МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕКЕ-ДАРАЛЫҚ ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕКЕ-ДАРАЛЫҚ ПЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ШЕБЕРЛІГІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі педагогикалық заманауи технологиялар дамыған кезеңде
білім беру қызметі субъектінің ағартушылық әдісінен, шығармашыл тұлғаның
даму механизміне, қабілеті мен дарыны арқылы шеберлік деңгейіндегі даралық
үлгісіне айналуы қажет. Өзін-өзі жасай білетін қабілеті бар тұлға, өзінің
өмірлік ұстанымдарын айқындап, өзгере алады. Бұл мақсатты жеке
шығармашылығы жоқ педагогпен жүзеге асыру қиын. Осы деңгейден көрінуге
деген әрекеті нәтиже беруі үшін оның эрудициясы, әдістемелік біліктілігі,
білім беру технологиясын сәтті таңдауы жеткіліксіз. Ең бастысы, оқушының
педагогті қайталанбас жарқын бейне деп қабылдауы. Бұл үшін мұғалім ерекше
жан ретінде танылуы тиіс.
Педагогика өнер ретінде қалыптасып, ғылым ретінде дамығанын
білгендігімізбен, мұғалімдік мамандыққа өнер иесіне тән қабілет пен жеке-
даралық қажеттілігіне мән бере бермейміз. Мұғалімнің бойындағы жеке-дара
қасиеттер мен қабілет шығармашылық арқылы шыңдалып, шеберлік деңгейінде
мойындалуы үшін педагогикалық қызметте үздіксіз ізденісте болуы шарт.
Педагогикалық процестегі мұғалімнің негізгі қызметіне: мақсаттылық,
зерттеушілік, құрастырушылық, танымдық, қарым-қатынастық, реттеу,
ұйымдастыру, бақылау-бағалау, болжау, т.б. іскерліктер мен кәсіби дағдылар
кіреді. Осындай кең арналы қызметте білім мен білік арқылы ғана нәтижеге
жету аздық етеді.
Сократ мұғалімдерді – ой тудырушылар (акушеры мысли), ал
педагогикалық шеберлік түсінігін ойдың кіндігін кесу өнері деп атаған.
Осындай өнер болып танылған педагогикалық шеберлік осы заманғы
педагогтардың пайымдауынша төмендегіше сипаттарымен ерекше. Педагог
шеберлігінің компоненттері:
- педагогикалық, психологиялық, әдістемелік білімділігі;
- өз пәнін еркін де терең игеруі;
- мұғалім мамандығына бейімділігі мен қабілеттілігі (өзіне
сенімділігі, шебер сөйлеуі, әділ бағалауы, т.б.;
- кәсіби көрегендігі;
- балаларға деген мейірімі мен сенімі;
- ұйымдастырушылық әлеуеті;
- ахуалды сезінуі, сезімталдығы;
- толеранттылығы (өзгемен серіктес рухта болуы, өзгемен
санаса,төзімділік таныта білуі);
- альтруизмі (басқаның бағыт-бағдарына шын көңілімен кірісуі);
- оқу-тәрбие үдерісіндегі кездесетін қиындықтарды жеңе білуі;
- шешімді уақтылы және дұрыс қабылдай алуы (1,5-б.(.
Педагогикалық қызметте нәтижелі еңбекке жетудің басты факторы –
педагогикалық шығармашылық. Қазіргі мұғалімді шығармашылық жұмыссыз
елестету мүмкін емес. Шығармашылық, бұл қарапайым сөзбен айтқанда: айнала
қоршаған орта, қайнаған тіршілік, талмай ізденіс, толассыз әрекет, адам
бойындағы күш-қайрат пен эмоция, мінез-құлық пен мәдениет.
Философиялық тұрғыдан алып қарағанда шығармашылық – шаттандыратын
объективті заңдылық пен шынайы іс-әрекетке негізделген адам қажеті мен
мақсатына байланысты қайтадан құрып, жасайтын адамдардың іс-әрекеті.
Теоретик-ғалымдар мен тәжірибеге тікелей қатысты мұғалімдердің еңбегін де
педагогикалық шығармашыл ұстаз іс-әрекетінің нәтижесі есебінде қарастырады
(2-72-б.(. Педагогикалық шығармашылықтың басты белгілері:
бұрыннан белгілі жағдайды жетілдіріп, қайтадан жасау;
іс-әрекет өнімінің қайталанбас нәтижелі ерекшелігі;
өзінің жеке ізденімпаздығы мен педагогикалық шығармашылықтың
байланыстылығы, яғни, үнемі шығармашылықта жүретін адам өзі де жан-жақты
дами береді.
Демек, шығармашылық іс-әрекет жаңа ақпарат пен өнім арқылы аз күшпен
уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізетін көрсеткіш. Шығармашыл мұғалім
дегеніміз, ғалымдардың пікірінше: зерттеуші, ғылыми, психологиялық-
педагогикалық ойлау жүйесі қалыптасқан, авторлық бағдарламаларды жасаушы,
баламалы технологияларды пайдалана білуші (3,18-б.(.
Педагогикалық басылымдарда педагогтің жеке шығармашылығы деген
терминдер жиі кездесіп, бұрынғы кең тараған шығармашыл жеке тұлға деген
сөз тіркесін ығыстыруда. Мүмкін, бұл мектепті жаңғыртудың негізгі факторы
тек мұғалім тұлғасы ғана емес, оның шығармашылық әрекетке дайындығы,
өзіндік тұлғаның ерекшелігі мен қайталанбас даралығы. Педагогикалық
шығармашылық тұлғаның жеке-даралық сипатынсыз тіршілік ете алмайды. Жеке-
даралық ұғымын түрлі көзқарастар арқылы шығармашылық терминімен тең
түсіндіруіне сай келеді.
Шығармашылық әрекет жаңаның жасалуына бағытталған шындықты түсіну
формасы ретінде қабылданады. Педагогикалық кәсіпті де шығармашылық қатарына
жатқызуға болар еді, себебі, білім беру саласындағы таптаурындықты
терістейтін түрлі әрекеттер, проблемаға сай білім беру мен тәрбиелеу,
мұғалім мамандығының әлеуметтік рөлінің төмен бола тұра талаптардың
жоғарылығы, кейде шектен тыс қағазбастылық, кейде қағаздан көрініс таба
бермейтін ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік стандарт пен оқу
бағдарламаларында қарастырылмаған түйткілді мәселелерді шешу, мектептен тыс
қоғамдық жұмыстарды игертуге мәжбүрлік, т.б. мәселелердің бәрі мұғалімнің
импровизаторлығы мен шығармашылығық қабілетінің іске қосылуына ұдайы түрткі
болады.
Соңғы жылдары, жаңашыл-мұғалімдер өздерін көрсете бастағанда, көп
мөлшердегі инновациялық мектептер мен тәжірибе алаңдары пайда болды,
оқытушылардың авторлық бағдарлама мен кітаптар жазуға құзыреттілігі
артты, үздіксіз білім беру мәселелері белсенді түрде қолданылды,
педагогикалық әрекеттерді бағалаудағы таптаурындарды ығыстыру үрдістері
пайда болды.
Десек те педагогикалық еңбек шығармашылық па әлде олай емес пе деген
сұрақты аяғына дейін шешілген мәселе деп кесіп айтуға болмас. Педагогикалық
практикада ғылым мен өнердің бірегейлігі К.Д Ушинскийдің уақытынан, бүгінгі
күнге дейін созылуда. Педагогиканың мәнін түсінудің қазіргі замандағы
сипаты екі арнаның тоғысы (ғылым және өнер) ретінде қарастырып, бірақ үштік
қосынды ретінде (ғылым, өнер және технология) дамытуды ұсынады.
В.И. Загвязинский бұл туралы былай деп жазады: Мұғалім
педагогикалық шығармашылықпен айналысады (дегенмен оның педагогикалық
идеялары мен пайымдаулары әрекет етудің басқа аумағында жүзеге асады -
әдебиеттік, техникалық, ғылыми), оқушы – пәндік (сурет, әдеби-көркем,
техникалық ж.т.б.). маңыздылығы, әрекет сипатының сәйкестігі (заттардың
толық сәйкес келмегендігінде) бірлескен шығармашылық, рухани жақындық,
жалпы іске қатысы барлық, мұғалім мен оқушы арасындағы тәжірибе алмасудың
қажеттілігі мен мүмкіндігі сияқты бірлесіп жұмыс істеуді тудырады (4, 66-
б.(.
Шығармашыл адам өз шығармасының құндылығын өзі анықтайды, ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz