚХР жетекші эшелонына қайта оралған Дэн Мемлкеттік Кеңес бойынша Чжoу Эньлaйдың орынбасарының орнын иеленді, көп ұзамай Қытай халық-азаттық әскерінің басшысы болып тағайындылды. Қуғында жүрген кезінде Дэнның өмірі қорлайтын күресу митингтері, үйде қамап ұстау, Цзянcи провинциясына ауыр жұмысқа жіберілу сынды оқиғалармен сипатталады. 1974 жылдың соңында Чжоудың ауруы асқына бастаған сәттен бастап Дэн Мемлекеттік Кеңес Премьерінің барлық жұмысын атқарды. Осы қысқа мерзім ішінде (1976 ж. барлық жұмыс орындарынан қайтадан түсуіне дейін ) Дэн мәдени төңкеріс нәтижесінде пайда болған Қытайдың барлық өмір салаларындағы дағдарыс тереңдігін анық көрді.
Мао нұсқамаларына және бірінің артынан бірі еріп келе жатқан саяси кампанияларға қарамастан ол Чжoу Эньлaйдың қолдауымен өндіріс, ғылым және білім берудегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар әзірлеп ішінара жүзеге асырды, мемлекет бағдарламалық құжаттарына төрт саланы жаңғырту ұранын енгізуіне қол жеткізді. Алайда бұл жоспарларды жүзеге асыра алмады, себебі бұл кезде елде ақ және қара мысықтар жайлы буржуазиялық теорияның авторының көзін құртуға шақырған бірқатар митингтер өткізілді. Сипаты бойынша кампания мәдени төңкерісті еске салады. Дэн Сяопинге қайтадан казармалық коммунизмнің жақтастарынан қашып тығылуға тура келді. Мao Цзэдунның өлімі және оның төрт ізбасарларының тұтқындалуынан кейін Дэн Сяопин қайтадан, еш күрессіз билікке қайта оралды. Ол бірден реформаларды дайындап оларды жүзеге асырумен айналысты. Бірақ оның билігі шексіз болмады. Мемлекеттік аппараттың көптеген аса маңызды орындары мәдени революцияның арқасында жоғарылаған кадрлардың қолында еді. Марқұм Маоның аруағы әлі де елдің төбесінде жүрді, және ҚКП-ның жетекшілері оның барлық бұйрықтарын орындауды талап етті.
Қытайды рeвизиoнизм және кaпитaлизм жолдарына түсуінен құтқарған мәдени рeвoлюцияның қытайлардың өміріне акелген барлық жаңаны сақтап қалуға жоғарыдан шақыру келді. Қытайлық жетекшілер Мао Цзедун идеяларына сенімдерін сақтайтындарын, сол идеялар ғасырлар бойы қытай халқының өмірін бағыттап отыратын компас қызметін атқаратыны жайлы айтты. Дэн Cяoпин өзінің ойластырған реформаларын жүзеге асыруды осындай саяси-идеялық жағдайда кірісті. Оған Мао Цзэдун идеяларынан арылып аппарат тазарту жұмыстарын жүргізіп елдегі жағдайды тұрақтандыруға кемінде бес жыл уақыт қажет болды. Барлық міндеттер толығымен орындалды деп айта алмаймыз. Мао Цзедунның саяси нұсқамаларынан бас тарта отырып, оны әшкерелеп беделін жоюға және солшылдар көзқарастарын сынауын өрістетуге тырысқанымен, Дэн Сяопин Мао Цзедун идеяларынан толығымен бас тартуды орынсыз деп санады.
Дегенмен, қытайлық коммунистердің басты міндеті - өз ойларын еркін түрде айта білу деп санаған Дэн Сяопин, негізгі мао догмаларына қарсы шабуыл жасап, көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлерге Қытай мемлекетінің дамуына қатысты әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік тудырды. Ол Қытай Комунистік Партиясының жетекшілігінде социализм туралы анық түсінік болмағанын және оны құрудың жолдары мен әдістері жайлы толық түсінік болмағаны туралы ашық жария етті. Мао Цзедунмен тікелей пікірталасқа түспей, Дэн Сяопин қытай қоғамына өзінің социализм концепциясын ұсынды. Бұл концепциядағы идеялар оның билікке келмей тұрып дұрыс және нағыз социалистік саналған идеяларға ұқсамайтын. Ең алдымен, ол қайыршылық - бұл социализм, ал байлық капитализмге жетелейді деген идеядан түбегейлі бас тартты.
Оған қарсы Ауқаттаныңдар! деген ұран ұсынды. Бұл билеуші рөлі туралы дәстүрлі идеяларға толығымен сәйкес келді. Қытайдың экономикалық мектебінің көрнекті өкілі Гуань Цзу: Дана билеуші үшін ең бастысы -- алдымен халықты байытып, содан кейін оны басқару деген екен. Дэн Сяопин социализмге қатысты теңгермелі көзқарастарға да қарсы тұрды. Бір адамдар, аудандар, провинциялар басқаларына қарағанда тезірек байып, барша адамдар мен жерлердің өркендетуге талпынып, әлеуметтік поляризацияға жол бермей, қоғамның өте бай және тым кедейлерге бөлінуіне кедергі жасауға тырысу керек екендігін үнемі айтып отырды.
Бұл жерде де, Дэн Сяопин қайыршылықтан емес теңсіздіктен қорқатынын ашып айтты. 1980 жылдардағы реформалардың басталуымен Дэнның көшбасшы ретінде таланты, ақыл-ойы мен тұлғалық ерекшеліктері толығымен көрінді. Дэн Сяопинның харизмасы 80 жылдардың ортасында ақ қалыптасқан, оның себебі: қысқы мерзім ішінде елдімекендердегі реформалар нәтижесінде елдің өмір сүру деңгейі жоғарылап,саяси кампаниялар мен солшылдар догматизмінен құтылды. Дэн Сяопиннің авторитеті бүкіл халық алдында Мао авторитетінен ғана емес, сонымен қатар Қытайда үлкен құрметке ие Чжоу Эньлайдан да аса түсті. Әрине Дэн ол жағынан хабардар болды. Бірақ ол жаңа жеке адамға яғни өзіне табынушылық қалыптастыруға барлық күш-жігерімен қарсы тұрды.
Оның жоғары трибуналардан жұрт алдында сөз сөйлеу жеке стилінде, шетел өкілдерімен сөйлесу мәнерінде ешбір жасанды демонстрациялық әсер болмайтын. Онымен кездескендерді, оның әңгіме тақырыбындағы білім тереңдігі, реакциясының өткірлігі, сөйлеу мәнерінің қарапайымдылығы мен кез келген жағдайда, кез келген адаммен мейлі ол ағылшын патшайымы болсын немесе Гeнри Кaccинджeр болсын өзін бір қалыпты ұстай алатыны таң қалдыратын. Ол әлеуметтік әділеттік үшін күресіп, жемқорлық пен коррупционерлерге қарсы шаралар қолданды, популизм мен популисттік қылықтар оған жат болды және ол нарықтық социализм кірістер бойынша теңдіктің патшалығы бола алмайтынын айқын түсінді. Оның көшбасшы ретіндегі ел басқару орындарына дарынды, маңызды мәселелерді шеше алатын, реформалар саясатының жоспарлары мен мақсаттарын жүзеге асыра алатын адамдар таба білу сияқты ерекше маңызды қасиеті бар. Дэн үшін фаворитизм деген жат болды және ол бұл аурудың барлық авторитарлық режимдеріне кедергі қоя білді. Оны елдің, партияның, армияның көшбасшыларының аға буынымен байланыстырған тағдырларының ортақтығы және жеке қарым қатынастар. Олармен толығымен келіспесе де олардың пікірлерін ескеру керек деп санаған. Және осы қасиеті оның шешім қабылдау стиліне салаутты консерватизм элементін беретін, аса шұғыл жағдайлардан сақтандыратын, оның курсына реформаға дейінгі көзқарастарды қолдайтын халықтың қолдауын беретін. Ол үшін жетекшілердің ең басты қасиеті олардың реформаларға деген көзқарасы болды. Және де реформалар тағдыры шешілетін сәттерде ол кім де кім реформаларға қарсы болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реформа дәуіріндегі Қытай (1976 ж. Кейін)
ХХ ғасырдың 40-90 жылдарындағы АҚШ-Қытай қарым – қатынастары
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Қытай экономикалық реформасының басталуы және оның кезеңдері
Мао Цзэдун
Қытай модернизациясы
Әкімшілік бөлінуі
Тайвань мәселесі туралы ақпарат
Қытай халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері
Экономикалық реформа нәтижелері
Пәндер